Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен!
шейх Абдуль-Мухсин әл-Аббәдтың[1] кіріспесі
Біз Өзін ғана мадақтайтын және Өзінен ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына куәлік береміз, және Мухаммад – Аллаһтың құлы әрі Оның Елшісі екеніне куәлік береміз. Йә, Аллаһ, оған, оның отбасы мен сахабаларына, және Ақырет Күніне дейін оның жолы мен басшылығына ілескендердің барлығына рахметің мен игілігіңді сыйлай гөр!
WORD форматымен жүктеп алу (DOC)
Ал содан соң:
Ақиқатында, шайтаның мұсылмандарды уәс-уәстайтын және адастыратын екі жолы бар. Олардың біреуіне ол күнәларға бейім, селқостыққа және дінге деген немқұрайлыққа берілетіндерді итермелейді. Мұндай мұсылманға ол күнәларды және нәпсісінің дегенімен жүруді әдемі етіп көрсетіп, оны Аллаһқа және Оның Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) мойынсынудан алыстатады.
Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Жәннәт (нәпсі) ұнатпайтын нәрселермен, ал Тозақ әуес-қалаулармен қоршалған». әл-Бухари 6487, Муслим 2822.
Ал басқа жолға шайтан ғибадатта және Аллаһқа бағынуда ыждағаттылық танытатындарды итермелейді. Мұндай адам үшін ол шектен шығушылықты әдемі етіп көрсетіп, дінді бұзу үшін, онда орынсыз нысапсыздық жасауға итермелейді.[2] Пәк Аллаһ Тағала былай деді: «Йә, Кітап Иелері! Діндеріңде нысапсыздық көрсетпеңдер және Аллаһ туралы тек шындықты айтыңдар!» (ән-Нисә 4: 171).
Аллаһ Тағала сондай-ақ, былай деді: «Әй, Кітап иелері! Ақиқатқа қарсы діндеріңде орынсыз шектен шықпаңдар, және бұрынрақ тура жолдан тайып, адасушылыққа түскен және өзге көпшілікті адастырған адамдардың әуесін құптай бермеңдер!» - де». (әл-Мәидә 5: 77).
Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Діндегі нысапсыздықтан (орынсыз артық нәрселерден) абай болыңдар, өйткені сендерден бұрын өмір сүргендерді діндегі шектен шығушылықтары опат қылды!» - деді. Бұл хадис сахих болып табылады. Оны имам ән-Нәсәи тағы да басқалар келтіреді. Бұл хадис – Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қоштасу қажылығы кезінде айтқан хадистерінің қатарынан. Ол жөнінде толық шейх әл-Әлбәнидің «әс-Сильсилә әс-сахиха» сынан қараңыз 1283.
Және шайтанның шектен шығушыларға және нысапсыздық танытушыларға қатысты айлаларының қатарынан – бұл оның оларға өз әуес-қалауларына ілесуді және дінді бұрыс түсінуді әдемі етіп көрсетуі. Ол оларды ғалымдарға жүгінуден алыстатады, ғалымдар оларға ақиқатты түсіндіре алмауы және тура жолға нұсқай алмауы үшін, және сөйтіп оларды өз адасушылықтарымен алданып қала беруі үшін. Аллаһ Тағала былай деді: «Және әуес-қалауға ерме, әйтпесе ол сені Аллаһтың жолынан тайдырады!» (Сад 38: 26).
Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:
«Аллаһтың басшылығынсыз өз қалауларына ергеннен кім артығырақ адасушы болып табылады?» (әл-Қасас 28: 50).
«Сондай жаман ісі өзіне әдемі көрсетіліп, оны игілік деп санайтын біреу тура жолға ілесушімен тең бе? Аллаһ қалағанын адастырып, қалағанын тура жолга салады».(Фәтыр 35: 8).
«Ал сонда Раббысынан түскен басшылыққа ілескен біреу, өзіне жаман амалы әдемі көрсетіліп, әуестерін құптай берген біреумен тең бе?» (Мухаммад 47: 14).
«Ол – Аллаһ, саған Құранды түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар – Кітаптың негізгі іргетасы. Сондай-ақ, астарлы ұғымдағы өзге аяттар бар. Ал жүректерінде қыңырлық болғандар, бұзақылық таратқысы келіп, астарлы мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп, соңына түседі».[3] (Әли ‘Имран 3: 7).
Имам әл-Бухаридің (4547) және имам Муслимнің (2665) жинақтарында Айшадан, Аллаһ оған разы болсын, жеткен мына хадис риуаят етіледі. Бірде Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жоғарыда келтірілген аятты оқыды да: «Егер айқын болмаған нәрсеге ілесушілерді көрсең, біл: міне осылар – Аллаһ олар туралы айтқандардың дәл өздері, ендеше, олардан сақ бол!» – деді.
Сондай-ақ Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Аллаһ кімге игілікті қаласа, Ол оны дінді жетік түсінуші қылады». әл-Бухари 71, Муслим 1037.
Бұл хадис Аллаһ өзінің құлына игілікті қалауының бір белгісі етіп оны дінді дұрыс түсінушілерден қылатынына нұсқайды. Сондай-ақ, осыдан – кімге Аллаһ игілікті қаламаса, Ол оны дінді түсінуге алып келмейтіні де шығады. Тіпті Ол оны діннің бұрмаланған түсінігімен зақымдайды.
Діннің бұрмаланған түсінігінің мысалы – Алиге, Аллаһ оған разы болсын, қарсы шыққан және кейіннен оны өлтірген хауәридждердің түсінігі болып табылады. Ақиқатында, олар шариғаттың мәтіндерін сахабалардың түсінуіне қайшы келетін бұрыс түсінумен түсінді. Міне сондықтан да, Ибн Аббас оларға Құран мен Сүннеттің мәтіндерін дұрыс түсіндірген және олардың дұрыс түсінігіне нұсқаған кезде, хауаридждердің бір бөлігі тәубеге келіп, өздерінің бұрыңғы көзқарастарынан бас тартты. Бұл уақиға имам әл-Хакимнің «әл-Мустадрак» атты еңбегінде 2/150-152 санымен, имам Муслимнің шарттарына сәйкес келетін сахих иснадымен келтірілген.
Бұл тарихи деректе алты мың хауәриждерден құралған топ халифа болып табылатын Али ибн Әбу Талибтен бөлініп шығып, «Харура» деген жерде қоныстанғаны туралы баяндалады. Және адамдар Алиге келіп: «Йә, муминдердің әмірі, адамдар саған қарсы шықты!» – деп айтуын тоқтатпады. Ол бұған: «Оларды қойыңдар, өйткені, мен олармен, өздері бірінші болып бастамайынша, соғыспаймын, және олар жуық арада осыны істейді деп ойлаймын», – деп жауап беретін. Және барлығы осындай жағдайда болып тұрған кезде, Ибн Аббас бесін (зухр) намазынан кейін Алиге келіп:: «Йә, муминдердің әмірі, маған рұқсат ет: мен ол адамдарға барып, сөйлесейін», -деді. Али оған: “Олар саған жауыздық жасайды деп қорқамын”, – деп айтты.[4] Сонда Ибн Аббас: “Мен жұмсақтық танытамын және олардың ешқайсысын қорлап сөйлемеймін!” – деді. Содан соң Али оған рұқсат берді және: “Олармен Құран арқылы айтыспа, Сүннет арқылы айтыс”, – деп айтты. Ибн Аббас: “Мен Аллаһтың Кітабын олардан жақсы білемін!” – деп жауап берді. Сонда Али оған: “Дұрыс, алайда Құранды әртүрлі тәпсірлеуге болады”, – деді.[5]
Ол хауәриждерге түстен кейін келді және оларды түскі тамақтың үстінде кездестіріп үлгерді. Ибн Аббас былай деп баяндаған: “Оларға келіп, мен ғибадатта олардан ыждағатты болған адамдарды ешқашан көрмеген адамдарды көрдім.[6] Мені көріп, олар былай деді: “Сенімен амандасамыз, йә, Ибн Аббас. Сені бізге не алып келді?” Ол: “Мен сендерге Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларынан – мухаджирлер мен ансарлардан, және оның көкесінің баласынан келдім. Құран оларға түсірілген еді, және олар оның мағынасын сендерден жақсырақ біледі, ал сендердің араларыңда олардың біреуі де жоқ! ” – деді.
Олардың кейбіреулері: «Онымен сөйлеспеңдер!» – деп айқайлай бастады. Сонда сол кезде әлі хауәридж болып жүрген Ибн әл-Кәуә орнынан тұрып, адамдарға қарап, оларды Ибн Аббастан сақтандырып: “Йә, Құранға ілесушілер! Егер бұл Ибн Аббасты біреулер білмесе де, мен оны білемін, міне соның халқы туралы Аллаһ былай деді: «Олар – керісуші адамдар болып табылады» (әз-Зухруф 43: 58). Оны қожайынына қайтарыңдар және Аллаһтың Кітабынан қайтпаңдар!” – деді.[7]
Ал басқалары былай деді: “Айта бер, біз сені тыңдаймыз”. Және сонда Ибн Аббас оларға Алидің келесі шарттарын жеткізді: “Сендер харам етілген қанды төкпейсіңдер, жолдарда қарақшылық жасамайсыңдар, және зиммийлерді[8] жәбірлемейсіңдер. Және осыдан бір нәрсені істесеңдер, біз сендерге қарсы соғыспен шығамыз!”[9]
Сондай-ақ, Ибн Аббас оларға былай деді: “Маған сендер Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) немере інісін, сондай-ақ оның қызының күйеуін бір нәрселерде күнәлап жатыр деген хабар жеткізілді. Ол Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) алғашқы иман келтірген адам еді, ал сендер оған наразысыңдар ма?! Шынымен де солай ма?!”
Олар: “Біз оған үш нәрсе үшін өте наразымыз“, - деді.
“Қандай?” – деп сұрады Ибн Аббас.
Олар: “Біріншіден, ол адамдарды Аллаһтың дінінде сот етіп тағайындады, ал Аллаһ: «Үкім тек Аллаһқа тән»[10], – дейді. (әл-Ан’ам 6: 57).
Екіншіден, ол Муъауия және Айшамен соғысқан кезде, олжамен тұтқын алмады. Егер олар кәпір болған болса, онда бұл рұқсат етілген еді, ал егер олар мумин болған болса, онда тұтқын алуға да, олармен соғысуға да рұқсат етілмеген еді!
Үшіншіден, мұсылмандар оған ант беріп, оны өздерінің әмірі етіп тағайындаса да, ол өзінен муминдердің әмірі (амируль муъминин) деген атақты алып тастады, ал егер ол муминдердің әмірі болмаса, онда ол кәпірлердің әмірі болып табылады! ” – деді.
Абдуллаһ: “Тағы қандайда бір сұрақтар бар ма?” – деп сұрады. Олар: «Жоқ, осы жеткілікті!» - деді.
Ибн Аббас: “Егер мен сендердің көзқарастарыңды Аллаһтың Кітабы және Пайғамбардың Сүннетімен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын)[11] жоққа шығарсам, сендер өз пікірлеріңнен бас тартасыңдар ма?!” – дегенде, олар: “Ия”, – деп жауап берді.
Абдуллаһ сонда былай деді: “Оның адамдарды Аллаһтың дінінде сот етіп тағайындауына байланысты айтар болсақ, онда Аллаһ Тағала: «Әй мүміндер! Сендер ихрамда аң өлтірмеңдер. Сендерден біреу оны қасақана өлтірсе, оның жазасы – өлтіргеніндей бір мал, оны сендерден екі әділ кісі Кағбаға баратын бір құрбанды үкім етеді», – деп айтады ғой. (әл-Маида 5: 95).
Аллаһ Тағала, сондай-ақ, ері мен әйелінің арасындағы келіспеушіліктер туралы былай деді: «Егерде екеуінің арасының ашылуынан қауіптенсеңдер, еркектің ағайынынан бір төреші, әйелдің ағайынынан бір төреші жіберіңдер. Егер ол екеуі жарастыруды қаласа, Аллаһ та екеуінің арасын үйлестіреді». (ән-Нисә 4: 35).
Аллаһпен сендерге жалбарынам! Айтыңдаршы, ал адамдардың қанына, өміріне және оларды табыстыруға қатысты адамдар соты маңыздырақ емес пе?!”
Олар: “Әрине, маңыздырақ“, – деді.
Ибн Аббас: “Қалай, енді бірінші іс бітті ме?” – деп сұрағанда, олар: “Ия, Аллаһпен ант етеміз”, – деп жауап берді.
Абдуллаһ былай жалғастырды: “Сендер Али соғысты, бірақ ол Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) істегендей тұтқын да, олжа да алмады дедіңдер. Сонда сендер күң ретінде сендердің аналарың Айшаны алып, оған күңге қатысты істегеңдеріңді істейін деп едіңдер ме?! Егер сендер: «Ия», – деп айтсаңдар, онда күпірлікке түсесіңдер, ал егер сендер Айша – аналарың емес деп айтсаңдар да, күпірлікке түсесіңдер, өйткені Аллаһ Тағала былай деді: «Пайғамбар муминдерге олардың өздерінен жақын, ал оның жұбайлары – олардың аналары». (әл-Ахзаб 33: 6).
Кейін Абдуллаһ былай деді: “Қалай, енді мұнымен де іс бітті ме?”
“Ия, Аллаһпен ант етеміз ”, – деп жауап берді олар.
Абдуллаһ өз сөзін жалғастырды: «Сендер, сондай-ақ, Али өзінің муминдердің әмірі деген атағынан бас тартты дедіңдер. Худайбия бітімі жасалған күні Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) көпқұдайшылдармен жасасқан келісім-шартта «Мухаммад – Аллаһтың Елшісі» деп жазғысы келгенде, мушриктер наразы болып: «Егер біз сенің Аллаһтың Елшісі екендігіңе сенгенде, сені қуып жібермейтін едік және сенімен соғыспайтын едік. «Мухаммад ибн Абдуллаһ» – деп жаз», – деді. Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) олардың талаптарына көніп: «Йә, Али, мұны өшір де, «Абдуллаһтың ұлы Мухаммад» деп жаз, ал Аллаһ менің Аллаһтың Елшісі екенімді біледі!» – деді».
Осыдан кейін Ибн Аббас: “Қалай, мұнымен де біттік пе?” – деп сұрағанда, олар: “Аллаһпен ант етеміз, ия”, - деді.
Ибн Аббас былай деді: “Олардан (хауәридждерден) екі мың адам қайтты, және адасуда қалғандар өлтірілді. Және оларды мухаджирлер мен ансарлар өлтірді”.
Бұл тарихи деректе екі мың хауәридждер, ибн Аббас, Аллаһ оған разы болсын, оларға айқын және бұлтартпайтын дәлел ұсынғаннан кейін, өз адасушылықтарынан бас тартты деп жеткізілген.
Бұл деректе, сондай-ақ, ғалымдарға жүгіну – жауыздықтан және бүліктерден құтылу болып табылатындығына нұсқау бар. Ал Аллаһ Тағала былай деді: «Егер өздерің білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар». (ән-Нәхль 16: 43).
Сондай-ақ, ғалымдарға жүгіну – мұсылмандар үшін олардың дінінде де, дүние істерінде де игілік болып табылатынына дәлел болып – имам Муслим өзінің хадистер жинағында (191) Язид әл-Фақирден жеткен мына хадис те табылады: “Бірде маған хауариждердің бір пайымдаулары ұнап қалған еді. Біз қажылық жасауды және содан соң адамдарға қарсы шығуды қалап, көп санды топтың құрамында сапарға шықтық. Біздің жол Мәдинаның үстінен өтті, онда мен күтпеген жерден Джәбир ибн Абдуллаһты көріп қалдым. Ол бағананың жанында адамдарға Аллаһтың Елшісі туралы (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хабарлар жеткізіп отырған болатын. Өзге нәрселер қатарында ол джәханнәмийюн[12] туралы да айтты . Мен оған былай дедім: «Йә, Аллаһтың елшісінің (Аллаһтың оған иглігі мен сәлемі болсын) сахабасы, сен не туралы айтып отырсың?! Аллаһ былай деді ғой: «Раббымыз! Сен кімді отқа салсаң, расында оны қорладың. Залымдардың еш жәрдемшісі жоқ!» (Әли ‘Имран 3: 192). Және Ол, сондай-ақ, былай деді: «…Қашан олар, тозақтың бейнетінен шығуды қаласа, оған қайта итеріледі…» (Хадж 22: 22). Ал сендер не деп отырсыңдар?!» Ол: «Сен Құранды оқисын ба?» – деп сұрады. Мен: «Ия», – дедім. Ол: «Ал сен Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) орны туралы естіп едің бе, яғни оны Аллаһ алып келетін орын туралы?» – деп сұрады. Мен: «Ия», – дедім. Сонда ол: «Бірақ, міне осы – Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) иеленетін мақтаулы орыны ғой (мәқамун мәхмуд), Аллаһ ол арқылы Өзі Оттан шығаратындарды Оттан шығарады!» – деді.[13]
Ал содан кейін ол сырат көпірі қалайша құрылытыны және адамдар одан қалайша өтетіні туралы айта бастады. Басқалар оның сөздерін жақсырақ есте сақтап қалды деп қорқамын, алайда, ол: кейбір адамдар Отқа түскеннен кейін одан шығады деді. Ол деген сөз, олар кунжіттің сабақтары дүниеге шыққан сияқты шығады және Жәннәттың өзендерінің біріне кіреді, ал содан соң олар сол өзенде жуынады, ал одан шыққан кезде (тап-таза) парақ сияқты болады.
