Quickribbon

Ислам үмметіндегі бүлік-фитналардың және бөлінудің себептері

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

Біз Өзін ғана мадақтайтын және Өзінен ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Біз Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына куәлік береміз, және Мухаммад – Аллаһтың құлы және Оның Елшісі екеніне куәлік береміз.

Содан соң:

Ақиқатында, ең жақсы сөз бұл – Аллаһтың Кітабы, ал ең жақсы жол – бұл Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жолы. Ал ең жаман амалдар бұл – бидғаттар, әрбір бидғат бұл – адасушылық, ал әрбір адасушылық – Тозақта.

Түрлі идеологиялар мен ағымдардың саны күрт көбейіп, және мұсылмандардың көзқарастары мен сенімдері бөлініп кеткен біздің заманымызда, олардың көбі не істеу және кімді тыңдау керектігін білмей, абдырауға түсіп жүр.

Бұл сынақтардың барлығы – Аллаһ Тағаланың ұлы ойы екендігіне және олар арқылы Ол Өзінің құлдарын тексеріп жатқан екендігіне ешбір күмән жоқ. Және бұл жөнінде Пайғамбар да (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, сендерден кім көп өмір сүрсе көптеген келіспеушіліктерді көреді!» - деп алдын ала хабарлаған болатын. Әбу Дауд 4607, әт-Тирмизи 2676, Ибн Мәжжәһ 42. Хадис сахих.

Біреу Аллаһтың көрсеткен мейірімінің арқасында мұндай жағдайларда не істеу керектігін біледі, ал біреу білмей, жиі жағдайда Исламды тастауға дейін алып келетін адасушылыққа түседі, Аллаһ бізді одан сақтасын!

Мұсылмандар келіспеушіліктер - олардың әлсіздігінің себебі болып табылатындығын ұмытып, өара тартысқа түсіп, бір-бірімен соғысып, бір-бірін күпірлікте айыптап жатыр. Аллаһ Тағала бұл жөнінде: «Аллаһқа әрі Елшісіне бой ұсыныңдар, өзара жанжалдаспаңдар, әйтпесе рухтарың түсіп, қуаттарыңнан арыласыңдар!» - деп айтқанындай. (әл-Әнфәл 8: 46)

Бірақ, сондай-ақ, Аллаһ Тағала кез-келген қиын жағдайдан шығуға және Ақырет жақындаған сайын көбее беретінін сынақтарға қалайша төтеп беруге нұсқағандығына да күмән жоқ. Алайда, бұл проблемаларды шешу үшін, олардың қайнар көзін табу керек.

Мұсылман үмметінің жағдайын, немесе ең болмағанда өзіміздің жағдайымызды түзетуге талпыныс жасау үшін, біз Ислам үмметіндегі бүліктің (фитнаның) себебі не екендігін білуіміз қажет. Шүбәсіз, бұл көздерді танысақ, біз бұл бүлік-фитналарды емдеу тәсілдері туралы да білеміз.

Егер орын алып жатқан, аһлю-Суннә ішінде болуға тұрмайтын бүлік-фитналар мен келіспеушіліктерді зерделеп қарасақ, олардың себептері төмендегідей екенін көре аламыз:

1. Кесірлі сенімдердің және күнәлардың таралуы

Барлық проблемалардың қайнар көзі болып – бірінші кезекте күнәларға батқан мұсылмандардың өздері болып табылады, ал олардың (күнәләрдың) ең үлкендері – кесірлі сенімдер.

Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Бастарыңа келген кез-келген апат қолдарыңмен істегендеріңнің салдарынан болады. Және де Аллаһ көбін кешіп жібереді!» (әш-Шура 42: 30).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деп айтады: «Саған келер барлық жақсылық - Аллаһтан. Ал басыңа келген барлық жамандық – сенің өзіңнен!» (ән-Нисә 4: 79).

Әс-Судди, Хасан әл-Бәсри, Ибн Джурайдж, Ибн Зәйд деген имамдар: «сенің өзіңнен» деген сөз, «сенің күнәларыңнан» дегенді білдіреді деген.  Сондай-ақ, Қатада былай деді: Сенің жазаң, йә, Адам баласы – сенің күнәң!” Қараңыз  “Тафсир Ибн Касира” 1/517.

Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Осылайша, залымдардың істегендері себепті оларды бірін-біріне үстем қыламыз». (әл-Ән’ам 6: 129).

Бұл аятқа қатысты Қатада былай деп айтатын: “Ақиқатында, Аллаһ адамдардың үстінен билікті олардың амалдарына сәйкес береді! Мүмин мүминге билік етеді, ал кәпір кәпірге билік етеді!” Қараңыз “Тәфсир Ибн Кәсир” 2/446.

Мәнсур ибн Әбиль-Асуәд былай деп баяндайтын: «Мен А’маштан: «Осылайша залымдардың істегендері себепті бірін-біріне үстем қыламыз!» деген аят туралы: «Сен бұл аят жөнінде айтылған (нәрселер) туралы не айта аласың?!»- деп сұрадым. Ол: «Мен бұл жөнінде: «Егер адамдар бұзылса, онда олардың үстінен билік ең жамандарына беріледі!» - дегенді естідім», - деп жауап берді». Қараңыз «Тәфсир әд-Дурруль-мәнсур» 3/358.

Міне - түрлі күнәлардың салдары, шейхуль-Ислам Ибн Тәймия олар жөнінде: “Егер мұсылмандарда әлсіздік болса, немесе олар әлжуаз болса, ал дұшпандар оларға үстемдік етсе, бұл – олардың күнәларының кесірінен!” – деп айтқанынадай. Қараңыз “Джәуәбу-ссахих” 6/450.

Неліктен біз осы жөнінде ойланбаймыз да, өзіміз туралы ұмытып, барлық нәрселер үшін араб елдерінің әмірлерін және басқыншы кәпірлерді айыптаймыз?!

2. Түрлі партиялар мен жамағаттарды құру

Мухаддис шейх Муқбиль: Ақиқатында, мұсылмандардың сан алуан жамағаттарға бөлінуі – бұл ғасырдың бидғаты болып табылады! – деп айтатын. Қараңыз “әл-Әсиләтуль-Йәмәния” 73.

Сондай-ақ, шейх ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббәд былай деді: Бұл – сан алуан, бір біріне қарама-қайшы келетін топтардың барлығы, жаңадан ойлап табылған болып табылады, (олар) осы ғасырда пайда болған (және) алдын болмаған!” Қараңыз “Мәджму’у фәтауә ‘уләмәи-Ссуннә әс-садыра фи-ттахзири минәл-джама’ати уәл-фирақ уәл-әхзабиль-му’асыра” 69.

Әрқайсысының өз идеялары мен әдістері бар түрлі жамағаттарды құру сияқты осы ғасырдың бидғаты – ислам үмметіндегі фитна-бүліктердің себебі болып табылатындығына күмән жоқ! Бұл жөнінде шейх Бәкр Әбу Зәйдтың «Хукм әл-интимә иләл-джәмәат уәл-фирақ» кітабын мұқият қараңыз.

3. Білімнің болмауы және білімсіз амал жасау

Бұл да, сондай-ақ, ислам үмметіндегі апатттар мен проблемалардың себебі болып табылады. Амалдарды, әсіресе тек сенімен Раббыңа ғана емес, бүкіл мұсылман үмметіне де қатысты -   дінге шақыру, джихад, жамандықтан қайтару және с.с. маңызды мәселелерді білімге сәйкес орындау кажет! Барлық нәрсені тек білімге сәйкес орындаған Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары дәл осылай істейтін, бұл жөнінде АллаһТағала былай деп айтқандай: «Менің жолым - осы. Мен және маған ілесушілер сендерді Аллаһқа білімге сүйеніп шақырамыз», - де» (Юсуф 12: 108).

Имам әш-Шаукани былай деді: “Яғни айқын дәлелге сәйкес шақырамыз. Әл-Бәсыйра - бұл ақақатты жалғаннан ажырататын түсінік, білім!” Қараңыз “Фәтхуль-Қадир” 1/298.

Ибн әл-Қайим былай деді: “Білім – амалдың басқарушысы (әл-‘ильму имәмуль-‘амәл), ал амалдар – білімнің ілесушілері және оның жетегіндегілер”.

Ол сондай-ақ: “Білім жетекшілік етпеген кез-келген амал оны жасаушыға пайда бермейді. Керісінше, ол, бұл жөнінде кейбір саләфтар айтқандай, оған зиян келтіреді», - деген.

