Quickribbon

Кәпірлердің мал-мүлкі халәл ма?!

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен!

Біз Өзін ғана мадақтайтын және Өзінен ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал, кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына куәлік береміз, және Мухаммад – Аллаһтың құлы әрі Оның Елшісі екеніне куәлік береміз.

Ал содан соң:

Сонғы кезде жас мұсылмандардың арасында кез-келген кәпірдің мал-мүлкі халәл, және ол қандай жолмен иемденгені - алдап-арбау, ұрлау жолымен бе, немесе күштеп тартып алынған ба – маңызды емес деген пікір пайда болды.
Бұл пікір - Аллаһ Тағаланың шариғатына қайшы келетін және хауәридждерге тән адасушылық болып табылады!

Имәм әш-Шәхристәни былай деген: “Хауәридждер келісім-шартта болған және джизья төлейтін кәпірлердің  мал-мүлкін халал деп есептеген. Және осыны рұқсат етпегендерден бас тарту міндетті деп есептеген!” Қараңыз “әл-Миләл уә-ннихәл” 118.

Мұндай  пікірді негізінен жұмыс істеуге және адал жолмен табыс табуға ерінетін іс жақпастар мен бандиттер өздерінің істеп жүргендерін ақтау үшін, немесе білгір деп санайтындары өздерін адасушылыққа салған білімсіз мұсылмандар таратып жүр. Мұндайды жариялаушылар өте қауіпті жағдайда тұр, өйткені, олар Аллаһ харам еткен нәрсені халәл етіп жатыр, ал бұл – күпірлік болып табылады, және Исламға қиянатшылдық пен ішмерездікті телиді.

Аллаһ Тағаланың шариғатында кәпірлердің мал-мүлікі екі жағдайда ғана халәл болатынын білу керек:

1.   Джихадта, кәпірлермен шайқасу кезінде.

2. Кәпірлердің жерін бағындырғанда, олардың барлық мал-мүлікі мұсылмандардың иелігіне өтеді.

Міне – осы-ақ. Ал басқа жағдайларға келер болсақ, кәпірлердің мал-мүлікі халәл болып табылмайды, өйткені, егер кәпір - мұсылмандарға қарсы соғысушы болып табылмаса,  онда оның өмірі мен мал-мүлкіне қол соғу - зұлымдық болып табылады!

Кәпірлерден ұрлауға болады ма?

Аллаһ Тағаланың шариғаты ұрлыққа тыйым салады, және ол үлкен күнәлардың қатарына жатады.

Аллаһ Тағала былай деген: «Ұры еркек пен ұры әйелдің істегендері үшін жаза ретінде қолдарын кесіңдер. Аллаһтан жаза осылай, өйткені, Аллаһ – Құдыретті, Дана». (әл-Мәида 5: 38).

Әбу Хурайрадан Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Жұмыртқа ұрлаған және осы үшін оның қолы шабылатын ұрыны  Аллаһ лағнеттесін, жіп ұрлаған және осы үшін оның қолы шабылатын ұрыны Аллаһ лағнеттесін!» әл-Бухари 6783.

Бұл - Құран мен Сүннеттің ұрлыққа тыйым салатын жалпы мәтіндері, және кімнен ұрланғаны – мұсылманнан ба, әлде кәпірден бе – маңызды емес. Ал, ұрлық тек мұсылмандарға қатысты ғана тыйым салынған дейтіндерге келер болсақ, ол (мұны жалпы дәлелдерден) ерекшелейтін дәлел келтіруі қажет!

Имам Мәлик былай деп айтатын: «Шарапты және доңызды ұрлаған адамның қолын шаппайды. Егер ол мұсылмандардың жерінде өмір сүретін және джизья төлейтін кәпірден (зиммиден), немесе мұсылмандармен келісім-шартта болған кәпірден (муахадтан)   ұрлаған болса, оның қолын шабу керек және  оларға мүліктерін қайтару керек». Қараңыз “әл-Мудаууәнә” 3/116.

Бұдан қалса,  бұл мәселеде кәпірден ұрлағаны үшін де қол шабылады деген бір ауызды келісім (иджмәъ) бар.  Имам Ибн Қудамә былай деген: “Мұсылманның, немесе кәпір-зиммийдің мал-мүлкін ұрлағаны үшін мұсылманның қолы шабылады. Сол сияқты, олардың мал-мүлкін ұрлағаны үшін, кәпірдің де қолы шабылады. Мұны әш-Шәфи’и және ханәфилер айтатын, және біз осыда ешқандай қайшылық көріп тұрған жоқпыз ”. Қараңыз “әл-Муғни” 12/351.

Ал, ендеше, Исламда қол шабумен жазаланатын нәрсе рұқсат етілген болып табыла алады ма?

Имам әл-Қуртуби былай дейтін: “Зиммийден ұрлаған мұсылманның қолы шабылады, және бұл – зиммийдің мал-мүлікі мұсылманның мал-мүлкіне теңдестіріледі дегенге нұсқайды, және тура осы оның өміріне де қатысты!” Қараңыз “Тафсир әл-Қуртуби” 2/248.

Сөйтіп, тыйым, нақты кімнен ұрланғанына емес, «ұрлық» деген әрекеттің өзіне қатысты болып тұр. Бұл – зинақорлық жасауға деген тыйым сияқты, өйткені, оған жалпы тыйым салынған, және зинақорлық кіммен жасалатыны – кәпірлермен бе, әлде мұсылмандармен бе – маңызды емес!

Имәм әз-Захәби өзінің үлкен күналар туралы кітабында, ұрлық туралы тарауда былай деген: “Ұрыға, егер ол ұрлағанын қайтып бермесе,  тәубе етуі пайда әкелмейді! Егер оның ақшасы болмаса, онда ұрлап алған мал-мүліктің иесінен ол оны кешіруін сұрасын ”. Қараңыз “әл-Кәбәир” 91.

Кәпірлердің мал-мүлкін күштеп тартып алуға болады ма?

Егер кәпірлерден ұрлаудың үкімі осындай болса, онда оларды жәбірлеумен және оларға зиян тигізумен мал-мүлкін күштеп, немесе алдап тартып алудың харам екендігі ешқандай күмән туғызбайды.

Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Аллаһпен және Елшісімен соғысқандардың және жер жүзінде бұзақылық таратып жүргендердің жазасы - өлтірілулері, не асылулары, яқи, қол-аяқтарының қиғашталып кесілулері, немесе жерден айдалулары. Бұл - олардың дүниедегі жапасы. Және олар үшін Ахиретте ірі азап бар». (әл-Мәидә 5: 33).

Ибн ‘Аббәс бұл аят көпқұдайшылдардың себебімен түскен дейді. Әбу Дауд 4372, ән-Нәсәи 7/101. Иснәді хәсән.

Са’д ибн Әби Уәққас  бұл аят хауәридждерге қатысты түсірілген дейтін. Ибн Мәрдауәйх. Қараңыз “әд-Дурруль-мәнсур” 5/259. Иснәді сахих.

Бірақ,  хафиз Ибн Кәсир былай деген: Бұл аят жалпылама және көпқұдайшылдарға да, аталған нәрсені жасаушылардың өзгелеріне де қатысты екіндігі дұрыс болып табылады. Қараңыз “Тафсир Ибн Кәсир” 2/261.

Алайда, имәм Мәлик, әш-Шәфи’и және ханәфилер былай деген: Бұл аят жолдарда қарақшылық жасайтын және жер бетінде бұзақылық таратын мұсылмандарға қатысты түсірілген. Қараңыз “Тафсир әл-Қуртуби” 6/433.

Имәм Ибн әл-Мунзир былай деген: “Мәликтің пікірі дұрыс болып табылады. Және Әбу Саур да келесі аят бұл аяттың мұсылмандарға қатысты түсірілгеніне нұсқайды”. Қараңыз “әл-Ишраф” 1/529.

Және бұзақылық тартушылардың қатарына түсіп қалу үшін мал-мүлікті тартып алу және қару арқылы адам өлтіру міндетті шарт болып табылмайды! Ғалымдар бұған, сондай-ақ, адамның өзгенің үйіне жасырын кіргенін, немесе сапарлас адамының тағамына у салып, оны өлтіргенін де жатқызады. Қараңыз “әл-Кәфи” 2/108.

Муджәхид: «жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің» деген сөзіне байланысты былай деген: “Яғни зинақорлық, ұрлық, адам өлтіру, ұрпақты және егінді бұзу жасап жүр ”. Қараңыз “Тафсир әд-Дурруль-мәнсур” 5/289.

Әс-Судди бұл аяттың тәпсірінде былай деген: “Біз, адам (басқа) адамды өлтірсе, ол өтірілетінін естігенбіз. Егер мал-мүлікті тартып алған болса, онда оны өлтірмейді, бірақ қолын кеседі. Қарақшылық және тонау үшін оның аяғы шабылады. Ал, егер ол адам өлтірген және мал-мүлкін тартып алған болса, онда оның қол-аяғы шабылады, және оны қол-аяғын керіп шегелеп тастау керек. Бірақ, мұндай адам тәубе етіп, оны ұстап алғанша мұсылман әміріне өзі келсе, және әмір оған қауіпсіздік кепілдігін берсе, онда оған тиіспейді”.  Қараңыз “Тафсир әд-Дурруль-мәнсур” 5/292.

