Quickribbon

Шейхуль-Ислам Ибн Таймияның «қорғану джихадының ешқандай шарты жоқ» деген сөзінің түсінілуіне және нақтылығына айқындық енгізу

Дайындаған: Әбу ‘Умәр әш-Шами - Әхмәд Абдуль-‘Азиз әл-‘Анзи.

Арабшадан аударған: Қуат Әбу Усама

Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына,  сахабаларына және оның жолына Ақыретке дейін ілесушілерге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

Ал содан соң:

Әуес-қалаулардың жақтаушылары (әһль-әһуә) өз әуес-қалауларын қарапайым адамдардың алдында ақтау үшін өздерінің бидъаттарын және дінге енгізген жаңалықтарын сенімге лайық болған ғалымдардың сөздерімен әдемі етіп көрсетуін қоймайды. Ал, соның бір мысалы болып - олардың дәлел ретінде шейхуль-Ислам Ибн Тәймияның мына сөздерін келтіруі табылады:  «Ал қорғану шайқасына қатысты айтар болсақ, бұл – ар-намыс пен дінге қол сұғушыға қарсылық көрсетудің ең ауыр түрі болып табылады, сондықтан ол - бірауызды пікір бойынша (ижмәъ), міндеттілік (уәжіп) болып табылады! Және иманнан кейін дін мен тіршілікті бүлдіретін шабуылдаушы дұшпаннан қорғанудан міндеттілеу нәрсе жоқ, ал сондықтан қорғану джихадының (әд-дафъ) ешқандай шарты жоқ, керісінше, қолдан келгенше қорғану керек, және бұған біздің ғалымдарымыз және өзге мазхабтардың ғалымдары нұсқаған». Қараңыз  «әл-Фәтауә әл-кубра» 4/608.

Бұл сөздермен алданған адамдар қорғану джихадының мүлде ешқандай шарттары болмайды, және ол күштің (қудра) болуымен шартталмайды, қорғанудың пайдасы мен зиянын салыстыруды талдаумен де шартталмайды деп есептеуі мүмкін.  Және олар қорғану джихадында кез-келген тәсілмен қатысу қажетті болады деп есептейді, тіпті бұл мұсылмандардың тұтастығының тапталуына, немесе одан шығу жолын Аллаһ Тағала ғана білетін опат болу жағдайына әкелсе де. Осы себептен мен осы шағын еңбекте шейхуль-Исламның аталған сөздерінің шынайы мағынасын түсіндіруді шештім.

Мен Аллаһ Тағаладан тура басшылық тілеп, мыналарды айтамын:

Ақиқатында, шейхуль Исламның айтқан сөздерімен таныс адам ол «шарттарды жоққа шығаруда»  жалпы қандайда шартардың (мутляқу әл-иштарат)  болуын емес, шарттардың толық болуын (әл-иштират әл-мутляқ) меңзегенін біледі. Бұл терминдердің айырмашылығы туралы шейхуль-Исламның өзі, Аллаһ оны рақым етсін, былай деп айтқан болатын: «Нақтыланбай (әл-мутләқ) және нақтыланып (муқайяд) айтылған сөзге қатысты айтар болсақ, олардың мысалы болып: «құлды босату» немесе «ал егер сендер су таппасаңдар» деген аяттар табылады. Бұл (құл және су) сөздердің мағынасы сөз мағынасын бастапқы пайдалануды түсінудің (мутләқуль-ләфз)[1] құрамына кіруі мүмкін, бірақ, сөз мағынасының толықтығын түсінудің (әл-ляфз әл-мутләқ)[2] құрамына кірмеуі мүмкін, яғни сөзде оны толықтықпен сипаттаусыз қолданылуы мүмкін, және сөзде толықтықтың шартымен қолданылмауы мүмкін». Қараңыз «Мәджму’уль-фәтауә» 2/164.

Ибн әл-Қаийм, Аллаһ оған рақым етсін, былай деп айтатын:

«Алынатын пайда: бұйрықтың толықтығы (әл-әмр әл-мутләқ) және жәй бұйрық (мутләқу әл-әмр).

«Бұйрықтың толықтығы (әл-әмр әл-мутләқ)», «сынның толықтығы (әл-джәрх әл-мутләқ)», «білімнің толықтығы (әл-ильм әл-мутләқ)», «тәртіптің толықтығы (ат-тартиб әл-мутләқ)», «сауданың толықтығы (әл-бай’ әл-мутләқ)» және «судың толықтығы (әл-мә әл-мутләқ)» терминдері «жәй бұйрық», немесе «жәй сын», «білім», «тәртіп», т.б. терминдерінен ерекшеленеді, ал бұл жердегі (яғни терминнің толықтығы мен жәй терминнің арасындағы) айырмашылықтар төмендегілерде:

Біріншісі: бұйрықтың толықтығы (әл-амр әл-мутләқ) абзалға және с.с. бөлінбеййді, және бөлінетін нәрсе болып табылмайды[3]. Ал жәй бұйрық (мутләқуль-амр) уәжіп және мәндубқа бөлінуі мүмкін. Сондықтан, жәй термин бөлінеді, ал толық термин бөлінбейді.

Екіншісі: бұйрықтың толықтығы (әл-амр әл мутләқ) - жәй бұйрықтың бөлігі болып табылады, бірақ керісінше емес.

Үшіншісі: жәй бұйрықтың болмауы (мутләқуль-амр) бұйрықтың толықтығының болмауын (әл-амр әл-мутләқ) талап етеді, бірақ керісінше емес.

Төртіншісі: бұйрықтың толықтығының болуы (әл-амр әл мутләқ) жәй бұйрықтың болуын талап етеді, бірақ керісінше емес.

Бесіншісі: бұйрықтың толықтығы (әл-амр әл-мутләқ) жәй бұйрықтың (мутләқуль-амр)  бір түрі және бір бөлігі болып табылады.

Алтыншысы: бұйрықтың толықтығы (әл-амр әл-мутләқ) толықтыққа нұсқайтын дыбысталумен және  мағыналық байланыстың болмауымен байланысты. Ал, жәй бұйрық (мутләқуль-амр) дыбысталумен байланысты емес және басқа мағынаға байланысты болып та қолданылады.

Жетіншісі: бұйрықтың толықтығы (әл-амр әл мутләқ) бір мезгілде әрі нақтыланған (муқайәд) әрі нақтыланбаған (мутләқ) болуы мүмкін емес, ал, жәй бұйрық (мутләқуль-амр) нақтыланған да (муқайәд), нақтыланбаған да (мутләқ) болуы мүмкін.

Сегізінші: бұйрықтың толықтығы (әл-амр әл-мутләқ) толықтық терминімен (әл-итләқ) байланысты, ал ол өзіне мағынаның толықтығын да (әл-итләқ), оның нақтылануын да (әт-тақиид) қамтиды, ал жәй бұйрық (мутләқуль-амр) нақтыланбаған болады,  тіпті оның кейбір бірліктері нақтыланған болса да». Қараңыз «Бәдаиу’ль-фәуәид» 4/821.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймияның және оның шәкірті Ибн әл-Қаиймнің жоғарыда келтірілген сөздерінен сөз мағынасының бастапқы қолданысы (мутләқуль-ләфз) мен сөз мағынасының толықтығының (әл-ләфз әл-мутләқ) арасында үлкен айырмашылық бар екендігі бізге әп-айқын болады. Демек, шарттардың толықтығының (әл-иштират әл-мутляқ) және жәй жалпы қандайда шарттардың (мутляқу әл-иштарат) арасында да осылай болады.

Және осы жерде бірден жауап беруді қажет ететін мынандай сұрақ туындайды: «Шейхуль-Ислам Ибн Тәймияның «қорғану джихадының (әд-дафъ) ешқандай шарттары жоқ» деген сөздерінде жоққа шығарылатын шарттар - не өзі? Шарттардың толықтығы ма (әл-иштират әл-мутләқ), әлде жалпы кез-келген шарттар ма (мутләқу әл-иштарат)?»

Бұл сұраққа жауап беру үшін бізге мыналар қажет болды:

1) Шейхуль-Исламның осы мәселеге қатысты айтқан сөздерін жинақтау және олардың алынған көздерін табу.

2) Сөйлемшелерді олардың ұқсастықтары бойынша реттеу, сөйтіп, сол арқылы олардың нақтыланбаған сөздерін нақтылаушы сөздердің аясында, жалпы сөздерін нақты сөздердің аясында, қысқа қайырылған сөздерді егжей-тегжейлі баяндалған сөздердің аясында, түсініксіз сөздерін түсіндіруші сөздердің аясында түсіну.

3) Оның сөздерінің жалпы негіздерін және ол оларды қалайша қолданғанын зерттеу.

4) Оның (көтерген) жеке мәселелеріне сәйкес келетін бұл мәселелер пайда болған негізді табу.

Және осыдан кейін біз шейхуль-Исламның бұл мәселедегі шынайы пікірін шығарамыз.