Ол тағы былай деген: “Амалдар, білімге сәйкес, немесе оған қайшы болуына байланысты қабыл болады немесе қайтарылады. Білімге сәйкес болған амалдар қабыл болады, ал оған қайшы болғандары – қайтарылады”. Қараңыз “Мифтәху дәри-сса’адә” 83.

‘Али ибн Әбу Талиб: “Білімсіз жасалған ғибадатта қайыр жоқ, және дұрыс түсінік болмаған білімде де қайыр жоқ!” – деп айтатын. Әбу Хайсамә “Китәбуль-‘ильм” 144, әл-Әджурри “Ахләқуль-‘уләмә” 45. Иснады сахих.

Ал ‘Умар ибн ‘Абдуль-‘Aзиз былай деді: Аллаһқа білімсіз ғибадат етуші пайдаға қарағанда көбірек зиян келтіреді”. Әхмәд “әз-Зухд” 365, иснады сахих.

Нендей  ұлы сөздер, Аллаһ оған рақым етсін, біз осыған қаншалықты жиі куә болудамыз!

Дін туралы білімсіз сөйлеу өте жиі жағдайларда қандай да бір мәселеде о баста орын алмауы  мүмкін болған келіспеушіліктерге әкеп соғады! Ғалымдар былай деп айтады: “Егер білімге ие болмаған (адам) сөйлеуін тоқтатқанда, келіспеушіліктер жойылар еді!” Қараңыз “әл-Ләтаиф” 41.

4. Дінді бұрыс түсіну және түсіндіру

Ислам үмметінде жамандықтардың таралуының себебі болып, сондай-ақ, дінді бұрыс түсіну табылады, ал бұл, өз кезегінде, Исламдағы саналуан секталардың пайда болуына әкелді. Ибн әл-Қайим: Кітап иелері арасындағы бөлінудің және мұсылмандар арасында жетпіс үш топқа бөлінудің себебі – бұрыс түсіндерме жасау болып табылады, - деген. Қараңыз “И’ләмуль-мууәкқи’ин” 4/308.

Адамдар дінді олардың басшылығында Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары болған біздің үмметіміздің саләфтары түсінгендей етіп түсінуге жүгінбей ұғынғысы келеді. Көптеген мұсылмандар өздерінің Құран мен Сүннетке ілесіп жатқандығын айтады, алайда олар тағы да бір маңызды болған шартқа: Құран мен Сүннетті, мұны әрбір адам өзі түсіне алатындай немесе түсіңгісі келетіндей етіп емес, саләфтар түсінгендей түсіну қажеттілігін естен шығарады. Мұны Аллаһ және оның Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) талап етеді.  Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Ал біреу, өзіне тура жол айқындалғаннан кейін, Пайғамбарға қарсы шықса, сондай-ақ мүміндердің жолынан басқа жол іздесе, оны бұрылған жағына бұрамыз да, Тозаққа саламыз. Ол - нендей жаман орын!» (ән-Нисә 4: 115).

Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Менің үмметім жетпіс үш ағымға бөлінеді. Жетпіс екісі – Отта, ал біреуі – Жәннәтта!» - деді. Сахабалар: «Олар – кімдер?!» - деді. Бұған Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Олар - мен және менің сахабаларым ілескен нәрсеге ергендер», – деді. Әхмәд 4/102, Әбу Дауд 2/503, әт-Тирмизи 3/367, Ибн Мәжжәһ 2/479. Хадистің сахихтығын шейхуль-Ислам Ибн Таймия, хафиз әл-‘Ирақи және шейх әл-Әлбәни растаған.

Сондай-ақ, Ибн ‘Аббастың (Аллаһ оған разы болсын) хауәриждермен болған пікірталасы туралы келеген деректе, Ибн ‘Аббас оларға: “Мен сендерге Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларынан – мухажирлер мен ансарлардан және оның көкесінің баласынан (‘Алиден) келіп тұрмын. Құран оларға түсірілген еді, және олар оның мағынасын сендерден жақсы біледі, ал сендердің араларыңда олардың біреуі де жоқ!” – деп айтқаны жеткізіледі. Әхмәд 1/621, әл-Хаким 2/150. Иснады сахих.

Ал Аллаһтың дінін өзінше тәпсірлейтіндерге келер болсақ, олар терең адасушыққа түсті және опат болудың ернеуінде тұр.

Имам әл-Хатыб әл-Бағдади: “Білім бұл – дұрыс түсінік және хабардар болу, бірақ, ол - көптеген деректер мен жаттаулар емес!» – деп айтатын. Қараңыз «әл-Джәми’» 2/174.

Имам аз-Захаби былай деді: Білім – бұл саны көп деректер емес, ол – Аллаһ жүрекке салатын нұр, және оның шарты  - (осы білімдерге) ілесу және өз әуес-қалауларың мен жаңалықтардан (бидғаттардан) қашу. Қараңыз “әс-Сияр” 13/323.

Расында да, дінді дұрыс түсіну – Аллаһ Тағала осыған ұмтылатын Өзінің ықыласты құлдарына ғана беретін ұлы нығмет. Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Расында, Біз Құранды зікір ету үшін оңай еттік. Бірақ, зікір етушілер бар ма?» (әл-Қамәр 54: 17).

5. Әуес-қалаулардың соңынан ілесу

Бұл - адасушылыққа алып баратын негізгі себептердің бірі болып табылады. Әбу Умәмадан Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: Үш нәрсе опат болып табылады: бағынатын сараңдық; ізінен ілесетін әуес қалау; адамның өз өзіне таңарқауы». әт-Табәрани 54/52, әл-Қада’и 325. Шейх әл-Әлбәни хадисті сахиих деді.

Тек екі  басшылық бар олар: білім және әуес-қалау, және олардың үшіншісі жоқ! Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Аллаһтың басшылығынсыз өз қалауларына ергеннен кім артығырақ адасушы болып табылады?» (әл-Қасас 28: 50).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деп айтады: «Ақиқатында, көбісі білімге ие болмай, өз әуестерімен адасушылыққа кіргізеді». (әл-Ан’ам 5: 119).

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия: “Білімнің соңынан ілеспеген ірбіреу әуес қалаудың соңынан ілеседі!” деп айтатын. Қараңыз “әл-Әмру биль-ма’руф” 37.

Ендеше, біздің әрқайсымыз ненің соңына  ілесетініміз жайлы шешім шығарайық!

Ибн әл-Қайим былай деді: Аллаһ амалдарды екі түрге бөлді, және ұшіншісі жоқ. Не Аллаһтан және Оның Елшісінен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) келгеннің ізінен ілесу, не болмаса әуес-қалаудың ізінен.  Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) алып келмеген кез-келген нәрсе - әуес қалау болып табылады”. Қараңыз “И’лямуль-мууәкқи’ин” 1/81.

Бұл, сондай-ақ – «Істеп жатқан қандай да бір істе қиындықтардың болуы осы істің дұрыс және Аллаһқа ұнамды екендігін және ол - қалауға ілесу болып табылмайтынын растайды!» - дейтіндердің пікірін әшкерелеу болып табылады! Құдыретті және Ұлы Аллаһ былай деді: «Ол - сендерді сынау үшін және кімнің амалдары жақсы екендігін көру үшін өлім мен өмірді жаратқан (Аллаһ)». (әл-Мульк 67: 2).

Хафиз Ибн Кәсир: Аллаһ Тағала: «…кімнің амалдары жақысы болатынын», деді, және ол: «кімнің амалдары көп болатынын», - деген жоқ. Қараңыз “Тафсир Ибн Кәсир” 4/248.

Сондай-ақ, имам әл-Фудайль ибн ‘Ийяд бұл аятқа қатысты былай деді: Бұл - кімнің амалдары дұрыс және ықыласты болады дегенді білдіреді. Одан: «Ал, ықыласты және дұрыс деген нені білдіреді?» - деп сұрағанда, ол: «Ақиқатында, егер амалдар ықыласты болып, бірақ дұрыс болмаса - олар қабыл болмайды, және егер амалдар дұрыс болып, бірақ ықыласты болмаса - олар ықыласты және дұрыс болмайынша, қабыл болмайды. Ықылысты болып Аллаһ үшін орындалатын (нәрсе) табылады, ал дұрыс болып Сүннетке сәйкес болған (нәрсе) табылады”. Әбу Ну’айм  “әл-Хилья” 8/95.

Және ықыласты ниет кесірлі амалды дұрыс етпейді деген шариғат қағидасын білу керек!

Ал өздерінің әуес-қалауларына ілескен және тек өздерінің идеяларына сәйкес келетін нәрселермен ғана шектелетін адамдарға келер болсақ, бұл - оларға Аллаһ Тағаланың дінін тануға мүмкіндік бермейтін тәкәппәрлық болып табылады. Аллаһ Тағала былай деді: «Жер бетінде еш құқықсыз тәккәппарлыққа салынғандарды Мен Өзімнің аяттарымнан беттерін кері қаратамын». (әл-А’раф 7: 146).

