Quickribbon

Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ізінен ілесудің маңыздылығы немесе қалдыру (тастау) сүннетінің түсінігі

Аса Қамқор, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

Бұл еңбектің негізіне Аллаһтың дінін оқып зерттеуге және АллаҺ берген ілімді адамдарға жеткізуге өзін бағыштаған біздің ғасырымыздың әйгілі имамы Мухаммад Насыруддин әл-Әлбәнидің[1] аудиотаспасы қойылған.

Аллаһ бізді ақиқатта бекем етсін және мұсылман әлемі осы ұлы ғалымның өлімі себепті жоғалтқанды Аллаһ бізге одан да қайырлырағымен ауыстырсын. Имам әл-Әлбани (Аллаһ оны рахымына бөлесін) 1999 жылдың 2 қазанында 87 жасында дүниеден өтті.

WORD форматымен жүктеп алу (DOC)

Бұл басылымды құрастырудың себебі – біздің үмметіміздің бүгіңгі күндегі өкінішті  жағдайы болды. Мұсылмандардың басым бөлігін бұл мәселе мүлде қызықтырмайды, және олар бұл дүниенің қызығына сүңгіп кетіп, дүние-мүлікін көбейтумен басы қатып жүр.   Дегенмен, Исламды тарату және нығайту ісіне өзін бағыштағысы келген мұсылмандардың саны да артуда. Тақуалықтары оларға өзгелер сияқты бейтараптық танытып отыруға жол бермейді, ал білімдерінің жоқтығы оларға белгілі іс-әрекет жасауға мүмкіндік бермейді. Сөйтіп, өздеріне білімді түсіндіріп және жеткізіп беруге қабілетті ғалымдармен байланыс орнату мүмкін болмауы себепті, ілімге қол жеткізе алмаған адам белгілі бір іс-әрекетпен айналысып жүргендерге қосылады. Олардың біреулері өз іс-әрекеттерін Исламға шақыру деп атаса, енді біреулері оны Аллаһтың жолындағы джихад дейді. Іс-әрекеттерінің түрі және қолданылатын әдістері шариғатта заңдастырылғандардың қатарына қосылса – жақсы ғой, әрине. Алайда, көркем идеялармен шабыттанып, шынайы ықыласпен: «Осы – мені Аллаһқа шақындатады!» – деп ойлап, белгілі бір іс-әрекетке кіріскен, ал шындығында оның бұл істері оны Аллаһтан алыстатып қана қоймай, оны Тозаққа жетелеген адамдардың саны қаншама?!

Кейбір мұсылмандар Аллаһқа шынайы ықыласпен дұға етіп тілек тілеудің өзі ғана олардың адасуға ұрынбауына кепілдік бола алады деп ойлайды.  Және дәйек ретінде олар Аллаһтың Кітабынан мына аятты келтіреді: «Сондай жолымызда күрескендерді әлбетте Өзіміздің жолдарымызға саламыз. Рас, Аллаһ жақсылық істеушілермен бірге». (әл -‘Анкәбут 29: 69).

Күдіксіз, бұл аят – ақиқат. Алайда оны дұрыс түсіну керек және басқа да аяттармен және хадистермен тұтас алып қарастыру қажет.

Біз барлығымыз Пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Ұлы Аллаһ Тағала: «Мен намазды Өзім мен Өзімнің құлымның арасында тең бөлдім, және Менің құлыма өзі сұраған нәрсесі тиеді», - деген мына хадисін білеміз. Соң Пайғамбарымыз(Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Және Аллаһтың құлы: «Бізді тура жолыңа сал, нығметіңе бөленгендердің жолына, қаһарыңа ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес», – деп айтса, Аллаһ: «Бұл – менің құлыма, және менің құлыма ол сұраған нәрсесі болады!» – дейді», – деді.  Муслим 2/132.

Сондай-ақ, «Фатиха» сүресін оқып жүретін адам ешқашан ақиқат жолынан шығып кетпейді деп айтуға болады, алайда Исламдағы барлық адасқан ағымдар осы сүрені оқитынын көреміз.

Сөйтіп, осының барлығы амалдың Аллаһ алдында қабыл болуының екі шарты бар екендігін тағы да бір рет көрсетеді: олар – ықылас және дұрыстық. Аллаһ Тағала: «Ол (Аллаһ) сондай өлім мен өмірді сендерді сынау үшін жаратты: қайсыларын амалдарыңмен жақсырақ боласыңдар?!» – деді. (әл-Мульк 67: 2).

Хафиз Ибн Кәсир бұл аяттың түсіндірмесін: “Аллаһ тағала: «…қайсыларын амалдарыңмен жақсырақ боласыңдар» - деді, және «қайсыларыңның амалдарың көп болады деген жоқ», – деп келтіреді.  (“Тәфсир Ибн Кәсир” 4/248)

Имам әл-Фудәйл ибн ‘Ийәд бұл хадиске қатысты былай деп айтқан: «Бұл – «кімнің амалдары ықыласты және дұрыс болады» - дегенді білдіреді». Оған: «Ықыласты және дұрыс болуы деген не?» - деп сұрақ қойылды. Ол: «Расында, егер амалдар ықыласты болып, бірақ дұрыс болмаса – олар қабылданбайды, және де амалдар дұрыс болып, бірақ ықыласты болмаса да – дұрыс және ықыласты болмайынша, қабыл болмайды. Ықыласты деп – Аллаһ үшін істелген, ал дұрыс деп – Сүннетке сәйкес істелген  амалдар табылады», – деп жауап берген. Абу Ну’айм “Хилия” 8/95.

Аллаһ Тағала: “Сендерге амалдары бойынша ең үлкен зиянға ұшырайтындар туралы хабар берейін бе?”, – де. Олар – дүниедегі еңбектері зая кеткендер. Өздері болса: “Рас жақсы іс істедік”, – деп ойлайды», - деді. (әл-Кәхф, 18: 103-104)

Имам әл-Қуртуби: “Бұл аят – адамдардың арасында өзін ықыласты  деп санап, амал істейтіндер бар, алайда олардың тырысулары бекер болып табылатынына – дәлел!», - дейді. “Тәфсир әл-Қуртуби” 10/65.

Хафиз Ибн Кәсир: “Бұл аят жинақтаушы болып табылады және Аллаһқа бекітілмеген тәсілдермен құлшылық етіп, өзінің сол істерін дұрыс деп санап, және де өзінің амалдары қабыл болады деп есептеп, бірақ іс жүзінде қателесіп жатқан және амалдары қайтарылатындарға қатысты!» - деген. (“Тәфсир Ибн Кәсир” 3/174)

Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтатын: «Кім біздің нұсқауымыз болмаған амалды жасаса, ол қайтарылады Муслим 1618.

Хафиз Ибн Раджәб бұл жөнінде: Бұл хадис Ислам негіздерінде ұлы орынға ие! «Амалдар ниетке сәйкес бағаланады» деген хадис – амалдардың ішкі жағы бағаланатын өлшем болғандай, ол да – амалдардың сыртқы жағы бағаланатын өлшем сияқты болады. Аллаһтың разылы үшін істелмеген кез келген іс оны істеген адамға ешбір сауап бермейтіні сияқты, Аллаһтан және Аллаһ Елшісінен (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) нұсқау келмеген амал тәрк етіледі де, оны істеген адамның өзіне қайтарылады. Дінге енгізілген, бірақ оған Аллаһ және Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) рұқсат бермеген кез-келген амал, дінге ешқандай қатысы жоқ.

Пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Кім біздің нұсқауымыз болмаған амалды жасаса, ол қайтарылады!» – деген сөздері адамның жасайтын барлық діни істері шариғат ережелеріне сәйкес болуы қажеттігіне нұсқайды». “Джами’уль-‘улюми уәл-хикам” 1/176.

Сондықтан, біз өзінің бойында Исламға көмектесудің, ақиқатты таратудың, адамдарды көпқұдайшылық пен надандықтан құтқарудың керемет идеяларын алып жүрген барлық мұсылмандарға үндеу тастаймыз.

Бауырлар мен апа-қарындастар, сіздердің әдіс-тәсілдеріңіз Аллаһ бүкіл адамзатқа жіберген Елшінің әдіс-тәсілдеріне сәйкес болуының қамын ойлаңыз. Өйткені, Аллаһ тағала: «Расында сендер үшін – Аллаһты да, Ахирет Күнін де үміт еткендер және Аллаһты көп еске алған кісілер үшін – Аллаһтың Елшісінде көркем өнегелер бар», - деді. (әл-Ахзаб 33: 21).

Аллаһ Субхана уа Тағәлә сондай-ақ былай деді: «Біз сендердің (пайғамбарлардың) әрқайсыңа шариғат пен манхадж орнаттық» (Мәида 5: 48).

Манхадж дегеніміз – жол, Аллаһтың үкімдерін жер бетінде орнатудың әдісі.

