Quickribbon

Фитналар кезінде және мұсылмандардың халифасы болмаған кезде не істеу керек?’

Фитналар кезінде және мұсылмандардың халифасы болмаған кезде не істеу керек?

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

Бірде Хузәйфәдан (Аллаһ оған разы болсын): «Қандай фитна ең жаман болып табылады?» - деп сұрағанда, Ол: Сенің алдыңда игілік пен жауыздық болып, сен қайсысын істеу абзал екендігін білмеген кезің! – деп жауап берді. Ибн ‘Абдуль-Барр “әл-Исти’аб” 1/335, Ибн әл-Асир “Асад әл-ғаба” 1/468.

Хузәйфә айтатын: «Әдетте адамдар Аллаһтың Елшісіне, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын болсын, игілік туралы сұрақтар қоятын еді, ал мен жамандық туралы сұрайтынмын, өйткені ол (жамандық) менің басыма түседі деп қауіптенетінмін. (Бірде) мен: «Йә, Аллаһтың Елшісі! Надандық кезінде біз ең нашар хәлде едік; кейін Аллаһ бізді осы игілікке жеткізді, ал осы игіліктен кейін жамандық қайта оралып келеді ме?» - деп сұрадым.  Ол: «Ия», - деп жауап берді.  Мен: «Ал сол жамандықтан кейін игілік қайта оралып келеді ма?» - деп сұрадым. Ол: «Ия, бірақ онда бір кемшілік болады», - деп жауап берді. Мен: «Оның кемшілігі не нәрседе болады?» - деп сұрадым. Ол: «Басқаларды мен басқаратынымнан өзгеше басқаратын адамдар пайда болады, және сендер олардың істерін көресіңдер және оларды тәрк етесіңдер», - деді. Мен: «Сол игіліктен кейін қандай да бір жамандық келеді ма?» - деп сұрадым. Ол: «Ия, тозақтың қақпаларына шақырушылар (пайда болады), және (олардың шақыруына) жауап бергенді олар оған (тозаққа) тастатады», - деді. Мен: «Я, Аллаһтың Елшісі, бізге оларды сипаттап бер», - деп сұрадым. Ол: «Ия. (Олар) біздің халқымыздың адамдарынан (болады) және біздің тілімізбен сөйлейді», - деді. Мен: «Я, Аллаһтың Елшісі! Менің өмір сүруімнің тұсында осылар орын алса, (мен не істеуім керек) деп ойлайсың?» - деп сұрадым. Ол: «(Шынайы) мұсылмандардың әл-жамаасынан және олардың әмірінен кетпей ұстан», - деді. Мен: «Ал олардың ішінде (осындай) әл-жамаа да, әмір де болмаса ше?» - деп сұрадым. Ол: «Онда ол топтардың  барлығынан алшақ бол, тіпті талдың тамырына тістеріңмен қатты жабысып алып, өлгеніңе дейін осындай жағдайда қалуға тура келсе де!» - деді». әл-Бухари 3606, Муслим 1847. Читать далее… »

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад | Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|