Суфьян ибн Уәйнә былай деді: “Бұл сөздердің мағынасы - Аллаһ мұндай адамдардан Құранды түсіну қабілетін алып қояды”. Ибн Әбу Хатим 2/239.

Имам әз-Зарқаши: Жүрегінде бидғат, әуес-қалау, дүниеге деген махаббат, күнәларда тіресіп тұрып алу, немесе өзі оны күшейтуге тырыспайтын иманның әлсіздігі бар, немесе білімі жоқ, немесе өзінің ақылымен жеткен нәрсесін ғана қолданатын тәпсіршіге сүйенетін адамға Құранның мағынасы және оның құпиялары ашылмайды. Мұның барлығы (білім алуға деген) бөгеттер, және олардың біреулері басқаларынан бекемдеу болып келеді”. Қараңыз “Тәфсир әс-Суюты” 1/81.

Бізді бұдан Аллаһ сақтасын! Біз қаншалықты жиі ақиқатты сөйлейтін, бірақ кейіннен қарапайым ақиқатты көре алмай, және кезінде өзі түсіндіріп жүрген нәрселерді түсінбей, оған қарама қайшы нәрсені айта бастаған адамдарды көрдік.

Әрбір мұсылман бірнәрсеге ілесуден бұрын, осы мәселені зерттеп шығуы керек, және ол бір нәрсені айтудан бұрын бұл мәселенің діндегі шынайы үкімін білуі керек. Әһлю Суннә уәл жәмәа өзіне сенімді алудан бұрын алдын дәлелдерге қарайды, ал бидғаттарды және өздерінің әуес- қалауларының жақтаушылары алдын өздеріне сенімдерді алып алады да, ал содан кейін өздерінің сенімдеріне сәйкес келетін дәлелдер іздейді. Имам Уәки’ ибн әл-Джәрах: “Кім хадисті өзінің пікірін растау үшін іздесе,  сол бидғаттың жақтаушысы”. Қараңыз “Замуль-кәләм” 337.

6. Әхлю-Суннә ғалымдарына жүгінуден және олардың ізінен ілесуден бас тарту

Сондай-ақ, үмметтің адасушылыққа түсіп кеткендігінің себебі болып Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, ғалымдар пайғамбарлардың мирасқорлары болып табылады», - деп айтқан ғалымдарға жүгінуден және оларға ілесуден бас тарту болып табылады. Әбу Дәуд 3641, әт-Тирмизи 2682. Хадистің сахихтығын имам Ибн Хиббән, әл-Канани, шейх әл-Әлбәни растаған.

Аллаһ Тағала Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) үмметіне білім болмаған кезде өзіндік шешімдерді және жеке тұжырымдарды болдырмау мақсатында ғалымдарға жүгінуді бұйырды, бұл жөнінде Аллаһ Өзінің Кітабында былай деп айтқанындай: «Егер өздерің білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар». (ән-Нәхль 16: 43).

Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Бұл білімді әр ұрпақтан болған әділетті ғалымдар алып жүреді, олар оны шектен тыс асырып айтушылардың бұрмалауларынан, адасқандардың қосқандарынан және надандардың түсіндірмелерінен қорады». әл-Бәйһәқи 10/209, әл-Хатыб 1/29. Бұл хадис көптеген жолдармен риуаят етіледі, олардың әрқайсысы бірін-бірі күшейтеді, және сондықтан, бұл хадистің сахихтығын Әхмәд, әл-Ләләкәи, хафиз Ибн ‘Абдуль-Бәрр, әл-‘Уқайли, Ибн әл-Уәзир, әл-Қасталәни, әл-Әлбәни және ‘Абдуль-Қадир әл-Әрнәут сынды имамдар растаған.

Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ақиқатында, Аллаһ білімді оны өзінің кұлдарынан жәй тартып алу арқылы алып кетпейді, бірақ Ол білімді дүниеден білімділерді алып кету арқылы алып қояды; ал Ол бір де бір ғалымды тірі қалдырмаған кезде, адамдар өздеріне надан көсемдерді сайлап алады. Және оларға сұрақтар қояды, ал олар білімге ие болмай пәтуалар шығарады, нәтижесінде өздері де жолдан таяды және өзгелерді де адасушылыққа салады!» әл-Бухари 100, Муслим 3/737.

Міне, тура осы- араларында ғалымдар жоқ қазіргі заманның ағымдарында орын алып жатыр! Олар маңызды мәселелерді көбінесе Аллаһтың шариғатына емес, өздерінің түсінігі мен көзқарастарына сүйенетін саясатынының негізінде қабылдайды.

Ғалымдар - Аллаһ  Тағала олар арқылы Өзінің дінін сақтап қорғайтындар, және олар Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары болған жол туралы баршадан жақсырақ білетіндер. Және кім оларды қараласа, оларды кемсітіп елемесе және олардың жолына ілесуден бас тартып жатса, сол - адамдардың ішіндегі ең адасқаны болып табылады! Ал ғалымдарды елемей, оларсыз-ақ амалдауды қаласа, ол құрыды! Имам Ибн әл-Мубәрак: “Кім ғалымдарды елемесе, ол Ақыретті жоғалтты”, - деп айтатын. Ибн ‘Асакир 32/344.

Сәхл ибн ‘Абдуллаһ әт-Тустури: “Адамдар мұсылман әмірлері мен ғалымдарды көтермелеп тұрғанша игілікте болуын тоқтатпайды, және егер олар оларды құрметтесе, Аллаһ олардың дүние тіршілігін және болашақ (Ақыреттегі) өмірін тәртіпке келтіреді, ал егер оларды елемесе, онда олар өздерінің бұл дүние тіршілігі мен болашақ өмірін опат етеді ”. Қараңыз “Тәфсир әл-кубра” 5/260.

Ал біздің кезімізде, өкінішке орай, барлығы - керісінше, (адамдар) ғалымдарға жүгінудің орнына, оларды қаралайды және оларға күндіз түні жала жабады! Шейхуль-Ислам Ибн Таймия: “Хадис білімпаздарын қаралап, олардың мазхабынан бас тартатындар - надандар, бидғатшылар және екіжүзділер болып табылады, осыда еш күмән жоқ!” Қараңыз “Мәджму’уль-фәтауә” 4/96.

7. Дінде нысапсыздық (шектен шығушылық) таныту

Ислам бұл – шектен шығушылыққа салынбайтын, орташыл дін, және осы – Аллаһ пен Оның Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бізге жүруді мирас еткен тура жол. Аллаһ Тағаланың шариғатында осы жолға ілесу туралы қатаң насихаттар, және сондай-ақ, діндегі нысапсыздық пен шектен шығушылыққа қатаң тыйымдар  да бар. Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Йә, Кітап иелері! Діндеріңде нысапсыздық танытпаңдар және Аллаһ туралы тек шындықты айтыңдар!» (ән-Нисә 4: 171).

Аллаһ нысапсыздықтан яхудилерді де, христиандарды да ескерткен, бірақ, олар Аллаһ Тағалаға мойынсынбай, шектен шығушылыққа салынды, және сол үшін ақиқат жолынан тайды.

Аллаһ Тағала нысапсыздықтан, Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) үмметін де ескертіп: «Руқсат етілгеннің шегінен шықпаңдар, өйткені, Ол (Аллаһ) сендердің не істеп жатқандарыңды көріп тұр» (Худ 11: 112), - деп бұйырды.

Сондай-ақ, нысапсыздықтан Пайғамбар да (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), тыйып: «Діндегі нысапсыздықтан (орынсыз артық нәрселерден) абай болыңдар, өйткені ән-Нәсәи 4/49, Ибн Мәжжәһ 3/29, Ибн әл-Джәруд 473. Хадистің сахихтығын Ибн Хузайма, Ибн Хиббән, әл-Хаким, аз-Зәхаби, ән-Нәуәуи, Ибн Таймия, Әхмәд Шәкир растаған.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді: Діндегі нысапсыздықтан (орынсыз артық нәрселерден) абай болыңдар» сөздері өзіне нысапсыздытың, мейлі олар сенімдегі, мейлі – амалдардағы болсын, барлық түрлерін қамтыған жалпылама болып табылады”. Қараңыз “әл-Иқтида” 1/328.

Сондай-ақ, Ибн Мас’удтан Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Нысапсыздық жасаушылар опат болды!» - деп айтып, осыны үш рет қайталағаны жеткізіледі. Муслим 2670.