Біз қайттық және былай дедік: «Өкініш сендерге! Сонда сендер осы қария (Джәбир) Аллаһтың Елшісі туралы (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өтірік сөйледі деп ойлайсыңдар ма?!» Және қайтып келген соң біздің ешқайсымыз ашық түрде (хауәриждердің жағына) шыққан жоқпыз, бір-ақ адамнан басқа”.
Бұл хабарда осы топтың (хауәридждердің) үлкен күнәләр істейтін мұсылмандарды күпірлікте айыптауға және осындайлар Отта мәңгі қалатынына қатысты көзқарастарымен әуестенгеніне нұсқау бар. Алайда, олар Джәбирді, Аллаһ оған разы болсын, кездестіргенде және ол оларға адасқан нәрселерін түсіндіріп берген кезде, олар өз көзқарастарын өзгертті және өздері түсіп жүрген адасушылықтан бас тартып, ол нұсқаған ақиқатты қабылдады. Бұған қоса, олар қажылықтан кейін өздері жоспарлаған мұсылмандарға қарсы шығудан бас тартты. Және бұл – мұсылман адам ғалымдарға жүгінген кезде алатын ұлы пайда болып табылады.
Діндегі нысапсыздықтың және ақиқат пен әхлю-Суннә уәл жәмәаның жолынан ауытқудың қауіптілігіне Пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Хузайфә жеткізген мына хадисі де нұсқайды. Онда Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ақиқатында, мен сендер үшін Құранды оқитын, және оның әдемілігі оның келбетіне шығып тұратын, және ол Исламның қорғаушысы болатын адамнан қорқамын. Кейін ол Құранды артына тастап қалдырады, өз көршісін көпқұдайшылықта (ширкте) айыптап, оған қылыш көтеріп тап береді». Хузайфә: “Йә, Аллаһтың пайғамбары, олардың қайсысы көпқұдайшылыққа жақын, айыптаушысы ма, әлде айыпталушысы ма?! ” – деп сұрады. Ол: «Жоқ, айыптаушысы», – деді. әл-Бухари “әт-Тарих” 297, Ибн Хиббән 81. Хадистің сахихтығын имам әл-Хайсами, хафиз Ибн Кәсир және шейх әл-Әлбәни растаған. “әс-Сильсилә әс-сахиха” 3201.
Сондай-ақ, дінді бұрыс түсінудің себебі болып – жастық шақ та табылады. Бұған дәлел болып – имам әл-Бухари (4495) ‘Уруа ибн аз-Зубәйрдан келтіретін мына хадис табылады. Ол былай деп баяндаған: “Бірде мен – сол кезде мен жас едім – Айшадан мына аят жөнінде сұрадым: «Ақиқатында, Сафә мен Мәруа – Аллаһтың рәсімдік белгілерінен. Және кім Қағбаға қажылық немесе умра жасаса, олардың арасын айналып өтсе – күнәхар болмайды». (әл-Бәқара 2: 158). “Сен бұл жөнінде не айтасың? Мен бұл екі төбенің арасын (Сәфуа мен Мәруа) айналып өтуді жасамауда проблема көріп тұрған жоқпын”. Ол былай деп жауап берді: “Жоқ! Егер бұл осылай болғанда, онда: «Оларды айналып өтпеген – күнә жасамайды», – деп айтылар еді. Бұл аят Исламға дейін Қажылығын Манат деген пұттың алдынан бастайтын, ал Ислам келгеннен кейін олар Сәфә мен Мәруаның арасын айналып өтуден қауіптенетін ансарлар жөнінде түскен. Олар не істеуін білмеді және бұл жөнінде Пайғамбардан (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұл жөнінде сұрады, және Аллаһ осы аятты түсірді ”.
‘Уруа ибн аз-Зубәйр ең жақсы табиғиндердің бірі және Мәдинаның ең атақты жеті фәқиһтарының бірі болып саналатын. Алайда, Айшаға өз сұрағын қойған кезінде, ол әлі жас еді. Және осыда жастық шақ та – дінді бұрыс түсінудің себебі болып табылатындығына[14], сондай-ақ ғалымдарға жүгіну – игілік және құтылу болып табылатындығына нұсқау бар!
Қандай ақыл-парасат және дін терроризмді джихад деп атай алады?!
Осы кіріспеден және шайтан, бұл хауәридждерден және олардың идеяларын жұқтырып алғандардан байқалатындай, ғибадатта ыждағаттылық танытушыларға, олардың дінін бұзу үшін, діндегі шектен шығушылық пен нысапсыздық жағынан келетініне нұсқағаннан соң, бүліктерден құтылудың жолы – ғалымдарға жүгіну болып табылатыны келіп шығады. Бұған мысал – Ибн Аббастың түсіндіруінен кейін тура жолға қайта оралған екі мың хауаридждер және, сондай-ақ, Джәбирді кездестірген топтың көзқарастарының түзелуі.
Міне, осы кіріспеден соң мен мынаны айтқым келеді: «Ақиқатында, терактілердің себебімен Әр-Риядта орын алған және осы жылдың (х.1424 ж.) басында Мекке мен Мәдинада орын алған нәрселер – осы міне – шайтанның уәсуәсінің нәтижесі және оның осыған беріліп кеткендерге шектен шығушылық пен нысапсыздықты әдемі етіп көрсетуі. Орын алған нәрселер – қылмыстардың ішіндегі ең жек көрінішті амал және жер бетіндегі бұзақылық болып табылады[15]. Бірақ, бұдан да жек көрініштісі – бұл шайтанның осыны істеген адамдарды осы – джихад деп ойлауға мәжбүрлеуі! Ал қандай ақыл-парасат және дін мұсылмандарды және муахадтарды (мұсылмандармен келісім-шартта болған кәпірлер) өлтіру, адамдарға зәресі ұшатындай үрей салу, жесірлер мен жетімдерді қалдыру, сондай-ақ, ғимарат-құрылыстарды ішіндегі адамдарымен қоса қирату – бұл джихад болып табылады деп айта алады?![16]
Мен бізден алдынғы шариғаттарда адам өлтіру күнәсінің үлкендігі және оның қауіптілігі жөнінде айтылғандарға қатысты Құран мен Сүннеттің мәтіндерін келтірдім. Сондай-ақ, мен қасақана немесе қателікпен жасалған өзін-өзі өлтіруге, мұсылмандарды және олармен келісім-шартта болған кәпірлерді өлтіруге қатысты Құран мен Сүннеттің мәтіндерін де келтірдім. Және мен оларды, «кім жоқ болатын болса, ашық дәлел бойынша жоғалсын. Ал кім тірі қалатын болса да ашық дәлел бойынша тірі қалсын!» (әл-Анфәл 8: 42) деген мақсатта дәлел келтіру үшін келтірдім .
Және мен Аллаһтан тура жолдан тайғандарды тура жолға салуын ,және оларды қараңғылықтардан жарыққа шығаруын, және мұсылмандарды жауыздық жасаушылардан сақтауын тілеймін, ақиқатында, Ол – Естуші және дұғаларға Жауап Беруші!
Бізден алдыңғы қауымдардың шариғатында
адам өлтіру күнәсінің ауырлығын және қауіптілігін дәлелдейтін Құран мен Сүннеттің мәтіндері.
Пәк Аллаһ Тағала Адамның ұлдарының бірі туралы былай деді: «Сонда оның нәпсісі өз туысын өлтіруге итермеледі де, ол, оны өлтіріп, зиянға ұшыраушылардан болды». (әл-Мәидә 5: 30).
Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Соның себебінен[17] Исраил ұрпақтарына: «Кім кісі өлтірмеген, немесе жер жүзінде бұзақылық таратпаған[18] біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргендей болады, және кім оны тірілтсе, (өлімнен құтқарса) – барлық адамды тірілткендей!» – деп жаздық».[19] (әл-Мәидә 5: 32).
Ал Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Хақысыз адам өлтіру жасалған әрбір кезде, қантөгіс үшін күнә Адамның ұлына да жүктеледі, өйткені, адам өлтіруді сол бастады!» әл-Бухари 3335, Муслим 1677.
Аллаһ Тағала Өзінің Муса пайғамбары туралы, Хидр баланы өлтірген кезде, ол оған былай деп айтқанын баяндайды: “Кісі өлтірмеген жазықсыз біреуді өлтірдің бе? Рас жаман іс істедің!” - деді»»[20] (әл-Кахф 18: 74).
Аллаһ, сондай-ақ, Муса пайғамбар (оған Аллаһтың сәлемі болсын) туралы қиссасында оның өз руласына болысуы кезінде мысырлықты өлтіргенін баяндайды. Аллаһ Тағала былай деді: : «Сонда өз тобынан болғаны дұшпанына қарсы Мусадан көмек тіледі. Сонда Муса оны жүдырықпен ұрганда, оған қаза жетті. (Муса): «Бұл – шайтан ісі. Өйткені, ол – ашық адастырушы дұшпан. Раббым! Рас өзіме кесір істедім. Мені жарылқа!» – деді. Сондықтан, Аллаһ оны жарылқады. Өйткені, Ол – тым Жарылқаушы, ерекше Мейірімді».[21] (әл-Қасас 28: 15-16).
Имам Муслимнің сахих хадистер жинағында Салим ибн Абдуллаһ ибн ‘Умардың, былай дегені келтірілген: «Әй, Ирақтың тұрғындыры, сендерді кіші (күнәлар) туралы сұрап, үлкендерін жасауға не мәжбүрлейді? Мен әкем ‘АбдуллаҺ ибн ‘Умардың былай дегенін естігенмін: “Мен Аллаһтың Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Бүлік ана жақтан келеді», – деп, қолымен шығысқа, шайтанның мүйіздері көрініп шығатын жаққа қарай сілтегенін көргенмін. Сендер бір біріңнің бастарыңды шауып жатырсыңдар, ал Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, Перғауынның қауымынан болған (адамды) өлтірді және Аса Құдыретті және Ұлы Аллаһ оған былай деді: «Және бір кісі өлтірдің. Сонда сені, ол қайғыдан құтқарған едік те, сынаулармен сынаған едік». (Та ха, 40)». Муслим № 2905.
Салим ибн Абдуллаһтың: «Сендерді кіші (күнәлар) туралы сұрап, үлкендерін жасауға не мәжбүрлейді!» – деген сөздері оның әкесі – Ибн ‘Умардың әл-Бухариде (5994) келтірілген сөздеріне ұқсайды. Ол, Ирақтық біреудің, масаның қаны туралы қойған сұрағына былай деп жауап берген еді: “Сендер мынаған қараңдаршы, ол менен масаның қаны туралы сұрап тұр, алайда олар Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) немересін өлтірді, ал мен Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатынын естігенмін: «Олар мен үшін бұл дүниенің екі гүлі сияқты». Әл-Хасан мен әл-Хусейн туралы, Аллаһ оларға разы болсын, айтылуда.
Аллаһ Тағала Исраил ұрпақтары туралы былай деді: «Сендерден өздеріңнің қандарыңды төкпеулерің және бір-біріңді жұрттарыңнан қуып шығармауларың жөнінде уәде алған едік. Кейін сендер осыны мақұлдап, осыған куә болған едіңдер». (әл-Бәқара 2: 84).
Ол, сондай-ақ, былай деді: «Оларға Тәуратта: жанға жан, көзге көз, мұрынға мұрын, құлаққа құлақ, тіске тіс және жараларға – құн төлеу (қысас) жаздық».[22] (әл-Мәидә 5: 45).
Қасақана және қателікпен өзін-өзі өлтіргендерге қатысты
Құран мен Сүннеттің мәтіндері
Пәк және Ұлы Аллаһ былай деді: «Әй, мүміндер! Өзара малдарыңды бұзықтықпен жемеңдер. Бірақ өз ризалықтарыңмен саудаласу - басқа. Және бір-біріңді өлтірмеңдер. Расында, Аллаһ сендерге ерекше мейірімді. Ал кім осы айтылғанды дұшпандығы және зұлымдығымен істесе, оны жақын арада отқа саламыз. Бұл - Аллаһқа оңай!» (ән-Нисә 4: 29-30).
Сабит ибн Даххактан Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Кім қандайда бір нәрсемен өзін өлтірсе, Қиямет Күні сол нәрсесімен азапталады.». әл-Бухари 6047, Муслим 176.
Сондай-ақ, Әбу Хурайрадан, Аллаһ одан разы болсын, оның былай деп айтқаны жеткізіледі: «Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Кім өзін таудан (арнайы) тастап опат етсе, өзі мәнгілікке (тасталатын) Тозақтың (отына) үздіксіз төмен қарай құлай береді; кім (арнайы) у ішіп өзін опат етсе, (өзі) мәңгілікке (тасталатын) Тозақтың (отында) оны өз қолымен үздіксіз ішеді; кім өзін темірмен өлтірсе, (өзі) мәңгілікке (тасталатын) Тозақтың (отында) өз қолымен сол темірмен өзінің қарнына үздіксіз соға (шанша) береді», - деп айтатын». әл-Бухари № 5778, Муслим № 175.
Сондай-ақ, Әбу Хурайрадан Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Кім өзін-өзі тұншықтырса, өзін-өзі тұншықтыруын Отта жалғастырады, ал кім өзін-өзі сойып өлтірсе, мұны Отта да істейді». әл-Бухари 1365.
Джундабәдан (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Көп жарақаттары бар бір адам өзін-өзі өлтірді, және сонда Аллаһ Тағала былай деді: «Менің құлым өз еркімен менен озды, сол үшін мен оған Жәннәтты харам еттім»». әл-Бухари 1364.
Джәбир ибн Самурадан (Аллаһ оған разы болсын): “Бірде жарақат алған бір адам өзін-өзі өлтіргенгенде, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оған жаназа намазын оқымады”.[23] – деп жіткізіледі. Шейх әл-Әлбәни бұл хадистің сахихтығын растаған. “Сахих ат-тарғиб” 2457.
Қателікпен өзін-өзі өлтіргенге қатысты айтар болсақ, ол Аллаһтың мына сөздеріне сәйкес осы үшін жазаланбайды: «Егер сендер қателік жасасаңдар – күнә көтермейсіңдер, тек егер осыны істеуді жүректеріңде ниет етпеген болсаңдар». (әл-Әхзаб 33: 5).
Және, сондай-ақ, мына аятқа сәйкес: «Рабымыз! Біз ұмытсақ немесе қателескен болсақ, бізді жазалама» (әл-Бәқара, 2: 286), және бұл жалбарынуға Аллаһ Тағала былай деп жауап берді: «Мен мұны істеп қойдым», бұл жөнінде Муслимде келтірген 126-хадисте айтылатындай.
Мұсылман адамды қасақана немесе қателікпен қақысыз өлтіруге қатысты Құран мен Сүннеттің мәтіндері
Мұсылманды өлтіру қақылы да, қақысыз да орын алуы мүмкін. Қақылы өлтіру – бұл қақысыз адам өлтіру үшін тең мөлшерде есе қайтару (қасас) және белгілі қылмыстар үшін өлім жазасымен жазалау.[24]
Мұсылманның заңсыз өлтірілуі қасақана да, кездейсоқ та болуы мүмкін. Аллаһ Тағала қасақана өлтіру туралы:
«Кім бір мүмінді қасақана өлтірсе, оның жазасы – ішінде мүлде[25] қалатын Тозак болады. Сондай-ақ, Аллаһ оған ызаланады, лағнеттейді және зор қинау әзірлеп қояды», - деді. (ән-Нисә 4: 93).
«Олар Аллаһпен бірге басқа құдайларға жалбарынбайды. Аллаһ өлтірілуін харам еткен кісіні, оған құқы болмаса, өлтірмейді, және зина жасамайды. Кімде-кім осыларды істесе – күнәға жолығады. Ал кім осылай істесе – жазасын алады. Оған Қиямет күні, еселенген азап болады. Ол онда қор болып, мүлде қалады. Бірақ, бұл – тәубе қылғандарға, иман келтіргендерге және ізгілік жасағандарға қатысты емес. Аллаһ олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады. Өйткені, Аллаһ өте Жарылқаушы, ерекше Мейірімді». (әл-Фурқан 25: 68-70).
«Және де заңды болғаннан өзге Аллаһ харам еткен жанды өлтірмеңдер.» (әл-Әнғәм, 6: 151).
«Кедейшіліктен қорқып, балаларыңды өлтірмеңдер. Біз оларды да, сендерді де ризықтандырамыз. Расында, оларды өлтіру – зор күнә». (әл-Исра 17: 31).
