Quickribbon

«Манхадж» деген не? Дағуатты жүргізудің шариғи шарттары бар ма?

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

«Мәнһәдж» дегеніміз – мұсылманның бүкіл өмір салты. Ол сенім жүйесін (ақиданы), шариғат үкімдерін (фиқхты), мінез-құлықты (ахләқты) және адамдармен болған өзара қарым-қатынасты (муаммаләтты) қамтиды. Сондай-ақ, «мәнһәдж» сөзінің астарынан «жол», «Аллаһтың үкімдерін жер бетінде орнатудың әдісі» дегенді де түсінеміз. (“Ма’алим фил-мәнһәдж әт-таифәтил-мәнсура” 3-4)

Шейх Салих әл-Фаузанға «мәнһәдж» бен «‘ақида» ұғымдарының айырмашылығы жөнінде сұрақ қойылғанда, ол кісі:

«»Мәнһәдж» сөзінің мағынасы «ақида» сөзіне қарағанда ауқымдырақ ұғымда қолданылады. Мәнһәдж – мұсылманның ақидасын, іс-амалдарындағы жүгінетін басшылығын, мінез-құлығын, адамдармен болған өзара қарым-қатынасын, тіпті бүкіл ғұмырын қамтиды. Яғни, мұсылманның бұл дүниеде ұстанатын (ілесетін) жолы – «мәнһәдж» деп аталады! Ал «ақида» терминіне қелер болсақ, бұл сөздің астарынан иманның негіздерін және лә иләһә иллә-Ллаһ, Мухаммадур-расулу-Ллаһ куәлігінің мағынасын ғана түсінеміз. Демек, «ақида» сөзі осы ұғымдардың аясынан шықпайды», – деп жауап берген. (“әл-Әджуибә әл-муфида” 75)

WORD форматымен жүктеп алу (DOC)

Мәнһәдж сөзі Құран мен Сүннетте де аталып өтеді. Аллаһ Тағала былай дейді:

«Біз сендердің (пайғамбарлардың) әрқайсыңа шариғат пен мәнһәдж орнаттық» (Мәида сүресі, 48-аят).

Осы аятты  Ибн ‘Аббас: “яғни Суннет және жол”, – деп түсіндірген. (‘Абдур-Раззақ 1/187, әт-Табәри 6/175)

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):

[تكون النبوة فيكم ما شاء الله أن تكون ثم يرفعها الله إذا شاء أن يرفعها ثم تكون خلافة على منهاج النبوة فتكون ما شاء الله أن تكون ثم يرفعها الله إذا شاء أن يرفعها...] رواه أحمد 273 / 4

«Сендердің араларыңда, Аллаһ қанша қаласа – сонша (уақыт бойы) пайғамбарлық болады, кейін Аллаһ оны тәмәмдағысы келген кезде аяқтайды (тәмәмдайды). Содан кейін, Аллаһ қанша қаласа – сонша (уақыт бойы) пайғамбарлық манхаджына (жолына) сәйкес халифат басқаруы болады, кейін Аллаһ оны тәмәмдағысы келген кезде аяқтайды (тәмәмдайды)…», – деп айтқан. (Ахмад, әл-Баззар, ат-Табарани. Хадистің сахихтығын Хафиз әл-‘Ирақи және шейх әл-Әлбани растаған. (“әс-Силсилә әс-сахиха” 5)).

“Мәнһәдж” термині Ислам дінінің өте маңызды бөлігі болып табылатынынына қарамастан, кейбір діни сауаты төмен кісілер бұл сөзді қолданатын адамдардың үстінен: «Манхаджистер!» – деп мысқылдайды.

Ал, шындығында, бұл терминді Аллаһ Тағала және Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алғаш атап көрсеткен болатын. Аллаһ Тағала Өзінің елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мәнһәджына қайшы шығатындарға:

«Оның әміріне қайшы келетіндер өздеріне фитна келуден және ұлы азап келуден абай болсын!», – деп қатаң ескерту айтады. (Нұр сүресі, 63-аят)

Хафиз Ибн Касир: «Мұндағы «Пайғамбардың әмірі» деген сөз – оның жолы, мәнһәджы, сүннеті, шариғаты секілді ұғымды білдіреді», -  деген. (“Тафсир Ибн Касир” 4/356)

Кейбір мұсылмандар: «Исламға кез келген тәсілдермен шақыруға болады, ең бастысы – пайдасы болса болғаны», – деп ойлайды, сөйтіп олар пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) манхаджына қайшы келуде.

Олар тіпті: «Мақсатқа жеткізетін құралдардың кез-келгені ақталады!» деген Исламға еш қатысы жоқ ұранды қолданып жүр!

