Quickribbon

Дінмухаммедтің дауасы (Халық аузынан)

Біз Омар екеуміздің шаңырақ көтергенімізге биыл он жеті жыл болады екен. Омармен осыдан он тоғыз жыл бұрын иститутта оқып жүрген шағымызда таныстық. Ол медицина институтының бесінші курс студенті, мен болсам педагогика институтының үшінші курсында оқып жүргенмін. Сол жылы біз оқитын институттардың арасында нашақорлыққа қарсы күрес жайлы кездесу өтті. Кездесуге ынталы студенттерден басқа ғалымдар мен белгілі профессорлар қатысты. Бұл шараны өткізуге мұрындық болып бастама көтеріп жүрген Омар екенін соңынан білдім. Кеш барысында оқылған баяндамалардың ішіндегі ең маңыздысы да Омардікі болып шықты. Бар ықыласымен егжей тегжейлі, тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұрды.

Бұл менің орта бойлы, аққұба өңді, сүйкімді жүзді, қоңырқай қой көзді, қоңыр дауысты Омарды алғашқы көруіп ұнатуым еді. Өңінде оғат ешнәрсе байқалмайды. Байсалды сабырлы білімге құштар жігіт екендігі өз өзін ұстауынан, істеген істерінен көрініп тұр.

Кешті қорыта келіп, топ құрып жүйелі түрде нашақорлықтың зияны жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау ұйғарылды. Ұйым бес кісіден құралып мен де соның мүшесі болдым. Ал біздің басшымыз болып Омар тағайындалды. Омардың басшылық етуімен біз жиі бас қосып, мақалалар жазып өзіміз бекіткен бағдарламаны жүзеге асыруға ат салыстық.

Омар екеуіміздің таныстығымыз махаббатқа ұласып біз екі жылдан соң отау құрдық. Тұңғышымыз Маржан он алтыда, Дархан он екіде, Дінмухаммед бесте. Омар қазір медицина ғылымының кандидаты. Кандидаттық еңбегін «Денедегі ісік үстінде операциялау», мәселесін зерттеп Москвада қорғады. Еңбегімен танысқан ғалымдар Омардың болашақта медицина ғылымына үлкен үлес қосатындығынан зор үміттіміз, деп сенім артқан көрінеді. Москваға кел пәтер дайын тұр бізде ғылыммен айналысуыңа мүмкіншілік көп, деген талай шақыру ұсыныстардан үзілді кесілді бас тартқан. Өзі дәрігерлік мамандығын таңдағандығына дән риза, жан аянбай еңбек етеді. Аяқ астындағы шақыруларға бір сәт те ойланбай орнынан тұрып жүре береді.

Өзім орыс тілі пәнінің мұғалімі болып қызмет етудемін. Балаларымыз өмірге келуі байланысты болған үзілістерім бар. Тапқан табысымыз бала-шағамызды асырап орташа өмір сүруімізге жеткілікті. Ең бастысы шаңырағымыз шайқалмай шат-шадыман ғұмыр кешудеміз. Әке-шешемізбен, ағайын-туғандарымызбен қарым-қатынасымыз ауыз толтырып айтарлықтай.

Омар екеуміздің осы өмірдегі ортақ ең басты қуанышымыз да, бақытымыз да өсіп келе жатқан балаларымыз. Балаларымыздың тәрбиесіне көріп білгенімізді екеуміз де аянбай жан-тәнімізбен саламыз. Өмір болған соң бәрі бірдей тек қуныштан тұрмайды ғой, кей кездері көңілімізді кірбің басып кеткенде бірімізді-біріміз демеп қуат беріп тірек боламыз.

Соңғы бір жыл ішінде Омар күрт өзгерді. Бұрынғысынан әлде қайда байсалдырақ тартып, өмірге деген көз-қарасы да біртүрлі басқаша болып кеткен. Бұлай өзгеруінің басты себебі оның намаз оқып, дін жолына түсуі еді. Мені де көп уағыздады. Бірақ мен керісінше кейін қартайғанда намаз оқып құлшылық қылсақ жараспай ма, қазір ең бастысы арақ ішіп ешкімге қиянат жасап жүрген жоқпыз, деп келіспеушілік білдіріп жүрдім. Оның маған діннің маңызы жөніндегі айтқан әңгімелері көңіліме қонатын. Бірақ осы өмірде көп нәрселерден бас тартуға тура келетіндігін ойлап менің көңілімді үрей билейтін, сондықтан келіспеушілігімді күшейте түсетінмін. Сондай бір кезде Омар маған ерекше сүйіспеншілікпен:

- Жаным менің, мен сені өте жақсы көремін, сонда қалай ойлайсың, мен саған жамандық ойлауым мүмкін бе? , - деген.

Мен оған:

- Әрине, біз бір-бірімізге жақсылық қалаймыз, - дейтінмін. Сондағы Омардың мына айтқандары есімде ерекше сақталып қалыпты:

- Алла Тағала: «Мен Өзімнің тақуа құлдарым үшін, оны көз көрмеген, ол туралы құлақ естімеген, әуелі адам баласының жүрегі де сезінбеген нәрсе дайындап қойдым», - дегенін хадистердің бірінде оқығам, Алланың сол айтқан  Жәннәтінде болуымызды қалаймын.

Ал мен болсам өз дегенімді дәлелдемек боп:

- Дұрыс қой, бірақ мәселе біздің бүгінгі өмірімізде. Заманымыздың талабына сай өмір сүруіміз керек, - дейтінмін – Ал құлшылықты кейін қартайғанда жасармыз.

