Quickribbon

Мурджилер кімдер?

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

Мурджилер – бұл ертедегі адасқан секталардың бірі. Олардың әхлю-Суннәдан негізгі айырмашылығы - иман мәселесіндегі келіспеушіліктері! Анастан жеткен хадисте   Аллаһтың елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Менің үмметімнен болған екі санаттағы адамдар менің су айдыныма жақындатылмайды және Жәннәтқа кірмейді! Олар – қадарилер мен мурджилер!» - деген. әт-Табәрани «әл-Аусат» 1/253. Хасан хадис. “ас-Сильсилә әс-сахиха” 2748.

Мурджилер иман мәселесенінің көп ережелері бойынша әхлю-Суннәмен қарама-қайшылыққа түсті, бұл жөнінде алғашқы буын имамдары хабарлағанындай.

Имам Әхмәдтан: «Мурджилер кімдер?» - деп сұрағанда, ол: “Иман – бұл тек қана сөздер!» - деп айтушылар!” – деді. әл-Халләль “әс-Суннә” 959.

Суфьян әс-Саури былай деді: “Біз бен мурджилер арасындағы айырмашылық үш нәрседе:

1. Біз: «Иман – бұл сөздер мен амалдар», - деп айтамыз, ал олар: «Иман - бұл тек қана сөздер, және амалдар емес!» - дейді.

2. Біз: «Иман көбееді және азаяды», - дейміз, ал олар: «Көбеймейді және азаймайды!» - дейді.

3. Біз: «Екіжүзділік бар» - дейміз, ал олар: «Екіжүзділік жоқ!» - дейді” “Сыфәту-ннифәқ” 74.

Имам Ибн әл-Джәузи былай деді: “Мурджилер: «Кім шахаданы мойындап, барлық күнәларымен келсе, Тозаққа мүлде кірмейді!» - деп айтады! Олар күнәхар бірқұдайшылар Тозақтан шығады деген сахих хадистерге қайшы келді. Мурджилер үшін иман келтіргендердің барлығы бірдей болып табылады. Мысалы, олар үшін Хәжәждың иманы Джәбірейіл мен пайғамбардың иманымен бірдей, өйткені олар: «Күнәлар иманға зиян тигізбейді», - деп есептейді!” “Тәлбису иблис” 103.

‘Абдуррахман ибн Махди былай дейтін: “Ирджаның ең бірінші көрінісі – бұл ерекшелеуді (истиснә) қалдыру”. әл-Халләл «әс-Суннә» 3/598.

Яғни: «Сен муминсің бе?» деп сұраған кезде: «Иншә-Аллаһ - муминмін», немесе «Муминмін деп үміттенем», - деп айтпай,  «Иә!» - деп сенімді түрде жауап беру.

Имам әл-Әджурри былай дейтін: “Ақиқатты ұстанушылардың сипаттарынан, бізге мұны ғалымдар айтқандай  - иманға қатысты ерекшелеу (истиснә)! Әрине, күмән мағынасында емес, бізді Аллаһ иманға қатысты күмәннан сақтасын, алайда өз-өзіңді кәміл иманның иесі деп мадақтаудан қорқу ретінде!” “әш-Шәри’а” 136.

Имам Ибн әл-Мубәрак былай деді: “Мурджилер олардың игі амалдары қабыл болатынын жариялайды, ал мен өзімнің амалдарымның қабыл болатынын білмемін!” “әс-Сильсилә әс-сахиха” 7/153.

Имамдардың осы айтылған сөздерінің негізінде мурджилердің негізгі ерекшіліктері болып төмендегілер табылады деп есептеу керек:

1. Иман көбееді және азаяды деп есептемеу;

2. Иманды дене амалдарына қоспау;

3. Әрбір мұсылманның иманы кемел деп есептеу;

4. Күнәларға, тіпті ауыр күнәларға да, салғырттықпен қарау және күнәлар иманға зиян тигізбейді деп есептеу. Осының негізінде мурджилер: «Мұсылман Тозаққа кірмейді», - деп айтады.

