Quickribbon

Қателікті түсіндіру - ғайбат емес

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне және барлық сахабаларына Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын!
Ал содан соң:
Ғыйба (ғайбат) деген не?
Абу Хурайра былай деп баяндайтын: «Бірде Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Сендер ғайбат не екенін білесіңдер ма?» - деп сұрады». Адамдар: «Аллаһ және оның елшісі бұл жөнінде жақсырақ біледі», - деді. Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Бұл- сенің мұсылман бауырыңды оған ұнамайтын нәрсемен тілге алуың», - деді. Біреу (сонда): «Ал менің мұсылман ауырымда мен айтып жатқан нәрселер болса шы?» - деп сұрады. Ол: «Егер онда сен айтып жатқан нәрселер болса – бұл ғайбат, а егер бұлар онда болмаса, сен оған жала жапқан боласың!» - деп жауап берді». Муслим 2589.
Өзінің негізінде мұсылмандарға қатысты ғайбат айтуға қатаң тыйым салынған, және бірауызды келісім бойынша үлкен күнә болып саналады.  “әл-Азкар” 289, “Тәфсир Ибн Кәсир” 3/567.
Алайда, өте жиі жағдайда көптеген мұсылмандар ғыйбат ұғымының анықтамасын түсінбейді де, ғыйбатты оған тыйым салынан кезде айтып, ол айтылуға  рұқсат етілген, тіпті міндетті  болған кезде кезде оны сөгіп жатады!
Ғайбат өз негінде тыйым салынғандығына қарамастан, жағдайларға байланысты ол - рұқсат етілген және тіпті міндетті болуы мүмкін. Атап айтқанда, Исламды бұрмалап,  адамдарды адасушылыққа кіргізіп жатқан адамның қателіктерін немесе адасушылығын жоққа шығару немесе түзету үшін ғайбат жасау рұқсат және қажетті болып табылады, және бұл жөнінде ғалымдар арасында келіспеушіліктер жоқ.

Және қандай да бір ғалым, немесе білім иесі дінді бұралап жатқан адамға қарсы пікір айтып жатса, немесе одан өздегелерді сақтандырып жатса – кейбір мұсылмандар өте жиі жағдайда қатты ашуға салынады. Олар мұны ғайбат дейді, ал өздері негізсіз, өдерінің әуестерімен қалауларына ғана еріп, ғалымдар мен қарапайым мұсылмандарды олардың арттарынан жаман сөз айтып, ғайбат қана емес, жала (бухтан) жасап жатады. Алайда, сөз олардың көсемдерінің немесе (идеологтарының) жақтаушыларының адасушылықтары туралы болып жатса, олар бірден ғайбат деген ұғымды есіне ала салады да: «Мұсылмандардың етін жемеңдер!»- дейді.

Бұл – надандық және ғайбаттың рұқсат етілген және тыйым салынған түрлері жөнінде білімнің жоқтығы болып табылады. Ислам діні, оны бұрмалап жатқан адамның адамның ар-намысынан едәуір ұлырақ, мейлі ол оны саналы түрде, мейлі – ықыласты адасушылықпен істесе де. Мұсылманның ар-намысы қаншалықты құнды болғанымен, дініміз қандай да бір адамнан сүйіктірек, оны бұрмалап жатқан адам  туралы айтпақ қойғанда да.
Имам аш-Шафи’и: “Ғалымдар ғайбаттың тыйым салынған түрінен ғайбаттың кейбір рұқсат етілген түрлерін шығарып тастады, олардың арасында міндеттітті болып табылатындары да бар! Бұған – шариғат мәселелерінде қателесушінің қателіктерін түсіндіружатады, өйткені дінге қол-сұлмаушылық жеке адамға қол-сұғылмаушылықтан маңыздырақ!” – дейтін.  Қараңыз “әл-Умм” 7/90.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді: «Пайғамбарлар, Аллаһтың оларға сәлемі болсын, салмақты қателіктер жасаудан қорғалған еді, ғалымдар мен әмірлерден айырықша, ақиқатында, олар бұдан қорғалмаған. Сондықтан да, ілесуге тиісті болған ақиқатты түсіндіру міндетті болып табылады, тіпті бұл түсіндіруде ғалымдар мен әмірлердің қателіктеріне нұсқау тұра келсе де». Қараңыз “Мәджму’уль-фәтәуә” 19/123.

