Quickribbon

Фитналар кезінде және мұсылмандардың халифасы болмаған кезде не істеу керек?

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

Бірде Хузәйфәдан (Аллаһ оған разы болсын): «Қандай фитна ең жаман болып табылады?» - деп сұрағанда, Ол: Сенің алдыңда игілік пен жауыздық болып, сен қайсысын істеу абзал екендігін білмеген кезің! – деп жауап берді. Ибн ‘Абдуль-Барр “әл-Исти’аб” 1/335, Ибн әл-Асир “Асад әл-ғаба” 1/468.

Хузәйфә айтатын: «Әдетте адамдар Аллаһтың Елшісіне, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын болсын, игілік туралы сұрақтар қоятын еді, ал мен жамандық туралы сұрайтынмын, өйткені ол (жамандық) менің басыма түседі деп қауіптенетінмін. (Бірде) мен: «Йә, Аллаһтың Елшісі! Надандық кезінде біз ең нашар хәлде едік; кейін Аллаһ бізді осы игілікке жеткізді, ал осы игіліктен кейін жамандық қайта оралып келеді ме?» - деп сұрадым.  Ол: «Ия», - деп жауап берді.  Мен: «Ал сол жамандықтан кейін игілік қайта оралып келеді ма?» - деп сұрадым. Ол: «Ия, бірақ онда бір кемшілік болады», - деп жауап берді. Мен: «Оның кемшілігі не нәрседе болады?» - деп сұрадым. Ол: «Басқаларды мен басқаратынымнан өзгеше басқаратын адамдар пайда болады, және сендер олардың істерін көресіңдер және оларды тәрк етесіңдер», - деді. Мен: «Сол игіліктен кейін қандай да бір жамандық келеді ма?» - деп сұрадым. Ол: «Ия, тозақтың қақпаларына шақырушылар (пайда болады), және (олардың шақыруына) жауап бергенді олар оған (тозаққа) тастатады», - деді. Мен: «Я, Аллаһтың Елшісі, бізге оларды сипаттап бер», - деп сұрадым. Ол: «Ия. (Олар) біздің халқымыздың адамдарынан (болады) және біздің тілімізбен сөйлейді», - деді. Мен: «Я, Аллаһтың Елшісі! Менің өмір сүруімнің тұсында осылар орын алса, (мен не істеуім керек) деп ойлайсың?» - деп сұрадым. Ол: «(Шынайы) мұсылмандардың әл-жамаасынан және олардың әмірінен кетпей ұстан», - деді. Мен: «Ал олардың ішінде (осындай) әл-жамаа да, әмір де болмаса ше?» - деп сұрадым. Ол: «Онда ол топтардың  барлығынан алшақ бол, тіпті талдың тамырына тістеріңмен қатты жабысып алып, өлгеніңе дейін осындай жағдайда қалуға тура келсе де!» - деді». әл-Бухари 3606, Муслим 1847.

Осы хадистің имам Табәрани жеткізген риуаятында Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтты: «Егер сен халифаны көрсең, оған ілес, тіпті ол сені арқаңнан ұрса да! Егер халиф болмаса, онда қаш!» Қараңыз “Фатхуль-Бари” 14/321.

Ал бұл хадистің имам Ибн Мәжжәһ келтірген нұсқасында: «Және өлу сен үшін солардың біреуіне ілескеннен жақсы болады!» - деп айтылады. Қараңыз “Фатхуль-Бари” 14/322.

Имам әл-Бухари өзінің Сахихындағы осы хадисті келтірген тарауды «Әл-жәмәа болмайтын кезде іс қалай болмақ?» деп атаған.

Хафиз Ибн Хаджәр бұл сөздерге қатысты былай деп айтты: “Яғни мұсылман осындай келіспеушіліктердің  және бір халифаның төңірегінде бірлік жоқ кезінде не істеуі керек”. Қараңыз “Фатхуль-Бари” 14/321.

Имам Бәдруддин әл-‘Айни былай деп айтты: «Бұл тарауда мұсылман келіспеушіліктер мен фитна кезінде, егер халифтың төңірегіне жиналған әл-жәмәа болмаса, не ол оны таппаса, не істеуі керектігі жайлы айтады. Егер келіспеушіліктер басталып және халиф болмаса, онда мұсылман адам халифаның төңірегінде бірлік болғанға дейін не істеуі керек? Бұл тараудағы хадис мұндай жағдайда ол барлық адамдардан сақтануы керек, тіпті бұл үшін ол өзіне өлім келіп жеткенше талдың тамырынан ұстап алу керек болса да, деп осыны түсіндіріп береді. Және әртүрлі көзқарастардың себебінен жағдайдың бұзылуынан, қарама-қайшы әуес-қалаулардан қашқақтау үшін осылай істеу ол үшін, әмірі жоқ топқа кіруден жақсы болады». Қараңыз  «‘Умдатуль-қари» 24/288.

