Quickribbon

Бала мен патша (Хадис)

«Адам боп келдім өмірге, адам боп кетсем, деп едім», - деген ұлағатты сөзді ұстанып, ата-бабаларымыз адамдықты арман еткен. Ұғынғанға саналы өмірін, адам атына сай етіп ғұмыр кешу оңай шаруа емес. Ондай болмақ үшін жүрекке берік иман орнатуға ұмтылыс керек, жаныңа тыныштық орнататын таза білім керек. Иман мен білім тозбас үшін асыл жүректі ұдайы түпсіз ғылым тұнығынан сусындатып отырса адамдықтың асқар шыңына апарары анық. Иманның нәр алатын тұнық бастауы, білімнің таза қайнар бұлағы еш бір күдіксіз Құдіретті Алланың кітабы Құран. Құран қағидалары оқығанға түсінікті, адамның санасына тастай қатып тұрақтайтын ғажап ғылым. Онан кейінгі таусылмайтын асыл қазына Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жолы – сүннет. Әрбір адамдықтан үміті бар иманға ұмтылған жандар үшін, одан асқан өнеге жоқ.

Құдіретті Алланың сөзіне бағынып, сүннетті өмірінің мағыналы үлгісі еткендер адамдық атқа сай - толық мұсылман. Бүкіл адамзат баласына іс-әрекетімен, мінез-құлқымен үлгі болып ерекше жаратылған адам, Пайғамбардың, оған Аллаһың игілігі мен сәлемі болсын, үмметіне қалдырған мыңдап саналатын хадистерінің бірін сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Хабар бойынша, Сухайба,  оған Алланың ризашылығы болсын, ол Алланың елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерге дейін өмір сүрген бір патша болған еді, оның қарамағында оған қызмет еткен  бақсы болды. Ол қартайған соң, патшаға: «Расында, мен қартайдым, маған бір жас жігіт жібер, оны бақсылыққа үйретейін», - дейді. Патша оған бақсылығын үйрету үшін бір жас жігітті (бозбаланы)  жібереді.

Бақсыға барар жолдың бойында жігітке бір машайық (монах) кездеседі. Жігіт оның жанына отырып әңгімесін тыңдайды, оған оның айтқаны ұнайды. Осыдан кейін жігіт әр күні бақсыға барар жолда оның қасына әңгімесін тыңдау үшін отырып бөгелетін болды, ал бақсы болса жігіт кешіккен сайын оны ұра бастады. Жігіт осыны айтып машайыққа шағымданғанда, машайық оған: «Егер сен бақсыдан қорқатын болсаң оған: «Мені үйдегілер бөгеді», - де, ал үйдегілеріңнен қорқатын болсаң, оларға: «Мені бақсы бөгеп қалды», - де», - дейді.

Осындай күйде жүрген күндерінің бірінде, адамдарға бөгет болып жол бермей жатқан бір үлкен хайуанға жолығады. Сонда ол өз-өзіне: «Мен бүгін кімнің шыншыл екеніне көз жеткізейін – бақсы ма әлде машайық па?», - дейді. Осыдан кейін ол қолына тас алып: «Иә Алла, егер Сен машайықтың ісін, бақсының ісінен гөрі ұнатсаң, онда адамдардың жолын босату үшін мына хайуанды өлтір!», - дейді. Содан соң ол тасты лақтырып хайуанды өлтіреді, ал адамдар болса ары-бері еркін өтулеріне мүмкіншілік алады. Сосын болған жайды машайыққа айтып бергенде, ол: «Балам, сен бүгін менен де асып түстің. Ақиқатында, енді сені сынақтар күтіп тұр, саған ол сынақтар келгенде мен туралы айтушы болма», - дейді.

Осыдан кейін жігіт соқырлар мен алапестерді және басқа да ауруларды сауықтыра бастайды. Ол туралы сөз патшаға жақын болған соқырға да жетеді. Ол жігітке көптеген сый-сыяпаттарымен келіп: «Егер сен мені сауықтырсаң, осының бәрі сенікі болады», - дейді. Сонда жігіт оған: «Расында, мен ешкімді сауықтыра алмаймын. Сауықтырушы – Алла Тағала ғана. Егер сен Оған иман келтірсең, онда мен сен үшін Алладан сұраймын, сонда Ол сені сауықтырады», - деп жауап береді. Соқыр Аллаға иман келтіреді, ал Алла Тағала оның көзіне нұр береді. Сонан соң ол әдетінше патшаның алдына келіп отырады. Патша: «Сенің көзіңнің нұрын қайтарған кім?», - деп сұрайды. Ол: «Менің Раббым», - дейді. Патша одан: «Сенің менен басқа Раббың бар ма еді?», - деп сұрайды. Ол: «Менің де Раббым, сенің де Раббың – Алла», - деп жауап береді. Сонда патша оны тұтқындауға әмір беріп, ол жігітті айтқанша қинайды. Жігітті алып келіп, патша одан: «Иә балам, сен бақсылығыңның биігіне жетіп, алапестер мен соқырларды емдейтін болыпсың», - деген. Бұған жігіт: «Мен емдеуші емеспін, емдеуші Алла Тағала ғана», - дейді. Сонда патша оны да тұтқындауға әмір беріп, жігіт машайық жайлы айтқанынша қинайды.