Хафиз Ибн Раджәб: “Аллаһқа, Оның кітабына және Елшісіне деген ықлас (насыха) танытуға Құран және Сүннеттің көмегімен адасушылықтарды әшкерелеп  жатқан ғалымдардың істеп жатқандары жатады. Және бұған ғалымдардың әлсіз пікірлерін әшкерелеу де жатады. Қараңыз “Джәми’уль-‘улюми уәл-хикәм” 96.
Ал егер ғайбат тіпті ғалымдар мен әмірлердің қателіктеріне нұсқау үшін рұқсат етілген болып табылса, онда ғалым да емес, мұсылмандардың әмірі де емес адамның қатесіне нұсқап, оны талқылаған тіпті рұқсат етіледі!

Және  сөзболып жатқан нәрсеге шариғатта дәлел өте көп:
‘Аишадан, Аллаһ оған разы болсын, бірде бір адам Пайғамбардан, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, кіруге рұқсат сұрады, және ол: «Кіргізіңдер, бірақ ол - рулас ретінде нендей нашар!» - дегені жеткізіледі. әл-Бухари 6054, Муслим 2591.
Имам әл-Қуртуби былайдеді: “Бұл хадисте өзінің ашық күнәларымен, бұзақылығымен немесе бидғаттарға шақыруымен  танылған адамға қатысты ғыйба  жасау рұқсат етілгендігіне нұсқау бар ”.  Қараңыз “Фатхуль-Бәри” 10/452.
Сондай-ақ,  ‘Аишдан мына хабар жеткізіледі: бірде Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, екі адамды аттарымен атап: «Мен пәлен және пәлен біздің дініміз туралы бір нәрсе болса да біледі деп ойламаймын», - деді.  әл-Бухари 6068.
Бұл хадист жеткізушілерің біреуі болып табылатын имам әл-Ләйс ибн Са‘д былай деді: «Бұл екеуі екіжүзділер қатарынан еді».
‘Абдуллаһ ибн ‘Амр былай деп баяндайтын: Бірде біз Аллаһтың Елшісімен,  бірге отырған едік, және ол: «Қазір лағнеттелген адам кіріп кіріп келеді», - деді. Ал оған дейін Амр ибн әл-‘Ас (оның әкесі) киімін киіп бізге ілесу үнін (артта) қалып қойған еді. Және мен әл-Хакәм ибн Абу әл-‘Ас кіріп келгенше кім кіреді екен деп қорқып қарай бердім ”. Әхмәд 3/163, әл-Бәззар 2/247. Хадистің сахихтығын шейх Муқбиль және Шу’айб әл-Арнаут растаған.
Зайд ибн Арқам айтатын: “Өз кезінде біз Аллаһтың Елшісімен бірге (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жорыққа шықтық, онда адамдар аз емес ауыртпалықтарды бастарынан өткізді ,  және мен  ‘Абдуллаһ ибн Убайй ибн Салюль (екіжүзділердің басшысы) былай дегенін естіп қалдым: “Аллаһтың елшісімен бірге болғандарға, олар одан бытырап қашып кетпейінше,  ешнәрсе жұмсамаңдар!» Ол тағы да: «Ақиқатында, егер біз Мәдинаға оралсақ, ықпалдылар одан міндетті түрде жексұрындарды қуып шығады!» - деді. Содан соң мен Аллаһтың Елшісіне, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, келіп оған бұл туралы айтып бердім”. әл-Бухари 4903, Муслим 2772.
Зу Хууәйсәра, барлық хауариждердің атасы, пайғамбардың , Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, олжаны бөлуіне наразылық көрсетіп, оған: «Йә, Мухаммад! Аллаһтан қорық, әділетті бол!» - деп, ал басқа риуаятта: «Бұл ықылассыз жасалды!» - деп айтқаныжеткізіледі. Ол кеткеннен кейін, Аллаһтың елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, өзінің сахабаларына оның артынан былай деп айтты: «Ақиқатында, сендердің намаздарың олардың намаздарымен салыстырғанда және сендердің оразаларың, олардың оразаларымен салыстырғанда, сендерге болмашы болып көрінеді. Осы адамның ұрпақтарының арасынан Аллаһтың Кітабын жұмсақ дауыстарымен оқитын, бірақ олардың оқуы кеңірдектерінен әрі өтпейтін адамдар пайда болады. Және олар, жебе нысанадан тесіп ұшып шыққан тәрізді, діннен ұшып шығады!» әл-Бухари 4351, Муслим 1064.
Бұл хадистерде Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын,  бұл санаттағы адамдар туралы олардың сыртынан айтуы жөнінде риуаят етілуі мұндай жағдайларда ғыйба рұқсат етілетіндігіне нұсқайды!
Имам Ибн Әби Зәмәнин: Сүннетті жақтаушылар (ұстанушылар) әуес-қалуларына ергендерді сөгуді тоқтапады, және олар солармен бірге болуға тыйым салатын, олардың фитналарынан сақтандыратын, олардың үкімін түсіндіретін, және мұны ғыйбаға да, жаман сөзге де жатқызбайтын– деді. Қараңыз  “Усулю-Ссуннә” 293.
Хафиз Әбу Бакр әл-Исма’или былай деді: Мухаддис имамдар бидғаттардан аулақ болуды міндетті деп есептейтін және бидғаты айқын болған және соған шақырғанан өзге адам туралы ғайбатты тастауды міндетті дейтін. Мұндай адам туралы айтылған сөздер ғыйба болып табылмайды”. Қараңыз “И’тиқаду әимәмиль-хадис” 46.
Шейхуль-Ислам Ибн Таймия Хасан әл-Бәсридің: “Сендер бұзақы адам туралы айтқыларың келмейді ма? Оның қателіктері туралы, адамдар одан сақтану үшін, айтыңдар!» - деген сөздерін атап, олар  жөнінде: «Белгілі біреудің бидғаты және бұзықтығы жөнінде айту, егер адам осы күнәларды ашық не жасырын түрде істеп жатса,  ғайбатқа жатпайды, бұл жөнінде Хасан әл-Бәсри және басқа да имамдар айтқандай. Мұндай адам мұсылмандардың жазасына лайық, және оған тиісті болғанның ең азы – бұл сөгіс, адамдар одан өзін (қашық) ұстау және аулақ болу үшін. Және оның бұзықтықтарын, күнәларын, бидғаттарын сөкпесе және атап айтпаса, онда адамдар алданып осы нәрселерде оған ілесіп кетуі мүмкін», - деді. Қараңыз  “Мәджму’уль-фәтәуә” 15/268.
Имам ән-Нәуәуи: “Егерде біреу діни білім (фикъх) алушы бидғатшыға немесе пасыққа  барып, одан білім алып жүргенін көрсе, және бұл нәрсе фиқхты үйренушіге зиян тигізетінінен қорықса. Мұндай жағдайда олоған игі кеңес беру керек, өйткені мұндайжағдаларда қателікке бойұру оңай, өйткені, бұл жөнінде айтып жатқанды оның кеңесі жақсылық болып табылады деп уәс-уәстап жатқан шайтан немесе көре алмаушылығы итермелеп жатқан болуы мүмкін”. Қараңыз “әл-Азкар” 292.

