Quickribbon

джихад’

О Джихаде и Куфре (каз.)

Скачать

Шейхуль-Ислам Ибн Таймияның «қорғану джихадының ешқандай шарты жоқ» деген сөзінің түсінілуіне және нақтылығына айқындық енгізу

Дайындаған: Әбу ‘Умәр әш-Шами - Әхмәд Абдуль-‘Азиз әл-‘Анзи.

Арабшадан аударған: Қуат Әбу Усама

Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына,  сахабаларына және оның жолына Ақыретке дейін ілесушілерге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

Ал содан соң:

Әуес-қалаулардың жақтаушылары (әһль-әһуә) өз әуес-қалауларын қарапайым адамдардың алдында ақтау үшін өздерінің бидъаттарын және дінге енгізген жаңалықтарын сенімге лайық болған ғалымдардың сөздерімен әдемі етіп көрсетуін қоймайды. Ал, соның бір мысалы болып - олардың дәлел ретінде шейхуль-Ислам Ибн Тәймияның мына сөздерін келтіруі табылады:  «Ал қорғану шайқасына қатысты айтар болсақ, бұл – ар-намыс пен дінге қол сұғушыға қарсылық көрсетудің ең ауыр түрі болып табылады, сондықтан ол - бірауызды пікір бойынша (ижмәъ), міндеттілік (уәжіп) болып табылады! Және иманнан кейін дін мен тіршілікті бүлдіретін шабуылдаушы дұшпаннан қорғанудан міндеттілеу нәрсе жоқ, ал сондықтан қорғану джихадының (әд-дафъ) ешқандай шарты жоқ, керісінше, қолдан келгенше қорғану керек, және бұған біздің ғалымдарымыз және өзге мазхабтардың ғалымдары нұсқаған». Қараңыз  «әл-Фәтауә әл-кубра» 4/608.

Бұл сөздермен алданған адамдар қорғану джихадының мүлде ешқандай шарттары болмайды, және ол күштің (қудра) болуымен шартталмайды, қорғанудың пайдасы мен зиянын салыстыруды талдаумен де шартталмайды деп есептеуі мүмкін.  Және олар қорғану джихадында кез-келген тәсілмен қатысу қажетті болады деп есептейді, тіпті бұл мұсылмандардың тұтастығының тапталуына, немесе одан шығу жолын Аллаһ Тағала ғана білетін опат болу жағдайына әкелсе де. Осы себептен мен осы шағын еңбекте шейхуль-Исламның аталған сөздерінің шынайы мағынасын түсіндіруді шештім. Читать далее… »

Шейх әл-Люхайданның пәтуасының жалғасы

Назарларыңызға шейх Салих ибн Са’д әл-Люхайданның, Аллаһ оған есендік берсін, пәтуасының жалғасын ұсынамыз!

«…Жас мұсылман үшін және мұсылмандардың топтары үшін Ұлы және Құдыретті Аллаһтан қорқу, ізгі алдыңғы буынның жолын пайдалану, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және сахабалар ұстанған нәрселерде тақуалық танытуға ұмтылу – маңыздырақ болады!

Егер, мысалы, Сомалиге қарасақ, көтерілістер себебінен ол жердегі биліктің құлауынан кейін бөлінушілікті және күн сайын адам өлтіру болып жатқанын көреміз. Сол сияқты Ауғаныстан да, ол жерге өзін-өзі жарумен және адам өлтірумен айналысатын экстремистік топтар кіріп барған соң, олар (ауғандықтар) өз бас паналарынан айырылды, үрейге салынды, таулар мен шөлдерде өмір сүретін болды, және есірткінің таралуы басталды!

Аллаһтың жолындағы джихадқа байланысты менде насихаттарым бар:

Біріншісі: Шариғи ой-сананың көмегімен біздің кезімізде джихад – болуы мүмкін емес екендігін, өйткені, мұсылмандар қазір әлсіздікте, және олар қандайда бір нәрсені түзете де, өзгерте де алмайтығын ойланып-түсіну керек.! Читать далее… »

Қандай ақыл-парасат және дін терактілерді джихад деп атай алады?!

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен!

