Quickribbon

Джихадтың даналықтары мен ережелерінен жақсы жемістер

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Өзінің уәдесін орындап, Өзінің әскерін мәртебелеп және дұшпан болған одақтастарды жалғыз өзі талқандаған Бір Аллаһқа Мадақ. «Мүміндерге жәрдем ету Бізге міндет» (Рум, 47), - деп айтқан ешбір серігі жоқ Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты құдайлар жоқ екендігіне куәлік етемін.

Және Мухаммад – Оның құлы, елшісі және сүйіктісі екендігіне куәлік  беремін. Ол – шайқасушылардың ең жақсысы, күресушілердің ең шыншылы, Аллаһтың құлдарының ішіндегі ең ықыластысы. Оған, сондай-ақ оның ардақты отбасына және оның данқты сахабаларына Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын!

Ақиқатында, Аллаһтың жолындағы джихад шариғаттың ең маңызды талаптарының және Аллаһқа жақындаудың ең жақсы құралдарының бірі болып табылады. Сондықтан да бұрыңғының және қазіргінің ғалымдары бұл мәселеге аса зор назар бөлетін, ал олардың кейбіреулері оған тұтас жинақтар бағыштады, және олардың саны отыздан астам. Мысалы:   Ибн әл-Мубәрактың «әл-Джихад», Ибн Абу ‘Асымның «әл-Джихад», Ибн ‘Асакирдің «әл-Джихад», ‘Абдуль-Гәни әл-Макдисидің «Фәдль әл-Джихад», Ибн Касирдің «әл-Иджтихәд фи таләбиль-Джихад» кітаптары т.б.

Және де өзіне джихад тақырыбын қамтымаған, оның ережелерін түсіндірмеген, Аллаһ Тағаланың Кәләмынан (Сөзінен) және Оның Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, бұл жөнінде айтқандарынан  ашық аяттар мен айқын дәлелдер келтірмеген фиқх мәселелері мен ұйғарымдар бойынша хадистердің бір де бір жинақтары жоқ. Сондықтан да, білім талап етушілер сабырлықты, табандылықты ұстанбай және білімсіз джихад және діннің басқа да салаларына қатысты мәселелерге кіріспегені жөн.  Керісінше, бұл мәселелерде оның бір әрекетіне кіріспес бұрын, әрекет тура жол мен дұрыс мақсатқа негізделген болуы үшін, міндетті түрде ой жүгірту, ақиқатты сұрау және тану қажет. Және мүмин  осылайша, тура жолмен жүріп және  Аллаһтың Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетіне ілесіп Құдіретті және Ұлы Аллаһтың разылығына ие болады!

Джихадтың осындай маңыздылығы мен осындай мәнінен Аллаһтың сүйіспеншілігіне лайықты болуға деген ұмтылыстың, сондай-ақ, ғибададаттың өзге де түрлеріндегідей, шариғаттың ережелерінің және Аллаһтың Кітабы мен Сүннеттің қатаң басшылығының қажеттілігі келіп шығады.  Бұл - мүмин адам  шариғаттың ұлы мақсаттарын жүзеге асырып, оның шекараларын және шектеулерін бұзбай, түзу жолмен және дұрыс бағытпен жүріп, артықшылықтар мен кемістіктерден, шектен шығушылықтар мен тұрпайылықтан құтылу үшін (керек), өйткені ол өзінің Раббысының жарығымен, сондай-ақ Оның Кітабы мен Оның пайғамбары Мухаммадтың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетінен алынған басшылықпен және біліммен нұрланған жолмен жүріп келеді. Осымен ол, Аллаһтың рахметінен үміт етіп және оның жазасынан қорқып, қателіктерден сақтанады және қауіп-қатерлерден қорғанады. Ол өзінің түсінігін түзету үшін, барлық, әсіресе көп адамдарға беймәлім болған, немесе олар елемей жүрген жәйттарды айқын ету үшін бар күш-жігерін сарп етеді. Және осындай мәселелер бүгіңгі күні сыртқы қарсыластар тарапынан да, бұрыс түсініктің және  дінді білу мен түсінудің шектеулі болуы себебімен өзінің діндестері тарапынан да салмақты проблемаларға тап болған ислам үмметінде түсіндіруді қажет етеді.

Сондықтан да джихадтың тақырыбын Құранның, Сүннеттің мәтіндерінің және ізгі алдыңғы буын өкілдерінен болған ғалымдар мен оларға ілескен бұл үмметтің имамдардың айтқандарының негізінде ашып көрсететін осы жазу жолдарында мен жоғарыда аталған мақсатқа қатысуды ұйғардым. Мен тек Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, сахих хадистерін пайдалануға тырыстым және сонымен қатар осы саладағы имамдарға сенім арттым. Бұл еңбек «әл-Кутуф әл-Джияд мин Хикәми уа Ахкәм әл-Джихад» (джихадтың даналығы мен ережелерінен жақсы жемістер) деп аталды, өйткені мен онда джихадтың барлық ережелері мен барлық мәселелерін жинақтауды мақсат етпедім. Мен өз міндетімді оқырманды бұл ұлы мәселеде қуандыратын тек джихадтың мәселелерінің игі біртұтастығын, оның ережелері мен қағидаларының маңыздылығын түсіндіруде көрдім. Сондай-ақ, джихадтың артықшылығын, оның орнын, түрлерін, дәрежелерін, шекараларын және қағидаларын (түсіндіруде) де. Түрлі қауіпті адасушылықтарды қарап талқылауға, оларға соқтыратын себептерді зерттеуге, сондай-ақ оларды шешу тәсілдеріне және басқаларға ерекше көңіл бөлінді. Аллаһ Тағала бұл еңбекті мұсылмандарға пайдалы, Оның Ардақты Дидары үшін ықыласты және Оның ардақты  Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетіне сәйкес дұрыс етуін ниет етемін, өйткені Бір Аллаһ ғана дұрыс жолға салады, және Одан өзге ешкімнен күш те, қуат та жоқ.

Мен бұл жұмысты келесі тармақтарға бөлдім:

Біріншісі:

«Джихад» түсінігінің шариғи анықтамасы

«Джихад» терминінің шариғи мағынасы туралы келтірілген сөздердің ең жақсыларына шейхуль-ислам Ибн Тәймияның, Аллаһ оны рахым етсін, мына сөздері жатады: «Джихад деп Хақ (Аллаһ) сүйетін нәрселерге қол жеткізу үшін және Ол мақұлдамайтын нәрселерге тойтарыс жасау үшін күш-мүмкіндіктерді салу айтылады». “Мәджму’ әл-фәтәуә” 10/192-193.

Сондай-ақ, оның мына сөздері де: “Өйткені джихадтың мәні болып - иманнан және игі амалдардан болған Аллаһ Тағала жақсы көретін нәрселерге қол жеткізуге ұмтылуға, сондай-ақ күпірліктен, бұзықтықтан және мойынсұнбаушылықтан болған Аллаһ Тағала жек көретін нәрселерді тойтаруға күш-жігер жұмсау болып табылады». “Мәджму’ әл-фәтәуә” 10/191.

Шейхуль-исламның айтқандарынан джихад - шариғат тұрғысынан  - Аллаһ Тағала сүйетін және мақұлдайтын амалдарды, сөздерді және сенімдерді  іске асырудың, сондай-ақ Пәк Аллаһ сөгетін  және жек көретін амалдарды, сөздерді және сенімдерді тойтарудың жолдары мен тәсілдерінің жалпы түсінігі болып табылатындығы айқын болады.

Екіншісі:

Джихадтың түрлері  және оның дәрежелері

«Джихад» сөзін абсолюттік мағынада қолдануда көпшілік арасында Аллаһтың жолындағы джихад – кәпірлерге қарсы соғысу үшін барлық күш-мүмкіндіктерді салу деген тұрақты пікір қалыптасып қалған, ал шын мәнінде, аталған - тек джихадтың бір ғана түрі және оның дәрежелерінің бірі ғана болып табылады.  Ал шариғаттағы джихад түсінігі бұдан анағұрлым кең және көлемді. Және ғалымдар пәк шариғат мәтіндерінің негізінде  толық түсіндірген оның өзгешеленетін түрлері және түрлі дәрежелері бар.

Джихадтың түрлері мен деңгейлерінің мен кездестірген түсіндірмелерінің ішіндегі ең жақсысын атақты ғалым және зерттеуші Ибн әл-Қаййим әл-Джаузия өзінің «Зад әл-Мә’ад» атты кітабында ұсынады. Онда ол: «Джихад төрт деңгейге бөлінеді: өз-өзіңе қарсы джихад; шайтанға қарсы джихад; кәпірлер мен екіжүзділерге қарсы джихад; жәбірлеушілікті, бидғаттарды және күнәлі әрекеттерді жақтаушылармен джихад», - дейді.   “Зад әл-Мә’ад” 3/10.

Төмендегілер джихад тақырыбына және оған байланысты нәрселерге қатысты джихадтың түрлерінің түсіндірмесі болып табылады. Әрбір түрдің, өз кезегінде, шейх Ибн әл-Қаййим түсіндіріп өткен дәрежелері бар:

Өз нәпсіне қарсы джихад («джихад ән-нәфс»)

Джихадтың бұл түріне қатысты Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтты: “Өз-өзіңе қарсы джихадтың да төрт деңгейі бар:

Біріншісі, оларсыз адам екі дүниеде де не жетістікке, не бақытқа ие бола алмайтын дұрыс жолды және ақиқат дінін біліп-зерттеу үшін, өз-өзіңмен күресуге тура келгенде (жалқаулықпен, шаршаумен т.б.) орын алады. Білімі оны тастап кеткенде ол (адам) екі дүниеде де бақытсыз болады.

Екінші деңгей – алған білім негізінде амал ету үшін өзіңмен күресу, өйткені қарапайым білім амалсыз, егер зиянды болмаса, ең жоқ дегенде пайдасыз болады.

Джихадтың үшінші деңгейі - діңге шақыру және оны білмегендерге үйрету ісіндегі күрес болып табылады.  Кері болған жағдайда ол (адам) Аллаһтың түсірген басшылығын және айқын аяттарын жасырушы болып қалады, және оның білімі оған көмектеспейді және Аллаһтың жазасынан құтқармайды.

Төртінші деңгей – Аллаһқа шақыру барысында туындайтын ауыртпалықтарға, Аллаһтың жаратқандарынан келіп тиетін ренжітулерге сабырлық танытуда және осының барлығына Аллаһтың разылығы үшін төзуде өз-өзіңмен күресу”. “Зад әл-Мә’ад” 3/10.

Өз нәпсіңе қарсы джихадтың Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, ескерткендей қысқаша сипаттамасы осындай. Сондықтан мұсылман Аллаһ жолындағы джихадты Құдіретті және Ұлы Аллаһқа мойынсұну үшін өз-өзіне қарсы джихадтан былайша бастау керек:

Біріншісі. Білім алуда, Аллаһтың дінін, Аллаһтың Сөзін және Оның Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетін ізгі салиқалы буын өкілдерінің (саләфтардың), Аллаһ оларды рахым етсін, түсінігіне сәйкес түсінуде еңбек ету.

Екіншісі. Амалдың үстінде білімге сәйкес еңбек ету, өйткені білімнің мақсаты - амал болып табылады. Білім өз соңынан амалды шақырады, ал ол оған жауап берсе – игі. Керісінше болса, ол, ‘Али ибн Абу Талиб, Аллаһ оған разы болсын айтқандай, кетіп қалады. әл-Хатыб әл-Багдади “Иктида әл-’ильм әл-’амәл” (40).

Сондықтан білімнің мақсаты әрекет (амал) болып табылады. Ал егер мұсылман білім алу үшін өз-өзімен күрессе, онда ол осы білімдерінің негізінде амал етуде де өзімен еңбек етсін. Кейде мұсылман Аллаһтың Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, хадисін естиді, оны (хадистегі) амал таң қалдырады және ол (хадистегі) ғибадатқа таңданады, ал кейін ол сол амалды орындауға ерінеді, және мұндай нәрсе жиі болып тұрады. Сондықтан, бұл жағдай Ұлы және Пәк Аллаһқа ғибадатты дұрыс орындау үшін нәпсімен күресуді және оны бақылап отыруды талап етеді.

Содан соң, мұсылман өз-өзімен білім алу үшін және әрекет жасау үшін күрескен кезінде, ол онымен өзін Аллаһ Тағала игілендірген осы білімге шақыру үшін еңбек етеді. Және ол өзіне жеткен игілікті өзінің өзге бауырларына жеткізеді, өзіне Аллаһ үйреткен нәрседен оларға да үйретеді және оларға Аллаһтың дінін оқытады. Кейін ол басына түскен сәтсіздіктерге сабыр етеді. Ал білім алудағы сабырлық, амал етудегі сабырлық, діңге шақырудағы сабырлық және өзіне келген  сәтсіздіктерге сабырлық бұл – нәпсімен джихад, және бұл Аллаһ жолындағы ең ұлы джихадтардың бірі. Ең дұрысы - бұл оның ішіндегі ең ұлысы және ең негізгісі. Ал джихадтың қалған түрлері - оның тармақтары болып табылады. Және құл ең алдымен Аллаһ Тағала үшін әмірлерді орындап, тыйымдарды қалдыру үшін күреспейінше, ол сырттағы өзінің және Аллаһ Тағаланың дұшпандарымен күресе алмайды. Ал өзінің ішкі дұшпаны оны мәжбүрлеп және жеңіп жатса, және ол онымен Аллаһ тағала үшін күреспесе,  қалайша ол өз дұшпанымен күресе алады және одан әділеттілікті талап ете алады?!  Бәрінен дұрысрағы, ол өзінің нәпсісінің баскөтеруіне қарсы күреспейінше, өзінің дұшпанына қарсы шыға алмайды». “Зад әл-Мә’ад” 3/6.

Сондықтан, егер мұсылмандар өз-өздерімен күресуде кемшіліктерге жол беріп жатса, олар өздерінің қарсыластарымен болған джихадта әлсіз бола бастайды, ал нәтижесінде олардың дұшпандары олардың үстінен жеңіске жетеді.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтқан: “Кәпірлердің мұсылмандардың үстінен басымдығы мұсылмандардың күнәсінің салдарынан ғана болды, олар міндетті түрде олардың иманының әлсіреуіне әкеп соқты. Кейін, егер олар тәубеге келсе және де өзінің иманын кемел дәрежеге дейін жеткізсе, Аллаһ оларға жәрдем етеді, бұл жөнінде Ол Өзі айтқанындай: «Босамаңдар да қайғырмаңдар. Егер мүмін болсаңдар, әлбетте үстем боласыңдар». (Әли Имран, 139). Ол сондай-ақ былай деп айтты: «Сендер оларды екі есесіне ұшыратқан бір қайғыға өздерін ұшырағандықтан: «Бұл қайдан келді?», - дедіңдер. «Ол өз пиғылдарыңнан», - де». (Әли Имран, 165).  “әл-Джәуәб әс-сахих лимән бәддалә дийн әл-масих” 6/450.

Сөйтіп, нәпсіге қарсы джихад - Аллаһтың құлы оның күшімен дұрыс жетекшілікке және дұшпандарға қарсы көмекке қол жеткізетін  джихадтың негізгісі болып табылады. Ал Аллаһ Тағала айтады: «Сондай жолымызда күрескендерді әлбетте тура жолдарымызға саламыз». (Анкәбут, 69).

Атақты ғалым Ибн әл-Қаййим әл-Джәузия, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: “Пәк Аллаһ дұрыс жетекшілікті джихадпен байланыстырды. Және барынша кемел басшылық ең көп джихад істейтін адамдарда. Ал ең міндетті джихад болып өз-өзіңмен джихад, қалауларыңмен джихад, шайтанмен джихад және бұл дүниемен джихад болып табылады. Және Аллаһ үшін джихадтың осы төрт түрін орындайтын адамды Ол Өзінің разылығына жетелейтін Оның Жәннәтына апаратын жолдармен жүргізеді. Кім бұл джихадты тастаса, ол джихадтан қаншалықты айырылып қалған болса, соншалықты басшылықтан да айырылып қалады.  Әл-Джунәйд (бұл аяттың мағынасы жөнінде) былай деді: «Бізге тәубесімен келіп, Өз қалауларымен күресетіндерді, Біз ихлас жолымен жүргіземіз».  Осы ішкі дұшпандармен күреспей, сыртқы дұшпандармен соғысу мүмкін болмайды. Кімге осы (ішкі дұшпандарға қарсы) көмек көрсетілсе, оған оның дұшпанына қарсы көмек көрсетіледі. Ал кімге қарсы (ішкі дұшпандарының пайдасына) көмек көрсетілсе, оған қарсы оның дұшпанына да көмек көрсетіледі». “әл-Фауаид” 109.

Өз-өзіне қарсы джихад туралы Аллаһтың Елшісінен, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, көптеген хадистер келген, және олардың барлығы оның маңыздылығын дәлелдейді. Мысалы, Абу Заррдың: «Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Ең жақсы джихад бұл – ер кісінің өз нәпсісімен және көңіл қалауымен джихады!» - деп айтты», - деген хадисі. Ибн ән-Нәджәр. Хадис сахих. «Сахих әл-джәми’» 1099.

Ибн ‘Амрдан, Аллаһ ол екеуінен де разы болсын, жеткен хадисте, Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ең жақсы джихад болып Құдыретті және Ұлы Аллаһ үшін өз-өзімен күрескеннің джихады табылады». әт-Табәрани. Хадис сахих. «Сахих әл-Джәми’» № 1129.

Фадали ибн ‘Убәйдәнің, Аллаһ оған разы болсын, хадисінде былай деп жеткізіледі: “ Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, қоштасу қажылығы кезінде: «Сендерге мүмин туралы хабар берейін бе? Ол - оған адамдар өздерінің мал-мүліктері мен жанын аманат ететін (адам). Мұсылман – ол адамдарға тілімен де, қолымен де зиян тигізбейтін (адам).  Муджәхид – ол Аллаһқа құлшылық қылу үшін өз нәпсімен күресетін (адам). Ал мухаджир – ол қателіктер мен күнәларды қалдырушы (тастаушы) (адам)», - деді”. Ахмәд (6/21), әл-Хаким (1/10-11), Ибн Хиббән (№ 4862). Хадис сахих. “әс-Сильсилә әс-сахиха” 549.

Бұл хадистер өз нәпсімен джихадтың төтенше маңыздылығына нұсқайды. Сондықтан Аллаһтың құлы өз-өзімен джихадқа және оның жоғарыда айтылған дәрежелерін жетілдіруге назар бөлуі керек.

Атақты ғалым Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтты: “Ал егер Аллаһтың құлы осы төрт деңгейді кемелдікке дейін жеткізсе, ол «раббәни» (ғалым және рухани ұстаз) болады. Өйткені, бізден алдыңғы ізгі буын өкілдері: «Ғалым ақиқатты білмейінше, оған сәйкес амал етпейінше және оны оқытып-үйретпейінше, «раббәни» деп аталуға лайықты болмайды», - дегенге бірауызды келіскен. Және кім біліп, амал етіп және оқытып-үйреткен болса, аспан тұрғындары ол үшін көп дұға ететін болады». “Зад әл-Мә’ад” 3/10.

Өз нәпсіне қарсы джихадта жолдан тайғандарға келер болсақ, олар әртүрлі жолдармен және түрлі топтармен көрініс тапқан.

Олардың арасында, тек теориялық білім үшін өзімен күресетіндер бар, оларды білім қатты ойландырады, алайда олар амал жасауға еш көңіл бөлмейді. Бұл жалған каләмнің (Исламдағы философиялық ағым) жақтаушыларының қалпы. Олар біліммен, зерттеумен және ой жүгіртумен шұғылдануға көп  уақыт жұмсайды, алайда өздерінің білімдерін қамтып жатқан айқын бұзақылыққа көңіл бұрмайды.

Олардың арасында амал-әрекет жасау үшін өз-өзімен күресіп жүргендер бар, алайда Аллаһтың діні туралы білімсіз және түсініксіз. Бұл - адамдарда білімге деген қалауды қайтаратын, оларды білім ізденуден алыстататын және одан сақтандыратын сопылардың қалпы. Мұндай адамдар амалдардағы адасушылыққа жиі түсіп жатады, ал солар (біріншілері) білімдегі адасушылыққа жиі түсіп жатады.

Тағы біреулері шақыруда (дағуатта) Аллаһтың діні туралы білімсіз және түсініксіз өз-өзімен күресіп жүргендер, және олардың қолдарынан үмметке көп бұзақылық, жамандық және көптеген бидғаттар таралуда.

Дұрыс жолда және Аллаһтың Елшісіне, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, ілесуде өз-өзімен күресуге келер болсақ, ол Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, атап өткен төрт деңгейдің орындалуымен іске асырылады.

Шайтанмен джихад:

Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, былай жалғастырады: “Шайтанмен джихадқа келер болсақ, оның екі деңгейі бар:

1. Ол құлды уәс-уәстайтың дін туралы кесірлі күдіктер мен күмәндарды тойтару үшін онымен күресі.

2. Ол (Аллаһтың құлын) уәс-уәстайтын кесірлі қалаулар мен әустерді тойтару үшін онымен күрсу. Сондықтан бірінші джихадтан кейін мығым сенім пайда болады. Ал екінші джихадтан кейін сабр пайда болады. Екі джихадпен бірге құл Аллаһтың дінінде жетекші және ұстаз болады. Бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп айтқандай: «Әрі олар сабыр етіп, аяттарымызга нық сенген кезде, араларынан бұйрығымызбен тура жол көрсететін бастықтар қылған едік». (Сәждә, 24). Және Пәк Аллаһ діндегі жетекшілікке тек сабырлық және нық сенім арқылы жетуге болатынын хабарлады. Сабырлық әуесқойлық пен жаман ниеттерді тойтарады, ал нық сенім күмән мен күдіктерді тойтарады». “Зад әл-Мә’ад” 3/10.

Бұл сөздер осы жағдайды түсіну, түсіндіру және түзету үшін әрбір мұсылманға жеткілікті. Сонымен шайтанға қарсы джихадтың екі деңгейі бар:

-                     Аллаһтың кұлының шайтанмен, ол оны уәс-уәстайтын кесірлі қалаулар мен әустерді тойтару үшін, күресі.

-                      Оның шайтанмен, ол оны уәс-уәстайтың күдіктер мен күмәндарды тойтару үшін, күресі.

Білім иелері шайтанның адамға ықпал ететін екі жолы бар дейді. Бірінші жол – ынтықтық, құмарлық, әуесқойлық, екіншісі – күмәндар.

Ол адамға келіп, оның еңкіштік-бейімділіктеріне қарайды. Және егер ол иманның және мойынсынудың әлсіздігін, ғибадаттың кемшілігін байқаса, адамды ынтық-құмарлықтарына және күнәлі амалдарға қарай тартып, оны осы жолға бағыттап жібереді. Егер ол адамды мығым бойсұнуда және нық иманда көрсе, онда ол оған бұл жолмен келмейді. Ол оған күдіктер, күмәндар және жаман ой-жорамалдар жағынан келіп, оны бидғат болатын жаңалықтарға кіргізіп жібереді.

Бұл – шайтанның адамға қарсы екі жолы. Және шайтан оның дұшпаны болып табылады, Аллаһ тағала бұл жөнінде: «Шәксіз сендерге шайтан дұшпан. Сондықтан сендер де оны дұшпан түтыңдар!» - деді. (Фәтыр, 6).

Сөйтіп, ол - дұшпан, дұрысрағы – тіпті адамның ең үлкен дұшпаны болып табылады. Сондықтан әрбір мұсылман оған дұшпан ретінде қарауға, оған қарсы толық джихад жасауға және Аллаһ Тағаладан оның уәс-уәсіне қарсы көмек сұрауға міндетті. Бұл жөнінде Құдыретті және Ұлы Аллаһ: «Раббым! Шайтандардың түртектерінен саған сиынамын. Раббым! Олардың жаныма келуінен де саған сиынамын», - де», - деді. (Муминун, 97-98).

Және Аллаһтың құлы шайтанның кесірінен, оның көпқұдайшылығынан, оның күмәндарынан, әуес-құмарлықтарынан және оның шақыруларынан Аллаһ Тағалаға паналасын және Аса Игі Аллаһ Тағаладан қорғау тілесін.

Кәпірлермен және екіжүзділермен джихад:

Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтты: “Кәпірлер және екіжүзділермен джихадқа келер болсақ, ол төрт деңгейге ие: жүрекпен, тілмен, мал-мүлікпен және өмірмен. Және кәпірлермен күрес негізінен қолмен, ал екіжүзділермен джихад тілмен (сөзбен) орындалады».  “Зад әл-Мә’ад” 3/11.

Анастан жеткен хадисте, Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Кәпірлермен өздеріңнің мал-мүліктеріңмен, өмірлеріңмен және өздеріңнің тілдеріңмен соғысыңдар», - деген.  Абу Дауд № 2504.

Кәпірлермен және екіжүзділермен джихад бұл – оларға деген жек көрушілік және қабылдамаушылық, оларға деген сүйіспеншіліктің болмауы, олардың жеңілістеріне қуану, мұсылмандарға оларға қарсы көмектесуге ұмтылу және Аллаһ Тағаланың Кітабында және Оның пайғамбарының, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетінде нұсқалған жүрекпен байланысты басқа да нәрселер.

Олармен сөзбен джихад жүргізу – білім иелерінің айырықша құзыры. Ол өзіне дәлелдер мен дәйектердің көмегімен оларға ақиқатты түсіндіруді, олардың адасушылықтары мен өтіріктерін жоққа шығаруды қамтиды. Аллаһ тағала айтады: «Енді кәпірлерге бағынба! Олармен Құран арқылы ұлы күрес жаса!» (Фурқан, 52). Яғни олармен Құран арқылы ұлы күрес жүргіз. Бұл – Құран мен түсіндірмені (Сүннетті) түсінетін білім иелеріне қатысты.

Кәпірлермен және екіжүзділермен тілмен джихадқа сондай-ақ барша мұсылмандарға қатысты болған Аллаһ Тағаладан мүминдерге көмек және кәпірлер мен екіжүзділерге жеңіліс тілеп дұға ету де табылады.

Олармен мал-мүлік арқылы джихад оған ие болған адамға қатысты, және ол Аллаһтың жолындағы джихад амалдарына, Аллаһқа шақыруға, өзінің мұсылман бауырларына көмек және қолдау көрсетуге шығынданумен жасалады.

Олармен жанмен (өмірмен) джихад бұл – олар Ислам қабылдамайынша немесе құламайынша олармен қолмен және қарумен күресу, бұл жөнінде Аллаһ Тағала айтқандай: «Олармен бұзақылық жойылып, дін Аллаһқа тән болғанға дейін соғысыңдар. Егер олар тыйылса, дұшпандық - залымдарға ғана». (Бәқара, 193).

Сондай-ақ, Пәк Аллаһ былай деді: «Кітап берілгендерден, Аллаһқа да, Ахирет күніне де иман келтірмегендермен, Аллаһтың әрі Елшісінің арам еткен нәрселерін арам деп санамайтындармен, хақ дінді (Исламды) ұстанбайтындармен олар сүмірейіп, өз қолдарынан салық бергенге дейін соғысыңдар». (Таубә, 29).

Ал Ибн әл-Каййимнің: “Және кәпірлермен күрес негізінен қолмен, ал екіжүзділермен джихад тілмен (сөзбен) орындалады», - деген сөзі – барлығымен де күрес төрт тәсілмен жүргізілетінін (жүрекпен, тілмен, мал-мүлікпен және өмірмен) білдіреді, алайда кәпірлермен джихад көп жағдайда қолмен жүргізіледі, өйткені олардың дұшпандығы анық.  Ал екіжүзділермен джихад көбіне сөзбен жүргізіледі, өйткені олардың дұшпандығы – іштей және жасырын, және олар исламды жақтаушылардың басым күшінің астында болады. Сондықтан, олармен күрес дәлел және түсіндірумен жүргізіледі, олардың жағдайы ашылады, адамдар мұны білуі үшін, олардан сақтануы үшін, және осыдан болған бір нәрселерге ұрынып қалмауы үшін, олардың сипаттары аталып айтылады. Бұл Аллаһ Тағаланың Кітабының көптеген жерлерінде және Аллаһтың Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетінде толық түсіндірілген.

Жәбірлеушілікті, бидғаттады және күнәлі істерді жасаушылармен джихад

Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтты: “Жәбірлеушілік, бидғаттар және күнәлі істерді жасаушылармен джихадқа келер болсақ, ол үш деңгейге ие. Біріншісі: қолмен, күштің (қудра) болғанында. Егер күш болмаса, онда тілге көшеді. Егер бұл да мүмкін болмаса, онда – жүрекпен». “Зад әл-Мә’ад” 3/11.