Айтпақшы, мурджияның бұл түрі бүгіңгі күні мұсылмандар арасында едәуір кең таралған. Олар Аллаһтың мейірімі мен рахымы шексіз деп, Аллаһ Тағала өздеріне жүктеген барлық міндеттерді дерлік тастап, сан алуан күнәлар жасауда. Бұл – мурджилердің қауіпті идеологиясы екендігінде күмән жоқ.

5. Иманда истиснә жасауға болмайды деп есептеу, яғни: «Мен - инша Аллаһ муминмін!» - деп айту, өйткені мурджилер мұны өз иманың туралы күмәндану деп есептейді, ал ол - күпір болып табылады.

6. Күпірлік тек сенімде көрініс табуы мүмкін деп есептеу, ал әхлю-Суннә күпірлік  сенімде де, сөздер мен амалдарда да болады деп айтады.

7. Игі амалдар әрбір мұсылманнан міндетті түрде қабыл болады деп есептеу. Ал әхлю-Суннә біз бұған кесімді түрде сенімді бола алмаймыз және тек үміт етеміз дейді.

Міне осылар – мурджилердің негізгі адасушылықтары. Олар туралы біздің үмметіміздің имамдары да айтып ескерткен.

Ал мурджилердің өздері үш негізгі топқа бөлініп кеткен:

«Бірінші тобы: «Иман – бұл тек қана жүректегі нәрсе (яғни нық сенім)» - деушілер. Оларды сондай-ақ жәхмилер деп те атайды.

Екінші тобы – иман тек тілде деп айтушылар. Және бұл анықтама кәрамилерден өзге ешкімнен келмеген.

Үшінші тобы – «Иманға - жүректегі сенім және тілмен айту қатысты, ал амалдар иманның құрамдас бөлігіне кірмейді, және ол көбеймейді де, азаймайды да!» - деп айтушылар. Және бұлар – ғалымдар оларды фәқиһ-мурджилер деп атайтындар, ғалымдар олардың қатарына Әбу Ханифа мен оның жақтаушыларын да жатқызған».

Мурджилердің осындай анықтамасын шейхуль-Ислам Ибн Таймия өзінің «әл-Имән» кітабында (184), имам Әбуль-Хасан әл-А’шәри «Мәқаләт әл-исләмиин» енбегінде (1/213) және имам әш-Шәхристани  «әл-Миләл уә-ннихәл» кітабында (1/139) берген.

Алғашқы екі топ – джахмилер мен карамилер – шекке шыққан мурджилер деп аталатындары (ғуләту мурджиә).

Үшінші топқа келер болсақ, оларды орташыл мурджилер деп атайды. Мұның үстіне, шейхуль-Ислам Ибн Таймия олармен айырмашылық тілдік сипатта ғана, өйткені олар адам күнә жасағаны және міндеттерді қалдырғаны үшін жазаланбайды демейді, және олар - әһлю-Суннәдан деген. Ол былай деп жазған:  “Егер адам: «Амалдарды тастаушы - айыпталуға және жазалануға лайықты», - деп ұғынса, онда бұдан кейін бұл мәселеге қатысты келіспеушіліктердің мәні жоқ. Керісінше, бұл келіспеушілік – (тек) тілдік болады, дегенмен, олар (фақиһ-мурджилер) бұл анықтамада қателесетіні және Құран мен Сүннетке қайшы келетіні - кумәнсіз!” “Мәджму’уль-фәтауә” 7/181.