шейх Абдуль-Мухсин әл-Аббәдтың[1] кіріспесі

Біз Өзін ғана мадақтайтын және Өзінен ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына куәлік береміз, және Мухаммад – Аллаһтың құлы әрі Оның Елшісі екеніне куәлік береміз. Йә, Аллаһ, оған, оның отбасы мен сахабаларына, және Ақырет Күніне дейін оның жолы мен басшылығына ілескендердің барлығына рахметің мен игілігіңді сыйлай гөр! Читать далее… »

Джихад Исламның ұстыны болып табылады ма?

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

Әлемдерің Раббысы - Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммедке, оның отбасына, және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!

Содан кейін:

Көптеген мұсылмандар осы: «Джихад Исламның ұстыны болып табылады ма?» - деген сұрақты жиі қояды.

Бұған себеп джихадты, оның артықшылықтары себепті Исламның алтыншы ұстыны деп атаған кейбір имамдардың пікірі немесе «Джихад – Исламның шыңы» деп жазылудың орнына «Джихад – Исламның ұстыны» деп жазылып кеткен белгілі хадистердің қате аудармасы, немесе кейбір хадистердің бұрыс түсінігі болып табылады.

Ал шындығында, Исламның ұстындары тек бесеу, және джихад олардың қатарына кірмейді! Ибн ‘Умар былай деп баяндайды: “Мен Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Ислам бес ұстынға: Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ, және Мухаммед – Оның елшісі екендігі туралы куәлік беруге, намазды орындауға, зекетті төлеуге, қажылықты орындауға және рамазан айында ораза ұстауға негізделген», - деп айтқанын естідім». әл-Бухари 8, Муслим 16.

Және Пайғамбардың өзі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) джихадты Ислам ұстындарына қоспағанына қарамастан, осы хадистің жеткізушісі – сахаба Ибн ‘Умар анық және айқын түрде джихад Исламның ұстындарынан емес деп айтты!  Бірде бір кісі  Ибн ‘Умарға: “Сонда сен не, әскери жорықтарға шықпайсын ба?” – деген сұрақ қойды. Ибн ‘Умар оған: “Мен Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Исламның ұстыны бесеу», - дегенін естідім», - деп, кейін Исламның ұстындарын атап өтті. Муслим 1/54. Читать далее… »

Джихад жақсырақ па, білім бе?

Мейірімді рахымды Аллаһтың атымен

Білім алу ғибадатың ең жақсы түрі болып табылатындығын және ол барлық басқа ғибадаттардан  басым түсетінін пайғамбардың өзі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтатын. Хузәфәдан Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Білімнің артықшылығы ғибадаттың артықшылығынан жоғарылау ал діннің негізінде игі ар-намыстылық жатыр» - деп айтқаны жеткізіледі. Әл-Хаким, әл-Бәззар. Хадис сахих. «Сахих әл-джәми‘» 4214.

‘Али ибн Әбу Талиб былай деді : “Ғалым ораза ұстаушыдан, түнгі намазға тұрушыдан және мужжәхидтан жақсырақ”. Әд-Димьяты “әл-Матджуру-ррабих” 1/16.

әл-Әзди былай деп айтатын: “Бірде мен Ибн ‘Аббастан джихад жайлы сұрадым, ал ол маған: «Джихадтан жақсырақ болған нәрсе туралы саған айтып беруімді қаламайсын ба, не?» - деп сұрады. Мен: «Әрине (қалаймын)», - дедім. Сонда ол: «Мешіт сал және онда діннің міндеттерін (парыздарды), сүннеттерін және фиқхын  оқыт». әл-Фәсауи “әл-Мә’рифа” 3/503, Ибн ‘Абдуль-бәрр «әл-Джәми’» 1/31. Читать далее… »

Джихадтың даналықтары мен ережелерінен жақсы жемістер

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Өзінің уәдесін орындап, Өзінің әскерін мәртебелеп және дұшпан болған одақтастарды жалғыз өзі талқандаған Бір Аллаһқа Мадақ. «Мүміндерге жәрдем ету Бізге міндет» (Рум, 47), - деп айтқан ешбір серігі жоқ Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты құдайлар жоқ екендігіне куәлік етемін.

Және Мухаммад – Оның құлы, елшісі және сүйіктісі екендігіне куәлік  беремін. Ол – шайқасушылардың ең жақсысы, күресушілердің ең шыншылы, Аллаһтың құлдарының ішіндегі ең ықыластысы. Оған, сондай-ақ оның ардақты отбасына және оның данқты сахабаларына Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын!