Имам әл-Бәйдәуи былай деп айтты: “Хадистің мағынасы – егер жер бетінде халифа болмаса, онда саған оңашалану және бұл ауыр уақытта сабр таныту керек болады!”

Имам әт-Табари былай деп айтты: “Бұл хадисте адамдарда халифа болмай, олар партияларға бөлінген кезде, жамандыққа түсіп қалмау үшін, олардың ешқайсысына ілеспей, мүмкіндік болса баршадан сырт қалу керектігіне нұсқау бар!” Қараңыз “Фатхуль-Бари” 14/323.

Имам Ибн Баттәл: Егер мұсылмандарда әмір болмаса және олар жіктерге бөлінсе, онда Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұйырғандарына ілесіп, олардың барлығынан сырт қалу - уәжіп болып табылады!” – деп айтқан. Қараңыз “Шәрх Сахих әл-Бухари” 10/36.

Имам Әбуль-‘Аббас әл-Қуртуби «ол топтардың барлығынан алшақ бол» деген сөздерге қатысты былай деген: Бұл – фитна кезінде оңашалану бұйрығына нұсқайды, және бұл әмір міндетті сипатта болады, өйткені, осыйлайша істеуден өзгеше өз дініңді сақтап қалу мүмкін болмай қалады! Және осы топтардан сырт қалу, бытыраңқылықтың себебінен билік жүргізуі толыққанды болмағандардың қатарына кіруден бас тартқандық үшін, ғибадат болып табылады”. Қараңыз “әл-Муфхим” 4/58.

Шейх әл-Әлбани бұл хадис туралы былай деп айтты: “Бұл хадисте – егер мұсылман хадисте айтылған осындай жағдайға тап болса, ол, ант берілген әмір басқаратын жәмәа болғанша, қандай да бір партияға кермеуі қажет және қандай да бір жәмәғатпен немесе топпен бірге болмауы керек екендігіне нұсқау бар!” Қараңыз “әд-Дауә илә-Ллах” 98.

Шейх Сафийю-Ррахман әл-Мубәракфури былай деп айтты: “Яғни билік жасауды өзіне шақырғандардан сақ бол. Және бұл хадисте кез-келген ағымдардан және саяси топтардан қашықтау - міндетті (уәжіп) болатынына нұсқау бар”. Қараңыз “Миннәтуль-мун’им фи шәрх Сахих Муслим” 3/260.

Йә, мұсылмандар, бұл ұлы хадиске және оған қатысты ғалымдардың айтқан сөздеріне назар аударыңыздар!

Және бұл – осыған ұқсас жағдайларға қатысты айтылған жалғыз хадис емес:

‘Абдуллаһ ибн ‘Амр, бірде өз сахабаларының арасында отырған Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) фитна туралы ескертіп, былай дегені туралы баяндайды: «Сендер адамдардың келісім-шарттарды бұзып жатқандығын, сенімді жоғалтқандығын және мынандай болғандығын көрсеңдер», - осыдан кейін Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) саусақтарын өрді. Сонда ‘Абдуллаһ тұрып, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жанына келді де, одан: “Сондай кезде мен не істейін?!” – деп сұрады. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтты: «Өзіңнің үйіңде бол, тіліңді тарт, білетін нәрсеңді істе  және сөгетін нәрсеңді таста. Және жалпыға қатысты істерді тастап, өзіңмен байланысты болғаннан ұстан!» Әхмәд 2/212, Әбу Дауд 4342, Ибн Мәжжәһ 3957, әл-Хаким 4/525. Бұл хадистің сахихтығын әл-Хаким, әл-Мунзири, әл-‘Ирақи, әз-Захаби, әл-Мунәуи, Әхмәд Шәкир, әл-Әлбәни және Шу’айб әл-Арнаут растаған.

Йә, мұсылмандар! Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) фитна кезіне тиісті осы әмірлеріне әсіресе жалпыға қатысты істерді тастау әміріне назар аударыңдар!

Имам әл-Мунәуи осы хадистің бір нұсқасына жасаған шархында былай деп айтты: «Адамдарды көрсең» деген сөздері - яғни сен оларды көріп үлгерсең. «Келісім-шарттары бұзылуға келген» деген сөздер – яғни шатысып-бытысып ретсіздікке келеді, олардың діндарлығы және (Аллаһтың және адамдардың алдындағы міндеттіліктерін орындаудағы) сенімділігі әлсірейді.