Әнәс ибн Мәлик былай деп баяндайтын: “Өз кезінде ‘Укль тайпасының адамдары Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәмі болсын) келіп, Исламды қабылдады.  Мәдинада тұрған кезінде олар сырқаттық сезді, және Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәмі болсын) оларға белгілі бір уақыт саумалы түйелердің зәрі мен сүтін ішуді бұйырды. Олар бұйырылған жерге барды, ал (сырқаттарынан) айыққан соң діннен шығып, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) шопанын өлтіріп, түйелерді айдап алып кетті. Мәдинәдағылар бұл жөнінде күннің басында естіді, және Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) олардың ізінен құғыншылар жіберді. Түске жақын оларды Мәдинаға алып келді, және Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) олардың қол-аяқтарын шабуды және көздерін күйдіріп алуды бұйырды. Кейін оларды осы (осы күйде) өлуге тастап қойды”.
Әбу Қиләбә олар туралы былай деген: “Бұл адамдар ұрлады, адам өлтірді және иман келтіргеннен кейін күпірлікке түсті. Және олар Аллаһқа және Оның Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қарсы соғысты!” әл-Бухари 233, 4192, 6802, Муслим 1671.

Имәм әл-Уәхиди өзінің тәпсірінде былай деген:  «Аллаһ және Елшісімен соғысқандардың» деген сөздероларға мойынсынбау және бағынбау  дегенді білдіреді. Ал: «жер жүзінде бұзақылық таратып жүргендердің» деген сөздер адамдарды өлтіру және олардың мал-мүліктерін күштеп тартып алу дегенді білдіреді”. Қараңыз “Тафсир әл-Уәхиди” 1/317.

Сөйтіп, аталғандардың барлығы Аллаһ Тағаланың шариғаты қатаң тыйым салған жер бетінде бұзақылық таратуға жатады. Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Жер бетінде ол түзетілгеннен кейін бұзақылық таратпаңдар». (әл-Ә’раф 7: 56).

Имәм әл-Қуртуби былай деген: “Аллаһ Тағала тәртіп орнатылғаннан кейін кез-келген, мейлі ол кіші болсын, мейлі – үлкен болсын, бұзақылыққа тыйым салды”. Қараңыз “Тафсир әл-Қуртуби” 6/145.

Кәпірлерге жәбір көрсетуге және оларға қиянат жасауға болады ма?

Аллаһ Тағала өзінің Пайғамбарына (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Біз сені әлемдерге рахмет ретінде (ғана) жібердік!» (әл-Әнбия 21: 107).

Шейх Ибн әл-Қайим, бұл аятқа қатысты дұрыс пікір – ол өзіне баршаны, иман келтіргендерді де, кәпірлерді де қамтитынында деп айтқан. Қараңыз “Джәлә әл-әфхам” 115-116.

Және осы Әбу Хурайра жеткізген мына хадиспен расталады. Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оның сахабалары: «Уа, Аллаһтың елшісі, көпқұдайшылдардың басыны лағнет шақыр!» - дегенде, ол: «Ақиқатында мен лағынеттеуші ретінде жіберілмедім, бірақ, мен рахмет ретінде жіберілдім!» - деген. Муслим 2599.

Және егер Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәмі болсын) өзімен қас болған кәпірлерге қатысты осылай істеген болса, онда мұсылмандарға және Исламға дұшпандық жасамағандар туралы не айтуға болады?!

Аллаһ Тағала, сондай-ақ, былай деген: «Және адамдарға жақсы (сөз) сөйлеңдер». (әл-Бәқара 2: 83).

‘Ата бұл аятқа қатысты  былай дейтін: “Бұл барлық адамдарға қатысты, көпқұдайшылдарды қосқанда да ”. әт-Табәри 1/392.

Аллаһ Тағала былай деген: «Әй мүміндер! Аллаһ үшін куәлікте туралық үстінде мықты тұрыңдар. Және бір елдің өшпенділігі сендерді әділсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ. Және Аллаһтан қорқыңдар. Күдіксіз, Аллаһ не істегендеріңнен толық хабар алушы». (әл-Мәидә 5: 8).

Имәм әл-Қуртуби былай деген: “Бұл аят кәпірдің күпірлігі оған қатысты әділетілік жасауға кедергі болмайтынына нұсқайды”. Қараңыз “Тафсир әл-Қуртуби” 5/85.
Хафиз Ибн Кәсир бұл аят жөнінде былай деген: “Адамдарға деген өшпенділік сендерді оларға қатысты әділдік танытуды қалдыруға итермелемесін, керісінше, әділдікті әрбір адамға қатысты, ол - дос болса да, дұшпан болса да, таныту керек”. Қараңыз “Тафсир Ибн Кәсир” 2/215.

Шейх Ибн әл-Қайим былай дейтін: “Егер де Аллаһ дұшпандарын жек көретін Өзінің құлдарына, кәпірлердің ашық дұшпандындығына және Аллаһ пен Оның Елшісін (Аллаһтың оға игілігі мен сәлемі болсын) жоққа шығаруына қарамастан,  оларға қатысты зұлымдық жасауға тыйым салған болса, онда дінге шақырушыға (мұсылманға) деген зұлымдық туралы не айтуға болады?!” Қараңыз “Бәдаи’уль-фауәид” 2/165.

Тура соны Аллаһтың Елшісі де (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтып бұйырды: «Және саған қатысты қиянат жасағанға қиянат жасама». әт-Тирмизи 1264, Әбу Дауд 3534. Хадистің сахихтығын имам әт-Тирмизи, Әбу Дауд, Ибн әс-Сакән және әл-Әлбәни растаған. “әс-Сильсилә әс-сахиха” 423.

Сахабалар да, Аллаһ оларға разы болсын, дәл осылай істеген. Ибн ‘Умар, ‘Абдуллаһ ибн Рауәха Хайбар яхудилеріне келгенде олар оған Пайғамбардың   (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) үстінен арыздана бастағанын, және ол оларға: «Әй, Аллаһтың дұшпандары! Аллаһпен ант етемін, мен сендерге өзім үшін ең сүйікті болған адамнан келдім, ал сендер мен үшін малмылдар мен доңыздардан да жек көрініштісіңдер! Алайда, сендерге деген өшпенділігім және Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) деген махаббатым мені сендерге қатысты әділетсіздік жасауға итермелемейді!” – деп айтқанын баяндаған. Ибн Хиббән 5176, әл-Бәйхақи 6/114. Шейх әл-Әлбәни хадистің сахихтығын растаған.

Ал, өзгенің мал-мүлкін заңсыз иемдену де - Аллаһ Тағала Өзінің барлық жаратылыстарына қатаң түрде тыйым салған зұлымдыққа жатады ғой!

Әбу Заррдан жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзінің Раббысының мынандай деп айтқан сөздерін жеткізген: «Йә, Менің құлдарым! Мен зұлымдықты Өзіме харам еттім, және сендердің араларыңда да оны харам еттім, ендеше бір-біріңе жәбір көрсетпеңдер!» Муслим 2577.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия “Мәджму’уль-фәтауә” жинағында былай дейтін: “Барлық нәрсеге қатысты және әркімге әділдік таныту - әрбір адам үшін міндетті болып табылады. Сондай-ақ, әрбір адам үшін әділетсіздік - оның барлық формаларында және әркімге қатысты, ол – мұсылман, кәпір, жәбірлеуші болсын - харам болып табылады.

Аллаһ Тағала былай дейді: «Әй мүміндер! Аллаһ үшін куәлікте туралық үстінде бекем тұрыңдар. Және адамдарға деген өшпенділіқ сендерді әділетсіздікке тартпасын».  (әл-Мәида 5: 8), және адамдарға деген өшпенділік дегенде кәпірлерге деген өшпенділік аталып тұр”.

Ол сондай-ақ, былай деген: “Әділдік – бұл онымен бірге Кітаптар және пайғамбарлар жіберілген нәрсе. Оның қарама-қайшысы – зұлымдық. Ал оған тыйым салынған, бұл жөнінде Пайғмбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзінің Раббысынан жеткізген хадисте: «Йә, Менің құлдарым! Мен зұлымдықты Өзіме харам еттім, және сендердің араларыңда да оны харам еттім!» - деп айтылғандай. Муслим 2577.

Хафиз Ибн ‘Абдуль-Бәрр былай деген: “Қиянатшылдық тыйым салынғандығына барлық имамдар бір ауызды келіскен!” Қараңыз “әт-Тамхид” 24/233.

Имам Абу Бәкр ибн әл-‘Араби былай дейтін: “Әділдік таныту - мұсылмандармен соғысатындарға да, соғыспайтындарға да қатысты міндетті болып табылады!” “Әхкәмуль-Қуран” 4/288.

Әнәстан Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Жәбірленушішінің дұғасынан қорқыңдар, тіпті егер ол кәпір болса да, өйткені, оның дұғасы мен Аллаһтың арасында бөгет жоқ!» Әхмәд, Әбу Я’лә, әд-Дыя. Хәдис хасан. Қараңыз «Сахих әл-джәми’» 119.

Имәм әл-Мунәуи былай деген: “Бұл - жәбірленуші, тіпті ол кәпір не күнәхар болсын, сендерге лағынет шақырмауы үшін зұлымдықтан сақ болыңдар, өйткені, жәбірленушінің дұғасына жауап беріледі, ал оның бұзақылығы өзімен қалады – дегенді білдіреді”. Қараңыз “Фәйдуль-Қадир” 1/236.

Жәбірленушінің, тіпті ол кәпір болса да, лағнеттеуінен сақтандырып ескерткен Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен игілігі мен сәлемі болсын) оның мал-мүлкін тартып алуға және оның құқықтарын аяқ асты етуге рұқсат берген деп ойлайсыздарма?!

Және мал-мүлікті зұлымдықпен тартып алу жәбірлеуге жатпайды ма сонда?! Мұның барлығы зұлымдық көрсетудің, жәбірлеудің, жер бетінде бұзақылық жасаудың т.с.с., ол мұсылмандарға, не кәпірлерге қатысты болсын мейлі,  Исламда қатаң тыйым салынғандығына нұсқайды.

Кәпірлердің мал-мүлікі бейбітшілік уақытында харам екендігіне нұсқайтын нақты дәлел

Жоғарыда келтірген дәйектердің  барлығы кез-келген кәпірдің мал-мүлкі, және тіпті өмірі де - халәл деп айтып жүргендердің сөздері адасушылық екенін айқын етіп көрсетуге жетіп асады.