8. Күмәнді дәйектерге ілесу

Бұл да - мұсылмандардың арасында бидғаттың және адасушылықтың пайда болуының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Бидғаттарды және өздерінің әуес-қалауларын жақтаушылар өздерінің ұстанымдарын растау және сауаты төмен адамдарды адасушылыққа енгізу үшін жиі жағдайда ойдан тоқылған хадистерді пайдаланады, немесе дәйектерді өздерінің пікіріне бұрмалап икемдетеді. Имам әл-Ауза’и бұл жөнінде былай деді: “ «Ғибадат үшін емес оқитындарға және күмәнді нәрсенің көмегімен харамды халәл ететіндерге қасірет!» - деп айтылған”. әл-Әджурри “Әхләқуль-‘уләма” 65.

Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Ол - Аллаһ, саған Құран түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар - Кітаптың негізгі іргетасы. Сондай-ақ, астарлы ұғымдағы өзге аяттар бар. Ал жүректерінде қыңырлық болғандар, бұзақылық таратқысы келіп, астарлы мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп, соңына түседі. Оның ұғымын Аллаһ ғана біледі. Ал, тиянақты білімге ие болғандар: «Бұған сендік. Мұның барлығы - Раббымыздан», - дейді. Бірақ, насихатты ақыл иелері ғана еске алады (түсінеді)». (Әли Имран 3: 7).

Аллаһтың: «бұзақылық таратқысы келіп» деген мағынадағы сөздері – «олар сөйтіп адасушылыққа кіргізгісі келеді» дегенді білдіреді.

‘Аиша былай деп баяндаған, бірде Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) осыаятты оқыды да: «Егер айқын болмаған нәрсеге ілесушілерді көрсең, біл: міне осылар – Аллаһ айтқандардың дәл өздері, ендеше, олардан сақ бол!» - деді. әл-Бухари 4547.

Шейх Салих Әли Шейх былай деді: “Құран мен Сүннетте анық (мухкәм) және анық емес (муташәбих) нәрселер бар екендігі жалпыға мәлім. Сондай-ақ, бұл – сахабалардың және ғалымдардың сөздері мен амалдарында да орын алады. Тиянақты білімге ие болғандар мухкәмды муташәбихтан ажыратумен және муташәбихты мухкәмға қайтарумен білімнің мәніне жетті. Егер білім иелерінің осы ерекше сипаты болмағанда, онда кез-келген (адам) білімді қамти алар еді. Бірақ, Аллаһ адамдары мухкәм және муташәбихтың болуымен сынайды, солар арқылы ғалымдардың және шынайы білім иелерінің жағдайы айқын болу үшін”. Қараңыз “әл-Мәр’а әд-да’ия”. Осындайды шейхуль-Ислам Ибн Таймия да өзінің «Мәджму’уль-фатауәсында» айтады. 13/272-280.

Имам Әбуль-‘Алия былай деп айтатын: “Мен сендердің пайғамбарларыңның (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өлімінен кейін он жыл мухкәмды[1] оқыдым және Аллаһ маған екі нығмет берді, және мен олардың қайсысы жақсырақ екендігін білмеймін: Ол мені Ислам жолымен жүргізгені ма, әлде Ол мені хауаридж етпегені ма!” Қараңыз “әт-Табәқат әл-кубра” 7/113.

Астыртың және тұспалды (муташәбих) дәйектерді  пайдалану - бидғаттарды жақтаушылардың сипаты болып табылады, олар сондай-ақ, Құранды өздерінің әуес-қалауларының негізінде тәпсірлейді. Міне, дәл сондықтан, Али ибн Әбу Талиб Ибн Аббәсты хауаридждермен сөйлесуге жіберген кезде, оған: «Олармен Құран арқылы айтыспа, өйткені оның түрлі жақтары бар, сондықтан олармен Сүннет негізінде айтыс” – деді.  Ибн ‘Аббәс: “Мен Аллаһтың Кітабын олардан жақсырақ білемін!” – деп жауап берді. ‘Али сонда былай деді: “Дұрыс! Алайда Құранды әртүрлі тәпсірлеуге болады. Қараңыз “Фәтхуль-Қадир” 1/42.

Барлық аяттар мен хадистер, үстіртін қарағанда басқаша болып көрінсе де, олардың белгілі жағдайларға тура келе бермейтінін білу керек. «Үкім Аллаһқа ғана тән» деген аятқа сүйеніп Алиді күпірлікте айыптаған хауәриждер де сол сияқты амал етті. Әбу Рафи’ хауәриждер Алиге қарсы қару алып шыққанда, олар: «Үкім Аллаһқа ғана тән!» «Үкім Аллаһқа ғана тән!» - деп үнемі қайталай берді. Ал Али: «Өтірікті тұспалдап, ақиқатты айтып жатыр!» - деді. Муслим 1774.

Біздің кезімізде де хауәриждердің ізіне ілескен адамдар сол аяттарды келтіріп, оларды басшылыққа алып, көптеген рұқсат етілмеген нәрселерді істеп жүр. Бұл – хауәриждердің Құранның аяттарын және хадистерді дұрыс түсінбейтініне нұсқайды, бұл жөнінде бізге Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хауәриждер туралы: «Олар Құранды ол олардың жағында болады деп оқиды, ал ол оларға қарсы болады!» - деді. Муслим 1066.

Дәл сондықтан, ғалымдар, солардың ішінде шейхуль-Ислам Ибн Таймия да бар, бидғаттарды жақтаушылардың келтірген кез-келген дәлелі – олардың өздеріне қарсы дәлел болып табылады дейтін, және біз бұған күн сайын көз жеткізудеміз.

Әхлю-Суннә ғалымдары мына ережені шығарған: «Маңызды болып табылатыны – келтірілген дәлел емес, оны дұрыс түсіну». Ибн әл-Қайим былай деп айтатын: “Дінді түсінетін кез-келген (адам), шынайы мағынаны түсіне бермейді. Шынайы мағынаны тек үлкен білімге ие ғалымдар ғана түсіне алады”. Қараңыз “И’ләмуль-мууәкқи’ин” 1/332.

Айтылғандарға негізделіп, ғалымдар адасқандардың және бидғаттарды жақтаушылардың дәлелдерін қабылдауға тыйым салатын. Имам әл-Ләйс ибн Са’д былай деп айтатын: “Мен бидғатарды жақтаушыдан ешнәрсе қабылдамас едім, тіпті оның су үстімен жүріп бара жатқанын көрсем де”. Қараңыз «әл-Иттибә’» 35.

‘Абдур-Рахман ибн Мәхди: Адам егер әлсіз және қайтарылған (шәзз) хадистердің соңынан ілессе, естіген нәрсесінің барлығын айта берсе және кез-келгендердің барлығынан жеткізе берсе – ешқашан хадистерде имам болмайды! – деген. Қараңыз “Джәм’иуль-бәяниль-‘ильм уә фәдлих” 1055.

Имам әл-Хатыб әл-Бәғдәди былай деді: Егер риуаятшы (жеткізуші) әуес-қалаулардың жақтаушыларының қатарынан, немесе мазхабқа соқыр түрде ілесіп, ақиқатқа қайшы келушілерден болса,  онда одан ешнәрсе қабылдама, тіпті ол мықты жаттайтын болса да. Қараңыз “әл-Джәми’уль-ахләқи-ррауи” 1/136.

Сондай-ақ, хадис деп баяндалғанның барлығы хадис болып табыла бермейді. Қазы ‘Абдуллаһ ибн Ләхи’а, бір тәубеге келген хауәриж болған шалдың: «Бұл – хадистер дін, ендеше өз діндеріңді кімнен алып жатқандарыңа қараңдар. Ақиқатында, біз бір нәрсені қалап тұрсақ, оны хадиске айналдыратын едік», - дегенін жеткізеді. әл-Ләләкәи 1/85.

Сондай-ақ, саләфтардан және имамдардан келген сөздердің де сенімді екендігін растап алу қажет, бұл жөнінде шейхуль-Ислам Ибн Таймия: “Саләфтардан және ғалымдардан риуаят етілген сөздер олардың сенімділігі мен мағынасын түсінуде расталуға мұқтаж, сондай-ақ, осыған Аллаһ және Оның Елшісі жөнінде айтылған сөздер де мұқтаж”, - деп айтқандай. Қараңыз “Мәджму’уль-фәтауә” 1/246.

Сондай-ақ, бидғаттарды жақтаушылардың сипаттарынан – олардың өз адасушылықтарын әшкерелейтін білімдерді жасыруы. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “Сен ешқашан өзіне қайшы келетін мәтіндерді жасыруды жек көретін бидғатшыны таппайсын. Ол оларды жек көреді және жасырады, және оларды айтпайды, сондай-ақ, бұл мәтіндер туралы айтушыларды да жек көреді!” Қараңыз “Мәджму’уль-фәтауә” 20/161.