«Сондай ақымақтықпен, еш білімсіз балаларын өлтіргендер және Аллаһ туралы өтірік сөйлеп Аллаһтың өздеріне берген несібесін харам еткендер – зиянға ұшырады. Олар адасушылыққа түсті және тура жолға ілеспеді». (әл-Әнғәм 6: 140).
Ал Аллаһтың Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қатысты айтар болсақ, ол былай деді: «Ақырет Күні адамдар арасындағы істердің қаралуы басталатын алғашқы нәрсе – бұл қантөгіс!»[26] әл-Бухари 6864, Муслим 1678.
Ал өзінің қоштасу қажылығының барысында ол адамдарға құтпа айтып, онда тағы да бір рет мұсылмандардың қанының, мал-мүлкінің және ар-намысының ұлықтығына нұсқап, оларды (сол) орын мен уақыттың ұлықтығымен салыстырды. Абу Бәкр, Аллаһ оған разы болсын, былай деп баяндайтын: “Құрбан Айт күні Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бізге құтпа айтты да, ізінен: «Ал сендер бұл не күн екенін білесіңдер ме?» – деп сұрады. Біз: «Аллаһ және оның елшісі жақсырақ біледі», – деп жауап бердік, ал ол үнсіз тұрып қалды, және біз оны өзгеше атайды ма деп ойлап қалдық. Бірақ, ол: «Бұл – Құрбан Айт күні емес пе?» - деді. Біз: “Ия”, – деп жауап бердік. Кейін ол: «Ал бұл – қандай ай?» - деп сұрады. Біз: «Аллаһ және Оның елшісі жақсырақ біледі», – дедік. Ал ол үнсіз тұрып қалды, және біз оны басқаша атайды ма деп ойлап қалдық, бірақ ол: «Бұл – зуль-Хижжә емес пе?» – деді. Біз: “Ия”, – деп жауап бердік. Сонда ол былай деді: «Ақиқатында, сендердің араларыңдағы қарым-қатынастарың – сендер үшін осы қалаларыңдағы осы айларыңдағы осы күндерің қандай қасиетті болып табылса – қандарың да, мал-мүліктерің де және ар-намыстарың да сондай қасиетті болатындай болуы керек! Осында барлар мұны осында жоқтарға хабарласын. Өйткені, ақиқатында, осында бар адам бұл жөнінде осыны өзінен жақсы түсінетін адамға жеткізуі мүмкін».”. әл-Бухари 1741, Муслим 1679.
Әбу Хурайрадан, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Жеті опат етуші күнәдан аулақ болыңдар!» - дегені жеткізіледі Адамдар: “Йә, Аллаһтың Елшісі, бұл – не күнәлар?” – деп сұрады. Ол: «Аллаһпен бірге кімге болсын құлшылық қылу; сиқыршылық; заңды болғаннан өзге жағдайда Аллаһ өлтіруге тыйым салған адамды өлтіру; өсімқорлық; жетімнің хақысын жеу; шайқас кезінде соғыс майданынан қашу және зина жасау туралы тіпті ойланбаған арлы, иман келтірген әйелдерді зинақорлықта айыптау», – деді. әл-Бухари 2766, Муслим 1/189.
Ибн Умардан, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Мумин тыйым салынған қанды төкпейінше өз дініндегі кеңшілікті сезінуін тоқтатпайды». әл-Бухари 6862.
Ал Ибн Умардың өзі былай деп айтатын: “Егер біреудің басына шығар жолы жоқ (қиын) жағдай түссе, ол тыйым салынған қанды төккен болғаны![27]” әл-Бухари 6863.
Убәда ибн әс-Самит, Аллаһ оған разы болсын, бірде Аллаһтың Елшісінің айналасына сахабалардың бір тобы жиналғанда, ол былай деп айтқанын жеткізген: «Аллаһтан өзге ешкімге құлшылық қылмайтындарыңа, ұрлық, зинақорлық жасамайтындарыңа, балаларыңды өлтірмейтіндеріңе, жүректеріңмен тоқылған өтірікті таратпайтындарыңа, сендерге шариғат мақұлдаған нәрсе бұйырылғанда – мойынсынудан бас тартпайтындарыңа маған ант беріңдер. Сендерден кім осы антына берік болса, Аллаһ оны марапаттайды. Ал кім осы аталған күнәлардың біреуін істесе, ал Аллаһ оның күнәсын жасырса, онда Аллаһтың өзі шешеді, және егер қаласа – оны кешіреді, ал қаласа – жазалайды». әл-Бухари 18, Муслим 1709.
Абдуллаһ ибн Умардың, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, сөздерінен жеткен хадисте Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Бізге қару көтерген – бізден емес[28]». әл-Бухари 6874, Муслим 161.
Абдуллаһ ибн Мас‘удтан, Аллаһ оған разы болсын, жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Үш жағдайдан басқа кезде мұсылманның қанын төгуге рұқсат етілмейді: зинақорлық жасаған үйленген адамды өлім жазасымен жазалау кезінде, өмір үшін өмірді алған кезде; және біреу діннен шығып үмметті тастап шыққан кезде». әл-Бухари 6878, Муслим 1676.
Сондай-ақ, Ибн Маc‘удтан, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Мұсылманды балағаттау – бұзақылық, ал онымен соғысу – күпірлік!» әл-Бухари 48, Муслим 116.
Ибн Аббастан, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Аллаһқа ең жек көрінішті адамдар болып мына үшеуі табылады: Қорықты орында[29] бола тұра ақиқаттан ауытқыған, надандық (джәхилия) дәуірінің салттарын Исламда сақтағысы келген адам, және қақысы болмай біреудің қанын төккісі келген». әл-Бухари 6882.
Пәк және Ұлы Аллаһ былай деді: «Әй, мүміндер! Сендерге қысас (есе қайтару) парыз етілді: азатқа - азат, құлға - құл, әйелге – әйел. Дегенмен, өлтіруші өзінің бауыры тарапынан кешірілсе, онда әділдік жасап, оған дұрыс құн төлеп беруі қажет. Міне осы - Раббыларың жағынан жеңілдік және мәрхамет. Ал кімде-кім бұдан кейін шектен шықса (кек сақтаса), ол үшін Ақыретте күйзелтуші азап бар. Әй, ақыл иелері! Қысас (кісі өлтіргенді өлтіру) сендердің өмірлеріңді сақтайды. Мүмкін сендер тақуалық танытарсыңдар». (әл-Бәқара, 2: 178-179).
Ибн ‘Умар, Аллаһ оған разы болсын, мынаны баяндаған: “Бірде бір жас жігіт өлтірілгенде, Умар былай деді: «Егер оны өлтіруге тіпті бүкіл Сана (Йәмән) тұрғындары қатысса еді, мен міндетті түрде олардың барлығын өліммен жазалар едім».”[30]. әл-Бухари 6896.
Әл-Бухаридің сахих жинағында (7152) Джундубтың, Аллаһ оған разы болсын, былай деген сөздері келтірілген: “Ақиқатында, адам бойындағы ең бірінші шіри бастайтыны – оның қарыны, ендеше кім игі нәрседен өзге ешнәрсе жемей (жүре) алса, осылай істесін, және кім өзін Жәннәттан ол төккен бір уыс қан болса да алыстата алмайтындығына қол жеткізе алса, оны төкпесін”.
Хафиз ибн Хаджәр былай деді: “Тіпті бұл хадис мауқуф түрінде (сахабадан) жеткізілген болса да, оның жағдайы марфуъ (пайғамбардан жеткен) хадиске жатады, өйткені сахабалар мұндай нәрселер туралы өзінен айтпайтын. Бұл хадисте мұсылманды заңсыз өлтірген адамға өте үрейлі қорқыту бар. ”. “Фәтхуль-Бәри” 13/130.
Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Кім менің үмметіме соғыспен қарсы шығып, олардың арасындағы иман келтіргендерді ескермей, өзі келісім-шарт жасасқандармен жасаған келісімін орындамай, ізгілер мен пасықтарды (қосып) өлтірсе, оның маған еш қатысы жоқ, ал менің – оған (еш қатысым жоқ)». Муслим № 1848.
Әл-Мунзиридің ”әт-Тарғиб уәт-тархиб” кітабындағы мына төменде келтірілген хадистер әл-Бухари мен Муслимның жинақтарында кездеспесе де, алайда, олардың сахихтығын шейх әл-Әлбәни “Сахих әт-тарғиб” еңбегінде 1/629-634 растаған:
Әл-Бәрдан, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Бұл дүниенің түгелімен опат болуы Аллаһ үшін муминнің заңсыз өлтірілуінен маңыздырақ емес!»[31]
Әбу Са‘идтен және Әбу Хурайрадан, оларға Аллаһ разы болсын, жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Егер аспандар мен жердің бүкіл тұрғындары бір муминді бірлесіп өлтіруге айыпты болған болса еді, Аллаһ міндетті түрде олардың барлығын Отқа тастар еді».
Абу Бәкрадан, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткен: «Егер аспандар мен жердің тұрғындары бірігіп мұсылманды өлтірген болса еді, Аллаһ оларды міндетті түрде жүздерімен Отқа тастар еді».
Муъауиядан, Аллаһ оған разы болсын, жеткізілетін хадисте, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Аллаһ кез-келгенге оның күнәсын кешіре алады, күпірлікте өлгеннен және муминді қасақана өлтіргеннен басқа».
Абу Мусадан, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ібліс өзінің әскерін жинаған кезде, оларға: «Кім бүгін мұсылманды жеңсе, оған мен тәж кігіземін», – деп айтады. Және оған шайтанның біреуі келіп: «Ол өз әйелімен ажыраспайынша мен оны уәсуәстауымды тоқтатпадым», – дейді. Бірақ, Ібіліс: «Ол оған қайта үйлене алады», – деп айтады. Сонда басқасы келіп: «Ол ата-анасына мойынсұнбаушылық танытпайынша мен оны уәсуәстауымды тоқтатпадым», – дейді. Ал Ібіліс: «Бірақ, ол оларға игі пиғыл көрсетуді қайтадан бастай алады», – дейді. Сонда үшіншісі келіп, былай дейді: «Ол көпқұдайшылыққа түспейінше мен оны уәсуәстауымды тоқтатпадым!» Ібіліс: «Сен! Сен!» – деп жауап береді. Сонда Төртіншісі келіп: «Ол адам өлтірмейінше мен оны уәсуәстауымды тоқтатпадым», – дейді. Оған ол: «Сен! Сен!» – деді және оған тәж кигізді».
Ибәд ибн Саммиттен, Аллаһ оған разы болсын, жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Кім муминді өлтіріп, сонысына қуанған болса, Аллаһ одан ерікті амалдарын да, парыз амалдарын да қабыл етпейді!» Бұл хадисті Абу Дауд келтіреді, және ол кейін Халид ибн Дахқанның былай дегенін жеткізеді: “Мен Яхья ибн Яхьдан «сонысына қуанған болса», деген сөздер туралы сұрадым, және ол: “Сөз, бүлік кезінде соғысатындар туралы болып тұр. Біреу екіншісін өлтіріп, өзін тура жолда деп есептейді және жасаған қылмысы үшін тәубе етпейді”.[32]
Әбу Са‘ид әл-Худриден, Аллаһ оған разы болсын, жеткізілген хадисте Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Қиямет Күні Оттан мойын шығып: «Ақиқатында, маған (мына) үшеуді азаптау бұйырылған: әрбір тәкәппар езушіні; Аллаһқа серік қосқанды; және қақысыз адам өлтіргенді», – деп айтады. Және олардың үстінен Тозақ жабылады да, олар түпсіз тұңғиыққа тасталады». “әс-Сильсилә әс-сахиха” 2699.
Ал, мұсылманды қасақана емес өлтіру туралы айтар болсақ, Аллаһ мұндайды істеп қойған адамды құн төлеумен (дия) және өтеумен (кәффара) міндеттеді, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай: «Бір мүміннің бір мүмінді өлтіруіне болмайды. Бірақ, қателікпен болса - басқа. Мүмінді қателікпен кім өлтірсе де, ол бір мүмин құл азат етіп, әрі өлгеннің отбасына құн тапсыруы керек. Бірақ, олар кешірім етсе, ол басқа. Егер өлтірілген сендермен дұшпан елдегі біреу болса, (құн төлемей) бір мүмін құл азат етуі керек. Ал егер өлтірілген сендермен олардың арасында келісім болған бір елден болса, өлгеннің иесіне құн тапсырып, әрі бір мүмін құл азат етуі керек. Бұларды таба алмаған кісі, Аллаһқа тәубе ету ретінде тұтас екі ай ораза ұстауы керек. Аллаһ - Білуші, Дана». (ән-Нисә 4: 92).
Мұсылмандармен келісім-шартта болған кәпірді
қасақана және кездейсоқ өлтіруге қатысты
Құран мен Сүннеттің мәтіндері
Мұсылмандардың жерінде өмір сүріп, джизья төлеуші кәпірді (зиммий), және мұсылмандардың әмірі келісім-шарт жасасқан кәпірді (муахад), сондай-ақ, мұсылмандардын біреу қауіпсіздік кепілдігін берген кәпірді (мустамин) өлтіру – харам (тыйым салынған)![33] Және мұны жасаған үшін қатаң жаза әзірленген. Абдуллаһ ибн Амрдың сөздерінен, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізілген: ««Кім муахадты өлтірсе – Жәннәттың иісін де сезбейді. Ал, ақиқатында, Жәннәттың исі қырық жылдық алшақтықтан сезіледі». әл-Бухари № 3166.
Бұл хадисті имам әл-Бухари өзінің жинағындағы «Муахадты заңсыз өлтіргеннің күнәсы туралы» деп атаған тарауында келтірген. Сондай-ақ, ол тура осы хадисті «Өтеулер» деген кітабында келтіріп, тарауды «Зиммийді заңсыз өлтіргеннің күнәсі» деп атаған.
Хафиз Ибн Хаджәр “Фатхуль-Бәри” (12/259) кітабында былай деп жазған: “Ол (әл-Бухари) бұл хадисті, онда муахад аталса да, зиммийге қатысты қолданған. Хадисте мұсылмандармен келісім-шарты болған кәпір туралы сөз болуда, мейлі ол – джизья төлеу, әмірмен бітім, немесе мұсылманның берген қауіпсіздік кепілдігі (амән) болсын”.
Тура осы хадисті имам ән-Нәсаи де (4749), бірақ, енді оның басқа риуаятын келтірген: «Кім зиммийді өлтірсе – жетпіс жылдық жол алшақтығынан сезілетін Жәннәттың иісін сезбейді.».[34]
Сондай-ақ, Әбу Бәкрадан Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізілген: «Рұқсат етілмеген уақытта муахадты өлтіргенге Аллаһ Жәннәтты харам етеді».[35] Әбу Дауд 2760, ән-Нәсаи 4747. Хадистің иснәді сахих.
Ал мұсылмандармен келісім-шарты бар кәпірді өлтіру туралы айтар болсақ, мұны жасағанды Аллаһ құн (дия) төлеумен және күнәны өтеумен (кәффәра) міндеттеді. Аллаһ Тағала былай деді: «Ал егер өлтірілген сендермен олардың арасында келісім болған бір елден болса, өлгеннің иесіне құн тапсырып, әрі бір мүмін құл азат етуі керек. Бұларды таба алмаған кісі, Аллаһқа тәубе ету ретінде тұтас екі ай ораза ұстауы керек. Аллаһ - Білуші, Дана». (ән-Нисә 4: 92).
Және соңында мен мыналарды айтқым келеді:
Уа, жастар! Аллаһтан қорқыңдар және сендерді бұл дүниеде бақытсыздыққа, ал Ақыретте азапталуға итермелейтін шайтанның олжасы болмаңдар!
Аллаһтан қорқыңдар және мұсылмандардың қарттарын, ересектерін және балаларын өлтірмеңдер!
Аллаһтан қорқыңдар және мұсылмандардың аналарын, қыздарын және апа-қарындастарын өлтірмеңдер!
Аллаһтан қорқыңдар және Аллаһқа құлшылық қылатын қарттарды және емізулі сәбилерді өлтірмеңдер!
Аллаһтан қорқыңдар, тыйым салынған қанды төкпеңдер және біреудің мал-мүлкін иемденбеңдер!
«Ендеше, отыны адамдар мен тастар болатын Оттан қорқындар». (әл-Бәқара 2: 24).
«Сендер Аллаһқа қайтарылатын күннен қорқыңдар. Сол кезде әрбір адам өзі жеткен нәрсесін толығымен алады және оларға зұлымдық жасалмайды». (әл-Бәқара 2: 281).
«Сол күні әркім істеген игілігін әзір табады да, істеген жамандығының арасымен өз арасының ұзақ қашықтықта болуын қалайды». (Әли ‘Имран 3: 30).
«Сол күні, кісі туысынан қашады: шешесінен, әкесінен, әйелінен және балаларынан. Ол күні әркімнің ісі – ауыр (әркім өз халымен әлек)». (Абәса 80: 34-37).
