Аллаһ Тағала Өзінің елшілері мен пайғамбарларына және олар жіберілген адамдарға халәл нәрселермен ғана қоректенулерін және игі амалдар жасауларын бұйырды. Ұлы Аллаһ былай деді: «Әй, иман келтіргендер! Ризықтандырғанымыздың жақсысынан жеңдер». (әл-Бақара 2: 172).
Тыйым салынған (харам) нәрселерді жеудің зияны мен қауіпі - оның себебінен амалдар мен дұғалар қабыл болмайды, ал Ақыретте ол үшін жаза бар. Әбу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Аллаһ елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізген: «Расында, Аллаһ Тағала – Игілігінде Пәк, және ол игі болған нәрседен басқаны қабыл етпейді. Расында, Аллаһ пайғамбарларға нені жүктеген болса, иман келтіргендерге де соны жүктеді. Аллаһ Тағала былай деді: «Иә, пайғамбарлар! Таза нәрселерден жеңдер де, таза амалдар жасаңдар». (әл-Муминун 23: 51). Ұлы Аллаһ сондай-ақ былай деді: «Иә, иман келтіргендер! Ризықтандырғанымыздың жақсысынан жеңдер». (әл-Бақара 2: 172).
Әбу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын былай деді: “Осыдан кейін Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, шашы жалбырап, үстін шаң басқан адам жайлы ескертті: «Ол адам ұзақ уақыт бойы сапарда жүріп, кейін қолын көкке көтеріп: «Иә Раббым, иә Раббым!» - дейді. Бірақ оның жегені - харам, ішкені - харам және оның кигені - харам, сонда оның дұғасы қалайша қабыл болмақ?!” Муслим 1015.