Ақиқатында, Аллаһтың жолындағы джихад шариғаттың ең маңызды талаптарының және Аллаһқа жақындаудың ең жақсы құралдарының бірі болып табылады. Сондықтан да бұрыңғының және қазіргінің ғалымдары бұл мәселеге аса зор назар бөлетін, ал олардың кейбіреулері оған тұтас жинақтар бағыштады, және олардың саны отыздан астам. Мысалы:   Ибн әл-Мубәрактың «әл-Джихад», Ибн Абу ‘Асымның «әл-Джихад», Ибн ‘Асакирдің «әл-Джихад», ‘Абдуль-Гәни әл-Макдисидің «Фәдль әл-Джихад», Ибн Касирдің «әл-Иджтихәд фи таләбиль-Джихад» кітаптары т.б.

Және де өзіне джихад тақырыбын қамтымаған, оның ережелерін түсіндірмеген, Аллаһ Тағаланың Кәләмынан (Сөзінен) және Оның Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, бұл жөнінде айтқандарынан  ашық аяттар мен айқын дәлелдер келтірмеген фиқх мәселелері мен ұйғарымдар бойынша хадистердің бір де бір жинақтары жоқ. Сондықтан да, білім талап етушілер сабырлықты, табандылықты ұстанбай және білімсіз джихад және діннің басқа да салаларына қатысты мәселелерге кіріспегені жөн.  Керісінше, бұл мәселелерде оның бір әрекетіне кіріспес бұрын, әрекет тура жол мен дұрыс мақсатқа негізделген болуы үшін, міндетті түрде ой жүгірту, ақиқатты сұрау және тану қажет. Және мүмин  осылайша, тура жолмен жүріп және  Аллаһтың Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетіне ілесіп Құдіретті және Ұлы Аллаһтың разылығына ие болады!

Джихадтың осындай маңыздылығы мен осындай мәнінен Аллаһтың сүйіспеншілігіне лайықты болуға деген ұмтылыстың, сондай-ақ, ғибададаттың өзге де түрлеріндегідей, шариғаттың ережелерінің және Аллаһтың Кітабы мен Сүннеттің қатаң басшылығының қажеттілігі келіп шығады.  Бұл - мүмин адам  шариғаттың ұлы мақсаттарын жүзеге асырып, оның шекараларын және шектеулерін бұзбай, түзу жолмен және дұрыс бағытпен жүріп, артықшылықтар мен кемістіктерден, шектен шығушылықтар мен тұрпайылықтан құтылу үшін (керек), өйткені ол өзінің Раббысының жарығымен, сондай-ақ Оның Кітабы мен Оның пайғамбары Мухаммадтың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетінен алынған басшылықпен және біліммен нұрланған жолмен жүріп келеді. Осымен ол, Аллаһтың рахметінен үміт етіп және оның жазасынан қорқып, қателіктерден сақтанады және қауіп-қатерлерден қорғанады. Ол өзінің түсінігін түзету үшін, барлық, әсіресе көп адамдарға беймәлім болған, немесе олар елемей жүрген жәйттарды айқын ету үшін бар күш-жігерін сарп етеді. Және осындай мәселелер бүгіңгі күні сыртқы қарсыластар тарапынан да, бұрыс түсініктің және  дінді білу мен түсінудің шектеулі болуы себебімен өзінің діндестері тарапынан да салмақты проблемаларға тап болған ислам үмметінде түсіндіруді қажет етеді.

Сондықтан да джихадтың тақырыбын Құранның, Сүннеттің мәтіндерінің және ізгі алдыңғы буын өкілдерінен болған ғалымдар мен оларға ілескен бұл үмметтің имамдардың айтқандарының негізінде ашып көрсететін осы жазу жолдарында мен жоғарыда аталған мақсатқа қатысуды ұйғардым. Мен тек Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, сахих хадистерін пайдалануға тырыстым және сонымен қатар осы саладағы имамдарға сенім арттым. Бұл еңбек «әл-Кутуф әл-Джияд мин Хикәми уа Ахкәм әл-Джихад» (джихадтың даналығы мен ережелерінен жақсы жемістер) деп аталды, өйткені мен онда джихадтың барлық ережелері мен барлық мәселелерін жинақтауды мақсат етпедім. Мен өз міндетімді оқырманды бұл ұлы мәселеде қуандыратын тек джихадтың мәселелерінің игі біртұтастығын, оның ережелері мен қағидаларының маңыздылығын түсіндіруде көрдім. Сондай-ақ, джихадтың артықшылығын, оның орнын, түрлерін, дәрежелерін, шекараларын және қағидаларын (түсіндіруде) де. Түрлі қауіпті адасушылықтарды қарап талқылауға, оларға соқтыратын себептерді зерттеуге, сондай-ақ оларды шешу тәсілдеріне және басқаларға ерекше көңіл бөлінді. Аллаһ Тағала бұл еңбекті мұсылмандарға пайдалы, Оның Ардақты Дидары үшін ықыласты және Оның ардақты  Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетіне сәйкес дұрыс етуін ниет етемін, өйткені Бір Аллаһ ғана дұрыс жолға салады, және Одан өзге ешкімнен күш те, қуат та жоқ.

