Quickribbon

Джихад Исламның ұстыны болып табылады ма?

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

Әлемдерің Раббысы - Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммедке, оның отбасына, және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!

Содан кейін:

Көптеген мұсылмандар осы: «Джихад Исламның ұстыны болып табылады ма?» - деген сұрақты жиі қояды.

Бұған себеп джихадты, оның артықшылықтары себепті Исламның алтыншы ұстыны деп атаған кейбір имамдардың пікірі немесе «Джихад – Исламның шыңы» деп жазылудың орнына «Джихад – Исламның ұстыны» деп жазылып кеткен белгілі хадистердің қате аудармасы, немесе кейбір хадистердің бұрыс түсінігі болып табылады.

Ал шындығында, Исламның ұстындары тек бесеу, және джихад олардың қатарына кірмейді! Ибн ‘Умар былай деп баяндайды: “Мен Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Ислам бес ұстынға: Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ, және Мухаммед – Оның елшісі екендігі туралы куәлік беруге, намазды орындауға, зекетті төлеуге, қажылықты орындауға және рамазан айында ораза ұстауға негізделген», - деп айтқанын естідім». әл-Бухари 8, Муслим 16.

Және Пайғамбардың өзі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) джихадты Ислам ұстындарына қоспағанына қарамастан, осы хадистің жеткізушісі – сахаба Ибн ‘Умар анық және айқын түрде джихад Исламның ұстындарынан емес деп айтты!  Бірде бір кісі  Ибн ‘Умарға: “Сонда сен не, әскери жорықтарға шықпайсын ба?” – деген сұрақ қойды. Ибн ‘Умар оған: “Мен Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Исламның ұстыны бесеу», - дегенін естідім», - деп, кейін Исламның ұстындарын атап өтті. Муслим 1/54.

Сондай-ақ, Ибн ‘Умар Исламның ұстындары туралы айтқанда оған джихад туралы, «Ол – Исламның ұстыны болып табылады ма?» - деген сұрақ қойылды. Және ол: «Джихад – ол өте жақсы, бірақ бізге Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) осылай деп айтты», - деп жауап берді. Ахмад 2/26. Иснады хасан хадис.

Яғни Ибн ‘Умар  Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) джихадты Исламның ұстындарына қоспағанын айтты.

Қады ‘Ийяд былай деді: «Ибн ‘Умардың бұл сөздерінде джихад - фард ‘айн болып табылмайтындығына және ол Исламның ұстындарынан болып табылмайтындығына дәлел бар! Ақиқатында джихад – фард кифая!» См. “әл-Икмәл” 1/227.

Имам ән-Нәуәуи: “Ибн ‘Умардың сөздері ғазуа (әскери жорық) - фардуль-‘айн болып табылмайтындығына нұсқау болады, өйткені исламның ұстындары бесеу, және ғазуа олардың бірі болып табылмайды!” – деп айтты. Қараңыз “Шәрх Сахих Муслим” 1/179.

Әбуль-‘Аббәс әл-Қуртуби: “Міне осы бес ұстын - Ислам дінінің іргетасы құралған негіз. Және бізге тек осы бес ұстынның аталуы жетті, және олармен бірге джихад аталмады, ол дінді үстем етудің және кәпірлерді кемсітудің құралы болуына қарамастан, өйткені бұл бес ұстын қашан да фард болып қала береді, ал джихад фард кифая болып табылады, ол аз болса, кейбір жағдайларда джихад үзіледі!” Қараңыз  “әл-Муфхим” 1/168.

Әл-Қуртубидің тура осы сөздерін имам Ибн Дақиқ әл-‘Ид те, оған келіскен түрде жеткізеді. Қараңыз “Шәрху әрба’инә-Ннәуәуи” 48.

Хафиз Ибн Раджәб былай деп айтқан: Және Ибн ‘Умардың хадисінде (Исламның ұстындары туралы) джихад, ол ең жақсы амалдардан екендігіне қарамастан, аталмайды. қараңыз “Джәми’уль-‘улюми уәл-хикәм” 81.

Шейх Сафийю-Ррахман әл-Мубәракфури Ибн ‘Умардың сөздерін атап өткеннен кейін: Ақиқатында, әрбір адамға міндетті болып - Исламның ұстындарын орындау табылады, ал олар бесеу! – деді. Қараңыз  “Миннәтуль-мун’им шәрх Сахих Муслим” 1/64.

«Дінде ең бастысы бұл – Ислам, оның тірегі – намаз, ал шыңы – джихад» деген хадиске келер болсақ. Әхмәд 5/231, әт-Тирмизи 2616, Ибн МәджәҺ 3973. Хадис сахих.

Бұл хадисте джихад - исламның ұстыны деп аталып тұрған жоқ ғой, ал тек оның шыңы деп аталған!  Хафиз Ибн Раджәб, бұл хадис жөнінде былай деді: Алайда джихад исламның негізі және ұстыны болып табылмайды, және мұның екі себебі бар: Біріншісі – джихад, ғалымдардың көпшілігінің айтуы бойынша, бұл – фард кифая, бірақ фард ‘айн емес, Исламның ұстындарынан айырықша. Басқа себеп – джихад Ақыретке дейін үзіліссіз орындала бермейді. Және Иса (әлейһиссәләм) түскенде, ол кезде Исламнан басқа бір де бір дін қалмайды, және сол кезде соғыс өзінен жүгін тастайды және джихадта қажеттілік қалмайды. Исламның ұстындарына келер болсақ, олар иман келтіргендердің әрбіріне Аллаһтың әмірі (Ақырет) келгенше міндетті болады”. Қараңыз “Джәми’уль-‘улюми уәл-хикәм” 82.

(Является ли джихад столпом Ислама?)

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|