Келісім-шарт бұл – ант, қауіпсіздік, борыш (жауапкершілік), бұзуға болмайтын нәрселерді қорғау және қамқорлыққа алу.

Сатқындықтың кереғарлығы болған  берілгендікті, «сенімділікті жоғалтады».

«Содан кейін Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) саусақтарын өрді» - яғни адамдар, сенімдіні сатқыннан, ізгіні бұзақыдан ажырату мүмкін болмайтындай, араласып кетеді, және олардың діні абдырауға келеді.

«Өзіңнің үйіңде бол» - яғни барлық адамдардан қашықта, және, бұған қажеттілік болған жағдайлардан өзге кезде, олардан бекін.

«Тіліңді тарт» - яғни оны сақта және оған бақылау жаса, және одан өзіңе пайда келтіретіннен өзге нәрсе шықпасын. Немесе, бұл сөздердің мағынасы – тіліңді саған қатысы жоқ нәрселерден тарт (тый).

Тіл, басқа мүшелердің қатарынан ерекшеленді, өйткені барлық мүшелер оған бағынады, егер ол дұрыс болса – онда қалған мүшелер дұрыс болады, егер ол қисайса – онда қалған мүшелер де қисаяды.

Діннің ережелерінен «білетін нәрсеңді істе». Яғни оған қытысты өзіңде «бұл – ақиқат» - деген білім болған, саған дүниеде де, ақыретте де пайда әкелетін нәрсені істе.

Адамдар істеп жатқандардың ішінен шариғатқа қайшы келетін «сөгетін нәрсеңді таста», және өзіңнің жүрегіңмен Аллаһ оларды қалайша басқарып жатқанына қара. Ақиқатында, Ол, адамдардың арасында олардың ризығын бөліп үлестіргендей, игі адамгершілік сипаттарды да бөліп үлестірді, және Ол қаласа, оларды бір бейнемен және кейіппен жаратар еді. Міне сондықтан, Аллаһ Тағала олардың арасын басқаруына қырағылықпен қара, және сен Аллаһ сенен бұрып алып кеткен Оған деген мойынсынбаушылықты көрсең, Аллаһқа мадақ айт. Жұмсақ түрде, сабырлылықпен және байсалдылықпен жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтар, және егер сенен насихатты қабылдаса, Аллаһқа мадақ айт, ал егер сен осыны істемесең, бұл кемістігің үшің Одан кешірім тіле «және өзіңе келген барлық нәрсені сабырлықпен көтер. Ақиқатында, бұл істерде батылдық таныту керек» (31:17).

«Ең әуелі өзіңнің қамыңды ойла», өзіңе қатысты болған нәрсемен айланыс және өзіңнің дініңнен  ұстан, адамдарды таста да, оларға ілеспе.

«Жалпыға қатысты істерді тастап» - барлық адамдарды таста. Және егер сенің қайтарып-сөгуің айыпталатын нәрсені, ол барлық адамдарды қамтып алғаны, немесе осы айыпталатын нәрсені істеушінің үстемдік етуі себепті, өзгерте алмауы иқтимал болып тұрса, немесе сен өзің үшін қорқсаң, онда сен – айыпталатын нәрсені тек жүрекпен ғана жек көріп, оны өзгертуді тастай алатындардансын! Және осыда ең жаман адамдардың саны көбейіп, ізгілердің саны азайған кезде айыпталатын нәрсені өзгертуге деген жеңілдік бар!” Қараңыз “Файдуль-Қадир” 626.

Шейх ‘Али ибн Әдам әл-Асьюби: «Кім (мұсылман әміріне) мойынсынудан және әл-жәмәадан шығып, өлсе, ол жәхилиет өлімімен өледі!» Муслим, 1848, - хадисіне жасаған шархында былай дейді: «Бұл - мұсылмандарда әл-жәмәа және әмір бар болған, және ол (адам), олармен бірге болуға мүмкіндігі болғанына қарамастан, оларды тастап кеткен жағдайға қатысты. Ал, мұсылмандарда бірлік болмаған, одан тыс олардың арасында тәртіпсіздікпен анархия кезіне келер болсақ, ол ешнәрсе істеуге міндетті емес. Керісінше, жалпыға қатысты істерді тастап, өзінің үйінде болып, өз-өзімен айналыссын!» Қараңыз “Шәрх Сунан ән-Нәсәи” 32/118.

Және ең соңында әлемдерің Раббысы  - Аллаһқа мадақ!

www.salaf-forum.ru

(Что следует делать во времена смут, и когда нет халифа мусульман?)

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|