Жәбірлеушілік, бидғаттар және күнәлі істерді жасаушылармен джихадтың Ибн әл-Қаййим атап өткен бұл деңгейлеріне Абу Са’идтің, Аллаһ оған разы болсын, мына хадисі нұсқайды. Ол былай деді:  “Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Сендерден біреу күнәлі істі көрсе, оны қолымен өзгертсін. Егер ол мұны істеуге шамасы келмесі, онда – тілімен. Егер мұны да істеуге шамасы жетпесе, онда – жүрегімен. Және бұл – ең әлсіз иманның белгісі», - деген.». Муслим № 49.

Сондай-ақ, Ибн Мас’удтың, Аллаһ оған разы болсын, хадисінде  Аллаһтың Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Аллаһ менен алдын қай пайғамбарды қандайда бір қауымға жіберсе де, онда міндетті түрде өзінің қауымынан болған, оның сүннетіне (жолына) ілескен және оның әмірлерін орындаған апостолдары және сахабалары болды. Ал олардың орнына өздері істемейтін нәрсені айтатындар, және оларға әмір етілмеген нәрселерді істейтіндер келді. Осындайлармен өз қолымен күресушілер мүмин болып табылады, және солармен өз тілімен күресушілер мүмин болып табылады, және солармен өз жүрегімен күресушілер де мүмин болып табылады, ал осыдан кейін - қыша бидайындай да иман жоқ!» Муслим № 50.

Сондықтан мұсылманнан жәбірлеушілік, бидғаттар және күнәлі істер істеушілермен джихадты не қолмен, не тілмен, не болмаса жүрекпен орындау талап етіледі. Және мұның барлығы қабілеттілікке (қудра) байланысты.

Жүрекпен күресуді әрбір мұсылман орындай алады. Бұл күрес өзіне бидғатты, күнәлі істерді және күнәларды жүрекпен қайтаруды, оларды қабылдамауды және жек көруді, олардың жойылып опат болуын қалауды қамтиды.

Тілмен күресуге келер болсақ, мұны әркім істей алмайды. Мұны өздеріне білім және түсінік берілгендер ғана, Аллаһтың дінін түсіну, немесе өзі тойтарғысы келген нақты мәселені түсіну қабілетіне ие болғандар ғана істей алады.

Қолмен күресуге келер болсақ, бұл – кез-келген адамға емес, тек күш пен билікке ие болғандарға және жауапкершілігі бар болғандарға ғана қатысты. Күнәлі істерді қолымен міне осы адамдар өзгертеді.

Жоғарыда нұсқалғандардан Аллаһтың жолындағы джихадтың түрлері және дәрежелері бар екені, және әрбір мұсылман осылардың қандай да бір түрімен немесе қандай да бір дәрежесімен Аллаһтың жолында джихад жасай алатындығы айқын болады. Сондықтан атақты ғалым Ибн әл-Қаййим джихадтың осы түрлері туралы атап өткен соң, былай деді:  «Ал кім, қасиетті соғысқа қатыспай, тіпті қатысу туралы ойламай, өліп кетсе, ол өлгеніне дейін екіжүзділіктің бір көрінісімен сырқаттанып өткен болады». Муслим 1910. “Зад әл-Мә’ад” 3/6.

Үшіншісі:

Джихадтың үкімі

Аллаһтың жолындағы джихад - ең ұлы ислами ұрандардың және ең маңыздың діни міндеттіліктердің бірі болып табылады. Және оның үкімі оның түрлері мен деңгейлеріне, сондай-ақ бұл міндеттілік жүктелетіндердің жағдайына байланысты өзгешеленеді.

Өз-өзімен джихад - әрбір мұсылманның міндеті болып табылады (фард айн), және оны ешкім біреу үшін орындамайды, өйткені ол әр адамның ерекшіліктерімен байланысты, және адамның бақыты мен жетістіктеріне тек оның өзі ғана қол жеткізе алады.

Сол сияқты шайтанмен джихад та әрбір тұлғаға міндетті болып табылады (фард айн), өйткені, ол негізінен әрбір адамға жеке белгіленген, бұл жөнінде Аллаһ Тағала айтқандай: «Шәксіз сендерге шайтан дұшпан. Сондықтан сендер де оны дұшпан түтыңдар!» (Фәтыр, 6).

Атақты ғалым Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтты: “Шайтанға дұшпан ретінде қатынас жасау әмірі - онымен соғысуға және күресуге барлық күш-жігерді жұмсауға назар аудару болып табылады, ол - Аллаһтың құлымен жүргізетін соғысында бір демге болса да әлсіремейтін және қателіктерге бой бермейтін дұшпандай”. “Зад әл-Мә’ад” 3/6.

Кәпірлермен, екіжүзділермен және бидғаттардың және күнәлі істердің жақтаушыларымен джихадқа келер болсақ, бұл жердегі жағдай біраз өзгеше. Және джихадтың бұл түрі – әрбір мұсылманның не жүрегімен, не сөзімен, не мал-мүлкімен, не қолымен (осы түрлерінің қандай да бірімен) атқарылатын жеке міндеті болып табылады деген үкім - дұрысрақ болып табылады. Сондықтан, мұсылман осы түрлерлердің қандай да біреуін пайдаланып, күші жеткенше соғысуы керек. “Зад әл-Мә’ад” 3/72.

Жалпы үмметке қатысты ол - ұжымдық мінтеттілік (фард кифая) болып табылады. Егер мұсылмандардың жеткілікті саны оны орындаса, қалғандарынан оны орындау жауапкершілігі түседі. Олай болмаған жағдайда, егер (ол туралы) білімі және (оны орындау үшін) күші бола тұра оны орындамай қалдырса, олардың барлығы күнә жасайды. “Фәтх әл-Бари” 6/37, “Мәджму’ әл-фәтәуә Ибн Баз” 18/62 қараңыз.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтты: “Міне осылайша жақсылыққа үндеп, жамандықтан қайтару да - әрбір жеке адамға жүктелген міндеттілік (фард айн) болып табылмайды, ол, бұған Құран нұсқайтындай, ұжымдық міндеттілік (фард кифая) болып табылады. Және джихад – шақыру мен тыйым салудың ең жоғары нысаны болғандықтан, оған қатысты да осындай ұйғарым қолданылады. Бұл міндеттілік жүктелгендер оны орындамаса, оны орындауға қабілетті болғандардың әрбірі, мүмкіндіктеріне сәйкес, күнәһар болады. Өйткені, ол әрбір адамға, оның күш-қуатына сәйкес, міндетті болып табылады, бұл жөнінде Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын былай деп айтқандай: «Сендерден біреу күнәлі істі көрсе, оны қолымен өзгертсін. Егер ол мұны істеуге шамасы келмесі, онда – тілімен. Егер мұны да істеуге шамасы жетпесе, онда – жүрегімен. Және бұл – ең әлсіз иманның белгісі». “Мәджму’ әл-фәтәуә” 28/126 қараңыз.

Кәпірлерге қарсы джихад ұжымдық міндеттілікке жататындығы жөнінде айтылған сөзде, ғалымдардың ең тараған пікіріне сәйкес,  шабуыл джихады меңзеледі.  Олардың кейбіреулері бұл мәселеде бірауызды келісім (иджма’) бар екендігі туралы айтқан, және бұған дәлелдер де көп. Мысалы, Ұлы және Пәк Аллаһ  былай деп айтты: «Мүміндерден (соғысқа шықпай) отырушылар мен Аллаһ жолында малдары және жандарымен соғысушылар тең емес. Аллаһ малдарымен, жандарымен соғысушыларды дәрежеде арттырды. Сондай-ақ, барлығына да игілік уәде етті. Және соғысушыларды отырушылардан үстем кеңшілікке бөлеп, ірі сыйлық берді». (Нисә, 95).

Бұл аяттан ғалымдар Аллаһтың дініне шақыруды тарату мақсатымен мұсылмандар тарапынан басталған кәпірлерге қарсы джихад жеке міндеттілікке емес, ұжымдық міндеттілікке жатады, өйткені Ұлы және Құдретті Аллаһ аятты «Сондай-ақ, барлығына да игілік уәде етті» - деген сөздермен аяқтады деген  қорытынды шығарды. Өйткені, (аятта) мүминдердің екі тобы, ауыртпалықтарды бастан кешірмей (соғысқа шықпай) отырып қалғандар және соғысып жатқандар туралы айтылып жатыр, және Аллаһ олардың әрқайсысына да Аллаһ ең жақсы игіліктер уәде етті. Хафиз Ибн Касир бұған байланысты былай деп айтты: «Бұл аятта джихад жеке міндеттілік (фард айн) болып табылмайтындығына, алайда ұжымдық міндеттілікке (фард кифая) жатандығына дәлел бар”. “Тәфсир Ибн Кәсир” 2/241 қараңыз.

Бұл дәлелдерге Абу Хурайраның, Аллаһ одан разы болсын, хадисі де жатады, онда Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Кім Аллаһқа және оның Елшісіне иман келтіріп, намазды орындап және Рамазан айында ораза ұстаған болса, оны Аллаһ міндетті түрде Жәннәтқа кіргізеді, ол Аллаһтың жолында соғысқандығына немесе өзінің мекенінде болғанына қарамастан». Сонда сахабалар: «Йә, Аллаһтың Елшісі! Адамдарды қуантпайық па?» – деді.  Ал ол оларға былай деп жауап берді: «Ақиқатында, Жәннәтта Аллаһ жолында соғысатындар үшін Аллаһ әзірлеп қойған жүз дәреже бар. Әр дәреженің арасындағы арақашықтық жер мен аспан арасындағы арақашықтық сияқты. Және сендер Аллаһтан (Жәннәтті) сұрасаңдар, ақиқатында Жәннәттың ортасында және оның ең жоғарысында орналасқан Фирдаусты сұраңдар. Оның үстінде Рахманның Аршы орналасқан, ал одан жәннәт өзендері бастау алады». әл-Бухари № 2790.

Сондай-ақ ‘Абдуллах ибн ‘Амрдан оның мына сөздері жеткізіледі: “Бір адам Пайғамбарға, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, келіп, одан джихадқа қатысуға рұқсат сұрады. Сонда (Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), одан былай деп сұрады: «Сенің әке-шешең тірі ма?»  Келген (адам): «Иә», - деп жауап берді. Ал Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтты: «Ендеше оларға қызмет көрсетуде ынта таныт!». әл-Бухари № 3004, Муслим № 2549.

Ибн Кудама бұл хадиске былайша түсіндірме жасады: “Ата-анаға игілік жасау фард ‘айн (әрбір кісінің міндеті) болып табылады, ал соғысу фард кифаяға (ұжымдық міндеттілікке) жатады. Және фард ‘айнды орындау бірінші кезекте тұрады”. “әл-Муғни” 9/170 қараңыз.

Сонымен, зерттеуші-ғалымдардың тұжырымдауы бойынша, кәпірлерге қарсы джихад - фард кифая болып табылады. Дегенмен, джихад - фард ‘айн болатын, бұл жөнінде ғалымдар ескерткен, үш жағдай бар:

Бірінші жағдай мұсылман әскері дұшпанның әскерімен бет пе бет соқтығып қалған кезде орын алады. Бұл жағдайда ұрысқа қатысушының әрбірі соғысуға міндетті, және оған қашуға тыйым салынады. Өйткені, Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Ал және кім соғыс күні, соғыс майданын ауыстыру немесе топқа қосылудан басқа түрде кәпірлерге арқасын көрсетсе, әрине Аллаһтың қаһарына ұшырайды. Орны - Тозақ, нендей жаман орын!» (Әнфәл, 16).

Ескертпе:

Бұл - кәпірлердің саны мұсылмандармен тең, немесе екі есе көп болған жағдайға қатысты, алайда егер кәпірлер мұсылмандардан үш есе көп болса, онда соғыс майданында табандылық (ығыспаушылық) көрсету міндетті болып табылмайды, және әрі қарай жалғасатын жағдай пайда мен ситуацияға байланысты болады. Егер, кәпірлердің саны басым болуына қарамастан, мұсылмандар олармен шайқасуға дайындалған болса және белгілі бір шығындармен тіпті оларға тойтарыс бере алатын болса, онда олар ұрыс майданынан кетпеуі керек. Бірақ, кәпірлердің саны басым келсе және олар әскери дайындықта және қару-жарақта күшті болса, және оларға қарсы тұру мұсылмандардың ешбір мән-пайдасыз өлуінен басқа ешнәрсеге әкелмесе, онда соғыс майданынан кету керек болады, және шегінген мұсылмандарда күнә болмайды! Тіпті кейбір имамдар бірауызды келісім бойынша мұндай жағдайда шегіну міндетті  (уәжіп) болады деп айтқан, бұл жөнінде  Абу әл-Ма’али жеткізгеніндей. “Тахқық әл-джихәд” 50 қараңыз.

Ибн ‘Аббас айтатын: “ «Егер сендердің араларыңда сабырлылардан жиырмасы болса, олар екі жүзді жеңіп шығады» деген аят түскенде, бұл мұсылмандарға ауыр болды, және оларға адам санының арақатынасы бірге он болғанда қашып шегінбеу әмір етілген еді. Кейін: «Енді Аллаһ сендердің ауыртпалықтарыңды жеңілдетті, өйткені Оған сендер әлсіз екендерің мәлім» деген жеңілдік түсірілді”. әл-Бухари 4/251.

Сондай-ақ Ибн ‘Аббас, осы екі аятты оқып болып, былай деп айтты: “Егер адам үшеуден қашса, бұл – соғыс майданынан қашу емес, қашу бұл – екеуден қашу”. Ибн әл-Мубарак 235, Са’ид ибн Мансур 2538. Иснады сенімді.

Екінші жағдай дұшпанның мұсылман мемлекетіне шабуыл жасауымен және оны қоршауға алумен байланысты. Бұл жағдайда осы елдің халқы олармен соғысуға және оларға қарсылық көрсетуге міндетті болады.

Үшінші жағдай мұсылмандардың әмірі жалпы мобилизациялау туралы жариялағанда, немесе нақты біреуді белгілі бір тапсырманы орындауға бекіткенде туындайды.

Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Әй мүміндер! Сендерге не болды? «Аллаһ жолында соғысқа шығыңдар», - делінген кезде, салмақтарыңды жерге салдыңдар.» (Таубә, 38).

Сондай-ақ бұған Ибн ‘Аббастан, Аллаһтың олардың екеуінен де разы болсын, Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, Меккені алған күні: «(Мекке) Алынғаннан кейін хижра жоқ, бірақ джихад және ниет қалды. Және егер сендерді шығуға шықырса, шығыңдар!» - деп айтқаны жеткен хадис те нұсқау болады. әл-Бухари № 2783, Муслим № 1353.

Сөйтіп, осы аталған үш жағдайда, джихад - әрбір мұсылманның міндеті (фард ‘айн) болады. шейхуль-ислам Ибн Таймия “Мәджму’ әл-фәтәуә” 28/80, “Фәтх әл-Бари” 6/37-38, шейх Ибн Баз “Маджму’ фатауа уа макалят” 18/62, 163 қараңыз.

Төртіншісі:

Джихадтың мақсаттары

Аллаһ Тағала джихадты Исламда бұйырды және оны ұлы және мақтаулы мақсаттар үшін мұсылмандарға міндетті етті. Ол мақсаттардың бір бөлігі ғалымдардың мына сөздерінде ашылып көрсетіледі.

1. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтты: “Джихадтың мақсаты болып Аллаһтың Сөзі барлық нәрседен үстем, ал дін толығымен Аллаһ Тағалаға тән болатын жағдайға қол жеткізу табылады.  Басқаша айтқанда, оның мақсаты – Аллаһтың дінін орнату”. “Мәджму’ әл-фәтәуә” 15/170, 28/23 қараңыз.

2. Ол сондай-ақ, былай деп айтты: “Және джихадтың мақсаты -адамдардың Жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық етіп, Оған ғана жалбарынып, Оған ғана намаз оқып, Оған ғана сәжде жасап, Ол үшін ғана Ораза ұстап, тек Оның Үйіне ғана қажылық жасап, Оған ғана арнап құрбан шалып, Ол үшін ғана нәзір беріп, Оның атымен ғана ант етіп, Оған ғана тәуекел етіп, Одан ғана қорқуына жету болып табылады.  Өйткені, Жалғыз Ол ғана игілік береді және жамандықты жояды. Жалғыз Ол ғана  өзінің жаратылыстарын тура жолмен жүргізеді. Және оларға тек қана Ол жәрдем береді. Және оларды ризықтандырып, байытатын да тек Ол ғана. Олардың күнәларын да Одан өзге ешкім кешірмейді!” “Мәджму’ әл-фәтәуә” 35/368 қараңыз.

3. Шейх ‘Абдуррахман ибн Насыр ас-Са’ди былай деп айтты: “Джихад екі түрлі болады: өзімен мұсылмандарға есендік, ақидасының, ахлағының және олардың дін және дүние істерімен байланысты болған барлық нәрселерінің түзетілуін әкелетін джихад. Сондай-ақ, бұл джихад мұсылмандарда шынайы білімдер мен амалдарды тәрбиелейді. Джихадтың міне осы түрі - оның негізі және оның мәні болып табылады, және екінші түрі, яғни Исламды және мұсылмандарды кәпірлерден, екіжүзділерден, бидғатшылардан және діннің барлық жауларынан болған дұшпандардан қорғау меңзелетін джихад оның үстіне негізделеді”. “Уджуб та’аун бәйнә әл-муслимин” 8 қараңыз.

4. Құрметті шейх Ибн Баз былай деп айтты: “Джихад екі түрлі болады: шабуыл және қорғану джихады. Және олардың әрқайсысының мақсаты болып Аллаһтың дінін тарату және адамдарды оған шақыру, оларды қараңғылықтардан жарыққа шығару, және Аллаһтың дінінің жер бетінде салтанат құруы, және барлық дін тек Жалғыз Аллаһқа ғана тән болуы табылады, бұл жөнінде Аллаһ Тағала Өзінің Ардақты Кітабында «Бәқара» сүресінде былай деп айтқанындай:  «Олармен бұзақылық жойылып, дін Аллаһқа тән болғанға дейін соғысыңдар». Ол сондай-ақ, «Әнфәл» сүресінде: «Олармен бұзақылық жойылып, дін (ғибадат) Аллаһқа тән болғанға дейін соғысыңдар». Және осыған ұқсас мағынадағы аяттар көп. Сондай-ақ, Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтты: «Маған адамдар  Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ, және Мухаммед – Оның Елшісі екендігіне куәлік бермейінше, намазды орындап, зекет төлемейінше олармен соғысу әмір етілді. Ал егер олар мұны істесе, онда өздерінің өмірлері мен мал-мүліктерін менен қорғаған болады, ислам бұған рұқсат ететін жағдайлардан басқа, ал  жауапты олар Аса Құдыретті және Ұлы Аллаһтың алдында береді». Ибн ‘Умардың, Аллаһ олардың екеуінен де разы болсын, хадисі. Оның сахих екендігіне әл-Бухари мен Муслим келіскен”. “Мәджму’ фәтәуә уа мәкәләт мутанәууи’ә” 18/70 қараңыз.

Бесіншісі:

Аллаһтың жолындағы джихадтың артықшылығы

Егер осыдан алдыңғы тарау Аллаһтың жолындағы джихадтың мақсаттары мен даналығының түсіндірмесі болған болса, онда Құран мен Сүннетте джихадтың артықшылығы және оған қатысушылардың артықшылығы туралы дәлелдер келтірілгендігі – таңданатын нәрсе емес.

Атақты ғалым Ибн әл-Қаййим былай деп айтты: “Джихадтты марапаттайтын, оны жасаушыларды мақтайтын, және ол үшін  Раббылары оларға түрлі құрмет көрсетулер мен мол сыйлықтар түрінде ұлы сый дайындап қойғандығымен сүйіншілейтін Аллаһтың кітабынан аяттар және Сүннеттің мәтіндері өте көп. Және бұл үшін Аллаһ Тағаланың айтқан мына сөздері жеткілікті: «Әй мүміндер! Сендерге жан түршігерлік азаптан қүтқаратын бір сауда көрсетейін бе?» Және жандар Аса Білімді және Дана Аллаһтың нұсқаған саудасын қатты қалаған соң, Аллаһ Тағала былай деді: «Аллаһқа және Оның Елшісіне иман келтіріңдер және Аллаһтың жолында мал-мүліктеріңмен және жандарыңмен соғысыңдар!» - деді. Жан қауіпсіздікте өмір сүріп-тұруды қалайтын сияқты, сондықтан Аллаһ: «Егер сендер білсеңдер еді, осы сендерге қайырлы», - деді. Яғни джихад сендер үшін өз өмірлерің мен денсаулықтарыңды сақтап қалу үшін қарап отырудан жақсы. Және жан: «Ал джихадта бізге қандай енші бар?» - деп сұрап жатқан сияқты. Ал Аллаһ: «Ол сендердің күнәларыңды жарылқайды», - деп, және жарылқап: «Сендерге астарынан өзендер ағатын бейіштерге, Ғадын жәннаттарындағы орындарға кіргізеді. Зор табыс осы», - деп жауап берді. Содан соң жандар былай деп айтқандай болды: «Бұл соңғы өмірде. Ал бұл өмірде бізге не беріледі?» Және Аллаһ былай деп жауап берді: «Тағы басқа сендер жақсы көретін бір нәрсе бар: Аллаһ жақтан бір көмек және жақын бір жеңіс бар. Мүміндерді қуандыр!» (Саф, 10-13). Аллаһпен ант етемін, бұл сөздерден не тәтті болуы мүмкін! Және олардан артық жүректерге не жақын болуы мүмкін! Олар нендей күшті етіп өздеріне тартады және нендей Раббыларына апарар (керемет) жолға салады! Олардың үкімі әрбір сүйетін жүрекке нендей ізгі.  Жүректің байлығы нендей ұлы! Және осы сөздердің мәні оған жеткеннен соң оның өмірі нендей сүйсінерлі! Және біз Аллаһтан Ол бізге Өзінің рахметін жаудыруын тілейміз!  Ақиқатында, Ол – Аса Жомарт, Ерекше Рахымды!” “Тариқ әл-хиджратәйн” 583-584.

Джихадтың артықшылығын хадистер де дәлелдейді. Солардың ішінде Му’аз ибн Джәбәлдің мына хадисі де бар: «Бұл істің (діннің) басы - Ислам, тірегі – намаз, ал шыңы – Аллаһтың жолындағы джихад болып табылады». Әхмәд 5/231, ат-Тирмизи № 2616.

Сондай-ақ ‘Убада ибн әс-Самиттің, Аллаһ одан разы болсын, хадисінде Аллаһтың Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Аллаһтың жолында соғысыңдар, өйткені Аллаһтың жолындағы джихад - Аллаһ олар арқылы уайым мен қайғыдан құтқаратын  Жәннәт қақпаларының бірі болып табылады», - дегені жеткізіледі. Әхмәд 5/314.

Абу Хурайраның, Аллаһ одан разы болсын, хадисінде былай деп айтылады: «Аллаһтың жолында күресуші ораза ұстаушыға, намаз орындаушыға, Аллаһтың аяттарының алдында бар ұрып, оразадан да, намаздан да шаршамайтынға ұқсас. (Және оның жағдайы) ол Аллаһтың жолынан оралғанша осылай. Және Аллаһ Өзінің жолында күресушіге оның жанын алып оны Жәннәтқа кіргізуге деген, немесе оны аман-сау сый-сыяпатпен не олжамен оралуға деген үміт берді». әл-Бухари № 2787, Муслим № 1878.

Джихадтың және Аллаһ жолында күресушілердің артықшылығы туралы және шынайы (шын ықыласты) мужәхидтерге  Аллаһ бұл және Соңғы өмірде әзірлеп қойған жоғары мәртебелер мен аса зор сыйын түсіндіретін Кұран аяттары мен пайғамбарлық хадистер оте көп.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтты: “Джихадты орындау туралы әмірлер мен оның артықшылы туралы ескертпелер Кітап пен Сүннетте соншалықты көп болғандықтан, оларды санау мүмкін емес. Сондықтан джихад адамның ерікті амалдарының ең абзалы болып табылады, және ғалымдардың бірауызды келісімі бойынша ол - қажылық пен умрадан да, нәпіл намаздан да,  нәпіл оразадан да абзал, бұл жөнінде Кітап пен Сүннет нұсқағандай…

Бұл - кең тақырып, және амалдарға берілетін сый мен олардың артықшылығында оған ұқсас ешнәрсе келтірілмеген.  Және бұл - назар салғанда әп-айқын. Өйткені джихадтан келетін пайда оны орындаушыға да, басқаларға да дін мен дүние тіршілігінде ортақ болады. Ол ішкі және сыртқы ғибадаттардың барлығын өзіне қамтиды. Ол өзіне Аллаһ Тағалаға деген махаббатты, Оған деген ықыласты, Оған деген тәуекелді,  Ол үшін жан мен мал-мүлікті пида етуді, сабр мен ұстамдылықты, Аллаһты зікір етуді және басқа да өзге амалдар қамтымайтын ғибадаттарды біріктіреді.

Және оны орындаушы тұлға немесе қауым үнемі екі игіліктің арасында болады: не жәрдем және жеңіс, не шахидттік және Жәннәт. Өйткені жаратылғандарда міндетті түрде өмір және өлім болады. Осыда (джихадта) олардың өмірі мен өлімін олардың бұл дүниеде және Ақыретте бақытқа жетуі үшін пайдалану бар.  Ал оны тастауда (қалдыруда) екі дүниеде де (бақытты болуда) қаза және кемшілік бар. Өйткені, адамдардың арасында дінде және дүние тіршілігінде қуатты амалдарды жасауға ұмтылатындар бар, алайда олардың пайдасы аз.  Ал джихад, бұл амалдардың әрқайсысымен салыстырғанда, екі өмірде де пайдалырақ. Кейде тұлға өлімге тап келер болса да, жанын жеңілдетуге ұмтылады. Ал шахидтің өлімі барлық өлімнен жеңіл және барлық өлімнен абзал”. “Мәджму’ әл-фәтәуә” 28/352-354.

Құрметті шейх Ибн Баз былай деп айтты: “Ақиқатында, Аллаһтың жолындағы джихад Аллаһқа жақындаудың ең жақсы жолдарына және ең үлкен ғибадаттарға жатады, және бұл тіпті Аллаһқа жақындататын нәрселердің және міндетті болған амалдардан кейін жарысатын нәрселердің ең абзалы болып табылады. Бұл - оның мүміндерге көмек көрсетудің, Аллаһтың сөзінің үстем болуының, кәпірлер мен екіжүзділерді басудың, исламға шақыруды халықтар арасында таратудың, Аллаһтың құлдарын қараңғылықтардан жарыққа шығарудың, барлық жаратылыстардың арасында исламның керемет сипаттары мен әділетті шешімдерін таратудың және мұсылмандарға келетін өзге де көптеген пайдалардың және мақтаулы нәтижелердің себебі болғандығынан”. “Мәджму’ фәтәуә уә мәкәләт мутанәууи’ә” 18/61-62 қараңыз.

Ескертпе:

Бұл артықшылықтардың барлығы шынайы, Аллаһ Тағала заңды еткен джихадқа қатысты екенінде күмән жоқ. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия айтатын: “Құран мен Сүннет джихадты жасау туралы бұйрықтарға  және оның артықшылықтарына толы. Алайда шариғатта заңдастырылған, Аллаһ және Оның Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, бұйырған джихадтпен, кейбір адасушылықтың жақтаушылары жүргізіп жүрген бидғат-джихаттың арасындағы айырмашылығын білу қажет! Олар джихадты шайтанға бағынып жүргізуде, алайда өздері джихадты Рахманға бағынып жүргізудеміз деп ойлайды. Бұл – хауаридждердің, және солар сияқты, исламның жақтаушыларымен соғысып жүрген, өз әуестерінің және діңге жаңалық енгізудің өзге де жақтаушыларының джихады сияқты!». “Раду ‘аляль-Ахнаи” 326.

Алтыншысы:

Джихадтың ережелері мен шарттары

Бұл - джихад мәселесінің ең маңызды жағы, яғни Исламда әмір етілген джихад Аллаһтың Кітабында, Оның Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетінде және ізгі алдыңғы буын өкілдерінің хабарларында келтірілген ережелер мен шарттарға ие екендігін білу. Және Аллаһтың жолындағы джихад оларды орындағанда, атқарғанда және соларға сәйкес болғанда ғана Аллаһ Тағаланың алдында салиқалы және қабыл болатын амал болады. Осы ережелердің және шарттардың  ішіндегі ең маңыздылары болып төменде келтірілгендер табылады:

1. Джихадтың, кез-келген салиқалы амалдың негізі болған екі шартқа негізделуі қажеттігі, олар: ықылас және шариғатқа сәйкестік.

