Quickribbon

Шейх әл-Люхайданның пәтуасының жалғасы

Назарларыңызға шейх Салих ибн Са’д әл-Люхайданның, Аллаһ оған есендік берсін, пәтуасының жалғасын ұсынамыз!

«…Жас мұсылман үшін және мұсылмандардың топтары үшін Ұлы және Құдыретті Аллаһтан қорқу, ізгі алдыңғы буынның жолын пайдалану, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және сахабалар ұстанған нәрселерде тақуалық танытуға ұмтылу – маңыздырақ болады!

Егер, мысалы, Сомалиге қарасақ, көтерілістер себебінен ол жердегі биліктің құлауынан кейін бөлінушілікті және күн сайын адам өлтіру болып жатқанын көреміз. Сол сияқты Ауғаныстан да, ол жерге өзін-өзі жарумен және адам өлтірумен айналысатын экстремистік топтар кіріп барған соң, олар (ауғандықтар) өз бас паналарынан айырылды, үрейге салынды, таулар мен шөлдерде өмір сүретін болды, және есірткінің таралуы басталды!

Аллаһтың жолындағы джихадқа байланысты менде насихаттарым бар:

Біріншісі: Шариғи ой-сананың көмегімен біздің кезімізде джихад – болуы мүмкін емес екендігін, өйткені, мұсылмандар қазір әлсіздікте, және олар қандайда бір нәрсені түзете де, өзгерте де алмайтығын ойланып-түсіну керек.!

Екіншісі: Бүлік ұйқыда жатады, және Аллаһ оны оятқанды лағнеттейді, бұл жөнінде сахих түрде жеткізілгендей. Бүлік ұйқыда жатады, және ол, мысалы, джихадқа шақыру сияқты, әл келмейтін нәрсеге шақыру кезінде оянады.

Үшіншісі: Мен дін уағыздаушыларынан, ғалымдардан, өзін-өзі жарумен айналысатын жамағаттардан болған және ызаланған барлық мұсылмандарды, сондай-ақ, діни мәжілістерді, комитеттерді және университеттердің ректорларын «әл-Бәраа» және «әл-Әнфәл» сүрелерін түсінінуге, олар туралы ойлануға шақырамын, білімнің, болмыстың және ақылдың негізінде ойлануға. Сондай-ақ, мен барлық мұсылмандарды мұсылмандардың әмірлері үшін тура жол тілеп дұға етуге шақырамын.

Төртіншісі: Мен барлық мұсылмандарға, әсіресе осы ислами жамағаттарға: өз араларындағы қарым-қатынасты ретке келтіруді және бірігуді, және бірікен жағдайда да джихад жасамауды, ал шақырумен (дағуатпен) айналысуды айтамын. Әмірлерді құпия түрде, хаттар, кездесулер арқылы насихатауды, оңаша қалып насихаттауды. Мен өзімнің Халидж елдерінде ғылыми кеңесші болған кезімдегі ғылыми тәжірибемнен білетінім – әмірлер оларға насихат бергісі келгендерге есігін ашатындығы. Ал көпшілік алдындағы насихаттауға, әмірлерді қаралап, оларға зиян тигізу үшін телеканалдарды  пайдалануға т.б. келер болсақ, бұлар тек зұлымдық, жәбірлеушілік, өшпенділік және бөлінушілік әкеледі.

Мен барлық мұсылмандарды, барлық ғалымдарды, барлық дағуатшыларды Ұлы Аллаһ Тағаладан қорқуға шақырамын. Және Мухаммадқа Аллаһтың игілігі болсын».

Сұрақ қоюшы:

«Йә, шейх, ал енді соңғы сұрақ: күштің болуы біздің жерлерімізді басып алғанына бір неше ғасыр болған Ресейге қарсы соғысудағы қорғаныс джихады үшін шарт болып табылады ма?»

Шейх әл-Люхайдан:

«Біріншіден, Ресей… тіпті Шешеністандағы және барлық Ресейдегі, оның шығысы мен батысын және оңтүстігін санағанда, мұсылмандардың барлық күш-қуатын, тіпті ислам жамағаттарының күштілігін және олардың жетекшілерін, құпия және жария ұйымдардың болуын алғанда да, мен мұны джихад деп есептемеймін!   Ақиқатында, мен әмірлерді насихаттау керек деп, Ресейдегі әмірлермен пікір алмасулар жүргізу керек деп есептеймін, тіпті олар ақиқаттан ауытқыған болса да, тіпті олар құдайсыз болса да. Алдымен насихаттау, шақыру, түсіндіру, нұсқау қажет… Ал, бірден джихадтан бастау, тіпті ол жерде белгілі күш болса да, ақиқатында, бұл осыдан соң жамандық алып келеді!»

(Продолжение фетвы шейха аль-Люхайдана, наставление мусульманам Кавказа)

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|