Алайда, әрбіріміздің Аллаһ Тағала жолына шақыру әрекетіміз жеке логикаға немесе өз ойымызбен өлшенген пайдаға емес, БІЛІМГЕ негізделуі тиіс. Сондықтан, Аллаһ Тағала өзінің Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын):

«Айт: «Менің жолым – осы. Мен және маған ергендер Аллаһқа ашық дәлелмен шақырамыз… »  (Юсуф 12: 108).

Имам әш-Шаукани бұл жөнінде: «Яғни анық дәлелге сүйеніп шақырамыз. Мұндағы «әл-басыйра» – ақиқат пен жалғанды ажырататын түсінік (ұғым), білім!» – деген. (“Фатхуль-Қадир” 1/298)

Шейх Ибн Қасим былай дейді: «Аллаһқа шақыруда (дағуатта) екі шарттың болуы қажет: біріншісі – шақыру тек Аллаһ үшін орындалу керек; екіншісі – шақыру Оның Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне сәйкес болуы керек. Бірінші шартты бұзған адам – мүшрик болды, ал екінші шартты бұзған адам – дінге жаңалық еңгізудің жақтаушысы болды!» ( “Хашия Китаб ат-таухид” 55).

‘Умар ибн әл-Хаттаб: “Сендер ең қорланған адамдар едіңдер, және Аллаһ сендерге Өзінің елшісін (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жіберіп, сендерді ұлықтады. Және сендер Оның елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жолынан  өзге қандай жолмен болсын ұлылыққа жетуге ұмтылсаңдар, Аллаһ сендерді қорлайды», – деген. (әл-Хаким 2/245, иснады сахих)

Умардың ұлылыққа тек Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) әдісіне ерген жағдайда ғана жетуге болатындығы жөніндегі сөздеріне көңіл бұрыңыз!

Имам Малик: “Бұл қауымның соңғылары осы қауымның алғышқылары жетістікке жеткеннен өзге нәрседе жетістікке жетпейді», – деп ақиқатты айтқан.  (“аш-Шифа” 2/676)

Дағуат әдіснамасындағы есіктер жабылған, және ешкім Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары қолданбаған дағуаттың қандай да бір әдістерін  ойдан шығарып қосуға  хақысы жоқ.

Бұған, сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Содан кейін, Аллаһ қанша қаласа – сонша (уақыт бойы) пайғамбарлық  манхаджына (жолына) сәйкес халифат басқаруы болады», -  деген өз сөздері де нұсқау болады.

Са’ид ибн Джубайр, Хасан әл-Басри және Суфьян әс-Саури: “Амалмен сәйкес келмеген сөздер қабыл болмайды. Және дұрыс ниетпен айтылған сөздер мен жасалған амалдардан өзге, кез-келген сөздер де, амалдар да қабыл болмайды. Және сүннетке сәйкес келетін сөздерден, амалдардан, ниеттерден басқа кез-келген сөз, амал, ниет қабыл емес”, – деген. (әл-Лялякаи: “И’тикъаду ахли-Ссунна” 1/57, Ибн аль-Джаузи: “Тальбису Иблис” 9, аз-Захаби: “Мизанул-и’тидаль” 1/90)

Шақырудың (дағуаттың) әдістері мен оның барысында қолданылатын құралдар арасында өте үлкен айырмашылық бар екенін атап өту керек. Дағуат әдістерінің мысалы ретінде қазіргі кезде кең таралған ислами нашидтерді, ислами фильмдер мен спектакльдерді, митингтер мен шерулерді атауға болады. Бұл әдістерді бұл үмметтің салиқалы алдыңғы буын өкілдері (сахабалар, табиғиндер, Сүннет пен келісім жолындағы имамдар және солардың жолымен ілесушілер) қолданбаған болатын. Ендеше, пайғамбарымыз, оның сахабалары, олардың ізбасарлары, ұлы имамдар мен олардың ізінен ілесуші алдыңғы салиқалы буын өкілдері қолданбаған  дағуаттың мұндай әдістері қалайша жақсы және дұрыс болмақ?!

Ал кітаптарға, кассеталарға, дискілерге, микрофондарға, тағыда басқа да сол сияқты заттарға келер болсақ, олар – дағуаттың таралуына ықпал ететін құралдар ғана, және оларды пайдаланудың айыбы жоқ.

Сондықтан да, дінге шақырудың (дағуаттың) әдістері мен шақыру барысында қолданылатын құралдар арасында өте үлкен айырмашылық бар екенін түсіну керек.

Және соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ.

al-hanifiya.kz

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|