Және Құдыретті де Ұлы Аллаһ джихад жасаушының джихадын тек ол ондағы ниетін Аллаһ Тағала үшін, Пәк Аллаһтың разылығына жету үшін ықыласты қылса ғана қабыл етеді. Ал егер ол өзінің джихадымен өз пайдасын, немесе басшылықты, немесе кейбір адамдардың ой-ниеттерінде пайда болып жүрген сол сияқты нәрселерді қаласа, Құдыретті де Ұлы Аллаһ оны қабыл етпейді.

Сондай-ақ,  Аллаһ Тағала джихадты орындауда Аллаһтың Елшісіне, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, ілеспеген адамның да джихадың қабыл етпейді. Сондықтан да, Аллаһ жолында джихад жасауды қалаған адамға Аллаһтың Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетін қарап шығу, оның іздерімен жүру, оның басшылығын қабылдау, джихадты және басқа ғибадаттарды орындауда оның жолына ілесу міндетті болып табылады.

Ескертпе:

Шейх атап кеткен нәрселер, өте маңызды болып табылады! Өйткені көптеген жас мұсылмандар қателесіп, джихадта бір ғана шарт бар, ол -ықылас деп есептейді. Бұл - дінді, соның ішінде джихад мәлелелерін қате түсіну болып табылады, және оны ғалымдар да, тіпті сахабалар да айқын түрде жоққа шығарған!

Хасән әл-Бәсри айтатын: «Бірде бір адам Ибн Мас’удтың қасында тұрған Абу Муса әл- Аш’ариге келіп, одан: “Сен Аллаһ Тағала үшін ашу-ыза танытып, қылышын алып шыққан және өлтірілгенше соғысқан адам туралы не айтасын? Ол қайда барып түседі?» - деп сұрағанда, Абу Муса: «Жәннәтқа!» - деп жауап берді. Сонда Ибн Мас’уд былай деп айтты: «Шындығында, мына муфти (Абу Муса) сен сияқты! Ол адам Сүннетке сәйкес соғысты ма, әлде бидғатқа сәкес па?!» Ал Хасан әл-Бәсри (кейін) былай деп айтты: “Міне, адамдар өз қылыштарын бидғатқа сәйкес көтерді!» Ибн Уәдәх «әл-Бида’» 1/80. Иснады сахих.

Сондай-ақ, тура осыны Хузәйфә Абу Мусадан: «Сен Аллаһтың дидарына ұмтылып, қылышың көтеріп шыққан адам туралы не айтасын, ол өлтірілсе, Жәннәтқа кіреді ма?!» - деп сұрағаны да жеткізіледі. Абу Муса: “Ия!” – деп жауап берді. (Сонда) Хузәйфә оған былай деді: «Жоқ! Тек егер ол Аллаһтың Дидарына ұмтылып, және Аллаһ әмір еткенге сәйкес амал еткен болса ғана! Мұндай жағдайда, егер ол өлтірілсе – Жәннәтта!» Са’ид ибн Мәнсур 2546. Иснады сахих.

Абу ‘Убәйда ибн Хузәйфан жеткен басқа риуаятта Хузәйфәның: “Ақиқатында, ол ақиқатқа сәйкес амал етіп соғысқан болса, және өлтірілсе, онда ол – Жәннәтта. Ал егер ол дұрыс ниетке және Аллаһтың әміріне сәйкес амал етпеген болса, онда ол – Тозақта!» - деп айтқаны жеткізіледі. Содан соң Хузәйфә былай деп жалғастырды: “Аллаһпен ант етемін, мұндай адам Тозаққа кіреді!” Бұған Абу Муса: “Сенікі дұрыс!” – деді. ‘Абдур-Раззақ 5/267, Ибн Уадәх 1/81. Иснады сахих.

2. Джихадтың джихад мақсатына және ол бұйырылған мақсатқа сәйкес болуы.

Бұл мақсат - бұл жөнінде хадисте келтірілгендей, джихадты дін Аллаһқа тән болу үшін, және Аллаһтың Сөзі барлық нәрседен үстем болу үшін орындау.

Пайғамбарға, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Ия, Аллаһтың Елшісі! біреу олжа үшін соғысады, басқасы – даңқ үшін, үшіншісі - рия (көзбояушылық, өзгелерге көрсету) үшін. Осылардың қайсысы Аллаһтың жолындағы күрес болып табылады?» - деген сұрақ қойылды.  Ол былай деп жауап берді: «Кім Аллаһтың Сөзі үстем болу үшін соғысқан болса, міне сол Аллаһтың жолында». әл-Бухари № 7458, Муслим № 1904.

3. Джихад дінді білумен және түсінумен  болуы керек, өйткені, ол - бұл жөнінде жоғарыда айтылғандай,  ең ұлы және маңызды ғибадаттардың бірі болып табылады.

Және ғибадат, егер ол дінді білумен және түсінумен орындалмаған болса, қабыл болмайды. Сондықтан,  ‘Умар ибн ‘Абдуль-‘Азиз, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтты: “Кім Аллаһқа білімсіз ғибадат етсе, пайдадан көп зиян келтіреді”. Имам Ахмәд “әз-Зухд” 365

Бір риуаятта: «Білім - амалдың басшысы болып табылады деп айтылған, және сол амалды жасаушы оған ілеседі», - делінген. Ал бұл – ақиқат, өйткені егер ниет пен амал біліммен қатар жүрмесе, онда олар надандық, адасушылық және әуестерге еру болып табылады.

Сондықтан, джихадта джихадтың ақиқатын,  оның мақсатын, оның түрлерін және дәрежелерін білу, және джихадты орындаушының  жағдайын міндетті түрде білу міндетті болып табылады. шейхуль-ислам Ибн Таймия “Мәджму’ әл-фәтәуә” 28/135-136, қараңыз.

Шейхуль-ислам Ибн Таймия былай деп айтты: “Джихад істерінде, діннің сыртқы жағына ғана басым көзқараста болатын  дүние адамдарымен салыстырғанда, олардың өздері туралы білімі (тәжірибесі) бар дұрыс діннің иелерінің пікірін назарға алу міндетті болып табылады”. “әл-Ихтиярат әл-фикхия” 311.

Шейх Салих әл-Фаузан, Аллаһ оған есендік берсін, былай деп айтты: “Ғалымдар джихад туралы оларға адамдар жүгінетін көптеген еңбектер жазды. Және бұл әмірлер Аллаһтың Кітабынан және оның Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетінен алынған. Олар білім және ақыл иелерінен сұрайды, өйткені джихад маңызды іс болып табылады. Егер ол ұйымдастырылса және Аса құдыретті және Ұлы Аллаһ әмір еткендей болса, онда ол үмметке пайдалы джихад болады. Алайда ол анархия (тәртіпсіздік) болса және ақылсыз және білімсіз болса, онда ол мұсылман үмметі үшін жеңіліс болады. Өйткені, одан күші басым болған кәпірлердің ызасын туғызған бір наданның шүбәлы жолмен оңай олжа іздеушілігінің себебінен қанша мұсылмандар өлтірілді! Ал олар (кәпірлер) мұсылмандарға бас салып қантөгіс жасады және оларды баспаналарынан айырып, (үйлерін) қиратты. Және Аллаһтан өзге ешкімде күш те, қуат та жоқ. Және сол адамдар осы авантюраларын джихад деп атайды, бірақ бұл – джихад емес, өйткені ол оның шарттарын қамтамасыз етпеді, оның тіректерін орындамады. Сондықтан, ол - джихад болып табылмайды. Бұл  - Құдыретті де Ұлы Аллаһ істеуге тыйым салған өшпенділік ғана”.  “әл-Джихад әнуа’уху уә әхкәмух” 24-25.

4. Джихад жаратылыстарға деген мейірімділікпен және ізгілікпен қатар жүргізілу керек, өйткені джихад Исламда тіршілік иелеріне үрей салу үшін, немесе өзгелерді ренжіту үшін әмір етілмеді, сондықтан да олардың Аллаһтың жолындағы джихадқа қатысы бар деп түсінбеу керек.

Ескертпе:

Имам ан-Найсабури: “Дәлелмен және бірқұдайшылдықтың жемістеріне шақырумен жүргізілетін джихад, өзінің нәтижесімен шайқастан жақсы. Сондықтан Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Алиге, Аллаһ одан разы болсын, былай деп айтты: «Ақиқатында, егер Аллаһ сен арқылы бір адамды тура жолға салса, бұл сен үшін олардың үстінен күн көтерілетін барлық нәрседен жақсы!» Және қылышпен (жасалатын) джихад оның алдында дәлелмен (жасалатын) джихад болмағанға дейін көркем болмайды. Өйткені адам – ардақты жаратылыс, сол үшін оны кесірлі сипаттарынан оның өзін сақтай отырып тазарту мүмкін болса, ол оның мәнін жоюдан абзалрақ.

Өлексенің кейбір нәрселерге жарамды бола алатын терісін шариғат сақтауға қалайша бұйыратынын көрмейсің бе, бұл жөнінде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Оның (өлексенің) терісін, пайдалану үшін илеу арқылы тазартып алмайсыздар ма?!» “Тәфсир ән-Нәйсәбури” 4/209.

Хафиз ад-Думьяты былай деп айтты: “Джихад – бұл құрал, бірақ мақсат емес. Ал шайқасудың мақсаты – тура жолға нұсқау және шахидтік өлім болып табылады. Ал кәпірлерді өлтіруге келер болсақ, бұл өздігінен мақсат болып табылмайды. Ал сондықтан, егер тура жолға дәлел арқылы джихадсыз нұсқау мүмкіндігі болса, онда бұл джихадқа қарағанда дұрысрақ және абзалрақ болып табылады!”  “И’анәту-тталибин” 4/181.

Аллаһ Тағала бұл соғысушы үмметті мына сөздермен сипаттады: «Сендер – жақсылыққа бұйырып, жамандықтан қайтаратын және Аллаһқа иман келтіретін, адамзаттың игілігі үшін пайда болған ең жақсы үммет болып табыласыңдар». (Әли Имран, 110).

Абу Хурайра, Аллаһ одан разы болсын, былай деп айтты: “Адамдар үшін адамдардың ең жақсысы – олар Исламға кірмейінше, оларды шынжырлап әкелуші болып табылады”. әл-Бухари 4557.

Ескертпе:

Абу Хурайраның сөздері, бұл жөнінде  әл-Бухари «Сахихының» Құранды тәпсірлеу Кітабында келтірілгендей, осы аяттың түсіндірмесі болып табылады. Имам Ибн әл-Джәузи былай деп айтты: “Яғни олар тұтқынға алынып, байланады, ал қашан Исламның ақиқаттығын түсінсе, оған ерікті түрде кіреді, және кейін Жәннәтқа кіреді». “Фәтх әл-Бәри” қараңыз.

Және Аллаһ Тағала осы аятта бұл үммет адамдар үшін ең жақсысы болып табылатынын түсіндірді. Олар адамдар үшін ең пайдалырағы, басқаларға қарағанда олар үшін көбірек игілік жасаушылары болып табылады, өйткені олар сандық тұрғыдан да, сапалық тұрғыдан да адамдарды игілікке бұйырады және оларды жамандықтан қайтарады. Яғни олар барлық адамдарға жақсы болған нәрселерді бұйырады және оларға барлық жаман болған нәрселерді тыйым салады, және мұны өздерінің жандарымен және мүліктерімен жүргізетін Алаһтың жолындағы джихадпен орнатады, және бұл - адамдар үшін пайданың кемелдігі болып табылады. Және олар джихад жасайды және рахым көрсетеді, оларда сабыр мен рахымшылдық бар, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп айтқандай: «Және бір біріне сабырды үгіттескендер, және бір біріне рахымшылдылдықты үгіттескендер». (Бәләд, 17)

Және мұның барысында міндетті түрде ізгілік және жұмсақтық болуы керек, ол жөнінде Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Ақиқатында, ізгілік өзі қосылған нәрсенің барлығын көркейтеді, ал тұрпайылық әрқашан оның шарапатсыз болуына келтіреді». Муслим № 2594.

Ол, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, сондай-ақ былай деп айтты: «Ақиқатында, Аллаһ ізгі және барлық нәрседе ізгілікті сүйеді, және ол үшін қатаңдық үшін бермеген нәрсенін сыйлайды». Муслим № 2593.

Ізгі алдыңғы буын өкілдерінен болған бір кісіден жеткен риуаятта: «Жақсылыққа бұйырып жамандықтан қайтаруды тек  өзі бұйырып жатқан нәрседен хабары бар, өзі тыйып жатқан нәрседен хабары бар, өзі бұйырып жатқан нәрсесінде ізгі, өзі тыйып жатқан нәрсесінде ізгі, өзі бұйырып жатқан нәрсесінде жұмсақ, өзі тыйып жатқан нәрсесінде жұмсақ боған адам ғана орындасын», - деп айтылады. шейхуль-ислам Ибн Таймияның “Мәджму’ әл-фәтәуә” 28/35, 123, 137 қараңыз.

Мұсылман өзінің барлық істерінде ортаны ұстайды. Ол жаратылыстарға рахымшылдық танытады, бірақ Аллаһ жек көретін нәрсеге жек көрушілігін жоғалтуға дейін өтіп кетпейді. Ол Аллаһ үшін ызаланады, оның тыйымдарына қатысты қызғанушылық танытады, бірақ жәбірлеушілікке, өшпенділікке және зұлымдыққа өтіп кетпейді.  Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтты: “Шайтан адамның барлық ісінде ысырап қылуын қалайды. Және ол оны рахымшылдыққа бейім екенін көрсе, онда ол оған рахымшылдықты шектен тыс көркейтіп көрсетеді де, ол (адам) Аллаһ жек көретін нәрсені жек көрмейді, Аллаһ қызғанатын нәрселерді қызғанбайды. Егер де ол оны қаталдыққа бейім екендігін көрсе, онда оған Аллаһ үшін болмаған қатаңдықты өте әдемі етіп көрсетеді де, ол (адам) Аллаһ және Оның Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, бұйырған ізгі амал жасаушылықты, салиқалылықты, жұмсақтықты, байланыстарды үзбей ұстауды, рахымшылықты тастап қояды. Ол қатаңдықта шектен шығады және Аллаһ және оның Елшісі,  Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, жақсы көретін нәрселерді сөгуде, өшпенділікте артықшылық танытады. Ол өзіне Аллаһ және Оның Елшісі бұйырған рахымшылдық пен ізгі амал жасауды тастап қояды, және сонысымен айыпты және күнәхар болады. Ол өзіне Аллаһ және Оның Елшісі бұйырған қатаңдықта артықшылдық көрсетіп, өз ісіндегі артықшылдығынан  шектен шығады. Біріншісі күнәхар, ал екіншісі ысырап етуші болып табылады. Ал Аллаһ ысырап етушілерді жақсы көрмейді.  Және олардың екеуі де былай деп айтуы керек болады: «Раббымыз! Күнәларымызды, ісіміздегі орынсыз артықшылық жасағандықтарымызды кеше көр әрі табанымызды мықтап, кәпір қауымға қарсы жәрдем бер!» (Әли Имран, 147).  “Мәджму’ әл-фәтәуә” 15/292.

5. Джихад әділетті және өшпенділік пен жәбірлеушіліктен алыс болуы керек.

Бұл ереже маңызды болып табылады, және Аллаһтың жолындағы джихадта ол туралы бұйрық және ерекше нұсқау келтірілген. Аллаһ Тағала бұл жөнінде былай деп айтқандай: «Өздеріңмен соғысқандармен Аллаһ жолында соғысыңдар да, шектен шықпаңдар. Негізінен, Аллаһ шектен шығушыларды жақсы көрмейді». (Бақара, 190)

Аллаһ тағала сондай-ақ былай деп айтты: «Және бір елдің өшпенділігі сендерді әділсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ». (Мәидә, 8)

Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, әскери жорыққа шығарып салатын кезінде сахабаларына тақуалықты өсиет етіп: «Жорыққа Аллаһтың атымен Аллаһтың жолына шығыңдар және Аллаһқа иман келтірмегендерге қарсы күресіңдер. Өлген адамдардың денелерін қорламаңдар, келісім-шарттарды бұзбаңдар және балаларды өлтірмеңдер», - деп айтатын. Муслим № 1731.

Ол сондай-ақ, өзінің жорықтарында тонаушылыққа және мәйіттерді қорлауға тыйым салып: «Тонаушының бізге қатысы жоқ», - дейтін.  Әхмәд 3/380, ат-Тирмизи № 1123.

Ғалымдар джихадта шайқасқа қатыспайтын әйелдер, балалар, кәрі кемпір-шалдар, зағиптар, үмітсіз науқастар, ақыл-есі дұрыс емстер, монахтар, кельяларда тұрушыларды өлтірмейді деп түсіндіреді. Шайқасу біз Аллаһтың дінін үстем еткіміз келгенде бізге қарсы соғысатындарға қарсы іске асырылады. Сондықтан, бізбен соғыспағандарды өлтіру рұқсат етілмейді. Мұның себебі – Аллаһ Тағала тек жаратылыстарды түзету үшін өлтірілуі қажетті болған адамдарды ғана өлім жазасымен жазалауды рұқсат еткендігі. Пәк Аллаһ бұл жөнінде былай деп айтқандай: «Сондай-ақ жауыздық, кісі өлтіруден де зор». (Бақара, 217)

Яғни адам өлтіруде зиян және жамандық болса да, алайда кәпірлердің жауыздығында одан да үлкен жамандық және зиян бар. Және кім мұсылмандарға Аллаһтың дінін орнатуға қарсылық жасамай жатса, оның күпірлігі оның өзіне ғана зиян тигізеді. Сондықтан да, ғалымдар: «Кітапқа және Сүннетке қайшы келетін бидғаттарға шақырушы үнсіздік танытушы (үндемей бидғат жасаушы) жазаланбағандай етіп жазаланады», - дейді. Мұның барлығы Исламның керемет сипаттарына және оның әділеттілікке, сондай-ақ қандай түрдегі болмасын өшпенділік пен жәбірлеушілікті тастауға шақыруына жатады». Шейхуль-ислам Ибн Таймияның “Мәджму’ әл-фәтәуә” 28/161, 354, Ибн әл-Қаййимнің “Зад әл-Мә’ад” 3/100, 105, шейх Ибн Баздың “Маджму’ фатауа уа макалят” 18/129-130 қараңыз.

Ескертпе:

Имам Ибн әс-Саләх былай деп айтты: “Негіз – жер бетінде кәпірлердің болуы рұқсат етілетіндігінде, өйткені Аллаһ Тағала жаратылыстардың өлтірілуін қаламайды және оларды өлтірілуі үшін жаратпады! Ақиқатында, Аллаһ олардан келетін зиянның себебімен өлтіруді рұқсат етті, бірақ бұл (кәпірлерді өлтіру) - олардың күпірлігі үшін жаза болғандықтан емес!  Өйткені, бұл дүние жазалау мекені болып табылмайды, өйткені амалдар үшін жаза Қиямет Күні болады. Ал егер кәпірлер мұсылмандардың билігінде болса және біздің заңдарымызды орындаса, біз олардан тіршілігімізді тәртіпке келтіруде пайда аламыз. Және бізде оларды өлтіру үшін себеп қалмайды, ал олардың жазасы Аллаһқа тән. Өйткені, кәпірлер мұсылман мемлекеттерінде тұрып-жүргенде, мүмкін олар Аллаһ оларды табиғатында (фитрада) жаратқанын көреді. Ал іс осы тұрғыда болса, онда: «Негіз – кәпірлерді өлтіру керектігінде», – деп айтуға тыйым салынады!»  “Фатауа Ибн әс-Саләх” 224 қараңыз.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді: “Ақиқатында, кәпірлермен тек бір себеппен ғана шайқасады, ал бұл – соғыс! Және бұл – ғаламдарының басым бөлігінің пікірі, бұған Құран мен Сүннет те нұсқайды!»  “ән-Нубууәт” 140.

6. Джихад мұсылмандардың әмірімен бірге, не оның келісімімен орындалуы керек, мейлі ол салиқалы болсын, мейлі пасық болсын.

Бұл – Аллаһтың жолындағы джихадта оларсыз еш болмайтын ең маңызды ережелерге жатады, өйткені джихад, әсіресе дұшпандармен жанмен жүргізілетін джихад, тек күш-қуаттың бар болғанында ғана жетік болады. Күш-қуатқа тек бірігу арқылы қол жеткізуге болады, ал бірігу тек басқарумен және билікпен іске асырылады. Ал басқару тек әмірге бағыну және мойынсыну арқылы ғана жолға қойылады. Және аталып өткен нәрселер бір-бірімен тығыз байланысты болып табылады, және олардың біреулері басқаларынсыз жетік және дұрыс бола алмайды. Тіпті дін де, дүние тіршілігі де мұнсыз тәртіпке келтіріле алмайды. “Мәджму’ әл-фәтәуә” 28/390, “ад-Дурар әс-сәния” 7/328.

Суннет бұл ережені дәлелдейді және бұл үмметтің алдыңғы буыны да оны ұстанатын еді. Абу Хурайраның, Аллаһ одан разы болсын, хадисінде Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Әмір – бұл, оның артында шайқасатын және онымен қорғанатын қалқан. Және ол Аллаһтан қорқуды әмір етсе және әділдікпен үкім етсе, оған бұл үшін сауап бар. Ал егер ол басқа нәрсені әмір етсе, бұл оған қарсы болып (есептеледі)». әл-Бухари № 2957, Муслим № 1841.

Ескертпе:

Яғни әмір дұшпанның зиянынан қорғайды, және бір адамдарды басқа адамдардың зиянынан қорғайды, сондай-ақ Исламның қол-сұғылмаушылығын қорғайды. Адамдар әмірден және оның қуатынан қорқады, және олар оның қорғауының астында әмірге қарсы қару алып шыққандарға (мысалы хауариждер және бүлікшілер), сондай-ақ бұзақылық пен зорлаудың өзге де жақтаушыларына қарсы күреседі. имам ан-Науауидің “Шарх Муслим” қараңыз.

Хузәйфә айтатын: «Әдетте адамдар Аллаһтың Елшісіне, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, игілік туралы сұрақтар қоятын еді, ал мен жамандық туралы сұрайтынмын, өйткені ол (жамандық) менің басыма түседі деп қауіптенетінмін. (Бірде) мен: «Йә, Аллаһтың Елшісі! Надандық кезінде біз ең нашар хәлде едік; кейін Аллаһ бізді осы игілікке жеткізді, ал осы игіліктен кейін жамандық қайта оралып келеді ме?» - деп сұрадым.  Ол: «Ия», - деп жауап берді.  Мен: «Ал сол жамандықтан кейін игілік қайта оралып келеді ма?» - деп сұрадым. Ол: «Ия, бірақ онда бір кемшілік болады», - деп жауап берді. Мен: «Оның кемшілігі не нәрседе болады?» - деп сұрадым. Ол: «Басқаларды мен басқаратынымнан өзгеше басқаратын адамдар пайда болады, және сендер олардың істерін көресіңдер және оларды тәрк етесіңдер», - деді. Мен: «Сол игіліктен кейін қандай да бір жамандық келеді ма?» - деп сұрадым. Ол: «Ия, тозақтың қақпаларына шақырушылар (пайда болады), және (олардың шақыруына) жауап бергенді олар оған (тозаққа) тастатады», - деді. Мен: «Я, Аллаһтың Елшісі, бізге оларды сипаттап бер», - деп сұрадым. Ол: «Ия. (Олар) біздің халқымыздың адамдарынан (болады) және біздің тілімізбен сөйлейді», - деді. Мен: «Я, Аллаһтың Елшісі! Менің өмір сүруімнің тұсында осылар орын алса, (мен не істеуім керек) деп ойлайсың?» - деп сұрадым. Ол: «(Шынайы) мұсылмандардың әл-жамаасынан және олардың әмірінен кетпей ұстан», - деді. Мен: «Ал олардың ішінде (осындай) әл-жамаа да, әмір де болмаса ше?» - деп сұрадым. Ол: «Онда ол топтардың  барлығынан алшақ бол, тіпті талдың тамырына тістеріңмен қатты жабысып алып, өлгеніңе дейін осындай жағдайда қалуға тура келсе де!» - деді.  әл-Бухари 3606, Муслим 1847.

Ибн ‘Аббастан, Аллаһтың олардың екеуінен де разы болсын, оның мынаны айтқаны жеткізіледі: “Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «(Мекке) Алынғаннан кейін хижра жоқ, бірақ джихад және ниет қалды. Және егер сендерді шығуға шықырса, шығыңдар!» әл-Бухари № 2783, Муслим № 1353.

Ал осы хадистер бұл мәселені дәлелдеуде айқын болып табылады.

Ескертпе:

Сөз Мекке алынғаннан кейін хиджра жойылды деген туралы болып жатқан жоқ! Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтты: «Тәубе қабыл етіліп тұрғанша, және күн батыстан шығып тәубе қабыл болуы тоқтамайынша хиджра үзілмейді!» Әхмәд, Әбу Дауд. Хадис сахих. қараңыз «Сахих әл-джами’» 7469.

Сол себептен бұл хадисте сөз жалпы хиджра туралы емес, тек Меккеден хиджра жасау туралы айтылып тұр.

Саләфтардан болған ғалымдардың әмірлердің басшылығымен  джихад жүргізу мәселесі бойынша пікірі:

Имам Ибн Абу Хатим былай деп айтты: “Мен өзімнің әкемнен (Абу Хатимнен) және Абу Зур’адан аһли Суннәның дін негіздері мәселесіндегі пікірлері, олар көрген барлық қалалардың ғалымдары тұрған және олардың екеуі де кәміл сенген нәрселері туралы  сұрадым. Сонда олар маған: «Біз Хиджаздың, Ирақтың, Шамның, Йеменнің барлық қалаларының ғалымдарын көріп үлгердік, және олардың пікірі…», - деген сөздерінен бастап: «Ақиқатында, джихад Аса Құдыретті және Ұлы Аллаһ Өзінің Пайғамбарын, оған Аллаһтың сәлемі болсын, жіберген кезден бері Қиямет сағатына дейін мұсылмандардың әмірлерінен болған басшылармен бірге орындалып келеді, және оны ешнәрсе жарамсыз (заңды күші жоқ) ете алмайды», - деп жауап берді”. әл-Ләләкәи «Шарх усуль әл-и’тиқад» 321.

Имам Әбу Джә’фар әт-Тахауи былай деп айтты: “Қажылық  бен джихад мұсылмандардың ізгі немесе бұзақы әмірлерімен бірге Қиямет сағатына дейін жалғаса береді, және ешнәрсе оларды жарамсыз ете алмайды, және ешнәрсе оларды азайтпайды”. Қараңыз “Шәрх әл-‘ақида әт-Тахавийә” с. 555.

Имам әл-Барбархари былай деп айтты: “Кім әрбір салиқалы және бұзақы (имамның) артында (ұйып оқылатын) намазды және әрбір халифтің қоластында (орындалатын) джихадты дұрыс деп санап, қолға қару алып әмірге қарсы шығуды дұрыс емес десе, және олардың салиқалы болуы үшін дұға етсе, онда ол хауариждердің сенімдерінен толық құтылған болады!” “Шәрх әс-суннә” 57.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия: «Адамдардың істерін басқару ең маңызды діни міндеттердің бірі болып саналатынын білу қажет, тіпті осы ғана дін және дүние істерімен айналысуға мүмкіндік береді. Ақиқатында, адамдар бірлесіп қана игілікке қол жеткізе алады, өйткені олар бір біріне мұқтаж, ал біртұтастық басшыға мұқтаж. Аллаһ Тағала жақсылыққа шақыру мен жамандықтан қайтаруды міндетті етті, алайда, күш-қуатсыз және биліксіз мұны іске асыру мүмкін емес. Бұл - Аллаһ тарапынан міндеттілік болып бекітілген басқа да істерге қатысты, мысалы: джихадқа; жұмысқа; қажылық жасауға; жұма және айт намаздарын орындауға; жәбір көргендерге көмек көрсетуге; немесе шариғат бекіткен жазаларды қолдануға; өйткені мұның барлығын тек күш және биліктің көмегімен ғана іске асыруға болады. Міне, сондықтан: «Әділетсіз әмірдің алпыс жыл билік жүргізгені, бір түн әмірсіз болудан қайырлы!» - деген. Қараңыз «Мәджму’ әл-фәтәуә» 28/390-391.