Оныма Омар:

- Дәрігерлік тәжірибемде өлімді көп көрдім. Өлім жасыңмен, дәулетіңмен, ақылыңмен, жоспарыңмен есептісіп келмейтіндігіне көзім анық жетті. Күн сайын жас та, кәрі де өз өмірлерімен қоштасып жатады. Ал біздің кәрілікке жететіндігімізге кім кепіл бола алады? Кейде біз түкке тұрғысыз кино қарап, не мән мағынасы жоқ әңгімелер айтамыз, сол уақытымызды құлшылыққа арнамаймыз ба? Сонда біз өзіміздің Жаратушымызды біле тұра Оның үкімін орындамай өз ойымызша, өз бетімізше өмір сүруіміз керек пе? – дейді.

Мен оған:

- Онда тұрған не бар, бүкіл халық солай өмір сүріп жатқан жоқ па. Ең бастысы ұрлық қылмай, өтірік айтпай, адал еңбек етіп бала тәрбиелеп жатырмыз, - деймін.

Омар:

- Ауырып жанымыз қысылғанда не басымызға ауыртпалықтар түскенде Алладан көмек сұрап жатамыз. Ал жеңілдік келгеннен кейін Алланы ұмытып кетеміз. Бұл деген барып тұрған екіжүзділік емес пе? Біз ата-анамызды өзімізге бір нәрсе керек болғанда ғана есімізге алып, қалған кезде  ұмытып кетсек бізге олар риза болар ма еді? Бұндай көзқарас әділеттілік емес қой, - деп маған қынжыла қарайтын.[2]

Екеуіміздің арамыздағы осындай тартыстар соңғы кездері жиі болып тұратын. Омардың айтып тұрғандары шындық екенін ішім мойындағанымен ақылым мына өмірдің қызықтарынан айырылғысы келмей, дүниеге деген құмарлығым жеңіп кетіп жататын. Сол ойлардың салдарынан екі ұдай боп өзіммен-өзім арпалысып ұзақ жүрдім. Үйдегі әдеби шығармалардың орнын Ислам жайлы көптеген кітаптар толтырды. Маған оқуға берген талайын Омардың көңілі үшін оқыған болып қайтадан орнына қойып қоятынмын.

Балалар керісінше бірден әкелеріне өздері тартылып оған таласа сұрақ қойып, Омардың айтқандарын сүйсіне тыңдайтын. Әсіресе Дінмұхамед ерекше ынтық, Омар Ислам жайында айта бастаса жүзі нұрланып құлпырып, көздері жайнап кетеді. Омардың намаз оқығанына бір ай өтісімен Дінмұхамед бастаған балаларымыз бірінен кейін бірі намаз оқу тәртібін тез арада игеріп төртеуі бірігіп оқитын болды.

Олар төр үйде намаз оқуға кіріскенде мен ас үйге келіп отырамын. Сондай сәттерде өзімді тіршіліксіз қу далада қалған адамдай сезінемін. Көңілім құлазып, жанымды қоярға жер таба алмай кететінмін. Істеген ісімнен береке кетіп, ойымнан маза кетеді. Олар дастарханға келіп жайғасқанда өзімді бір нәрсе бүлдіріп қойғандай, не біреуге өтірік айтып алдап жүрген кінәлі адамдай сезінетімін. Оларға көзімді көтеріп тіктеп қарай алмай бей-жәй күй кешетінмін. Кеше кешке олар намаздарын оқып болғаннан кейін Дінмұхаммед ас үйге жүгіріп кіріп, маған көздерін жәудірете қарап:

- Мама, біз әкемізбен Жәннәтта жүргенде сен жалғыз қайда боласың? Біз сені сағынамыз ғой, - деп мені бас салып құшақтай алған.

Ұлымның бұл сөздері, менің төбемнен жәй түсіргендей әсер етті. Оның маған деген пәк сезімі, сәбилік махаббаты жүрегімді тілгілеп өтіп, ұлымның маған деген зор қамқорлығы мен аянышын жан дүниеммен сезіндім. Сол сәтте Омардың жиі айтатын Қиямет күні көз алдыма елестеп кетті. Өз бойымды билей алмай Дінмұхамедімді бауырыма басқанда ет жүрегім елжіреп, сорғалап аққан көз жасымды тоқтата алмадым.

- Құлыным-ау, құлыным-ау, - деуге ғана шамам келіп, ары ештеңе айта алмадым. Тек қана үнсіз егіле жылай беріппін. Сәлден соң орнымнан тұрып Дінмұхамедімді жетектеп төр үйге кіргенімде Омар, Маржан, Дархан үшеуі енді тұрып келе жатыр екен. Менің мына түрімді көрген үшеуі маған үрке қарап қалған, ал мен болсам:

- Мені де намазға үйретіңдер, сендермен Жәннәтта болғым келеді, - дедім даусым дірілдеп.

Бұл сөз оларға осы өмірдегі ең қуанышты хабар әкелгендігін түсіндім. Үшеуі үш жақтап Дінмұхамед екеуімізді орталараны алып құшақтап сүйіп жатыр. Бұл біздің үйіміздегі ең қуанышты, ең бақытты күндердің бірі еді.

Бүгінгі таң ерекше нұрланып атты. Күннің әсем нұры үй ішін қуанышқа бөлеп тұр. Ашық терезеден енген ауаның таза жұпар исі кеудеме кең тыныс беріп тіршілік тылсымынан сыр шертеді. Мен үшін өмір енді ғана басталған. Омар жұмысына кеткен. Маржан мен Дархан сабақтарында. Дінмұхаммед әлі тәтті ұйқыда. Менің жүрегімде шаттық,  қолымда Алланың кітабы: «Біз дүние тіршілігінде де Ақиретте де достарыңбыз. Сендерде ол Жәннәтта көңілдерің көксеген нәрселер бар. Сондай-ақ сендерге не тілесеңдер бар…» («Фұссилат» сүресі, 31 аят.)


_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|