Алайда, осыған қарамастан, көтеріліп жатқан мәселе бойынша ешқандай күмән қалмауы үшін, Аллаһтың рұқсатымен, бұлардан да нақтырақ дәлелдерді келтіреміз.

әл-Муғира ибн Шу’бә өзінің сапарластары болған адамдарды өлтіріп, олардың мүлкін иемденіп алып, содан кейін Мәдинәға келіп, Исламды қабылдағанда, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәмі болсын) оған былай деген: «Сенің Исламыңа келер болсақ, мен оны қабылдаймын, ал мүлікке қатысты айтар болсақ, менің оған ешқандай қатысым жоқ». әл-Бухари 2731.

Хадистің басқа риуаятында Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәмі болсын) былай деген: «Исламға қатысты айтар болсақ, біз оны қабылдаймыз. Ал, бұл мүлікке келер болсақ, ақиқатында, бұл – сатқындық, және біз оған мұқтаж емеспіз!» Әбу Дауд 2765.

Исламды қабылдау оған дейінгі барлық күнәларды кешіруіне қарамастан, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәмі болсын) бұл мүлік қиянатшылдықпен табылғанын айтып, оны қабылдамады.

Бұл хадиске имамдардың жасаған түсіндірмелеріне назар аударайық:

Имәм Ибн әл-Мунзир былай деген: “Бұл хадистен кәпірлердің мал-мүлкі мұсылмандарға тек оларды бағындырғаннан кейін ғана халәл болатынтығы алынады. Және олардың мал-мүлкі қауіп-қатерсіздік себебімен харам етілген, және егер бұл мал-мүлік (олардан) қауіп-қатерсіздік уақытында алынған болса, оны иесіне қайтару керек! Және бұған Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Сенің Исламыңа келер болсақ, мен оны қабылдаймын, ал мүлікке қатысты айтар болсақ, менің оған ешқандай қатысым жоқ», - деген сөздері нұсқайды. Ақиқатында, бұл Муғираға ол олармен сапарда бірге болғандығы, және олардың әрқайсысы сапарластарынан өзінің өмірі мен мал-мүлкіне қатысты қауіп-қатерсіз болғандығы себепті харам болды. Және оның оларды өлтіріп, мал-мүлкін иемденгені оларға қатысты қиянат болды. Ал, сенімді (аманатты) әрбір адамға қатысты, мейлі олар ізгі, бұзақы, иман келтірген, немесе кәпір болсын, ақтау керек!” Қараңыз “әл-Әусат” 11/314.

Имәм Ибн Бәттәл: «ал, мүлікке қатысты айтар болсақ, менің оған ешқандай қатысым жоқ» деген сөздерге қатысты былай деген: “Яғни мен оған, оның харам болғандығы себепті, қатыссызбын, өйткені, бұл мал-мүлік әділетсіз жолмен табылған! Көпқұдайшылдардың мал-мүлкі оларды бағындырғанда олжаға алынатындығына қарамастан, ол қауіпсіздік уақытында рұқсат етілмеген. Егер, мысалы, адам кәпірлермен сапарлас болса, олардың әрқайсысы басқасынан қауіп-қатерсіз болады. Және мұндай жағдайда қан төгу және мал-мүлікті алып қою – сатқындық болып табылады, ал, сатқындық кәпірлерге қатысты да тыйым салынған”. Қараңыз “Шәрх Сахих әл-Бухари” 8/129.

Хафиз Ибн Хәджәр: «ал, мүлікке қатысты айтар болсақ, менің оған ешқандай қатысым жоқ» - деген сөздерге қатысты былай деген: “Яғни мен оған қатыссызбын, өйткені, бұл мүлік қиянатшылдықпен табылған! Бұл хадистен  кәпірлердің мал-мүлкін қауіп-қатерсіздік кезінде қиянатшылдықпен алып қоюға рұқсат етілмейтіндігі алынады, өйткені, сапарластардың тобы бір-бірінен қауіп-қатерсіз күйінде бірге жүреді. Және сенушілік кез-келгенге қайтарылуы керек, ол мұсылман болса да, кәпір болса да! Ақиқатында, кәпірлердің мал-мүлікі шайқасу және оларды бағындыру кезінде халәл болады!” Қараңыз “Фәтхуль-Бәри” 5/341.

Имәм Бәдруддин әл-‘Айни бұл хадиске қатысты былай деген: “Көпқұдайшылдардың мал-мүлікі оларды бағындырғанда олжаға алынатынына қарамастан, ол қауіпсіздік кезінде рұқсат етілмеген! Егер, мысалы, адам кәпірлермен бірге жол жүріп бара жатса, онда олардың әрқайсысы басқасынан қауіп-қатерсіз болады. Және мұндай жағдайда қан төгу және мал-мүлікті тәркілеу - сатқындық болып табылады, ал сатқындық кәпірлерге қатысты да тыйым салынған!” Қараңыз “Умдатуль-қари” 14/19.

Имәм Шәмсуль-Хакқ ‘Азым Абәди былай деген: “Бұл хадистен қауіпсіздік кепілдігі кезінде кәпірлердің мал-мүлкін алуға рұқсат етілмейтіндігі келіп шығады, өйткені, олардың мал-мүлкі шайқасу кезінде және олардың жерін басып алу кезінде рұқсат етілген (халәл)”. Қараңыз «‘Аунуль-мә’буд» 7/318.

Ендеше, осы – сөз болып жатқан мәселеге күндей әп-айқын дәлел емей, не? Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ,  былай деген: «Кім муахадқа жәбір көрсетсе, немесе оны шектесе, немесе оған оның мүмкіндігінен тыс нәрсе жүктесе, немесе одан оның қалауынсыз бір нәрсесін алса, онда, ақиқатында Ақырет күні мен оған қарсы күәлік етемін». Әбу Дауд 3052, әл-Бәйхақи 9/205. Хадистің сахихтығын шейх әл-Әлбәни растаған.

Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «немесе одан оның қалауынсыз бір нәрсесін алса» деген сөздері  - жалпылама, және келісім-шартта болған кәпірдің мал-мүлкінің харам екендігіне нұсқап тұр емес пе?!

Кәпірлердің мал-мүлкі қай кезде халәл болады?

Аллаһ Тағала былай деген: «Олар, сенен олжа туралы сұрайды. Айт: «Олжа Аллаһқа және Пайғамбарына тән». (әл-Әнфәл 8: 1).

Аллаһ Тағала сондай-ақ, былай деген: «Егер сендер Аллаһқа әрі дұрыс пен бұрыстың айрылған күні; екі топ қарсыласқан (Бәдір соғысы) күні құлымызға түсірген аяттарымызға иман келтірген болсаңдар, соғыстан олжа етіп алған нәрселерден бестен бірі Аллаһқа, Пайғамбарға, жақындарына, жетімдерге, міскіндерге және жолда қалғандарға тиісті екендігін біліңдер». (әл-Әнфәл 8: 41).

Аллаһ Тағала сондай-ақ, былай деген: «Аллаһ сендерге көптеген алатын олжаларды уәде етті және… мұны тез арада сендерге сыйлады». (әл-Фәтх 48: 20).

Әбу Хурайра Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Пайғамбарлардың бірі жорыққа аттанып, өзінің тайпаластарына: «Менің соңымнан әйелге үйленіп оған кіргісі келіп, бірақ, әлі кіріп үлгермеген, және үй салып, оны шатырмен жаппаған, және қойлар мен түйелерді сатып алып, олардан төл алуды күтіп отырған (адамдар) ермесін», - деді де, содан соң жорыққа жылжыды. Аср намазының кезінде, немесе осы уақыттың шамасында ол қалаға жақындап келді де, Күнге былай деді: «Сен Аллаһтың билігіндесін, мен де (Аллаһтың) билігіндемін. Йә, Аллаһ, оны біз үшін тоқтат!» Және ол, Аллаһ оларға жеңісті сыламайынша, батпады. Содан соң ол әскери олжаны жинап алды, және аспаннан оны жою үшін от түсті, бірақ, ол жиналғанға (олжаға) тиіспеді. Сонда әлгі Пайғамбар: «Ақиқатында, сендердің араларыңдағы біреулер алдауға барды, ендеше маған әр рудан бір адам ант берсін!» - деді. Және олар осыны істегенде, біреуінің қолы оның қолына жармасып қалды. Сонда ол: «Ақиқатында, алдауға барған – сендердің араларыңда, ендеше, сенің руластарыңның барлығы маған ант берсін!» - деді. Және бұл жолы да оның қолына олардың екіуінің, немесе үшеуінің қолдары жармасып қалды, және ол: «Алдауға барған – сендерсіңдер!» - деді. Содан соң олар алтыннан жасалған сиырдың басына ұқсаған бір басты әкеліп қойды, және сол кезде аспаннан түскен от барлық олжаны жоып жіберді, өйткені, әскери олжа бізден бұрын өмір сүргендердің ешқайсысына рұқсат етілмеген еді, алайда, кейін Аллаһ бізге оны алуға рұқсат берді. Ол біздің әлсіздігімізді және қабілетсіздігімізді көрген кезде  бізге оны алуды рұқсат етті». әл-Бухари 3124, Муслим 1747.

‘Абдур-Рахмән ибн ‘Ауф Му‘аз ибн ‘Афра мен Му‘аз ибн ‘Амр әл-Джәмух Әбу Джәхлді өздерінің қылыштарымен шауып тастағанда, олар Аллаһтың Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) келіп, бұл туралы хабарлағандығы туралы баяндады. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Оны қайсыларың өлтірдіңдер?» - деп сұрады. Олардың әрқайсысы: «Оны мен өлтірдім!» - деді.   Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Сендер қылыштарыңды сүрттіңдер ме?» - деп сұрады. Олар: «Жоқ», - деп жауап берді. Сонда ол олардың қылыштарына қарады да: «Сендер екеуің де Әбу Джәхлді өлтірдіңдер, бірақ оның мүлкі Му‘аз ибн ‘Амр әл-Джәмухаға тиеді», - деді. әл-Бухари 3141, Муслим 1752.