Шейхуль-ислам Мухаммад ибн ‘Абдуль-Уаххаб былай деді: “Джихад ісі әмірге жүктелген, және сондықтан оның қоластындағылары ол шешкен нәрседе оған мойынсынуы кажет”. Қараңыз «Мәджму’ әл-муалифәт» 2/360.

Бұл ғалымдардың кейбір пікірлері еді. Олар - әмірлердің қажеттілігіне және мұсылмандарда олар оның туының астына бірігетін және онымен бірге шайқасатын әмірдің болуына айқын (нұсқау).  Және мұсылмандар өздерінен шайқасуды талап етуді бастамайды, және шайқасу тек әмірдің келісімен іске асырылады. Шабуыл джихадына (джихад ат-таляб) осы сипатты болып табылады.

Қорғану шайқасына қатысты айтар болсақ, бұл жерде жағдай өзгеше болады.

Имам Әхмәдтың ұлы ‘АбдуллаҺ, олардың екеуіне де Аллаһ рахым етсін, былай деп айтты: “Мен әкемнің: «Егер әмір адамдарға рұқсат етсе, және оларға көмек келсе, онда олардың шығуында күнә жоқ», - дейтінін естігенмін. Мен әкеме: «Ал егер олар оның рұқсатынсыз шықса ше?» - деп айттым. Ол: «Жоқ. Тек әмірдің рұқсат етуімен ғана, егер де оларға кенеттен жау шабуыл жасамаса және оларда әмірден рұқсат сұрауға мүмкіндігі болмаса ғана. Және осы - мұсылмандар тарапынан қорғау болады деп үміттенемін», - деді».

Ол сондай-ақ, былай деп айтты: “Мен әкемнен олар мен дұшпандары арасында қабырға бар Хоросан тұрғындарынан болған адамдар туралы былай деп сұрадым: «Сен, олар шайқасуға құқықты деп есептейсің ба?» Имам Әхмәд: «Егер олар өздері және балалары үшін қауіптенсе, онда әмірдің рұқсатын алғанға дейін шайқасуда қорқынышты ешнәрсе жоқ. Алайда, олар өздері және балалары үшін қауіптенбесе, онда әмірден рұқсат алмай шайқаспауы керек». Қараңыз ‘Абдуллах ибн Әхмәд “әл-Мәсәиль” 258.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деген: “Қорғану шайқасуына келер болсақ, ол - шабуыл жасаушыдан қол сұғылмаушылықты және дінді қорғаудың ең мықты түрі болып табылады және ол ғалымдардың бір ауызды пікірі бойынша міндетті. Және шабуылдаушы дұшпан – дінді және дүние тіршілігін қиратушы, және оған тойтарыс жасаудан басқа иманнан кейінгі міндеттілеу болып табылатын нәрсе жоқ.   Сондықтан, оған шарттар қойылмайды, және оған  мүмкіндік барынша тойтарыс жасалады. Бұл жөнінде біздің жақтаушыларымыз да (ханбали мазхабы) және басқалар да айтады. Сондықтан, жәбірлеуші және кәпір болған шабуыл жасаушыға тойтарыс жасау мен оған оның қаласында шабуыл жасаудың арасын айыру міндетті болады. Қараңыз “әл-Фәтауа әл-мисрия” 4/608.

Сондықтан, кейбір білім иелерінен әмірдің рұқсат ету шарты жоқтығы туралы пікір келгенде, бұл жерде қорғану шайқасуы айтылып тұрған болады, және бұл (үкім) шабуыл шайқасуына қатысты қолданылмайды.

Ескертпе:

Жоғарыда шейх келтірген имам Әхмәдтың сөздері - әмір сияқты джихадтың шарты тек қана  дұшпанның кенеттен шабуылдауы т.б. сол сияқты қажеттілік болған жағдайда ғана түсетінін, және кейбір адамдар қорғану джихады (ад-даф’) кезінде әмір деген шарт толығымен түсіп қалады және әркім өз қалауы бойынша амал етуне болады деп ойлап жүргендей емес дегенге нұсқайды. Қорғану шайқасуы болған Хәндәк шайқасында сахабалар әркімнің қалауындай амал етпегендігі, олар  өздерінің әмірі болған Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұйрықтарын басшылыққа алғандығы көпке белгілі болып табылады!

Сондай-ақ, әмір дегенде бүкіл мұсылмандардың халифасы туралы сөз болып тұрған жоқтығын атап өту кажет. Шейхуль-Ислам Мухаммад ибн ‘Абдуль-Уаххаб: “Барлық мазхабтың имамдары қаланы немесе қалаларды алған адам барлық нәрседе әмір болатынына бір ауызды келіседі. Егер осылай болмағанда дүниеде тәртіп болмас еді, өйткені имам Әхмәдтің кезінен бері бүгіңгі күнге дейінгі ұзақ уақыт ішінде адамдар бір әмірдің қоластында біріккен жоқ. Және қандай да бір бұйрық тек қана жалпыға ортақ әмір арқылы күшінде болатындығы туралы қандай да бір ғалым айтып өткені белгісіз”. Қараңыз “әд-Дурар әс-сәния” 7/239.

Сондықтан аһли Суннә уәл джәмә’аның негіздеріне әрбір салих немесе бұзақы  әмірмен бірге жүргізілетін джихад жатады, өйткені Аллаһ Тағала бұл дінді (кейде) жақсылықтан жұрдай болған бұзақы адаммен және адамдармен нығайтады, бұл жөнінде  Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын айтқанындай. Өйткені, егер джихадты орындау бұзақы болған әмірлермен немесе бұзақылығы көп болған әскермен бірге ғана мүмкін болса, онда екі  жағдай болуы мүмкін:

Не  олармен бірге джихад жүргізуді тастау, бұдан, басқалар басып алу сияқты дінге және дүние тіршілігіне үлкендеу зиянға әкеп соқтыратын  үлкен зиян келеді.

Не бұзақы әмірмен бірге джихад жүргізу, бұдан ең үлкен зиянға тойтарыс жасау, Исламның бұйрықтарының барлығын болмаса да көбірегін орнату келіп шығады. Және бұл осы жағдайда және осыған ұқсас жағдайларда міндетті болып табылады. Тәрізі ізгі халифалардан кейінгі көп шайқастар осындай шағдайда ғана болды». Қараңыз шейхуль-ислам Ибн Таймия “Мәджму’ әл-фәтәуә” 28/506-507.

7. Аллаһтың жолындағы джихад мұсылмандардың күштілігінің не әлсіздігіне байланысты жүргізілу керек.

Ақиқатында, қауымның жағдайы уақытқа және жерге байланысты әртүрлі болады, және Аллаһтың жолындағы джихад Исламда бірнеше сатылардан бұйырылды.

Меккелік кезеңде қолме және қылышпен джихад жүргізу әмір етілмеді, өйткені мұсылмандар аз және әлсіз болды. Алайда, жүрекпен және тілмен джихад бұйырылған еді. Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Енді кәпірлерге бағынба! Олармен ол  арқылы ұлы күрес жаса» (Фурқан, 52)

Бұл – меккелік аят, және: «Олармен ол  арқылы ұлы күрес жаса» , - деген сөздер туралы Ибн ‘Аббас: “Құран арқылы”, - деп айтты, бұл жөнінде одан әт-Тәбәри өзінің «Тәфсирінде» жеткізгендей.

Мәдинаға қоныс аударған  және ислам мемлекеті құрылған соң Аллаһ Тағаланың: «Шынында шабуыл жасалып, зұлымдыққа ұшырағандарға, соғысу үшін рұқсат берілді. Күдіксіз Аллаһтың, оларға жәрдем етуге, күші толық жетеді» (Хадж, 39), - сөздеріне сәйкес мұсылмандарға шайқасуға толық құқық берілді.

Одан кейін джихад мұсылмандарға парыз етілді, және оларға өздеріне қарсы соғысатындармен шайқасуға, және қалыс қалғандармен соғысудан тартыну бұйырылды. Аллаһ Тағала бұл жөнінде былай деп айтты: «Өздеріңмен соғысқандармен Аллаһ жолында соғысыңдар да, шектен шықпаңдар. Негізінен, Аллаһ шектен шығушыларды жақсы көрмейді». (Бақара, 190)

Осыдан кейін Аллаһ Тағала джихадқа абсолюттік түрде бұйыратын және біреу-міреуден, ол Аллаһтың дініне кірмейінше, немесе джизья (салық) төлеуге мүмкіндігі болып оны төлемейінше,  тартынуды жоқ ететін аяттарды түсірді.  Мысалы, Аллаһ Тағаланың мына сөздері: «Олармен бұзақылық жойылып, дін (ғибадат) Аллаһқа тән болғанға дейін соғысыңдар». (Әнфәл, 39).

Және зерттеуші-ғалымдар осы аяттардың ешқайсысының күші жойылмаған, алайда олардың әрбірі өзіне сәйкес жағдай туындағанда ғана күшке енеді деген пікірді таңдады. Сондықтан, мұсылмандар кез-келген уақытта және кез-келген жерде өздерінің күштілігіне не әлсіздігіне сәйкес оларды ұстануы қажет. Және егер олар әлсіз болса, онда джихадты өз жағдайына байланысты жүргізуі керек. Егер олар мұны істей алмаса, онда сөз арқылы дінге шақырумен шектелуі қажет. Мұсылмандар белгілі күшке ие болған кезде, олармен соғысуды бастағандармен соғысады, және олармен соғысудан бас тартқандармен соғысудан бас тартады. Ал олар күшейіп, билік және жеңіске ие болса, онда барлығымен, олар Исламды қабылдамайынша немесе джизья төлемейінше джихад жүргізеді. Қараңыз шейх Ибн Баз 18/131, 133, 136-137 “Мәджму’ әл-фәтәуә”.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтты: «Ал егер мұсылмандар өздері әлсіз болған жерде өмір сүрсе, онда олар сабырлық пен кешірім бұйырылатын аяттарға сәйкес өмір сүреді, тіпті Кітап иелері және көпқұдайшылдар Аллаһқа және Оның Елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын” сөз тигізсе де». Қараңыз  “ас-Саримуль-мәслюль” 2/413.

‘Абдуррахман ас-Са’ди, Аллаһ оны рахым етсін, былай деді: “Олар және олардың шақыруына жауап беретіндер Аллаһ адамдарға олардың күші келетін нәрселерді ғана міндеттегенін және иман келтіргендер үшін Аллаһтың Елшісінде, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жақсы өнеге бар екендігін білсін. Оның, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, дінге шақыруында және джихадында екі жағдайы болды: оған барлық жағдайда соларға сәйкес нәрселер бұйырылды. Мұсылмандар әлсіз болып, дұшпандар үстемдік еткен кезде оған қорғану, Аллаһтың дініне шақырумен шектелу, және күш арқылы шайқасудан тыйылу бұйрылды, өйткені онда пайдаға қарағанда үлкен зиян бар еді.  Басқа жағдайда оған дұшпандардың жауыздығын күш қолданудың барлық тәсілдері арқылы тойтару, кіммен бітім жасасу пайдалы болса сонымен бітім жасасу, және кіммен шайқасу пайдалы және тіпті міндетті болса, сонымен шайқасу бұйырылды. Сондықтан, мұсылмандар бұл істе  өздерінің Пайғамбарына, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, ілесіуі керек және осы - шынайы игілік және жетістік болып табылады ”. Қараңыз “әл-Мәджму’а әл-муәлифәт” 5/190.

8. Джихад бұрыңғыдан да ауырлау зиянға емес, басым пайдаға апаруы керек.

Бұл – джихад оның барлық түрлерінде тек пайда келтіру және Ислам мен мұсылмандардан, жеке тұлғадан болсын, қоғамнан болсын зиянды тойтару үшін ғана бұйырылғандығы себепті. Және оның осы шариғат талаптарына сәйкес екендігі анық  немесе басым жорамалға сәйкес белгілі болып тұрғанға дейін ол бұйырылған болып қала береді. Егер де джихадты орындау анық немесе басым жорамалға сәйкес пайдадан көрі көбірек зиянға  келтіретіні белгілі болса, онда ол бұйырылған болмайды, және орындалуы әмір етілген джихад та болмайды.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия: «Ең жақсы джихад және ізгі амал - Раббыға ең көп мойынсынушылығы бар және Аллаһтың құлына пайдасы мол болған іс. Және ол оған зиян тигізсе және оған пайдалырақ болған нәрсеге кедергі болса, онда ол ізгі (салиқалы) амал болмайды», - деп айтқан.  Қараңыз  “Мәджму’ әл-фәтәуә” 22/300.

Шейхуль-Ислам сондай-ақ былай деп айтты: “Ал, егер осылай болса, онда жақсылыққа бұйыру, жамандықтан тыйю және оларды джихад арқылы кемелдікке жеткізу бізге бұйырылған ең үлкен ізгі амал болып табылады. Сондықтан да: «Сенің ізгілікке бұйыруың өзі де ізгі болуы керек, және сенің жамандықты тыйюың өзі де жаман болмауы керек», - деп айтылады. Ал егер бұл - парыз және абзал болған ең үлкен амалдарға қатысты болса, онда парыз және абзал болған амалдарда міндетті түрде зияннан басым пайда болуы керек, өйткені осымен Елшілер жіберілді және Кітаптар түсірілді. Және Аллаһ бұзақылықты (зиянды) жақсы көрмейді. Керісінше, Аллаһ әмір еткен барлық нәрсе - арлылық (салиқалылық) болып табылады. Аллаһ (Құранның) көптеген жерлерінде салиқалылықты, иман келтірген және ізгі амалдар жасаушы салиқалы ізгілерді мақтап, бұзақылық жасаушыларға сөгіс айтады. Сондықтан бұйрық пен тыйымның зияны олардың пайдасынан көп болса, бұл істер Аллаһтың әмірлеріне жатпайды!” Қараңыз “Мәджму’ әл-фәтәуә” 28/126, “әл-Истиқама” 2/209-211.

Шейхуль-Ислам сондай-ақ былай деді: “Сондықтан әһли Суннә уәл-жәмә’аның негізгі принциптеріне, әл-жәмә’аға ілесу, әмірлермен соғысуды тастау және бүлік кезінде шайқасуды тастау жатады”. Қараңыз  “Мәджму’ әл-фәтәуә” 28/128.

Қорытынды:

Жалпы алғанда, бұл ережелердің негізі және олардың қорытындысы - барлық үлкен және кіші істерде Құран мен Сүннетке сәйкес пайымдау болып табылады. Және бұл ереже қамтитын нәрселердің ішіндегі ең маңыздысы - мына төрт нәрсе: сенімнің дұрыстығы, ниеттің ықыластылығы, тәуекелдің шынайылығы және ең көркем ілесу.

Өйткені, дұрыс сенімді ұстанбайтын муджәхидтің сөзі мен ісі зияннан және ақиқаттан ауытқудан қорғалған болмайды, өйткені сенімнің дұрыстығы сөздер мен істердің дұрыстығының негізі болады.

Сөздері мен істеріндегі ниеттің ықыластылығын ұстанбайтын муджәхидтің джихады Аллаһ тағаланың дидары үшін де емес, Аллаһтың сөзін үстем ету үшін де емес, өзі және өзінің қалаулары үшін орындалған болады.

Аллаһ тағалаға шынайы тәуекел етуді ұстанбаған муджәхид Аллаһтың жолындағы джихадта табанды бола алмайды және оның қиындықтарын көтере алмайды. Керісінше оның табандылығы әлсірейді, ал Аллаһ Тағаланың көмегіне деген үміті азая түседі.

Ал  Аллаһтың Елшісіне, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, ең көркем түрде ілесуді сақтамаған муджәхидтің джихады дұрыс та, бидғаттар мен ақиқаттан ауытқушылықтан алыс болмайды. Керісінше, оның джихады түзету мен тура жолға шақыруға емес,  өзін және өзгелерді күйзелтуге жақын болады.

Жетіншісі:

Аллаһтың жолындағы джихадты түсінуде ақиқаттан ауытқу

Мақсаты - Аллаһ Тағаланың сөзін үстем ету болмаған, немесе онда шариғаттың қажетті ережелері де, міндетті болған ислам әдебі де сақталмаған кез-келген джихад джихадтағы ақиқаттан ауытқу және джихад әмір етілген негізгі мақсаттан шығу болып табылады. Ауытқулар екі түрлі болады: джихадтың негізіне әсер ететін және джихаттың міндетті болған кемелдігіне әсер ететін ауытқулар. Және Аллаһтың құлы бұл ауытқуларға түскен сайын, өзіне уәде етілген Аллаһ жолындағы джихадтың артықшылығын жоғалта береді. Сондай-ақ, оның ауытқуына сәйкес оған күнә және жаза жазылады.

Ескертпе:

Шейх Абдурразақ былай деп айтты: «Бұл жерде келтірілетін барлық хадистерді шейх әл-Әлбәни өзінің «Сахих әл-джами’» еңбегінде тексеріп берген».

Сондықтан джихадтағы ауытқуларды түсіндіретін және олардан сақтандыратын көптеген пайғамбарлық хадистер келтірілді.

Бірінші түрі: джихадтағы ауытқулардың және қайшылықтардың әрқандай түрлері туралы айтылған хадистер. Мысалы:

1. Му’аздың, Аллаһ одан разы болсын, Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Әскери жорықтың екі түрі бар. Кім (әскери жорыққа) тек қана Аллаһ үшін қатысса, әмірге бағынса, ең қымбаттысын (Аллаһ үшін) жұмсаса және серігіне қатысты жұмсақтық танытса, өзінің ұйықтағаны үшін де, ояу сәттеріне де сауап алады. Ал кім мақтауға ие болу және өзгелерге көрсету үшін жорыққа қатысса , әмірге бағынбаса және жер бетінде бұзақылық таратса, мұндай (сауапты) ала алмай оралады», - деп айтқан хадисі. Әхмәд 5/234, Абу Дауд № 2515.

2. Абу Хурайрадан, Аллаһ одан разы болсын, жеткен, Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқан хадис: «Кім (әмірге) бағынудан және мұсылмандардың жәмә’асынан бөлініп шықса, және (сөйткен қалпында) өлсе, онда ол жәхилиет өлімімен өлген болады; кім бұлыңғырлықтың (соқырлықтың) туының астында соғысып, өзінің тайпасы үшін ызаланса, немесе ұлтшылдыққа немесе өзінің тайпасына көмектесуге шақырып жатқанда өлтірілсе, жәхилиет кезіндегі өлтірумен өлтірілген болады!  Кім менің үмметіме қарсы шығып, олардың арасындағы иман келтіргендері үшін қынжылмай, өзі келісім-шарт жасасқандармен жасаған келісімін орындамай, ізгілер мен пасықтарды (қосып) өлтірсе, оның маған еш қатысы жоқ, ал менің - оған (еш қатысым жоқ)». Муслим № 1848.

3. Бурайданың, Аллаһ одан разы болсын, Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Жорыққа Аллаһтың атымен Аллаһтың жолына шығыңдар және Аллаһқа иман келтірмегендерге қарсы күресіңдер. Жорыққа шығыңдар, бірақ олжа барлығының арасында әділ түрде бөлінбегенше оны иемденіп алмаңдар, келісім-шарттарды бұзбаңдар, өлген адамдардың денелерін қорламаңдар және балаларды өлтірмеңдер», - деп айтатын хадисі. Муслим № 1731.

4. Му’аз ибн Анастың, Аллаһ одан разы болсын, Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтатыны жеткізілген хадисі: «Кім үйлерді тонаса, немесе жолдарда қарақшылық жасаса, немесе иман келтіргенге жәбір тигізсе, онда джихад жоқ!» Әхмәд 3/440, Абу Дауд № 2629.

Ауытқудың екінші түрі: джихадтағы ауытқулардың және қайшылықтардың нақты түрлері туралы айтылған хадистер.

Мысалы :

1. Ерлігін көрсету үшін және джихадты орындаушының батылдығы туралы айтылуы үшін джихад жасаудан сақтандыру.

Абу Хурайрадан, Аллаһ одан разы болсын, жеткен хадисте Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ақиқатында, Ақырет күні ең алғашқы болып джихадта қаза тапқан адам сотталады. Оны алып келеді, және Аллаһ оған (берген) нығметтерін есіне түсіреді, және ол оларды мойындайды. Содан соң (Аллаһ) одан: «Оларға алғыс ретінде сен не істедің?» - деп сұрайды. Ол: «Мен Сен үшін өлгенімше соғыстым!» – дейді. (Аллаһ сонда): «Сен жалған айтасың, өйткені сен адамдар: «Батыл!» - деп айтуы үшін (ғана) соғыстың. Ал бұл (сөз сен туралы) айтылды. Содан соң (бұл адамға) қатысты әмір беріледі де, оны жүзін жерге қаратып алып кетеді, және ол Тозаққа тасталады». Муслим № 1905.

2. Дүние пайдасы үшін жүргізетін джихадтан сақтандыру.

Йа’ля ибн Мунайяның, Аллаһ одан разы болсын, хадисінде Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, джихадқа қатысудан бұрын өзіне үш динар төленуді шарт етіп қойған ер кісі туралы былай деп айтқаны жеткізіледі: «Мен бұл адамның әскери жорығында бұл дүние және Ақырет үшін өзі сұраған динарларынан басқа  ешбір пайда көріп тұрған жоқпын». Абу Дауд № 2527.

‘Убада ибн әс-Самиттің, Аллаһ одан разы болсын, хадисінде Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, мына сөздері жеткізіледі: «Кім Аллаһтың жолында дүниені (немесе мардымсыз бір нәрсені) ниет етіп соғысса, оған өзі ниеттенген нәрсесі болады». Әхмәд 5/315, ан-Насаи 6/24.

3. Тайпалық ұлтшылдық үшін соғысудан сақтандыру.

Джундабтың, Аллаһ одан разы болсын, хадисінде айтылғандай Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Кім бұлыңғыр (соқыр) тудың астында соғысып, өзінің тайпасы үшін ызаланса, немесе ұлтшылдыққа немесе өзінің тайпасына көмектесуге шақырып жатқанда өлтірілсе, жәхилиет кезіндегі өлтірумен өлтірілген болады!» Муслим № 1848.

Ескертпе:

Имам Абуль-‘Аббас әл-Қуртуби: ««Кім бұлыңғырлықтың (әл-‘уммийя) туының астында соғысып» - деген сөздері туралы былай деді: “Кейбір ғалымдар «әл-‘уммийя» бұл – адасушылық деп айтқан”. Қараңыз  “әл-Муфхим” 4/59.

Имам Исхақ ибн Рахауәйх бұл сөздер жөнінде: “Ұлтшылдықтың себебімен соғысу туралы айтылып тұр”, - дейтін.

Имам ән-Нәуәуи: “Сөз - мақсаты түсініксіз болған бұлыңғыр ту туралы болып тұр, бұл жөнінде имам Әхмәд және ғалымдардың көпшілігі айтқанындай», - деп жазды.   Қараңыз “Шәрх Сахих Муслим” 12/331.

Имам әт-Тыби былай деп айтты: “Сөз - ақиқат не жалған екендігі айқын болмаған бір амалдың төңірегінде жиналған адамдардың мақсаты туралы болып тұр. Содан соң адамдарды сол үшін соғысуға шақырады”. Қараңыз  “Шәрх әл-Мишкәт” 7/223.

4. Джихадта әйелдер мен балаларды өлтіруге тыйым.

Ибн ‘Умардың, Аллаһ олардың екеуінен де разы болсын, хадисінде: “Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, әйелдер мен балаларды өлтіруге тыйым салды”, - деп айтылады. әл-Бухари № 3015, Муслим № 1744.

Әл-Асуәд ибн Сари’адан, Аллаһ одан разы болсын, Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Сендерді балаларды өлтіруге не итермеледі?» - деп сұрағаны жеткізіледі. Олар: “О Аллаһтың Елшісі, олар көпқұдайшылдардың ұрпақтары ғана”, - деп жауап берді. Сонда ол: «Сендердің іштеріңдегі ең жақсыларың көпқұдайшылдардың ұрпақтары емес пе?! Мухаммадтың жаны қолында болғанмен ант етемін, әрбір жан табиғи (фитрасында) туылады, оның тілі оның (қатыстылығы) туралы айтпайынша», - деді.   Әхмәд 3/435, әл-Хаким 2/123.

«Сендердің іштеріңдегі ең жақсыларың - көпқұдайшылардың ұрпақтары емес пе?!» - сөздерінің мәні: «Ақиқатында, сендердің іштеріңдегі ең жақсыларың – қалғандарды озған алғашқы мухаджирлер және ансарлар болып табылады. Ал олар көпқұдайшылардың ұрпақтары болып табылады, өйткені олардың әкелері кәпір еді», - деп шейхуль-Ислам айтқандай. Қараңыз «Диръу ат-та’аруд» 8/364.

5. Жан пида ету деп аталып кеткен өзін-өзі өлтіруге тыйым

Абу Хурайрадан, Аллаһ одан разы болсын, оның былай деп айтқаны жеткізіледі: «Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Кім өзін таудан (арнайы) тастап опат етсе, өзі мәнгілікке (тасталатын) тозақтың (отына) үздіксіз төмен қарай құлай береді; кім (арнайы) у ішіп өзін опат етсе, (өзі) мәңгілікке (тасталатын) тозақтың (отында) оны қолында ұстап, үздіксіз ішеді; кім өзін темірмен өлтірсе, (өзі) мәңгілікке (тасталатын) тозақтың (отында) сол темірді қолына ұстап, онымен өзінің қарнына үздіксіз соға береді», - деп айтатын». әл-Бухари № 5778, Муслим № 109.

Абу Хурайраның, Аллаһ одан разы болсын, былай дегені жеткізіледі: «Біз Хайбар шайқасына қатыстық, және Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, онымен бірге болып, өзінің Исламда екенін жариялаған бір ер адам туралы: «Бұл адам – Тозақ тұрғындарынан», - деді. Шайқас басталған кезде, әлгі ер адам батылдықпен соғыса бастады, тіпті көптеген жарақаттар алды, және кейбір адамдар (оның Тозақ тұрғындарынан екендігіне) күмәндана бастады. Әлгі адам алған жарақаттарынан қинала бастады, қолын өзінің жебе қабына созып, одан жебені алып өзін-өзі сойып өлтірді. Бұл кейбір мұсылмандарға қатты әсер етті, және олар былай деді: «О Аллаһтың Елшісі, Аллаһ сенің сөздеріңді ақиқат етті, пәленше өз-өзін сойып өлтірді». Сонда ол былай деп айтты: «Йә, пәленше, тұр да, Жәннәтқа тек иман келтірген ғана кіретінін жарияла. Ақиқатында, Аллаһ өзінің дініне пасық арқылы да көмектеседі!» әл-Бухари №4203, Муслим №111.

Саләмә ибн әл-Әкуа’дан оның мына сөздері жеткізіледі: “Біз Пайғамбармен, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, бірге хайбар жорығына сапарға шықтық та жолды түнде жүріп өттік. Сол кезде бір ер адам  ‘Амирге: “Йә, ‘Амир, бізге ұйқастарыңды тыңдатпайсың ба?” – деді. Ал ‘Амир түйелерді өлеңдерімен айдатын ақын болатын. Және ол ұйқастырып адамдармен бірге былай деп айта бастады:

«Йә, Аллаһ, сен болмасаң, біз тура жолға түспейтін едік,

Садақа бермейтін және намаз орындамайтын едік!

Біздің кемшіліктерімізді кешіре көр, біз Сен үшін құрбан болайық,

Бізге тыныштық түсірші,

Егер біз (дұшпанмен) кездессек, біздің қадамдарымызды нығайт,

Бізді (ақиқатқа қарсы) шақырса, біз бас тартамыз,

(Кәпірлер) айқайымен бізге қарсы (басқаларды көмекке) шақыруда».

Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Мына (түйе) айдаушы кім?» - деп сұрады.  Олар: «‘Амир ибн әл-Әкуа’» - деп жауап берді. Сонда ол: «Аллаһ оны рахымын етсін», - деді. Сол кезде олардың біреуі: «Бұл міндетті түрде болуы керек, йә, Аллаһтың пайғамбары. Тек Сен (өзіңнің дұғаларыңмен) бізге онымен пайдалунуға мүмкіндік бермесең», - деді. Біз Хайбарға келгеннен кейін оны қоршауға алдық, және біз қатты аштыққа шалдықтық, бірақ кейін Аллаһ Тағала бізге олардың үстінен жеңіс берді. Кеш батқан кезде адамдар далаға көп оттарды жаға бастады, және Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Бұл не оттар? Оны не үшін жақтыңдар?» - деп сұрады. Адамдар: «Ет үшін», - деді. Ол: «Нендей ет үшін?» - деп сұрады. Олар: «Үй есегінің еті үшін», - деді. Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Мына (қайнатпаларыңды) төгіп тастаңдар да, (қазандарыңды) сындырыңдар», - деді. Бір ер адам сонда: «Йә, Аллаһтың Елшісі, ал біз ішіндегісін төгіп тастап, қазандарды жусақ болады ма?» - деп сұрады. Ол: «Солай (жасасаңдар) да болады», - деп жауап берді. Адамдар бір-біріне қарама-қарсы сапталып тұрған кезде ‘Амирдің қылышы қысқа болып шықты. Ол онымен бір яхудидің тізесіне ұрғысы келіп еді, бірақ тайып кеткен қылыштың ұшы ‘Амирдің тізесін зақымдады да, ол одан өлді. Олар оралған кезде Саләмә былай деп айтты: «Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, мені көріп, қолымнан алып: «Саған не болды?» – деп сұрады. Мен оған: «Менің ата-анам сен үшін өтеу болсын! Адамдар ‘Амирдің амалдары зая кетті деп жатыр», - дедім.  Сонда Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Мұны айтқан адам жалған айтты. Керісінше оған екі сауап тиісті», - деді де екі саусағын бірге қосты – «Ақиқатында, ол – табанды күресуші. Ол сияқты жасайтын арабтар аз», - деп айтты. әл-Бухари № 4196, Муслим № 1802.

Хафиз Ибн Хаджар былай деп айтты: “«Және (қылыштың ұшы) ‘Амирдің тізесін зақымдады», яғни оның тізесінің жоғарғы бөлігін, және ол осыдан қаза тапты. Ал Йәхйя әл-Каттанның риуаятында: «’Амир өз-өзіне қылышпен тиіп кетіп өлді», - деп айтылады.  Ийәс ибн Саләмәның Муслим келтірген риуаятында: «Ол шынтағының ортасындағы тамырын кесіп алды да, осыдан өлді», - деп айтылған. Ибн Исхактың риуаятында: «Ол өзін-өзі қатты жарақаттап алды да, осыдан өліп кетті», - деп айтылған. Қараңыз  »Фәтх әл-Бәри» 7/533.

Абу Хурайраның және Саләмә  ибн әл-Әкуа’тың осы екі хадисіндегі екі адам туралы ойланыңыздаршы. Олардың біріншісі өзін-өзі өлтіруге ниеттенді де, оның ақыры Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, ол туралы айтқандай болды. Екіншісі, ал ол - ‘Амир, Аллаһ одан разы болсын, мұны істеуге ниеттенбеді, ал оның қылышы абайсыздықпен тайып кетіп өзіне тиді, және ол өлді. Осыған қарамастан кейбір сахабалар ‘Амирдің, Аллаһ одан разы болсын, істері зая кетті деп айтты. Осыда олар мұсылманның өзін-өзі өлтіруі үлкен қауіп екендігін білгендігіне дәлел бар, тіпті ол дұшпанмен кездескенде және шайқастың қызу кезінде орын алса да. Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, олардың «Оның амалдары зая кетті» деген сөздерін қате деп айтқанынан басқа, өйткені бұл ‘Амирдің қалауымен болмады. Ал Аллаһ бұл үмметтің қателіктері мен ұмытқан нәрселерін кешірді, Аллаһ Тағаланың сөздерінде айтылғандай: «Раббымыз! Егер біз ұмытсақ немесе қателессек, бізді жазалама». Және осы оқиға да осыған қатысты, және ол осы үшін кешірілді.

6. Мәйіттерді қорлауға тыйым:

‘Имраннан, Аллаһ одан разы болсын, жеткен хадисте: “Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, бізге мәйіттерді қорлауға тыйым салды», - деп келтірілген. Абу Дауд № 2667.

7. Тонаушылыққа және өзгелердің мал-мүлкін меншіктеп алуға тыйым:

‘Абдуллаһ ибн Зәйдтың, Аллаһ одан разы болсын хадисінде келтірілгендей: “Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, тонаушылыққа және мәйіттерді қорлауға тыйым салды”. әл-Бухари № 2474.

Зайд ибн Халидтен, Аллаһ одан разы болсын, жеткен хадисте: “Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, (өзгелердің) мал-мүлкін тонауға және меншіктеп алуға тыйым салды”, - деп келтіріледі. Әхмәд 4/117.

‘Амр ибн ‘Ауфтан, Аллаһ одан разы болсын, Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Мал-мүлікті тонаушылық та, қарақшылық та жоқ!» әт-Табәрани 17/23.

Анастан, Аллаһ одан разы болсын, Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі «Тонаушылық жасаған адам бізден емес». Әхмәд, әт-Тирмизи № 1601.

8. Олжаны ол бөлінбей тұрып меншіктеп алуға тыйым:

‘Умар ибн әл-Хаттабтың, Аллаһ одан разы болсын, хадисінде Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Кім заңсыз түрде түйені немесе қойды меншіктеп алса, Ақырет күні оны өзіне жүктеп алып келеді». Әхмәд 3/498.

‘Амр ибн ‘Ауфтан, Аллаһ одан разы болсын, Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Ұрлық та, олжаны заңсыз меншіктеп алу да жоқ!» - деп айтқаны жеткізіледі. әт-Табәрани 17/18.

Ибн ‘Аббастан, Аллаһ олардың екеуінен де разы болсын, жеткен хадисте Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтады: «Мумин олжаны заңсыз меншіктеп алмайды». әт-Табәрани 11/229.

Абу Хурайра, Аллаһ одан разы болсын, жеткізген хадисте Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, Хайбар күні олжаны заңсыз иемденген бір адам туралы: «Жаным қолында болғанмен ант етемін, ол Хайбар күні олжадан ол бөлінбей жатып алған плащы оның үстінде от болып жанады», - деді. әл-Бухари №4234, Муслим № 115.

9. Мұсылманға өзін тапсырған адамға опасыздық жасауға және оны өлтіруге тыйым:

‘Амр ибн әл-Хамиктің, Аллаһ одан разы болсын, хадисінде келгендей Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтты: «Егер бір адам өзін басқа бір адамға тапсырса, ал ол оны өзіне тапсырғаннан кейін өлтірсе, ол үшін Ақырет күні сатқындықтың туы көтеріледі». әл-Хаким 4/353.

Одан, Аллаһ одан разы болсын, сондай-ақ Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Өзіне жанын тапсырған адамды, , өлтіргенге менің қатысым жоқ, өлтірілген адам тіпті кәпір болса да». Әхмәд 5/224, әт-Тахауи «Шәрх әл-Мушкиль» № 203.

Сондай-ақ,  Ибн ‘Умардың, Аллаһ олардың екеуінен де разы болсын, хадисінде: “Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Ақиқатында, қиянатшыға Ақырет күні ту көтеріледі және: «Бұл пәленшенің ұлы пәленшенің қиянаты!» - деп айтылады», - деп айты», - дегені жеткізіледі. әл-Бухари №3186, Муслим № 1735.

Абу Са’ид әл-Худриден, Аллаһ одан разы болсын, Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Тыңдаңдар, әрбір қиянатшыға Ақырет күні оның қиянатына сәйкес ту көтеріледі». Ибн Мәджәһ № 2873.

10. Бітімгершілік туралы келісім-шарт немесе қауіпсіздік кепілдемесі  бар болғандармен келісім-шартты бұзуға тыйым:

Абу Рафи’тың, Аллаһ одан разы болсын, хадисінде келтірілгендей Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтады: «Мен келісім-шарттарды бұзбаймын және елшілерді ұстамаймын». Әхмәд 6/8, Әбу Дауд № 2758.

‘Амр ибн ‘Абасадан, Аллаһ одан разы болсын, Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Кімде қандай да бір адамдармен келісім-шарты болса, оның мерзімі бітпейінше, немесе ол келісім-шартты үзбейінше оны өзгертпесін және бұзбасын». Әбу Дауд № 2759, әт-Тирмизи № 1580.

‘Абдуллаһ ибн ‘Амр ибн әл-‘Астан, Аллаһ олардың екеуінен де разы болсын, Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені жеткізіледі: «Кім онымен келісім-шарт бар адамды өлтірсе Жәннәттың иісін де сезбейді. Ал Жәннәттың исі, ақиқатында, қырық жылдық алшақтықтан сезіледі». әл-Бухари № 3166.

Ал көпқұдайшылдардың керуендеріне олардың Аллаһтың елшісімен, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, келісім-шарты болған кезде шабуыл жасайтын Абу Бәсыр, Аллаһ одан разы болсын, туралы риуаятты кейбір адамдар келісім-шартта болған кәпірлерді өлтіруге, олардың әйелдерін тұтқынға алуға және мал-мүлкін тартып алуға дәйек ретінде қолдануына келер болсақ, былай дәйек келтіру қате болып табылады. Ибн әл-Қаййим әл-Джаузия, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтты: «Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, және көпқұдайшылдар арасында болған келісім-шарт Абу Басыр мен оның жақтастары және көпқұдашылдардың арасындағы келісім-шарт емес еді.  Сондықтан, мұсылмандардың қандай да бір әмірі және христиандар, немесе өзгелер арасында келісім-шарт болса, басқа мұсылман әміріне олармен соғысуға және олардың мал-мүлкін олжа ретінде жаулап алуға болады, өйткені онымен олардың арасында келісім-шарт жоқ. Осыған ұқсас пәтуаны шейхуль-ислам Ибн Таймия Мәлтаның христиандары және олардың тұтқындары туралы берді, және дәйек ретінде Абу Басыр мен көпқұдайшылдар арасындағы оқиғалар туралы риуаятты келтірді». Қараңыз “Зад әл-Мә’ад” 3/309, ‘Аля әд-дин әл-Ба’ли “Ихтиярат әл-фикхия” с.316-317,

Және, адам қалайша біз ғалымдардан жауабын білген осы риуаятқа сүйеніп келісім-шартта және қауіпсіздік кепілдігінде болған кәпірлерді өлтіруге тыйым салатын, олардың қанын харам ететін және оларды өлтіруді үлкен күнәлардан ететін бірмағыналы және айқын (мухкам) хадистер мен Қасиетті мәтіндерді тастап өтеді?!

Сегізіншісі:

Кәпірді жәй өлтіру Аллаһ жолындағы джихад болып табылады ма?

Ақиқатында, дінде даусыз белгілі болған нәрсе бұл – Аса Құдыретті және Ұлы Аллаһ қанның маңыздылығын көтергені, оны төгуге тыйымды күшейткені, осыған немқұрайлы болуды және оның тыйымын бұзуды үлкен күнә және ұлы бұзақылық еткені, бұл үшін Ақырет күнінде өте қорқынышты жазаны және өте ауыр азапты белгілегені болып табылады. Сондықтан, егер тірі жанды өлімге қиюдың әрбірі – мейлі ол мұсылман болсын, мейлі кәпір болсын – Аллаһ рұқсат берген және ислам шариғаты бекіткен қақысыз болса, ол шариғатқа сәйкес харам болады, және Исламда бұл - ауыр опат қылушы күнәлардың бірі болып саналады. Ал кім мұны Аллаһтың жолындағы джихад деп атаған болса, немесе рұқсат етілген амал деп белгілеп берсе, ол - мұсылмандардың бірауызды келісімен, тіпті бұрыңғы діндердің шариғаты да бірауызды болған келісімнен, шығып кеткен адасушы және өзгелерді де адастырушы болып табылады.

Аллаһ Тағала өзінің пайғамбары Муса (Оған Аллаһтың сәлемі болсын) туралы айтқан мына сөздері туралы ой қозғайықшы: «(Муса) елдің кәперсіз уақытында қалаға кірді де, онда төбелесіп жатқан екі адамды көрді. Бірі өз тобынан, біреуі дұшпан жақтан еді. Сонда өз тобынан болғаны дұшпанына қарсы Мусадан көмек тіледі. Сонда Муса оны жүдырықпен ұрганда оған қаза жетті. (Муса): «Бұл - шайтан ісі. Өйткені, ол - ашық адастырушы дұшпан. Раббым! Рас өзіме кесір істедім. Мені жарылқа!» - деді. Сондықтан, Аллаһ оны жарылқады. Өйткені, Ол - тым Жарылқаушы, ерекше Мейірімді. (Муса): «Раббым! Маған берген нығметіңе серт! Енді күнәкарларға жәрдем етпеймін», - деді. Қалада қорқып, алаңдықпен таң атырды. Ал және кешегі өзінен көмек тілеген кісі, тағы жалбарынып жатыр. (Тағы төбелесіп жатыр.) Муса оған: «Сен анық адасқан екенсің», - деді. (18) Сонда Муса екеуінің де дұшпанын ұстағысы келген сәтте (ол): «Әй Муса! Кеше бір адамды өлтіргеніңдей бүгін мені өлтіресің бе? Сен бұл жерде турашылдардан болмай бір жендет болуды қалайсың ба?» - деді». (Қасас, 15-19).

Бұл қиссадан біз көретініміз: Мусадан көмек сұраған адам сырт келбетімен оның тобынан еді, яғни исраил ұрпағынан болған мұсылман еді. Ал оған қарсы көмек сұраған адам оның дұшпаны, яғни мысырлық кәпір еді. Қараңыз “Тәфсир әт-Табәри” 18/186, “Тәфсир әс-Сам’ани” 4/128.

Осы аяттардан мысырлық кәпір исраилдық мұсылманға шабуыл жасағаны көрініп тұр, және Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, оны заңды түрде қорғағысы келді және кәпір дұшпанды өлтіруге ниеттенбеген еді. Алайда, Мусаға, Аллаһтың оған сәлемі болсын, дене күші берілгендіктен, оның жұдырығының соққысы мысырлықтың өліміне әкелді. Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Муса оны жүдырықпен ұрганда оған қаза жетті», яғни жұдырығымен төсіне ұрды және оның өлуін қалаған болмаса да, оны өлтірді. Қараңыз “Тәфсир әт-Табәри” 18/189-190, “Тәфсир әл-Касими” 12/4699.

Хафиз Ибн Кәсир былай деді: “Ол мысырлық - Ұлы Аллаһқа серік қосатын кәпір еді, ал Муса оны тіпті өлтіргісі келмеген еді, тек оны сөккісі және тоқтатқысы келді. Алайда, солай бола тұра Муса: «Бұл - шайтан ісі. Өйткені, ол - ашық адастырушы дұшпан», - деді. Және ол былай деді: «Раббым! Рас өзіме кесір істедім. Мені жарылқа!» Аллаһ оны жарылқады. Өйткені Ол - тым Жарылқаушы, ерекше Мейірімді. Муса былай деді: «Раббым! Маған берген нығметіңе серт! Енді күнәкарларға жәрдем етпеймін». Қараңыз  “әл-Бидәя уән-нихәя” 2/42.

Бұл жердегі мақсат - Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, оның исраилдықты жәбірлеген мысырлық кәпірге берген соққысының салдарынан болған өлім үшін тәубе етіп өкініш білдіргендігінде болып тұр. Және Муса бұл қасақана болмаған адам өлтіруді шайтанның уәс-уәсі деп есептеді, және осы арқылы ол өзіне зұлымдық жасадым деп санап, өзінің Раббысынан кешірім сұрап Оған тәубе келтірді.

әл-Хасан әл-Басридің, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтқаны жеткізіледі: “Сол кезде кәпірді өлтіру рұқсат етілмеген еді, өйткені ол кез – соғысудан тыйылу кезі еді”. Қараңыз “Тәфсир әл-Куртуби” 13/173, “Тәфсир әл-Касими” 12/4699.

Бұл қисса өзіне ойлануды және назарға алуды қажет ететін ұлы ғибраттар мен сабақтарды қамтиды. Олар мынандай:

– бұл адамды өлтіру – қателік болды, және ол – қасақана және мақсатты түрде жасалған адам өлтіру емес еді;

– өлтірілген адам - Аллаһқа серік қосушы кәпір еді, және солай бола тұра ол -исраилдыққа зұлымдық танытқан жәбірлеуші де еді.

– ол Исраил ұрпақтарына деген дұшпандығы өте күшті болған халықтан еді, және олар исраилдықтардың ұл балаларын өлтіретін және әйелдерін тірі қалдыратын еді, және бұл олардан келген үлкен  сынақ  еді.

– Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, осы жағдайда оны өлтіруді шайтанның амалы, яғни оның уәс-әсі және арбауы деп санады, өйткені шайтан Адам баласын тура жолдан адасушылыққа бұрып алып кететін, өзінің адамға деген дұшпандығы әп-айқын болған оның  дұшпаны.

– Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, өзінің қателікпен кәпірді өлтіруін өзіне істеген зұлымдық деп санап: «Раббым! Рас өзіме кесір істедім», - деді.

– Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, мұны - ол үшін кешірім сұрау  қажет болған күнә және тәубе келтіру қажет болған қателік деп санады, және ол: «Мені жарылқа!» -деді.

– Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, күнәға да, қылмысқа да көмектеспеу және болыспау туралы Аллаһ Тағалаға уәде берді. Және бұл оның: ««Раббым! Маған берген нығметіңе серт! Енді күнәкарларға жәрдем етпеймін» – деген сөздерінің мәні.

– Жазықсыз жанды, оған заңды негіз болмай, өлтіру - жер бетінде бұзақылық тарату болып есептелетіні және тәртіпті орнатушы амал болып табылмайтыны дәйекті түрде бекітілді. Сондықтан, екінші мысырлық Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, мұны қасақана істеп жатыр деп ойлап: «Әй Муса! Кеше бір адамды өлтіргеніңдей бүгін мені өлтіресің бе? Сен бұл жерде турашылдардан болмай бір зорекер болуды қалайсың ба?» (Қасас, 19), - деді.

Бұл ақыл-кеңестер мен сабақтарда өлтірілуге лайық болмаған жазықсыз жанды өлтірудің, мейлі ол кәпір болса да, жиіркенішті екендігі және бұл әрекет ислам шариғатына және елшілердің басшылығына қайшы келетіндігі туралы айқын және сенімді түсіндірме бар.

Салим ибн ‘АбдуллаҺ ибн ‘Умар, Аллаһ олардың екеуінен де разы болсын былай деді: «Әй, Ирақтың тұрғындыры, сендерді кіші (күнәлар) туралы сұрап, үлкендерін жасауға не мәжбүрлейді? Мен әкем ‘АбдуллаҺ ибн ‘Умар былай дегенін естігенмін: “Мен Аллаһтың Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Бүлік ана жақтан келеді», - деп, қолымен шығысқа, шайтанның мүйіздері көрініп шығатын жаққа, қарай сілтегенін көргенмін. Сендер бір біріңнің бастарыңды шауып жатырсыңдар, ал Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, Перғауынның қауымынан болған (адамды) өлтірді және Аса Құдыретті және Ұлы Аллаһ оған былай деді: «Және бір кісі өлтірдің. Сонда сені, ол қайғыдан қүтқарған едік те, сынаулармен сынаған едік». (Та ха, 40)». Муслим № 2905.

Атақты ғалым ас-Са’ди аталған аяттармен байланысты болған үлкен пайдаларды атап өтіп, өзінің тәфсирінде былай деген сөздерін келтірді: “Бұған - онымен келісім-шарт болған немесе әдет бойынша келісім болған кәпірді өлтіруге болмайтындығы жатады, өйткені Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, мысырлық кәпірді өлтіруді күнә деп есептеді және бұл үшін Аллаһтан кешірім сұрады. Бұған, сондай-ақ, жазықсыз жандарды қақысыз өлтіруші – жер бетінде бұзақылық таратушы жендет болып табылатыны да жатады. Бұған, сондай-ақ,  тірі жандарды қақысыз өлтіріп, осынысымен жер бетінде тәртіп орнатуды және күнәхарларды қорқытуды қалайтынын жариялайтын адам өтірікші болып табылатыны да жатады. Және ол жер бетінде бұзақылықты таратушы болып табылады, бұл жөнінде Аллаһ Тағала мысырлықтың ауызынан шыққан сөздерін жоққа шығармай, керісінше растап: «Сен бұл жерде турашылдардан болмай бір жендет болуды қалайсың ба?» - деді». Қараңыз “Тәфсир әл-Кәрим әр-Рахмән” с.726.

Сондай-ақ, осы аяттардың пайдаларын қорытындылай келе,  шейх ас-Са’ди былай деп айтты: “Бұған, сондай-ақ, онымен келісім бойынша, немесе әдет бойынша келісім-шарт болған кәпірді өлтіруге болмайтындығы да жатады, өйткені Муса мысырлықты өлтіргеніне өкінді, бұл үшін Аллаһ Тағаладан кешірім сұрап, Оған тәубе етті. Бұған, сондай-ақ, тірі жандарды қақысыз өлтіруші – жер бетінде бұзақылық таратушы жендет болып табылатындығы да жатады, мейлі оның ниеті қорқыту болса да, тіпті ол өзін тәртіп орнатушы деп санаса да, шариғат тірі жанды өлтіруге рұқсат бермейінше». Қараңыз “Тәйсир әл-Ләтыф әл-Мәннән” с.131.

Ескертпе:

Атақты табиғин (сахабалардың ізбасары) Мутарриф ибн ‘АбдуллаҺ: “Менен Аллаһ: «Сен не үшін пәленшені өлтірмедің?» - деп сұрағаны, Ол маған: «Сен пәленшені не үшін өлтірдің?!» - деп айтқанынан сүйіктірек?!” - деп айтатын. Әбу Ну’айм “әл-Хилья” 2/204.

Тоғызыншысы:

Джихадта ақиқаттан ауытқудың қауіптілігі

Ақиқатында, жоғарыда аталған барлық формалардғы және түрлердегі джихад мәселесіндегі ауытқу үлкен қауіп-қатерлерге және көптеген жаман нәрселерге әкеп соқтырады. Осы ауытқулардың және қайшылықтардың салдарына назар салып қараған, немесе олардың себептері немесе атқарушылары туралы ой қозғаған адам оларды түсінеді. Осы жерде джихадтағы ауытқулардың қауіптілігін білуге мүмкіндік беретін ең маңызды нәрселерге көңіл бұрған жөн болады. Олардың арасында:

1. Бірқұдайшылықтың емес, надандықтың туының астында джихад жүргізу.

Джихадтағы бұл ауытқу джихадты заңды мақсаттарда емес, Ислам шақыратын нәрселерге қайшы келетін мақсаттарды іске асыру үшін жүргізуге апарады. Бұл - Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, одан сақтандырып ол жөнінде былай деген нәрсесіге жатады: «Кім соқыр ілесушілікпен шйқасып, өзінің тайпасы үшін ызаланып және өзінің тайпасы үшін соғысып өлсе, оның маған еш қатысы жоқ». Муслим № 1850.

2. Тыйым салынған қантөгісті және жазықсыз адамдарды өлтіруді рұқсат ету

Джихадтағы ақиқаттан осы ауытқу тыйым салынған қантөгісті және жазықсыз адамдарды өлтіруді, осыны Аллаһ жолындағы джихад деп, рұқсат етуге ақтау (сылтау) етілуіне әкеледі. Дәл осыны муминдердің әмірі ‘Али, Аллаһ одан разы болсын, халифалығы кезінде Аһли Суннә уәль джәмә’аға қарсы шыққан хауаридждердің тобы істеді, олар мұсылмандардың қаны мен мал-мүлкін өздеріне халәл етіп олардың малдарын тонады. Және олардан кейін Сүннеттен шығып кеткен ауытқушы жамағаттар да бүгіңгі күнге дейін дәл осылай істеп жатыр!

Ал Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, Бұл ауытқудан өте қатты ескерпен жасап сақтандырып: «Кім менің үмметіме қарсы шығып, олардың арасындағы иман келтіргендері үшін қынжылмай, өзі келісім-шарт жасасқандармен жасаған келісімін орындамай, ізгілер мен пасықтарды (қосып) өлтірсе, оның маған еш қатысы жоқ, ал менің - оған (еш қатысым жоқ)», - деді. Муслим № 1848.

3. Бөліну, қарама-қарсылық және мүсылмандардың жәмә’асы мен олардың әмірінінен бөлініп шығу

Бұл – бұрыңғы және таяу кездегі джихадтағы ең үлкен ауытқулардың қатарына жатады. Ислам дінінде міндетті түрде білуге тиісті нәрсеге - әл-жәмә’асыз дін жоқ, басқарусыз әл-джама’а жоқ, бағынусыз және мойынсынусыз басқару жоқ екендігі жатады. Және мұсылмандардың әміріне бағынудан шығу және оған соғысыспен қарсы шығу, қалаларда және Аллаһтың құлдарының арасында бұзақылық таралуының ең үлкен себептеріне жатады, сондай-ақ тура жол мен дұрыс басшылықтан ауытқу болып табылады.  Қараңыз “әд-Дурар әс-сәния” 7/288, 302.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтты: “Мұсылмандар кәпірлерге қарсы біртұтас қол болуы қажет, Аллаһқа және Оның Елшісіне мойынсынып,Аллаһтың жолында джихад жасап, мұсылмандарды шыншылдыққа және өздеріңің алдыңғы буын өкілдерінің ізгі мінез-құлық өнегесіне шақырып   бірігуге және соғысуға міндетті. Өйткені, бұл – Аллаһ Тағала солармен Елшілерін жіберіген және Ктаптарын түсірген дін негіздерінің  және иман қағидаларының ең бастыларының біріне жатады. Аллаһ Тағала өзінің барлық құлдарына бірігуді әмір етті және оларға бөлінуді және қарсыласуды тыйым етті, Ол Өзі бұл жөнінде былай деп айтқандай: «Дінді мықты орындаңдар да, дінде бөлінбеңдер». (Шура, 13)

4. Мұсылмандарды әлсірету және олардың жауларына олардың үстінен билікті беру

Бұл – джихадта шариғаттың ережелерін ұстанбай және мұсылмандардың жағдайын назарға алмай, қате жолды ұстанушының әрекеттерінің салдары кәпірлерге мұсылмандардан өш алуға, олардың істеріне араласуға және олардың күшін әлсіретуге сылтау беру болатындығынан. Бұл осы күндері ислам үмметінде кейбір жастардың джихад мәселесінде ауытқуының себебімен орын алып жатқандай, және Аллаһтан өзге ешкімде күш те, қуат та жоқ.

5. Исламды жек көрсету және Аллаһ Тағалаға шақыруға бөгет жасау

Бұған қиратушы және өшпенділік әрекеттер, жарылыстар және жоюлар, және осыларды джихад деп атау себеп болды. Ал кәпір немесе сауатсыз адамда осы нәрселер діннің амалдарына және Исламды ұстанушылардың сипаттарына жатады деген пікір қалыптасады. Нәтижесінде осы бұрмаланған бейне оларға Исламға деген жолды жабады, мұсылмандарға деген ыза туғызады. Алайда бұл әрекеттер тек оларды істеушілердің бейнесін сомдайды және Исламмен ешбір ортақтығы жоқ.

Оныншысы:

Джихадтағы ауытқулардың мысалдары

және осы ауытқу Аллаһ Тағалаға және оның хақ дініне жала жауып джихадтың атымен жауыздықтан және жиіркенішті істерден болған істерден болған нәрселер неге алып келетіндігі туралы

Тарихшы және пайғамбар өмірбаянын зерттеуші көптеген ғалымдар: “Бірде үш хауаридж – Ибн Мульджәм әл-Химйяри деп танылған ‘Абдур-Рахман ибн ‘Амр, әл-Бәрак ибн ‘Абдуллаһ әт-Тәмими және ‘Амр ибн Бәкр әт-Тәмими бірге жиналды да, Нәхрауан тұрғандарынан болған олардың бауырларын ‘Али өлтіргенін еске алды, және олар туралы қайғыра бастады. Олар: «Біз олардан кейін қалғандармен бірге не істей аламыз? Олар - адамдардың ең жақсылары еді, ең көп намаз орындайтын, адамдарды Раббыларына шақыратын және Аллаһтың жолында айптыны сөгуге қорықпайтын еді. О, егер біз жандарымызды сата алсақ еді, адасушылықтың басшыларына барып, оларды өлтіріп, олардан қалаларды азат етіп, өзіміздің бауырларымыз үшін  кек алсақ еді», - деді.

Сонда Ибн Мульджәм: » Мен өзіме ‘Али ибн Абу Талибты аламын», - деді. Әл-Бәрак ибн ‘Абдуллаһ: «Мен өзіме Му’авия ибн Әбу Суфьянды аламын», - деп айтты. Ал ‘Амр ибн Бәкр: «Мен өзіме ‘Амр ибн әл-’Асты аламын», - деді. Және олар өзара келісіп, олардың әрбірі өз қарсыласын өлтірмейінше, немесе өзі өлмейінше одан шегінбеуге шарттасты.  Олар қылыштарын алды, оларға Аллаһтың атын айтты, он жетінші Рамаданда әрқайсысы өз қарсыласына оның қаласында шабуыл жасау туралы шарт жасасты», - деп баяндайды.

