Мейірімді рахымды Аллаһтың атымен
Білім алу ғибадатың ең жақсы түрі болып табылатындығын және ол барлық басқа ғибадаттардан басым түсетінін пайғамбардың өзі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтатын. Хузәфәдан Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Білімнің артықшылығы ғибадаттың артықшылығынан жоғарылау ал діннің негізінде игі ар-намыстылық жатыр» - деп айтқаны жеткізіледі. Әл-Хаким, әл-Бәззар. Хадис сахих. «Сахих әл-джәми‘» 4214.
‘Али ибн Әбу Талиб былай деді : “Ғалым ораза ұстаушыдан, түнгі намазға тұрушыдан және мужжәхидтан жақсырақ”. Әд-Димьяты “әл-Матджуру-ррабих” 1/16.
әл-Әзди былай деп айтатын: “Бірде мен Ибн ‘Аббастан джихад жайлы сұрадым, ал ол маған: «Джихадтан жақсырақ болған нәрсе туралы саған айтып беруімді қаламайсын ба, не?» - деп сұрады. Мен: «Әрине (қалаймын)», - дедім. Сонда ол: «Мешіт сал және онда діннің міндеттерін (парыздарды), сүннеттерін және фиқхын оқыт». әл-Фәсауи “әл-Мә’рифа” 3/503, Ибн ‘Абдуль-бәрр «әл-Джәми’» 1/31.
Имам әз-Зухри: “Аллаһтың дінін түсінуден абзалрақ ғибадат жоқ”- деді. “Тухфәту талибиль-‘ильм” 24.
Хасан әл-Бәсри: “ғалымдардың сиялары шахидтердің қанынан салмақтылау болады!” Әл-‘аджлюни “Кәшфуль-хафә” 2/262.
Алайда, кейбір мұсылмандар бұл сөздерді Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) таңайды. Ал шындығында бұл сөздер Хасан әл-Бәсриге тиесілі, ал Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі сен сәлемі болсын) хадисі ретінде ол сенімсіз болып табылады. “әл-‘Иләл” 1/80, Ибн әл-Джәузи.
Сондықтан мұны хадис деп баяндауға болмайды, біріқ бұл сөздерді Хасан әл-Бәсриден жеткізу керек.
Тіпті Исламның тіректерінен кейін джихадтан абзалрақ ғибадат жоқ деген имам Әхмәдтың өзі де одан: «Бес жүз дирхамы бар адаммға ақшасын джихадқа жұмсағаныабзал ма, әлде оларды білім алуға жұмсағаны ма?» деп сұрағанда, ол: «Егер ол адам білімсіз болса, онда мен үшін білім алу абзалырақ» - деген. “Әл-әдабу-шшәр’ия” 2/40.
Бірақ, мұсылман еліне кәпірлер шабуыл жасаса және джихад фардуль-‘айн болса, онда ислам жерін қорғау мешітте немесе дәрісте отырып білім алудан маңыздырақ екеніне күмән жоқ. Өйткені әр ғибадаттың өзінің ең жақсы болған уақыты бар.
Бірақ, не жақсырақ: джихад па, әлде білім ба мәселесі туралы оның түп негізінде айтар болсақ, онда, күмәнсіз білім талап ету джихадтан артық болады! Әсіресе, адамдарда және қоғамда діннің ережелері туралы қарапайым білімнің болмауы кезінде!
(Что лучше, джихад или знания?)