Сосын оған машайықты алып келіп: «Дініңнен қайт!», - деп ұсынады. Бірақ ол бұдан бас тартады. Сонда патша ара әкелдіріп машайықтың басына араны қойып, денесінің екінші жағы құлап түскенше аралайды. Сосын патша соқырлықтан айыққан қарамағындағысын шақырып оған да: «Дініңнен қайт!», - деп ұсынады, бірақ ол да оны істеуден бас тартады. Сонда оның да басының ортасына араны қойып, денесінің екінші бөлігі жерге құлап түскенше аралайды. Осының бәрінен кейін жігітті алып келіп, оған да: «Иманыңнан қайт», - делінеді. Бірақ ол да оны істеуден бас тартады. Сонда патша өзінің қызметшілеріне: «Бұны пәленше деген тауға апарып, өзімен бірге көтеріліңдер, ал таудың шыңына жеткенде, егер ол дінінен қайтса, оны босатыңдар да, ал дінінен қайтпаса, сол шыңнан төмен қарай лақтырыңдар!», - дейді.

Олар сол жерге жеткенде, жігіт: «Иә Алла, мені бұлардан Өзіңнің қалауыңша құтқар!», - дейді. Сол кезде тау тербеліп, олар таудан құлайды, ал жігіт патшаға қайтып келеді. Патша: «Сенімен болғандар не істеді?», - деп сұрайды. Жігіт: «Алла Тағала мені олардан құтқарды», - деп жауап береді. Сонда патша басқа қызметшілеріне: «Бұны теңіздің ортасына апарыңдар, егер иманынан қайтса босатыңдар, ал егер қайтпаса, онда теңізге лақтырыңдар!», - деп әмір береді. Сонымен олар оны жеткіз деген жеріне жеткізгенде, жігіт: «Иә Алла, мені бұлардан Өзіңнің қалауыңша құтқар!», - дейді. Сонда кеме төңкеріліп патшаның қызметшілері суға батады, ал жігіт болса патшаға қайта аман-есен оралады. Патша: «Сенімен болғандар не істеді?», - деп сұрайды. Жігіт: «Алла Тағала мені олардан құтқарды», - деп жауап береді. Сосын жігіт патшаға: «Егер  менің айтқанымды орындамасаң, шындығында сен мені өлтіре алмайсың,!», - дейді. Патшаның: «Ол қалай?», - дегеніне, жігіт: «Адамдарды бір жотаның үстіне жина да, мені бір ағашқа байла, сосын менің садағымды алып, қорамсағымнан бір оқты садақтың ортасына қойып: «Мына жігіттің Раббы – Алланың атымен», - деп мені ат, шындығында осының бәрін істесең сонда ғана сен мені өлтіре аласың», - дейді.

Сонымен патша адамдардың бәрін бір жотаның төбесіне жинаған соң, жігітті бір ағашқа байлап, оның қорамсағынан бір оқты садағының ортасына қойып: «Осы жігіттің Раббы – Алланың атымен!», - деп оқты жіберіп қалғанда, оқ жігіттің дәл маңдайының ортасына тиеді. Ол өзінің маңдайынан ұстап өледі. Сонда жұрт: «Мына жігіттің Раббына иман келтірдік», - дей бастайды. Осыдан кейін патшаға оның жанындағылары келіп: «Сен өзіңнің қауіптенгенің орындалғанына не дейсің? Алланың атымен ант етеміз, сенің қауптенгенің орындалды, олай дейтініміз, адамдар Аллаға иман келтіріп жатыр!», - дейді. Сонда патша, қаланың қақпаларының жанынан терең орлар қаздырып олардың ішіне от жағып: «Кімде-кім дінінен қайтпаса, отқа тастаңдар!», - деп әмір береді. Қызметшілер лаулаған отқа бір әйел ұлымен жақындағанша бәрін лақтырып, патшаның әмірін орындап жатады. Әйел отқа түсуден қорқып шегіншектегенде, қолындағы кішкентай ұлы оған: «Анашым, шыда, расында, сенің дінің ақиқат!», - дейді.

Имам Муслим риуаяты бойынша.

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|