Сондай-ақ, көп мұсылмандар өздерінің әуес-қалауларын қанағаттандыратын мәселелерде имамдарға ереді, тіпті олардың пікірі айқын қате болса да. ‘Али ибн Әбу Талиб: “Ақиқат адамдарға қарап бағаланбайды, адамдар ақиқатқа қарап бағаланады”, - деген. Қараңыз “Тафсир әл-Қуртуби” 1/342.

Әл-Ауза’и былай деп айтатын: Кім ғалымдардың сирек пікірлерін алса, ол Исламнан шықты. әл-Бәйһәқи 10/211.

Іс жүзінде ғалымның жәй ғана сөзі  дәлел болып табылмайды. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия шындықты айтты: “Ақиқатында, ғалымдардың сөздері шариғи дәлелмен күшейтіледі, алайда шариғи дәлел олардың сөздерімен күшейтілмейді!” Қараңыз “Мәджму’уль-фәтауә” 26/202.

Ғалымның жәй сөздерімен, олардың дәлелін білмей, шектелу және қанағаттану жеткіліксіз болып табылады. Имам әш-Шәфи’и: “Дәлелсіз білім талап етуші, түнде отынмен бірге өзін шағып алушы жыланды қолымен ұстап алатын отын теруші сияқты!» әл-Бәйһәқи “әл-Мәдхәл” 1/211.

Дәлел – бұл Аллаһтың және Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) үммет саләфтарының түсінуіндегі сөздері. Имам әш-Шә’би былай деді: “Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларынан риуаят етілгенді ал да, өздерінің пікіріне негізделіп айтылғанға кіші дәретіңді сындыра сал!” ‘Абдур-Раззақ 11/256.

Имам әл-Ауза’и былай деді: “Білім – Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларынан жеткен нәрсе, ал олардың біреуінен де келмеген нәрсе – білім болып табылмайды”. Қараңыз “Джәми’уль-бәяниль-‘ильм” 1420.

Пайғамбардан (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) басқа қатесі немесе кемшілігі болмаған бір де бір адам, соның ішінде ғалымда, жоқ, және осыған барлық ғалымдар бір ауызды келісімде. Қараңыз “Джәми’у бәяниль-‘ильм” 2/48.

Алайда ғалымның белгілі бір мәселелерде қателескені жайлы кез-келгендердің барлығы емес, білім иелері ғана айта алады. Ғалымдар, егер олар Құран мен Сүннетке қайшы келіп жатса, олардың пікіріне емес, Құран мен Сүннетке дұрыс ілесу үшін керек.

Имам әш-Шәтыби ақиқатты айтты: “Егер біз ғалымдардан шариғаттың ережелерін білетін құрал емес,  мақсат жасап алсақ, онда адасушылыққа түсеміз”. Қараңыз “әл-И‘тисәм” 2/872.

Мұсылман өзінің әуес-қалауларына сәйкес келетін ғалымдардың пікірлерін іздеуге салынбай, Құран мен Сүннеттің айқын дәлелдеріне ілесуі керек.  Және кез-келген мәселеде біз дәлелі күштілеу болған ғалымдарға ілесуіміз керек, міне дәл осы - Аллаһ Өзінің тура жолына салған Оның құлдарының сипаты болып табылады! Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Сондай, сөзге құлақ салып, олардың ең жақсысына ілесетіндерді сүйіншіле, міне солар - Аллаһ өздерін тура жолға салғандар. Міне солар - ақыл иелері (әз-Зумәр 39: 17-18).

9. Адастыратын көсемдер мен жетекшілер

Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, мен үмметім үшін адастыратын имамдардан қорқамын!» - дейтін. Әбу Дауд, әт-Тирмизи, Ибн Мәжжәһ, Ибн Хиббән, әл-Хаким. Хдистің сахихтығын имам Әбу Иса әт-Тирмизи, Ибн Хиббән, әл-Хаким, хафиз Ибн Кәсир және шейх әл-Әлбани растаған. Сондай-ақ қараңыз «Сахих әл-джәми’» 2316.

Зияд ибн Худайр былай деп баяндайтын: “Бірде ‘Умар ибн әл-Хаттаб менен: “Исламды не бұзып-қирататынын білесің бе?!” – деп сұрады. Мен: «Жоқ!» - дедім. Ол сонда: «Оны ғалымдардың қателіктері, екіжүзділердің Аллаһтың Кітабы туралы айтысуы және адастыратын имамдардың шешімдері қиратады!» - деді. ”. әд-Дәрими 1/71. Иснәд хороший.

Имам әш-Шәтыби былай деді: Адамдардың проблемалары оларды ғалым деп санайтын надандардың (джәхильдердің) себебімен орын алады. Қараңыз “әл-И’тисәм” 1/145.

Имам Әбу Шәма былай деді: Көп жағдайда адамдар бидғатқа өздері белгілі бір адамды білім иесі және тақуа деп санай бастағандығынан, алайда ол ондай болып табылмағандығынан, түседі. Және осындай адамдар оның сөздері мен амалдарына (үлгі ретінде) қарай бастайды және осы нәрселерде оның соңынан ілеседі, және сөйтіп олар өз істерін күйреуге алып келеді!” Қараңыз “әл-Мә’рифә уә-ттарих” 1/670.

Бұл – мұсылман үмметінің қирауының ең маңызды себептерінің бірі – адастыратын жетекшілер және имамдар! Осы сияқты имамдар, әмирлер және ғалымдар қанша адамдарды адасушылыққа салды және қаншасын опат етті!

Ақиқатында да, ғалым болып табылмайтындар, бірақ адамдар оларды ғалым деп санайтындар өзіне де, Ислам мен мұсылмандарға да өте үлкен зиян келтіруі мүмкін. Мысал ретінде 99 адамды өлтірген және тәубеге келуді шешкен және өзінің жағдайы туралы өзі ғалым деп санайтын, бірақ ол ғалым болып табылмайтын біреуден сұраған адам туралы айтылған риуаятты еске салу жеткілікті. Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп баяндаған: «Сендерден бұрын өмір сүргендердің ішінде тоқсан тоғыз жанды өлтірген адам өмір сүрген. Кейін ол жер бетіндегі ең білімді адамды іздей бастады. Оған (адамдар) бір монахқа сілтеді де, ол оған келіп: «Мен тоқсан тоғыз жанды өлтірдім, маған тәубе ету бар ма?» - деп сұрады. Ол: «Жоқ!» - деді. Сонда ол оны да өлтірді де, құрбандарының саны жүз болды. Алайда, ол жер бетіндегі ең білімді адамды іздеуін жалғастыра берді, және (адамдар) оған бір ғалымға сілтеді. Әлгі адам оған келіп: «Мен жүз адамды өлтірдім. Мен үшін тәубе ету бар ма?» - деп сұрады. Ол: «Ия. Тәубе етушіге тәубе етуге кім кедергі жасайды?!» - деді». әл-Бухари 3480, Муслим 2766.

Тәубеге келуді шешкен адамға ол үшін тәубе ету жоқ деген адам қандай зиян келтіруі мүмкін болғанын біз көріп тұрмыз, өйткені ол қайтадан күналарға салынып, сондай жағдайда өлуі мүмкін еді, ал біз амалдар олардың аяқталуына қарай бағаланатынын білеміз, бұл жөнінде Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Адамдарға кейде бір адам Жәннәт тұрғындарының амалдарын жасап жатқан сияқты болып көрінеді, бірақ ол Тозаққа түседі. Ал кейде адамдарға бір адам Тозақ тұрғындарының амалдарын жасап жатқандай болып көрінеді, ал ол Жәннәтқа түседі. Ақиқатында, амалдар аяқталуына байланысты бағаланады!». – дегендей. әл-Бухари 6493.

Оған қоса, әлгі білімсіз монах, қате пәтуа шығарып өзін де опат етті, өйткені бұл – оның өлімінің себебі болды!

Мұсылмандардың проблемасы – олар ғалымды (алим) жәй ойшылдан (муфәкир) немесе уағызшыдан (хатыб) ажырата алмайтындығында болуда. Өйткені, әрбір ақылды кісі адамның білімділігінің критериі  - ислами оқу орнында оқығаны (өкінішке орай үммет мәселелерін шешуге кірісіп жүргендердің көбісінде бұл да жоқ), немесе дін мәселелеріне байланысты бірнеше мақалалар жазуы болмайтынын біледі. Өйткені, дүние мәселелеріне байланысты білімдердің өзінде де, медициналық институттың кез-келген бітірушісі өз саласында ғалым болмайды, және политехника институтының кез-келген бітірушісі жоғары дәрежелі инженер болып шықпайды ғой. Имам әш-Шәтыби былай деді: “Ғалымдар оны ғалым деп танымаған ғалым, басқа ғалымдар ол туралы ғалым деп куәлік бермегенге дейін, ғалым болып табылмайды!” Қараңыз “әл-И’тисәм” 2/738.