Осы жоғарыда айтылғандардан соң (ғана) шейхуль-Исламның мына сөздері туралы пікір айту керек: «Ал қорғану шайқасына қатысты айтар болсақ, бұл – ар-намыс пен дінге қол сұғушыға қарсылық көрсетудің ең ауыр түрі болып табылады, сондықтан ол - бірауызды пікір бойынша (ижмәъ), міндеттілік (уәжіп) болып табылады! Және иманнан кейін дін мен тіршілікті бүлдіретін шабуылдаушы дұшпаннан қорғанудан міндеттілеу нәрсе жоқ, ал сондықтан қорғану джихадының (әд-дафъ) ешқандай шарты жоқ, керісінше, қолдан келгенше қорғану керек, және бұған біздің ғалымдарымыз және өзге мазхабтардың ғалымдары нұсқаған». Бұдан жәй жалпы кез-келген шарттарды емес, шарттардың толықтығын (әл-иштират әл-мутляқ) жоққа шығару (тәрк ету) түсініледі. Бұған дәлел көп, және олардың ішінде шейхуль-Исламның өзі айтқан сөздері де бар, мысалы:

1) Шейхуль-Ислам, қорғану джихадының міндетті болып табылатындығы  және «джихад ад-даф′ ешқандай шарттарға ие емес» екендігі туралы айтқанында, Аллаһ және Оның Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бізді міндеттеген кез-келген нәрсе осыны орындауға деген қабілеттіліктің (қудраның) болуымен шартталатынын  бізге оның өзі түсіндірген.

Шейхуль-Ислам былай деп айтатын: «Жүктелген міндеттер (таклиф) білуге және орындауға деген қабілеттіліктің (қудраның) болуымен шартталатыны Құран және  Сүннетпен келген нәрсені оқып-зерттеген адамға айқын болады. Және осының біреуіне (білуге немесе орындауға) кімнің күші келмесе, онда оның мойнынан күші келмейтін нәрсесі түседі, және Аллаһ Тағала жанға оның күші келмейтін нәрсені жүктемейді!» Қараңыз «Мәджму’уль-фәтауә» 21/634.

Және ол, сондай-ақ, былай деді: «Ақиқатында, Аллаһ Тағала Өзіне бағынумен және тақуалық танытумен міндеттеген нәрселері қабілеттіліктің (қудраның) болуымен шартталады, бұл жөнінде Аллаһ Тағала: «Аллаһтан мүмкіндіктерің жеткенше қорқыңдар»[4], - деп, және Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Егер мен сендерге қандайда бір нәрсені бұйырсам, одан өздерің орындай алатындарыңды істеңдер», - деп айтқандай. Қараңыз «Мәджму’уль-фәтауә» 31/92.

Сондай-ақ, шейхуль-Ислам былай деді: «Және бұл - саләфтар және ғалымдардың көпшілігі ұстанған: «Аллаһ Тағала жанға оның күші келетін нәрсені ғана жүктейді, сондықтан да, міндеттілік қабілеттіліктің (қудраның) болуымен шартталады, және жаза - өзіне дәлел жеткеннен кейін бұйырылғанды тастаған, немесе харам етілгенді істеген адамға ғана болады», - деген негізге сәйкес келеді». Қараңыз «Мәджму’уль-фәтауә» 19/227.

Және осы сөздерден кейін де, шейхуль-Ислам Ибн Таймия қорғану джихадын қабілеттіліктің (қудраның) болуымен де, мүмкіндіктермен де шарттамады дегендердің сөздері дұрыс болып табылады ма?! Мұның үстіне, оның өзі былай деп те айтты:  “Бүлікшілердің тобымен соғысу бұйрығы қабілеттіліктің (қудраның) және күштің болуымен шартталады, және олармен жүргізілетін соғыс көпқұдайшылармен және кәпірлермен жүргізілетін соғыстан маңыздырақ емес, ал ол да, сондай-ақ, қабілеттілілікпен (қудрамен) және күшпен шартталатыны белгілі. Кейде шариғи пайда (кәпірлерге) алым-салық төлеуде де, немесе бітімдесуде, немесе келісім-шарт жасасуда да болуы мүмкін, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) осылайша бірнеше рет істегеніндей. Және егер имам (әмір) күштің болуын көріп, бірақ (шайқасудан) пайда келуін көрмесе, онда оны (шайқасуды) қалдыру абзалрақ болады! Және кім шайқасу пайдадан көбірек зиян келтіретінін көріп тұрса, және бұл шайқас - бүлік (фитна) екенін көріп тұрса, ол әмірге бағынуға міндетті болмайды”. Қараңыз “Мәджму’уль-фәтауә” 4/442.

2) Ақиқатында, қорғану джихадын міндетті деп есептейтін және «джихад ад-даф′ ешқандай шарттарға ие емес» екендігі туралы айтқан шейхуль-Исламның өзі басқа бір міндеттілікке (уәжіпке), нақты айтқанда, екі жамандықтың ішінен аздауын таңдау арқылы үлкендеуін жоюға, нұсқайды. Және бұл міндеттілік - діннің назарға алынуға  қажетті болған негіздерінен екендігін түсіндіреді.  Ол, Аллаһ оны рақым етсін, былай деп айтатын: «Ақиқатында, пайдаға қол жеткізіп, оны кемелдендіру және зиянды жойып, оны азайту - міндетті болып табылады! Және егер екі пайда, немесе екі зиян бір-біріне қарама-қарсы келсе, онда ең аз пайданы тастап, ең көбін істеген және зиянның ең азын өзіңе алып, ең көбін жою дұрыс болады». Қараңыз «Мәджму’уль-фәтауә» 28/284.

Және ол, сондай-ақ, былай деді: «Және бір істе пайдалы (әл-мәсалих) және зиянды (әл-мәфәсид) нәрселер біріксе, шариғат екі нәрседен ең азын түсіріп тастап, ең үлкен пайдаға қол жеткізуге және ең көп зиянды тойтарып, аздау зиян шегуге  талпындырады!» Қараңыз «Мәджму’уль-фәтауә»  31/92.

Және оның, Аллаһ оны рақым етсін, осы айтқан сөздерінен кейін ол қорғану джихадында (ад-даф′)   пайда мен зиян мәселесін ескерудің маңыздылығын көрмейтінін, ол бұл мәселені діннің негіздерінің бірі деп санайтынын біле тұра, қалайша оған телуге болады?! Бұған қоса, ол, Аллаһ оған рақым етсін, монғол-татарлармен орын алуы мүмкін шайқастан келетін зардаптардың белгілі бейнесін көргеннен кейін, олармен шайқасудан бас тартқандарды тіпті мақтап, былай деген еді: «Сондықтан да, діндегі білім мен даналықтың иелері бұл жолы (Дамаскке тап берген) монғол-татарлармен, Аллаһ және Оның Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұйыратын шариғи (дұрыс) шайқасудың болмауы себепті, шайқаспады. Өйткені, мұның салдары жауыздық пен бұзақылыққа, және шайқасудан талап етілетін жеңістің болмауына әкелер еді. Сондықтан да, мұны білгенге осыда (шайқасуда) бұл өмірде де, арғы өмірде де сый болмайды!» Қараңыз «Радд ‘алә әл-Бәкри» 2/733.

3) Ақиқатында, қорғану джихады міндетті деп есептеген және «джихад ад-даф ешқандай шарртарға ие емес», - деп айтқан шейхуль-Исламның өзі пайдасынан зияны көп істі шариғат харам еткенін түсіндірген еді! Ол былай деп айтатын: «Аллаһ Тағала  (орындауы) не міндетті, не абзал (мустахабб) болған ізгі істерді (ғана) бұйырғанын білу керек. Ал шариғат тек зиян келтіретін істерге тыйым салды. Және егер қандайда бір іс өзіне зиян мен пайданы қамтыған болса, және пайдасы зиянынан басым болса, онда Аллаһ Тағала осы істі жүктейді. Ал, егер зияны асып жатса, онда Аллаһ Тағала бұл істі жүктемейді, одан қалса, оған тыйым салады!» Қараңыз «Мәджму’уль-фәтауә»   11/623.

Ол, сондай-ақ, былай деді: «Адам ол арқылы өзінің қалағанына қол жеткізетін себептің әрбірі (шариғатта) заңдастырылған болып табыла бермейді, одан қалса, тіпті рұқсат етілмеген болуы да мүмкін. Және себеп  оның пайдасы зиянынан көбірек болған кезде ғана заңдастырылған болады. Ал егер оның зияны пайдасынан басым болса, ол зандастырылған болмайды, керісінше, тыйым салынған болады, тіпті онда қандайда бір пайда болып тұрса да!»[5] Қараңыз «Мәджму’уль-фәтауә» 27/177.