Ұйқыларыңнан ояныңдар және өздеріңнің ұқыпсыздықтарыңнан құтылыңдар, және жер бетінде бұзақылық таратуда шайтанның қаруы болмаңдар!
Және мен Аллаһ Тағаладан мұсылмандарды дінді дұрыс түсінуге алып келуін және оларды айқын да, жасырын да адасушылықтар мен бүліктерден сақтауын тілеймін.
Және Аллаһтың сәлемі мен игілігі Оның құлы және пайғамбары Мухаммадқа, сондай-ақ, оның отбасы мүшелеріне және сахабаларына болсын!
[1] Шейх Абдуль-Мухсин әл-Аббәд – Мәдина қаласының атақты мухаддис ғалымы, Аллаһ оған есендік берсін.
Хиджра бойынша 1353 жылы рамазан айында Залфә қаласында туды. Қазіргі таңда 75 жаста. Ол ерте жасынан бастап атақты ғалымдардан білім алды. Шейх әл-Аббәд оқыған ғалымдардың арасында – шейх Мухаммад ибн Ибрахим Әли Шейх, шейх Ибн Баз, Мухаммад Әмин әш-Шәнқити, Абдуллах әл-Мәни’, Абдуллах әл-Ғайс т.б. бар. Ол – әхлю-Сунна уәл жәмәаның мәнхаджі мен ақидасына арналған көптеген атақты еңбектердің авторы. Оның шәкірттерінің арасында – шейх Уәсыю-Ллах Аббәс, шейх Салих әс-Сухәйми, шейх Ибрахим Рухайли, өзінің баласы шейх Абдур-Раззақ әл-Бәдр сынды т.б атақты ғалымдар бар. Шейх Абдуль-Мухсин әл-Аббәд қазіргі заман әхлю-Сунна ғалымдарының арасында өзінің білімділігімен танымал. Оны шейх Ибн Баз жиі мақтайтын. Әл-Аббәдтің өзі де одан білімдерде және жасы бойынша озған ғалымдарға деген ілтипатымен танылған, және ол шейх Хамәд әл-Әнсаримен және шейх Мухаммад Насыруддин әл-Әлбәнимен жылы қарым-қатынаста болған.
[2] Шейх айтып жатқан нәрсеге біз күнде куәгер болудамыз. Мұсылмандардың арасында шариғаттың қандайда бір бұйрықтарын елемейтіндер, немесе оларға немқұрайлы қарайтындар қаншама?! Олардың арасында, мысалы: «Сақал қоюдың еш қажеті жоқ, ең бастысы адам өз жүрегінде салиқалы болса болды», – деп айтатындарды кездестіруге болады. Басқалары, доктор Кәрдауи сияқты, Исламдағы достық және қатысы жоқтық (әл-уәлә уәл-бәра) принципін және шабуыл джихадын жоққа шығарады. Үшіншілері дүние пайдасы мен құрметті кресло үшін әмірлерге жағымпазданып, Исламның принциптерін бұрмалайды. Сондай-ақ, бір-біріне бөтен болған мұсылман ерлер мен әйелдер тыйымдарға қарамастан бірігіп кештер мен дастархандар ұйымдастырып, тіпті өзара қол алысып жүргендерін, немесе мұсылман әйел уәлисіз басқа елге сапарға шығып келіп және осыда еш айып көрмей жүргенін көрудеміз. Және осындай мысалдар өте көп.
Ал басқа жағынан, біз осыған қарама-қайшы болған басқаша шекке шығуды көре аламыз. Мысалы, мұсылмандар өздерінің дінге деген қызғаныш сезімін сылтаулатып кез-келген адамның барлығын ретсіз күпірлікте айыптап жатқанын көруге болады. Бұл жөнінде шейх Ибн ‘Усәймин: “Біздің кезімізде өздерін дінге таңып және тәрізді болған діни қызғаныштарына негізделіп Аллаһ және Оның Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) күпірлікте айыптамағандарды күпірлікте айыптап жүргендерді кездестіруге болады!”. “Шәрх әл-Қауә‘ид әл-муслә” 77.
Міне осы принциппен олар ислам елдерінің әмірлерін күпірлікте айыптап, ал елдердің өздерін кәпірлердің жерлері деп атауға асығады. Шейх Салих әл-Фәузан былай дейтін: “Кім мұсылмандардың барлық әмірлерін күпірлікте айыптаса және оларға қарсы шығуға шақырса, сол – хауәридж!” Тыңдаңыз: “Шәрх Нәуәқидуль-Исләм”.
Жас мұсылман жігіттер мен әйелдер өз ата-аналарын күпірлікте айыптап жатқанын да көруге болады, ал егер ата-аналары шариғат бойынша іс жүзінде солай болса да, қалайша олар ата-анасына қатысты дұшпандық көрсетіп, дінде нысапсыздық жасайды екен?! Өйткені, тіпті кәпір ата-аналар туралы Аллаһ Тағала: «Маған және әке-шешеңе шүкір ет. Қайтар орның – Мен жақ. Егер екеуі білмеген нәрсеңді Маған ортақ қосуға зорласа, Оларға бағынба! Олармен дүниеде жақсылықпен жолдас бол!» – деп бұйырады. (Луқмән 31: 15).
Тіпті, ата-аналар баласына ширк жасатуға ыждағаттылық танытса да, Аллаһ оларға мұндай ұлы күнә жасауда бағынбауды бұйырады, бірақ бәрібір оларға ізгі қарым-қатынас жасауды әмір етеді! Ал өз балаларын ширк жасауға мәжбүрлемейтін, алайда балалары олармен болған туысқандық қатынасты үзіп, тіпті оларды асыраудан бас тартып жатқан ата-аналар туралы не айтуға болады?! Имам әл-Хаттаби былай дейтін: “Мұсылман ұл бала өз ата-анасын, тіпті олар кәпір болса да, асырауға міндетті”. “Фәтхуль-Бәри” 5/234.
Шейх Ибн әл-Қайим: «Туысқандық байланысты үзуші Жәннәтқа кірмейді», – деген хадисті келтіріп: “Туысқандық байланысты ұстап тұру міндетті болып табылады, тіпті кәпірлермен де”. “Әхкәму әхли-ззиммә” 2/317.
Сондай-ақ, ғалымдарды, олардың айтқандары өздерінің қалауларына сәйкес келмегендіктен, екіжүзділікте айыптап жатқандарды көруге болады. Өз негізінде халәл болған нәрселердің көбін харам етіп жатқандарды да көруге болады. Сондай-ақ, хабарсыз және құзырсыз адамдардың Ислам үмметінің көкейтесті мәселелерін талқылап, шешуге кірісіп жатқанын да көре аламыз. Бір әйелдердің басқа әйелдерді әкелерінен де, күйеулеріненде сұрамай джихадқа шығуға шақырып жүргенін де көрудеміз.
Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп ақиқатты айтты: «Ақиқатында, адамдар үшін сондай бір, өтірікшілерге сеніп, шыншылдарға сенуді қоятын; қиянатшылдарға аманат тапсырып, сенімге лайық болғандар жайлы опасыз ба деп күдіктенетін; және сөз рууәйбидаларда болатын замандар келеді». Одан: “Рууәйбида деген кім?” – деп сұрағанда, ол: «Жаппай адамдарға қатысты мәселелер туралы сөйлейтін ақымақ!» – деді. Әхмәд 2/291, Ибн Мәжжәһ 4036. Хафиз Ибн Хаджәр, хафиз Ибн Кәсир, шейх Әхмәд Шәкир және шейх әл-Әлбәни хадисті сахих деді.
Өзгенің мал-мүлкі қиянатшылдықпен меншіктелуіне, тіпті тыйым салынған қантөгуге орын беріліп жатқанын да көруге болады. Абу Қатада Филистыни сияқты кімселердің адам өлтіруді, оның ішінде әйелдер мен балаларды өлтіруді рұқсат етіп жатқандарын көрудеміз. Алайда, мұндай нәрсе ақиқаттан алыс, Аллаһтың да, Аллаһтың елшісінің де (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұл шекке шығушылыққа салынған адамдар оларға телитін нәрселеріне еш қатысы жоқ. Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Өздеріңе қарсы соғысқандармен Аллаһ жолында соғысыңдар, бірақ, рұқсат етілгеннің шегінен шықпаңдар. Негізінен, Аллаһ шектен шығушыларды жақсы көрмейді». (әл-Бақара 2: 190).
Ибн Аббас Аллаһ Тағаланың осы сөздеріне түсіндірме беріп, былай деді: “Әйелдерді, балаларды, қарттарды және сендерге бейбітшілікпен бет бұрып, өздеріңмен соғыспайтындарды өлтірмеңдер! Ал егер осыны істесеңдер, онда сендер – шектен шығушысыңдар!” “Тафсир әт-Табәри” 2546.
Имам ән-Нәуәуи былай деді: “Кәпірлердің әйелдері мен балаларын, егер олар шайқасуға қатыспайтын болса, өлтіруге тыйым салынғандығы туралы ғалымдар бір ауызды келісімде!” “Шәрх Сахих Муслим” 11/292.
Имам Ибн Рушд: “Әйелдер мен балаларды, егер олар соғыспайтын болса, өлтіруге болмайтындығы жөнінде мұсылмандардың ішінде келіспеушіліктер жоқ ”, – деді. “Бидаятуль-муджтәхид” 1/386.
Өкінішке орай, біздің кезіміздегі көптеген мұсылман түсіп жатқан шектен шығушылықтардың мысалдары өте көп.
Шейх Ибн әл-Қайим шайтанның айлаларының түрлерін атап өтіп, былай деп жазған: “Кейбір ізгі саләфтар былай дейтін: «Аллаһтан қандай бұйрық келсе де, шайтан міндетті түрде осыда ықпал етудің екі тетігіне ие болады: не босаңсу мен кемшілік, не шектен шығушылық пен нысапсыздық. Және ол осы екі жағдайдың біреуімен үстем болуын тоқтатпайды». Адамдардың көпшілігі, азғантайынан басқа, бұл екі қалыптың біреуінде: не босаңсуда, не нысапсыздықта болады. Және кейбіреулері ғана Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары жүрген тура жолда бекем тұрады!” “Иғасату-лләхфән” 1/116.
Біз Аллаһ Тағаладан бізді шекке шығушылықтардан сақтап, тура жолда нық тұрушылардан етсін деп тілейміз!
Сондай-ақ, Ибн әл-Қайим былай деп жазған: “Адамдамдардың көпшілігі Аллаһқа Ол тыйым салған нәрселері арқылы ғибадат етіп, осынысын мойынсыну және жақындау деп нық сенеді. Және мұндай адамның жағдайы, өзінің істеп жатқаны күнә екендігін түсінетін адамның жағдайынан жаман!” “Иғасату-лләхфән” 2/181.
[3] Әбу Ғалиб, (адамдар) Абу Умәмәдан: “Бұл аятта аталғандар кімдер?”, – деп сұрағанда, ол: «Олар – хауәриждер!» – деп жауап бергенін баяндаған. Ибн Нәср «әс-Сунна» 55. Иснады хасан.
[4] Хауәридждердің сипаттарының бірі болып қиянятшылдық табылатын еді және болып табылады да. Олар мұсылмандарды өлтіруде еш проблема көрмейді және осы себептен Али Ибн Аббас үшін қорықты. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “Хауәридждер мұсылмандар үшін яхудилер мен христиандардан да жаман. Олар өздерімен келіспейтін мұсылмандарды өлтіруде ыждағаттылық көрсетеді. Олар мұсылмандардың қанын төгуді, олардың мал-мүлкін тартып алуды, олардың балаларын өлтіруді және оларды күпірлікте айыптауды рұқсат етеді!” “Минхаджу-Ссунна” 5/248.
[5] Сүннетке жүгінбей Құранды толық түсіну мүмкін емес, өйткені, егер Құранның өзі ғана жеткілікті болатын болса, Аллаһ Тағала Өзінің Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оны түсіндіруді бұйырып, балай деп айтпас еді: «Саған да адамдар үшін түсірілгенді түсіндірерсің деп, Құранды түсірдік». (ән-Нәхль 16: 44). Құранды түсінудегі Сүннетті елемеудің дәл өзі көптеген секталардың адасуының себебі болды. Әбу Нәдрадан: Имран ибн Хусайн деген сахаба пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін айтып жатқан кезінде олар оның жанында болғанында, бір адам өзінің наразылығын білдіріп: «Одан да бізге Аллаһтың кітабы туралы айтқаның жақсы», – дегені баяндалады. Сонда Имран ашуланды да: «Ақиқатында, сен – ақымақсың! Аллаһ Құранда зекетті атап өтті, ал онда екі жүз дирхамнан бесеуін төлеу керек деген нұсқау қайда?! Намазды атап өтті, ал бесін намазы төрт ракағаттан тұрады деген нұсқау қайда?! Қағбаны айналуды (тауафты) атап өтті, ал айналулар жетеу деген нұсқау қайда?! Ақиқатында, мұның барлығын Сүннет тәпсірлеп түсіндіреді!» - деді.” әл-Әджурри “әш-Шәри’а” 104. Иснәді сахих.
[6] Адамдарды бірінші кезекте олардың сенімдеріне сәйкес бағалау керек, ал басқа артықшылықтары кейіннен келе береді. Егер адамдарды олардың ыждағатты түрде ғибадат жасауына байланысты бағалау қажет болғанда, онда хауәриждердің деңгейін сахабалардың деңгейінен де көтермелеп жіберу керек болар еді, өйткені Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ақиқатында, сендердің намаздарың, олардың намаздарымен салыстырғанда, және сендердің оразаларың, олардың оразаларымен салыстырғанда, өздеріңе болмашы болып көрінеді». Муслим 1064. Алайда, іс жүзінде бәрі басқаша. Өйткені, хауәридждер мұсылмандардың алғашқы бүлігінің және бөлінуінің себепшілері болды. Ақиқатында, дұрыс сенімдердің ізінен ғана ізгі амалдар жалғасады. Және дәл осы сипат ахлю-Суннадан болған шынайы мұсылмандарды әртүрлі ағымдар мен жамағаттардан ерекшелейді.
[7] Бұл – хауәридждердің сипаттарының бірі – өздерін ғалымдарға мұқтаж емес деп есептеу және олардың маңызың кеміту.
[8] Зиммий – мұсылман жерлерінде өмір сүретін және джизья (салық) төлейтін кәпір. Джизья балалардан, әйелдерден, қарттардан, еш нәрсесі жоқ кедейлерден, ақыл-ессіздерден және ауырулардан алынбайды. “Әхкәму әһли-зиммә” 1/43-51, Ибн әл-Қайим.
[9] Хауариждер оларды бұзатын жағдайда Али ибн Әбу Талиб олармен соғысатындығын білдірген шарттарға назар аударыңыздар! Ал біздің уақытымызда көпеген мұсылмандар жердің түкпір-түкпірлерінде джихадтың атымен дәл осыларды істеп жүр емес пе?! Мұсылмандар мұсылмандардың өздерін, әйелдерді, балаларды және қауіпсіздік кепілдігін алып мұсылмандардың жеріне кірген кәпірлерді өлтіріп жүр емес пе; немесе кәпірлердің мал-мүлкін тартып алып, сонысын рұқсат етіледі деп жүр емес пе?! Мұның барлығының джихадқа еш қатысы жоқ, ал Аллаһ және Оның Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) мұндай бұзақылықтан алшақ.
Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Кім муахадты (мұсылмандармен келісім-шартта болған кәпірді) өлтірсе, Жәннәттың иісін де сезбейді, ал оның аңқыған иісі қырық жылдық жол қашықтығынан сезіледі». әл-Бухари 2995.
Ибн Хаджәр былай деп жазған: «Хадисте сөз мұсылмандармен келісім-шарты бар кәпір туралы болуда, мейлі ол – джизья төлеу, әмірмен бітім, немесе мұсылман адам тарапынан берілген қауіпсіздік кепілдігі (амән) болсын». “Фәтхуль-Бәри” 12/259.
Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), сондай-ақ, былай деді: «Ақиқатында, адамға қауіпсіздік кепілдігін беріп, кейін оны өлтіргенге, тіпті өтірілген – кәпір болса да, менің қатысым болмайды!» Әхмәд 5/223. Ибн Мәджәһ 2/896. Хадистің сахихтығын хафиз әл-Бусайри және шейх әл-Әлбәни растаған.
Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді: “Қауіпсіздік кепілдігін кез-келген кәпірге беруге болады, және мұны кез-келген мұсылман істей алады!” “Саримуль-мәслюль” 95. Және сондай-ақ, мұсылман әйел де қауіпсіздік кепілдігін бере алады. Меккені алғаннан кейін Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оның тұрғындарын өлтіруге және олардан өш алуға тыйым салды, мұсылмандарға қатысты өздерінің оңбағандылығымен және қиянатшылдығымен ерекше танылған бесеуінен басқа. Ал ол бесеуін Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өлтіруді бұйырды, олар тіпті Қағбаның көлеңкесінде кездессе де. Міне, Ибн Хубәйр – осы бесеудің біреуі еді. Ал Умм Ханидің бауыры Али оны көріп қалып, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұйрығын орындау үшін ізінен қуып жөнелген кезде, Ибн Хубәйр Умм Ханидің үйіне кіріп кетіп, одан пана сұрады, ал ол, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) әмірі туралы білмей, оған оны берді. Кейін ол өзі Аллаһтың елшісімен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сөйлеспейінше, оған тиісуге тыйым салды. Имам әл-Бухариден келген хадисте Умм Хани Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) кіріп: «Йә, Аллаһтың елшісі, менің бауырым (Али) мен өзімнің қорғауыма алған Хубәйрдің ұлын өлтіремін деп жатыр!» – дегенде, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Йә, Умм Хани, сен өзіңнің қорғауыңа алғанды біз өзіміздің қорғауымызға аламыз», – деді әл-Бухари 357.
Егер тіпті әйелдің берген қауіпсіздік кепілдігі есепке алынып, осы кәпірдің қаны мен мал-мүлкі басқаларға харам етілген болса, онда мемлекет беретін өз еліне кірердегі кепілдігінің орындалуы туралы не айтуға болады?!
Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Барлық мұсылманның қаны тең дәрежеде құнды, ал олардың ең ықпалсызының берген кепілдігін өзгелердің барлығы орындауға тиіс». Әбу Дауд 2751, Ибн Маджәһ 2685, Ибн әл-Мунзир 11/151. Хадис сахих, бұл жөнінде шейх әл-Әлбәни айтқан.
Умар ибн әл-Хаттаб былай деді: “Егер мұсылман оған: «Қорықпа», – десе, ол оған қауіпсіздік кепілдігін берген болады. Және егер ол оған: «Лә тадхәл», – десе де, ол оған қауіпсіздк кепілдігін берген болады. Ақиқатында, Аллаһ барлық тілдерді біледі!” Абдур-Раззақ 5/219, Са’ид ибн Мәнсур 2599.
«Маттарс» және «Ля тадхәл» – парсылар мен эфиоптардың тілдерінде «қорқпа» дегенді білдіреді.
Имам Әхмәд және Ибн Таймия былай деген: “Кәпір өзіне берілген қауіпсіздік кепілдігі деп түсінген кез-келген нәрсе, оған қауіпсіздік кепілдігін беретіні Сүннетте келген!” “әл-Инсаф” 10/348, “Бәяну-ддәлиль” 64.
Имам Ибн Мунасыф былай деді: “Дұшпан өзіне берілген қауіпсіздік кепілдігі (амән) деп түсінген кез-келген тілдегі кез-келген нәрсе, мейлі ол – сөз болсын, мейлі – жазу, немесе ым болсын, оған бұл кепілдікті береді, тіпті мұсылман осыны меңземеген болса да!” “әл-Инджәд” 2/45.
Жоғарыда келтірілгендердің негізінде мына нәрсе айқын болады: мұсылмандардың еліне кіріп жатқан кәпірдің төлқұжатына қойылатын виза оған қауіпсіздік кепілдігін береді. Және осыда ешқандай күмән жоқ.
Міне дәл осы – кәпірлердің елінде өмір сүріп жатқан, немесе виза яки кіруге рұқсат алып сол жерге келген мұсылмандарға да қатысты болады. Оларға бұл кәпірлерді өлтіруге, олардың мал-мүлкін тонауға тыйым салынады, өйткені, мұның барлығы – қиянатшылдық және қауіпсіздік кепілдігін (амәнды) бұзу болып табылады. Мұның кейбіреулер «Ақиқатында, соғыс – бұл алдау» деген хадисті дәлел ретінде пайдаланып, айтып жүрген қулыққа еш қатысы жоқ. Егер кәпірлер мұсылмандарды өздерінің еліне кіргізген болса, онда осының өзі-ақ оның олармен келісім-шартқа отырғанын білдіреді, тіпті бұл сөйлесілмеген болса да.
Имам Ибн Джузий “әл-Қауәнинуль-фиқхия” еңбегінде былай дейді: “Қауіпсіздік кепілдігін бұзу мен әскери қулықтың арасындағы айырмашылық – қауіпсіздік кепілдігі дұшпандарға қауіпсіздікке деген сенімділік ұсынады. Ал әскери қулық – әскери құпияларды жасыруға арналған шаралар болып табылады. Бұл шаралар дұшпанды жаңылыстырады және оны қарсыласы шегініп жатыр, немесе соғысқысы келмей жатыр деген қате ойға салады. Бұл – дұшпанды абайсызда қалдырып, оның үстіне түсу үшін жасалады. Әскери қулықтың түрлеріне (қарсыластың) назарын негізгі мақсаттан басқа жаққа аударып алып кету мақсатында (белгілі бір іс-әрекетті) симуляциялау, дұшпанның қатарына бөлінушілік салу, торуылдар ұйымдастыру, ұрыс барысындағы тактикалық шегіну т.б. жатады. Оған (әскери қулыққа) – өзіңді солардың бірі деп көрсету, дұшпанның дінін өтіріктен ұстану, дұшпан алдында ықыласты кеңесші ролін ойнап, сол арқылы дұшпанның сенімін пайдаланып, қиянатшылдықпен оны жәбірге ұшырату жатпайды. Бұл тәсілдерді қолдануға болмайды және олар – сатқындық болып табылады”.
Имам әл-Мәрғинәни “әл-Хидая” кітабында былай деді: “Егер мұсылман адам дұшпандардың еліне саудагер ретінде кіріп барса, ол сол елде қауіпсіздік кепілдігін алған мұсылман сияқты болады. Оған олардың мал-мүлкіне және өміріне қол сұғуға болмайды, өйткені ол өзіне берілген қауіпсіздік кепілдігінің есесіне оларға қарсы ешнәрсе істемейтініне кепілдік берді. Осыдан кейін олардың мал-мүлкі мен өміріне қол сұғу – қиянат болып табылады, ал қиянатқа тыйым салынған”.
Имам әш-Шәфи’и “әл-Умм” кітабында былай деді: “Егер дұшпандар мұсылмандардан біреуді тұтқынға алып, кейін оны азаттыққа жіберсе және қауіпсіздікпен қамтамасыз еткен болса, онда олардың берген қауіпсіздік кепілдігі – олардың өздеріне берілген қауіпсіздік кепілдігі де болып табылады, және оның оларды қиянатшылдықпен өлтіруіне және оларға сатқындық жасауына құқығы болмайды”.
Имам Ибн Қудама былай деді: “Кім дұшпан жеріне қауіпсіздік кепілдігін алып кірген болса, олардың мал-мүлкіне қиянатшылдықпен қол сұғуына, немесе олармен өсімқорлықпен айналысуына құқығы болмайды. Олардың өздеріне қатысты қиянат туралы айтар болсақ, оған тыйым салынған, өйткені, олардың берген қауіпсіздік кепілдігі оларға қатысты сатқындық жасалмауын білдіреді. Тіпті, бұл шарттар сөзбе сөз келісілмеген болса да, мұның мәні әрекеттің өзінен айқын болып тұр”. “әл-Муғни” 13/152.
Ал, кәпірлердің мал-мүлкіне келер болсақ, ол, джихад кезінен және кәпірлердің елі бағындырылғаннан кейінгі кезден басқа кезде, рұқсат етілмеген, бұл жөнінде хафиз Ибн Хаджәр “Фәтхуль-Бәри”- де 341 және Шамсуль-Хакқ ‘Азым Абәди «‘Аунуль-Ма’буд»-та 7/318 айтып өткендеріндей.
Имам ән-Нәуәуи имам әр-Рафи’идің мына сөздерін жеткізген: “Егер адам дұшпан жеріне қауіпсіздік кепілдігімен кіріп барса, онда оған ол жерден қойма алуға рұқсат етілмейді, ол оны күштеп тартып алса да, жәй тауып алса да. Сондай-ақ, ол оларға тиісті болған нәрселерге қатысты қиянат жасай алмайды, ақиқатында, ол оларға тиістіні өздеріне қайтаруға міндетті!” «әл-Мәджму’» 6/51.
Шейх Ибн Баз басқаратын Тұрақты Комитеттің (әл-Ляджнәту-ддаима) ғалымдарына: «Кәпірлердің елінде өмір сүріп, осы елге зиян тигізу үшін мемлекеттен электр қуатын және суды ұрлауға болады ма?» – деп сұрақ қойылды. Сондай-ақ, оларға: «Электр қуатқа, газға, телефонға т.б. төлемақы төлеуден бас тартуға болады ма?!» – деген сұрақ қойылғанда, олар: “Бұған рұқсат етілмейді, өйткені бұл – адамдардың мал-мүлкін қақысыз жеу және сенімді бұзу болып табылады”, – деп жауап берді. «Фәтауә әл-Ләджнә» 23/441.
Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Кім муахадты (мұсылмандармен келісім-шартта болған кәпірді) жәбірлесе, немесе оның құқықтарын шектесе, немесе оған оның мүмкіндіктерінен тыс нәрселерді жүктесе, немесе одан оның қалауынсыз бір нәрсесін алса, ақиқатында, Ақырет Күні мен оған қарсы куәлік етемін». Әбу Дауд 3/437, әл-Бәйхақи 9/205. Хадистің сахихтығын шейх әл-Әлбәни растаған. Бұл мәселеде барлық имамдар бір ауызды келісімде болған, және хауәридждерден өзге ешкім келісім-шартта болған кәпірдің қаны мен мал-мүлкін халәл демеген. Имам әш-Шәхристани былай деді: “Хауәридждер келісім-шартта болған, немесе джизья төлеген кәпірлердің қанын және мал-мүлкін халәл деген. Және осыны істемейтіндерден бас тартуды міндетті деп есептеген!” “әл-Миләлю уә-ннихәл” 1/118.
Егер шариғаттың үкімі кәпірлерге қатысты осындай болатын болса, онда олар (хауәридждер) қаны мен мал-мүлкін халәл еткен мұсылмандар туралы не айтуға болады! Хафиз Ибн Абдуль-Бәрр былай дейтін: “Егер тіпті қауіпсіздік кепілдігі берілген жауласушы кәпірдің қаны харам болса, онда Аллаһтың қорғауында таңды аттыратын және күнді батыратын мумин туралы сен не ойлайсың?! Оған қатысты қиянатқа немесе оның өлтірілуіне сен қалай қарайсың?!” “әл-Истизкәр” 14/84.
[10] Әбу Рафи’ былай деп баяндаған: «Хауәриждер Алиге қарсы қару алып шыққанда, олар: «Үкім Аллаһқа ғана тән!» «Үкім Аллаһқа ғана тән!» – деп үнемі қайталай берді. Ал Али: «Өтірікті тұспалдап, ақиқатты айтып жатыр!» – деді». Муслим 1774.
Біздің кезімізде де хауәриждердің соңынан ілескен адамдар сол аяттарды келтіріп, оларды басшылыққа алып, көптеген рұқсат етілмеген нәрселерді істеп жүр. Осының өзі – хауәриждердің Құранның аяттарын және хадистерді дұрыс түсінбейтініне нұсқайды, бұл жөнінде бізге Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хауәриждер туралы: «Олар Құранды ол олардың жағында болады деп оқиды, ал ол оларға қарсы болады!» – деп айтты. Муслим 1066.
[11] Міне – Исламда не дәлел болып табылады – Аллаһтың Кітабы және Оның Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеті!
[12] Осылай деп күнәлары үшін Тозаққа түсіп, кейін жазаланып болған соң Жәннәтқа кіретін мұсылмандар аталады.
[13] Тек ол үшін жаратылған бұл кұрметті орында, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзінің үмметінің мұсылмандары үшін шапағат етеді, және олардың арасында ауыр күнәлар жасағандар, бірақ бірқұдайшыл болып өлгендер де болады. Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Менің шапағатымды ауыр күнәлар жасаған менің үмметімнің мүшелері де алады. Әхмәд 3/213, Әбу Дауд 3/123, Ибн Мәджаһ 4310. Бұл хадистің сахихтығын Әбу ‘Иса әт-Тирмизи, Ибн Хузаймә, Ибн Хиббән, әл-Хаким, әл-Бәйхақи, әл-Бусайри және әл-Әлбәни сынды имамдар растаған.
[14] Жастық – хауәридждердің сипаттарының бірі болып табылады. Али ибн Әбу Талиб былай деп баяндайтын: “Мен Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін естігенмін: «Соңғы замандарда жас және ақылы бойынша зердесіз (парықсыз) адамдар пайда болады»”. әл-Бухари 3611, Муслим 1066.
Имам ан-Науауи былай деді: “Бұл хадистен білімнің тұрақтылығы мен күштілігі жастың егделігімен келетінін білеміз”. “Фәтхуль-Бәри” 12/300.
Йә, мұсылмандар! Біздің кезімізде ислам үмметінің аса маңызды мәселелерін шешуге кірісіп жүргеніндердің негізін, араларында оншақты болса да олардың көзқарастарын ұстанатын, есейген жастағы адамдары жоқ жастар құрайтынына назар аударыңдар!
[15] Аллаһ Тағала сондай-ақ: «Жер жүзі түзетілгеннен кейін[15] бүлікшілік қылмаңдар», – деп бұйырды. (әл-Әғраф сүресі, 56-аят).
Әл-Қуртуби: «Аллаһ Тағала, Оған мадақтар болсын, түзетуден кейін қандай болса да, кез-келген бұзақылық жасауға тыйым салды, және бұл (үкім) барлық (адамға) қатысты», – деді. “Тафсир әл-Қуртуби” 6/145.
[16] Шейх Ибн ‘Усәймин Аллаһ Тағаланың: «Маған осы Құран, ол арқылы сендерді, сондай-ақ кімге ол жетсе, соларды қорқытуым үшін уахи етілді» (Әнғам 6: 19), – аятына берген өзінің түсіндірмесінде былай деп айтады: «Аллаһ Тағаланың: «ол арқылы сендерді… қорқытуым үшін», - деген сөздері – “Мен сендерді оған қайшы келуден қорқыттым”, - дегенді білдіреді. «Кімге ол жетсе», – деген сөздерде Кұран жетпегендерге дәлел жетпегенгендігі көрсетіледі, тура сол сияқты, дәлел бұрмаланған түрде жеткізілген кісіге де дәлел жетпеген болып есептеледі. Алайда, Ислам бұрмаланған күйде болса да жеткен кісі, Ислам мүлде жетпеген адам сияқты, ақталу құқығына ие бола алмайды, және өзі ақиқатты іздеуге міндетті болады.
Бүгінде Ислам діні кәпірлердің көпшілігіне өзінің тап-таза бұрмаланбаған күйінде жеткізілді ме?! Әрине, жоқ! Кейбір бауырларымыз өздерінің қалауымен, ешбір хикметсіз амалдар істеп жатқанда, еуропалықтарға және басқаларға Ислам туралы бұрмаланған түсінікті сіңдіріп ұлғайтады. Мен адамдардың арасында жарылыстар ұйымдастырып, соны – Аллаһтың жолындағы джихад дейтіндер туралы айтудамын. Шындығында, олар Исламға және мұсылмандарға, пайдаға қарағанда, көбірек зиян алып келуде. Олардың (қол жеткізген) нәтижелері қандай, сіздерге сұрақ: кәпірлер Исламға жақындай түсті ме, әлде одан сайын Исламнан алшақтады ма? Адамның, оны өзгелер осы қарбаластық туғызатын үрейлі топқа жатқызбауы үшін, өзінің бетін бүркеп алуға дейін жетуі – Исламнан деп ойлайсыңдар ма? Ислам мұның барлығынан алыс, Ислам мұның барлығынан алыс! Тіпті джихад парыз болғаннан кейін де сахабалар, джихадты жүргізе алатын әмірдің туының астындағы джихадтан бөлек, кәпірлердің қауымына оларды өлтіру үшін барған жоқ. Ал мына террор туралы айтар болсақ, онда Аллаһпен ант етемін – бұл мұсылмандар үшін шектелу (тежелу) ғана. Біз (мұның) нәтижесі мен пайдасын көріп тұрған жоқпыз, керісінше, мұнда Ислам туралы түсініктің тек бұрмалануы мен бұрысталуы ғана тұр.
