Quickribbon

Өмірде болған оқиға’

Парасатты Фарида (Өмірде болған оқиға, көркемделген)

http://islamic.kz/

Шіркін, жаз кімге болсын ерекше қолайлы мезгіл ғой. Кеңес құрған қариялар да, шаруа қамындағы ересектер де, ойын қуған балалар да осы уақытты асыға күтетіні бәрімізге мәлім. Жаз келсе-ақ тіршіліктің тынысы кеңейіп сала береді. Шығыстан күн қылаң бере адамдар қайшалысып қыруар жұмысына құлшына кірісіп кетеді. Дүние бейне бір құмырсқаның илеуі дерсің.

Қыстық киімінен құтылып, жеңіл жейде киінген жандар жүздері жарқырап мөлдір көл бетінде сыбдырсыз жүзген құстардай жеңіл жылжиды. Читать далее… »

Асыл анам (Өмірде болған оқиға, көркемделген)

Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда құты қашады деген екен,- Құнанбай атамыз. Шындығында да солай болса керек. Өз басым, талай рет осыған көз жеткіздім. Менің осы өмірге келуіме себепкер болған, шыр етіп бұл дүниеге келген күнімнен, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, ес біліп есейсем де, еркелететін ардақты анам жайлы қандай тамаша ойларым алдына кеп айтар кезде, пышырап кетеді. Әрбір адам үшін, әйел затының озық үлгісі өзінің асыл анасы болар. Мен үшін де солай. Анам өмір тауқыметін көп көргенімен, қартайған жүзінен қажыған адамның кейпін көре алмайсыз. Читать далее… »

Мақсаты мәнді Мәдина (Өмірде болған оқиға, көркемделген)

Бүкіл адамзат баласына ортақ сезімдердің бірі ата-анасына, ағайынына, әсіресе өз баласына деген сүйіспеншілік махаббат. Жер бетінен өз баласын сүймейтін адамды кездестіру мүмкін емес шығар. Әйтеуір өз басым кездестірген емеспін. Адам тұрмақ ақылы жоқ хайуандардың да балаларына деген қамқорлық сүйіспеншілігін көргенде таң қалмасқа шараң қалмайды. Біздің қазақта: «Қарға баласын аппағым, кірпі баласын жұмсағым, - деп сүйеді», - дейді. Өзіміз күнделікті көріп жүрген құс та, ит пен мысық та өз балаларына ерекше еміренгенін көріп жатамыз.
Осы ойды айтуға себеп болып отырған өзімнің жанымдай жақсы көретін қызым Мадинаға, деген махаббатым. Читать далее… »

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад | Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|