Ол, сондай-ақ, былай деді: «Жалпы ереже мынандай: пайда мен зиян, ізгі және жаман істер өзара қайшы салмақты болса,  (пайдасының) салмағы басым жақты таңдау керек. Және пайда мен зиян бір-бірін ығыстырып тұрса, немесе өзара қайшы салмақты болса, онда әрбір тарапты қарап шығу керек. Өйткені, ақиқатында, бұйрық және тыйым пайда алу мен зиянды жою мәнін қамтиды, және егер пайда жағынан кемшіліктер немесе  зиянның нәтижесі көбірек болса, онда іс бұйырылған болып табылмайды да, керісінше, зиян пайдадан көп болғанда,  тыйым салынған болады». Қараңыз «Мәджму’уль-фәтауә» 28/129.

Сондай-ақ, ол: «Егер біреу: “Ақиқитында, ‘Али және Хусейн өмірлерінің соңында шайқасуды тек әлсіздіктерінің себебінен қалдырды, өйткені, оларда көмекші болмады, және олардың шайқасуы жандарды пайдасыз босқа өлтіру болар еді”, - десе, жауап мынандай: Міне, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандардың әмірлеріне қарсы шығуға тыйым салып, тіпті мұндайды істейтіндердің ниеті – әл-Хуррада және Бәдира әл-Джәмәджимде Йазидке және әл-Хаджәджға және басқаларға қарсы шыққандардың ниеті сияқты жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйю болса да, бүлік кезінде шайқасуды қалдыруға үндеп, назарын бөлген даналық та – дәл осы. Егер айыпталатын (жаман) нәрсе оданда көбірек айыпталатын (жаман) нәрседен өзге нәрсемен жойылмайтын болса, онда оны осындай әдіспен жою да айыпталатын (жаман) нәрсе болады. Және егер  мақұлданатын (жақсы) нәрсеге зияны оның пайдасынан көбірек болатын айыпталатын (жаман) нәрсе арқылы ғана жетуге болатын болса, онда бұл мақұлданатын (жақсы) нәрсенің нәтижесі, сонымен, айыпталатын (жаман) болады». Қараңыз «Минхаджу-Ссуннә» 4/536.

Және осыдан кейін: «Шейхуль-Ислам, Аллаһ оны рақым етсін:  «Қорғану джихады  қандайда бір шартсыз міндетті болады, тіпті ол дұшпанның шабуылынан да көбірек зиянға әкеп соқтырса да», - деп есептеді», - деп айту  қалайша  дұрыс болмақ?! Жоқ, керісінше, ол: «Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабаларының Меккеде, олар көпқұдайшылдардың езгісінің астында болған кезінде, шайқасудан бас тартуының себебі – зиянға қарағанда пайданы көздеу болды», - дегенді айқын етіп айтады! Шейхуль-Ислам, Аллаһ оны рақым етсін, былай деді: «Және кім шайқасу пайдадан көбірек зиян келтіретінін көрсе және бұл шайқасу – фитна екенін көрсе, ол әмірге мойынсынуға міндетті емес, өйткені, мойынсыну,  (әмірдің) қоластындағы (адам) Құран мен Сүннеттен күнә екендігін білмейтін нәрселерде ғана болуы мүмкін. Және бұл – фитна шайқасы екендігін түсінген (адам) (фитна кезінде шайқасуға тыйым салынатындығы туралы) нақтылаушы мәтінді қалдырмауы керек, және әмірлерге бағынуға қатысты жалпылама мәтіннің алдында оған таңдауы аумауы керек. Аллаһ Тағала тартыс кезінде Оған және Оның Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қайтуды бұйырды.  Және біз айтып отырғанға дәлел - Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзінен кейінгі мұсылмандардың әмірлерінің зұлымдығы және олардың зәбірлеушілігі туралы хабарлап, олармен соғысуға тыйым салғаны болып табылады, өйткені, бұл  мүмкін емес, және оның пайдасынан зияны көбірек, мұсылмандарға Исламның бастапқы кезінде Аллаһ Тағаланың мына аяттарында соғысуға тыйым салынғандай[6]: «Сондай оларға: «Қолдарыңды тыйындар, намазды орындап, зекет беріңдер!» - делінгендерді көрмедің бе?» (ән-Нисә 4: 77). Және Пайғамбар мен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оның сахабаларына көпқұдайшылардың және екіжүзділердің зәбірлеулеріне сабыр етіп, Аллаһ Тағала бұйрық бермейінше кешірімділік және кеңпейілділік таныту бұйырылған еді». Қараңыз «Мәджму’уль-фәтауә» 4/442-443.

4) ) Ақиқатында, қорғану джихады міндетті деп есептеген және «джихад ад-даф ешқандай шарртарға ие емес», - деп айтқан шейхуль-Исламның өзі джихад  әлсіздік сатысында емес, күштілік сатысында ғана міндетті болады, тіпті мұсылмандар көпқұдайшылардың езгісінде болса да,  деп түсіндіреді. Және дәлел ретінде ол Пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Меккедегі жағдайын келтіреді. Мушриктер Пайғамбарды (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қалайша ұрысып-балағаттағаны туралы айтып, шейхуль-Ислам былай дейді:  «Олар Пайғамбарды (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) ұрысып-балағаттады, және оған қорлық көрсетіп, дінді сөкті, және солай бола тұра, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) олармен шайқаспады. Бұған біз былай дейміз:

Біріншісі:  Бұл Исламның әлсіздік жағдайында болды, Аллаһ Тағала бұл жағдай жөнінде Өзінің Елшісіне және иман келтіргендерге олар Кітап иелері және көпқұдайшылар тарапынан өте көп жаман сөздер естетінін айтып, оларға сабыр етуді және Аллаһтан қорқуды бұйырған кезде.   Ал, күш пайда болған кезде осы әмірдің күші  олар (кәпірлер) бағынған күйінде джизья (салық) төлемейінше олармен шайқасу әмірімен жойылды, ал бағынышты (адам, қауым) қорлаушы ешнәрсені ашық көзге істемейді, егер істесе, онда ол бағынышты болып табылмайды. Бірақ, кейбіреулер бұл үкімнің (сабыр ету) күші жойылған дейді, ал кейбіреулер жойылмаған, өйткені Аллаһ Тағала Өзінің уәдесін орындамайынша оларға кешірімділік пен кеңпейілділік танытуды бұйырды дейді.

Ал Аллаһ Тағала Исламға күш және жеңіс берді, және кәпірлер бағынған күйінде джизья төлемейінше олармен соғысуды бұйырып, Өзінің уәдесін орындады. Және бұл Аллаһ Тағаланың мына сөздері сияқты: «Әйелдеріңнен  жексұрын қылық (зина) жасағандарға қарсы өздеріңнен төрт куә келтіріңдер. Егер олар мұны растаса, оларды өлгендеріне дейін, не Аллаһ олар үшін өзге жол орнатқанға шейін үйлерде қамаңдар». (ән-Нисә 4: 15). Және Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһ олар үшін жол жасады», - деді. Муслим.

Және кейбір ғалымдар бұл әмірдің күші жойылған дейді, ал кейбіреулері мұны олай демейді, және бұл жердегі келіспеушілік – тек тілдік.  Кейбір ғалымдар кешірімшілдік және кеңпейілділік таныту бұйрығы, мұсылмандардың белгілі уақытта немесе орында соғысуға әлсіз болған кезіндегідей,  бұған деген қажеттілік болған кезде күшке ие болатын туралы айтады. Және бұл - күші жойылған болып табылмайды, өйткені, күші жойылған (мәнсух) – бүкіл болашақ уақытқа күші жойылған болып табылады.  Және Пайғамбарда (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) күш пайда болған кезде, оған сырттай екіжүзділік танытатын Кітап иелеріне  және көпқұдайшыларға деген кешірімшілдік және кеңпейілділік танытуды қалдыру  әмір етілгендігіне жалпы келіспеушілік жоқ». Қараңыз «әс-Саримуль-мәслюль 2/443-444.