Әбу Қатададан Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын)  былай дегені жеткізіледі: «(Джихадта) өлтірілгеннің мүлкі оны өлтіргенге тиеді». әл-Бухари 3142, Муслим 1751.

Имәм Ибн әл-Мунзир былай деген: “Егер көпқұдайшылдардың мал-мүлкі мұсылмандар үшін халәл болып табылса да, (ол) тек оларды бағындырған кезде ғана (болмақ)”. Қараңыз “әл-Әусат” 11/314.

Хафиз Ибн Хәджәр былай деген: “Ақиқатында, кәпірлердің мал-мүлкі шайқас және оларды бағындыру кезінде халәл болады!” Қараңыз “Фәтхуль-Бәри” 5/341.

Имәм Шәмсуль-Хакқ ‘Азым Абәди былай деген: “Кәпірлердің мал-мүлкі шайқас және олардың жерін басып алған кезде рұқсат етілген”. Қараңыз «‘Аунуль-мә’буд» 7/318.

Сөйтіп, Аллаһ Тағаланың шариғаты кәпірлердің мал-мүлкі тек екі жағдайда ғана халәл болатынына нұсқайды:

1 – Кәпірлермен шайқасу кезінде, кәпірді өлтірген мұсылман оның барлық мүлкін (сәлб) алып қояды.

2 – Кәпірлердің әскерін талқандау, немесе олардың жерін бағындыру кезінде, олардың барлық мүлкі мұсылмандардың иелігіне өтеді.

Және тіпті осындай, мұсылмандар кәпірлердің мал-мүлкін иемденген, жағдайда да қатаң шектеулер мен шарттар бар, және мұсылмандардың әмірі олжаны реттеп бөліп бермейінше, (мұсылмандардың) әрқайсысы нені қаласа – соны және қалай қаласа – солай ала алмайды. Ал Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Ақиқатында, нухбә өлекседен халәлдау емес!» Әбу Дауд 2705. Хәдис сахих. Қараңыз «Сахих әл-джәми’» 1986.

Ән-Нухбә – «тонау» сөзінен шыққан. Бұл хадисте сөз мұсылмандар бағындырған кәпірлердің жерлерінде өз қажеттіліктерінен тыс пайдаланатын олардың мал-мүліктерінен: азық-түлік, тамақ, т.с.с. заттар туралы болуда. Қараңыз “Фәйдуль-Қәдир” 3/173.

Шейх Ибн ‘Усәйминнен: «Кәпірлердің мал-мүлкін соғыста ұрлауға болады ма?» - деп сұрағанда, шейх: “Егер мұны олжаға қосу үшін ұрласаң, онда оқсы жоқ. Ал, егер жеке өзің үшін ұрласаң – онда, болмайды!” - деді. Тыңдаңыз:  “Шәрх Сахих әл-Бухари” 15-кәссета, В беті.

Кең таралған күдіктер және оларға жауаптар

Осы жерде мұсылмандар қауіпті қателіктерге жол беретін маңызды жәйттарды қозғап өту қажет. Мысалы, кейбір адамдар Аллаһ Тағаланың:  «Соның салдарынан Израил ұрпақтарына: «Кім кісі өлтірмеген, немесе жер жүзінде бұзақылық таратпаған біреуді өлтірсе - шынайы түрде барлық адамды өлтірген сияқты, ал кім адамды тірілтсе (өлімнен құтқарса) - барлық адамды тірілткенмен тең!» - деп жаздық». (әл-Мәидә 5: 32), - деп айтылған аятын келтіреді де, күпір - ең үлкен күнә және жер бетіндегі ең үлкен бұзақылық болып табылады, міне сондықтан кез-келген кәпірді өлтірудің, ал оның мал-мүлкін тартып алудың тіпті оқасы жоқ дейді. Бұл – шұғыл түрде түзетуді қажет ететін, өте қате түсінік. Ия, Құранның кейбір тәпсірлеушілері «жер бетінде бұзақылық тарату» деген сөздерге қатысты: бұл жерде сөз көпқұдайшылдық туралы болып тұр деген, мысалы, мұны имам Әбу Хайян былай деп айтқанындай: «Бұзақылық» - бұл көпқұдайшылдық деп айтылған. Және бұл – жолдардағы қарақшылық, егін мен малдарды жою деп те айтылған». Қараңыз “Тафсир әл-Бәхр әл-мухит” 3/347.

Алайда, бұл сөздерді дұрыс түсіну керек.

Біріншіден, бұл аятта келген «бұзақылық» сөзінің мағынасын одан кейін келетін аят түсіндіреді: «Аллаһ және Елшісімен соғысқандардың және жер жүзінде бұзақылық таратып жүргендердің жазасы - өлтірілулері, не асылулары, яқи, қол-аяқтарының қиғашталып кесілулері, немесе жерден айдалулары. Бұл - олардың дүниедегі жапасы. Және олар үшін Ахиретте ірі азап бар». (әл-Мәидә 5: 33).

Имәм Ибн әл-Джәузи бұл аятқа қатысты былай деген: “«Бұзақылыққа» келер болсақ, бұл – адам өлтіру, зақым тигізу, мал-мүлікті тартып алу және жолдарда үрей тарату”. Қараңыз “Зәдуль-мәсир” 3/345.

Сондықтан, имам әт-Табәри де «Кім кісі өлтірмеген, немесе жер жүзінде бұзақылық таратпаған біреуді өлтірсе - шынайы түрде барлық адамды өлтірген сияқты» - деген аятқа қатысты: «Жер бетінде бұзақылық» - деген сөздер  Аллаһпен және Оның Елшісімен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) соғысу және жолдарда қарақшылық жасау дегенді білдіреді», - деген. Қараңыз “Тафсир әт-Табәри” 8/348.

Ал «Аллаһпен және Оның Елшісімен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) соғысу» сөздері, имам әл-Уәхиди айтқанындай: «Оларға мойынсынбау және бағынбау» дегенді  білдіреді дегенді біз алдын айтып кеткен едік. Қараңыз “Тафсир әл-Уәхиди” 1/317.

Екіншіден, «Кім кісі өлтірмеген, немесе жер жүзінде бұзақылық таратпаған біреуді өлтірсе - шынайы түрде барлық адамды өлтірген сияқты» деген аяттың мағынасын басқа имамдар сөз мұсылмандарды қақысыз өлтіру; некедегі адамның зина жасауы; діннен шығу; жолдарда қарақшылық және тонаушылық жасау; т.с.с шариғат адамды өлім жазасымен жазалауға рұқсат беретін, бұған Құран мен Сүннетте тікелей нұсқаулар бар, және ол үшін өлім жазасы берілуге тиіс жағдайлар туралы болуда деп түсіндірген. Сондықтан да имам Ибн Әби Замәнин: «Кім кісі өлтірмеген, немесе жер жүзінде бұзақылық таратпаған біреуді өлтірсе» деген аятына қатысты: “Яғни өлім (жазасы) тағайындалмаған нәрсе үшін өлтірсе”, - деп айтқан. Қараңыз “Тафсир Ибн Әби Замәнин” 2/23.

Сонымен, бұл аятта сөз күпірлік туралы болып тұр деп айтқан имамдар осымен Исламда өлім жазасымен жазаланатын діннен шығуды меңзеген!

Және бұл аяттарды өзгеше түсінуге де болмайды! Егер келісім-шарт жасасқан кәпір, оның күпірлігіне қарамастан,  харам болып табылса, қалайша енді кез-келген кәпірді оның күпірлігі үшін өлтіруге болады?! Онда джизья төлейтін және соған қоса өздерінің күпірлігінде қалатын кәпірлердің  ислам жерінде болуына қалайша рұқсат етіледі?! Өйткені, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын)  былай дейтін: «Кім муахадты өлтірсе, Жәннәттың хош иісін де сезбейді. Ал онының хош иісі қырық жылдық қашықтықтан сезіледі». әл-Бухари 2995.

Ибн Хаджәр былай деп жазған: «Хадисте сөз мұсылмандармен келісім-шарты бар кәпір туралы болуда, мейлі ол – джизья төлеу, әмірмен бітім, немесе мұсылман адам тарапынан берілген қауіпсіздік кепілдігі (амән) болсын». “Фәтхуль-Бәри” 12/259.

Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), сондай-ақ, былай деді: «Ақиқатында, адамға қауіпсіздік кепілдігін беріп, кейін оны өлтіргенге, тіпті өтірілген (адам) – кәпір болса да, менің қатысым болмайды!» Әхмәд 5/223. Ибн Мәджәһ 2/896. Хадистің сахихтығын хафиз әл-Бусайри және шейх әл-Әлбәни растаған.