Сөйтіп, бұл үшеуі сол кезде адамдардың ең жақсылары болып саналатын Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларының үшеуін өлтіру туралы өзара келісті. Олар (бұл хауариждер) оларды адасушылықтың басшылары деп атады және оларды өлтіруді халәл деп, тіпті Аллаһ жолындағы джихад деп санады.

Ибн Мульджәм туралы айтар болсақ, ол ‘Али, Аллаһ одан разы болсын,  тұратын Куфаға аттанып, оған кіріп, ниетін тіпті сол жердегі өзінің хауаридж-серіктерінен жасырды. Кейін ол Куфада бір хауаридж әйелді көріп қалып, оған ғашық болды, ал ол оған үйленуінің шарты етіп  ‘Али ибн Абу Талибді өлтіруді қойды.

(Осыда барлық хауариждердің муминдердің әмірі болған ‘Алиге ызыда болғанына және оны өлтіруге ұмтылғанына  дәлел бар.)

Ибн Мульджәм сол әйелге: “Ол – сен үшін. Аллаһтың атымен ант етемін, мен бұл қалаға тек ‘Алиді өлтіру үшін келдім», - деді.  Кейін ол әйел Ибн Мульджәмды осы іске үгіттеп бастады және оған өз тайпасынан болған Уирдән деген бір адамды көмекші болу үшін жолдады.

Ибн Мульджәм сондай-ақ Шубәйб ибн Бәджра әл-Ашджә’и әл-Хариджи деген бір адамды да өзіне көмекші болу үшін жалдай алды.

Рамадан айы басталғанда, оның он жетісінде, бұл үшеуі: Ибн Мульджәм, Уирдән және Шубәйб, қылыштарын беліне тағып  ’Али шығып жүрген есіктің алдына келіп отырып алды. Ол шығып, адамдарды намазға тұрғыза бастады. Сонда оның жанына Шубәйб келіп, оны қылышымен ұрып, жағасына тиді. Ал Ибн Мульджәм оны басының тас төбесіне ұрды да, қан оның, Аллаһ одан разы болсын, сақалына қуйылып ақты. Ибн Мульджәм ұрғанда: «Аллаһтан басқа үшін билік жоқ! Сен үшін де ‘Али, сенің серіктерің үшін де!» - деп айтты. Және ол Аллаһ Тағаланың мына сөздерін оқи бастады: «Адамдардан Аллаһтың ризалығын іздеп жанын сататындар да бар. Аллаһ құлдарына тым жұмсақ». (Бақара, 207)

Ескертпе:

‘Аммәр ибн Ясир: «Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірде ‘Али ибн Абу Талибке: «Йә, Абу Тураб, саған ең бақытсыз болған екі кісі кім екендігін айтайын ба?» - деп сұрады. Ол: “Әрине, йә, Аллаһтың Елшісі!” – деп жауап берді. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «(Салих Пайғамбардың) түйесін өлтірген Сәмудтік, және сені қылышпен мына жеріңе ұрушы», - деп, оның мойнына көрсетті, «мынауың қанға боялатындай», - деп оның сақалын көрсетті», - деп жеткізді. Әхмәд 4/263, әл-Хаким 3/140. Хадис сахих. Қараңыз “әс-Сильсилә әс-сахиха” № 1743.

Аллаһ Пәк!  Қалайша барша мұсылмандардың бірауызды келісімі бойынша өз заманының ең жақсы адамы - Аллаһтың Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, көкесінің баласы, оның күеу баласы, тура жолмен жүруші төртінші ізгі халифа болған ‘Али ибн Абу Талибты, Аллаһ оған разы болсын, өлтіру арқылы Аллаһтың ризалығын алуға болады?! Қалайша адам осындай жексұрын қылмыспен және жиіркенішті амалмен Аллаһтың ризашылын алуды ниеттеніп, өз жанын сатады?! Осы нәрсе джихадтағы ауытқушылықтың қауіптілігінің ғана дәлелі болып қоймай, сондай-ақ оның салдары болған бұзақылық пен қасіреттің де дәлелі болмайды ма?

Хауаридждердің бұл адасқан және ауытқан тобы шейхуль-Ислам айтқандай: “Мұсылмандарды олардың күнәлары үшін, және тіпті өздерінің пайымы бойынша күнә деп табылған нәрселер үшін, кәпір деп атаған алғашқысы болып табылады. Олар осы үшін мұсылмандардың қанын халәл етіп, оларды Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Исламды ұстанушыларды өлтіріп, пұтқа табынушыларды тастап қояды», - деп сипаттағандай болды. Олар ‘Али ибн Абу Талибті, ‘Усман ибн ‘Аффанды және олардың қоластындағыларын кәпір деді. Олардың ішінен оны ‘Абдуррахман ибн Мульджәм әл-Муради өлтірді. Ол және басқа хауаридждер ғибадатта өте ынталы болды, алайда олар надан болды және әһли Суннә уәл жәмәадан бөлініп кетті. Олар: «Адамдар не мумин, не кәпір болады», - деді. «Мумин бұл – барлық парыздарды орындап, барлық тыйымдарды тастаушы», - деді. «Кім мұндай болмаса – ол Тозақта мәңгі қалатын кәпір», - деді. Кейін олар осындай (кәпір) деп өздерінің пікіріне қарсы болған кез-келден адамды атайтын болды. Олар: «Ақиқатында, ‘Али, ‘Усман және солар сияқтылар Аллаһ түсіргендей шешім шығарған жоқ, залымдық жасады және кәпір болды», - деді. Бұл адамдардың пікірі, Құран мен Сүннеттің көптеген дәлелдеріне сәйкес – жалған.   Қараңыз «Мәджму’ әл-фәтәуә» 7/481-482.

Хауәридждерді айыптайтын Пайғамбардан, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, жеткен хабарға ‘Али ибн Абу Талибтің, Аллаһ оған разы болсын: «Мен Алаһтың Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Жақын арада заман ақырда менің үмметімде жас және ақылы аз адамдар пайда болады. Олар ең жақсы жаратылғанның сөздерін айтады. Олардың иманы кеңірдектерінен әрі өтпейді. Олар діннен, жебе садақтан ұшып шыққандай, ұшып шығады. Оларды қай жерде кездестірсеңдер де - өлтіріңдер, өйткені, оларды өлтіргенге Ақырет күні сый бар», - дегенін естігенмін», - деп жеткізгені жатады.  әл-Бухари № 6930, Муслим № 1066.

Абу Заррдан, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ақиқатында, менен кейін үмметімде ( немесе менен кейін жақын арада үмметімде) Құранды оқитын, бірақ ол олардың кеңірдегінен әрі өтпейтін, адамдар пайда болады. Олар діннен, жебе садақтан шыққандай, шығады, ал содан соң олар оған қайта оралмайды. Олар – халықтардың және жаратылыстардың ішіндегі ең жамандары!» Муслим № 1067.

Ізгі алдыңғы буынымыздан, Аллаһ оларға рақым етсін, хауариждерді сөгетін, олардан сақтандыратын, олардың ислам үмметіне деген үлкен қауіптілігін түсіндіретін көптеген хабарлар және бірін-бірі күшейтетін пікірлер келтірілген, оларды айтып өту көп уақытты алады.

Уәхб ибн Мунәббәх, Аллаһ оны рахым етсін, айтатын: «Аллаһпен ант етемін, Аллаһ үнемі хауариждердің тобын оның ең нашар халінде бөліп тастайтын. Олардан болған біреу (джихад) туын көтергенде, Аллаһ үнемі оны жоятын. Ешқашан үммет хауаридждің төңірегіне бірікпеген еді. Егер Аллаһ хауаридждердің пікірінің орындалуына мүмкіндік бергенде, жер бетінде бұзақылық таралар еді, Аллаһты Үйіне қажылық тыйылар еді, және адамзат надандыққа оралар еді!» Қараңыз Ибн ‘Асакир «әт-Тарих» 26/389,.

Аллаһ өзінің рахымымен және кеңдігімен мұсылмандарды олардың жауыздығынан құтқарып қалды.

Бұдан тыс, бұл хауаридждер надандарды және жас мұсылмандарды азғырудың әдістеріне және надандарды алдап түсіретін дүние мәселелеріндегі өздерінің зухыттығы, ғибадаттарының көптігі, Аллаһ діні үшін ерекше құлшынысы, оның тыйымдары үшін қызғаныш танытуы сияқты өзге де торларға ие.

Шейх Сулейман ибн Сахмән, Аллаһ оны рахым етсін, былай деді: «Кім өз-өзіне ықыласты болса және өзінің құтылуын тілесе, олардың (хауариждердің) игілікті қалауы, оны іздеуі және оны істеуі, жақсылықты бұйырып, жамандықтан тыйуы, және олар осыларды тек Аллаһтың разылығы үшін жасап жатқандығы туралы сөздері жайында ойланып көрсін. Алада, олардың діндегі ысырапшылдығы және парыз етілген нәрселердегі шектен шығуы оларды   Му’ауияға, Аллаһ оған разы болсын, және онымен бірге болған сахабалар мен олардың ізбасарларына кәпір деп айып тағуға дейін жеткізді. Олар сондай-ақ ‘Али ибн Абу Талибты да, Аллаһ оған разы болсын, және ең жақсы болған сахабалар мен олардың ізбасарларын да, оның пікірі олардың шешімді екі қазы шығару жөніндегі пікірімен бірдей болғанда, кәпір деп айыптады. Кейін олар: «Аллаһтың дінінде шешімді адамдар шығаруы - діннен шығаратын күпірлік болып табылады», -  деп, және: «олар осыны жасап кәпір болды», - деп айтты. Кейін олар осынысына тәубе келтіріп, ‘Алиге: «Егер сен тәубе келтірсең, біз – сенімен біргеміз және сененбіз. Егер сен бас тартсаң, біз сенімен келісімді бұзамыз», - деді. Ал енді, саған олардың амалдары – олардың дінде артық кететін және бұйрықтар мен тыйымдарда шектен шығатын карилары туралы жақсы пікірі, және бұл үмметте ең игі жүректерге, терең білімге ие болған, ең аз бәлсінбеушіл болған, оларды Аллаһ Өзінің пайғамбарына, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахаба болу үшін және Өзінің дінін ұлықтау үшін таңдап алған ғалым-сахабалар туралы олардың жаман пікірі екендігі айқын болған шығар. Олар солардың артықшылығын мойындамаған және олардың басшылығына ілеспеген кезде, Аллаһтың Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары ұстанатын дұрыс жолынан адасушылыққа кетті, және оларды (сахабаларды) дінде өтірікші  деп ойлады.

шейх ‘Абдурраззақтың ескертпесі:

Бұл кітаптің (шейх Сахмәнның) зерттеушісі шейх ‘Абдуссаләм әл-Бәрджис, Аллаһ оны рахым етсін, бұл сөздерге мынандай түсіндірме қосты: «Ал енді ойланшы, Суннит,  бұл – хауариждерді олардың осы жағдайларына алып келген үш себеп:

1. Олардың қарилары туралы жақсы пікірлері. Олар Құранды керемет етіп оқитын және жақсы жақсы сөздер сөйлейтін. Алайда, олар дінді түсінуде іштері бос (қуыс) болатын.

2. Әмірлер мен тыйымдарда шектен шығу.

3. Ғалым-сахабалар туралы жаман пікірде болу және оларға Аллаһтың дініндегі өтірікшілер деп жала жабу».

Оларды бұған Қасиетті мәтіндердің айқын болған (үстіртін) мәнін қабылдап, және олардың (шынайы) мәні мен корытындыларын түсінбеуі алып келді. Олар бұл мәтіндерді орынсыз қолданды және күшейту, ауырлату, қинау жолын таңдап, Аллаһ оларға берген және оларға Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ақиқатында сендер қиындатушы емес, жеңілдетуші етіп жіберілдіңдер», - деп бұйырғанын тастап қалдырды.

Сондықтан муминдердің әмірі болған ‘Али, Аллаһ оған разы болсын, оларға қатысты осы жолды ұстанды, Аллаһ олардың жүректерін өзіне бұрады және олар баяғы қалпына түседі деп үміттеніп, оларға Аллаһ үшін ықылас танытты, олармен жұмсақ сөздермен сөйлесті. Ол оларға бірінен соң бірі бір неше рет жолдау жасады, бұл жөнінде оның өзі бірде олар оған жолдау жасағанда айтқанындай. Олар оған: «Ақиқатында, билік (шешім қабылдау) Аллаһқа тән», - деп айтты, және осы арқылы, өздерінің пайымдауынша, жамандықты қайтарғысы келді. Сонда ‘Али: «Аллаһ Ұлы! Астарында өтірік меңзелген ақиқат сөз. Алайда сендер бізбен бірге кездеріңде бізде үш хақыларың бар: біз сендерге мешіттерде Аллаһтың атын зікір етуге бөгет жасамаймыз. Сендер бізбен бірге қол ма қол болып тұрған кезде біз сендерге олжадан үлес алуға бөгет жасамаймыз. Сендер бірінші болып бастамайынша біз сендермен соғыспаймыз. Және біз сендер туралы Аллаһтың әмірін күтеміз», - деді.

‘Алиден хауариждер туралы: «Йә, муминдердің әмірі, олар – кәпірлер ма?» - деп сұралғанда, ол: «Олар күпірліктен қашып кетті», - деді. Адамдар одан: «Олар екіжүзділер емес пе?» - деп сұрағанда, ол: «Ақиқатында екіжүзділер Аллаһты аз зікір етеді, ал бұлар Аллаһты көп зікір етеді», - деді. Адамдар: «Ендеше, олар – кім?» - деді. Ол: «Бізге қатысты зұлымдық жасаған біздің бауырларымыз», - деді.

Ескертпе:

Бұл хабарды ‘Абдурраззақ өзінің «әл-Мусаннәф» еңбегінде 10/150, Ибн Абу Шәйбә 15/332 Тариқ ибн Шихабтың: «Мен ‘Алимен бірге оның жанында болдым және одан Нахр тұрғындары туралы олар мүшриктер ма деп сұрады, ал ол: «Олар ширктен (көпқұдайшылдықтан) қашып кетті», - деп жауап берді.  Одан: «Ендеше олар екіжүзділер шығар?» - деп сұрады. Ол: «екіжүзділер Аллаһты аз еске алады», - деді. Одан: «Онда олар кімдер?» - деп сұрады. Ол: «Бізге қатысты зұлымдық жасаған адамдар», - деді», - дегенін жеткізді. Шейх Шу’айб әл-Арнаут «Сахих Ибн Хиббан» 15/134 еңбегіне жасаған ескертпелерінде бұл иснәдты сахих деді.

Және бұл хабарда ‘Али оларды бауыр деп атағаны келтірілмеген, ал: «Бізге зұлымдық жасаған адамдар» , - деген.

Бұл - оның, Аллаһ оған разы болсын, осы адасқан бидғатшылармен жасаған қатынасының сипаттамасы, әйтсе де ол өзінің серіктеріне олар туралы былай деді: «Аллаһпен ант етемін, егер олар әрекеттерінен бас тарпағанда, мен міндетті түрде Аллаһтың, Оның пайғамбарының, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, ауызымен айтқан, олармен шайқасуда естілік танытып, бізт ұрған ақиқатты біліп олармен соғысқан адамға қатысты шешімі туралы айтар едім». Сонымен бірге,    Ол Аллаһтың елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, олар туралы: «Олар Исламнан , жебе садақтан ұшып шыққан сияқты, ұшып шығады. Кейін олар, жебе садаққа қайтып келмейінше, оған қайтып келмейді», - деген сөздері туралы білер еді. Оның, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Оларды қай жерде кездестірсеңдер де – өлтіріңдер», «егер мен оларды кездестірсем, міндетті түрде оларды өлтірер едім, Ғад қауымы өлтірілгендей», - деген сөздерін де оған мәлім еді.  Сонымен қатар, олар басқа адамдардан көбірек Аллаһқа құлшылық ететін және Оны мадақтайтын еді, тіпті сахабалар да олардың алдарында өздерін (ғибадатта) болмашы деп санайтын еді. Олар білімді тек сахабалардан ғана үйренген болса да.

Кім өзіне қатысты ықыласты болып жетістікті қаласа, бұл адамдардың жолын біліп, одан аулақ болуы керек, олардың көп намаздарына, оразаларына, Құран окуына, дүние істеріндегі зухыттығына тәнті болмау  керек.

Ол соларға қоса Аллаһтың Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларының өмір тарихын білуі керек. Ол сондай-ақ олар өздерінен кейінгілерден артықшылыққа ие болған және өз істері мен сөздерінде ең аз бәлсінушілік танытқан сахабалардың дұрыс басшылығын  және тура дінін білуі керек. Бұл жағдайда, мүмкін, ол бұл адасқандардың бәлесінен құтылар. Ал Аллаһ ақиқатты айтады және тура жолмен жүргізеді. Бізге Аллаһ жеткілікті, Ол - нендей жақсы Қамқоршы және Сақтаушы». Қараңыз «Минхаджу әхли әл-хаққи уәл-иттибә’и фий мухолифәти әхли әл-джәхли уәл-ибтидә’и» с.63-66.

Мүмкін, осында шейхуль-Ислам ибн Тәймияның «Минхәдж әс-Суннә» қітабының пайдасы туралы қорытындыны келтірген жөн болар еді, онда ол, Аллаһ оны рахым етсін, өзінің ұлы баянымен және пайдалы бекітуімен Аллаһ Тағала Мухаммадты, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, құлдарын бұл және алдыңғы өмірде түзету үшін жіберді деп жеткізеді. Және ол ізгілік жасауды бұйырып жамандықтан тыйю үшін. Сондықтан, оның жолдауы пайдаға қол жеткізуге және оны кемелдікке жеткізуге, жауыздықты жойып оны азайтуға негізделеді. Және Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, әрбір адамға оған және мұсылмандарға пайдалы болған нәрселерді бұйырып, және оны өзіне және мұсылмандарға зиянды болған нәрселерден тыйды.

Бұл ұлы негіздің ең айқын дәлелдеріне және ең маңызды мысалдарына Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, мұсылмандардың басшыларына әділдік жасауды және өзінің қамқоршылығындағыларға қатысты ықыласты болуды бұйырғандығы, тіпті оның: «Аллаһ қамқорлығына (біреуді) тапсырған және ол өз қарамағындағыларын алдауды қоймай өлген кез-келген құлына міндетті түрде Жәннәтты харам етеді», - дегені, хадистің басқа риуаятында. «Мұсылмандардың істерін олар үшін ынталы болмай және ықылас танытпай қандай да бір әмір басқарса, ол онымен Жәннәтқа кірмейді», - деп айтқаны жатады. әл-Бухари № 7150, 7151, Муслим № 142.

Ал қоластындағыларға ол мойынсынуды және басшыларға қатысты ықыласты болуды бұйырды, бұл жөнінде: «Дін – бұл ықыластылық таныту», - деп айтқан хадисте ол үш рет осыны қайталап айтқандай. Олар (сонда): «Кімге қатысты, йә, Аллаһтың Елшісі?» - деп сұрады. Ол: «Аллаһқа, Оның Кітабына, Оның Елшісіне, мұсылмандардың әмірлеріне және қарапайым мұсылмандарға», - деді. Муслим № 55.

Және ол әмірлер жәбір көрсетіп жатқанда сабыр етуді әмір етті, оларға қарсы шығуға және олармен тікетірес болуға (олардың билігіне таласуға) тыйым салды, тіпті олар зұлымдық жасап жатса да. Ол бұл жөнінде: «Мұсылман жеңілдікте де, ауыртпалықтарда да, көңілшуақтылықта да, қайғыруда да, және одан басқаларға артықшылық беріліп жатқанда да әмірді тыңдап, оған бағынуы кажет», - деп айтқандай.

Ескертпе:

Сондай-ақ, Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Сен әмірді тыңдауың керек және оған бағынуың керек, тіпті ол сенің арқаңнан ұрса да және сенің мал-мүлкінді тартып алса да, тыңда және бағын!» - деп айтатын. Муслим 1847.

Өзінің өмірі мен мал-мүлкін кез-келген қол сұғушыдан қорғау парыз болуына қарамастан, Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, әмірлерді бұл жалпы тізімнен шығарып тастады. Имам Ибн әл-Мунзир былай деп айтатын: “Білім иелері адам өз өмірін және мал-мүлкін, егер оған біреу қақысыз қол сұғып жатса, қорғауға міндетті екендігіне бір ауызды келісімде. Алайда, сонымен қатар, хадис білімдарларының барлығы әмір бұл тізімге кірмейді деп есептейді, бұған ол тарапынан зұлымдық көрсетіліп жатқанда сабырлық таныту және оған қарсы шығуға мүлдем жол берілмейтіндігі туралы риуаяттар нұсқау болады!” Қараңыз “Фатх әл-Бари” 5/148.

Мухаммадтың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, миссиясы құрылған осы шариғи негіздің негізінде, аһли суннә уәл жәмәа әмірге қарсы шығуды және бүлік кезінде соғысуды тастау қажеттігі туралы айқын айтқан. Олар мұны өздерінің ақидасында (ақида бойынша кітаптарында) атайтын, әмірлердің жәбіріне сабыр танытуды, Аллаһқа мойынсынбаудан өзге жағдайларда оларды тыңдап оларға мойынсынуды бұйыратын. Өйткені, Әмірлерге қарсы шығудан және бүлік кезінде соғысудан туындайтын зиян әмірлердің жәбір көрсетуінен едәуір көбірек болатынын, сондықтан кіші зиян үлкен зиян арқылы жойылмайтынын олар түсінген. Және егер айыпталатын нәрсені жоюды оданда айыпты болған әрекетті орындаумен ғана іске асыру мүмкін болса, онда айыпталатын нәрсені мұндай жолмен жоюдың өзі айыпталады. Және егер жақсылыққа жетуді осы жақсы істің пайдасынан зияны басымрақ болған айыпталатын амалды орындаудан өзге жолмен іске асыру мүмкін болмаса, онда  осындай жолмен жақсылыққа жетудің өзі де айыпталады.

Әһли Суннә уәл жәмәа Аллаһқа және Оның Елшісіне, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, өздерінің мүмкіндігі жеткенше мойынсынуда ынта танытады, бұл жөнінде Аллаһ Тағала: «Өздеріңнің мүмкіндіктеріңе сәйкес барынша Аллаһтан қорқыңдар», - деп бұйырғандай.  (Тағабун, 16), және Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Мен сендерге не бұйырсам, соны бар мүмкіндіктерің жеткенше орындаңдар», - деп айтқандай.  әл-Бухари № 7288, Муслим № 1337.

Егер кандай да бір әрекетте игілік пен жамандық қатар болса, олар абзалын алады. Егер оның пайдасы зиянынан басым болса, оны орындауға басымдық береді. Егер оның зияны пайдасынан көп болса, онда олар оны Аллаһ Өзінің Елшісін, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, жіберген игілікке жету және оны кемелдендіру, жамандықты жою және оны азайту мақсатына сәйкес тастауға басымдық береді.

Ал, аһли Суннә уәл жәмәаға бұл мәселеде қайшы келетін және әмірлерге қарсы шығуды және соғысуды және мұсылмандардың жәмәасынан (бөлініп шығуды) дұрыс деп санайтын адасқан топтардың әрекеттерінің зияны олардың пайдасынан басым, және бұдан келетін жамандық та - келер жақсылықтан көбірек. Өйткені, олардың мақсаты, тарих мұны көрсеткендей, не жеңу, не жеңілу болып табылады. Кейін олардың билігі жоқ болды, және олар нәтижеге жете алмады. Олардың шығуында діңге де, дүние тіршілігіне де пайда болмады. Олар дінді де орнатпады, дүниеде де қалмады. Ал Аллаһ Тағала дінде де, дүние тіршілігінде де пайдаға әкелмейтін нәрсені істеуді бұйырмайды.

Сондай-ақ, бұл үмметте басталған бүліктерде де пайдаға қол жеткізілмеді. Керісінше, мұнымен зиян көбейтіліп, игілік азайтылды. Бұл - үмметтегі үлкен жауыздықтың себебі болды. Осы бүлікке кіріскен білім және дін иелерінен болғандар өз әрекеттері үшін мақталмады, керісінше осыған өкініп, одан бас тартты.

Кейде, әмірлерге қарсы шыққан немесе бүлік кезінде соғысқан білім және дін иелерінің кейбіреулері, өздерінің пікірі бойынша, діни мақсатқа қол жеткізгісі келді, және осынысын жамандықтан қайтарып, жақсылыққа бұйыру деп ойлады. Алайда, олардың екі позициядан қателескені анық болды.

Біріншісі. Олар дін деп санап жүрген нәрсесі дін болып табылмайды, мысалы хауариждердің және басқа да әуестеріне ілесуші адамдардың пікірі сияқты. Өйткені, олар ұстанатын пікір – қателік және бидғат болып табылады. Олар адамдармен осы пікірге сәйкес соғысады, және тіпті өзіне қайшы келетіндерді кәпір деп есептейді. Олар өз пікірінде және өздеріне қайшы келгендермен, немесе өздері кәпір деп санап лағнеттегендермен соғысуда қателеседі. Және бұл - әуестердің (қалаулардың) жақтаушыларының жаппай үкімі.

Екіншісі. Аһли Суннә уәл жәмәаға қайшы келетін адамдардың шақыратын сенімдеріне сәйкес соғысқан, және соғысу арқылы қалаулы мақсатқа қол жеткізу мүмкін болады деген оймен соғысқан кісі өзінің соғысыумен қалағанына жетпеді. Керісінше, зиян бұрыңғы болғанынан да көбірек болды. Және оларға Заң Шығарушы (Аллаһ) ең басында нұсқаған нәрселері ең соңында айқын болды.

Бүлікке кіріскен мәртебе, білім және дін иелерінің арасында Заң Шығарушының Қасиетті мәтіндері жетпеген, яки оларды сахих (сенімді) деп санамаған  кісілер де бар. Олардың ішінде олардың (Қасиетті мәтіндердің) үкімі жойылған деп айтқандары да бар. Олардың ішінде, Қасиетті мәтіндерге қатысты үкім жасаушылардың көбімен орын алып жатқанындай, оларды өзгеше тәпсірлейтіндері де (түсінетіндері де) бар.

Осы үш себептерден білім иелері кейбір Қасиетті мәтіндерді қолдануды қалдырды.

Осыдан кейде білімде және дінде мәртебелі болған тұлғаның өз жорамалымен байланысты пайымы және белгілі деңгейдегі әуесі (көңіл қалауы) болатыны мәлім болады. Нәтижесінде, оған ілеспеу керек болған нәрсе шығады, тіпті оның өзі - Аллаһқа жақын ізгі адам болса да.

Және осындай  нәрсе орын алса, екі топ үшін бүлік басталады: осы бүлікті ұлықтайтындар, осы  амалды мақұлдауды  және оған ілесуді қалайтындар үшін. Және оны айыптайтын, мұны билік жүргізуге, тақуалыққа, және тіпті ізгілікке және Жәннәттың тұрғындарының жағдайына да,  тіпті иманға да кесірлі деп, оны жасаушыны діннен шығаратын топ үшін. Бұл екі жақ та қателесуде.

Ал кім өділетті жолды таңдаса, ұлықтауға лайықты болғанды ұлықтайды, оны сүйеді және қолдайды. Ол ақиқатқа тиістісін береді, оны ұлықтайды, жаратылыстарға  рахымшылдық танытады және бір адамның игі амалдары да, жауыздықтары да болуы, ол мақтаулы да, айыпты да болуы, сый да, жаза да алуы мүмкін екендігін біледі. Оны бір жағынан жақсы  көреді, ал екінші жағынан жек көреді. Және бұл - аһли Суннә уәл жәмәаның хауариждерден, муағтәзиләлардан және  оларға сәйкес келетіндерден ерекшеленетін жолы.

Сондай-ақ, бүліктердің себептері  өздеріне  күмәндар мен әуестерді (қалауларды) қатар қамтитынын да білу керек. Оларда ақиқатты, ол көп адамдарға немесе олардың көпшілігіне жалғаннан ерекшеленбейтін болып қалатындай етіп, жалғанмен бүркейтін күмәндар болады. Оларда қалаулар мен әуестердің адамдары да болады, ал бұл - ақиқатты іске асыру ниетіне кедергі болады. Сондай ақ, оларда ізгілік үшін деген күшті әлсірететін зұлымдықтың күші көрінеді.