Және ол, сондай-ақ, былай деді: «Ақиқатында, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары Меккеде әлсіз және джихад жүргізуге қабілетсіз болған кезде, Аллаһ Тағала қолдарын тыюды және мушриктердің жаман сөздеріне төзім етуді бұйырды.[7] Ал олар Мәдинаға хиджра (қоныс аудару) жасап, және ол олар үшін қуатты және бекем қонысқа айналған кезде ғана Аллаһ Тағала олаға джихадтты бұйырды.  Алайда, Аллаһ олармен соғыспағандарға тиіспеуді әмір етті, өйткені, егер Аллаһ Тағала осыны бұйырғанда, онда бұл әрбір кәпір мен екіжүздіге қатысты жаза қолдану болар еді, және сонда арабтардың көбі Исламды қабылдағандарды өлтіріп жатқанын көріп,  Исламнан бетін кері бұрар еді. Және осыған ұқсас жағдайға байланысты Аллаһ Тағаланың мына сөздері түсірілген еді: «Кәпірлер мен екіжүзділерге бағынба. Олардың жәбір-жапаларын елеме. Аллаһқа тәуекел ет. Аллаһ Қамқоршы және Есендікте сақтаушы екені жетіп асады!» (әл-Ахзаб 33: 48). Бұл сүре Мәдинада Ор (Хәндәқ) шайқасынан кейін түсірілді. Сол кезде Аллаһ Тағала сондай жағдайда кәпірлер мен екіжүзділердің тіл тигізулеріне назар бұрмауды және, олардың жауабының себебінен туындауы мүмкін болған фитнаның себебінен, оларға жауап қайтармауды бұйырды. Және Мекке алынып, арабтардың барлығы  бірігіп  Аллаһ Тағаланың дініне кіргенге  дейін жағдай осылай болып қала берді.  Кейін Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) византиялықтарға жорыққа шықты, және Аллаһ Тағала әт-Таубә сүресін түсірді және діннің джихадқа, қажылыққа және жақсылыққа шақыруға қатысты заң-ережелерін толықтырды. Және дін толық болды, ал сол кезде Аллаһ Тағаланың: «Бүгін Мен сендер үшін діндеріңді аяқтадым…» (әл-Мәида 5: 3), - деген аяттары түсті. Бұл Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өлімінен үш ай бұрын болды.

Аллаһ Тағала Бәра (әт-Таубә) сүресін түсіргенде Ол Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) мүшриктермен болған келісім-шарттардан бас тартуды бұйырды да: «Әй Пайғамбар! Кәпірлермен және екіжүзділермен шайқас, және оларға қатаң бол (әт-Тахрим 66: 9), - деді. Және бұл аят Аллаһ Тағаланың: «Кәпірлер мен екіжүзділерге бағынба. Олардың жәбір-жапаларын елеме» (әл-Ахзаб 33: 48), - деген сөздерінің күшін жойды. Және бұл - екіжүзділерге көмек көрсететін ешкім қалмауы себепті болды.  Ал егер оларға қатысты жаза қолданылғанда, онда Мухаммад (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзінің сахабаларын өлтіріп жатыр деп айтатын кәпір қалмас еді, және сондықтан Аллаһ Тағала олармен джихад жүргізуді және оларға қатаң болуды бұйырды.

Сондай-ақ, ғалымдар әл-Әхзаб сүресінің аятының күші осы және осыған ұқсас аяттармен жойылды дейді. Сондай-ақ, Аллаһ Тағала әл-Әхзаб сүресінде: «Егер екіжүзділер, жүректерінде дерті болғандар және қалада уайымды өсек таратқандар тыйылмаса, әрине, сені оларға үстем етеміз. Сосын олар қалада саған аз уақыт ғана көрші бола алады. Олар қарғысқа ұшырап, қайдан табылса да, ұсталып, өлтіріледі», - деді. Одан олар (екіжүзділер) сол кезде сондай, егер өздері оларды  тастамаса, онда Аллаһ Тағала Өзінің дінін ұлықтағандығынан және Өзінің Елшісіне көмектескендігінен оларға болашақта соғыс жариялайтын, істерді істегені айқындалды.

Және егер біз кәпірлермен джихад жасауға қабілетті болмасақ, онда біз шайқасудан шегеретін және сабырлық (танытуды бұйыратын) аяттарға сәйкес амал етеміз[8], ал күш және қуат пайда болған кезде, бізге Аллаһ Тағала: «Әй Пайғамбар! Кәпірлермен және екіжүзділермен шайқас!» - дейді ”.  Қараңыз «әс-Саримуль-мәслуль» 3/681-683.

Сондай-ақ,  шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді: «Аллаһ Тағала мұсылмандарға дінде және күште көрінетін Өзі уәде еткен көмегін бергенде, Ол Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) алдын келісім-шарт жасасқандарға  қатыссыз болуды, және барлық мушриктермен және Кітап иелерімен, олар бағынған күйінде джизья төлегенше, соғысуды бұйырды. Және бұл - Аллаһ Тағала о баста бұйырған сабыр таныту мен Аллаһтан қорқудың нәтижесі болды. Сол кезде Мәдинада бірде бір яхудиден де, басқа кәпірлерден де джизья алынбады. Және (сабырлық туралы) бұл аяттар Аллаһқа және оның Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қолымен де, тілімен де көмектесе алмайтын әрбір әлжуаз мұсылманға қатысты. Алайда, ол дінге жүрегімен т.с.с. өзі көмектесе алатын нәрсесімен көмектеседі. Ал кәпірлерді кемсіту (олардан джизья алу) туралы аят Аллаһқа және оның Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын)  қолмен және тілмен көмектесу үшін күшке ие болған әрбір күшті муминге қатысты. Және мұсылмандар осындай және осыған ұқсас аяттар бойынша тек Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өмірінің соңында және ізгі халифалар кезінде ғана өмір сүрді, және Ақыретке дейін осылай болмақ, үммет ішінен бір топ ақиқатты қорғауын, Аллаһқа және Оның Елшісіне толық көмекпен көмектесуін тоқтатпайды.   Және сондықтан да, өздері әлсіз болған аймақта, немесе уақытта болған муминдер сабыр ету,  және Аллаһқа және Оның Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) тіл тигізетіндерін Кітап иелерін және мушриктерді қалдыру (туралы) аяттары бойынша өмір сүреді. Ал, күшке ие болғандарға қатысты айтар болсақ, олар дінді сөгетін күпірліктің жетекшілерімен шайқасу аяттары бойынша, және Кітап иелерімен, олар бағынған күйінде дзизья төлегенше, шайқасу аяттары бойынша өмір сүреді». Қараңыз «әс-Саримуль-мәслюль» 2/412-414.

Және шейхуль-Исламның осы айқын сөздерінен кейін ол, Аллаһ оны рақым етсін, мұсылмандарға қорғану джихады, тіпті олар күшсіз және әлжуаз болса да, міндетті болады деп есептеген деп айту қалайша дұрыс болмақ?! Өйткені, шейхуль-Исламның өзі оның тұсындағы әлсіз болған Йеменнің және Хиджәздың тұрғындарын джихадпен міндеттемеген еді! Ол былай деп айтатын: «Шындығында, Йеменнің тұрғындары бұл уақытта әлсіз және джихад жасауға қабілетсіз, және олар ода қемістік жасауда. Олар осы қалаларды алғандарға бағынады, және тіпті оларға (монғол-татарларға) бағыну және мойынсыну туралы хат жолдапты. Және, сондай-ақ, мушриктер Халәбқа дейін жеткен кезде, ол жерде көп қан төгілді. Ал Хиджәздің тұрғындарына келер болсақ, негізінен немесе олардың басым бөлігі шариғаттың шеңберінен шықты, өйткені олардың бидғаттары, адасушылықтары және бұзықтықтары қаншалықты көп екендігін Аллаһ ғана біледі. Ал олардың ішіндегі ізгі және діндар муминдерге келер болсақ, олар әлжуаз және күшсіз болып табылады, және қазір бұл қалалардағы күш пен ұлықтық Исламның жақтаушыларында емес!»[9] Қараңыз «Мәджму’уль-фәтауә» 28/533.

5) Ақиқатында, қорғану джихады міндетті деп есептеген және «джихад ад-даф ешқандай шарртарға ие емес», - деп айтқан шейхуль-Исламның өзі кәпірлер басып алған жерден хиджра жасау міндетті деп айтатындардың қатарынан еді. Ол дінін ашық түрде ұстана алмайтын адамға дінін ашық ұстануға мүмкіндік бар жерге қоныс аударуға міндетті (уәжіп) болады дейтін. Және ол мұндай адамдарды олардың әлсіздігі себебінен джихад жасауға міндеттемейтін еді. Ол былай дейтін:  «Және рафиди-шиғалар мен екіжүзділердің қалдықтары Ливанның тауларында және басқа жерлерде қалып қойды, және, мүмкін, христиандардар оларды ол жерлерде жеңгені соншалықты, сол рафидилер мен екіжүзділер олардың малайына айналды. Және Ливан таулары және сол сияқты жерлер христиандар мен рафидилердің арасындағы мемлекетке айналды, және ол жерлер игіліктен жұрдай. Және мұсылманға өз дінін ашық танытуға рұқсат бермейтін христиандар мен рафидилердің арасында өмір сүруге шариғат бойынша рұқсат етілмейді, одан қалса, тіпті тыйым салынады.  Алайда, зухдтық және ғибадатшылдық  танытып, адамдардан оңашалануды таңдап алған кейбір топтар бұл және оған ұқсас тауды ол жердегі бар нәрселер үшін ең лайықты деп есептеп, сол себептен ол жаққа кетті. Бұл олардың бұрыс шешімі және қателігі болды, өйткені тауларға, үңгірлерге және шөлге қоныстану шариғат бойынша тек фитна (бүлік) кезінде, адамнан міндеттіліктерді орындауды және харамнан тыйылу сияқты дінін тастау талап етілетін елдерде ғана рұқсат етіледі. Және сондықтан да осындай уақытта мұсылман адам дінін ұстана алмайтын жерден мұны істей алатын жерге хиджра жасайды. Өйткені, шындығында, мухаджир ол – Аллаһтың тыйым салған нәрселерінен қашықтаушы!» Қараңыз «Мәджму’уль-фәтауә» 27/55.