Егер біз хикмет жолын таңдап, (шын) жүрегімізбен Аллаһтан қорқып, ең алдымен өзімізді, содан кейін айналамыздағыларды түзесек еді, және шариғат жолымен жүрсек еді, сонда нәтиже міндетті түрде игі болар еді!» (“Шәрх усуль әт-тафсир” 1 кассета, «А» – бетін тыңдаңыз. )
Шейх Салих әл-Фаузаннан: «Мұсылман емес мемлекеттерде (жасалып жатқан) адамдарды өлтіру және үкіметтік мекемелерді жару сияқты әрекеттер – қажеттілік болып табылады ма, және осыны джихад деп атауға болады ма?» – деп сұрағанда, ол былай деп жауап берді: «Адам өлтіру мен жарылыстар – тыйым салынған (харам) болып табылады, өйткені, олар мұсылмандарға қайғы-қасірет шақырады және олардың өлтірілуіне, сондай-ақ, қудалануына әкеледі. Ал Аллаһтың жолындағы джихадқа қатысты айтар болсақ, онда тек ашық шайқас және тек белгілі шарттарға сәйкес амалдар болуы тиіс. Бұл істе Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, өнегесіне ілесу міндетті болып табылады. Ол, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, Мәдинаға көшуге дейін Меккеде, кәпірлердің арасында болған кезде мына аяттар түсті:
«Сондай оларға: «Қолдарыңды тыйындар, намазды орындап, зекет беріңдер!» – делінгендерді көрмедің бе?» (ән-Нисә сүресі, 77-аят)
Сөйтіп, оған кәпірлермен соғысудан бас тарту бұйырылған еді, өйткені олардың біреуі өлтірілсе де, кәпірлер барлық мұсылмандарды опат қылар еді. Мұсылмандар өмір сүріп жатқан елдердегі адам өлтірулер, мұсылмандардың өлтірулеріне әкеп соғады, ал бұл қазір де орын алып жатыр. Мұның Ислам шақыруына ешбір қатысы жоқ, және де ол – Аллаһ жолындағы джихад болып табылмайды. Мұсылмандарды қайғы-қасіреттің қойнауына тастап жатқан жарылыстар туралы да осыны айтуға болады». “Фәтауа әл-аиммә фи ән-нәуәзиль әл-мудәлхимә” 41.
Шейх әл-Аббад атап өткен, Әр-Риядта 11/6/2022 х. ж. (2003 ж.) орын алған терактіден кейін, құрамында шейх Абдуль-‘Азиз Әли Шейх, шейх Салих әл-Люхайдән, шейх Абдуллаһ ибн Сулеймән әл-Мәни’, шейх Абдуллаһ әл-Ғадаян, шейх Салих әл-Фәузан, шейх Хасан әл-‘Атми, шейх Мухаммәд ибн Абдуллаһ әс-Сабиль, шейх Абдуллаһ ибн Мухаммад ибн Ибраһим Әли Шейх, шейх Мухаммәд ибн Сулеймән әл-Бәдр, шейх Абдуллах әт-Турки, шейх Мухаммад ибн Зайд Әли Сулейман, шейх Бәкр Әбу Зайд, шейх Абдуль-Уәххаб ибн Ибраһим, шейх Салих ибн Абдуллаһ ибн Хумәйд, шейх Әхмәд ибн ‘Али әл-Мубәраки, шейх Абдуллах ибн ‘Али әр-Ракабән және шейх Абдуллаһ ибн Мухаммәд әл-Мутләқ болған Ірі Ғалымдардың Комитеті өзінің мәлімдемесінде басқалар қатарында былай деді: “Кім түрлі терактілер және жазықсыз адамдарды өлтіру – бұл джихад деп айтса, ол – надан (джәхиль) және адасушы болып табылады, өйткені, мұның барлығының Аллаһтың жолындағы джихадқа түйірдей қатысы жоқ!”
Шейх ‘Абдур-Рахман әл-Бәррак былай дейтін:
«Кәпірлерге қатысты олардың елдерінде өмір сүріп жүрген кейбір надан мұсылмандардың жасап жүрген: ұрлық, олардың құқықтарын бұзу, хақысыз оларды ұрып-соғу және балағаттау сияқты қылмыстары – Ислам шариғатында тыйым салынған (харам) болып табылады! Мұндай адамдардың істеп жүргендері – Исламға ешқандай қатысы жоқ! Бұдан да сорақысы – бұл түрлі мекемелерді жарып жүрген кейбір адасқандардың жасап жүрген терактілері. Ақиқатында, мұның Аллаһ Тағала жер бетінде әділеттілікті тарату және Өзінің Сөзін ұлықтау үшін өзінің құлдарының арасында заңдастырған джихадқа еш қатысы жоқ! Тіпті, бұл – тыйым салынған бұзақылық болып табылады!» “И’тида ‘алә ғайриль-муслимин” 3.
Егер бұл ғалымдардың барлығы адасып жүрген болса, онда кім ақиқатты ұстануда?!
Әхлю-Суннаның мойындалған ғалымдарының сөздеріне сүйеніп, біз мұсылмандар жасап жатқан әскери қимылдардың барлығы – Аллаһтың жолындағы джихад болып табыла бермейтінін көре аламыз. Және тек ықыласты ниеттің болуы ғана жеткіліксіз, өйткені ықыласты ниет кесірлі (бұзық) амалды дұрыс қылмайды! Ұлы Аллаһ Тағала былай деді: “Сендерге амалдары бойынша ең үлкен зиянға ұшырайтындар туралы хабар берейін бе?”, – де. Олар – дүниедегі еңбектері зая кеткендер. Өздері болса: “Рас, жақсы іс істедік”, – деп ойлайды», - деді. (әл-Кәхф, 18: 103-104)
Хафиз Ибн Кәсир: “Бұл аят жинақтаушы болып табылады және Аллаһқа бекітілмеген тәсілдермен құлшылық етіп, өзінің сол істерін дұрыс деп санап, және де өзінің амалдары қабыл болады деп есептеп, бірақ, іс жүзінде, қателесіп жатқан және амалдары қайтарылатындарға қатысты!» - деген. “Тәфсир Ибн Кәсир” 3/174
[17] Имам ад-Дахак былай деді: “Яғни Аддамның ұлы өз бауырын зұлымдықпен өлтіргені себепті”. “Задуль-мәсир” 2/339.
[18] «Жер бетінде бұзақылық тарату» деген сөздер – оны жасағандығы себепті адамның өмірі халәл болатын қылмыс дегенді білдіреді. “Тафсир Ибн әл-Джәузи” 2/341, “Тафсир Ибн Касир” 2/46.
[19] Бұл аятқа Усмән ибн Аффән, оның үйі қоршауға алынған кезде сүйенді. Қанның төгілгенін қаламай ол барлығына таралуды бұйырды, содан кейін қаскүнемдер оның үйіне кіріп, оны, Аллаһ оған разы болсын, өлтірді. Әбу Хурайра былай деп баяндайтын: «Мен Усманның үйі қоршауға алыңған кезде оған келіп: «Йә, муминдердің әмірі, мен сенімен бірге соғысу үшін келдім!» – дедім. Ол маған: «Йә, Әбу Хурайра, сен осы адамдардың барлығын, соның ішінде мені де, өлтіруің – сені қуантады ма?!» – деп жауап берді. Мен: «Жоқ!» – дедім. Сонда ол былай деді: «Аллаһпен ант етемін, егер сен бір адамды өлтірсең, барлық адамдарды өлтіргендей боласың!»”. Әбу Хурайра былай деді: “Содан кейін мен қайтып кеттім және шайқаспадым”. Са‘ид ибн Мәнсур 2937, Ибн Са‘д 3/70. Иснәді сахих.
Ибн Аббас былай дейтін: “Кім Аллаһ өлтіруге тыйым салған бір тірі жанды өлтірсе, бүкіл адамзатты өлтірген сияқты болады!” “Тафсир Ибн Кәсир” 2/165.
Тыйым салынған қанды төкпей өлген адамның артықшылығы туралы Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Кім Аллаһты Оған ешкімді серік қоспаған және харам етілген қанды төкпеген күйімен кездестірсе – Жәннәтқа кіреді!» Әхмәд 4/152, Ибн Мәджәһ 2618. Хадис сахих. “әс-Сильсилә әс-сахиха” 2923.
Ал мұсылманға Жәннәт емей, не керек?!
[20] Кейіннен Хидр пайғамбар (оған Аллаһтың сәлемі болсын) Мусаға (оған Аллаһтың сәлемі болсын) бұл баланы өлтіруінің себебін ашып, былай деді: «Балаға қатысты айтар болсақ, оның ата-анасы иман келтіргендер болып табылады, және ол өзінің залымдығының және күпірлігінің себебінен оларды жәбірлейді деп корықтық». (әл-Кахф 18: 80).
[21] Йә, мұсылмандар! Мына аятқа назар аударыңыздар! Өйткені, Муса (оған Аллаһтың сәлемі болсын) әлгі мысырлықты өзінің пайғамбарлық миссиясы басталғанға дейін өлтірді ғой, және, бір жағынан, оны қасақана да істемеді. Алайда, бұл – ол үшін күнә болды, және ол осы үшін Аллаһтан кешірім сұрады! Шапағат туралы ең таралған хадисте адамдар Қиямет Күні өздері үшін Аллаһтан шапағат тілесін деп Муса пайғамбарға келгенде, Муса: «Ақиқатында, менің Раббым маған алдын ешқашан ызаланбағандай және болашақта ешқашан ызаланбайтындай етіп ызаланды, өйткені мен маған өлтіру бұйырылмаған жанды өлтірдім!» – дейді. әл-Бухари 4712.
Осыда – құқықсыз адам өлтіру күнәсінің үлкендігіне нұсқау бар! Көптеген имамдар адам өлтірудің күнәсі шарап ішуден, зина жасаудан және өсім жеуден едәуір жаман деп есептеген. Ал имам ән-Нәуәуи былай деп айтқан: «Біздің жақтастарымыз: «Көпқұдайшылықтан кейін ең үлкен күнә болып – адам өлтіру табылады!» – деген». “Шәрх Сахих Муслим” 2/262.
Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді: “Өзінің негізінде Адамның баласының қаны, қақылы болған жағдайдан басқа, тыйым салынған (харам) және рұқсат етілмеген болып табылады. Және кәпірлердің қаны да, өз негізінде солай болғанындай, Исламның бастапқы кезеңінде тыйым салынған (харам) еді, Муса (оған Аллаһтың сәлемі болсын) өлтірген мысырлықтың қаны сияқты, біздің кезімізде Ислам шақыруы жетпеген кәпірлердің қаны да. Және Мусаға оның адам өлтіруі бұл дүниеде де, Ақыретте де күнә болды, ол бұл адамды қасақана өлтірмегендігіне қарамастан!» “әс-Саримуль-мәслюль” 2/210.
Имам әл-Қуртуби былай дейтін: “Қанды сақтау керек, және, шариғат оны рұқсат ететін жағдайлардан басқа, ол – өзінің негізінде қол сұғылмауға тиісті болып табылады!” “әл-Муфхим” 5/27.
[22] Ғалымдардың арасында бұл аятқа сүйену керектігінде, және ол тек Таурат иелеріне қатысты емес екендігі жөнінде келіспеушіліктер жоқ. Сондай-ақ, осы аятқа негізделіп ғалымдар әйелді өлтірген еркекті өлім жазасымен жазалау қажет дейді. “Тафсир Ибн Кәсир” 2/32, “Тафсир әш-Шәукәни” 2/46.
[23] Құранның бұл айқын мәтіндері кез-келген себеппен өзін-өзі қасақана өлтіруге тыйым салады. Осыда бүгінгі күні өзін-өзі жаруды жан пида ету (‘амалия истишхадия) деп рұқсат етушілердің пікірін жоққа шығару бар. Және Аллаһтан қорқушы мұсылман осындай қорқынышты мәтіндерден кейін қалайша кәпірлердің ортасында өзін-өзі жарып жіберіп өлтіруге батылы жетеді екен, тіпті осы амалдың рұқсат етілгендігіне жүз адам пәтуа берген болса да?!
Өзін-өзі жарып тастаудың заңдылығын ақтау үшін бұл пікірдің жақтаушылары кейбір хадистерді дәйек ретінде пайдаланады, мысалы, патшаға өзін қалайша өлтіруді мәлімдеген жасөспірімнің қиссасы айтылған хадис. Сондай-ақ, дәлел ретінде олар тура сол хадисте келтірілген, патша оларды тек Аллаһқа иман келтіргені үшін өлтіруді бұйырған муминдерден болған, жалынды орға өзі секірген әйелді де мысалға келтіреді. Тіпті мұндай нәрсе бұрыңғы қауымдардың шариғатында рұқсат етілген болса да, Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) шариғаты кез-келген жағдайда да өзін-өзі өлтіруге тыйым салды!
Мұның үстіне, Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) үмметі үшін алдыңғы пайғамбарлардың шариғаттарындағы тыйым немесе бұйрық – дәлел болып табылады ма деген мәселеде ғалымдардың арасында келіспеушіліктер бар. Бұрыңғы шариғаттардың барлығы Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) шариғатымен күші жойылды дейтіндер Аллаһ Тағаланың мына аяттарына сүйенді: «Сендердің (пайғамбарлардың) әрқайсыңа Біз өзінше шариғат мен мәнхадж орнаттық». (әл-Мәидә 5: 48).
Ал басқалары бұрыңғы пайғамбарлардың шариғаты күшке ие деп есептейтін, және дәлел ретінде олар Аллаһ Тағала он сегіз пайғамбарды атап өтіп Мухаммадқа (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Олар – Аллаһ өздерін тура жолмен жүргізгендер. Сен де олардың тура жолына ілес» (әл-Ән‘ам 6: 90), – деп бұйырған аятты келтіреді.
Алайда, бұл екі пікірді де біріктіруге болады. Ғалымдар: «Құран мен Сүннетте аталған бұрыңғы өткен пайғамбарлардың шариғаты, белгілі бір мәселе бойынша Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) шариғатында нұсқау болмаған жағдайда, дәлел бола алады», – деген. Немесе, алдыңғы пайғамбарлардың шариғаты біздің пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) шариғатымен расталса және оған қайшы келмесе.
Имам әш-Шәукани келтірілген аятқа жасаған шархында былай дейтін: “Онда Аллаһтың елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оларға қатысты жоққа шығаратын мәтіндер болмаған нәрселерде өзінен бұрын өткен пайғамбарларға ілесу бұйырылғандығына нұсқау бар”. “Фәтхуль-Қадир” 2/107. Ол сондай-ақ былай деді: “Ғалымдардың көпшілігі бұрыңғы пайғамбарлардың шариғаты бізге де шариғат болып табылады, егер белгілі үкім күші жойылған болып табылмаса деп айтады, және бұл – ақиқат!” “Фәтхуль-Қадир” 2/46.
Имам әш-Шәукани айтып жатқан нәрсеге мысал – Юсуф пайғамбардың (оған Аллаһтың сәлемі болсын) ата-анасы онымен кездескен кезде оған сәлемдесу ретінде сәжде жасағаны айтылатын аят бола алады: «Ол (Юсуф) өзінің ата-анасын таққа көтерді, және олар оның алдында сәждеге жығылды» (Юсуф 12: 100).
Сөйтіп, бұрыңғы пайғамбарлардың шариғатында сәлемдесу адамның алдында иілу, бас ұру формаларында көрініс табуы мүмкін еді, және бұл амал тыйым салынған емес еді. Алайда, Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) шариғатында мұндай әрекет тыйым салынған болып табылады әрі рәсімдік ғибадатқа жатады, және ол Аллаһтан басқа кімге, немесе неге жасалса да – күпірлік болады. Имам әл-Қуртуби былай дейтін: “Аллаһ біздің шариғатымызда мұның күшін жойды!” “Тафсир әл-Қуртуби” 3/345.
Және осындай мысалдар көпшілік.
Жоғары айтылғандардың негізінде, мына нәрселер айқын болады: бұрыңғы өткен пайғамбарлардың шариғаттары біздің үмметіміз үшін дәлел болатынын тіпті назарға алғанның өзінде де, олардың ішінен тек Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) шариғатына қайшы келмейтін хабарларды ғана дәйек етуге болады. Өйткені, өзін-өзі өлтіруге қандайда бір ерекшелеу жасалмайтын қатаң тыйым бар. Бірақ, бұл жөнінде хадисте баяндалғандай, өзін қалай өлтіруге болатындығын патшаға айтып берген жасөспірімнің іс-әрекетін тіпті назарға алар болсақ та, бұл іс-әрекетте, өзін-өзі жарып жіберудің зардаптарынан айырықша, адамдардың исламға кіруімен көрініс тапқан ұлы пайда бар еді, және бұл жөнінде сол жасөспірім тек Аллаһтан келген уәхидің негізінде білуі мүмкін еді. Шейх Ибн ‘Усәймин былай дейтін: “Дәлел ретінде жасөспірім туралы хадисті қолдануға қатысты айтар болсақ, онда дұшпанға зиян тигізу емес, адамдардың діңге кіруі орын алды”. “Бәбуль-мафтух” 20.
Тура сол сияқты жағдай – пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) көптеген сахабалары дұшпанның қалың қолының ортасына, ол жақтан аман шықпайтынын ұйғарса да, кіріп кететіндігі және Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұл әрекетті айыптамағандығы туралы дәлелге де қатысты. Ал шындығында, дұшпанның қалың қолының ортасына кіріп кететін сахабалардың ешқайсысы, олардың қатарынан аман шықпауын ұйғарса да, өз қолымен өзін-өзі қасақана өлтірмеді. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) соғысу кезінде мұсылманға өз өмірін қауіпке салуға рұқсат ететін, егер осыда Исламға деген пайда болса, және осыған көптеген хадистер нұсқайды. Алайда, ол тіпті шайқасу кезінде де өзін-өзі өлтіруге тыйым салатын. Және өзінің өмірін қауіпке салуды рұқсат ету, өзін-өзі қасақана өлтіруге болады дегенге нұсқамайды!