Көптеген мұсылмандар бидғат  ғибадаттың тек рәсімдік түрлерінде ғана болады деп ойлайды да, манхадждағы орын алып жатқан өте көп бидғаттарға көңіл бұрмайды. Алайда дағуат (исламға шақыру) және джихад әдістемесінде де, ғибадаттағыдай  – кез-келген жаңалық енгізуге орын жоқ.

Исламды таратуға және ұлықтауға Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қолданбаған әдістермен ұмтылуға болмайды. ‘Умар ибн әл-Хаттаб былай деп айтатын: “Сендер ең қор болған адамдар едіңдер, және Аллаһ сендерге Өзінің елшісін (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жіберіп, сендерді ұлықтады.  Және сендер Оның Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жолынан  өзге қандай жолмен болсын ұлылыққа жетуге ұмтылсаңдар, Аллаһ сендерді қорлайды», – деген. әл-Хаким 2/245

Шейх Ибн Қасим былай дейді: «Аллаһқа шақыруда (дағуатта) екі шарттың болуы қажет: біріншісі – шақыру тек Аллаһ үшін орындалу керек; екіншісі – шақыру Оның Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне сәйкес болуы керек. Бірінші шартты бұзған адам – мүшрик болды, ал екінші шартты бұзған адам – дінге жаңалық еңгізудің жақтаушысы болды!» “Хашия Китәб әт-тәухид” 55.

Исламды тарату әдістеріне жаңалық енгізуге деген тыйым кассета, интернет т.с.с. адам өз қолымен жасап шығарған нәрселерге қатысты емес. Исламға шақырудың әдістері мен оның барысында пайдаланатын құралдардың арасын нақты анықтап айыру қажет.

Аллаһ осы еңбекті бізге де, оны оқитындарға да пайдалы етсін!

Сүннет және терминология

Шейх әл-Әлбәниге мынандай сұрақ қойылды: «Біз кейбір уағыздаушылардан, олар Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) кейбір сүннеттерін бейне және форма (хай-әт уә кәйфият) деп атайтынын естідік. Алғашқы болып мұндай жіктеуді кім қолданып және сүннетті осындай терминдермен сипаттай бастады, және білім тарапынан  мұны теріске шығару қалай болмақ?»

Шейх былай деп жауап берді:

«Мұндай терминдерді алғашқы болып кім қолдана бастағанын мен білмеймін. Маған тек басқа мазхабтардан бөлек бұл терминді шафиғи мазхабы пайдалана бастағаны белгілі. Ал бұл терминді теріске шығаруға келер болсақ, мен қандай да бір терминді пайдалану туралы айтысуға құштарлығым жоқ, сол немесе басқа терминмен не айтылып тұрғанын түсіну қажеттігі туралы айтуым ғана болмаса. Егер терминмен көрсетіліп тұрған нәрсе шариғатқа қайшы келсе, тек осы жағдайда ғана мен кемшіліктер мен ақауларды теріске шығарамын және түсіндіремін.Ал егер мұндай қарама-қайшылық болмаса, онда біз әрбір халық өзі қалаған терминологиясын пайдалана алады дейміз. Біздің заманымызда алғашқы саләфтар уақытында белгілі болмаған терминдер қолданыла бастады. Алайда, мен  қандай да бір терминді, егер ол шариғатқа қайшы болмаса, қолдануда проблема жоқ деп есептеймін.

Біз бәріміз фиқх ғалымдарының шариғат үкімдерін беске бөлетінін (уәжіп, Сүннет, мубах, мәкрух, және харам) білеміз, және бұл терминология ерте заманнан бері белгілі. Алайда осы бесеуінің ішінен Сүннет дегеніне тоқтасақ.

Фақих терминологиясындағы Сүннет, шариғатта осы сөзбен не меңзелетінінен ерекшеленеді, және мен терминологияны қолдануда проблема жоқ деп қайталаймын.

Сіздердің барлығыңыз фиқх ғалымдарының терминологиясында Сүннет дегенде орындалуы міндетті болмаған ғибадат айтылатынын білесіздер. Шариғатта орындалуы міндетті болмаған ғибадаттар бар ма? Иә, бар! Сондықтан да бұл терминмен міндетті болмаған ғибадаттар меңзелсе, онда оны қолдануда проблема жоқ.

Алайда (кім де кім) егер осы терминмен шариғатта міндетті болып табылатын нәрселерді белгілегісі келіп: «Бұл сүннет деп аталған, демек ол – міндетті емес», – десе, бұл жағдайда біз олардың қателігіне, дәлрек айтқанда олар бұл сөздің (фиқх ғалымдары қолданатын) терминологиялық мағынасын  оның абсолюттік мағынасы ретінде алып, шариғатта сүннет деп аталатын, алайда міндетті болып табылатын нәрсеге қатысты қолданғанына нұсқауымыз міндетті болады.

«Сүннет» сөзінің осылайша «орындалуы міндетті болмаған ғибаттар» деген түсінігі шариғатта «татауу’» деп аталады. Және мен бір нәрсені еш күмәнсіз істер едім: егер менде терминологияны және түсініктерді, олар адамдардың санасында ғасырлар бойы қалыптасып үлгергеннен кейін, өзгерту мүмкіндігі болса, мен (орындалуы абзал болған  ғибадаттар тұспалданатын) Сүннет сөзін «татауу’» сөзіне ауыстыруды жөн санар едім. Және бұған екі себеп бар:

Біріншісі – бұл термин, атап айтқанда «татауу‘», Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) кезінде де мәлім болатын және оның өзінің тарапынан бекітілген еді. Бірде бір адам одан Аллаһ оны міндеттеген нірселер туралы сұрағанда, ол: «Күн мен түн барысындағы бес намазбен», – деп жауап берді. Сонда әлгі адам: «Мен осыдан басқа намаздарды орындауға міндеттімін ба?» – деп сұрады. Бұған  Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Жоқ, тек егер өзің қаламасаң» (Илля ан татауа‘), – деп жауап берді. Және мен Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) адамдармен олардың тілдерінде сөйлегендігіне сүйеніп отырмын, ал олардың тілдерінде міндетті болмаған нәрселер «татауу‘» деп аталатын. Бұл адам өзінің Аллаһ алдындағы міндеттері туралы сұрады, және тиісті жауабын алып, аталғаннан басқа да көбірек намаздармен міндетті емес пе екендігі жайында қызықты ғой.  Ал пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Лә, иллә ән татауа‘» - деді, ал: «Лә, иллә ән татасаннән»[2] – деген жоқ. Ал Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) берген анықтама кез-келген өзге анықтамалардан жақсырақ, абзалрақ және дұрысрақ екендігінде күмән жоқ. Міне, осының себебімен және мен әлі алда атап өтетін себептермен, егер менде мүмкіндік болғанда, ерікті  амалдарға қатысты «Сүннет» терминін мен «татауу‘» терминімен ауыстыратын едім деп айттым. Алайда, адамдардың санасында тамырлап кеткен нәрсені ауыстыру оларға соғыс жарияғанмен пара-пар. Сондықтан біз «Сүннет» терминін міндетті болмаған, алайда абзал немесе ерікті болған нәрселер деп қабылдаймыз.

Екіншісі – бұл – «Сүннет» сөзінің шариғи мағынасы тек қана ерікті ғибаттарды білдірмейтіні, алайда өзіне бүкіл шариғаттың мағынасын, оның міндетті және ерікті ғибадат түрлерімен, оның салттарымен, адамгершілік құндылықтарымен  және оның тұрмыстық қатынастарымен, қамтитыны. Және мұны Бухариде де, Муслимде де Анас ибн Мәликтің сөздерінен жеткізілетін хадистен түсінуге болады: “Бірде Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) әйелдерінің үйінің жанына үш кісі келіп, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһқа қалайша ғибадат ететіні туралы сұрай бастады.Оларға ол туралы айтып бергенде, олар мұны жеткіліксіз деп санады да: «Бізге Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жету қайда, оның бұрыңғы күнәлары да, болашақ күнәлары да кешірелген!» – деді. Содан соң олардың бірі: «Маған келер болсақ, мен әрбір түнді (түгелімен) намаз оқумен өткіземін», – деді. Басқасы: «Мен үнемі (үзбей) ораза ұстаймын», – деді. Үшіншісі: «Ал мен әйелдерден аулақ боламын және ешқашан үйленбеймін», – деп айтты. Біраз уақыттан соң олардың жанына Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) келді де, оларға: «Осындай-осындай нәрселерді айтқан сендер ма?  Аллаһтың атымен ант етемін, мен сендерден де көбірек Аллаһтан қорқамын және сендерден көбірек Одан үрейленемін. Алайда, мен кейбір күндерде ораза ұстаймын, ал басқаларында мұны істемеймін, түннің бір бөлігін намазбен өткіземін, ал басқа бір бөлігінде ұйықтаймын, және әйелдермен некелесемін. Кім менің Сүннетіме ілескісі келмесе, маған қатысы жоқ!» - деді». әл-Бухари 5063, Муслим 1401.

Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) әйелдерінен жауап естіген олар оның ғибадатын жеткіліксіз деді. Олардың шығарған қорытындысы қате болғанына қарамастан, ол дұрыс сенімге негізделген еді, яғни Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) барлық адамдардың ішіндегі ең ардақтысы, адамзаттың абзалы, және ол ең құдайшыл болуы және өзінің Раббысына өзгелерден көбірек ғибадат етуі қажеттігі – табиғи болып табылады. Күмәнсіз мұның барлығы осылай, алайда олар оның ғибадатын, өздері ғибадаттың мәнін дұрыс түсінбегендіктен, яғни оны намазбен, оразамен және әйелдерден сақтанумен, өйткені, олардың ойынша, әйелдер ғибадаттан тосатын болғандықтан, шектегендіктен, жеткіліксіз деп есептеді.

Және олар: «Қалайша Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) әйелдерге үйлене алады?! Қалайша ол түнімен намаз оқудың орнына үйықтайды?! Қалайша ол күнде ораза ұстаудың орнына оразасын үзеді?!» – деген сияқты болды. Олардың адасуы – Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) ең ғибадатшыл адам болуы үшін жоғарыда аталғанның барлығын орындау керек деп санауында болды.

Олардың осындай түсінгендігіне Анастың “тақаллюха”, яғни «жеткіліксіз деп есептеді» деген сөздері нұсқау болады. Олардың былай деп айтуының себебі Аллаһтың Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оның барлық бұрыңғы және болашақ күнәлары кешірілгендігі еді. Кейін олар, өздері жасаған кесірлі қорытындысының себебінен, жеткіліксіз деп санаған ғибатты түзету үшін өздеріне-өздері жүгінді. Өздерінің сөздерімен және өздерінің мұндай құлығымен олар: «Пайғамбар өзіне-өзі ауыртпалық түсіруінің ешқандай қажеті жоқ, және оған ғибадатта мұндай талаптар қоюға да болмайды. Ал біз, бұл дүниеде өмір сүріп, бізге Раббымыз тарапынан осындай кешірім сый етілгендігіне сенімді бола аламыз ба?   Аллаһтың Елшісініне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) келер болсақ, оның түн бойы намаз оқымауының, күн сайын ораза ұстамауының, және әйелдермен некелесуінің себебі – оған, бізге сияқты емес, Раббымыз алдындағы өзінің жағдайы мәлім болғанында. Ал бізге  Аллаһтан мұндай уәде берілмеген, сондықтан біз де,  Аллаһтың Елшісіндей (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) кешірімге ие болуымыз үшін, ғибадат істерінде көбірек ынта танытуымыз керек», – дегендей болды. Және олардың біреуі сонда: «Мен әрбір түнді (түгелімен) намаз оқумен өткіземін», - деді. Басқасы: «Мен үнемі (үзбей) ораза ұстаймын», - деді. Үшіншісі: «Ал мен әйелдерден аулақ боламын және ешқашан үйленбеймін», - деп айтты.

Ал Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын)өзінің әйелдеріне оралған кезде, олар оған болған уақиға туралы айтып берді, сонда ол мешітке кіріп:  «Сендердің кейбіреулерің Аллаһтың Елшісі туралы осындай-осындай деп айтуын, ал өздері туралы осындай-осындай деп айтуын қоймай жүр», - деп, олардың сөздерін қайталады. Содан соң ол былай деді: «Ал маған келер болсақ, ақиқатында, мен – адамдардың ішендегі ең тақуасымын.  Және мен кейбір күндерде ораза ұстаймын, ал басқаларында – мұны істемеймін; түннің бір бөлігін намазбен өткіземін, ал басқа бір бөлігінде ұйықтаймын; және әйелдермен некелесемін. Кім менің Сүннетімнен бас тартса, маған ешқандай қатысы жоқ!» әл-Бухари 5063, Муслим 1401.

Міне сондықтан, бұл жағдайда ғибадаттың міндетті түрлерінен деңгейі төмен нәрселер аталып тұрған жоқ. Ақиқатында, бұл жерде Сүннет дегенде түгел шариғат, ондағы орындалатын барлық істермен – ал бұл – ғибадаттар, және онда (орындамай) қалдырылатын (тасталатын) істермен – ал бұл – таркия Сүннеті, яғни тастау (қалдыру) Сүннеті, меңзеліп тұр.

Фи‘лия Сүннеті және таркия Сүннеті

Сүннетті фи‘лия сүннетіне (бірдеңені жасау (істеу)) және таркия сүннетіне (бірдеңені тастау (қалдыру)) бөліп жіктеу – бұл, тағы да, терминологиядан. Біздің замандастарымыздың көпшілігі сүннеттің осылайша бөлінуі туралы мүлдем естімеген болуы мүмкін және барлығы сүннет дегенде бірдеңені істеуді түсінеді. Алайда,  «таркия Сүннеті» деген термин өте маңызды болып табылады, өйткені онымен кез-келген бидғаттарды істеуден бас тарту тұспалданады.

Көптеген адамдар кейбір істерді, олар іс жүзінде ғибадат және Аллаһқа жақындау болып табылмаса да, оларды ғибадат және Аллаһқа жақындау деп санайды. «Ал, не себептен осылай болуда?» (- деген сұрақ туындайды). Мұны түсіну үшін, біз басқа бір нәрсені ұғынуымыз керек, ал бұл, ғалымдардың айтқанындай: «Барлық игілік – салиқалы алдыңғы буын өкілдеріне (ізгі саләфтарға) ілесуде, ал барлық жамандық – кейінгі ұрпақтардың енгізген бидғаттарында».

Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), сырларынның сақтаушысы деп аталатын сахаба Хузайфа ибн әл-Яман біз жоғарыда айтқандарымызды, яғни Сүннет таркия болатынын растаған болатын. Яғни ғибадаттың Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) (істемей) қалдырған (тастаған) түрін, тіпті оның сыртқы көрінісі заңды ғибадат сияқты болып көрінсе де, біз де істемей қалдырамыз. Алайда, іс жүзінде ол (іс), Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ Тағаланың уахиінің негізінде бекіткен жерінде орындалып жатпағандықтан, солай (яғни заңды) болып табылмайды.

Міне, сондықтан Хузайфа былай деді: “Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары істемеген ғибадаттарды істеуші болма!”, – яғни Аллаһқа мұндай ғибадат арқылы жақындаушы болма, өйткені, бұл, сендердің ол жөнінде сенімді болуларыңа қарамастан,  ғибадат болып табылмайды! Ал бұған дәлел мынада: егер осы нәрсе ғибадат болып табылғанда, онда Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) міндетті түрде оған нұсқаған болар еді.

Егер Аллаһ бізге Пайғамбарды (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жібермегенде, біз ол арқылы Аллаһ құрметтеп мәртебелеген Исламнан еш нәрсе білмес едік. Егер Аллаһ Тағала Пайғамбардың өзіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Сен Кітап не, Иман не екенін білмейтін едің». (аш-Шура 42: 52), – деп айтқан болса, онда, әд-Дұха сүресінде «Сені адасқан түрде тауып, тура жолға салмадық па» (әд-Духа 93: 7), – деп айтылғандай, Аллаһ Тағала Өзі үйретіп, тура жолға салған Елшісін (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бізге жібермегенде,  біз Кітап не және Иман не екенін білер ме едік? Ал егер Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жағдайы осылай болған болса, онда біз туралы не айтуға болады?

Бірде Ибн ‘Аббас яки Ибн ‘Умар кейбір намаздар дауысталып, ал кейбір намаздар іштей оқылатындығы жөнінде сұралғанда, ол: “Йә, бауырым! Біз дін туралы ешнәрсе білмейтін едік және Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) не істесе, соны істейтін едік – ол дауыстап оқыған жерде дауыстап оқитынбыз, және ол іштей оқыған жерде біз де іштей оқитынбыз[3], – деп жауап берді.

Бұл мысал қабылдауға өте жеңіл және фиқх мәселелерін сәл-пәл ұғынатын барлық мұсылмандарға түсінікті. Яғни біз барлығымыз намазды ол (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) дауыстап оқыған жерде дауыстап оқимыз. Не үшін? Өйткені ол осылай істеді. Және намазды ол (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) іштей оқыған жерде іштей оқимыз, өйткені ол бұл жерде дауыстап оқуды (істемей) қалдырды (тастады). Осыдан Сүннет екі түрлі: фи‘лия Сүннеті (бірдеңені жасау (істеу)) және таркия Сүннеті (бірдеңені тастау (қалдыру)) болатыны келіп шығады.