Сондай-ақ, шейхуль-Ислам былай деді: “Әхлю-Сунна ішіндегі (амалдар иманның бөлігі болып табылады ма деген) бұл мәселеге байланысты айтысулардың басым бөлігі – тілдік тұрғыдағы келіспеушіліктер. Өйткені: «Иман – бұл амалсыз сөздер», - дейтін фақиһтер, ал бұл – Хаммәд ибн Әби Суләймән, және ол осылай деп айтқандардың алғашқысы болды, сондай-ақ, Куфалық фәкиһтер мен оларға ілескендер, басқа қалған имамдар сияқты, күнә жасаушылар сөгіс айтылуға және жазалауға лайықтылардың қатарына кіреді деп есептейді! Және олардың иманы Жәбірейіл періштенің иманындай кемел деп айтуына қарамастан, олардың барлығы, әһлю-Суннә уәл жәмәа бұл жөнінде айтатын: «Амалсыз болған, немесе күнә істеумен болған иман жазалауға әкеледі» - дегенге  нық сенеді!” “Мәджму’уль-фәтауә” 7/297.

Яғни имам Әбу Ханифа және оның жақтаушылары амалдарды иманның құрамдас бөлігіне қоспағандығына және иман көбеймейді және азаймайды деп айтуына қарамастан, күнәлар жазалаларға және қауіп-қатерлерге әкеп соқтырады дегенді мойындаған.

Істің түйіні олардың: «Азаятын иман емес, өйткені иманның азаюы күмәнға нұсқайды, ал имандағы күмән – бұл үлкен күпірлік!» - деп айтуында болып тұр. Сондықтан, олар: «Көбейіп азаятын - тақуалық, иманның күйі т.с.с., бірақ иман емес!» - дейді. Алайда, бәрібір, бұл пікір өте қате, өйткені, қалайша мұсылман намазды иман демейді және оны иманға қоспайды?!

Сондай-ақ, бүгіңгі күні мурджияның анықтамасында саләфтар орынды келіспеушіліктер деп есептейтін критерийлер пайда болғанын атап өткім келеді. Мысалы, доктор Сафәр әл-Хауәлидің, өзінің әхлю-Суннә арасында үлкен фитна сепкен және онда ол шейх әл-Әлбәниді ирджәда айыптаған кітабында мынандай қауіпті сөздер айтылады: «Намазды қалдырған адам – кәпір деп, тек мурджилердің мазхабы өзіне ықпал еткен (адам) ғана айтпайды, ол бұны сезсе де, сезбеседе!»  «Захиратуль-ирджә» 2/651.

Ол сондай-ақ, былай деген: «Исламдағы рукндерді қалдыру үшін такфирмен келіспегендердің алғашқылары – мурджилер еді!» «Захиратуль-ирджә» 2/657.

Және бұл, көптеген имамдар жеткізгендей, осы мәселеде саләфтар арасында орынды келіспеушіліктер болуына қарамастан.

Егер жоғарыда аталған ерекшіліктерді әхлю-Суннә мурджияның көрінісі деп есептеген болса, біздің уақытымызда, шейх Мухаммад Саид Раслән айтқанындай, әхлю-Суннәға қайшы келетіндер мурджилердің тек екі айырықша сипаттарын жасап қойды, ал олар:

1. Аллаһтың заңымен үкім етпейтін әмірді күпірлікте айыптамау.

2. Намазды қалдырғанды кәпір деп айтпау, тіпті ол оны надандықпен немесе жалқаулықпен орындамаса да.

Және  шейх Са’ид Раслән өзінің: «әс-Сауә’иқ әл-мурсалә ‘алә әхлиль-ирджа» (44) құтпасында: «Егер осы екі нәрсе үшін такфир жасасаң, онда әхли Суннәнің қарсыластары үшін сен мурджия болмайсың!» - деді.

Ал іс жүзінде әхлю-Суннә: «Төмендегідей айтатындар мурджияға қатысыссыз болады!» - дейді:

1. «Амалдар иманға кіреді!» - деп.

Имам Ибн әл-Мубәрактан: «Сен мурджилердің пікірін ұстанасың ба?» - деп сұрағанда, Ол: «Мен: «Иман – бұл сөздер мен амалдар», - деп айтамын, сондықтан қалайша мурджи боламын?!» - деп жауап берді. әл-Халләл “әс-Суннә” 964.