Тағы бір едәуір маңызды жағдай – сахабалар өздерін өлім қауіп-қатеріне шайқас үстінде жауға тап беру арқылы салатын, бірақ, қарттардың, әйелдердің және балалардың қалың тобының арасына бұзып-жарып кіру арқылы емес.
Біздің кезіміздің ахлю-Сунна ғалымдары, олардың арасында шейх әл-Әлбәни, Ибн Баз, Ибн ‘Усәймин, Салих әл-Фәузан және басқа да көпшілік, жан пида ету деп аталып кеткен өзін-өзі өлтіруге (‘амалия истишхадия) тыйым салған. Шейх Ибн ‘Усәймин кәпірлер арасында өзін-өзі жарып жіберген адам туралы былай дейтін: “Ақиқатында, менің пікірім – ол өзін-өзі өлтіруші деп саналады және бұл жөнінде Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, өзін-өзі өлтірген адам өзі онда мәңгі қалатын Отпен жазаланады», - деп айтқандай, Тозақта жазаланады. әл-Бухари 5778, Муслим 1109.
Алайда, адам бейхабар болып, оның осы әрекеті игі және Аллаһқа ұнамды болды деп ойлаған болса, біз оны, осы дұрыс емес ижтихатқа негізделіп жасаған амалы үшін Аллаһ кешіретініне үміт етеміз. Бірақ, солай бола тұра, мен біздің кезімізде оған ешқандай ақтау таппаймын, өйткені, өзін-өзі өлтірудің бұл түрі адамдар арасында кең танылған және таралып кеткен. Сондықтан, адам, өзіне тура жол адасушылықтан ажыратылуы үшін, бұл жөнінде ғалымдардан сұрауы міндетті еді. Және Аллаһ Тағала: «…өздеріңді-өздерің өлтірмеңдер, (өйткені) ақиқатында Аллаһ сендерге рахымды» (ән-Нисә сүресі, 29-аят), – деп, осыған тыйым салғандығына қарамастан, бұл адамдар өзін-өзі өлтіретіні – таң қалдырады. Және олардың көпшілігі дұшпаннан кез-келген жолмен, ол – тыйым салынғанына, не рұқсат етілгеніне қарамастан, кек алудан басқа ешнәрсені қаламайды. Сондықтан, олар тек өздерінің кек алуға деген қалауын ғана қанағаттандырғысы келеді”. “Кәйфә ну’алиджу уәқи’анәл-алим” 119.
[24] Аллаһ Тағала былай деді: «Әй мүміндер! Сендерге қысас (есе қайтару) парыз етілді: азатқа – азат, құлға – құл, әйелге – әйел». (әл-Бәқара 2: 178).
Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Үш жағдайдан басқа кезде мұсылманның қанын төгуге рұқсат етілмейді: зинақорлық жасаған үйленген адамды өлім жазасымен жазалау кезінде, өмір үшін өмірді алған кезде; және біреу діннен шығып үмметті тастап шыққан кезде». әл-Бухари 6878, Муслим 1676.
Хафиз Ибн Касир: “Егер қандада бір адам хадисте айтылғандардан бір нәрсе жасаса, оны өлтіруге әмірден және оның орынбасарынан өзге ешкімнің құқығы жоқ!” – деді. “Тафсир Ибн Кәсир” 2/373.
Хафиз Ибн Раджәб былай деп жазған: “Ислам осы үш жағдайда «Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешкім жоқ және Мухаммад – Аллаһтың елшісі!» – деп куәлік беретін мұсылманның өмірін халәл ететінінде мұсылмандар арасында келіспеушіліктер жоқ”. “Джәми‘уль-‘улюми уәл-хикәм” 197.
Ғалымдар мұсылмандардың қанын (төгуге) рұқсат ететін басқа әрекеттерге қатысты бір ауызды келісімде болмағанына қарамастан, бәрібір, мұсылманның өмірін (алуды) рұқсат ететін басқа амалдарға да нұсқайтын сахих хадистер бар. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Лут қауымының күнәсін жасап жатқандарды көрсеңдер, жасап жатқанын да, жасатып жатқанын да өлтіріңдер!» Әбу Дауд 4462, әт-Тирмизи 1/275. Хадис сахих. “Ируәуль-ғалиль” 2350.
Бұл жағдайда мұндай жиіркенішті күнәні жасаушы үйленген-үйленбегеніне қаралмайды. Сондай-ақ, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Жануармен жыныстық қатынас жасағанды өлтіріңдер, сондай-ақ, жануардың өзін де өлтіріңдер!» Әхмәд 1/269, Әбу Дауд 4464, әд-Дарақутни 1/341. Хадис сахих. “Ируәуль-ғалиль” 2348.
Сондай-ақ, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Егер адам шарап ішсе, оны сабаңдар. Егер ол тағы да ішсе, оны тағы да жазалаңдар. Егер тағы да ішсе, тағы да жазаға тартыңдар. Бірақ, егер ол төртінші рет ішсе, онда оның басын шауып алыңдар!!» Әбу Дауд 2/473, Ибн Маджәһ, Ибн Хиббән 1519. Хадис сахих. “әс-Сильсилә әс-сахиха” 1360.
Шарап ішкені үшін сабау жазасы мұны жария істейтін және ислам мемлекетінде мас күйінде ұсталған адамға қатысты қолданылады.
Ғалымдардың көпшілігі төртінші рет мас күйінде ұстап алған адамды өлтіру керек деген хадистің күші жойылған деп есептеген. Алайда, бұл хадистің күшінің жойылғандығына ғалымдардың сөздерінен басқа ешқандай дәлел жоқ. Ал Өзі Өзінің дінін сақтауға міндеттеген Аллаһ күші жойылған мәтін бізге жетіп, күшін жоюшы мәтін жетпей қалатындай істегені, мүмкін бе?! Шейх әл-Әлбәни былай деді: “Бұл хадистің күші жойылған деп айтылған, алайда бұған дәлел жоқ, және бұл әмір өз күшіне ие, бұл жөнінде шейх Әхмәд Шәкир имам Әхмәдтың «әл-Муснадына» 9/49 жасаған шархында түсіндіргеніндей. Алайда, біз мұны ғибратқа қатысты дейміз. Яғни егер әмір төртінші рет шарап ішкен адамды өлім жазасымен жазалау керек деп шешсе, ол өлтіріледі, ал солай деп шешпесе, онда – жоқ. Бірақ, бұл сабауға қатысты емес, өйткені әрбір шарап ішкені үшін сабау қажет! Және бұл пікірді шейх Ибн әл-Қайим, Аллаһ оны рақым етсін, таңдаған”. “әс-Сильсилә әс-сахиха” 3/348.
Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Егер сендер екі халифаға ант берсеңдер, олардың біреуін өлтіріңдер!» – деді. Муслим 1853.
Сондай-ақ, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Егер сендер бір әмірдің қоластында біртұтас болсаңдар және сендердің біртұтастықтарыңды бөліп тастағысы келген біреу келсе, ол кім болса да, оны өлтіріңдер!» Муслим 1853.
Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хауәридждерге қатысты былай деген: «Сендер оларды қай жерде кездестірсеңдер де – өлтіріңдер, оларды өлтірген Ақырет күнінде сый алады». әл-Бухари 3611, Муслим 1066.
Хауәридждерді өлтіру туралы бұйрық келген хадистерге сүйеніп, ғалымдар бүлікшілермен және қарақшылармен соғысуға рұқсат берген. Бұған, сондай-ақ, Құранның мына аяты да растау болады: «Аллаһпен және Елшісімен соғысқандардың және жер жүзінде бұзақылық жасауға ұмтылып жүргендердің жазасы – өлтірілулері, не аяқ-қолдарын керіп шегеленулері, яқи қол-аяқтарының қиғашталып кесілулері немесе елден айдалулары. Бұл – олардың дүниедегі жазасы. Және олар үшін Ахиретте ірі азап бар». (әл-Мәидә 5: 33).
Сондай-ақ, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өлтіруге бұйырған, бірақ Али оны таба алмаған адам туралы хадис те. Онда Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Егер ол бүгін өлтірілгенде еді, менің үмметімнен тіпті екі адам ешқашан келіспеушілікте болмас еді!» Абу Я’лә 6/340, әд-Дарақутни 2/54, Ибн Абу ‘Асым 938. Хафиз әл-‘Ирақи және шейх әл-Әлбәни хадистің сахихтығын растаған.
Осы хадиске сүйеніп, имам Мәлик және басқа да ғалымдар өзінің бидаттарына шақыратын бидғаттың жақтаушыларын, мұсылмандарды олардың бүлігінен құтқару үшін, өлтіруге рұқсат етілген деп санайтын еді. Бидғаттың жақтаушысына дәлел ұсынылғаннан соң, егер ол өзінің бидғатшыл көзқарастарынан бас тартпаса, мұсылмандардың әмірі оны өлім жазасына кесуіне болады. Бұл пікірді алғашқы буынның көптеген имамдары ұстанған. Мысалы, Халид ибн Абдуллаһ әл-Қасри деген әмір Құрбан айт күні джахмилердің басшысы әл-Джа‘д ибн Дирхамды өлім жазасымен жазалап, мұсылмандардың алдына шығып былай деді: «Йә, мұсылмандар! Өздеріңнің құрбандарыңды шала беріңдер, ал мен өзімдікін шалдым, өйткені, мен «Аллаһ Ибраһимді өзінің сүйіктісі етпеді, және Аллаһ Мусамен сөйлеспеді!» – деп айтатын Джа‘д ибн Дирхамды бауыздадым!” әл-Бухари “Хәлқуль-аф‘әл” 29, әз-Захаби “әс-Сияр” 5/432.
Сондай-ақ, хадисте: «Сиқыршы қылыштың соққысымен жазаланады», - деп келген. Алайда, ғалымдар бұл хадис әлсіз (даиф) екендігіне бір ауызды келіскен. “Тухфәтуль-мухтадж” 2/447, “Фәтхуль-Бәри” 10/236.
Имам әт-Тирмизи және имам әз-Захаби былай деген: “Бұл сөздер пайғамбарға емес (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), Джундуб деген сахабаға тиісті екендігі – сахих түрде мәлім”. «әл-Джәми‘» 2/132, «әл-Кәбәир» 78.
Бәджәлә ибн Абәда былай деп баяндайтын: “Умар ибн әл-Хаттаб әрбір сиқыршы әйел мен еркекті өлтіру туралы жарлық шығарды, және біз олардың үшеуін өлім жазасына тарттық”. Әхмәд 1/190, Әбу ‘Убәйд 1/35. Иснәді сахих.
Сондай-ақ, Хафсадан, ол өзін сиқырлаған күңін өлім жазасына тартылуын бұйырғаны және ол өлтірілгені жеткізіледі. Абдуллаһ ибн Әхмәд “әл-Мәсаиль” 1543. Иснәді сахих.
Сиқыршылықпен айналысқаны сенімді түрде анық болған сиқыршыны ислам мемлекетінде өлім жазасына тарту керек деген пікір күшті болып табылады. Умардың сиқыршыларды өлтіру туралы бұйрық шығарғаны және сахабалар оған наразылық танытпағаны – олардың мұны құптағанын көрсетеді.
Малики мазхабының кейбір ғалымдары және ханбали мазхабының имамы Ибн ‘Ақиль мұсылмандардың құпияларын кәпірлерге жеткізетін тыңшы-мұсылманды өлім жазасына кесуге болады деп есептеген. Дәлел ретінде олар мұсылмандар Меккені бағындырудан алдын қурайштарға хат жазып, хатында оларды пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жоспарлары туралы хабардар еткен Хатыб ибн Әбу Бәлта‘а туралы хадисті келтіреді. Және Умар: «Йә, Аллаһтың Елшісі, оның басын шауп тастауыма рұқсат бер!» – деп сұрағанда, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оның бұл сөздеріне наразылығын білдірмеді, алайда: «Ақиқатында, ол – Бәдр шайқасының қатысушысы», – деп ескертіп айтты. әл-Бухари 4890, Муслим 2494.
Хафиз Ибн Раджәб былай деп жазған: “Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Хатыб оның өмірін (алуды) рұқсат ететін нәрсе жасамады», – деп айтқан жоқ, алайда ол оны өлтіруге тосқауыл болатын себепке нұсқады, ал бұл – оның Бәдр шайқасына қатысқаны еді. Ал, Аллаһ Тағала Бәдр шайқасына қатысқандардың күнәларын кешіріп қойды. Бірақ, бұл себеп олардан кейін ешкімге қатысты жүрмейді”. “Джәми‘уль-‘улюми уәл-хикәм” 201.
Алайда, осы жерде ескертіп кету қажет болған бір жағдай бар: бұл – егер кәпірлерге көмектескен мұсылман осындай әрекеті үшін өлім жазасына тартылса, осы – оның кәпір болатындығына нұсқау болмайтындығы. Ақиқаттың жеңілуін қалап және күпірлікті құптап мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмектескен (адам) ғана кәпір болады. Бірақ мұндай нәрсе дүние пайдасы үшін істелген болса, ол – күпірлік болмайды, бірақ, үлкен күнә болып табылады!
Имам әл-Қуртуби былай деді: “Мұсылмандардың құпияларын олардың дұшпандарына дүние пайдасы үшін хабарлайтын адам, егер оның ақидасы дұрыс болып қала берсе, кәпір болмайды. Діннен шығуды қаламаған Хатыбтың әрекеті дәл солай болды”. “Тафсир әл-Қуртуби” 12/52.
Хафиз Ибн Касир, сондай-ақ, былай деді: “Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Хатыб мұны қурайшттерде болған өзінің мал-мүлкі мен балалары себепті істегенін білгенде, оның ақталуын қабыл етті”. “Тафсир Ибн Кәсир” 4/410.
Сондай-ақ, төрт имамның барлығы дүние мақсатын көздеп мұсылмандарың құпияларын айтып беретін тыңшы, осынысы үшін кәпір болмайды дегенге бірауызды келіскен және олардың осы пікірімен шейхуль-Ислам Ибн Таймия және оның шәкірті Ибн әл-Қайим де толық келіскен. “әс-Сарим әл-мәслюль” 2/372, “Задуль-мә’ад” 3/432.
Сондай-ақ, ғалымдар Аллаһты және Оның Елшісін (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) немесе пайғамбарлардың қайсы бірін болсада әдейі және саналы түрде балағаттаған (адам) да – өлім жазасына лайықты деп бір ауызды келіскен. Ибн Умар былай деп баяндайтын: “Бірде Умар Аллаһтың Елшісін (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) балағаттаған адам туралы естігенде, оған келіп оны өлтірді де, кейін: «Аллаһтың елшісін немесе пайғамбарлардың қайсы бірін балағаттайтындарды өлтіріңдер!» – деді”. әл-Асбәхани “Амәл”, Иснәді сахих.
Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “Пайғамбарлардың қайсы бірін болса да балағаттайтын (адам) -мұсылмандардың бір ауызды келісімі бойынша (иджмәъ) өлім жазасына лайықты!” “әл-Джәуәбу-ссахих” 2/371.
Міне осылар – мұсылманның қанын (төгуге) рұқсат ететін іс-әрекеттерге нұсқайтын Құран мен Сүннеттің мәтіндері, сондай-ақ, сахабалардан жеткен деректер (асарлар). Бірақ, әрбір жеке жағдай мұқият қаралу кажет. Хафиз Ибн Раджәб айтқандай, бұл жағдайлардың барлығы жоғарыда атап өтілген хадистің құрамына кіреді: «Үш жағдайдан басқа кезде мұсылманның қанын төгуге рұқсат етілмейді: зинақорлық жасаған үйленген адамды өлім жазасымен жазалау кезінде, өмір үшін өмірді алған кезде; және біреу діннен шығып үмметті тастап шыққан кезде». әл-Бухари 6878, Муслим 1676.
Сондай-ақ, бұл тақырыпқа қатысты бірнеше хадистер кездеседі: «Өз әкесін ұрғанды өлтіріңдер», сондай-ақ: «Бесінші рет ұрлық жасаған ұрыны өліммен жазалау керек».
Алайда, бұл хадистер сенімді емес және дәлел ретінде қабылданбайды.
Жазаны іске асыруға кез-келген адамның құқығы жоқ және бұған тек ислам еліндегі мұсылмандардың әмірі ғана құқықты екендігін, және осы (жазалау) тек оның рұқсатымен ғана орындалатынын ерекше атап өту қажет. Және жазалауды (хадд) тек мұсылмандардың әмірі ғана қолдана алатындығы жөнінде ғалымдар арасында ешқандай келіспеушіліктер жоқ.