Және адам Аллаһқа жақындағысы келген барлық істерде осындай принципге жүгінуі керек[4]. Мысалы, сіздердің барлығыңыз адамдарды ұжымдық намазға шақыру үшін бес уақыт намаздардың барлығына жарияланатын азан туралы білесіздер. Бірақ, Ораза Айты және Құрбан Айты күндерінде орындалатын ұжымдық айт намаздарына азан айтылады ма? Жоқ. Ал, не үшін? Егер ақылға салар болсақ, адамдар азанның бұл намаздарға айтылуына, азанның бесін немесе екінті намаздарына айтылуынан да көбірек мұқтаж ғой. Бірақ, бұған қарамастан, айт намаздарына азан шақыру жоқ. Не үшін? Өйткені, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оны (істемей) қалдырды (тастады) және осы намаздарға азан шақыруды бұйырмады. Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) мұны (істемей) қалдырды (тастады), және бүкіл мұсылмандар да оны (істемей) қалдырды (тастады).

Күннің немесе айдың тұтылуына байланысты оқылатын ұжымдық намаз да (салятуль-кусуф) осы сияқты. Адамдар оларды осы намаздар жөнінде  хабардар етуге мұқтаж, әсіресе айдың тұтылуына байланысты намаз жөнінде, өйткені олардың көбі осы уақытта ұйқыда болады. Біреу: «Осы екі намазға да азан шақыру дұрыс болар еді», – деп айтуы мүмкін, алайда Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) (мұндай намазға) азан шақыруды қалдырып (тастап) қойды да, адамдар оған мұқтаж болғандығына қарамастан, оны олар үшін заңды етіп бекітпеді. Және оның өнегесіне сәйкес оны (мұндай азанды) барша мұсылмандар да (істемей) қалдырды (тастады). Өйткені, осы намаздарға азан шақыру шариғатқа толықтыру және оны түзету болар еді ғой. Және Аллаһ оларға (бұл намаздарға) азан керек екендігін назарынан тыс қалдырып қойғандай болып тұр ғой. Немесе Аллаһ мұны заңды етіп бекітті де, Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) осыны жеткізуді бұйырды, ал ол, өз кезегінде, адамдарға жеткізуге міндетті болған нәрсесін жеткізбеген болып тұр. Біріншісі де, екіншісі де – мүмкін емес, және тіпті мағынасыз! Пәк және Ұлы Аллаһ бірнәрсені де Өз назарынан тыс қалдырудан немесе ұмытудан биік, Ол Өзі бұл жөнінде Құранда былай деп айтқандай: «Сенің Раббың ұмытпайды». (Марьям 19: 64).

Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) келер болсақ, оған қатысты Аллаһ Тағала былай деді: «Әй Пайғамбар! Раббың тарапынан түсірілгенді хабарла. Егер оны істемесең, онда сен Оның Жолдауын жеткізбедің!»[5] (әл-Мәида, 5: 67).

Барлық мұсылмандар Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) біз үшін айт намаздарына және күн мен айдың тұтылуымен байланысты азандарды заңдастырып бекітпегеніне кәміл сенеді.  Және мұсылмандар осы намаздарға азан шақырудан,  Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бас тартқан сияқты, бас тарты.

Бұл ережені еске салудан қандай пайда бар екен? Ол пайда мынада: мұсылман адам Аллаһқа адамдар істеп жатқан амалдарды істеумен жақындамайды, алайда ол  Оған адамзаттың ардақтысы болған  Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) істеген амалдарды істеумен жақындайды. Осыдан мұсылмандарға Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетін білу, мейлі олар – орындалатын істер болсын, мейлі – істелмей қалдырылатын (тасталатын) істер болсын, қажетті болады.

Мен сендерге бүгінгі күннің мұсылмандары (орындауға тиісті істерді)  фи‘лия Сүннетін тастап қойып, (істемеуге (қалдыруға) тиісті істерді) таркия Сүннетін орындап жүргенінің мысалын келтірейін. Мысалы, біз осы мешітте және де осы қаланың немесе басқа қалалардың көптеген мешіттерінде намазды орындап жүрміз, және көп адамдар намазға селқостық танытып, оны өз ұйғарымдарымен орындап жүргенін көрудеміз.  Біз мынадай Сүннет туралы білеміз, немесе, бұны мен міндет деп айтар едім – өйткені мен сүннет дегенде  фақихтердің терминологиясында келетін нәрсені меңзеп тұрған жоқпын – бұл – Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) намазды орындау барысында сутра[6] қою туралы бұйрығы. Алайда, намазды орындаушылардың көбі бұл бұйрыққа немқұрайлы қарайды. Мысалы, мұсылман адам мешітке кіріп, парыз намазынан алдын сүннет намазын яки мешітке сәлем беру намазын, яки кез-келген өзге намазды орындауға дайындалады. Ал енді, ол намазды орындау үшін қай жерге тұрады? Кез-келген жерге. Ал намазды, оның алдынан ешкім өтпеуі және намазын үзбеуі үшін, бөгеттің алдына тұрып орындау қажет. Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп бұйырды: «Егер сендерден біреу намаз орындаса, шайтан оның намазын үзбеу үшін, оны бөгетке жақындап орындасын». «Сахих әл-джами‘» 650.

Басқа бір хадисте: «Намазды орындаушы сутраға жақындасын», – деп айтылады.

Сіз, сондай-ақ, ол сүннетті іске асырып, намазын сутраға жақындап оқып тұрған деп есептеген біреуді де көруіңіз мүмкін. Алайда ол Бухариде келтірілген мына хадис туралы білмейді: “Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) намаз орындаған кезде оны мен қабырға арасындағы арақашықтық үш білекке тең болатын». Ал басқа бір хадисте: «Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сәжде жасаған кезде, оның басы мен сутраның арасында бір қой өтуге жететіндей орын қалушы еді», – деп айтылады. Осыдан, сәжде жасаған кезде бас сұтраға тірелетіндей сутраға көп жақындамау қажеттігі келіп шығады.

Міне, сөйтіп, сіздер намаз орындаушылардың сутра туралы мүлдем ойланбай-ақ, не өздері қалаған жерлерде намаз оқып жатқандығын,  не сәжде жасағанда оған басын тіреп жатқандығын көресіздер.  Біріншісі де, екіншісі де Сүннетке қатысты надандықтың себебінен орын алуда. Ал бұл (орындауға тиісті болған сүннет) фи‘лия Сүннеті мұсылмандарда білім болмағандықтан (істелмей қалдырылған (тасталған)) таркия сүннетіне айналды.

Сендер, сондай-ақ, имаммен бірге намаз орындалатын және ол намазды дауыстап оқитын кезде әл-Фатиха оқылғаннан кейін «Әмин» дегенде дауысты көтеру имамға сүннет болып табылатынын білесіздер[7].  Тура сол сияқты бірдауыстап «Әмин» деп оған ұйып намаз оқып тұрғандар да айтады. Және осындай қарапайым ғана іс үшін, бұл жөнінде әл-Бухари мен Муслимде  келтірілген хадисте айтылғандай, оларға ұлы сый беріледі. Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Имам: «Әмин», – деп айтқанда , сендер де: «Әмин», – деңдер. Ақиқатында, сендердің қайсыларыңның «Әмин» деп айтқандарың періштелердің «Әмин» дегенімен дәл келсе – оның барлық өткен күнәлары кешіріледі».

Егер осы хадистің мағынасы туралы жете ойлансаңыздар, «Әмин» сөзін имамнан бұрын айтып, қателесіп жатқандарыңызды түсінесіздер. Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) осы бұйрығы мен оның: «Имам: “Аллаһу  акбар”, – деп айтқанда, сендер де: “Аллаһу акбар”, – деп айтыңдар»,  - деген басқа бұйрығының арасында қандай айырмашылық бар? Және, Аллаһқа шүкір, ешкім тәкбирді имамнан бұрын айтып өзбайды, мейлі ол – адамды намазға кіргізетін такбиратуль-ихрам болсын, мейлі -  намаз барысында айтылатын басқа такбирлер болсын. Мұсылмандар бұл бұйрықты орындайды, алайда «Әмин» дегенді имамнан кейін айтуда қателікке бой беріп, оның алдына шығып кетеді.

Мұсылмандар «Әмин» сөзін айтуда осылайша имамнан бұрын озып кетуімен  нелерге тап болуда?

Біріншісі – олар күналарының кешірілуінен айырылып қалуда. Тіпті мұсылман адам Нұхтың (Аллаһтың оған сәлемі болсын) өмір сүрген уақытындай өмір сүрсе де, және Аллаһқа Дәуд (Аллаһтың оған сәлемі болсын) ғибадат еткендей ғибадат етсе де, бұл Раббымыздың кешірімімен салыстырғанда, азғантай ғана құн болар еді. Және Аллаһ мұсылмандарға осындай жеп-жеңіл жолмен кешірімге ие болуды нәсіп етіп, оларды қаншалықты мәртебелеп, оларға қаншалықты рахым көрсетті десеңізші!