Ал енді кәпірлердің үкімі туралы мәселені бұл үмметтің имамдары қалай түсіндіргеніне назар аударайық:

Имам Ибн әс-Саләх былай деп айтты: “Негіз – жер бетінде кәпірлердің болуы рұқсат етілетіндігінде, өйткені Аллаһ Тағала жаратылыстардың өлтірілуін қаламайды және оларды өлтірілуі үшін жаратпады! Ақиқатында, Аллаһ олардан келетін зиянның себебімен оларды өлтіруді рұқсат етті, бірақ бұл (кәпірлерді өлтіру) - олардың күпірлігі үшін жаза болғандықтан емес!  Өйткені, бұл дүние жазалау мекені болып табылмайды, өйткені амалдар үшін жаза Қиямет Күні болады. Ал егер кәпірлер мұсылмандардың билігінде болса және біздің заңдарымызды орындаса, біз олардан тіршілігімізді тәртіпке келтіруде пайда аламыз. Және бізде оларды өлтіру үшін себеп қалмайды, ал олардың жазасы Аллаһқа тән. Өйткені, кәпірлер мұсылман мемлекеттерінде тұрып-жүргенде, мүмкін олар Аллаһ өздерін табиғатында (фитрада) жаратқанын көреді. Ал іс осы тұрғыда болса, онда: «Негіз – кәпірлерді өлтіру керектігінде», – деп айтуға тыйым салынады!» “Фәтауә Ибн әс-Саләх” 224 қараңыз.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия  «Маған адамдар: «Лә иләһә иллә-Ллаһ», - деп айтпайынша олармен соғысу бұйырылды!» - деген хадиске қатысты: “Бұл – «Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәмі болсын) баршаны қатарынан өлтіре беру бұйырылды және осы – мақсат еді» - дегенді білдірмейді. Жоқ! Ақиқатында, бұл – Құранға, Сүннетке және бір ауызды келісімге (иджмәъ) деген қайшылық! Және Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәмі болсын) ешқашан былай істемеген, және оның өмір тарихы ол өзіне тиіспеген адамдарға тиіспегеніне нұсқайды!” - деген. Қараңыз “Қа’ида фи қитәл әл-куффәр” 117.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия, сондай-ақ, былай деді: “Ақиқатында, кәпірлермен тек бір себеппен ғана шайқасады, ал бұл – соғыс! Және бұл – ғалымдардың басым бөлігінің пікірі, бұған Құран мен Сүннет те нұсқайды!» “ән-Нубууәт” 140.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия, сондай-ақ, былай деген: “Ақиқатында, бұл дүниедегі жазалау күнәнің ауырлығына немесе оның кішілігіне нұсқамайды, өйткені, бұл дүние жазалау мекені емес, өйткені жазалау мекені – басқа дүние! Алайда, бұл дүниедегі жазалар бұзақылық пен өшпенділікке тыйым салу үшін заңдастырылған, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай: «Соның (Адамның бір ұлы екіншісін өлтіргенінің) салдарынан  Израил ұрпақтарына: «Кім кісі өлтірмеген, немесе жер жүзінде бұзақылық таратпаған біреуді өлтірсе - шынайы түрде барлық адамды өлтірген сияқты…». (әл-Мәидә 5: 32).

Және періштелер Аллаһқа былай дейтін: «Онда (Жерде) бұзақылық таратып, қан төгетін біреуді жаратасың ба?» (әл-Бәқара 2: 30).

Періштелер айтқан бұл екі нәрселер, Аллаһ Исраил ұрпақтарына олар үшін өлім жазасын бұйыруының себебі болып табылады. Өйткені, джизья төлейтін кәпірлерге, олардың иманды қалдыру күнәсі, барша мұсылмандардың пікірі бойынша, біз өлім жазасына кесетін зинақордың және адам өлтіргеннің күнәсінан жаман болуына қарамастан,  мұсылмандардың жерінде өмір сүруге рұқсат етіледі ғой. Және Әбу Ханифа кәпірмен оның дұшпандығының себебімен соғысады, және егер ол соғыспаса, онымен де соғыспайды деп есептеген. Және осы себепті джизья тек Кітап иелерінен ғана емес, көпқұдайшылдардан да алынады. Және осы – онымен Мәлик және Әхмәд өздерінің бір пікірлерінде келіскен нәрсе. Қараңыз “Мәджму’уль-фәтауә” 20/101.

Шейхуль-Исламның осы сөздеріне назар аударыңыз, өйткені, бұл жерде ол сөз болып жатқан мәселені түсіндіріп берген!

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия сондай-ақ, былай деген:  «Жер бетінде бұзақылық таратуға тырысқан» деген сөздер, бұзақылығы басқаларға тиетінге қатысты. Өйткені, егер бұзақылық тек адамның өзіне ғана тисе, онда ол туралы: «Жер бетінде бұзақылық таратуға тырысқан» , - деп айтылмайды! Қараңыз “әс-Саримуль-мәслюль” 291.

Шейх Ибн әл-Қайим былай дейтін: “Өлтіру күпірлік себебімен емес, соғысу себебімен рұқсат етіледі! Және дәл осы себепті соғысуға қатыспайтын әйелдер мен балаларды, келісім-шартта болғандарды, және монахтарды өлтіруге тыйым салынған еді! Мұның үстіне, біз (тек) өзімізбен соғысқандармен соғысамыз!” “Әхкәму әхли-зиммә” 1/27.

Уа, мұсылмандар, бұл имамдардың сөздеріне назар аударыңдар! Яғни, шабуыл джихадында да мұсылмандар тек өзімен соғысатындармен ғана соғысады! Және бұл Аллаһ Тағаланың: «Өздеріңмен соғысқандармен Аллаһ жолында соғысыңдар да, шектен шықпаңдар. Негізінен, Аллаһ шектен шығушыларды жақсы көрмейді». (әл-Бәқара 2: 190), - деген сөздеріне сәйкес келеді.

Сондай-ақ, өздерінің дұрыстығын растау үшін кейбір адамдар кәпірлердің керуендеріне шабуыл жасайтын Әбу Бәсыр мен Әбу Джәндәлдің, және сондай-ақ, олардың жақтастарының іс-әрекеттерін мысалға келтіреді.  Олардың бұл дәйегіне де жауап, Аллаһтың қалауымен, қарапайым-ақ:

Біріншіден, қай имам осы деректен кез-келген кәпірдің мал-мүлкі мен өмірі халәл болып табылады деген дәлел шығарды?!

Екіншіден, бұл адамдар кәпірлердің барлық керуендеріне емес, ал тек құрайштықтардың керуендеріне шабуыл жасады! Бұл жөнінде Ибн Са’д, Ибн ‘Абдуль-Бәрр, әс-Сухайли, Ибн әл-Қайим және Ибн Сайд ән-Нәс сынды имамдар осы дерекке түсіндіме беріп айтып кеткендей. Қараңыз “әл-Исти’аб” 4/161, “ар-Раудатуль-әнф” 4/59, “ат-Табәқат әл-кубра” 4/134.

Мұның үстіне, бұл жөнінде хадистің өзінде де тікелей мәтінмен айтылып тұр: «Және, Аллаһпен ант етемін, олар (Әбу Бәсыр және оның жақтастары) қурайштықтардың Шәмға бағыт алған керуені туралы естісе болды, міндетті түрде оған шабуыл жасайтын, онымен бара жатқандарды өлтіретін және олардың мал-мүлкін алып қоятын». әл-Бухари 2731, 2732.

Іс жүзінде, Әбу Бәсыр және оның жақтастарының қурайштықтарға деген қастығы бар еді, өйткені, қурайштықтар Меккеде Ислам қабылдаған мұсылмандарды қинайтын. Сол себепті олар Меккеден қашып шығып кетті де, теңіз жағалауын мекендеді, өйткені, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) көпқұдайшылдармен келісім-шарты болғандығы себепті, оларды Мәдинәға қабылдамады.

Үшіншіден, Құран мен Сүннетте мұндай дәлелге жүгінуден құтқаратын өзгенің мал-мүлкін иемденуге тыйым салынғандығына нұсқайтын көптеген айқын және тікелей дәлелдер бар.

Қазіргі кезде, Құран мен Сүннеттің тікелей дәлелдері тұрса да, біртүрлі және жанама дәлелдерді қолдану сән болып кетті. Мысалы, кейбір адамдар періштелердің адам кейіпінде келуін театралдық қойылымдарды қоюға рұқсат етілгендігіне пайдаланады. Немесе музыкалық аспаптарың рұқсат етілгендігіне дәлел ретінде Исрафилдің Қиямет күнінің алдында Сұр үрлейтінін келтіреді. Мұндай дәлелдер – Құран мен Сүннеттің айқын және тиянақты мәтіндеріне қайшы келетін адасушылық болып табылады.

Кез-келген кәпірдің мал-мүлкіне қатысты қең таралған тағы да бір күмән туралы айтар болсақ, ол – кейбір адамдардың: «Мен ешкіммен ешқандай келісім-шарт жасаспадым!» - деп айтулары.

Істің мәні –келісім-шарт кейбір жағдайлардың себебімен өздігінен күшке еніп кететінін мүндай адамдардың түсінбеуінде. Сонда, өз сапарластарын өлтіріп, олардың мүлкін иемденіп алған әл-Муғира ибн Шу’бә олармен қандайда бір ресми келісім-шарт жасасқан еді ме?! Оның олармен сапарлас болғанының өзі олардың арасындағы өзара қауіпсіздік туралы келісім-шарт болды.

Имәм Ибн әл-Мунзир былай деген: “Ақиқатында, бұл – Муғираға, ол олармен сапарда бірге болғандығының себебімен, және олардың әрқайсысы сапарластарынан өзінің өмірі мен мал-мүлкіне қатысты қауіп-қатерсіз болғандығы себебімен, харам болды. Және оның оларды өлтіріп, мал-мүлкін иемденгені - оларға қатысты қиянат болды. Ал, сенімді (аманатты) әрбір адамға қатысты, мейлі олар ізгі, бұзақы, иман келтірген, немесе кәпір болсын, ақтау керек!” Қараңыз “әл-Әусат” 11/314.

Имәм Ибн Бәттәл былай деген: “ Егер, мысалы, адам кәпірлермен сапарлас болса, олардың әрқайсысы басқасынан қауіп-қатерсіз болады. Және мұндай жағдайда қан төгу және мал-мүлікті алып қою – сатқындық болып табылады, ал сатқындық кәпірлерге қатысты да тыйым салынған”. Қараңыз “Шәрх Сахих әл-Бухари” 8/129.