Және қалайша осыдан кейін шейхуль-Ислам Ибн Таймийя кәпірлер шабуыл жасаған мұсылмандар үшін шайқасудан өзге ешнәрсе көрмей тұр деп айтуға болады?! Өйткені, оның өзі христиандар олардың жерлерін басып алған соң өздерінің дінін ұстана алмаған Мәаридин тұрғындарына жиджра жасау уәжіп болады деп есептеді ғой! Ол былай деді: «Мұсылмандардың қаны мен мал-мүлкі - олар қай жерде болса да, Мәаридинде ме, басқа жерде ме, харам болып табылады! Және Ислам дінінен шыққандарға, олар қай жерде болсын, Мәаридинде ме, басқа жерде ме, көмектесу - харам болып табылады! Егер мұсылман өзінің дінін ашық таныта алмаса, оған ол жерден хиджра жасау уәжіп болады, ал ол дінін ашық таныта алса, оған хиджра жасау абзал болады, бірақ міндетті емес. Және адамдарға мұсылманның жауларына өздерінің жандарымен, немесе мал-мүлкімен көмектесуге тыйым салынады, және оларға көмектесуден кез-келген мүмкін болған тәсілдермен өздерін шеттету уәжіп болады». Қараңыз «Мәджму’уль-фәтауә 28/240.

6) Ақиқатында, қорғану джихады міндетті деп есептеген және «джихад ад-даф ешқандай шарртарға ие емес», - деп айтқан шейхуль-Исламның өзі шайқасудан мал-мүлік төлеп келісімге келуді, бітімдесуді және келісім-шарт жасасуды, егер осыда мұсылмандар үшін пайда болса, абзал көргендерден еді, мұны бірнеше рет Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) істегеніндей. Ол былай деп айтатын: “Бүлікшілер тобымен соғысу әмірі қабілеттіліктің (қудра) және күштің болуымен шартталады, және олармен жүргізілетін соғыс көпқұдайшылдармен және кәпірлермен болған соғыстан маңыздырақ емес, және ол да қабілеттіліктің және күштің болуымен шартталатыны белгілі. Кейде шариғи пайда төлем төлеуде де, немесе бітімдесу мен келісім-шарт жасасуда да болуы мүмкін, мұны бір неше рет Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) істегеніндей.[10] Және егер имам (әмір) күштің бар екендігін көріп тұрса, бірақ (шайқасудағы) пайданы көрмесе, онда оны қалдыру жақсырақ болады!” Қараңыз “Мәджму’уль-фәтауә” 4/442.

Мұның үстіне, шейхуль-Ислам Ибн Таймияның өзі кейбір мұсылман елдеріне шабуыл жасаған дұшпандармен бітім жасасуды мақұлдаған.  Мысалы, оның өзі солардың бірі болып табылатын Шам тұрғындары туралы былай дейтін: «Олардың дұшпаны (монғол-татарлар) бастапқыда олармен бітімге келуге разы еді және Исламға кіре бастады». Қараңыз «Мәджу’уль-фәтауә» 28/432.

Сондай-ақ, шейхуль-Ислам, Аллаһ оны рақым етсін, мұсылман елдерін монғол-татарлардың зұлымдығынан Дамаскіде тілімен қорғауға ұмтылғандардан еді. Имам әз-Захаби, одан мұны  Ибн ‘Абдуль-Хади жеткізгендей, былай деп баяндаған: «Шейхуль-Исламның батылдығына келер болсақ, ол - өнеге болатындай, және кейбір ерлер оның бір бөлігімен ғана теңдесе алады. Аллаһ Тағала оңың өзіне  Газан және Тақайядағы қасіреттердің бар ауырпалығын көтеруді жүктеді, және ол тұрды және отырды, кірді және шықты, және екі рет әмірмен мәжіліс жасады, Қатлушахпен де, Булаймен де. Және оның татарлар алдындағы батылдығына және ержүректігіне таң қалатын, ол соғыстың арыстаны болғандай». Қараңыз «әл-‘Уқуд ад-дурийя» 134.

Сондай-ақ, Әбу Хафс әл-Бәззар былай деп баяндайтын: «Газанның әмірі басып алынған Дамаскіні алғанда, оған Караджа патша келіп, оған Дамаскідегі мұсылмандарды қырып тастауға көмектесуі үшін көп байлық берді. Бұл хабар шейхуль-Исламға жеткен кезде, ол бірден мұсылмандарды ерлікке және шахадаға үндей бастады, және оларға көмек пен жеңісті, қауіпсіздік пен үрейсіздікті уәде етті. Кейін Газан әміріне онымен бірге атақты және дана адамдардан құралған делегация жіберілді. Және әмір оларды көрген кезде: «Бұлар кім?» - деп сұрады, ал оған: «Бұлар – Дамаскінің атақты адамдары», - деп жауап берілді, сонда ол рұқсат етті және олар оған кірді. Бірінші болып шейхуль-Ислам, Аллаһ оны рақым етсін, сөйледі, және әмір оны көргенде, Аллаһ оның жүрегіне шейхке деген үлкен құрметті салып қойды да, ол оған жақында, оны отырғызды. Және шейх онымен әнгімелесе бастады, біріншіден, мұсылмандар үстінен біліктің Карадж патшаға берілуіне және оған мал-мүліктің тапсырылуына келіспейтінін, және мұсылмандардың қанын төгуге тыйым салынғандығы жөнінде оған баяндап, ескертті, және оны уағыздап-насихаттады, және әмір оның насихаттауларына мойынсынып жауап берді. Және шейхуль-Исламның себебімен мұсылмандардың қаны, олардың әйелдері мен балалары сақталып қалды».[11] Қараңыз «әл-Ә’ләм әл-‘улийя» 69-71.

Және осыдан кейін шейхуль-Ислам кәпірлер мұсылмандардың қаласына шабуыл жасағанда қылышпен жауап беруден басқа ешнәрсе көріп тұрған жоқ деген сөз қалайша дұрыс болмақ?!

7) Ақиқатында, қорғану джихады міндетті деп есептеген және «джихад ад-дафъ ешқандай шарртарға ие емес», - деп айтқан шейхуль-Исламның өзі де әскерлерді біріктіруге, әмірлерді күш әзірлеуге, шекараларда күзетшілер қоюға үндеуге, адамдарды оқытуға, және бұл мәселелерде тиянақты пәтуалар беруге ұмтылатындардың қатарынан еді. Және осылардың барлығы орындалмай, ол шайқасуды міндеттемейтін!

Хафиз Ибн Кәсир былай деп жазған: «Шейх Тақыйюддин Ибн Таймия Сафәр айының 2-де (х. 700 ж.) мешіт мәжілісінде отырып, адамдарды шайқасуға үндеді, оларға осыған қатысты аяттар мен хадистерді келтіріп, қашуға асығуға тыйым салды және Аллаһтың жолында (мал-мүлк) сарп етуге, мұсылмандардың өмірін, олардың қалалары мен мал-мүлкін қорғауға үгіттеді.

Және бұл жолы ол монғол-татарларға қарсы джихадтың міндетті екендігі туралы жариялады, және мұны жиналыстарда айтты. Джәмәдуль-улә айында адамдар қорққандығынан ауыр хәлде болды, султан кешігіп, ал дұшпан жақындай берді.  Және шейх Ибн Таймия, Аллаһ оны рақым етсін, әл-Мәрадждағы Шамның әміршісіне барып, оларға Аллаһ Тағаланың: «Міне осылай; кім өзі жазаланғандай ғана жазалаған болса, және осыдан кейін оған зұлымдық жасалса, Аллаһ, міндетті түрде оған жәрдем етеді. Күдіксіз, Аллаһ - аса Кешірімді, өте Жарылқаушы» (әл-Хадж, 60), - деген аяттарын оқып беріп, оларды  және олардың көңілдерін нығайтты, жүректерін тыныштандырып, оларға көмек пен дұшпан үстінен жеңісті уәде етті.  Және ол жексенбіге қараған түнді әскермен бірге өткізді де, кейін Дамаскіге оралды. Осыдан кейін әмірші мен басшылар одан шабарманмен бірге Мысырға баруын, әмірді қайтуға үндеуін сұранды, және ол онымен бірге шықты. Және сұлтан жағалауға барып  жеткенде, ол (шейхуль-Ислам) оған жетейін деп қалды, алайда, ол (сұлтан) Каирға кіріп кетті де, жағдай қолдан тайды. Алайда, шейхуль-Ислам ол жақта Шамға әскер жасақтауға үндеді, егер олардың оларға деген мұқтаждығы болса. Ол оларға: «Егер сендер Шамнан және оны қорғаудан бет бұрсаңдар, онда біз өзімізге қамқорлық жасайтын және бізді қорғайтын, және бейбітшілік кезінде пайда келтіретін сұлтан тағайындаймыз», - деді. Және Шамға әскер әзірлене бастағанша оларды үгіттеуді тоқтатпады. Кейін ол оларға былай деді: «Егер сендер Шамның әмірлері мен патшалары болмағандарыңда, ал оның тұрғындары сендерден көмек сұрағанда, оларға көмектесулерің сендерге міндетті болар еді. Ендеше, сендер - олардың әмірлері мен сұлтандары, ал олар – сендердің қоластындағыларың болып табылатын, және сендер олар үшін жауапты болып тұрған жағдай туралы не айтуға болады?» Ол олардың рухын күшейтті және бұл жолы оларға жеңісті уәде етті. Кейін олар Шамға қарай шықты, және әскерлер Шамда біріккенде, адамдар өздерінің жандарын, отбасыларын және мал-мүліктерін сақтап қалуға үмітін үзгеннен соң, бұған өте қатты қуанды.

