Quickribbon

Мақсаты мәнді Мәдина (Өмірде болған оқиға, көркемделген)

Бүкіл адамзат баласына ортақ сезімдердің бірі ата-анасына, ағайынына, әсіресе өз баласына деген сүйіспеншілік махаббат. Жер бетінен өз баласын сүймейтін адамды кездестіру мүмкін емес шығар. Әйтеуір өз басым кездестірген емеспін. Адам тұрмақ ақылы жоқ хайуандардың да балаларына деген қамқорлық сүйіспеншілігін көргенде таң қалмасқа шараң қалмайды. Біздің қазақта: «Қарға баласын аппағым, кірпі баласын жұмсағым, - деп сүйеді», - дейді. Өзіміз күнделікті көріп жүрген құс та, ит пен мысық та өз балаларына ерекше еміренгенін көріп жатамыз.
Осы ойды айтуға себеп болып отырған өзімнің жанымдай жақсы көретін қызым Мадинаға, деген махаббатым.

Мадина осы өмірге келгеннен бергі әр-бір сәті Гүлмира екеуміздің көзімізден таса қалған емес. Оның алғашқы былдырлап сөйлей бастауы, әр нәрсені бізге қимылымен ұқтырып, төрт тағандап еңбектеп тоқтамай заулап өз ұнатқанын тауып алуы, тоғыз айында теңселе тұрып нәзік қолдарын алға созып ауа қармап алғаш тәй-тәй басуы, біздің саналы өмірімізде одан тәтті, одан мағыналы сәттер болмаған-ау деймін. Күн санап тәттілігі артып барады. Сүйкімділігін арттыратын тәтті қылықтарынан басқа оның ерекше зеректігі, не нәрсені қолына алса тыңғылықты атқаратыны. Әр-бір ойыншығына орын тағайындап, әрқайсысының тап-тинақтай болып тұрғанын жақсы көреді. Ұқыптылаққа жаны құмар. Өзінің талғамы да ерекше, қажетін іздеп дүкен аралағанда не болса соған құмартпай, өзіне жарасымдыны ғана таңдап жүріп алады. Атасы мен әжесі де Мәдинаның қылықтарына сүйсініп немерелеріне деген адал ыстық сезімдерін жарқыраған жүздерімен, жүрек лүпілдерімен жеткізеді. Мадина биыл үшінші сыныпта оқиды, оқу үздігі .

Жұбайым Гүлмира екеуіміздің Аллаға иман келтіріп, намаз оқып, ислам қағидалаларын толық орындап жүргенімізге биыл Алла жазса он жыл болады. Бізден көргенін бойына сіңіріп, таза ықыласты Мадина да соңғы үш жылда көп нәрселерді ойына түйіп үлгерген. Сәбилік пәк сезімі мөлдіреп аққан таза бұлақтай тұнық. Аллаға деген оның адал құлшылығы адамды қызықтырмай қоймайды. Қолымыз қалт ете қалса бізді қала сыртына сүйреп табиғатты тамашалауға себепкер болатын да осы Мадина. Онда да тек жүрмей анау не, мынау не, ол неге олай, бұл неге бұлай?, - деп таусылмас сұрақтар жаудырып, жауабын алмай тыным да таппайды. Бәрін білгісі кеп, бәріне ерекше құштар-ақ жаратылыстың сансыз сырына сүйіспеншілікпен өз шамасынша үңіледі. Сондай кезде тіпті құлпырып сүйкімді болып кетеді. Осындайда Гүлмира екеуміз шынайы бақытқа бөленіп мәз-мәйрам боламыз. Ата-ана үшін ұрпағының адал, адамгершілігінің мол, мәдениетінің зор болып өсуінен артқан қуаныш бар ма? Мадинамыз сондай адам болар деген үлкен үміттеміз.
Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны бар: «Адам өлгеннен кейін артында жалғасатын үш амалы қалады: Алла жолында жұмсалған дүниесі, Алла жолында қалдырған білімі және де өзіне дұға жасайтын адал ұрпағы». Олай болса, өнегелі ұрпақ тәрбиелеп өсіру, артымызда адал перзент қалдыру біздің де маңызды мақсатымыз. Қызымның қызықты қылықтарын тізіп айтсам тауыса алмайтын шығармын. Әрі ондай жағдай әр-бір ата-ананың өмірінде жиі кездесіп жатады. Мен сіздерге Мадинаның басынан өткізген бір қызықты жайды әңгімелеп беруді жөн көріп отырмын.
Әдебиет пәнінің мұғалімі сыныпқа бір тақпақ жаттап келуді тапсырған екен. Мадина тапсырманы күнделігіне жазып алмай балалықтың әсерінен жаттауды ұмытып кетсе керек, мектепке барған соң үзіліс кезінде тапсырма есіне түседі. Азғана үзіліс үстінде тақпақтың жартысын ғана жаттап үлгереді де, қалғанына шамасы келмей: «Иә Алла, менен осы жаттағанымды ғана сұрата гөр!», - деп Алладан жәрдем сұрайды. Расында да сабақ басталған кезде ұстазы: «Қанеки, Мадина, тақпағыңды айта ғой», - деп орнынан тұрғызады. Қызық болғанда Мадина тақпағының жаттаған сөздерін айтып болғанда, ұстазы оны тоқтатып, қасында отырған баладан ары қарай жалғастыруын талап етіпті.