Хафиз Ибн Хәджәр былай деген: “ Бұл хадистен  кәпірлердің мал-мүлкін қауіп-қатерсіздік кезінде қиянатшылдықпен алып қоюға рұқсат етілмейтіндігі алынады, өйткені, сапарластардың тобы бір-бірінен қауіп-қатерсіз күйінде бірге жүреді.” Қараңыз “Фәтхуль-Бәри” 5/341.

Сөйтіп, бұл хадисте кейбір білімсіз мұсылмандар айтып жүрген: «Мен олармен ешқандай келісім-шарт жасаспадым!» немесе «Олармен бірге бір ұшақтың немесе автобустың ішінде болғанда, мен олармен ешқандай келісім-шартқа бармадым!» - деген сөздерін айқын түрде жоққа шығару бар.

Мұның барлығы – өзін-өзі алдаушылық, өйткені, бұл нәрселердің өзі адамдар арасындағы келісім-шарттың бар болуына нұсқайды. Егер адамдар қандайда бір адамның жауыздығы және сатқындығы, немесе ол кез-келген уақытта мал-мүлікті тонауы, немесе басқа да бір зиян тигізуі мүмкін екендігін білсе, оны ұшаққа, немесе автобусқа отырғызар ма еді?!

Әрі қарай, егер қандайда бір кәпір, мейлі тіпті ол соғысушы болса да, мұсылмандардың территориясына кірсе, және оған кіру визасы, немесе т.с.с. рұқсат берілсе, оған тиісуге тыйым салынады, өйткені, бұл - қауіпсіздік кепілдігін бұзу болып табылады. Ал, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын)  былай деген: ««Барлық мұсылманның қаны тең дәрежеде құнды, ал олардың ең ықпалсызының берген кепілдігін өзгелердің барлығы орындауға тиіс». Әбу Дауд 2751, Ибн Мәджәһ 2685, Ибн әл-Мунзир 11/151. Хадис сахих, бұл жөнінде шейх әл-Әлбәни айтқан.

Меккені алғаннан кейін Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оның тұрғындарын өлтіруге және олардан өш алуға тыйым салғаны жеткізіледі, тек мұсылмандарға қатысты өздерінің оңбағандылығымен және қиянатшылдығымен ерекше танылған бесеуінен басқа. Ал ол бесеуін Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өлтіруді бұйырды, олар тіпті Қағбаның көлеңкесінде кездессе де. Міне,  Ибн Хубәйр - осы бесеудің біреуі еді. Ал Умм Ханидің бауыры Али оны көріп қалып, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұйрығын орындау үшін ізінен  қуып жөнелген кезде, Ибн Хубәйр Умм Ханидің үйіне кіріп кетіп, одан пана сұрады, ал ол, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) әмірі туралы білмей, оған оны берді.  Кейін ол өзі Аллаһтың Елшісімен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сөйлеспейінше, оған тиісуге тыйым салды. Имам әл-Бухариден келген хадисте Умм Хани Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) кіріп: «Йә, Аллаһтың Елшісі, менің бауырым (Али) мен өзімнің қорғауыма алған Хубәйрдің ұлын өлтіремін деп жатыр!» - дегенде, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Йә, Умм Хани, сен өзіңнің қорғауыңа алғанды біз өзіміздің қорғауымызға аламыз», - деді әл-Бухари 357.

Егер тіпті әйелдің берген қауіпсіздік кепілдігі есепке алынып, осы кәпірдің қаны мен мал-мүлкі басқаларға харам етілген болса, онда мемлекет беретін өз еліне кірердегі кепілдігінің орындалуы туралы не айтуға болады?!

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді: “Қауіпсіздік кепілдігін кез-келген кәпірге беруге болады, және мұны кез-келген мұсылман істей алады!” “Саримуль-мәслюль” 95.

Енді қауіпсіздік кепілдігі қалайша іске асатындығы жайлы азмаз айтып өтейік:

Умар ибн әл-Хаттаб былай деді: “Егер мұсылман оған: «Қорықпа», - десе, ол оған қауіпсіздік кепілдігін берген болады. Және егер ол оған: «Лә тадхәл», - десе де, ол оған қауіпсіздк кепілдігін берген болады. Ақиқатында, Аллаһ барлық тілдерді біледі!” Абдур-Раззақ 5/219, Са’ид ибн Мәнсур 2599.

«Маттарс» және «Ля тадхәл» - парсылар мен эфиоптардың тілдерінде  «қорқпа» дегенді білдіреді.

Имам Әхмәд және Ибн Таймия былай деген: “Кәпір өзіне берілген қауіпсіздік кепілдігі деп түсінген кез-келген нәрсе, оған қауіпсіздік кепілдігін беретіні Сүннетте келген!” “әл-Инсаф” 10/348, “Бәяну-ддәлиль” 64.

Имам Ибн Мунасыф былай деді: “Дұшпан өзіне берілген қауіпсіздік кепілдігі (амән) деп түсінген кез-келген тілдегі кез-келген нәрсе, мейлі ол – сөз болсын, мейлі – жазу, немесе ым болсын, оған бұл кепілдікті береді, тіпті мұсылман осыны меңземеген болса да!” “әл-Инджәд” 2/45.

Имәм Ибн Қудамә былай деген: “Егер кәпірлерге, олар оны қауіпсіздік кепілдігі (әмән) деп есептеген белгі берілсе, онда бұл - олар үшін әмән болады. Және егер кәпірлер өздерінің қамалынан, бұл белгі – қауіпсіздік кепілдігі деп ойлап, шықса, онда оларды өлтіруге болмайды! ” Қараңыз “Шәрх әл-Кәбир” 10/559.

Жоғарыда келтірілгендердің негізінде мына нәрсе айқын болады: мұсылмандардың еліне кіріп жатқан кәпірдің төлқұжатына қойылатын виза оған қауіпсіздік кепілдігін береді. Және осыда ешқандай күмән жоқ.

Міне дәл осы - кәпірлердің елінде өмір сүріп жатқан, немесе виза, яки кіруге рұқсат алып, сол жерге келген мұсылмандарға да қатысты болады. Оларға бұл кәпірлерді өлтіруге, олардың мал-мүлкін тонауға тыйым салынады, өйткені, мұның барлығы – қиянатшылдық және қауіпсіздік кепілдігін (әмәнды) бұзу болып табылады. Имам әш-Шәфи’и “әл-Умм” кітабында былай деді: “Егер дұшпандар мұсылмандардан біреуді тұтқынға алып, кейін оны азаттыққа жіберсе және қауіпсіздікпен қамтамасыз еткен болса, онда олардың берген қауіпсіздік кепілдігі - олардың өздеріне берілген қауіпсіздік кепілдігі де болып табылады, және оның оларды қиянатшылдықпен өлтіруіне және оларға сатқындық жасауына құқығы болмайды”.

Егер тіпті кәпірлер тұтқынға алған адам олардың территориясында ешнәрсе істемеу керек болса, онда олардың территориясына өз еркімен барған, немесе олардың жерінде өмір сүретіндер туралы не айтуға болады!

Имам Ибн Қудама былай деді: “Кім дұшпан жеріне қауіпсіздік кепілдігін алып кірген болса, олардың мал-мүлкіне қиянатшылдықпен қол сұғуына, немесе олармен өсімқорлықпен айналысуына  құқығы болмайды. Олардың өздеріне қатысты қиянат туралы айтар болсақ, оған тыйым салынған, өйткені, олардың берген қауіпсіздік кепілдігі оларға қатысты сатқындық жасалмауын білдіреді.  Тіпті, бұл шарттар сөзбе-сөз келісілмеген болса да, мұның мәні әрекеттің өзінен айқын болып тұр”.  “әл-Муғни” 13/152.

Бірақ, тіпті белгілі бір кәпір қандайда бір ақылға сыймайтын тәсілмен мұсылмандардың жеріне келісім-шартсыз түсіп қалған болып шықса, бұл біздің заманымызда орын алуы іс жүзінде мүмкін емес болса да,  осының өзі де оның бірінші болып ұстап алған адам тонай немесе өлтіре алады дегенге нұсқамайды!

Имәм Ибн Қудамә былай деген: “Егер соғысушы кәпір мұсылмандардың жеріне қауіпсіздік кепілдігінсіз кірсе, қарау керек, оның мұсылмандардың жерінде сатқысы келген  сатылатын тауарлары бар болса, онда оған кедергі жасамау керек, өйткені, кәпірлердің сауда жасау ұшін бізге кіруі дәстүр болды”. Қараңыз “әл-Муғни” 9/199.

Бұдан қалса, егер қандайда бір кәпір мұсылмандардың жеріне, ол жерде өзіне ешкім зиян тигізбейді деп, тіпті қауіпсіздік кепілдігінсіз кіріп келсе, сондай-ақ, оған да, тиісуге болмайды! ‘Умәр ибн әл-Хаттаб бір елде әкім болған Са’ид ибн ‘Амирге насихат айтып хат жолдағанда басқалардың қатарында мыналарды жазды: «Ал егер сендерге кәпірлерден болған адам өзі үшін қауіптенбей келсе, және сендер оны ұстап алсаңдар, онда, егер ол сендерге саналы түрде түскенін білсеңдер, онымен ешнәрсе істеулеріңе болмайды!» Қараңыз имам Мәлик: “әл-Мудаууәнә” 2/145.

Осының барлығы біздің кезімізде кең таралған «Кез-келген кәпірдің мал-мүлкі - халәл, өйткені, қазір бүкіл кәпір әлемі мұсылмандармен соғысуда»  деген пікірді жоққа шығарады.

Кәпірлердің мал-мүлкі туралы имамдардың айтқан сөздері

Айтылғанның барлығын бекіту үшін барлық мазхабтың және әр түрлі уақыттарда өмір сүрген имамдардың талқыланып жатқан мәселе бойынша айтқан сөздерін келтіреміз:

Имәм әш-Шәфи’и былай дейтін: “Егер мұсылман (адам) дұшпан территориясына (даруль-харб) кепілдікпен кірсе, және ол олардың мал-мүлкінен қандайда нәрселерді иемденуге қабілетті болса, бұл оған рұқсат етілмейді, ол көп болса да, аз болса да! Және адамның мал-мүлкі бірнеше жақтан харам болады: Біріншісі – Ислам; екіншісі – джизья төлеумен келісім-шарт; үшіншісі – белгілі уақытқа (берілген) кепілдік (әмән)”. Қараңыз “әл-Умм” 4/284.