Шейх Ибн Таймия Мысыр қамалында джихадқа және дұшпанға қарсы шығуға шақырып, сегіз күн болды да, шабармандармен бірге Мысырдан джәмәдуль-улә айының 27-сінде оралды. Ол өзінің шығу туралы шақыруына жауап берген сұлтанмен, уәзірмен және мемлекеттік атақты тұлғалармен кездесті». Қараңыз «әл-Бидәя уә-ннихая» 14/14-16.

Және шейхуль-Исламның осы амалынан соң ол бәрібір, қалыптасқан жағдайды қарастыруға назар бұрмастан, кез-келген жағдайда қорғану джихадын міндетті және ешқандай шарттарға ие емес болып табылады деп есептеді деп айту қалайша дұрыс болмақ?

8) Ақиқатында, қорғану джихады міндетті деп есептеген және «джихад ад-дафъ ешқандай шарртарға ие емес», - деп айтқан шейхуль-Исламның өзі джихадтың үкімі қабілеттіліктің (қудраның) болуына байланысты әртүрлі болады деп айтқан. Және ол  үкім-ережелер күш және әлсіздік, білім және білімсіздік сияқты қалыптарға байланысты, ауыру мен саудың, бай мен кедейдің үкімі ерекшеленетіні сияқты, әртүрлі болады деп түсіндірген.  Шейхуль-Ислам былай деп айтты: «Көмекшілері бар болғанда Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қабілеттілігі (қудрасы) толыққанды болды, және оған қудрасыз міндетті болмаған джихад міндетті болды! Үкім-ережелер күш пен әлсіздік, білім және білімсіздік қалыптарына байланысты, бай кедейден, сау науқастан жағдайына байланысты ерекшеленгендей, ерекшеленеді!» Қараңыз «Минхаджу-Ссуннә» 1/86.

9) Ақиқатында, қорғану джихады міндетті деп есептеген және «джихад ад-дафъ ешқандай шарртарға ие емес», - деп айтқан шейхуль-Исламның өзі ғалымнан шығатын қаулы (хукм) кейде бастапқылық және негіз жағынан болады, ал кейде негіздер мен пәтуалар жағынан болады деген. Және орын алып жатқанға сәйкес пәтуаны қалыптасқан жағдаяттарды қарастырмай беру мүмкін емес деп есептеген. Яғни пәтуалар әртүрлі болады: міндеттер, тыйымдар т.б. сияқты Исламның қаулыларын жеткізу болып табылатындары; және нақты қалыптасқан жағдайға байланысты болғандары. Қараңыз «әл-Мусуәдда» 504.

Ал, шейхуль-Исламның қорғану джихадының ешқандай шарты жоқ деген сөздері, тура екінші жағдайға қатысты. Сондықтан, бұл сөздерді оның басқа да айтылған сөздерімен бірге тұтас етіп қарастыру қажет.

Шейх Ибн әл-Қаийм, Аллаһ оны рақым етсін, былай дейтін: “Адамдарға тек кітаптарда келтірілгеннің негізінде, олардың әдет ғұрыптарын, уақытын, орнын және жағдайларын ескермей пәтуа беретін адам өзі адасап, өзгелерді де адастырады. Мұндай муфтийдің діңге қарсы жасап жатқан қылмысы барлық адамдарды біріңғай медициналық кітап бойынша, жасайтын орын мен уақыттағы, темперамент пен әдеттегі ерекшіліктерді ескермей емдейтін дәрігердің қылмысынан жаман. Мұндай надан дәрігерлер мен муфтилер дінге және адамдардың денсаулығына ең үлкен зиян тигізеді”. “И’ләмуль-мууәкқи’ин” 3/89.

10)       Соңғысы!

Ақиқатында, шейхуль-Исламның джихад әд-даф’ ешқандай шарттарға ие емес деп айтылатын сөздерін, бұл сөздерді оның басқа сөздерінің ортасынан жұлып алған бидъатты жақтаушылар сияқты емес, олармен бірге тұтас оқитын адам шейхуль-Ислам өз сөзінің астарында жалпы шарттарды емес, шарттардың толыққандығын меңзегенін түсінеді!  Іс жүзінде шейхуль-Ислам, Аллаһ оны рақым етсін,  бұл сөздерді  джихадтың міндетті болуына запастың (тамақ пен судың) және мінетін жануардың болуын шарт еткен әл-Қадыға[12] білдірген қарсы пікірінде  айтқан еді.  Және шейхуль-Ислам қорғану джихадында бұл уәжіп емес деп түсіндірді. Сенің алдыңда шейхуль-Исламның, Аллаһ оны рақым етсін, тұтас  сөздері: «әл-Қады былай деген: “Егер джихад қала тұрғындарына міндетті болған болса, және олар намазды қысқартуға тиісті болған қашықтықта болса, онда джихад міндетті болуы үшін азық-түліктің және мінетін жануардың  болу шарты қажетті болады, бұл Қажылықта шарт болып табылатынындай”».

Енді шейхуль-Ислам оның сөздеріне жауап береді: «Қады қажылықпен келтіретін қияс имам Әхмәдтан жетпеген, және ол әлсіз болып табылады. Өйткені, ақиқатында, дұшпанның зиянынан қорғану үшін жасалатын джихадттың міндеттілігі хиджрадан міндеттілеу болуы мүмкін. Және сосын, джихадты орындау мінетін жануардың болуымен шартталмайды, және кейбір джихад бастапқы болып табылады.   ‘Убада ибн әс-Самиттен жеткен сахих хадисте Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Мұсылман адамға ауыр және жеңіл кезде, тырысуда және мәжбүрленуде тыңдау және бағыну міндеті жүктелген». Муслим. Және Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), ауырлықта да, жеңілдікте де бағынумен міндеттеді, және бұл жерде оның міндеттілігі, қажылықтан айырықша, ауырлығымен бірге біртұтас болып келеді. Мұның барлығы шабуыл джихадына (әт-таләб) қатысты. Ал қорғану шайқасына қатысты айтар болсақ, бұл – ар-намыс пен дінге қол сұғушыға қарсылық көрсетудің ең ауыр түрі болып табылады, сондықтан ол - бірауызды пікір бойынша (ижмәъ), міндеттілік (уәжіп) болып табылады! Және иманнан кейін дін мен тіршілікті бүлдіретін шабуылдаушы дұшпаннан қорғанудан міндеттілеу нәрсе жоқ, ал сондықтан қорғану джихадының (әд-дафъ) ешқандай шарты жоқ, керісінше, қолдан келгенше қорғану керек, және бұған біздің ғалымдарымыз және өзге мазхабтардың ғалымдары нұсқаған. Және шабуылдаушы зұлым дұшпаннан қорғану мен дұшпанның өзіне оның елінде шабуыл жасаудың арасында айырмашылық қажет. Және джихадтың ішінен қолмен жасалатыны да, жүрекпен жасалатыны да, шақырумен, дәлелмен, тілмен, пікірмен, еңбекпен және қалыптасқан жағдайды талдаумен жасалатыны да бар. Және осы мүмкін болған кезге дейін ол міндетті болып табылады!» Қараңыз «әл-Фәтауә әл-кубра» 4/608.

Міне осы - шейхуль-Исламның тұтас айтқан сөздері, және олар міндетті джихадты орындауды запастың және мінетін жануардың болуымен шарттағанға қарсы пікір айтуда әп-айқын. Бірақ, оның «ешқандай шарты жоқ» деген сөздерінен кейін айтқан: «Және джихадтың ішінен қолмен жасалатыны да, жүрекпен жасалатыны да, шақырумен, дәлелмен, тілмен, пікірмен, еңбекпен және қалыптасқан жағдайды талдаумен жасалатыны да бар. Және осы мүмкін болған кезге дейін ол міндетті болып табылады!» - деген сөздерінен қорғану джихады тек қарумен ғана жасалады деп түсінуге болады ма?! Уа, Аллаһ, әрине, жоқ, тек надандар мен  жаман ниет иелеріне ғана болмаса.

Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Аудармашыдан:

Мен, сондай-ақ, бұл еңбекке үмметіміздің имамдарының осы мәселеге байланысты айтқан сөдерін қосқым келді. Оларды маған құрметті бауырлар осы еңбекке қосымша ретінде жеберген болатын. Аллаһ оларға игілікпен қайырсын және білім талап ету жолында қуаттасын!

Имамдардың сөзін келтіруді «Қорғану джихады ешқандай шарттарға ие емес» деген сөзге одан да көбірек айқындық беретін  шейхуль-Ислам Ибн Таймияның айтқандарынан бастауды жөн көрдім.  Шейхуль-Ислам шарттар дегенде жалпы шарттардың өзін емес, шабуыл джихадына қажетті толыққанды шарттарды меңзеп тұр. Түрлі адасқан пікірлердің мысалын келтіріп, сондай-ақ, оларды түсіндірудің және жоққа шығарудың қажеттілігіне нұсқап, шейхуль-Ислам былай деді: “Және осының мысалы – дұшпан оның еліне тап беретін жағдай. Ал ол құрылыс құрып, егін егіп, өзіне пайда келтіретін және ортақ дұшпаннан елді қорғаудан алдын бірінші кезекте ол арқылы өзін өз дұшпанынан қорғай алатын нәрселерді істей бастады. Және ол бір нәрсені құрған сайын, дұшпан оны қиратады,  және ол оны екінші рет қайта құра алмайды. Ал, сондықтан, егер ол - ең басынан өзін дұшпаннан қорғауға қабілетті (қадиран) болса, мұны жасағаны  абзалрақ болады, тіпті егер ол  осыны жасауда қандайда қиыншылықтар көрсе де, алайда бұл қиыншылықтар болашақтағы дұшпан оның елінде болуына байланысты басына түсетін қиындықтардан жеңіл болады”. Қараңыз “Бәяну тәлбис әл-джәхмия” 1/172.

Алайда, шейхуль-Ислам сөзінен бұл мысал қабілеттілік (қудра) - қорғану джихадының шарты болып табылатынын түсінуге жетіп асады. Мысал ретінде шейхуль-Ислам қорғану джихадын келтірді де, оны қабілеттілікпен (қудрамен) байланыстырды!

Әбу Исхақ имам әл-Әуза’иден[13] дұшпан қасына келген мұсылмандардың қамалы туралы, ондағы мұсылмандар дұшпанға күші келмейтініне қауіптенетіні жайлы, және «Мұсылмандар оларға қаруы мен мал-мүлкін беретін шартпен олармен бітімдесуге болады ма?» - деп сурағанын баяндайды. Имам әл-Ауза’и: “Егер оларға күші келмесе, онда мұның оқасы жоқ!” – деп жауап берді. Қараңыз “әс-Сияр” 336, Әбу Исхақ.

Имам әл-Ауза’идің (х. 88 ж. туған) бұл жауабынан шайқасу мұсылмандар үшін, тіпті оларға кәпірлердің шабуыл шасаған жағдайында да бірмағыналы міндетті болып табылмайтыны және қалыптасқан жағдайды, сондай-ақ, Ислам мен мұсылмандар үшін пайда мен зиянды ескеру қажет екендігі айқын болады!

Имәм Ибн Джәрир әт-Табәри былай деп баяндайтын: “Хиджраның 70 жылы басталғанда, румдықтар көтеріліп, әскермен Шамның мұсылмандарына қарай жылжи бастады. Және сонда  халифа ‘Абдуль-Мәлик ибн Мәруән мұсылмандар үшін қауіптеніп, румдықтардың әмірімен оларға әр жұма сайын 1000 динар төлеп тұру шартымен бітім жасасты”. Қараңыз “әт-Тарих” 6/150.

Бұл тарихи деректе румдықтардың Шамға жасаған шабуылы туралы сөз болуда, ал ол Шам тұрғындары үшін қорғану джихады еді. Алайда сол кездің халифасы ‘Абдуль-Мәлик, олармен шайқаспады да, кәпірлермен бітім жасасты, бұған қоса, оларға алым да төледі. Егер қорғану джихады шайқасудан басқа ешқандай шарттарға ие болмағанда, ол ешқашан мұндайға бармайтын еді. Ал бұл оқиға хиджраның 70 жылы, Ибн ‘Умәр, Джәбир, Әбу Са’ид әл-Худри, Әбу Умәмә, Әнәс сынды сахабалардың көзі тірісі кезінде орын алған еді, және бұл кезең табиъин имамдарының өркендеген кезеңі еді. Және бұл халифа осындай іс-әрекетке, ешкімнен кеңес сұрамай барды дегенді, елестету қиын! Бұған қоса, оның өзі де білім иелерінің қатарынан еді.[14]

Исламдағы джихадқа ең күшті талпындыратын  «Мәшәри’уль-әшуәқ» кітабының авторы - муджәхид болған имам Ибн ән-Нәххас[15] қорғану джихады туралы былай деп айтатын: “Егер кәпірлер біздің қаламызға кірсе, немесе біздің шекараларымызға жақындаса, бірақ кірмесе, және олардың саны қала тұрғындарының санындай, немесе олардан аздау болса, онда джихад сол кезде фәрдуль-айн болады!” Қараңыз “Мәшәри’уль-әшуәқ” 101.

Сөйтіп, бұл имам адам санының ара қатынасын ескертпе етіп атап өтті, ал егер қорғану джихады ешқандай шартқа ие болмағанда, адам санына назар аударудың еш мәні болмас еді!

Ибн ән-Нәххастың келесі сөздері бұл мәселенің нүктесін қояды: “Егер дұшпандар мұсылмандардың қаласына тап берген (шабуыл жасаған) болса, ал мұсылмандар оларға қарсы соғысуға шықпаса, олардың әрекетсіздігі ұрыс майданынан қашу және дұшпанға арқаны көрсету секілді болады. Бірақ, бұл - мұсылмандар дұшпандардан көп болған жағдайда ғана! Алайда, егер мұсылмандардың саны аз болса, олар мұндай жағдайда күнәға лайықты болмайды. Олар өздерінің мұсылман бауырларынан  қосымша күш күтсін”. Қараңыз “Мәшәри’уль-ашуәқ” 354.

Бұл сөздерде қорғану джихады қабілеттіліктің (қудраның) болуымен шартталатынына  тұп-тура нұсқау бар!

Уа, мұсылмандар, қаласына дұшпан шабуыл шасағанда отырып алушы мұсылмандар қандай жағдайда ғана өз міндетінен бас тартатын күнәхар болатынына назар аударыңдар!

Мұндай жағдайдағы мұсылмандардың үкіміне келер болсақ, онда оларға көмекке ешкім келмесе, және егер, тіпті босқа қырылып тасталу құнымен болса да, өздері қарсылық көрсетуді бастамаса, бұл - олар күнәхар болады дегенді білдірмейді.  Осыған ұқсас жағдайда олар сабыр етіп, Аллаһ Тағалаға тәуекел етуі керек, Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары өз уақыттарында осылай істегендеріндей!

Шейх Ибн ‘Усәймин былай деп айтатын: “Джихад фәрду кифәя немесе фәрду ‘айн болсын, бәрібір оның шарттары болуы керек, олардың ең маңыздысы болып қабілеттіліктің (қудраның) болуы табылады. Және егер адамдарда қабілеттілік (қудра) болмаса, олар өздерін опат болуға тастамауы керек!” Қараңыз “Бәбуль-мәфтух” 2/420, № 1095 сұрақ.

Жоғарыда баяндалғанның барлығымен танысып болған соң, шейх Ибн ‘Усәйминнің сөздері атақты имамдар ұстанған пікірге толығымен сәйкес екендігі бізге айқын болады. Алайда, өздерін білімге телитін кейбір надандардың: «Тек Ибн ‘Усәймин ғана қудраны тіпті міндетті джихадтың шарты болып табылады деп айтады», - деуге батылы жетіп жатады!

Және соңындамен Аллаһ Тағалаға мадақтар айтамын және Одан осы шағын ғана еңбекті Ол үшін ықыластыжәне оның құлдары үшін сауапты етуін тілеймін!


[1] Яғни нақты құл және нақты су. (аудармашыдан)

[2] Яғни кез-келген су және кез-келген құл емес. Мысалы, Аллаһ Тағала ер адамның ұрығын су деп атады: «Ол ағып шығатын судан жаратылған». Бірақ, ұрық Аллаһ Тағала: «Ал егер сендер су таппасаңдар…», - деген суға жатпайды. Құлмен келтірілетін мысалда да дәл солай. Аллаһ Тағала құлды азат етуді ескерткен кезде иман келтірген құлды меңзейді, бұған басқа аяттар нұсқайды.