Және екіншісі – олар күнә жасап жатыр, өйткені Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, имам оған ілесу үшін, сондықтан оған қайшы келмеңдер. Егер ол тәкбир айтса – сендер де тәкбир айтыңдар; егер ол оқыса – тыңдаңдар; егер ол  руку‘ жасаса – сендер де руку‘ жасаңдар; ал егер ол: “Сами‘а-Ллаһу лимән хамидә”, – десе – сендер: “Роббәнә уә ләкә әл-хамд”, – деңдер; егер сәжде жасаса – сендерде сәжде жасаңдар; егер де ол намазды тұрып орындаса – сендер де оны тұрып орындаңдар, ал егер ол оны отырып орындаса – сендер де барлығың бірге оны отырып орындаңдар», - деген бұйрығына қарсы келіп, имамның алдына шығып кетіп жатыр. Оның басқа: «Имам: «Әмин», – деген кезде, сендер де: «Әмин», – деңдер», – деген бұйрығы да осы сияқты. Ол сондай-ақ, былай деді: «Имамнан бұрын сәжде жасап жатқан – есек тәрізді». Бұл хадистің басқа риуаятында: «Кім имамнан бұрын сәжде жасаса, сол есек тәрізді», – деп айтылған. Бұл хадистің тағы бір басқа риуаятында былай делінген: «Сәждеде имамды озатын (адам) Аллаһ оның жүзін есектің тұмсығы етуінен қорықсын».

Сөйтіп, «Әмин» деп айтуда имамның алдына шығып кететіндер екі есе шығында болады: кешірімнен айырылады және имамнан озғаны үшін күнә алады.  Ал мұның барлығы не себептен? Өздері немқұрайлы және салғырт болуынан. [8]

Және насихат бере отырып, мен сендерге мынаны айтамын: біз Аллаһтың діні толық, кемел және онда біреу оны қандай да бір ғибадатпен толықтыратын орын жоқ екендігін білуіміз керек. Яғни Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) алып келмеген ғибадатпен. Ал ол, өз кезегінде, адамдарға жолдауды жеткізді және өзінің миссиясын толық орындады. Аллаһ Тағала оған Өзінің сөзін уахи етіп түсірді және былай деді: «Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамәмдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым». (әл-Маида 5: 3).

Егер мұсылман адам бұл аяттың күшін, маңыздылығын және ұлықтығын ұғынса еді, онда оны өз жүрегінде міндетті түрде бекітер еді. Егер ол осы аяттың мазмұнын түсініп ұғынса еді, өзін таркия сүннетін орындап жатқандығы үшін сөгіп жатқан ғалымға қарсы келмес еді, өйткені өзі істеп жатқан нәрсесі ғибадат емес екендігін,  Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) мұнымен келмегендігін және Аллаһ мұндай ғибадатқа разы еместігін түсінер еді.

Бұл аяттың маңыздылығын яхудилердің ғалымы болған, және кейіннен Исламды қабылдаған  Ка‘б  әл-Ахбар түсінді. Күндердің бірінде ол ‘Умар ибн әл-Хаттабтың  (Аллаһ оған разы болсын) алдына келіп: «Йә, мүміндердің әмірі, Аллаһтың Кітабында сондай бір аят бар, егер ол яхудилерге түскенде, олар ол аят түскен күнді мереке деп белгілер еді», – деді.  ‘Умар бұл аят жөнінде сұрағанда, Ка‘б оны оқып берді: «Бүгін діндеріңді толықтастырдым…». Сонда ‘Умар: «Мен, басқа кез-келген біреуге қарағанда, бұл аяттың түскен күні жөнінде көбірек білемін, және ол екі мерекенің күнінде,  Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Арафат күнінде Арафат тауында болған кезінде, және жұма күнінде болды», - деді. Яғни бұл аят қажылық кезінде, зуль хижжә айының тоғызыншы күні жұмамен тұс па тұс келген күні түсті.

Сөйтіп, барлық айтылғанның мазмұны мынада: Аллаһ мұсылман үмметіне рахмет көрсетіп, біздің дінімізді толықтастырып, оны кемел және  біреу оны бір ғибадатпен болса да толықтыруға мұқтаж емес етті. Және бұл аяттың түсіндірмесі болып Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) мына сөздері табылады: «Сендерді Жәннәтқа жақындататын амалдардан мен сендерге атамай қалдырып кеткен ешбір нәрсе жоқ, және сендерді Тозаққа жақындататын амалдардан мен сендерге тыйым салмай қалдырып кеткен ешбір нәрсе жоқ!» әт-Тәбәрани. Хадис сахих.

Сондай-ақ, мұндай сипат Аллаһтың елшісі ретінде  оған ғана тән болмағанын, алайда барлық пайғамбарлар мен елшілердің сипаты болғанын түсіндіретін оның басқа да сөздері Муслимнің хадистер жинағында келтірілген: «Ақиқатында, менің алдымда оның міндеті – ол өзі білетін барлық игі нәрсені өз халқына жеткізу болмаған пайғамбар болмаған». “әс-Сильсилә әс-сахиха” 241. Мейлі ол – бар нәрселерден болсын, мейлі – болашақта болатын нәрселерден болсын. Бұл, сондай-ақ, соңғы елші әрі пайғамбарлардың мөрі – Мухаммедке де (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қатысты. Міне, сондықтан мұсылмандарда ғибадаттардың жаңа түрлерін ойлап табу құқығы жоқ.

Ал, бір уақыттан екінші уақытқа дейін өзгеріп (түрленіп) отыратын му‘амалятқа (адамдардың тұрмысына қатысты істерге) келер болсақ,  бұл жерде адамдардың өмірін жеңілдететін және оларға пайда келтіретін өнертабулар мен жаңалық ойлап табуда проблема жоқ. Тұрмысқа қатысты мәселелерде ижтихад жасауда проблема жоқ, алайда фиқх ғалалымдары бекіткендей: «Қасиетті мәтін болған жерде ижтихадқа орын жоқ».

Және егер сіздер осыны түсінсеңіздер, онда шынайы дінге шақыруды осы күндері кең етек жайған әртүрлі шақырулардан ажырата аласыз. Қазір шағын секталардан бастап саяси партияларға дейін, барлығы Аллаһтын дініне шақырады, әрқайсысы,  Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және оған ілескендер қолданған шақырудан ерекшеленетін өзінің тәсілімен және әдісімен шақыруда. Ал ол  – барлық мұсылмандарға өздерінің дініне – Аллаһтың Кітабына және Оның Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадистеріне, және Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жолына ілескен біздің салиқалы алдыңғы буын өкілдерінің жолы мен әдіснамасына қайтуды бұйыратын шақыру. Олар оған құрма дәнегінің қабығының салмағындай да ешнәрсе қоспады.

Және осы тақырыпты мен имам әд-Дәримидің «әс-Сунән» жинағында келтірілген иснады сахих (сенімді) болған әңгімені баяндап берумен аяқтаймын.

Бірде Абу Муса әл-Аш‘ари (Аллаһ оған разы болсын) Ибн Мас‘уд (Аллаһ оған разы болсын) тұратын мекенге келді. Оның үйіне жақындағанда, ол онымен бірге мешітке дейін бару үшін оның шыққанын күтіп тұрған адамдарды көрді, алайда мешітке жетуге дейін кететін уақыт аз болғандығына қарамастан. Және бұл саләфтардың (салиқалы алдыңғы буын өкілдері)  білім иелеріне ере жүруге және олардан білім алу үшін олардың алдында болуға деген ұмтылысына нұсқайды.

Абу Муса адамдардан: “Ибн Мас‘уд шықпады ма?”, – деп сұрады, ал олар оған жоқ деп жауап берген соң ол отырды да, оны күтуге кірісті. Оны күтіп алған соң Абу Муса оған: “Йә, Абу ‘Абдуррахман, мен қазір ғана мешітте өзіме ұнамайтын бір нәрсе көрдім, бірақ, Аллаһқа шүкір, игіліктен басқа ешнәрсе көрмедім», – деді. Бұл ұлы сахабаның сөздеріне назар аударыңыздар: «…өзіме ұнамайтын бір нәрсе көрдім, бірақ, Аллаһқа шүкір, игіліктен басқа ешнәрсе көрмедім». Қалайша бірдеңе бір мезгілде әрі игі, әрі өзіне ұнамаған нәрсе болады? Егер сіз «таркия Сүннеті» деген терминмен не тұспалданып тұрғанын түсінсеңіз, онда оның көргені сөгіс айтылатын және қайтарылатын (мункар) нәрсе екенін де түсінесіз.

Ибн Мас‘уд: Ал сен не көрдің?” – деді.  Абу Муса оған: “Егер барсаң, оны өзің көресің деді. Ал мен мешітте шағын шеңберлер құрып алып отырған адамдарды көрдім, олардың әрқайсысының ортасында өзінің айналасындағыларына: «Осынша рет «Субхан- Аллаһ» деп айтыңдар, “әлхамду ли-Лләх” деп осынша рет айтыңдар, “Аллаху әкбар” деп осынша рет айтыңдар», – деп айтып отырған  бір адамнан отыр. Және әрбір отырған адамның алдында ол  тасбих, такбир и тахмид[9] сөздерін айтқанда шерткілеп отыратын майда тастары бар», – деп жауап берді.