Сондықтан да, адам бүлік кезінде өзінің жүрегін тәрк етеді, және жүректерге оларға ақиқатты тануға және оны іске асыруға ниеттенуге бөгет жасайтын нәрселер кіреді. Сондықтан, бүлік - надақтық тәрізді деп саналады. Ал надандықта ақиқатты білу және оны іске асыру ниеті болмайды, және сондықтан: «Бүлік соқыр және керең», «Бүліктер қара түнек түн сияқты» деген, т.б.с.с. надандықтың пайда болуын және білімнің жасырылуын түсіндіріп беретін сөздер айтылады.

Ал  Ислам пайдалы білім мен  игі амалды, ақиқатты тануды және оны ниеттенуді алып келді. Кейде, кейбір әмірлер жәбір көрсетуімен зұлымдық жасайтын, адамдар оның зұлымдығына сабыр таныта алмайтын, және оның зұлымдығын тек қана одан да үлкен зиянмен тойтару мүмкін болған жағдайлар орын алады. Алайда адам өзінің құқығына және зұлымдықты өзінен тойтаруға деген сүйіспеншілігінің салдарынан өзінің әрекетінен жалпыға келетін зиянға қарамайды.

Ескертпе:

Абу әл-Харис Саиғ: «Бағдадта адамдар әмірге қарсы шығуды шешіп имам Әхъмәдтан бұл жөнінде сұрады», - деп айтатын. «Ол мұны сөге бастады да: «Аллаһ Пәк! Қан, қан, оны мақұлдамаймын да, оны бұйырмаймын да! Біздің осы жағдайға сабыр етуіміз, қан төгілетін, мал мүлік басып алынатын және рұқсат етілген нәрселердің шекарасы бұзылатын бүліктен жақсы! Мен адамдар осыған дейін жетті деп ойламаймын», - деді. Оған: «Ал адамдардың  қазір жағдайы - бүлік емес пе?!»- деген сұрақ қойылды. Ол: «Тіпті солай болса да, бұл бүлік - біреу ақ, ал егер қылыш көтерілсе, жаппай бүлік көтеріледі! Бұған сабыр ету және өздеріңнің діндеріңді сақтау - сендер үшін қайырлырақ», - деді». әл-Халләл  “әс-Суннә” 1/132.

Әмірлерге қарсы шығып жүргендердің көбі немесе көпшілігі өздері жәбір көрмесе де, оларға зәбір көрсетіп,  қарсы күресу үшін ғана қарсы шығып жүр. Бұдан тыс әмірде басқа да күнәлар болады, және оның әділетсіздігінен оның ашу-ызасы бұл жауыздықтарды күшейте түседі. Ал олармен шайқасушы (адам) бүлік болмау үшін және дін толығымен Аллаһқа тән болуы үшін соғысып жатырмын деп ойлайды. Оны өзінің мақсатын талап ететін ең үлкен себептерге не билік, не болмаса мал-мүлік жатады.

Осының барлығы Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, әмірлердің зұлымдығына сабыр ету және олармен соғысуды  және оларға қарсы шығуды тастау туралы әмірі – Аллаһтың құлдары үшін бұл өмірде де, Ақыретте де ең игі әмірлердің бірі болып табылатынын түсіндіреді. Және осыған қасақана немесе қателесіп қайшы келуші игілікке жетпейді, керісінше зиян шегеді.

Ескертпе:

Шейхуль-Ислам Ибн Таймийя былай деді: “Мұсылмандарың әмірлеріне, олардың жасап жатқан күнәлары үшін, қарсы шығу дұрыс емес. Зина немесе сол сияқты үлкен күнә жасаған адамды өлтіруге тиісті болғанына қарамастан, осындай күнәларды жасап жатқан әмірге қарсы көтеріліске шығуға болмайды. Өйткені, әмірге қарсы шығу себімен туындаған бүлік, әмірдің күнәлары себебінен туындаған бүліктен едәуір асып түседі”. Қараңыз «Мәджму’ әл-фәтәуә» 22/61.

Шейх Ибн әл-Қаййим айтатын: “Егер де жамандықты түзету одан да көп жамандыққа немесе Аллаһтан және Оның Елшісінен, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, алыстауға әкелетін болса, онда бұл жамандықты түзету харам болып табылады! Жамандықты түзетудің осындай түріне мұсылмандардың әмірлеріне қарсы шығу жатады. Ақиқатында, бұл - жауыздық пен бүліктін Ақырзаманға дейін негізі болып табылады!” Қараңыз “И’ләм әл-мууәкки’ин” 3/15.

Сондықтан, Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, Өзінің немересі әл-Хасанды мақтап, былай деп айтқан болатын: «Ақиқатында, бұл менің балам жетекші болып табылады. Жуық арада Аллаһ ол арқылы мұсылмандардың екі үлкен тобын жарастырады». әл-Бухари № 2704.

Және ол, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, бүлік кезінде шайқасу үшін де, әмірлерге қарсы шығу үшін де, мойынсынудан бас тарту үшін де, жәмәадан бөлініп шығу үшін де ешкімді мақтамады. Керісінше, ол мұның барлығына тыйым салды, және барлық сахих пайғамбарлық хадистер мұны дәлелдейді. Кім бұл мәселеге қатысты сахих хадистерді ой-санасынан өткізсе және оларға саналы түрде назар қойса, Қасиетті мәтіндер ең игі амалдарды алып келгендігін және тура жолға Аллаһ салатындығын біледі.  Қараңыз «Минхадж ас-Сунна» 4/527-548.

Ескертпе:

Шейх Сахманның сөзін келтірілгеннен кейінгі шейх Абдурраззақ айтатын барлық қорытындылар мен пайдалалар шейхуль-Исламның еңгізулері болып табылады.

Он біріншісі:

Джихадтағы ауытқулардың себептері

Джихадтағы ауытқулардың бірнеше себептері бар. Олардың ең маңыздыларының қатарында төменгілер бар:

1. Бұзылған ниет және әуестерге (нәпсіге, көңіл қалауларына) еру.

Ниеті бұзылған, немесе өзінің көңіл қалауларына (әуестеріне) ерген (адам) джихадқа Аллаһқа мойынсыну үшін емес, өзінің қалауы үшін келеді. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді: «Олар – мойынсынудың көріністерімен және бұзылған ниеттерімен келетіндер, бұл жөнінде екі «Сахихта» Пайғамбарды, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Йә, Аллаһтың Елшісі, бір ер адам олжа үшін соғысады, басқасы – даңқ үшін, үшіншісі – рия (көз бояушылық) үшін. Осылардың қайсысы Аллаһ жолындағы джихад болады?» - деп сұрағандығы туралы айтылғандай. Сонда ол: «Кім Аллаһтың сөзі үстем болуы үшін соғысқан болса, сол Аллаһтың жолында», - деді.  Аллаһ Тағала былай деді: «Ақиқатында, екіжүзділер Аллаһты Алдауға талпынады, бірақ Ол оларды алдайды. Олар намазға тұрған кезде өздерін адамдарға көрсетіп және Аллаһты азғантай ғана еске алып зауықсыздықпен тұрады». Солар – бұзылған және айыпталатын ниеттердің адамдары. Олар парызды тастаумен қатар, харамды жасады». Қараңыз «Мәджму’ әл-фәтауә» 10/514-515.

2. Таяз білім және дінді нашар түсіну

Джихадты орындаушының, алайда ол туралы дұрыс білімі де, джихадтың ақиқаты, оның ережелері туралы айқын түсінігі де болмаған адамның джихадында өзі білмеген (ойламаған) жерде міндетті түрде кемісітік және ауытқу болады. Өйткені, ол өзін Аллаһқа мойынсынушылық және Оның жолында джихад жасап жатыр деп кәміл сенеді, және кейде Аллаһ Тағаланың шекараларын бұзып ауытқуға түседі. Сондықтан, ‘Умар ибн ‘Абдуль-’Азиз былай деді: “Кім Аллаһқа білімсіз ғибадат етсе, пайдаға қарағанда, көбірек зиян әкеледі ”. Әхмәд “әз-Зухд” 365.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді: «Сондай-ақ, бүліктердің себептері қатар болып келуі мүмкін екендігін де, және жүректерге ақиқатты тануға және оны іске асыруға ниеттенуге бөгет жасайтын нәрселер жақындайтынын да білу керек. Сондықтан, бүлік - надақтық тәрізді деп саналады. Ал надандықта ақиқатты білу және оны іске асыру ниеті болмайды.  Ал,  Ислам пайдалы білім мен  игі амалды, ақиқатты тануды және оны ниеттенуді алып келді. Кейде, кейбір әмірлер жәбір көрсетуімен зұлымдық жасайтын, адамдар оның зұлымдығына сабыр таныта алмайтын, және оның зұлымдығын тек қана одан да үлкен зиянмен тойтару мүмкін болған жағдайлар орын алады. Алайда, адам өзінің құқығына және зұлымдықты өзінен тойтаруға деген сүйіспеншілігінің салдарынан өзінің әрекетінен жалпыға келетін зиянға қарамайды». Қараңыз  “Минхадж әс-Суннә” 4/538-539.

3. Дінде шектен шығушылық таныту

Бұл – көп адамдарды джихадта және басқа да амалдарда ауытқушылықтарға әкеліп соқтырған қауіпті жол. Және тіпті бұл – дұрыс басшылықтың және мұсылман жәмәасының басшылары әділеттіліктен ауытқып адасушы болған деп сенетін хауариждердің, рафидилердің және көптеген солар сияқты бидғат пен көңіл қалауларына ілесушілердің адасушылығының негізі. Содан соң олар өздерінің пікірі бойынша зұлымдық және адасушылық болған нәрсені күпірлік деп санады. Кейін олар осы күпірлікте айыптауда бидғи үкімдерді негіздеді. Қараңыз «Мәджму’ әл-фәтауә» 28/497.

Сондықтан, Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, өзінің үмметін діндегі шектен шығушылықтан сақтандырып, былай деді: «Діндегі шектен шығушылықтан сақ болыңдар, өйткені шектен шығушылық сендерге дейін болғандарды опат етті!» Әхмәд 1/215, Ибн Мәжжәһ № 3029.

Діндегі шектен шығушықтың қауіптілігін және оны алып жүрушінің мұсылмандармен болған қарым-қатынасындағы ойы мен әдетіне оңын үлкен ықпалын  әл-Бухари «әт-Тарихта», Абу Йә’лә, Ибн Хиббән және әл-Бәззар Хузайфадан, Аллаһ оған разы болсын, келтіретін риуаят дәлелдейді. Онда Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені жеткізіледі: «Ақиқатында, мен сендер үшін Құран оқушы және оның (Құранның) әдемілігі оның (сырт келбетінде) байқалатын және ол Исламның қорғаушысы болатын адамнан қорқамын. Кейін ол Құранды, оны арқасына тастап, қалдырады,  және өзінің көршісіне, оны көпқұдайшылықта (ширкте) айыптап, қылышпен тап басады». Және Хузәйфә: «Йә, Аллаһтың Пайғамбары, олардың қайсысы көпқұдайшылыққа (ширкке) жақын: айытаушы ма, әле айыпталушы ма?!» - деп сұрады. Ол: «Жоқ, айыптаушысы!» - деп жауап берді. Қараңыз “ас-Сильсилә әс-сахиха” 3201.

4. Кейбір пәтуаларды олардың иелері білімімен танылмаған адамдардан қабылдау, және игілік солармен болатын тиянақты білімге ие имамдардың, зертеуші-діндар-ғалымдардың, білім, даналық, ұстаным, байыптылық және әрекеттердің нәтижелері туралы ой-толғау иелерінің пәтуаларынан бас тарту.

Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын бұл жөнінде: «Игілік сендердің жасы үлкендеріңмен бірге болады», - деп айтқандай.  Ибн Хиббан «әс-Сахих» № 559, әл-Хаким «әл-Мустәдрак» 1/62. Қараңыз «ас-Сахиха» № 1778.

‘АбдуллаҺ ибн Мас’уд, Аллаһ оған разы болсын: «Адамдар оларға білім жасы үлкендерден (ғалымдардан) келіп тұрғанша игілікте болуын тоқтатпайды. Ал ол оларға жасы кішілерден келгенде олар опат болады!» - деп айтатын. әл-Ләләкәи «Шарх әл-и’тиқад» (101).

Және іс тіпті кейбіреулер кесірлі пәтуаларды олардың шынайы жағдайы белгісіз болған біреулерден, Интернет анықтама жүйесінен алатын жағдайға дейін жетті. Ал осы адамдар, осындай білім көздеріне ие бола тұра, қалайша құтылу мен игілікті күтеді?!

Ескертпе:

Имам Ибн Кутайба Ибн Мас’удтың сөздері туралы былай деді: “Ол: «Адамдар, олардың ғалымдары болып жастар емес, қария шейхтар табылғанға дейін игілікте болады», - деп айтқысы келді. Өйткені, шейх жастықтың рахатын, оған тән болған қызбалықты, асығыстықты және қисынсыздықты ұмытып үлгерді, білім мен тәжірибе алды. Оның біліміне қатысты оған күмәндар келіп-кетпейді, оны нәпсіқұмарлық меңгеріп алмайды, қалаулары билеп алмайды, және шайтан оны жастығындағыдай қателесуге мәжбүрлей алмайды. Жас ұлғаюмен адамға салмақтылық, байсалдылық, және құрмет келеді. Ал жас адамға шейх өзін олардан қауіпсіздендірген осы кемшіліктердің барлығы тән болады, және олар оны меңгеріп алып, ол пәтуа шығарса, өзін де, өгелерді де опат етеді!”. Қараңыз “Насыхату әхлиль-хадис” 93.

Шейх ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббад былай деп жазады: «Жастық шақ нашар түсініктің қайнар көзі болып табыдады. Бұғал дәлел - имам әл-Бухари (4495) ‘Уруа ибн аз-Зубәйрдан келтірген хадис. Онда ол былай деп баяндайды: “Бірде – ол кезде мен жас болатынмын – мен  ‘Аишадан «Ақиқатында, әс-Саффа мен әл-Мәруа – Аллаһтың (рәсімдік) белгілерінен. Және кім Қағбаға қажылық немесе умра жасаса, және оларды аралап өтсе, ода күнә жоқ» (әл-Бақара 2: 158) деген аят туралы: «Сен бұл туралы не дейсің? Мен бұл екі төбенің (әс-Саффа и әл-Мәруа) арасын араламауда проблема көріп тұрған жоқпын», - деп сұрадым.Ол: «Жоқ! Егер де бұл осылай болғанда, онда: «Олардың арасынан өтпеген күнә жасамайды», - деп айтылар еді. Бұл аят Исламға дейінгі өз қажылықтарын Манат пұтының алдынан бастаған, ал Ислам келгеннен кейін олар Саффа мен Мәруаны аралап өтуден қауіптенген ансарларға байланысты түскен. Олар не істеуін білмей, бұл жөнінде Пайғамбардан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын сұрады, және Аллаһ осы аятты түсірді», - деп жауап берді ”. ‘Уруа ибн аз-Зубәйр ең жақсы табиғиндердің және Мединаның ең атақты жеті фәкихтарының бірі еді. Алайда, ол өзінің сұрағын Айшаға қойған кезде ол әлі жас болатын. Ал осыда жастық шақ дінді дұрыс түсінбеудің себебі болып табылатындығына, және сондай-ақ, ғалымдарға жүгіну игілік және құтылу болып табылатындығына нұсқау бар!» Қараңыз «Би әйи әқли уә-ддин якуну тәфджир уә тәдмир джихәдән».

5. Астарында мұсылмандардың қоғамын ыдырату, олардың бірлігін бөлшектеу, қатарын шайқайлту, олардың арасында топтар және өзара күрес туғызу мақсаты болған кесірлі сыбыстарға және зұлым шақыруларға еру.

6. Қисынсыздық, ағаттық, асығыстық, амалдардың нәтижелерін ойламау.

Асығыстық игілікке алып келмейді. Өз істерінде асығыс және қарқынды болған адам жансақтықтан және ауытқудан қорғалған болмайды. Ибн Мас’уд, Аллаһ оған разы болсын, былай деді: «Ақиқатында, жақын арада күмәнді істер пайда болады, және сендер сол кезде байыпты болуға тиістісіңдер. Және сен үшін ігілікке ілесуші болған, жауыздыққа басшы болғаннан қайырлы». Ибн Бәтта «әл-Ибәнә» (176).

‘Али, Аллаһ оған разы болсын, былай деді: «Ұятсыздық таратушы, сыр ұстамаушы асығушы болмаңдар. Ақиқатында, сендердің іздеріңнен адамдамдарды күңгірттендіретін қайғы-қасірет және қатты азап күндері және ұзақ, ауыр сынақтар келеді». әл-Бухари «Әдәб әл-Муфрад» № 327.

7. Жастардың жиналыстары, және мұсылмандардың жаппай істері туралы құпия сұхбаттары.

Пайдалы іс-шараларды және тез шешімдерді таяз білімнің, қысқа ақылдың және әлсіз түсініктің негізінде талқылаулар мұсылман жәмәасынан бөліп алынған жастардың сезімдерін қоздыруға, қисынсыздығына және алаңғасарлығына алып келеді. Бұл ауытқудың есіктерінің бірі болып табылады, бұл жөнінде ‘Умар ибн ‘Абдуль-’Азиз, Аллаһ оны рахым етсін: “Егер сен (адамдардың) барлығынан құпия түрде өз діні туралы бірнәрсе айтып жатқан адамдарды көрсең, біл, олар адасушылықтың негізінде!” – деп айтқанындай.  әл-Ләләкәи в «Шәрх әл-и’тиқад» (251).

8. Анықтама басылымдарды және форумдарды тарату, кез-келгендерді тыңдау, теледидар, интернет және өз пайдасын ғана көздеген басылымдар т.б. арқылы барлық адамдарға шығып сөйлеуге рұқсат беру.

Аладыңғы ізгі буын өкілдері, Аллаһ оларды рахым етсін, көңіл қалауларына еруші адамдарды тыңдауға және олармен бірге отыруға қатаң тыйым салатын. Әбу Қиләбә былай деді: «Әуестеріне (көңіл қалауларына) ілесушілермен бірге отырмаңдар, және олармен айтыспаңдар, өйткені олар сендерді өз адасушылықтарына тастауына немесе сендер біліп тұрған нәрсені сендерге бұлыңғыр етпеуіне мен сенімді емеспін «. Ибн Бәтта «әл-Ибәнә» (610).

Сондай-ақ ол, Аллаһ оны рахым етсін, былай деді: «Көңіл қалауына ілесушіні тыңдама». әл-Ләләкәи «Шәрх әл-и’тиқад» (246).

‘Амр ибн Қайс былай деді: «Ақиқатында, жасөспірім өседі, және ол білім иелерімен отыруды өзіне абзал көрсе, онда ол құтылуға жақын. Ал егер ол өзгелерге қарай ауа бастаса,  онда ол опат болуға жақын». Ибн Бәтта «әл-Ибәнә» (518).

Қаншама адам осы сияқты Сүннеттен ауытқып, бидғаттарға түсіп кетті. Әл-Муғира былай деп баяндайтын: «Мухаммәд ибн әс-Саиб сапарға шыққанда, онда әуестер жоқ еді. Ол: «Бізді (адасқандарға) біз олардың пікірін тыңдауымыз үшін апарыңдар», - деді. Және ол осыны қабылдамайынша және оның жүрегі олардың пікірімен байланбайынша қайтып оралмады». Ибн Бәтта «әл-Ибәнә» (476).

‘Имран ибн Хитан Суннетке ілесушілердің қатарынан еді, кейін Аммән тұрғындарынан болған бір жас жігіт келді де, оны өз орнында ауыстырды.  Ибн Бәтта в «әл-Ибәнә» (477).

Он екіншісі:

Түзету құралдары

Джихадтағы ауытқу - оны түзету үшін оған толық назар аудару, және ауытқуға түскендерді тура жолға насихаттау үшін кепілдік берілген құралдарды қолдану, және оларды қауіпті ауытқудан қашықтату міндетті болып табылатын істерге жатандығына күмән жоқ.

Джихадтағы ауытқуларды түзету құралдары туралы сөздер - ғалымдардың дәлелдері мен пікірлері тұрғысынан ойлану мен пайымдаудың орны болып табылады, және түзетудің ең маңызды құралдарының арасында мыналар бар:

1. Аса Құдыретті де Ұлы Аллаһтан жасырын да, ашық та, оңаша да, жәрия да қорқу.

Аллаһ Тағала айтады: «Кім Аллаһтан қорықса, оған бір шығар жол пайда қылады. Оған, Аллаһ, ойламаған жерден ризық береді». (Таләқ, 2-3).

Яғни оған бұл дүниеде және Ақыретте кез-келген бүлік-фитнадан, қайғы-қасіреттен және жамандықтан шығатын жол жасап береді.

Және Аллаһ Тағала айтады: «Кім Аллаһтан қорықса, Ол оның істерін жеңілдетеді». (Таләқ, 4).

Және соңғы нәтиже үнемі тақуалар жағында.

Сахабалардың ізбасарлары кезінде бүлік басталғанда, кейбір ықыласты адамдар Тәлк иб Хубәйбқа, Аллаһ оны рахым етсін, келіп: «Ақықатында да, бүлік басталды, біз одан қалайша аман қалып сақтанамыз?» - деп сұрады. Ол, Аллаһ оны рахым етсін, оларға: «Одан тақуалықпен сақтаныңдар», - деді. Олар: «Бізге тақуалықты баяндап бер», - деді. Ол: «Тақуалық – Аллаһқа мойынсынушылықпен Аллаһтан келгеннің аясында Аллаһтың рахымына деген үмітпен әрекет жасау, және Аллаһқа мойынсынбауды Аллаһтан келгеннің аясында Аллаһтың жазасынан қорқып тастау», - деп жауап берді. Қараңыз «әз-Зухд» Ибн әл-Мубарак 473 б..

Осыдан тұлғаның Аллаһтан келгеннің аясында тақуалықпен және дінді білумен ажырамастығы - ол үшін кез-келген опаттан құтылудың жолы және кез-келген ауытқудан қауіпсізденудің кепілі болып табылатыны айқын болады.

2. Дінді тану, Аллаһ Тағаланың және Оның Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, сөздерін ізгі алдыңғы буын өкілдерінің және тиянақты білім иелерінің түсінігіне сәйкес түсіну.

Бұл жөнінде Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Кімге Аллаһ игілік қаласа, оны Ол дінді түсінушілерден етеді», - деп айтқанындай. әл-Бухари № 71, Муслим № 1037.

Құдыретті де Ұлы Аллаһ: «Ол - Аллаһ, саған Құран түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар - Кітаптың негізгі іргетасы. Сондай-ақ, астарлы ұғымдағы өзге аяттар бар. Ал жүректерінде қыңырлық болғандар, бұзақылық іздеп, астарлы мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп, соңына түседі. Оның ұғымын Аллаһ ғана біледі. Ал, тиянақты білімге ие болғандар: «Бұған сендік. Мұның барлығы - Раббымыздан», - дейді. Бірақ, насихатты ақыл иелері ғана еске алады (түсінеді)», - деді. (Әли Имран, 7).

Ал діннің анық баяндалған аяттармен, айқын хадистермен және ізгі алдынғы буын өкілдерінен жеткен хабарлармен мазмұндалған түсінігі оның иесін сөздердегі және істердегі жарамсыз әрекеттер мен қателіктерден қашықтатады.

3. Құран мен Сүннеттен бұлжымай ұстанудың қажеттілігі.

Құран мен Сүннетке шынайы берілгендік - бұл дүниеде және Ақыретте өркендеудің, құтылудың және жетістіктің  жолы болып табылады. Имам Мәлик, Аллаһ оны рахым етсін, хиджра үйінің имамы: «Сүннет - Нұһтың кемесі сияқты! Кім оған отырса, құтылады, кім оны тастаса – суға батып кетеді», - деді. Қараңыз «Тарих әл-Бағдад» 7/336.

Кім Сүннетті өзіне жетекші етсе, даналықты сөйлейді, бүліктен құтылады және бұл дүниеде де, Ақыретте де игілікке жетеді.

«Сунан» кітаптарында келтірілген ‘Ирбад ибн Сарийяның сахих хадисінде Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Ақиқатында, сендерден кім өмір сүрсе, жақын арада көп келіспеушіліктерді көреді. Сендер менің Сүннетімді және менен кейін тура жолмен жүретін ізгі халифалардың Сүннетін ұстануларың керек болады. Оны ұстаныңдар және оған азу тістеріңмен (тістеп) жабысып алыңдар. Діндегі жаңалықтардан сақтаныңдар, өйткені (діндегі) әрбір жаңалық – бидғат болып табылады, ал кез-келген биғат – адасушылық болып табылады, ал кез-келген адасушылық – Тозақта», - деді. Әбу Дауд № 4607, әт-Тирмизи № 2686, Ибн Мәжжәһ № 43, 44, ән-Нәсәи (№ 1578).

Сондықтан, ардақты Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетіне байлану және оған қайшы келетін пікірлерден қашықтау діндегі кез-келген ауытқудан ем болып табылады, өйткені діндегі ауытқушылық Сүннетті тастағаннан (қалдырғаннан) және оған қайшы келуден ғана болады. Кім Сүннетті ұстанса, сол ауытқудан аман қалады.

4. Мұсылмандардың қауымынан (әл-жәмәадан) ұстану және бөлінушілік пен қарама-қайшылықтан қашықтау.

Ақиқатында, бөлінушілік бұл – жамандық, ал жәмәа – бұл рахым. Әл-жәмәаның көмегімен мұсылмандардың байланысының күші, олардың өзара ынтықтығының бекемдігі, олардың абыройының құдыреті, бірігуі пайда болады. Ол арқылы мұсылмандар арасында игілікте, тақуалықта және бұл дүниеде де, Ақыретте де  бақыт алып келетін нәрседе өзара көмектесу туындайды.  Ал келіспеушіліктерге келер болсақ, ол мұсылмандарға көп жамандық және зиян, сондай-ақ шарапатсыздық пен аяқталатын қайғы-қасірет әкеледі. Сондықтан, Пайғамбардан, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, жеткен көптеген хадистерде әл-жәмәаны ұстану және бөлінуден сақтану туралы осиеті келтірілген. Ол, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Әл жәмәа бұл – рахмет, ал бөліну - азап». Әхмәд 4/278.

Ол, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, сондай-ақ: «Әл-жәмәадан ұстаныңдар да, бөлінуден сақ болыңдар». әт-Тирмизи №2165, Әхмәд 5/370.

Сондай-ақ ол, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Аллаһтың қолы әл-жәмәаның үстінде». Ибн Абу ‘Асым «әс-Суннә» 80, 81.

Сондай-ақ, ол былай деді: «Келіспеушілікке салынбаңдар! Ақитатында, сендерден алдын болып өткендер өзара келіспеушілікке салынып, опат болды». әл-Бухари № 2410.

Ескертпе:

Әл-жәмәа терминінің шариғи анықтамасын негізгі үшеуіне ұштастырып алып келуге болады:

Біріншісі – ақиқатқа ілесу, ал бұл – саләфтардың (ізгі алдыңғы буын өкілдері) жолына ілесу. Ибн Мас’уд былай деді: “Йә, ‘Амр ибн Мәймун! Ақиқатында, жәмәаттардың көпшілігі шынайы әл-жәмәаға қайшы келеді, өйткені жәмәа бұл - ақиқатқа сәйкес келетіні ғана, тіпті сен жалғыз өзің болсаң да!» әл-Лялякәи 160. Иснады сахих. Қараңыз  “Мишкәтуль-мәсабих” 1/61.

Екіншісі – мұсылмандардың әмірінің төңірегіне жиналған мұсылмандардың  жәмәатында болу. Сахль ибн ‘Абдуллаһ әт-Тустәри былай деді: “Бұл үммет жетпіс үш ағымға бөлінеді, оның жетпіс екісі - опат болғандар, өйткені олардың барлығы мұсылмандардың әмірінен қашытап-алыстауда. Ал құтылған болып бір-ақ топ табылады, және олар – мұсылмандардың әмірімен болғандар!” Қараңыз “Қутуль-қулюб” 2/242.

Сондай-ақ, имам Ибн Джәрир әт-Табәри: “Әл-жәмәаға ілесу туралы бұйрық -төңірегіне мұсылмандар жиналған әмірге бағыну дегенді білдіреді. Және кім оған ант бермесе (яғни оған бағынбаса), міне сол әл-жәмәадан шықты ”, - деп айтты. Қараңыз “Фәтх әл-Бәри” 13/47.