Шейх әл-Әлбәни былай деді: “Бұл – адамдарға қандай да бір ғылымды жеткізуге қабілетті болған ғалымға оның осыған жарамды екеніне ғалымдар куәлік бермегенше мұны істеумеу керек екендігі туралы имам әш-Шатыбидің  берген насихаты. Мұның мағынасы – бұл адам әуес-қалауларға ілесушілердің қатарынан болу қауіптілігінде. Имам әш-Шәтыби бүгіңгі күні өздерін білімге таңып жатқан кейбір адамдарды көріп не айтар еді?!” Қараңыз “әс-Сильсиля әс-сахиха” 2/713.

Имам Мәлик: “Мен пәтуа беруге лайықты екенім туралы білім иелерінен болған 70 адам куәлік бермейінше, пәтуа бермейтінмін”. Әбу Ну’айм 6/316.

Ғалымдар тазкияны (рекомендация) білім талап етуші (туләбуль-‘ильм) ғалымдарға және студенттерге береді. Және студенттер студенттерге де тазкия береді. Алайда студенттер тазкияны ғалымдарға бермейді. Ал біздің уақытымызда керісінше жағдайды, яғни студент ғалымға тазкия беріп жатқанын және кім шейх, ал кім шейх емес екендігі және кімді тыңдауға болады, ал кімді тыңдауға болмайтыны туралы айтып жатқандығын көруге болады!

Әрбір адам Қиямет Күні өзінің жетекшісімен бірге қайта тіріледі, ендеше ол кіммен болғысы келетінін өзі таңдап алсын! Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Сол күні біз барлық адамдарды олардың жетекшілерімен бірге шақырамыз». (әл-Исра 17: 71).

Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) ұлы сахабасы Абдуллаһ ибн Мас’уд былай деп айтатын: Жамандықта жетекші болғаннан, жақсылықта ілесуші болған жақсырақ. Ибн Әбу Шәйба 37188.

10. Дұрыс емес білім алу

Ақиқатында, сан алуан түрлі сайттардың, форумдардың, кітаптардың, кассеталардың, сондай-ақ, әрқайсысы өзінің Исламы жайлы айтатын уағызшылардың көбейіп таралуы - біздің заманымыздың кеселі болды. Көп мұсылмандар білімді қалайша және кімнен алу керек  екендігін білмейді. Алдын айтып өткеніміздей, қандай да бір жерде оқып келген немесе арабшаны білетін адамдардың барлығы, және кез-келген мешіт имамы, және Ислам туралы айтатын кітаптардың, кассеталардың немесе сайттардың барлығы сенімді және дұрыс бола бермейді, және олардың барлығынан білім ала беруге де болмайды. Сенімді көздерден және үлкен ғалымдар: «Пәлен кісіден білім алуға болады», - деп нұсқаған адамнан өзге жерлерден білім алуға болмайды. Жәбірейіл періште (әлейһис-сәләм) пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабаларына келіп, ислам, иман, ихсан туралы сұрап кеткеннен кейін,  Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Умардан: «Йә,  Умар, бұл сұрақтарды кім қойғандығы саған мәлім бе?» - деп сұрады. Умар: “Аллаһ және Оның Елшісі бұл жөнінде жақсырақ біледі”, - деді. Сонда ол: «Расында, ол - сендерге діндеріңді үйрету үшін келеген Жәбірейіл еді», - деді. Муслим 8.

Сөйтіп, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзінің сахабаларына оларды діндеріне кім үйретіп жатқандығы туралы мәлімдеді.

Ибн ‘Умар былай дейтін: “Дінің – ол сенің дінің, ақиқатында, ол – сенің тәнің мен қаның, ендеше дініңді кімнен алып жатқаныңа қара!” әл-Хатыб “әл-Кифәя” 121.

Мухаммад ибн Сирин және имам Мәлик: “Ақиқатында, бұл білімдер – дін, ендеше өз діндеріңді кімнен алып жатқандарыңа қараңдар!” - деген. Қараңыз “Сахих Муслим” 1/23 және “әл-Фәқих уәл-мутафәқих” 2/92.

Осыдан соң, көбінде өтірік пен әуестерден басқа ешнәрсе болмаған әртүрлі форумдардан білім алып таратып жүрген мұсылмандардың жағдайы айқын болады. Бұл адамдар өздеріне олар туралы ешнәрсе мәлім болмаған және тіпті олардың шынайы аттарын да білмейтін адамдардан біліммен сусындап өз-өздеріне адасушылықтың есігін ашып тастады. Расында, олар Аллаһ оларды адастыруына лайықты, өйткені өздері осыны таңдап алды. Қалайша, ол арқылы Аллаһқа жақындайтын білімді көріңген жерден  алып, өз дініңді соншалықты елемеуге болады?!

Сан алуан форумдарға кіріп жүру – мұсылмандарға кесел болды. Ал оларда білімді кемсітеді және ғалымдарды, тіпті ислам елдерін қаралап, күпірлікте айыптайды, сол арқылы мұсылмандарға үлкен зиян тигізеді және діннің дұрыс түсінігін бұрмалайды. Қарапайым білімге де ие болмағандар және дін туралы сөйлеуге құқығы жоқтар ғалымдардың сөздерінен кейін: «Ал мен былай деп есептемін…», «менің ойымша….», «менің пікірім…» деп сөйлеуге батылы батылы барады. Жиі жағдайларда форумдарға қатысып жүрушілер Аллаһтың діні жөнінде білімсіз айтысып сөйлейді, және бұл күнәның көлеміне мән бермейді . Ал Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Тілдеріңнің: “Бұл -  арам, бұл - халәл”, - деп өтірік сипаттағанын айтпаңдар, және Аллаһқа өтірік жала жапсырмаңдар. Шынында, Аллаһқа өтірік, жала жапсырғандар, құтылмайды». (ән-Нәхль 16: 116).

Имам Ибн әл-Джәузи Аллаһтың: «“Раббым… білмейтін нәрселеріңді Аллаһқа қарсы сөйлеулеріңді арам қылды ”, - деп айт» (әл-А’раф 7: 33), - деген сөздері туралы былай деді: “Бұған дін туралы нық білімсіз айтылған барлық сөздер және әртүрлі пайымдаулар жатады”. Қараңыз “Задуль-Мәсир” 3/193.

Дін туралы білімсіз айтылған сөздерді, Аллаһ Тағала ширкке теңеді. Ибн әл-Қайим былай деді: “Аллаһ Тағалаға мадақтар болсын, білімсіз пәтуа және сот үкімін шығарғанда, Оған жүгінуге тыйым салды да, мұндай істеуді үлкен тыйым салыңған амалдардың бірі етіп қана қоймай, оны ең ауырлардың санатына шығарды.

Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Күдіксіз, Раббым арсыздықтарды, оның көрнеу-көмесін, күнәны, орынсыз озбырлықты, оған байланысты ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені Аллаһқа серік қосуларыңды және білмейтін нәрселеріңді Аллаһқа қарсы сөйлеулеріңді арам қылды», - деп айт» (әл-А’раф 7: 33).

Бұл аятта Аллаһ Тағала тыйым салынған істерді төрт санатқа жіктейді, және оларды харамдығы аздау болғанынан, яғни жексұрын қылықтардан, бастап реттеп атайды. Екінші ретте Ол біріншіден қатаңдау харам болғанды атайды – бұл зұлымдық. Кейін, үшінші болып, алдыңғы екеуінен де жаман болғанды айтады, ал ол – ширк (Аллаһқа серік косу). Ал төртінші болып Аллаһ алдын айтынғандардың барлығынан да қатаң түрде тыйым салынған нәрсені – Аллаһ туралы білмеген нәрсені айтуды тыйым салады. Бұған Аллаһ туралы Оңын есімдеріне, сипаттары мен істеріне, сондай-ақ Оның діні мен заң ережелеріне қатысты  білімсіз сөйлеу жатады”. Қараңыз “И’ләмуль-мууакқи’ин” 2/72.

Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Қиямет күні ең ауыр жазаға білімі болмай адамдарды адасушылыққа салған адам тартылады». Әхмәд, әт-Табәрани. Хадис сахих. Қараңыз сондай-ақ, «Сахих әл-джәми’» 1000.