Ибн Мас‘уд осыны естіген бойдан асығып мынаны сұрады: “Сонда сен оларға сөгіс білдірмедің ба?» Ал ол нені сөгу керек еді? Шынымен де “субхан-Аллах”, “әлхамду ли-Лләх”, “Аллаху әкбар” сөздерін бе? Оларды айтудың артықшылығы туралы сан-алуан хадистер жеткен сөздерді ма? Айтылуы Құран оқудан кейінгі екінші орында тұратын төрт сөз – олар “субхан-Аллах”, “әлхамду ли-Лләх”, “Аллаху әкбар”. Және олар қандай тәртіппен айтылса да, қайсысымен басталып, қайсысымен аяқталса да -  айырмашылық жоқ.  Ал үйірмелер жасап отырған адамдар осы сөздерді айтып, Аллаһты зікір етуден басқа не істеді? Және Ибн Мас‘уд Абу Мусаға: “Сонда сен оларға сөгіс білдірмедің ба? Оларға мұнысының орнына өздерінің күналарын санауды бұйыруың, ал олардың ізгі істеріне келер болсақ – олардың ешбірі есептелмей қалмайтынына кепілдік беруің керек еді. Сен оларға осыны айтпадың ба?!», – деп қалайша айтты екен. Абу Муса: “Жоқ. Мен алдымен сенің пікіріңді білгім келді”, – деді.[10]

Сонда Ибн Мас‘уд мешітке қарай жылдам бет алып, оған Абу Муса баяндап берген үйірмелерді барып көріп үлгерді. Болып жатқан істі көріп, ол дауыстап: “Сендерге қасірет! Не істеп отырсыңдар өздерің?! Мен – ‘Абдуллаһ ибн Мас‘уд – Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабасымын. Ал сендер немен айналысып отырсыңдар?”, – деді.

Олар: “О Абу ‘Абдуррахман, бұл біз айтып жатқан тасбих, тахмид және такбирлерімізді санайтын тастар ғой”, – деді.  Ибн Мас‘уд: “Өздеріңнің кіналарыңды санағандарың дұрыс болар еді! Ал мен сендердің игі амалдарыңыздың ешқайсысы есептелмей қалмайтынына кепілдік беремін. Қасірет сендерге! Сендерді бұдан артық не жойып-құртушы бола алады?! Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) киіп жүрген киімі әлі тозып үлгермеді, ол тамақтанған ыдыстар әлі сау қалпында тұр. Және жаным Оның Қолында болғанмен (Аллаһпен) ант етемін, не сендер Мухаммедтің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) үмметіне[11] қарағанда туралау жолмен жүрудесіңдер, не опат етуші адасушылыққа түстіңдер!» – деді.

Бұл сөздерде Ибн Мас‘удтың даналығы мен шешендігі көрініп тұр. Оларға: «Сендер адасудасыңдар», – деп айтудың өзі де жеткілікті болар еді, алайда ол оларға таңдау беріп тұр. Не олар  Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының жолынан өзге дұрысрақ жолмен жүруде, ал бұл мүмкін емес және бұл туралы олардың өздері де біледі, не – осыдан басқа ешнәрсе қалып тұрған жоқ – олар опат етуші адасушылыққа түсті.

Ал олардың жауабы қандай болды? Бүгіңгі күнге дейін барлық адасқандар, оларға шынайы шарқырумен – Аллаһтың Кітабына және Оның Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне ешнәрсе қоспай және алмай ілесуге шақырған кезде, айтатынындай болды. Ал олар сонда былай деп айтты: “О Абу ‘Абдуррахман, біз игіліктен басқа ешнәрсе қаламадық”. Ал біз бидғат істеп жатқандарға сөгіс айтқан әр кезде осыны естіп жүрген жоқпыз ба?!

Енді бұған ұлы ғалым, Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабасы және біздің алдыңғы салиқалы буынның ізгі өкілі болған  ‘Абдуллах Ибн Мас‘уд не деп жауап бергеніне қараңыздаршы?

Ол былай деді: “Ал игілікті қалағандардың қаншасы оған жете алмайды!” Оның сөздерінде даналықты көре алатын адам үшін ұлы даналық бар.[12]

Сонда біз қалайша ізгілік пен жауыздықтың, Сүннет пен бидғаттың арасын ажыратуымыз керек? Оның бірін екіншісінен ажыратып тану үшін неге жүгінуіміз керек, – ақылға ма әлде шариғатқа ма? Жауап, әрине, біз жариғатқа жүгінуіміз керек. Сондықтан да біз оларға былай деп жауап береміз: «Иә, шындығында да, сендер игілікті ғана қаладыңдар, алайда сендер осы игілікке жеткізетін жолмен жүрмедіңдер». Бір ақын айтқандай: «Жетістікті қалайсың, бірақ оған жеткізер жолмен жүрмейсің. Ал, ақиқатында, кеме құрлықпен жүрмейді». Шындығында да, мақсат еткен жеріне кемесінің жетуін қалаған адам, оны өзіне ұнаған жерге емес, өзіне ыңғайлы болған жерге емес, суға, яғни кеменің болмысына сәйкес келетін  жерге жіберуі керек. Және тура осы даналық Ибн  Мас‘удтың: “Ал игілікті қалағандардың қаншасы оған жете алмайды!”, - деген сөздерінде де қамтылған.

Әрі қарай Ибн Мас‘уд өз сөзін былай деп жалғастырды: “Ақиқатында, Мухаммад (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бізге Құранды оқитын адамдар пайда болатынын, бірақ ол олардың өңешінен төмен түспейтінін (яғни олардың жүрегіне кірмейтінін), және олар нысананы тесіп өткен жебе сияқты діннен шығып кететінін айтып кетті». Бұл оқиғаның жеткізуші ‘Амр ибн Саләма былай деді: “Және біз олардың көбін Нахрауан шайқасы күні бізге қарсы (хауариждер жағында) соғысып жатқанын көрдік». ад-Дарими 1/68.

Баяндау бітті. Бұл оқиғадан біз қандай пайдалар алуымыз керек?

Шариғаттың негізінде екі бағыт бар:  істеу бұйырылған нәрселер және  (істемей) тастау және аулақ болу бұйырылған нәрселер. Бір нәрсені істеу немесе істемей қалдыру таңдауы біздің салтымызға емес, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) ізінен ілесуге негізделуі керек.

Бұл оқиғадан біз Ибн Мас‘уд үйірмелердің қатысушыларына сөгіс білдіргенін көріп тұрмыз. Және мен ол нақты нені  сөккеніне түсіндірме бергім келіп тұр. Бұл (сөгіс) ешқандай тасбихтың, такбирдің және тахмидтің өздеріне қатысты емес еді, алайда ол олар Аллаһты зікір еткен әдіс-тәсілін, яғни Аллаһтың Елшісінен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) келіп жетпеген тәсілді сөкті.

Ал бұл әдіс-тәсілде не жаңа болды?

Біріншісі – бұл, әрбір үйірме-шеңбердің ортасында Аллаһты еске алудың белгігі бір сөздерін белгілі бір көлемде айтуды бұйырып отыратын бір адам болды. Яғни әрбір шеңбердің ортасында Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұйырмаған және орнатпаған нәрселерді бұйыру және орнату құқығын өзіне алып алған адам болды.

Тіпті керісінше, шариғатта Аллаһты жасырын еске алудың артықшылығы туралы нұсқау келген. Мұны біз мына хадистен көре аламыз:   «… Аллаһтың саясынан өзге сая болмайтын Ақырет күні жеті түрлі адам осы саяға паналайды. (Және осындай адамдардың бір түрі – бұл) …оңаша қалғанда Аллаһты еске алған және көзіне жас толған (адам)».

Олардың енгізген екінші жаңалығы бұл – зікірді санайтын тастар. Мысалы, олардың басшылары оларға: «“Субхан-Аллах” деп 50 рет айтыңдар», – дейді, содан соң оның айналасындағы адамдар дәл 50 рет  “субхан-Аллах” деп айтады, және одан көп те емес, аз да емес.  Ал оларға осы санды кім заңдастырып берді? Дінге қатысты болған бір нәрсенің белгілі санын орнатуға қатысты айтар болсақ, бұл құқық тек Аллаһқа ғана тиесілі, Ол оны Өзінің Елшісі арқылы адамдарға жеткізеді. Мысалы, Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) мына сөздері: «Намазды орындап болған соң 33 рет “субхана-Ллах”, 33 рет “әлхамду ли-Лләһ”, 33 рет “Аллаһу акбар” деп, содан соң “лә иләһа иллә-Ллах, уахдаһу лә шарика ләһ, ләһуль-мульку уа ләһуль-хамду, уа һуа ‘алә кулли шәй ин қадир” деп айтып, сонымен есепті  100-ге жеткізген адамның күналары кешіріледі, тіпті олар теңіз көбігі сияқты көп болса да».

Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) осыны айтты, және біз бұл – Аллаһтан келген уахи екендігін біліп, қабылдадық және ілестік. Алайда, егер қандайда бір шейх келіп, бізге Аллаһты пәлен рет мадақтаңдар десе, және біз оның қабылдап, оның ізінен ілессек, онда біз оны Аллаһпен бірге қатысушы ретінде сайлап аламыз, өйткені бұл оған ғибадат ету болып бағаланады[13].

Аллаһ былай деді: «Олар Аллаһтан өзге құдайлар ретінде өздерінің діндарларын және монахтарын алды, сондай-ақ Марьям ұлы Масихты». Өйткені, ‘Исаға (Аллаһтың оған сәлемі болсын) қатысты ширк оны Құдайдың бір бөлігі, немесе Құдайдың баласы деп санайтындықта ғана көрінбейді. Алайда, оған (Исаға, Аллаһтың оған сәлемі болсын) қатысты ширк болып, ол өзінен заңдарды және дінді орнатып қоя алады деген сеніп табылады, ал шын мәнінде ол Аллаһтың құлы және Оның елшісінен өзге ешкім емес. Біз олардың шариғаты үнемі өзгерістерге және толықтыруларға түсіп жататынын көрудеміз. Өйткені, олар өздеріне түсірілгенді бұрмалады.

Біздің шариғатқа келер болсақ, Аллаһ оны сол түсірілген күйінде сақтап қойды. Бұл жөнінде Аллаһ былай деп айтады: «Ақиқатында, Біз Құранды түсірдік, және біз оны қорғаудамыз». (әл-Хиджр 15: 9).

Және Аллаһ шынында да, Аллаһты зікір ету үшін үйірмелерге жиналып алған бидғаттың жақтаушыларын сөге бастаған ‘Абдулла Ибн Мас‘уд сияқты ізгі салиқалы буын өкілдері (саләфтар) арқылы бұл дінді сақтап қалды.  Ибн Мас‘уд Аллаһты зікір етуді емес,  міне олардың нақты осы тәсілін сөкті.

Үйірме-шеңбердің қатысушылары ерекшеленген үшінші және соңғы нәрсе бұл – олар Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) істеген бармақтардың ұшымен санауды  істемей қалдырып (тастап) қойғандығы еді. Және намаздан кейін тасбих, тахмид және такбирді санау үшін тәспі қолданатындардың барлығы – олар сияқты. Біздің кезіміздегі тәспі – олар жөнінде Ибн Мас‘уд: «… жаным Оның Қолында болғанмен (Аллаһпен) ант етемін, не сендер Мухаммедтің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) үмметіне[14] қарағанда туралау жолмен жүрудесіңдер, не опат етуші адасушылыққа түстіңдер!» – деп айтқан үйірме қатысушылары қолданған, бірақ түрі өзгертілген сол тастар.

Бұл баяндаудан алынатын ол туралы фиқх ғалымдары айтатын тағы бір маңызды сабақ бұл – кіші күнәлар үлкен күнәлардың ізашарлары болып табылатындығы». Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Кіші күнәлардан сақ болыңдар! Ақиқатында, олар бірге жиналса, Отқа тарта кетеді», - деді.

Осы қағидадан және осы үйірмелердің қатысушыларымен кейіннен не орын алғандығынан шыға келе, мен кіші бидғат үлкен бидғаттың жаршысы, немесе оған апарып соқтырушы болып табылады деп айтамын.

Сендер олардың неден бастағанын және немен аяқтағанына қараңыздаршы! Аллаһты еске алу үшін әркім өзінің басшысымен үйірмелерге жиналудан және тас шерткілеуден бастады, ал соңында Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларын өлтіре бастаумен және мұсылмандардың әмірі болған ‘Али ибн Абу Талибке қарсы соғысқа шығумен аяқтады!

Және кіші күнә үлкен күнәға әкеп соқтыруымен салыстырғанда, кіші бидғат үлкен бидғатқа едәуір тезірек және байқаусыз әкеп соқтыратынын ескерткім келеді. Бұл – шариғатта үлкен және кіші күналардың барлығына нұсқау бар болғандықтан. Ал бидғатқа келер болсақ, оның түрлері мен көлемі жөнінде нұсқау келмеген, тек Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын):  «Кім біздің нұсқауымыз болмаған нәрсе істесе, оның ісі қайтарылады», немесе: «Істердің ең жаманы бидъғаттар, әрбір бидғат – адасушылық, ал әрбір адасушылық – Отта», - деген сөздерінде қамтылған жалпы ереже бар.

Біз сіздермен қазіргі кезде Ибн Мас‘уд  сөккен барлық нәрсе тарағанының куәгері болудамыз. Біреу дінде Аллаһтың Елшісінен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жетпеген бір нәрсені істеп жатқан кезде, және біз мұны енді  сөге бастаған сәтімізде-ақ «Бұнда қандай жамандық бар?!» немесе «Біз тек игілікті қалаймыз!» т.с.с. таңданған және ашынған дауыстарды естиміз.

Ибн Мас‘уд: “Ал игілікті қалағандардың қаншасы оған жете алмайды! Ақиқатында, Мухаммад (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бізге Құранды оқитын адамдар пайда болатынын, бірақ ол олардың өңешінен төмен түспейтінін (яғни олардың жүрегіне кірмейтінін), және олар нысананы тесіп өткен жебе сияқты діннен шығып кететінін айтып кетті», – деп, мұндай сөздерге керемет жауап берді.

Сондықтан, мен сендерді Сүннетті оқып үйренуге және Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) істеген нәрселерін істеуге, және ол (істемей) қалдырған (тастаған) нәрселерге жоламауға шақырамын! Және сонда ғана сіздер өздеріңнен екі күәлік, олардың біріншісі – «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ», және екіншісі – «Мухаммад – Аллаһтың құлы әрі елшісі», талап ететін нәрсені орындайсыңдар. Өйткені, бірінші куәлік сен Аллаһтан өзге ешкімге құлшылық қылмайтыныңды, ал екіншісі – сен Аллаһқа тек  Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) істегендей ғана құлшылық етуің міндетті екендігін меңзейді.

Бұл екі күәлік екі таухид болып табылады: Аллаһты ғибадатта жалғыз ету және Оның Елшісін (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) ілесуде жалғыз ету.

Қорытынды

Шейх әл-Әлбәнидің сөздерін қорытындылай келе, біз игі бір нәрсені істеу арқылы, мейлі ол – дін таратуда, мейлі Исламға көмектесуде, мейлі Аллаһқа шақыруда т.с..с. әрекеттерде болсын, Аллаһқа жақындауды шын ықыластпен қалаған адамдардың барлығына үндеу тастаймыз.

Құрметті бауырлар, әпке-қарындастар!

Бір істі істеуден алдын білім иелерінен: «Осы әдісті Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) немесе оның сахабалары пайдаланды ма?» – деп сұраңдар.

«Мұсылмандар ақыры спектакльдер қойып, көркем фильмдер түсіретін болды және солар арқылы адамдарды Исламға шақыратын болды ғой!» – деп қуанғанда, сендер: «Не үшін Аллаһтың Елшісі де (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), оның сахабалары да адамдарды Аллаһ Тағаланың дініне шақыру үшін спектакльдер қоймады екен?» – деп ойландыңыздар ма? Әлде біреу оларда мұны істеу үшін мүмкіндігі немесе адамдарды дінге шақыруға деген қажеттілік  болмады деп айта алады ма?

Қандай да бір нашидтің, діни тақырыптағы әннің немесе айтыс- терменің әдемілігі мен әуенділігіне таңданып, сіз өзіңізге өзіңіз: «Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) адамдарды олардың әдемілігімен Исламға қызықтырып тарту үшін қандай нашидтерді немесе діни әндерді айтты екен?» – деген сұрақ қойып көрдіңіз ба? Немесе осымен айналысқан және ізінен осыған өзгелерді оқытып-үйреткен сахабаларды білесіз ба?

Немесе қызбен оңашаланып оған уағыз-дағуат айтамын дейтін мұсылман,  шынында да сахабаларда оның осы ұлы мақсатындай мақсатпен әйелдермен оңашалану мүмкіндігі болмады деп ойлайды ма?

Немесе шындыққа мүлдем үйлеспейтін аңыз-әңгімелерді ойдан құрастырып, яки ел ауызындағы алып-қашпа сөздерді теріп-жинап, олар арқылы елге ислами ғибрат-өнеге таратып жүрміз деп ойлайтындар, хақты ғана айтқан және қалжыңдап болса да бір де бір өтірік сөйлемеген Аллаһтың елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және оның шыншыл сахабалары қандай аңыздармен адамдарға уағыз айтты екен деген сұраққа жауап іздеп көрді ма?