Мен бұл жұмысты келесі тармақтарға бөлдім:

Біріншісі:

«Джихад» түсінігінің шариғи анықтамасы

«Джихад» терминінің шариғи мағынасы туралы келтірілген сөздердің ең жақсыларына шейхуль-ислам Ибн Тәймияның, Аллаһ оны рахым етсін, мына сөздері жатады: «Джихад деп Хақ (Аллаһ) сүйетін нәрселерге қол жеткізу үшін және Ол мақұлдамайтын нәрселерге тойтарыс жасау үшін күш-мүмкіндіктерді салу айтылады». “Мәджму’ әл-фәтәуә” 10/192-193. Читать далее… »

Хорошие плоды из мудростей и предписаний джихада.(книги)

Подготовил: ‘Абдурраззак ибн ‘Абдульмухсин аль-Бадр

Поистине, джихад на пути Аллаха представляет собой одно из важнейших требований шариата и одно из лучших средств приближения к Аллаху. Поэтому ученые прошлого и настоящего уделяли огромное внимание этому вопросу, и некоторые посвятили ему отдельные сборники, число которых превышает тридцать.

Например, книга «аль-Джихад» Ибн аль-Мубарака, «аль-Джихад» Ибн Абу ‘Асыма, «аль-Джихад» Ибн Асакира, «Фадл аль-Джихад» ‘Абдульгани аль-Макдиси и «аль-Иджтихад фий талабиль-Джихад» Ибн Касира.
Читать далее… »

Внесение конкретизации в понимании и точности слов шейхуль-Ислама Ибн Таймий о том,что оборонительный джихад не имеет никаких условий.(книги)

Не перестают приверженцы страстей (ахль-ахуа) приукрашивать свою ересь и нововведения словами достойных доверия ученых с целью оправдать свои страсти перед простыми людьми.

И одним из примеров тому является то, что они приводят в довод слова шейхуль-Ислам: «Что же касается оборонительного сражения, то это из сложнейших видов отпора посягающему на честь и религию, и поэтому оно является обязанностью (уаджиб) по единогласному мнению (иджма′)! И нет обязательнее вещи после имана, чем защита от нападающего врага, который портит религию и быт, и поэто-му оборонительный джихад (ад-даф’) не имеет никаких условий, напротив, следует обороняться по мере возможности, и на это указали наши ученые и ученые других мазхабов». См. «аль-Фатауа аль-кубра» 4/608.

Те, кого они обманули этими словами, могут посчитать, что у оборонительного джихада абсолютно отсутствуют какие-либо условия, и что он не обуславливается силой (къудра), не обуславливается анализом соотношения пользы и вреда от защиты. И они посчитали, что необходимо участвовать в нем любым образом, даже если это приведет к попиранию целостности мусульман или к их гибельному положению, выход из которого знает только Всевышний Аллах. По этой причине я решил объяснить истинный смысл упомянутых слов шейхуль-Ислама в этой маленькой работе.

Подготовил: Абу ‘Умар аш-Шами - Ахмад Абдуль-‘Азиз аль-‘Анзи.
Перевел: Къуат Абу Усама



Скачать (прав.кнопкой мыши”Сохранить объект как…”)

Какой же разум и религия могут назвать разрушения и взрывы джихадом?! О молодежь, опомнитесь!(книги)

Поистине, у шайтана есть два пути, посредством которых он искушает и вводит в заблуждение мусульман. К одному из этих путей он подталкивает тех, кто склонен к грехам, подвержен упущениям и халатному отношению к религии. Такому мусульманину он приукрашивает грехи ,и ублажение своей похоти, отдаляя его от послушания Аллаху и Его посланнику (мир ему и благословение Аллаха). Читать далее… »

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад | Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|