Үшіншісі – әл-жәмәа болып табылатын ғалымдарға ілесу, өйткені олар ілесу бұйырылған ақиқат туралы бәрінен жақсы біледі. Имам әт-Тирмизи былай деген: “«Әл жәмәа» сөзінің ғалымдардағы түсіндірмесі бұл – фиқх пен хадистің білімдарлары”. Қараңыз “Сунән әт-Тирмизи” 4/467.

Бірде (адамдар) имам Ибн әл-Мубәрактан «Аллаһтың қолы әл-жәмааның үстінде» деген хадистегі әл-жәмәа дегенде не айтылып тұрғандығы туралы сұрады. Ол: «Әбу Бәкр және ‘Умар!» - деп жауап берді. Оған: «Бірақ, әбу Бәкр мен ‘Умар өлді ғой!» - деп айтылды.  Ол: “Пәлен және пәлен” - деді. Оған: “Бірақ, пәлен мен пәлен де өлді ғой!» - деп жауап қайтарылды. Сонда ол: “Әбу Хамза әс-Суккәри, міне сол - жәмәа”, – деді. Қараңыз  “Сунән әт-Тирмизи” 4/467 и “әл-И’тисәм” 2/771.

Исхақ ибн Рахауейх былай деді: “Өз кезінде әл-жәмәа – Әбу Хамза еді, бүгіңгі күні ол - Мухаммәд ибн Асләм және оған ілесушілер”. Ол сондай-ақ мынаны да айтқан: “Егер надан адамдардан (джәхильдерден) Ұлы қауым (сауадуль-а’зам) туралы сұрасаң, олар: “Адамдар қауымдастығы”, - дейді. Ал олар әл-жәмәа бұл – Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, жолына ілесуші ғалым (‘алим) екендігін, және кім онымен бірге болса, сол жәмәада, ал кім оған қарсы келсе, сол жәмәаны тастаған болатынын білмейді». Қараңыз “Хильятуль-аулия” 9/239.

Имам әш-Шәтыби Исхақтың бұл сөздері туралы  былай деді: “Әл-жәмәа – бұл адамдардың жәй қауымы, тіпті олардың ішінде ғалым болмаса да, деп ойлайтындар адасатыны айқын болды. Және, ғалымдардың емес, қарапайым адамдардың түсінігі осындай! ” Қараңыз  “әл-И’тисам” 2/267.

Ибн әл-Қайим былай деді: “Ақиқатында,  иджмә’ да (бірауызды келісілген пікір), худжә да (дәлел), сауәдуль-а’зәм да (Ұлы қауым) бұл – ақиқатқа ілесуші ғалым, тіпті ол жалғыз болса да, және тіпті жердің бүкіл тұрғындары оған қайшы келсе де!” Қараңыз “И’ләмуль-муәқи’ин” 3/397.

Сонымен, әл-жәмәа сөзінің мағынасы бір ғана нәрсеге – ақиқатқа ілесуге келіп тірелуде.  Имам Әбу Шәмә айтатын: “Әл-жәмәаға ілесу туралы әмір келсе, мұнымен ақиқатқа және оны ұстанушыларға ілесу меңзеледі, тіпті оған ілесушілер аз болып, ал қайшы келушілер көп болса да! Ал ақиқат бұл – Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, кезіндегі алғашқы үммет және оның сахабалары болған (ұстанған) нәрсе, және біз олардан кейін адасушылардың санының көп болғанына қарамаймыз”. Қараңыз «әл-Бә’ис ‘алә инкәр әл-бидә’ уәл-хауәдис» 91.

Міне осы - бүгіңгі күні қатты бұрмаланып, оны түрлі партияларға айналдырып жіберген «әл жәмәа» терминінің шариғи мағынасы болып табылады. Әл-жәмәа бұл – Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, ақиқатқа ілескен сахабалары. Ал Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары өлгеннен кейін әл-жәмәа бұл – пайғамбарлардың мирасқорлары болып табылатын, сахабалар жүрген жолды бәрінен жақсы білетін ғалымдар. Және Құран мен Сүннетке оларды дәл сахабалар түсінгендей етіп ілесуші және пайғамбарлардың мирасқорлары болған ғалымдардан ұстанушы мұсылмандар, міне солар әл-жәмәаға ілесішулер болып табылады, тіпті олар әртүрлі қалаларда тұрса да.

Ал осы күндері «жәмәат» деген атаумен партиялар құрып жүргендерге келер болсақ, олар іс жүзінде «әл-жәмәаның» шынайы түсіндірмесіне қайшы келетін, Исламда осы күнге дейін белгілі болмаған жәмәаттың жаңа түрін ойлап шығарды. Біріншіден, олар жәмәаттарды мұсылмандардың әмірлерінің төңірегінде құрып жатқан жоқ, ал екіншіден, олар өзіндік, саляфтардың жолына сәйкес келмейтін, әдістері мен бағдарламалары бар жәмәаттарды құруда!

5. Пәк Аллаһпен жақсы байланыс, Оған шынайы ықыласпен жүгіну, Оған табанды түрде жалбарыну, әсіресе Пәк Аллаһ Тағаладан мұсылмандарды ашық және жасырын бүліктерден қашықтатуын тілеу, пәк Аллаһтан бүліктердің адасушылығынан сақтауды дұға етіп сұрау.

Өйткені, Аллаһ Өзінен қорғау тілегенді қорғайды, және Өзінен сұрағанға береді. Өйткені, Пәк Аллаһ өзінің құлын оның дұғасында түңілтпейді және өзінің құлының шақыруын қайтармайды.  Өйткені, Аса Құдыретті және Ұлы Аллаһ былай деді: «Егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса, Мен өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған имн келтірсін. Әрине, тура жол тапқан болар еді». (Бақара, 186).

Қандай да бір іс өзіне айқын емес болған (адам) шешім қабылдауға асықпасын. Ол шынайы ықыласпен Аллаһқа жүгініп, Пәк Аллаһтан дұрыс жолға салуын сұрауы керек. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия, Аллаһ оны рахым етсін, былай деді: «Ол Пайғамбардан, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, жеткен негіз арқылы білімнің әрбір есігінен мықтап ұстануға тырыссын. Ал егер ол адамдар өзара-қайшылыққа келген нәрседе күмәндана бастаса, онда Муслим өзінің «Сахихында» ‘Аишадан, Аллаһ одан разы болсын, жеткізген дұғаны орындасын. Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, түңгі намазға тұрған кезде: «Йә, Аллаһ, Жәбірейілдің, Микаилдің, Исрафилдың Раббысы, көктер мен жердін Жаратушысы, көмес пен айқынды Білуші. Сен өзіңнің құлдарыңның арасында олардың пікірлері түрленген нәрседе шешім шығарасың. Мені өзіңнің қалауыңмен (олар) түрлі пікірге келген ақиқатқа бағытта. Ақиқатында, Сен қалағаныңды тура жолға саласың», - деп айтатын. Муслим № 770. Аллаһ Тағала Өзінің  Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, Одан жеткізген сөздерінде: «Йә, менің құлдарым, Мен дұрыс жолға салғанымнан басқаларыңның барлығың адасудасындар. Ендеше, Менен (тура) жолға салуды тілеңдер, және мен сендерді тура жолға саламын», - деген. Муслим № 2577″. Қараңыз «Мәджму’ әл-фәтауә» 10/664-665.

Бұл жерде өздерінің жөн сілтеулерімен және нұсқауларымен қиыншылықтарды және ауытқуларды түзетуге нұсқайтын зерттеуші-ғалымдардың кейбір сөздерін келтіру жөн болады.

Шейх Са’д ибн Хәмд ибн ‘Атиқ өзінің бауырларына деген жолдауында былай деді: «Сендер бақыттың және бұл дүние мен Ақыреттегі жетістіктің үлкен себебі - ақиқат пен дұрыс жол иелерінің жолын ұстану, ақиқат жолының нұрын оның көзінен алу, пайдалы білімді оның иелерінен іздеу болып табылатындығын білетін тәріздісіңдер. Ал олар – өздерін толығымен ақиқатты іздеуге және жаратылыстарды ақиқат жолына салуға бағыштаған, тіпті оларға жөн сілтеуде және әділдікте куә болған білім мен діннің адамдары.  Олар өздерін әуестердің адамдарының және адасушы адамдардың сипаттарынан аман сақтап қалды. Бірақ, олар (Ақиқаттың иелері және білімді алып жүрушілер) – өздері адасып, көптеген Аллаһтың құлдарын адасушылыққа кіргізген, дін туралы ой жорамалдары мен болжамдары негізінде сөйлеген, бүлікке шалдыққыш болғандарға бүлік, надандарға басшы болған, және өздерінің ізбасарларымен бірге олар туралы муминдердің әмірі ‘Али ибн Абу Талиб, Аллаһ оған разы болсын: «Әрбір айқайлаушыға ілесушілер, әрбір шақырушының ізіне қарай иілетіндер, білімнің нұрымен жарық алмағандар. Олар бекем негізге жүгінбеді», - деп айтқан сияқтылар болып қалған сол надан және адасушы адамдар емес». Қараңыз «Дурар әс-сәния» 7/304.

Дағуаттың басшыларының тобы (Нәджд ғалымдары) мұсылмандарға жіберген жолдауында былай деп ескертеді: «Бұл жерде бір нәрсеге назар бөлу керек. Ғалымдар және әмірлер  мұсылмандар арасындағы бөлунудің және келіспеушіліктің, және ақиқат пен жалғанның иелері арасында айырмашылық болмауының себебі болатын ой-тұжырымдаулардан, сыбыстардан және әңгімелерден сақтандыруы керек.  Сондықтан, білім ізденушілер және әмірлер ақиқатқа қайшы келетін бір нәрсе жасаған адамға жөн сілтеуге және оны осыдан ұстап қалуға міндетті. Егер де ол өзі істеп жүрген нәрсесін тастаудан бас тартса, онда ол сияқты басқаларды (осындай нәрселерді істеуден) ұстап қалатындай етіп оның сазайын беру (түзету, жазалау) керек». Қараңыз «Дурар әс-сәния» 7/330.

Құрметті шейх ‘Абдуль-’Азиз ибн Базға ішінде: «Біз шектен шығушы сенімдердің проблемасын қалайша шешеміз?» - деген сөздері бар сұрақ қойылды.

Ол, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп жауап берді: «Жауап: ғалымдар тарапынан оқытумен және бағыттаумен. Егер олар кандай да бір адамда ауытқушылықты және бидғатты көріп қалса, онда олар оған, мысалы, күнәхарларды күпірлікте айыптаушыға, бұл (күпірлікте айыптау) күнәлар үшін күпірлікте айыптайтын хауариждердің діні екендігін түсіндіреді. Алайда, оған ортаны ұстануды үйрету керек. Мойынсынбаушы үшін өзінің бұйрылған нәрсесі бар. Көпқұдайшыл үшін өзінің бұйырылған нәрсесі бар. Бидғатшы үшін өзінің бұйырылған нәрсесі бар. Ол тура жолға түскенше, шариғаттың бұйырықтарын білгенше, және барлық нәрсені өз орындарына қойғанша оны оқыту және игілікке бағыттау керек.  Ол мойынсынбаушыны кәпірдің орнына, ал кәпірді мойынсынбаушының орнына қоймауы үшін. Зинақор, ұры, ғайбатшы, өсекші, өсімқор сияқты, күналары көпқұдайшылықтан төмен болған мойынсынбаушылардың өздеріне тиісті бұйырылғандары (үкімдері) бар. Олар, егер осындай жағдайларында өлсе, Аллаһтың қалауының астында. Ал қабірде жатқандарға құлшылық етуші және Аллаһтан өзге өлгеннен көмек тілеуші көпқұдайшылдың өзіне тиісті бұйырылғаны (үкімі) бар. Бұл құдыретті де Ұлы Аллаһқа деген күпірлік болып табылады. Дінді келемеждеп, дінді сайқы-мазақ етушінің өзіне тиісті бұйырылғаны (үкімі) бар. Сонымен, адамдар деңгейлерге және түрлерге бөлінеді, және олар бірдей емес. Сондықтан, міндетті түрде, оларды өз орындарына қою керек, және білім мен дәлел арқылы оларды өздеріне тиісті болған үкімдеріне жатқызу керек. Әуестерге және надандыққа сәйкес емес, шариғаттың дәлелдеріне сәйкес, ал бұл – ғалымдардың міндеті. Сонымен, ғалымдар адамдарға бағыт сілтеу керек, бойында шектен шығушылық, тұрпайылық және кемшілік қауіптері бар жастарға дұрыс жол көрсету керек. Оларды оқыту және бағыттау керек, өйткені олардың білімдері жеткіліксіз, сондықтан оларды ақиқатқа бағыттау міндетті болып табылады». Қараңыз «Мәджму’ фәтәуә уә мәкәләт мутәнәууи’а» 8/236.

Он үшіншісі:

Джихад және дұға

Осы тарауда назар аудару тиісті болған нәрсе бұл – дұға, өйткені ол - кез-келген игіліктің кілті, Құдыретті және Ұлы Аллаһқа жүгінудің ықыласы, Оған тәукел етудің кемелдігі, оған бет бұрудың көркемдігі болып табылады. Ол - мұсылмандарды олардың дұшпандарының жауыздығынан сақтау, олардан қауіпсіздендіру, олардың зұлымдығы мен айлакерлігінен сақтап қалу үшін (қажет және маңызды). Және Құдыретті де Ұлы Аллаһ Өзіне жүгінген адамды амандықта сақтайды, және Одан пана тілеушіге жетіп асатын (пана) болып табылады, өйткені, барлық істер Оның қолында, және Ол өзінің қолында ұстап тұрмаған бір де бір тірі жан жоқ.

Қасиетті мәтіндерде бұл тақырыпқа байланысты келтірілген дұғалардың ішінде Әбу Дауд, әт-Тирмизи және басқалар Әнәс ибн Мәликтен, Аллаһ оған разы болсын, келтірген дұға бар. Ол былай деді: «Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, әскери жорыққа аттаннатын кезінде: «Йә, Аллаһ, Сен – менің тірегімсің және менің қорғаушымсың. Сенің көмегіңмен мен тырысамын, Сенің көмегіңмен мен шабуылдаймын, Сенің көмегіңмен мен шайқасамын», - дейтін». Әбу Дауд № 2632, әт-Тирмизи № 3584.

/Аллаһумма, антә ‘адудии уә нәсыри, бикә әхулю, уә бикә әсулю, уә бикә уқатилю/.

Оның: «Йә, Аллаһ, Сен – менің тірегімсің» - деген сөздері (мынаны білдіреді). Яғни, Сен - менің көмегімсің, және маған Сенен өзге көмектесуші жоқ, және Сенен өзгеде Пана жоқ. Бір Сенен ғана мен көмек сұраймын, және Бір саған ғана қорғау тілеп жүгінемін.

Оның: «Менің қорғаушымсың», - деген сөздері. Яғни, Сенен өзге мені қорғаушы жоқ. Ал, кім үшін қорғаушы Аллаһ болса, оны жеңу мүмкін емес, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп айтқандай: «Егер Аллаһ сендерге қолдау жасаса, сендерді ешкім жеңе алмайды. Ал егер Аллаһ сендерді қолдауынан айырса, Одан Өзге сендерге кім жәрдем ете алады? Ендеше, мүміндер Аллаһқа тәуекел етсін». (Әли Имран, 160).

Оның: «Бикә әхулю», яғни, «(Сенің көмегіңмен) мен тырысамын», - деген сөзі.  Сондай-ақ: «(Әскери) қулыққа жүгінемін», - деп айтылған болатын. Осыдан  «Лә хаулә уә лә куууәтә иллә билләһ» сөзі сөзі туындаған, яғни, қандай да бір жағдайда құдырет Аллаһтан Өзге ешкімнен жоқ (келмейді), және  қуат алу Аллаһтан басқа ешкімнен жоқ (келмейді). Немесе: зұлымдықты жою үшін қулық Аллаһтан Өзге ешкімнен жоқ (келмейді), және игілікке жету үшін күш Аллаһтан басқа ешкімнен жоқ (келмейді).

Оның: «Уә бикә әсулю» - сөздері. Яғни, «Сенің көмегіңмен мен дұшпанға шабуылдаймын» сөздері - «әс-сәулә» сөзінен (туындаған), ал бұл – шабуылдау.

Оның: «Уә бикә уқатилю» сөздері. Яғни, «Сенің көмегіңмен мен дұшпаныммен шайқасамын».

Осы тарауда атап өту қажет болған тағы бір дұға Әбу Муса әл-Әш’аридан, Аллаһ оған разы болсын, Әбу Дауд  жеткізен хадисте Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, қандай да бір адамдардан қауіптенге: «Йә, Аллаһ, біз Сені оларға қарама- қарсы қоямыз, және Сенен олардың жамандығынан қорғау тілейміз», - деп айтатын дұғасы. Әбу Дауд № 1537.

/Аллахуммә иннә нәдж’алюкә фи нухурихим уә нә’узу бикә мин шурурихим/.

Оның: «Аллахуммә иннә нәдж’алюкә фий нухурихим» сөздері. Яғни, дұшпанның көкірегіне («нәхр») қарама-қарсы Сен біздің Сақтаушымыз, Қорғаушымыз және бізді олардан келетін кез келген  зиянның жолын  Бөгеттеуші болуың үшін (Сені қоямыз) (дегенді білдіреді). Бұл жерде олардың көкірегі («нухур») ерекше аталып тұр, өйткені дұшпан шайқаста көкірегімен екпіндейді. Және, мүмкін, «нәхр» сөзінің аталуында мүминдер Аллаһтың қолдауымен және көмегімен оларды (дұшпанды) өзгелерден кесіп («йәнхарунә») тастайтыны жөніндегі белгі бар шығар. Оның: «Және біз олардың жамандығынан Сенен қорғау тілейміз», деген сөзі. Яғни, олардың  бізге қатысты болған кез келген жамандығынан (дегенді білдіреді). Және Сен бізге жетіп асатын олардың жамандығын қайтарушысың және олардың бізге деген жолын бөгеттеушісің.

Ескертпе:

Бұл тарауға, сондай ақ, Абу Са’ид әл-Худри (Аллаһ оған разы болсын), жеткізген мына хадисті жатқызуға болады. Ол былай деп баяндайды: “Хәндәк шайқасы күні біз былай дедік: «Йә, Аллаһтың Елшісі, біз айтатып жүретін бір нәрсе бар ма? Ақиқатында, біздің жүректеріміз (қорққанымыздан) кеңірдегімізге жетті!» Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі  болсын, былай деді: «Ия: «Йә, Аллаһ, біздің жалаңаштығымызды (әуретімізді) жап және қорқудан қауіпсіздендір!» Және осыдан кейін Аллаһ біздің дұшпандарымыздың беттеріне желмен соққы берді және ол арқылы оларды талқандап тастады!» Әхмәд 3/3, әл-Бәззар 3119. Сахих хадис. Қараңыз “әс-Сильсилә әс-сахиха” 2018.

/Аллахуммә-стур ‘ауратинә уә әмин рау’атинә/.

Сондай-ақ, мұсылманға мұндай жағдайда: «Бізге Аллаһ жеткілікті, және бұл Қамқоршы және  Сақтаушы нендей жақсы», - деп айту бұйырылған.

/Хасбуналлаһу уә ни’мәл-уәкиль/.

Әл-Бухаридің «Сахихында»  ‘Абдуллаһ ибн ‘Аббәстән, Аллаһ олардың екеуінен де разы болсын, жеткен хадисте оның былай дегені жеткізіледі: «Бізге Аллаһ жеткілікті, және Ол - нендей жақсы Қамқошы және сақтаушы». Мұны Ибраһим, оған Аллаһтың сәлемі болсын, отқа тасталған кезде айтты, және мұны  Мухаммад да, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын адамдар оған: «Сендерге қарсы ел жиналды, сондықтан олардан қорқыңдар», - дегенде айтты. «Алайда бұл (сөз) олардың иманын арттырды да, олар: «Бізге Аллаһ жетіп асады, және осы Қамқоршы және Сақтаушы  нендей жақсы», - деді». (Әли Имран, 173). «Сахих әл-Бухари» № 4563.

«Бізге Аллаһ жетіп асады» деген сөздің мағынасы: Бізге Ол бізді мазаландыратын барлық нәрсе үшін жетіп асады, және сондықтан, біз Оған ғана тәуекел етеміз, және Оған ғана сенім артамыз. Пәк Аллаһ бұл жөнінде былай дегендей: «Кім Аллаһқа тәуекел етсе, Ол оған жетіп асады». (Таляқ, 3).

Ол сондай-ақ: «Аллаһ Оның құлына жетіп аспай ма?» - деп айтқандай.  (Зүмәр, 36).

Оның: «Осы Қамқоршы және Сақтаушы  нендей жақсы» деген сөздері. Яғни, игілікке жету және зиян мен бақытсыздықты тойтару үшін тәукел ететін Ол нендей жақсы (дегенді білдіреді). Аллаһ Тағала былай деп айтқандай: «Ал егер олар жүзін теріс бұрса, онда Аллаһ – сендердің Қамқоршыларың екендігін біліңдер. Осы Қамқоршы нендей жақсы! Осы Көмекші нендей жақсы!» (Әнфәл, 40).

Бұл ұлы сөздер өзіне барлық кемшіліктерден Пәк Аллаһқа деген тәуекелді, Оған сүйенуді, Оған жүгінуді қамтиды. Бұл - адамның қуатқа (ұлылыққа), құтылуға және қауіпсіздікке деген жолы.   Ибн әл-Каййим, Аллаһ оны рахым етсін, былай деді: «Аллаһ Оған тәукел еткенге және оған жүгінгенге жетіп асады. Ол қорқышышта болғанға қауіпсіздік сыйлайды және қорғау тілегенге оны береді. Және Ол - нендей жақсы Қамқоршы және нендей жақсы Көмекші. Кім Аллаһтың Қамқорлығында пана іздесе, Оған жүгінсе,  Одан көмек сұраса, Оған тәукел етсе, Оған толығымен ұмтылса, Аллаһ оны басқаруды Өзіне алады, оны қорғап, амандықта сақтап қалады. Кім одан қорықса және қауіптенсе, Ол оған қорыққан және қауіптенген нәрсесінен қаіупсіздік береді, және ол оған мұқтаж болған барлық пайдалы нәрсесін береді. «Кім Аллаһтан қорықса, оған бір шығар жол пайда қылады. Оған, Аллаһ, ойламаған жерден ризық береді. Ал кім Аллаһқа тәуекел қылса, сонда Ол оған жетіп асады». (Таләқ, 2-3) Сондықтан, Оның көмегі, ризығы және тыныштығы кешігіп жатыр деп ойлама, өйткені Аллаһ Өз ісін соңына дейін жеткізеді, және ол әрбір нәрсенің өлшемін бекітіп орнатты, және ол өз өлшемінен ерте келмейді де, одан кешікпейді де». Қараңыз «Бәдәи’ әл-фәуәид» 2/237-238.

Бұдан тыс, жоғарыда айтылғанда бұл сөзддің маңыздылығына және ол – Ибраһим мен Мухаммадтың, Алаһтың ол екеуіне де игілігі мен сәлемі болсын, қиындық кезінде айтқан сөздері болып табылатындығына нұсқау бар.

Ибраһим, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, дәлелдер арқылы өз тайпасын үнсіз қалуға мәжбүрледі, сенімді дәйектермен және айқын дәлелдермен оларға Аллаһтан өзге құлшылық етуге лайықты ешкім жоқ екендігін, және олар табынып жүрген нәрселер оларға пайда да, зиянда келтіре алмайтын жәй пұттар ғана екендігін түсіндірді. «Онда сендер Аллаһты қойып, өздеріңе ешбір пайда, зиян келтіре алмайтын нәрсеге табынасыңдар ма? Түһ! Сендерге де, Аллаһты қойып, табынғандарыңа да. Енді де түсінбейсіңдер ме?» – деді». (Әнбия, 66-67)

Тайпа үнсіз қалуға мәжбүрленген кезде, және оларда оған қарсы қояр ешбір дәйек болмаған кезде, олар күш қолдануға көшті. «Олар: «Егер бір нәрсе істейтін болсаңдар, Ибраһимді өртеп, тәңірлеріңе көмек етіңдер», - десті». (Әнбия, 68) Олардың сөздері өздерінің дәйектері мен дәлелдерінде түк дәрменсіз екендігіне, және олардың өте нақұрыс және ақылы мүлдем кем екендігіне дәлел болады, өйткені, олар өздерінен көмекке мұқтаж екендігін өздері растап берген нәрселерге табынатын еді.

Кейін олар үлкен от жағып, Ибраһим пайғамбарды, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, ең жиіркенішті тәсілмен өлтіруді қалап, оған тастады.  Және оны, Аллаһтың оған сәлемі болсын, отқа тастағанда, ол былай деді: «Бізге Аллаһ жетіп асады, және осы Қамқоршы және Сақтаушы нендей жақсы!» Және Аллаһ өзінің сүйіктісіне көмектесті және отқа: «Әй от! Ибраһимге салқын, зиянсыз бол», - деді. (Әнбия, 69). Және ол (от) солай, яғни оған салқындық және құтқару болды, және ол одан зиян да, ыңғайсыздық та көрген жоқ.

Ал, Мухаммад, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, бұл сөзді оған адамдар: «Сендерге қарсы ел жиналды, сондықтан олардан қорқыңдар», - дегенде айтты. (Әли Имран, 173) Бұл Ухуд уақиғаларынан кейін орын алды. Пайғамбарға, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, және оның сахабаларына Әбу Суфьян және онымен бірге болған көпқұдайшылар оларға шабуыл жасау үшін бірікті деген хабар жетті. Сонда Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, және оның бір топ сахабалары сапарға шығып, Мәдинадан үш шақырым қашықтықта орналасқан Хамр әл-Асад деген жерге жеткенше тоқтамады. Сонда Аллаһ Әбу Суфьянның жүрегіне, оған осы туралы хабар жеткенде, үрей салды, және ол Меккеге қайта жөнелді. Оның жанынан ‘Абд Қайс тайпасының керуені өтіп бара жатты, ал (Әбу Суфьян) олардан: «Қай жаққа бара жатсыңдар?» - деп сұрады. Олар: «Мәдинаға»,  - деп жауап берді. Ол оларға: «Сендер Мухаммадқа менің жолдауымды жеткізе аласыңдар ма?» - деді. Олар: «Жарайды», - деп жауап берді. Ол былай деді: «Сендер оған келген кездеріңде, біз олардың қалғандарын тамырымен жою үшін оған және оның сахабаларына  қарсы әскер жинағанымызды хабарлаңдар», - деп, осы арқылы оларды қорқытып урейлендіруді қалады. Кейін бұл керуен Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын Хамра әл-Асадта болған кезінде, оның жанынан өтті, және олар оған Әбу Суфьян мен оның серіктері айтқанын жеткізді.  Сонда (Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Бізге Аллаһ жетіп асады, және бұл Қамқоршы және Сақтаушы нендей жақсы», - деді. (Әли Имран, 173), және олардың Аллаһқа деген иманы мен сенімі ұлғайды. Олар Мәдинаға қайта оралды, және оларға жамандық та, ренжу де келген жоқ, ал көпқұдайшылар жүректері үреймен мен қорқынышқа толып оралды.

Аллаһ Тағала: «Оларға адамдар: «Сендерге қарсы ел жиналды, сондықтан олардан қорқыңдар», - деді. Бұл (сөз) олардың иманын арттырды да, олар: «Бізге Аллаһ жетіп асады, және осы Қамқоршы және Сақтаушы  нендей жақсы», - деді. Сондықтан, олар Аллаһтың нығметі және кеңшілігімен бір сәтсіздікке ұшырамай Аллаһтың ризалығына бөленіп, қайта оралды. Аллаһ - зор кеңшілік иесі». (Әли Имран, 172-174).

Осыда, Аллаһқа деген тәукел - бұл дүниеде және Ақыретте игілікке жетіп, жамандықты тойтарудың ең үлкен себептерінің бірі болатынына нұсқау бар.    Қараңыз  »Тайсир әл-’Азиз әл-Хамид» 502-505 бб.

Және осы бұл кітаптың мөрленген мискі (жұпар иіс майы) болсын.

Мен Аллаһтан Ол мұсылмандардың жағдайын түзетуін, оларды дұшпандардың жамандағынан аман сақтауын, мұсылмандардың қауіпсіздігі мен иманын қорғауын, кәпірлердің қуатын (өсірмей) тоқтатып қоюын тілеймін, өйткені Аллаһ барлығынан да құдыретті және жазалауда қатал. Ол өзінің дінін ұлықтасын және Өзінің сөзін үстем етсін, және кәпірлерге қарсы бізге көмектессін.

Және Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|