Имәм әш-Шәфи’и сондай-ақ, былай дейтін: “Қарызы бар адамға қарыз берушісінің рұқсатынсыз, мейлі ол – мұсылман, мейлі – кәпір болсын, джихадқа (кифаяға) шығуға рұқсат етілмейді”. Қараңыз “әл-Умм” 5/370.

Таңқаларлық жағдай, ия, бауырлар? Кәпірге қарызы бар адамға имам әш-Шәфи’и тіпті джихадқа шығуға рұқсат етпеген. Сонда ол кәпірлердің мал-мүлкі халаәл екендігін, мұның үстіне, сөз джихад туралы болып тұрғанда, түсінбеді ме?!

Имәм әш-Шәфи’и сондай-ақ, былай деген: “Егер соғысушы (харбий) кәпір ислам еліне қауіпсіздік кепілдігімен кіріп, өлсе, оның мал-мүлкіне тиісуге болмайды. Және мұсылмандардың әмірі оның мал-мүлкін оның мұрагерлеріне, олар қай жерде болса да, жіберуі керек”. Қараңыз “әл-Умм” 4/296.

Субхан Аллаһ, Ислам деген - міне осы, уа, мұсылмандар! Кәпірлердің және хабарсыз мұсылмандардың көз алдында Исламды бетімен кетушілік пен қарақшылыққа айналдырмаңдар!

Имәм Әхмәд былай деген: “Егер мұсылмандар теңізге шықса, және оларға мұсылман елдеріне бет алған, дұшпан елінің көпқұдайшылдарынан болған саудагерлер кездессе, мұсылмандар оларға бөгет жасамауы және олармен соғыспауы керек. Және мұсылман жеріне дұшпан территориясынан сауда жасау үшін келген әрбір (адаммен) сауда жасасуға болады”. Қараңыз “әл-Муғни” 8/245.

Егер тіпті тұрғындары мұсылмандарға қарсы соғысушы елден келген саудагерлерге тиісуге болмайтын болса, онда мұсылмандармен соғыспайтын кәпірлер туралы не деуге болады?!

Имам Әхмәдтың бұл сөздерінде біздің кезіміздегі кәпірлерге бойкот жасау міндеттілігі сияқты жаңа құбылысты және «Мұсылмандар баяғыда кәпірлердің дұшпан тұтатын елімен емес, тек зиммийлермен ғана сауда жүргізген» - деген сөздерді  жоққа шығару бар екендігін айта кетуге болады.

Қәды Әбу Я’лә былай деген: “Егер мұсылман (адам) дұшпан территориясына кірсе, немесе оларда тұтқында болып, олар оны босатып жіберген болса, онда оған олардың өміріне және мал-мүлкіне қол сұғуына болмайды. Олар оны қауіп-қатерсіз еткендеріндей, ол  да оларды өзінен қауіп-қатерсіз етуі қажет!” Қараңыз “әл-Әхкәму-ссультәния” 152.

Егер кәпірлердің тұтқынының үкімі осылай болса, онда кәпірлердің еліндегі туристтің, немесе сол елде тұрушы (мұсылманның) үкімі туралы не айтуға болады?!

Имәм әс-Сархаси былай деген: “Егер мұсылман (адам) кәпірлерге олардың рұқсатымен кіріп барса, оларға қатысты қиянат жасауына болмайды. Және егер ол бәрібір оларға қиянат жасаса және олардың мал-мүлкін иемденсе, және содан соң оны ислам мемлекетіне айдап жіберсе, онда (басқа) мұсылманның одан бір-нәрсе сатып алуы, егер ол бұл нәрсенің жаман жолмен табылғанын білсе, дұрыс емес (сөгіс айтылатын) амал болып есептеледі!” Қараңыз “әл-Мәбсут” 10/96.

Мың жыл бұрын өмір сүрген бұл имамның сөздеріне назар аударыңдар. Оның сөздері, мысалы, Европада өмір сүріп, сол жердегі кәпірлердің тауарларын урлайтын, кейін оларды ұстап алып өз елдеріне депортацияланған (мемлекеттен күштеп айдап жіберген), ал олар ол жерде барлық ұрлаған нәрсесін сата бастайтын мұсылмандарға қатысты емес пе?!

Имәм әс-Сархәси, сондай-ақ, былай дейтін: “Мустаминдердің (қауіпсіздік кепілдігімен кіретіндер) зиммийлердің үкімі сияқты. Сол себептен олар - мұсылмандардың әмірлері тарапынан міндетті түрде көмек көрсетілуіне байласты - бірдей. Мысалы, оларды жәбірлеуден қорғау, өйткені, олар оның билігінің астында тұр!” Қараңыз “әс-Сияр әл-кәбир” 5/1891.

Субхан Аллаһ, мұсылман әмірі оның территориясына қауіпсіздік кепілдігімен кірген кәпірлерді жәбірлеуден қорғау қажет деген оның сөздеріне назар аударыңыздар! Ал мұндай сөздер үшін біздің кезімізде саған оп-оңай такфир жасауы, немесе, тым болмағанда, «әл-уәлә уәл-бәра» (достық және қатыссыздық) мәселесінде ауытқығандық туралы айып тағуы мүмкін!
Имам Ибн Қудама былай деді: “Кім дұшпан жеріне қауіпсіздік кепілдігін алып кірген болса, олардың мал-мүлкіне қиянатшылдықпен қол сұғуына, немесе олармен өсімқорлықпен айналысуына  құқығы жоқ. Олардың өздеріне қатысты қиянат туралы айтар болсақ, оған тыйым салынған, өйткені, олардың берген қауіпсіздік кепілдігі оларға қатысты сатқындық жасалмауын білдіреді.  Тіпті, бұл шарттар сөзбе-сөз келісілмеген болса да, мұның мәні әрекеттің өзінен айқын болып тұр”.  “әл-Муғни” 13/152.

Имәм әл-Мәрғинәни былай дейтін: “Егер мұсылман (адам) дұшпан территориясына саудагер болып кірсе, онда оған олардың мал-мүлкінен қандайда бір нәрсені иемденуіне, және, сондай-ақ, олардың өміріне қол сұғуына болмайды!” Қараңыз “Бидаятуль-мунтаха” 118.

Имәм ән-Нәуәуи былай дейтін: “Егер мұсылман (адам) дұшпан территориясына кепілдікпен кірсе және оларға тиісті болған қандайда бір нәрсені иемденіп алса, немесе бір нәрсені ұрласа, ал содан соң мұсылмандардың жеріне қайта оралса, ол иемденген нәрсесін қайтаруы қажет!” Қараңыз “Раудату-тталибин” 10/291.

Имам ән-Нәуәуи, сондай-ақ, имам әр-Рафи’идің мына сөздерін жеткізген: “Егер адам дұшпан жеріне қауіпсіздік кепілдігімен кіріп барса, онда оған ол жерден қойма алуға рұқсат етілмейді, ол оны күштеп тартып алса да, жәй тауып алса да. Сондай-ақ, ол оларға тиісті болған нәрселерге қатысты қиянат жасай алмайды, ақиқатында, ол оларға тиістіні өздеріне қайтаруға міндетті!” «әл-Мәджму’» 6/51.

Имәм Ибн Муфлих былай деген: “Егер кәпірлер тұтқын мұсылманды босатса, ол оларға қиянат жасамаған түрде қашып кетуі керек. Және  олардан алған нәрселерін өздеріне қайтаруы керек, өйткені, ол қауіпсіздік кепілдігінде. Егер ол осылай жасамаса, онда ол – сатқын! Және егер кәпірлер оны ол кейін оларға мал-мүлік (өтеу) жібереді деген шартпен босатқан болса, ол, шамасы жетсе, оларға ақша жіберуге міндетті. Бұл – саудадағы төлем сияқты. Және бұл жөнінде имам Әхмәд та айтқан, өйткені, келісім-шартты орындауда тұтқын (мұсылмандар) үшін пайда бар, ал келісім-шартты бұзуда – түтқын (мұсылмандар) үшін зиян бар, өйткені, осыдан кейін кәпірлер мұсылмандарға сенбеуі мүмкін!” Қараңыз «әл-Мубди’» 3/396.

Аллаһу әкбәр, бұл сөздер мені таң қалдырды!

Имәм Ибн әл-Хумәм әл-Хәнәфи былай дейтін: “Егер мұсылман (адам) дұшпан территориясына саудагер болып кірсе, онда оған олардың мал-мүлкінен қандайда бір нәрсені иемденуіне, және, сондай-ақ, олардың өміріне қол сұғуына болмайды!” Қараңыз “Шәрх Фәтх әл-Қәдир” 6/17.

Имәм Мухаммад әш-Шәйбәни былай дейтін: “Егер мұсылмандардың тобы олармен соғысушы кәпірлерге келіп: «Біз – халифаның елшілеріміз», - десе, және  қандайда бір қағазды халифаның хаты деп шығарып көрсетсе, немесе еш нәрсені шығарып көрсетпесе, онда бұл – көпқұдайшылдарға қатысты сатқындық болады! Ал, егер оларға: «Кіре беріңдер!» - деп айтылса, және олар дұшпан территориясына кірсе, онда олар олардың жерінде болған кезінде дұшпандардан ешкімді өлтірулеріне және олардың мал-мүлкінен қандайда бір затты алуға  рұқсат етілмейді!” Қараңыз “әс-Сияр” 2/66.