Сөйтіп, бұл мәселеде аһлю-Суннә ғалымдарының арасында келіспеушілік жоқ, және бұған мысалдар саләфтардың риуяттарында өте көп: Бірде бір сопы Ибн әл-Мубаракка: «Сен ғайбат жасап жатсың!» - дегенде, ол: «Үніңді өшір! Егер біз түсіндірмесек, онда қай жерде жалған, қай жерде ақиқат екенін қалай білуге болады?!” Қараңыз ”әл-Кифая” 1/45.
Имам Әхмәдтың ұлы ‘Абдуллаһ былай деп айтатын: “бірде Әбу Тураб менің әкеме келді, және менің әкем: «Пәлен жеткізуші сенімді емес, ал пәлен - сенімді», - деп айта бастады. Абу Тураб (сонда): “Йә. Шейх, ғалымдарға ғайбат жасама! – деді. Сонда менің әкем оған:«Бәле саған! Бұл – ғайбат емес, насихат! Қараңыз  ”Тарихуль-Багъдад” 12/316.
Ал осы ұлы имамдарды біреу олар ғайбат айтты деп айыптай алады ма?! Ақиқатында мұны надан, дін үкімдерінен хабары жоқ адамнан басқа ешкім істей алмайды!

Сонымен, жоғарыда айтылғанның барлығының негізінде, белгілі бір мұсылман ашық айтып жүрген, жазып жүрген нәрсе туралы айту, оны талқылау немесе әшкерелеу ғайбаттың тыйым салынған түрі болып табылмайды, тіпті қажетті болған жағдайда міндетті болып табылады. Және ғайбатты қателікті нұсқау немесе сақтандыру мақсатында айтуға рұқсат етілгендігі жөнінде аһлю-Суннә ғалымдарының арасында келіспеушілік жоқ!
Және ең соңында мен Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ айтамын!

Қателікті түсіндіру - ғайбат емес
(Указание ошибки и ее разъяснение - не гъиба)

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|