Мис’ар ибн Кидам амалдар иманға кіреді деп есептегендіктен, Әхмәд оны мурджи деп санамады,  Мис’ардың өзі: «Мен - муминмін инша-Аллаһ», - деп айтуға болмайды», - деп, мурджилер сияқты, айтқанына қарамастан.  Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп жазған: “Истиснә жасамайтындар («Инша-Аллаһ мен - мумин» деп айтпайтындар): «Мен өзімнің иманымда күмәнданбаймын!» - деді. «Мен өзімнің иманымда күмәнданбаймын!» - деп айтатын Ми’сар ибн Кидам осылайша істейтін еді. Бірақ, Әхмәд былай дейтін: «Ол - мурджи емес еді, өйткені мурджилер: «Амалдар иманнан емес», - дейді, ал ол: «Амалдар иманнан», - деп айтады». “Мәджму’уль-фәтауә” 13/37.

2. Иман көбееді және азаяды дейтіндер, ирджәға қатыссыз болады

Имам Ибн әл-Мубәрак былай дейтін: “Кім: «Иман – сөздер мен амалдар, (ол) көбееді және азаяды», десе, сол мурджиядан толық құтылған болады!” “Табәкат әл-Ханәбилә” 2/40.

Исмә’иль ибн Са’ид былай деп баяндайтын: Мен имам Әхмәдтан иман көбееді және азаяды деп айтушылар туралы сұрағанымда, ол: «Мұндай адам мурджияға қатыссыз!» - деді. ‘Абдуллаһ ибн Әхмәд “әс-Суннә” 1/307, әл-Халләл в “әс-Суннә” 3/581.

Имам әл-Бәрбәхари былай деді: “Кім: «Иман – сөздер мен амалдар, (ол) көбееді және азаяды», - десе, сол мурджиядан толық құтылған болады!” “Шәрху-Ссуннә” 67.

Хафиз Ибн Хаджәр Ибн Хазмнің мына сөздерін келтіреді: Кім: «Ғибадаттар иманнан, және иман көбееді және азаяды», - десе, иман келтіргенді күнәлары үшін күпірлікте айыптамаса және. «Ол Тозақта мәңгі жанады!» - деп айтпаса, ол – мурджи емес, тіпті қалған нәрселерде оның сөздері солардың сөзімен бірдей болс ада!” “Фәтх әл-Бәри” 7/153.

3. Кім: «Күпірлік - сөздерде, амалдарда және сенімде болады», - деп есептесе, ол - мурджилердің ақидасына қатыссыз болады.

4. Кім: «Күнәлар иманға зиян тигізеді», - деп кәміл сенсе, ол – мурджилерғе қатыссыз болады.

5. Кім өзін кесімді түрде мумин деп бекітіп айтпай: «Мен - ахкәмдар бойынша муминмін», - немесе: «Мен-  инша-Аллах - муминмін», - десе, ол – мурджилерғе қатыссыз болады.

Исмә’иль ибн Са’ид мынаны баяндаған: “Мен имам Әхмәдтан: «Мен өзім үшін  - мұрагерлік сияқты ахкамдар бойынша муминмін, бірақ Аллаһтың алдындағы өзімнің жағдайым туралы білмеймін», - дейтін адам туралы сұрағанымда, ол: «Мұндай адам – мурджи емес!» - деді”. әл-Халләл в “әс-Суннә” 987.

Сөйтіп, әхли-Суннәның және өзін әхли-Суннәдан деп есептейтіндердің мурджияға қатыстылық және қатыссыздық критерийлері бар. Ендеше, әркім неге ілесетінін өзі таңдасын.

Айтпақшы, Саудияның кейбір қазіргі заман ғалымдары қойған мурджияның тағы бір критериі бар, ал ол – дене амалдарын қалдырғанды кәпір деп санамау.