Ал қалайша осы жерде бейбіт тұрғындарды кепілдік тұтқынға алып, әйелдер мен кемпір-шалдарды қырып тастаймыз деген қорқытумен кәпірлердің басшыларына өздерінің шарттарын баяндайтындар туралы айтпасқа? Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өз мақсаттарына осындай әдістер арқылы жетті ма? [15]

Немесе туысқаны қайтыс болғаннан кейін бір күнді  белгілеп, сол күні бір-неше адамды шақырып, олар қолдарына тәспілерін алып белгілі көлемде мәуліттер мен зікірлерді айтып,  оның сауабын өлгенге бағыштап жататындар – олар өз адасуларында  жоғарыда сипатталған үйірме қатысушыларынан да тереңрек кеткен жоқ па?!

Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары ұстанған ақиқат діннен ауытқудың мысалдары өте көп. Алайда білімсіздіктің себебінен мұсылмандар, басқалардың кемістіктері мен адасушылықтарын көруді айтпағанның өзінде, тіпті өздері Аллаһтың дінін бұрмалап жатқандарын байқамайды. Және осы жоғарыда аталып көрсетілген түрлі санаттағы адамдарды олар ықыласты емес, оларды осыларды істеуге  жаман пиғылдары және Исламға зиян тигізуді ниеттері итермелейді деп айыптай алады ма? Әрине, жоқ! Ал олардың қасіреті – өздерінің немқұрайдылықтарында және білімсіздіктерінде.

Он ғасырдан астам уақыт бұрын өмір сүрген Имам әл-Бәрбәхари, ақиқатты айтты: “Амалдардағы кіші бидғаттардан сақтаныңдар, өйткені, ақиқатында, кіші бидғат үлкен болғанша ұлғайып-өседі! Өйткені бұл үмметке енгізілген әрбір бидғат өзінің алғашында кішкентай және ақиқатқа ұқсас еді, және осы бидғаттқа кірген адам азғырылып, кейін одан шыға алмай қалды. Сөйтіп бұл бидғат үлкен болды және олар ұстанатын дінге айналды». “Шарху-ссүннә” 61.

Пайғамбарымыз Мухаммедке, сондай-ақ оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!

 


[1] “Сильсиләтуль-худа уә-ннур” № 650.

[2] Яғни сүннет сөзін емес, татауу‘ сөзін қолданатын.

[3] Дауыстап ақшам (магриб), құптан(‘иша) және таң (фаджр) намаздары оқылады. Ал іштей – қалған екі: бесін (зухр) және екінті (‘аср) намаздары.

[4] Және, ақыл-санасымен барлық істерде Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өнегесіне еру керектігін түсініп, осымен келіскенімен, ісжүзінде олар бұған қайшы амал істейді.

[5] Аллаһтың Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) түскен соңғы аяттардың бірі болып: «Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамәмдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым». (әл-Маида 5: 3) аяты табылады. Бұл аят Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға өзінің Раббысы жүктеген нәрсені жеткізгендігінің дәлелі болады. Имам Малик былай деген: “Кім Исламға жаңалық енгізіп, соны игілік десе, Аллаһ: «Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамәмдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым» (әл-Мәида 5: 3), - дегеніне қарамастан, Мухаммад (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сенімді ақтамады және Жолдауды жеткізбеді деп мәлімдеген болады. Сол кезде дін болмаған нәрсе – бүгін де дін болып табылмайды!” “Тахзиб әл-фуруқ” 4/225, “әл-И’тисам” 1/63.

[6] Сутра – намазды орындау барысында намаз оқушыны өзгелерден қоршау үшін оның алдына қойылатын бөгет. Намазды сутраға жақындап барып орындау міндетті болып табылады, өйткені Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) мұны бұйыратын және намазды сутрасыз орындамайтын. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтатын: «Бөгеттің(сутраның) артында болмаса, (өзге жерде) намады орындамаңдар, және өздеріңнің алдыларыңнан ешкімнің (кесіп) өтуіне рұқсат етпеңдер, ал егер біреу (кесіп) өтуге ұмтылса, онда онымен ұрысыңдар, өйткені оның алдында серігі (шайтан) бар». Ибн Хузәйма 1/93. Шейх әл-Әлбани хадистің сахихтығын растаған. Кез-келген зат, мейлі ол қабырға, тал, тас, орындық, т.с.с. жер бетінен ер-тоқымның биіктігіндей көтеріліп тұратын кез келген зат сутра бола алады, өйткені сахих хадистерде сутра ретінде аталатын ең кішкентай нәрсе ер-тоқым болып табылады. Ал: «Сендердің әрбірің намаз орындап жатқанда алдына бірдеңе қойсын. Егер қолайлы ешнәрсе таппаса, жерге таяқты қадай салсын. Ал егер ол таяқ таппаса, онда сызық сызсын, сонда оған алдынан өтетін ешкім зиян тигізбейді», – деген хадиске келер болсақ, ғалымдар бұл хадистің сенімді екендігінде пікірталасқа келген. Қазы ‘Ийәд былай деп айтатын: «Сутраның орнына сызық (сызуға) қатысты хадис жеткендігіне және оған Әхмәд ибн Ханбәл жүгінгеніне қарамастан, бұл жеткіліксіз, өйткені хадис әлсіз болып табылады». Имам ән-Нәуәуи «Шарх Муслим» еңбегінде былай деп жазған: “Абу Дауд келтіретін сызық туралы хадис әлсіз және шатасқан болып табылады». Шейх әл-Әлбани де осылай деген. “әт-Та‘лиқатуль-джияд” 1/83 қараңыз.

[7] Абу Хурайра былай деп баяндаған: “ Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) «Кітәптің Анасын» (әл-Фатиханы) оқып аяқтаған кезде,ол дауысын көтеретін және: «Әмин»!”- дейтін. әд-Дарақутни, әл-Хаким, Ибн Хиббан, әл-Байхақи. Хадис сахих. “ас-Сильсилә әс-сахиха” 464.

[8] Алайда, имам ешқашан “Әмин” деп айтпаса, немесе мұныіштей айтса, онда бұл жағдайда әл-Бухаридің жинағында (2/212) келтірілген мына хадиске сүйену керек: «Имам: “Гъайриль магъдуби ‘аләйхим уаләддааллин”, – дегеннен соң Әмин”, – деңдер».

[9] Тасбих бұл –“субхан-Аллах”, тахмид – “әлхамду ли-Лләх”, такбир – “Аллаху акбар” сөздері.

[10] Бір ғалымның екінші ғалыммен сөйлесу әдебіне назар аударыңыз. Абу Муса, өзі ғалым және пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабасы болғанына қарамастан, Ибн Мас‘удқа  алдымен оның пікірін білгісі келгенін айтады, яғни сол арқылы оның біліміне және адамдар арасындағы мәртебесіне лайықты құрмет көрсетеді. Және осындай қарым-қатынасты бір ғалым екінші ғалымға қатысты танытып жатса, онда білім талап етуші ғалымға қатысты қандай қатынаста болуы керек десеңізші? Күмән жоқ, білім иелеріне ол бұдан да көбірек кұрмет және сый көрсетіп, белгілі бір мәселе немесе жағдай бойынша ғалымдардың пікірін біліп алмайынша, олардың алдында өзінің пікірін ұсынбау керек.

[11] Яғни Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары.

[12] Бұл ұлы сөздерде маңызды ережелерге нұсқау бар: «Ықыласты ниет кесірлі жаман амалды дұрыс етпейді» және «Бұзақылыққа негізделген нәрсе – бұзақылық болып табылады».

[13] ‘Ади ибн Хатим былай деп баяндаған: Мен Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһтан өзге құдайлар етіп олар өздерінің діндарлары мен монахтарын алды» (әт-Тәубә 9: 31), – деген аятты оқығанын естігенмін. Мен оған: “Бірақ біз оларға құлшылық етпейтін едік ғой!» – дедім. Сонда Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Олар Аллаһтың халәл еткен нәрсесіне тыйым салмады ма, және сендер мұны харам демедіңдер ме, және олар сендерге харам нәрселерді халәл еткенде, сендер соны өздеріңе халәл етпедіңдер ма?» - деп сұрады. Мен: “Иә, – деп жауап бердім. Ал ол: «Міне осы оларға құлшылық ету» - деді. әт-Тирмизи 3094, әл-Бәйхақи 10/198,  Ибн Джәрир 16631. Имам Абу ‘Иса әт-Тирмизи, шейхуль-Ислам Ибн Тәймия және шейх әл-Әлбәни хадисті хасан деген.

[14] Яғни Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары.

[15] Адамдарды кепілдікке басып алу тыйым салынған амал екендігі туралы көптеген ғалымдар айтқан, олардың арасында шейх Ибн Баз, Ибн ‘Усаймин, Ибн Джибрин және басқалар бар. “Кәйфә ну‘алиджу уақи‘унә әл-алим”.

al-hanifiya.kz

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|