Бұған едәуір түсініктірек мысал болып - иманның мысалы табылады. Біз «әл-имән әл-мутләқ» деп айтқанымызда – иманның толықтығын меңзейміз, ал «мутләқуль-имән» дегенімізде – адамды Исламға кіргезетін бастауш сатыдағы иманды меңзейміз. (аудармашыдан)

[3] Яғни абзалға (мәндуб) және міндеттіге (уәджиб). (аудармашыдан)

[4] Шейх Абдур-Рахман әс-Са’ди бұл аятқа қатысты былай деді: Аллаһ Өзінен қорқуды, яғни Оның әмірлерін орындауды және оның тыйымдарынан қашықтауды бұйырды, және мұны қабілеттіліктің (қудраның) болуымен шарттады. Бұл аят Аллаһтың құлы орындай алмайтын кез-келген міндеттілік оның мойнынан түсетініне нұсқайды. Қараңыз “Тафсир әс-Са’ди” 974. (аудармашыдан).

[5] Уа, мұсылмандар, шейхуль-Исламның бұл сөзіне ой-парасатпен қараңдаршы! (аудармашыдан).

[6] Ибн әл-Қайим былай дейтін: “Және Аллаһ Тағала мұсылмандарға Меккеде шайқасуға тыйым салды да, олардың шайқасуы зұлымдыққа төзуден де көбірек зиянға әкеп соқтырмауы үшін,  сабыр етуді бұйырды. Және олардың жандарының, діні мен ұрпақтарының сақталуының пайдасы оларға шайқасуы әкелуі мүмкін болған пайдадан басымдау болды. Қараңыз “И’ләмуль-мууәқи’ин” 2/150.

Хафиз Ибн Кәсир былай деген: “Ақиқатында, Аллаһ Тағала джихадты ең қолайлы кезде заңдастырды, өйткені, мұсылмандар Меккеде болған кезінде көпқұдайшылдардың саны олардан асатын еді. Және оларда өздері пана тапқан Ислам мемлекеті және бекініс пайда болған кезде, Аллаһ кәпірлерге қарсы джихадты оларға міндетті етті!” Қараңыз “Тафсир Ибн Кәсир” 3/226.

Шейх ‘Абдур-Рахмән әс-Са’ди былай деген: “Егер де Аллаһ Меккеде болған мұсылмандарға, олардың санының аздығына және әскери дайындығының әлсіз болуына, сондай-ақ дұшпандардың санының көптігіне қарамастан, шайқасуды міндетті еткенде, бұл Исламның жойылуына әкелер еді”. Қараңыз “Тафсир әс-Са’ди” 89. (аудармашыдан).

[7] Шейхуль-Исламның бұл сөздерінде «Меккеде джихад ол сол кезде міндетілік болып жүктелмегендіктен ғана болмады!» дейтіндердің сөздерін айқын жоққа шығару бар.  Алайда, бұл адамдар Аллаһ Тағала Меккеде джихадты жүктемегенінің себебін айтпайды, ал оның себебі - шейхуль-Ислам айтқандай, мұсылмандардың әлсіздігінде және күштерінің жоқтығында болды! (аудармашыдан).

[8] Шейхуль-Исланың бұл сөздерінде сабырлық таныту туралы аяттарының күші толық күш жойылумен жойылды деп айтатындардың түсінігінің қат елі екендігіне нұсқайды.  Имам Ибн ‘Атыйя былай деген: Ғалымдар былай деген: ”Сабыр ету туралы аяттарының күші толығымен жойылмаған, өйткені, олар өздеріне сәйкес шарттар болған кезде күшіне кіреді. Қараңыз “әл-Мухараруль-уәджиз” 1/477.

Хафиз ас-Суюты былай деген: “Ақиқатында, шайқасу әмірі туралы аяттар сабырлық туралы аяттарды олар заңды күшін жоғалтатындай етіп (яғни оларға жүгінуге болмайтындай етіп) жойған жоқ. Және әлсіздік кезінде қиыншылықтарға сабыр ету қажеттілігі туралы үкімдер (аяттар) күшіне енеді”. Қараңыз “әл-Итқан фи ‘улюмиль-Қуран” 2/21.

Тура осыны  имам әз-Заркаши де “әл-Бурхан” 2/41 кітабында күшін жоюшы (нәсих) және күші жойылғанның (мәнсух) исламдағы үкімдерін түсіндіріп айтқан. (аудармашыдан).

[9] Бұл айқын сөздер шейхуль-Исламға қорғану джихады ешқандай шартқа ие емес деген пікірді телуді толығымен талқандайды! Егер бұл шындығында да осылай болғанда, онда ол оларға ешқандай ақтау жасамас еді, керісінше, оның заманында Йемен мен Хиджазда қалған саны аз бұл ізгі мұсылмандар джихад жасамағанына сөгіс білдірер еді! (аудармашыдан).

[10] Имам Ибн Қудамә кәпірлерден өзін сақтап қалу үшін оларға төлем беру шартымен жасасқан бітімге байланысты былай деген: “Ал кәпірлерге берілетін мал-мүлікке қатысты айтар болсақ, егер ол олардың мүддесінде болып, солардың пайдасына жүрсе, онда имам Әхмәдтің пікірі – бұған тыйым салынған, және бұл, сондай-ақ, имам әш-Шафиъидің де мазхабы, өйткені, осыда мұсылмандар үшін қорлану бар. Алайда, бұл бұған деген қажеттілік болмаған кезге қатысты айтылған. Ал бұған қажеттілік итермелесе және әмір мұсылмандар үшін олардың опат болуынан немесе  тұтқындалуынан қорықса, онда оларға  төлем төлеу рұқсат етіледі, тұтқынға түскенге өзін-өзін сатып алуға рұқсат етілген сияқты, осыда қорлану болса да. Бұл - мұсылмандарды немесе олардың балаларын  өлтіру, тұтқынға алу, кейін оларды күпірлікке келтіру сияқты үлкен қорлануға жол бермеу үшін рұқсат етілген болады”. Кейін Ибн Қудама Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) әл-Харис әл-Ғатафәниге ол әскерін алып кетуі үшін (бар) құрманың жартысын төлеуді ұсынғанын  еске түсіріп, былай деді: «Ал егер мұсылмандардың әлсіз кезінде кәпірлерге төлем беру рұқсат етілмеген болса, онда Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оларға мұны ұсынбайтын еді». Қараңыз “әл-Муғни” 13/156-157. (аудармашыдан).

[11] Осыда Ислам және мұсылмандар үшін игілікке  әркезде де тек қарудың күшімен жетуге бола бермейді  деген маңызды нұсқау бар! Және шейхуль-Исламның бұл ісі - осыған айқын мысал! (аудармашыдан).

[12] Менің ойымша, бұл жерде сөз кез-келген қады туралы емес, ханбәли мазхабының атақты қадысы имам Қады Әбу Я’лә туралы болуда. (аудармашыдан).

[13] Имам әл-Ауза’и джихад мәселелеріндегі ең білгір имам болып саналады.

[14] Ибн ‘Умардың азат етілген құлы Нәфи’ былай дейтін: Мен ‘Абдуль-Малик ибн Мәруәнды Мәдинада көрдім, және мен иджтихатымен одан ыждағатты, және білім алуда одан ыждағатты ешкімді көрмедім!” Ибн Са’д “әт-Табәқат” 4/181.

Әбу Зинәд былай дейтін: “ Мәдинаның фақихтары болып Са’ид ибн әл-Мусайиб, ‘Абдуль-Мәлик ибн Мәруән және ‘Уруа ибн Зубәйр табылады. Қараңыз “әл-Бидая уә-ннихая” 9/62.

Бұған қоса, Ибн Шихаб әз-Зухри және Мәлик ибн Әнәс сынды имамдар өздерінің көптеген пәтуаларында оған жүгінеді, ал имам әл-Бухари ол баяндаған хадистерді жеткізген.

[15] Хафиз Ибн Хаджәр Ибн ән-Нәххас туралы былай дейтін: Ол үнемі Димьяттың шекаралық аудандарында джихадпен байланыста болда, және осыда сан жетпес артықшылық бар! Қараңыз “Шәзурат әз-захаб” 7/155.

Хафиз әс-Сахуәи ол туралы: Фиқхтағы және басқа ғылымдардағы, соның ішінде математикада да, жақсы білімнің иесі. Ізгілік жасауға өте шапшаң еді, өте қарапайым еді және өзінің атақтылығымен ешқашан такапарлық танытпайтын, өте көркем мінезге және әдемі сақалға ие еді. Көп рибат және джихад жасайтын, тіпті джихадта өлтірілген еді”. Қараңыз «әд-Дау әл-ләми’» 1/204, 353.

(Понимание слов ибн Таймии об оборонительном джихаде)

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|