Ал іс жүзінде «Иман – бұл сөздер, амалдар және сенімдер, және ол көбееді және азаяды» деп айтатындардың арасында бұл мәселеде орынды келіспеушіліктер бар.  Нәждтық шейх ‘Абду-Лләтыф ибн ‘Абду-Ррахман Әли Шейх былай дейтін: “Әхлю-Суннә арасында дене амалдарын қалдыруға қатысты, мұндай адам кәпір болатындығы не болмайтындығы жөнінде келіспеушілік бар!” “әд-Дурару-ссанийә” 1/479.

Негізінде,  бірқұдайшылдықтың екі куәлігінен басқа Исламның 4 тірегін тастаудың үкімі  жөнінде әхлю-Суннә арасында орынды келіспеушіліктер бар. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “Екі куәлікті айтпаған (адам) – кәпір болып табылатындығы жөнінде бір ауызды келісімде! Ал Исламның қалған төрт рукндеріне қатысты мәселеде олардың пікірлері әртүрлі болды ”. “Мәджму’уль-фәтауә” 7/302.

Ал Исламның рукндерінен өзге дене амалдарына қатысты айтар болсақ, әхлю-Суннәдан болған ешкім оларды қалдыру үшін такфир жасамаған! Хафиз Ибн Раджәб былай дейтін: (Исламның рукндерінен басқа) исламның және иманның басқа нәрселеріне қатысты айтар болсақ, әхлю-Суннә уәл жәмәаның пікірі бойынша бұларды тастағандығы үшін адам Исламнан шықпайды. Бұған тек хауәридждер және соларға ұқсас болған бидғаттың жақтаушылары ғана қайшы келді!” “Шәрх Сахих әл-Бухари” 1/26.

Ирджә және мурджия ұғымдары туралы біздің уақытымызда өте көп айтылған, алайда басқа мәселелердегідей, бұл мәселеде де саләфтардың пікіріне басымдық беру керек. Және олар шықпаған шекарадан біз де аттамауымыз керек, әсіресе иманның анықтамасына қатысты мәселелерде. Өйткені, иман және оның анықтамасы біздің уақытымызда да, саләфтардың кезіндегідей ғой, сондықтан қазіргі заман мурджиясының қандайда бір жаңа сипаттамаларын енгізуге еш қажеттілік жоқ! Имам Әхмәд кезінде мынандай ұлы және маңызды сөздерді айтқан болатын: «Бізден бұрыңғы білім иелерінен ешкім айтпаған сөздерді айтушы болма!» әл-Халләл в «әс-Суннә» 965.

Өйткені, мурджияның анықтамасындағы кеңейтілген есіктер кейбіреулердің муржиялар қатарына  шейх әл-Әлбәни, шейх Ибн Бәз, шейх Ибн Усәймин т.б. көптеген біздің заманымыздың атақты ғалымдарын жатқызуына себеп болды.

Осы жерде  имам Әбуль-Фәдль әс-Саксакидің, мынандай сөздерін айтып өту өте орынды: “Намазды жалқаулықпен қалдырған - мұсылман болып табылады, бұл - Әхмәдтың мәзхабында дұрыс деп табылады. Алайда, мансурилер әхлю-Суннәны осы үшін мурджия деп атайды және: «Олардың бұл сөздері иман олар үшін - тек амалсыз сөздер ғана екендігіне нұсқайды!» - дейді”. “әл-Бурхан” 35.