Имам ән-Нәуәуи былай деді: “Ғалымдар: «Қылмыстар үшін жазалауды мұсылмандардың әмірінен басқа ешкім атқармайды», – деген”. “Шәрх сахих Муслим” 3/438.
Имам Ибн Муфлих былай деді: “Жазаны (хадд) тағайындауға әмірден (имамнан) немесе оның орынбасарынан (наибынан) өзге кез-келгенге тыйым салынады”. «әл-Фуру’» 6/53.
Имам әл-Қуртуби былай деді: “Жасалған қылмысқа тең мөлшердегі есені (қысас) және жазаны тағайындауды тек әмір орындайтынына келіспеушілік жоқ ”. «Тафсир әл-Қуртуби» 2/245-246.
Мұның үстіне, шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “Мұсылмандардың әмірі белгілі бір жерді басқаруға қойған адам (мухтасиб) өздігінше өлім жазасын немесе қол шабу жазасын қолдана алмайды ”. “Мәджму’уль-фәтауә” 28/109.
Тіпті мұсылмандардың әмірі құзыретті етіп тағайындаған адамның өзі жазалау туралы үкім шығару құқығына ие болмаса, онда қарапайым адамдардың өлім жазасын шығаруы туралы не атуға болады?!
[25] Бұл аят мұсылманды өлтіруге қатысты түсірілген ең қорқытушы аят болып табылады. Ғалымдардың «…оның жазасы – ішінде мүлде қалатын Тозақ болады» – деген аятты түсінудегі пікірлері әртүрлі болды. Егер мұсылманды өлтіру – көпқұдайшылық болып табылмаса, онда қалайша адам Тозақта мәңгі жанады?! Біреулері: бұл аятта сөз қорқыту туралы болып тұр, яғни мұндай адам Тозақта ұзақ уақыт болады дейді. Басқалары: бұл аятта сөз мұсылманды өлтіру – рұқсат етілген деп, осыны істейтін адам туралы болып тұр дейді, өйткені мұндай жағдайда ол харамды халәл еткені үшін кәпір болады деп есептейді. Ал үшіншілері: мұсылманды өлтіру әрекетінің өзі – адамды Тозақта мәңгі қалуға лайықты етеді, алайда мұны істеген адам мұсылман болған болса, онда бірқұдайшылдығы оның Тозақта мәңгі қалуына кедергі болатын себеп болады, өйткені бірде бір бірқұдайшыл күнәхар Тозақта мәңгі қалмайды! “Фәтхуль-Бәри” 12/196, “Тафсир Ибн Кәсир” 2/374-375, “Тафсир әл-Бәхруль-мухит” 3/483.
Бұл пікірлердің барлығы әхлю-Суннаның сенімдеріне қайшы келмейді және дұрыс болып табылады.
[26] Имам әл-Мунәуи былай деді: “Құлдар арасындағы алғашқы есеп айырысу адам өлтірулерден басталады, себебі ол – көпқұдайшылықтан кейінгі ең үлкен күнә, және есеп айырысудың осыдан басталуының өзі бұл күнәнің үлкендігіне нұсқайды!” “Фәйдуль-Қадир” 3/347.
[27] Ибн Умарға Аллаһ разы болсын. Ақиқатында, бұл адам іс жүзінде Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) әмірлеріне ілесетін. Бірде Мәруан ибн әл-Хакәм Ибн Умарға кіріп: “Кел, мен саған ант берейін, өйткені, сен – арабтардың мырзасысың және арабтардың мырзасының баласысын ғой!” – деді. Ибн Умар оған: “Ал мен Ирақ тұрғындарымен не істемекпін? Аллаһпен ант етемін, егер менің себебімнен тіпті бір-ақ адам өлтірілсе де, мен тіпті жетпіс жыл бойы әмірлік еткім келмейді!” Ибн Са‘д “әт-Табәқат” 4/169, Ибн Әбу әд-Дунья “әл-Ишраф” 7. Иснады хасан.
Көптеген тура жолға түскен адам тыйым салынған қанды төккендігі себебінен ғана адасушылыққа түсіп кетті. Және бұған мысал ретінде хауәридждерді келтіруге болады. Адам өлтіру – олардың әдеттегі ісі болып табылатын еді және қазір де солай болып табылады. Өйткені, заңсыз адам өлтіру – үлкен күнә болып табылады, және бұл жөнінде ешқандай келіспеушіліктер де болмаған. Ал үлкен күнә иманды әлсіретеді. Мұның үстіне, хадистерде осы іс – адасушылыққа апаратын және Аллаһтың көмегінсіз қалдыратын себеп болып табылатындығына нұсқалған! Ал Аллаһ адамды тура жолға салмаса, ол қалайша тура жолға ілеспек?! Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Кімді Аллаһ тура жолға салса, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді ол тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды!» Әбу Дауд 1/331, әт-Тирмизи 2/178, ән-Нәсаи 1/208, әт-Таялиси 338. Хадистің сахихтығын Әбу Иса әт-Тирмизи, имам ән-Нәуәуи, шейхуль-Ислам Ибн Таймия және шейх әл-Әлбәни растаған.
[28] «Бізден емес» деген сөздер Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне ілеспейді дегенді білдіреді. Хадистерде жиі кездесетін «бізден емес» деген сөздер мұндай әрекетті істеген адам кәпір болады және мұсылмандардың үмметінен шығады дегенді білдірмейді дегенге бір ауызды келіскен. Бұл сөздер өзіне қорқытуды қамтыған және оны істеген адам «бізден емес» деп айтылған күнәның дәрежесінің ауырлығына нұсқайды. “Фәтхуль-Бәри” 3/158, “Фәйдуль-Қадир” 2/431.
[29] Сөз Меккедегі Қорықты (Харам) Мешітінің территориясында күнә жасау туралы болып тұр. Хафиз Ибн Хаджәр былай дейтін: “Бұл хадис Қорықты территорияда кіші күнә жасау – басқа жерде үлкен күнә жасаудан жаман екендігіне сырттай нұсқап тұр”. “Фәтхуль-Бәри” 12/219.
[30] Бір өлтірілген адам үшін оны өлтіруге қатысқан барлық адам өлтірілетіндігі туралы сахабалар арасында бір ауызды келісім (әл-иджмәъ) болған. Имам Ибн әл-Мунзир былай дейтін: “Са‘ид ибн әл-Мусайиб Санъадан жеті адам бір жас жігітті өлтіргенде Умар: «Егер оны өлтіруге тіпті бүкіл Сана (Йамән) тұрғындары қатысса еді, міндетті түрде олардың барлығын өліммен жазалар едім» – деген еді.” Сондай-ақ, Алиден, ол бір адамды өлтірген үш адамды өліммен жазалағаны жеткізіледі. Сондай-ақ, Ибн Аббас та бір адамды өлтірген бір топ адамға қатысты осылай үкім шығарған. Және бұл жөнінде олардың заманында келіспеушілік болғаны белгісіз, ал бұл олардың осы мәселедегі бір ауызды пікіріне нұсқайды”. “әл-Муғни” 11/491.
[31] Тек игіліктен мақұрым болған пасық ғана мұндай сөздерге назар бұрмауы және ойланбауы мүмкін!
[32] Мұсылманды өлтіру түгілі, тіпті ол туралы жаман ойлаудың өзіне тыйым салынған! Ибн Умар, Аллаһ оған разы болсын, былай деп баяндайтын: “Мен Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Қағбаны тауап жасап жүріп: «Сен қандай әдемісін және сенің жұпар иісің қандай әдемі. О, сен қандай айбындысын және сенің қасиеттілігің қандай айбынды. Мухаммадтың жаны Қолында болғанмен (Аллаһпен) ант етемін, мүминнің қасиеттілігі Аллаһтың Алдында сенің қасиеттілігіңнен ұлы! Оның мал-мүлкі мен қаны – мызғымас және қасиетті, және біз ол туралы тек жақсы ойлауымыз керек». Ибн Мәджәһ 2619. Хадистің сахихтығын әл-Бусайри, шейх Әхмәд Шәкир және шейх әл-Әлбәни растаған. “әс-Сильсилә әс-сахиха” 3420.
Осының барлығы мұсылманның Аллаһтың алдындағы ұлықтығына нұсқайды.
Алайда, көпшілік: олар жеке пайымымен (қалауымен) емес, біреудің бұйрығы бойынша адам өлтірсе, онда барлық жауапкершілік атқарушыға емес, тек бұйырушыға түседі деп ойлайды. Бұл олай емес, және мұндай түсінікті Әбу әд-Дарда жеткізген мына хадис жоққа шығарады: Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Қиямет Күні барлық адамдар белгілі бір жолмен жүретін кезде, және адамның жанынан оны өлтірген (адам) өткенде, ол: «Йә, Раббым! Ол мені (дүние өмірінде) өлтірген еді», – деп дауыстайды. Аллаһ: «Сен оны не үшін өлтірдің?» – деп сұрайды. Ол: «Маған пәлен бұйырды», – дейді, және өлтірген де, оған бұйрық берген де жазаға тартылады!» Ибн Әбу Шәйбә 5/434, әт-Табәрани 10407. Хадис хасан. “Мәджмә’у-ззауәид” 7/300.
Сондай-ақ, адам тіпті жануарды қақысыз өлтіргені үшін де сұралатынын атап өту қажет! Ибн Умардан жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Егер адамдардан кімде-кім тіпті торғайды, немесе одан биіктеу болған біреуді қақысыз өлтірсе, ол Қиямет Күні міндетті түрде ол үшін Аллаһ тарапынан сұралады». Оған: “Йә, Аллаһтың елшісі, оның қақысы неде?” – деген сұрақ қойылды, және ол оған: «Оны бауыздап жеу, ал басын жұлып алып, тастау емес!» – деп жауап берді. ән-Нәсәи 7/239, Әхмәд 4/389. Хадистің сахихтығын имам ән-Нәсаи, Ибн Хиббән, әл-Хаким, хафиз әл-Мунзири, Ибн Кәсир и шейх әл-Әлбәни растаған. Сондай-ақ, “Сахих ат-тарғиб” 1/631 қараңыз.
Имам Әбу Бәкр Ибн әл-‘Араби былай дейтін: “Жануарды қақысыз өлтіруге тыйым туралы сахих түрде мәлім, және мұны жасағанға қатысты қорқытулар да бар. Ал, ендеше, Адамның ұлын (адамды), немесе мұсылманды, немесе Аллаһтан қорқатын және ізгі мұсылманды өлтіру туралы не айтуға болады?!” “Фәтхуль-Бәри” 12/196.
[33] Мұсылмандардың арасында: «Жауласушы кәпір» және «бейбіт кәпір» деген ұғымдар жоқ!» – деп айтатындар бар, және осының себебімен олар кез-келген кәпірді өлтіруді және оның мал-мүлкін иемденуді рұқсат етілген деп санайды.
Ал, іс жүзінде мұндай пікір – адасушылық, өйткені Аллаһ Тағаланың өзі оларды осындай етіп бөліп қойды.
Аллаһ Тағала былай деді: «Аллаһ дін жайында сендермен соғыспаған және жұрттарыңнан қуып шығармағандарға жақсылық қылуларыңа, әділдік етулеріңе тыйым салмайды. Расында, Аллаһ турашылдарды жақсы көреді! Шын мәнінде, Аллаһ мұны тек сендермен дін турасында соғысқандарға, жұрттарыңнан қуып шығарғандарға және сендерді қууға болысқандарға қатысты тыйым салады. Ал кім оларды өздеріне дос және көмекші етіп алса – залымдар болып табылады». (әл-Мумтахана 60: 8-9).
Бұл аяттың күші, кейбір имамдар айтатынындай, соғысуды әмір ететін аяттармен жойылмаған. Өйткені, бұл аят «дін жайында сендермен соғыспаған және жұрттарыңнан қуып шығармағандарға» анық ерекшелік жасады дейді. Сондықтан, Құранның тәпсіршілерінің имамы болып саналатын Ибн Джәрир әт-Табәри, барлық жақтың дәлелдерін қорытындылай келе, мұсылмандармен дінге байланысты соғыспағандардың санатына жататын әрбір адамға жақсылық істеуге болады деген. “Тафсир ат-Табәри” 10/261.
Ибн Аббас былай деп баяндайтын: «Көпқұдайшылдар Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және иман келтіргендерге қатысты екі санатқа бөлінетін: олармен өздері соғысатын және олар өздеріне қарсы соғысатын кәпірлер (әһлюль-харб); олармен өздері де соғыспайтын және олар да өздеріне қарсы соғыспайтын кәпірлер (әһлюль-ахд)». әл-Бухари 3/145.
Шейх Ибн әл-Қайим былай дейтін: “Кәпір – не мұсылмандарға қарсы соғысушылардың қатарынан болады (харбий), немесе олармен келісім-шарт жасалғандардан болады (муахад). Келісім-шарт жасалған кәпірлер үш санатқа жіктеледі: мұсылман жерінде өмір сүріп, джизья төлейтін (кәпір) (зиммий); бейбіт келісім-шарт түзілген (кәпір) (муахад); және мұсылмандардың жеріне кіру үшін мұсылмандар қауіпсіздік кепілдемесін берген (кәпір) (мустамин)”. См. “Әхкәму әхли-зиммә” 2/178.
Қиянат пен зұлымдыққа келер болсақ, олар мұсылмандарға қатысты да, кәпірлерге қатысты да тыйым салынған! Аллаһ былай деді: «Әй мүміндер! Аллаһ үшін куәлікте туралық үстінде бекем тұрыңдар. Және адамдарға деген өшпенділік сендерді әділетсіздікке тартпасын». (әл-Мәида 5: 8).
Имам әл-Қуртуби былай деді: “Бұл аят кәпірдің күпірлігі оған қатысты әділдік танытуға кедергі болмайтынына нұсқайды”. Ол сондай-ақ, былай деп айтты: “Кәпірлердің мәйіттерін қорлауға тыйым салынады, тіпті олар біздің әйелдеріміз бен балаларымызды өлтірсе де. Және біз олармен де осылай істеуімізге болмайды”. “Тафсир әл-Қуртуби” 5/85.
Тура соны Аллаһтың Елшісі де (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтып бұйырды: «Және саған қатысты қиянат жасағанға қиянат жасама». әт-Тирмизи 1264, Әбу Дауд 3534. Хадистің сахихтығын имам әт-Тирмизи, Әбу Дауд, Ибн әс-Сакән және әл-Әлбәни растаған. “әс-Сильсилә әс-сахиха” 423.
Шейхуль-Ислам Ибн Таймия “Мәджму’уль-фәтауә” жинағында былай дейтін: “Барлық нәрсеге қатысты және әркімге әділдік таныту – әрбір адам үшін міндетті болып табылады. Сондай-ақ, әрбір адам үшін әділетсіздік, оның барлық формаларында және әркімге қатысты, ол – мұсылман, кәпір, жәбірлеуші болсын – харам болып табылады. Аллаһ Тағала былай дейді: «Әй мүміндер! Аллаһ үшін куәлікте туралық үстінде бекем тұрыңдар. Және адамдарға деген өшпенділіқ сендерді әділетсіздікке тартпасын». (әл-Мәида 5: 8), және адамдарға деген өшпенділік дегенде кәпірлерге деген өшпенділік аталып тұр”.
Ол сондай-ақ, былай деген: “Әділдік – бұл онымен бірге Кітаптар және пайғамбарлар жіберілген нәрсе. Оның қарама-қайшысы – зұлымдық. Ал оған тыйым салынған, бұл жөнінде Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзінің Раббысынан жеткізген хадисте: «Йә, Менің құлдарым! Мен зұлымдықты Өзіме харам еттім, және сендердің араларыңда да оны харам еттім!» - деп айтылғандай”. Муслим 2577.
Сондай-ақ, Ибн Таймия былай дейтін: “ «Ақиқатында, Аллаһ әділетті мемлекетке көмек көрсетеді, тіпті ол кәпір болса да, және әділетсіз мемлекетті көмексіз қалдырады, тіпті ол – иман келтірген болса да», – деп айтылған”. “Мәджму’уль-фәтауә” 28/63.
[34] Уа, мусылмандар! Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір жерде кәпірді өлтіргенге Тозақты уәде етікендігі, ал өзгесінде – хауәриждерді өлтіруді бұйырып, олар мұсылман болғанына қарамастан, осы үшін Жәннәтты уәде ететіні – таң қаларлық емес пе?! Ал, енді осы – кейбіреулерде түсінбеушілік туғызса, бұл – олардың надандығын және пайым шығаруда шариғатқа емес, өздерінің сезімдеріне сүйенетіндігін артық рет дәлелдейді.
[35] Хафиз Ибн Абдуль-Бәрр былай дейтін: “Егер тіпті қауіпсіздік кепілдігі берілген жауласушы кәпірдің қаны харам болса, онда Аллаһтың қорғауында таңды аттыратын және күнді батыратын мүмин туралы сен не ойлайсың?! Оған қатысты қиянатқа немесе оның өлтірілуіне сен қалай қарайсың?!” “әл-Истизкәр” 14/84.
al-hanifiya.kz/