Кешкі дастархан басында, Мадина Гүлмира екеуімізге болған оқиғаны баяндап бергенде, оның таза ниетіне қатты риза болдық. Гүлмира: «Қызым-ау Аллаға, менен ештеңке сұратпа, - деп сұрасаң сенен Алла сұратпас та еді ғой», - дегеніне мен: «Жоқ, Гүлмира, Мадина өте дұрыс істеген, өйткені ол өзінің шамасы келгенінше талпынды да, қалғанын Раббысына тапсырды. Мінеки Аллаға тәуекел етудің таза үлгісі осындай болады. Бұл нағыз шынайы мұсылманның амалы», - дедім. Олай деуіме Алла Тағаланың Құрандағы «Талақ» сүресінің үшінші аятындағы мына сөздері арқау болды: «…Алла Өзіне тәуекел еткендерге, медеткер болуға жеткілікті…»
Мәдинаның істеген амалы, Алланың сөзіне сәйкес келуі бізді қатты қуандырды. Ол ешкімге жалған айтпай, шын ықыласымен шамасы келгенше адал еңбектеніп, ал шамасы келмегенін Аллаға тәуекел етіп Раббысына дұға жасап үйренуі, оның болашақта жақсы адам боларының белгісі, деп ұғынамын. Иә солай болғай!

Қызымның Алланың көрсеткен адастырмас жолында болуы, оның жарқын болашағы туралы үмітімді ұлғайтып, сенімімді зорайта түседі. Келешекте еліне елеулі, халқына қайырлы іс атқаратынына күмәнім жоқ, өйткені ол әділеттіліктің үзілмейтін мықты жібінен нық ұстанған.
Адамзат баласының жүрегіне сарқылмайтын махаббат атты нәзік сезімді сый-тарту етіп, өмірге деген құштарлығымызды арттырып қойған-ау. Бізге өмір беріп, перзент сүйгізіп, бір-бірімізге деген тіл жетпейтін тұнық сезімдер арқылы бақытқа жетелеп, осыншама мейірбандықты жанымызға ұялатқан кім екен?, - деген ой әркімді-ақ мазалайтын шығар. Мейірімі күшті Алладан басқа кім болуы мүмкін, әрине Қайырымды, Мейірімді Алладан басқа ешкім болуы мүмкін емес. Өйткені Алланың елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген:

«Расында, Алла Тағалада жүз бөлік мейірім бар, оның тоқсан тоғызын Өзінде ұстап бір бөлігін Жерге түсірді. Сол мейірді бүкіл жындар, адамдар, хайуандар және құрт-құмырсқалардың арасында бөліп берді. Соның әсерінен бүкіл адамдар бір-біріне мейірім көрсетеді және сол арқылы жабайы аң да өзінің баласын жақсы көреді. Ал қалған мейірімінің тоқсан тоғыз бөлігі жайлы айтатын болсақ, оны Алла Өзінің, құлдарына Ахірет күні көрсету үшін сақтап қойды».
Алланың бізге берген бір бөлік мейірімінің кереметін тіліміз айтып, ақылымыз жете алмайды. Ал Оның Өз тарапында қалдырған мейірімін сезіну ғажаптың ғажабы емес пе. Ақырет күні бәрімізді сол мейірімін сезініп дәмін татуды жазсын. Әмин!

(Өмірде болған оқиға, көркемделген) » Өмір онегесі»  кітабі.

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|