Шейх Ибн Баз басқаратын Тұрақты Комитеттің  (әл-Ләджнәту-ддаимә) ғалымдарына: «Кәпірлердің елінде өмір сүріп, осы елге зиян тигізу үшін мемлекеттен электр қуатын және суды ұрлауға болады ма?» - деп сұрақ қойылды.

Сондай-ақ, оларға: «Электр қуатқа, газға, телефонға т.б. төлемақы төлеуден бас тартуға болады ма?!» - деген сұрақ қойылғанда, олар: “Бұған рұқсат етілмейді, өйткені, бұл – адамдардың мал-мүлкін қақысыз жеу және сенімді бұзу болып табылады”, - деп жауап берді. «Фәтауә әл-Ләджнә» 23/441

Шейх Ибн Бәз былай дейтін: “Кәпірлердің елдерінде өмір сүретін мұсылмандар үшін, егер олардың мүмкіндігі болса, діни рәсімдерді ұстанатын ислам қалаларына қоныс аударуы міндетті (уәжіп) болады! Егер мұндай мүмкіндік болмаса, онда жамандық аздау болған қалаға қоныс тебуі керек, мұны сахабалардың тобы, Аллаһ оларға разы болсын, Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұйрығы бойынша Меккеден Эфиопияға жасағанындай. Өйткені, сол кезде Эфиопияда мұсылмандар үшін, бағындырылғанға дейінгі Меккеге қарағанда, жамандық аздау еді. Ал, егер мұсылмандар бұл қоныс аударуды да жасай алмаса, онда олар Аллаһтан қорқып, Аллаһ тыйым салған нәрселерден сақтануы және Аллаһ Тағала оларға жүктеген міндеттерді орындауы қажет. Және кәпірлердің елдерінде өмір сүріп жатқан мұсылмандар үшін, егер олар сол мемлекеттердің көмегін пайдаланса, күнә жоқ. Алайда, олар солардың мемлекеттерінен материалдық жәрдем алу үшін өтірікке жүгінбеуі керек! Олар барлық істе Аллаһтан қорқуы, барша харам нәрседен сақтануы, және Құран мен Сүннетті оқып-зерттеуі, сондай-ақ, өздеріне анық болмаған нәрселелерге қатысты білім иелеріне телефон арқылы, немесе хатпен жүгінуі қажет.

Аллаһ барлық мұсылмандардың жағдайын тәртіпке келтірсін және олардың дінін сақтасын, өйткені, олар үшін өз нәпсілерінен және дұшпандардан  келетін жамандық жетіп асады!” Қараңыз “Мәджму’у фәтауә уә мәқаләт” 28/163.

Шейх Ибн ‘Усәймин былай дейтін: “Егер кімде-кім: «Бізге соғысушы кәпірлердің мал-мүлкі халәл етілмеген бе?» - десе, жауап былай болмақ: «Ия, алайда бұл – зұлымдық (жасаумен) емес, өйткені, мұндай жағдайда бұл бізге тыйым салынған. Бірақ, біреу: «Ал, келісім-шарты болған кәпірлердің мал-мүлкі бізге халәл ма?» - десе, жауап: «Жоқ, келісім-шарттағы кәпірлердің мал-мүлкі де, қаны да сендерге рұқсат етілмеген!» Мұның үстіне, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Кім келісім-шартта болған кәпірді өлтірсе, Жәннәттың иісін де сезбейді!» Аллаһ бізді бұдан қорғасын. Және осы себепті келісім-шарты бар кәпірлердің мал-мүлкіне қол сұғатын алданған адамдардың өшпенділігі, зұлымдығы және адасушылығы бізге түсінікті болады! Кәпір сенің қалаңа кірді ме, әлде сен олардың қаласына кірдің бе – айырмашылық жоқ. Біз кәпірлердің елдерінде өмір сүретін және: «Бұл кәпірлердің мүлкін бүлдірудің оқасы жоқ!» - деп айтатын кейбір жастар туралы естідік. Және сен олардың көшелердегі жарық жүйелерін бұзып жатқанын, дүкендер мен машиналарға шабуыл жасағанын көре аласын. Бұл – олар үшін харам болып табылады! Субхан Аллаһ! Бұл адамдар сендерге қоныс берді, және сендер олардың міндеттілігіндесіңдер,  ал сендер оларға қатысты сатқындық жасап жатырсыңдар!

Бұл - Исламды жек көрсетуге және сөгуге мүмкіндік беретін (нәрселердің) ең жаманы болып табылады. Бірақ, іс жүзінде, бұл – Исламды жек көрсету емес, алайда,  өздерін Исламға телитін адамдарды жек көрсету! Сол себептен келісім-шарты болған кәпірлердің мал-мүлкі құрметтелетінін және оған қол сұғылмайтынын білу керек. Және келісім-шарты болған кәпір сенің еліңде ме, әлде сен оның еліндесің бе, оның айырмашылы жоқ. Оларға қол сұғуға рұқсат етілмейді. Тыңдаңыз “Шәрх әл-Әрбә’ун” № 24.

Шейх Салих әл-Фәузән: “«Бұлар – кәпірлер, ал сондықтан, олардың мал-мүлкін тартып алудың оқасы жоқ!» - деп айтуға болмайды. Кәпірлердің мал-мүлкі, шайқасу кезіндегі олжадан бөлек, рұқсат етілмеген. Және бұл – кез-келген кәпірдің мал-мүлкі халәл дегенді білдірмейді. Олардың үйіне бастырып кіріп, мал-мүлкін тартып алып: «Бұл – халәл мүлік!» - деу – бұл рұқсат етілмеген!” Қараңыз “Джәридә әр-Рияд” № 13785.

Шейх ‘Абдур-Рахман әл-Бәррак былай дейтін: «Кәпірлерге қатысты олардың елдерінде өмір сүріп жүрген кейбір надан мұсылмандардың жасап жүрген: ұрлық, олардың құқықтарын бұзу, хақысыз оларды ұрып-соғу және балағаттау сияқты қылмыстары - Ислам шариғатында тыйым салынған (харам) болып табылады! Мұндай адамдардың істеп жүргендеріні - Исламға ешқандай қатысы жоқ! Бұдан да сорақысы – бұл түрлі мекемелерді жарып жүрген кейбір адасқандардың жасап жүрген терактілері. Ақиқатында, мұның Аллаһ Тағала жер бетінде әділеттілікті тарату және Өзінің Сөзін ұлықтау үшін өзінің құлдарының арасында заңдастырған  джихадқа еш қатысы жоқ! Тіпті,  бұл – тыйым салынған бұзақылық болып табылады!» “И’тида ‘алә ғайриль-муслимин” 3.

Имамдардың келтірілген сөздерінің негізінде олар бұл мәселеде келіспеушілікті білмегендігі көрінеді. Мұның үстіне, келісім-шартта болған кәпірлердің мал-мүлкін халәл деген хауәридждерден өзге біреу болғаны белгісіз, өйткені, бұл – олардың мазхабының бірі болып табылады, бұл жөнінде  имам әш-Шәхристәни: ““Хауәридждер келісім-шартта болған және джизья төлейтін кәпірлердің  мал-мүлкін халал деп есептеген. Және осыны рұқсат етпегендерден бас тарту міндетті деп есептеген!” – дегендей. Қараңыз “әл-Миләл уә-ннихәл” 118.

Субхан Аллаһ! Және аталған барлық нәрселерден кейін де біздің кезімізде муфтисымақ біреу шығып, қандайда бір ой пайымдарын дәлел ретінде келтіріп, кез-келген кәпірдің мал-мүлкі халәл деп жариялайды! Және мұндай «муфтидің» сөзін қабылдап алып, жоғарыда айтылғандардың барлығын біле тұра, оны аят немесе хадис сияқты негізге алатын адам – одан да таң қаларлық.

Сондай-ақ, кәпірлерге зұлымдық көрсетуге тыйым салынғандығы – олармен дос болу, немесе оларды жақсы көру керек дегенді білдірмейтінін нақтылап айту керек. Жоқ! Кез-келген кәпірді, мейлі ол ағайын-туыс, немесе Ислам мен мұсылмандардың дұшпаны болсын,  олардың күпірлігі үшін жүрекпен жек көру қажет екенін білу керек.

Ал, оларға қатысты ашық түрде дұшпандық пен жек көрушілік танытуға келер болсақ,  ол қалыптасқан жағдайға, бұған деген қабілеттілікке және кәпірлердің өздерінің статусына (мәртебесіне) байланысты әртүрлі болады. Шейх Исхақ ибн ‘Абдур-Рахмән ибн Хәсән Әли Шейх былай дейтін: “Қатыссыздықтағы (әл-бәра) негіз болып - кәпірлерден жүрекпен, тілмен және денемен алыстау табылады. Және муминнің жүрегі кәпірлерге қатысты жек көрушілік танытуын тоқтатпайды. Ал шариғи себептермен түрленетін ашық түрде өшпенділік таныту – басқа іс”. Қараңыз “әд-Дурару-ссәния” 8/305.

Барлық жазылған нәрсе, тек Аллаһтың разылығын көздеп, көпшілік мұсылмандар қателікке бой ұратын бұл мәселені түсіндіру үшін болды. Біз мұны осы кезде орын алып жатқан, әр нәрсені өз атымен атайтындарды екіжүзділер, мурджилер, мадхалилер, кәпірлердің жақтаушылары, Аллаһтың заңымен үкім етпеуді қолдайтындар деп айыптайтын қисынсыз құбылыстың себебімен айтып отырмыз.

Бұл жолдаудағы ақиқат болған нәрсенің барлығы – Аллаһтан, ал егер біз қателік жіберген болсақ – ол өзімізден және барлық нәрсеге қолын сұғуға тырысатын шайтаннан. Ал, Аллаһ Тағала барша кемшіліктерден Пәк!

Және ең соңында, Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ!

Және Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

(Является ли имущество неверных дозволенным)

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|