Ал, егер саләфтардан болған имамдарға да мурджи деп жала жапқан болса, онда қазіргі заман ғалымдары туралы не айтуға болады! Шейх әл-Әлбәни оны ирджәда айыптаған адам туралы айтып, ал ол - Сафар Хауәли еді, былай деп жазған: “Мен мурджилерге тіпті ұсақ мәселелердің өзінде қайшы келетіме қарамастан, ол мені ирджәда айыптады. Мен: «Иман көбееді және азаяды», -деймін, «Игі амалдар иманнан», - деп айтамын. «Инша-Алла мен - муминмін», - деп айтуға болады», - деймін, ал мұның барлығы мурджилер ұстанатын нәрсеге қарама-қайшы келеді. Бірақ, осыған қарамастан, ол мені бір неше рет ирджәда айыптады! Мен: «Кешегі күн қаншалықты бүгіңгі күнге ұқсас екен!» - деймін. Бірде бір адам ибн әл-Мубәрактан: «Сен зина жасап шарап ішетін (адам) туралы не айтасын? Ол иман келтірген болып табылады ма?!» - деп сұрады. Ибн әл-Мубарак: «Мен оны иманнан шығарып тастамаймын», - деді. Әлгі адам: «Сен қартайған шағыңда мурджия болыпсың!» - деді. Сонда Ибн әл-Мубарак: «Ақиқатында, мурджилер мен айтатын нәрселерді айтпайды! Мен: «Иман көбееді және азаяды», - деймін, ал олар: «Олай деп айтпа!» - дейді.  Мурджилер олардың игі амалдары қабыл болады дейді, ал мен өзімнің игі амалдарым қабыл болатынын не қабыл болмайтынын білмеймін! Сен қолыңа тақтай алып ғалымдардың алдында отыруға мұқтажсын!» - деді ” «әс-Сильсилә әс-сахиха» 7/153.

Ал осы ғалымдарды мурджиялықта айыптаушылардырдың өздеріне келер болсақ, олардың өзі мурджилердің сипатына түсіп кетуде! ‘Абдуррахман ибн Мәхди былай дейтін: “Ирджәның ең бірінші көрінісі – бұл ерекшелеуді (истиснәны) қалдыру”. әл-Халләл “әс-Суннә” 3/598.

Ал енді, шейх Абдуль-Мәлик Рамәдани «Мәдарику-ннәзар» кітабында үнемі және жиі жағжайда истиснәсыз: «Сайд Кутб - шахид», «Пәлен - шахид» - деп айтқанын ойға салып көріңдер ші?! Бұл – истиснәны қалдыру болмағанда – не?!

Мен сондай-ақ,  басында имамдардың ирджә туралы анықтамаларын келтірген кезімде, мурджилердің тағы бір ерекшелігі туралы айтуды ұмытып кетіппін.

Сондай-ақ, олардың ерекшіліктерінің бірі – бұл мұсылмандардың әмірлеріне қарсы шығу. Такфир мәселесінде олар шекке шыққан хауәридждерге қайшы келгенімен, мұсылман әмірлеріне қарсы шығу мәселелесінде олар хауәриждермен бір жерден шықты!  Мен олардың бұл қылығының себебін білмеймін, бірақ, саләфтар мұны мурджилердің сипатына жатқызған. Суфьян ибн ‘Уяйнә және әл-Ауза’и былай дейтін: “Ақиқатында, мурджилер әмірге қарсы шығуға шақырады!” «әс-Суннә» 1/218/368.

Имам Ибн әл-Мубәрактан ол мурджилердің көзқарастарына ие ме деп сұрағанда, ол: «Мен мұсылмандардың әмірлеріне қарсы шығуға болмайды деп есептесем, қалайша мурджия боламын?!» - деп жауап берген.   Ибн Шәхин “әл-Китабу-лләтыф” 17.

Ал имам Әхмәд былай деді: Ақиқатында, хауаридждер - мурджилер болып табылады! “әс-Суннә” 74.

Сондықтан, бауырлар, мурджия деген ұғым бүгіңгі күні кімге көбірек қатысты екендігін әлі анықтау керек!

Аллаһ Тағаладан бізді мурджияның барлық көріністерінен құтқаруын және тура жолмен жүргізуін сұраймыз!  Және әхлю-Суннәны надандықпен мурджиялықта айыптаушыларға хидаят (дұрыс жетекшілік) беруін сұраймын!

Мурджилер кімдер?
(Кто такие мурджииты?)

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|