Бидғатарды және өз әуес-қалауларын жақтаушылармен айтысуға келер болсақ, бұл саләфтардың мәнхаджына сәйкес келмейді, және үмметіміздің имамдары мұны қатаң түрде сөгетін, және бұл, сондай-ақ - адасушылыққа түсудің себебі болады, бұл жөнінде Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп ескерткеніндей: «Адамдар тура жолға түскеннен кейін тек қана таласуы себепті үнемі одан таятын еді». Әхмәд, әт-Тирмизи, Ибн Мәджәһ, әл-Хаким. Хадис сахих. Қараңыз “Сахих әт-тарғиб” 137.

Имам Әхмәд былай деп айтатын: Сүннеттің негізі болып бізде…. таласуды және өз әуес-қалауларының жақтаушыларымен бірге отыруды тастау (қалдыру) болып табылады. Сондай-ақ, дінге қатысты таласуды және керісуді тастау”. Қараңыз “Усулю-Ссуннә” 23.

Имам Әхмәд, сондай-ақ: “Біз имамдардың бидғаттарды жақтаушылармен сөйлесуге және олармен бірге уақытты өткізуге тыйым салатынын көретінбіз және еститінбіз. Бидғатшылардың көзқарастарын әшкерелеу үшін олармен бірге отырып алмай, Аллаһтың Кітабында және Оның Елшісінің Сүннетінде бар нәрсені орындаумен шектелу керек. Ақиқатында, олар сені састыруы мүмкін, бірақ олар өз бидғаттарынан қайтпайды. Сондықтан да, олармен бірге отыруға және олардың бидғаттарын талқылауға салынуға тыйым салынады”, – деп айтқан. Ибн Бәтта “әл-Ибәна” 1/44.

Атақты таби’ин Айюб әс-Сахтияни былай деп айтқан: “Бидғаттарды жақтаушыларға сөйлемеуден күшті әшкерелеу жоқ”. Қараңыз “әш-Шәри’а” 56.

Сондай-ақ, Му’ауия ибн Қура былай дейтін: “Дінге қатысты керісулер амалдарды зая етеді”. әл-Әджурри “әш-Шәри’а” 21.

Мүмкін біреу мұны дұрыс түсінбей: «Қалайша біздің үмметіміздің имамдары бидғаттың жақтаушыларымен айтысуға тыйым салатын еді, егер олардың өздері оларды әшкерелеген болса?!» - деп сұрауы мүмкін. Олар бидғаттардың адасқан жақтаушыларымен айтыспады, олардың бидғаттарын әшкерелеп түсіндірді, ал бұл – ғалымдардың ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады, олар адамдарға осы адасушылықтарды түсіндіріп, сол арқылы оларды сол адасушылықтардан сақтандырады. Яхья ибн Яхья былай дейтін: “Сүннетті қорғау Аллаһтың жолындағы джихадтан жақсырақ”. Қараңыз “Заммуль-кәләм” 111.

Сондай-ақ, имам Әхмәд, одан: “Сен үшін не абзалрақ: адамның намаз оқып, ораза ұстап, иътикәф жасағаны ма, немесе бидғаттардың жақтаушыларынан сақтандырып ескерткені ма?» - деп сұрағанда, ол: «Адам намаз оқып, ораза ұстап, иътикәф жасаса – ол мұны өзі үшін істейді, ал ол бидғаттардың жақтаушыларынан сақтандырса – бұл мұсылмандар үшін, және бұл абзалрақ», - деп жауап берген.  Қараңыз “Маджму’уль-фатауа” 28/231.

Ал әуес-қалаулардың және бидғаттардың жақтаушыларының өздері туралы айтар болсақ, олармен айтысып-таласудың және оларға бір-нәрселерді дәлелдеудің, және сонымен білімді кемсітіп өзіңді күмәндарға салудың қажеті жоқ. Өйткені, Аллаһ қаласа, оларды тура жолға салады. Оларға деген ең мықты әшкерелеу – бұл, Айюб айтпақшы, сөйлемеу!

Сондай-ақ, мусульмандар оқығандарының және естігендерінің барлығына сенбеуі және оларды тексермей таратпауы керек. Адам өтірікші болуы үшін ол жәй тексерілмеген мәліметті таратуының өзі жеткілікті. Әбу Хурайрадан жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Өтірікші болу үшін адамға өзі естіген нәрселерінің барлығын әрі қарай жеткізе беруінің өзі жетіп асады». Муслим 1/10.

Имам Малик былай деді: “Біл, естіген нәрсесінің барлығын баяндайтын адам құтылмайды. Және ол естіген нәрсесінің барлығы туралы айта берсе, ешқашан имам болмайды”. Муслим 1/18.

Имам әл-Барбахари: Өзіңнің замандастарыңнан кімнің сөздерін естісең де, асықпа және осындайды пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларынан біреулері айтқандығын сұрап білмей, оларға сүйенбе! – деп айтатын. Қараңыз “Шәрху-Ссуннә” 27.

Имам әл-Ауза’и былай дейтін: Саләфтардың іздерінен ілес, тіпті адамдардың барлығы сенен бас тартса да. Және адамдардың пікірлерінен сақ бол, тіпті олар пікірлерін өзінің сөздерімен әдімі етіп көрсетсе де”. Қараңыз “әш-Шәри’а” 1/193.

Имам әл-Фудәйль ибн ‘Ийяд былай деді: “Тура жолға ілес, және саған құтылғандардың санының аздығы зиян тигізбейді. Және адасушылық жолдарынан сақ бол, және опат болғандардың санының көптігіне әуесің кетпесін!” Қараңыз “әл-Әзкәр” 238.

11. Ислам үмметінің проблемаларын шариғат құзырет бермеген адамдардың шешуі

Ислам – өзінің қатаң заңдары мен үкімдеріне ие дін, және онда анархияға орын жоқ. Шариғат қандай да бір мәселелелерді құзыреті жоқ адамдарға шешуге қатаң тыйым салады,  әсіресе бұл Ислам үмметінінің проблемаларына қатысты.

Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Қашан оларға (мұсылмандарға) аманшылықтан немесе қауіп-қатерден хабар келсе, олар оны жайып жібереді. Егер олар оны, Пайғамбарға не өздерінің іс басындағыларына ұсынса, олардан оның мән-жайын зерттей алатындар білер еді». (ән-Нисә 4: 83).

Іс басындағылар – бұл ғалымдар және мұсылмандардың әмірлері. Қараңыз “Тафсир әл-Қуртуби” 3/341.

Мұсылман үмметіне қатысты мәселелер олардың ең маңызды және салмақтыларына жататынына күмән жоқ.  Шейх `Абдур-рахмән әс-Са`ди бұл аятқа қатысты мынадай сөздер айтты: «Бұл - Аллаһтың өз құлдарына осындай лайықсыз қылығы үшін жасаған сөгісі! Егер мүминдерге  баршаның игілігіне қатысты, муминдер үшін қауіпсіздік және қуанышпен немесе олар үшін қауіп-қатермен байланысты маңызды дерек жетсе, олар оны асығыстықпен таратпауы керек. Олар оның шын екенін тексеріп, оны Елшіге  (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), немесе білім мен ұстанымдылыққа ие, болып жатқан оқиғалар туралы хабардар болған және пайда мен зиян мәселесін түсінетін, адамдардың арасында ықпалы бар болғандарға жеткізуі керек. Егер осындай адамдар алынған деректерді жариялау мұсылмандарға пайда келтіреді, оларға күш береді және дұшпандарға қарсы тұруға көмектеседі деп шешсе, онда бұл жөнінде бүкіл халық алдында жария етіледі. Ал егер олар осы деректерді жариялау мұсылмандарға ешқандай пайда әкелмейді, және оларға пайдадан көбірек зиян тигізеді деп шешсе, онда бұл жөнінде жарияланбайды. Міне, сондықтан Аллаһ: «олардан оның мән-жайын зерттей алатындар білер еді», - деді, яғни маңызды деректерді өзінің дұрыс көзқарастарының және салиқалы білімдерінің себебімен талдай алатын адамдар білуі керек. Осыда кез-келген мәселені зерттеуді соған қабілеті жететін адамға тапсыру керек деген маңызды ережеге дәлел бар. Және ешкім маңызды мәселелерді осындай адамдар бұрын шешпеуі керек, өйткені олар дұрыс шешімге жақындау және қателіктерден көбірек қорғалған. Осыда, сондай-ақ, естіген нәрсені асығыстықпен жариялауға тыйым бар. Мұсылмандар сөздерінің үстінен ойлануы керек, олар пайда келтіретіні, не келтірмейтіні жайлы ой тоқтату керек”. Қараңыз “Тафсир әс-Са’ди” 185.

Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ақиқатында, адамдар үшін сондай бір, өтірікшілерге сеніп, шыншылдарға сенуді қоятын; қиянатшылдарға аманат тапсырып, сенімге лайық болғандар жайлы опасыз ба деп күдіктенетін; және сөз рууәйбидаларда болатын замандар келеді». Одан: “Рууәйбида деген кім?” – деп сұрағанда, ол: «Жаппай адамдарға қатысты мәселелер туралы сөйлейтін ақымақ!» - деді. Әхмәд 2/291, Ибн Мәжжәһ 4036. Хафиз Ибн Хаджәр, хафиз Ибн Кәсир, шейх Әхмәд Шәкир және шейх әл-Әлбәни хадисті сахих деді.

«Фиқх негізі» («Усуль әл-фиқх») ғылымында Ақырет күнінің белгілері туралы хадистер екі нәрсені қамтитыны белгілі: біріншісі – мұсылмандардың орын алатын нәрселерге дайындалуы, ал екіншісі – олардың мағынасы – Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) ескерткен нәрселерден, олар міндетті түрде орын алатын болса да, қашқақтау.  Қараңыз “әл-Мууәфәқат” 2/450.

Келітірілген аят пен хадисте шариғат құзырет бермеген кісіге мұсылмандардың жаппай проблемаларын талқылап, шешуге айқын тыйым бар, олардың қатарына джихад, әмірге қарсы шығу (хурудж), күпірлікте айыптау, т.б. жатады! Әрине, біреу-міреу олардың ойынша барлығы түгелімен кәпір болып табылатын ғалымдар және тіпті мұсылмандардың әмірлері де бұл мәселелерді шешіп жатқан жоқ деп айтуы мүмкін.   Бірақ, тіпті егер бұл шындыққа сәйкес келгенде де, бәрібір бұл кез-келгендердің барлығына Ислам үмметінің маңызды мәселелерін шешу құқығын бермейді!

Ибн әл-Қайим былай деді: “Аллаһтың Кітабын, Оның Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетін және сахабалардың айтқан сөздерін білетін – тек осындай адам ғана мұсылман үмметі душар болған күрделі мәселелерді (нәуәзиль) шешуге құзырлы болып табылады, және тек солардан ғана осы мәселелер бойынша пәтуә алуға болады”. Қараңыз “И’ләмуль-мууәкқи’ин” 4/212.

Ал біздің кезімізде нәуәзиль мәселелерін ғалымдар шешуде ма?!

Шейх Салих әл-Фәузанға: «Түрлі елдерде тұрып жатқан білім талап етушілерге, егер осы елдерде мұсылмандардың әмірлері болмаса, және олардан басқа ешкіммен байланысу мүмкін болмаса,  үммет дұшар болған маңызды мәселелер және джихад мәселелері бойынша пәтуа беруі – міндетті болып табылады ма, немесе рұқсат етіледі ма? Осыны түсіндіріп беруіңізді сұраймын», - деп сұрақ қойылды.

Шейх былай деп жауап берді: “Оларға жалпы мәселелер бойынша пәтуа беруге рұқсат етілмейді. Ғаламдардан басқа ешкімге бұл мәселелерде пәтуа беруге рұқсат етілмейді! Аллаһ Тағала бұл жөніде былай деп айтады: «Қашан оларға (мұсылмандарға) аманшылықтан немесе қауіп-қатерден хабар келсе, олар оны жайып жібереді. Егер олар оны, Пайғамбарға не өздерінің іс басындағыларына ұсынса, олардан оның мән-жайын зерттей алатындар білер еді». (ән-Нисә 4: 83). Мұндай мәселелерді өздерінің білімі және тақуалығымен танылған ғалымдардың кеңесі шешу керек. Умар, оған Аллаһ разы болсын, бір маңызды мәселе туындағанда, оны шешу үшін мухаджирлерлер мен ансарларды жинайтын! Ал ол – Умар еді! Бірақ, соған қарамастан, ол кеңесу үшін мухаджирлер мен ансарларды жинайтын. Егер оларды (студенттерді) әдеттегі мәселелер туралы сұрап жатса, онда олардың бұл жөнінде білімдері болса, олар сол сұрақтарға жауап бере алады. Алайда, маңызды мәселелерге қатысты айтар болсақ, олар бойынша осы мәселелерді зерттейтін беделді ғалымдардан өзге ешкім пәтуа бермейді”. Қараңыз “Фәтуа әл-Фәузан” № 7084.

12. Пайда мен зиян мәселесіне мән бермеу әсләха уәл-мәфсадә)

Пайда мен зиян туралы мәселе діннің негізінде жатыр, бірақ, өкінішке орай, көптеген мұсылмандар бұл мәселеге ешқандай назар бөлмейді, және нәтижесінде Исламға да, мұсылмандарға да үлкен зиян тигізетін істерді жасайды. Хасан әл-Бәсри былай дейтін: “Бүлік (фитна) орын алайын деп жатқанда, ол туралы тек ғалым біледі, ал ол бітіп жатқанда ол туралы енді әрбір джахиль біледі”. Ибн Са’д “әт-Табәқат” 7/166.

Имам Ибн әл-Мубәрак былай дейтін: Шынайы ғалым - халәл мен харам мәселелерін түсінетін емес, өйткені бұл мәселелерді көпшілік біледі. Алайда, шынайы ғалым -  пайда мен зиян мәселесін түсінетін!” Қараңыз “Әлуияту-ннәср” 1/103.

Үмметіміздің ұлы имамдары тарапынан пайда мен зиян тақырыбында көптеген еңбектер жазылған, олардың арасында Ибн Таймияның, Ибн әл-Қайимнің, әш-Шәтыбидің т.б. еңбектері де бар.

Ұлы Аллаһ: «Олардың Аллаһтан өзге сиынғандарын боқтамаңдар. Олар білмей шектен шығып Аллаһқа тіл тигізеді», - деп бұйырды. (әл-Ан’ам 6: 108).

Имам әш-Шәукәни бұл аятты тәпсірлеп, былай дейтін: Бұл аятта егер ақиқатқа шақырып, бидғатқа тыйым салушы (адам) өзінің әрекеті одан да көбірек харам істелуіне, ақиқатқа қайшы келуге және одан да артық адасушылыққа салынуға алып келуінен қауіптенсе, онда ол үшін мұны тастау (қалдыру) абзал болады дегенге дәлел бар. Тіпті бұл – міндетті (уәжіп) болады. Қараңыз “Фәтхуль-Қадир” 2/214.

О бастан пұттарды сөгу – рұқсат етілген іс, тіпті Аллаһқа жақындататын амал, бірақ, ол одан да үлкенрек болған жамандыққа, нақты айтқанда Аллаһтың өзіне тіл тигузуге  әкелуі мүмкін болғандықтан, бұл іс харам болады.

Кейбіреулер: «Ғалымдар белгілі пәтуаларын араб елдерінің әмірлеріне, немесе Америкаға, немесе тағы біреулерге жағу үшін беріп жатыр!» - деп айтады, ал шын мәнінде олар тек дінді ол қандай болса солай жеткізуде. Осында мынандай сұрақ туындайды: Сонда Аллаһ: «Олардың Аллаһтан өзге сиынғандарын боқтамаңдар», - деген аятын, мушриктерге жағу үшін түсірді деп айтуға олардың батылы барады ма екен?!

‘Аиша, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бірде оған: «Йә, ‘Аиша, егер сенің халқың соншалықты надандыққа (жәһилиетке) жақын болмағанда, мен міндетті түрде Қағбаны бұзуды бұйырар едім, ал кейін оған одан ажыратылған нәрсені қосар едім, және оның есігін жердің деңгейіне дейін түсірер едім, және онда екі – батыс және шығыс есіктерін жасар едім, және оны Ибраһим қалаған іргетастың негізінде қайта көтетер едім», - деп айтқанын баяндаған. әл-Бухари 1586, Муслим 1333.

Бұл сөздерді Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Меккені бағындырғаннан кейін, мұсылмандарда күш те, билік те болған кезде айтты, бірақ бұған қарамастан, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), пайда мен зиянды ескеріп, пайдадан көбірек зиян келтіруі мүмкін болған нәрсені істеуден бас тартты.

Сондай-ақ, пайғамбардан (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оның сахабалары: “Біз не үшін екіжүзділерді өлтірмейміз?!” - деп сұрағанда, ол: «Сендер сонда адамдар: «Мухаммад өзінің сахабаларын өлтіріп жатыр», - деп айтуларын қалайсыңдар ма?!» - деп жауап берді. Муслим 2584.

Екіжүзділер Аллаһтың дініне кәпірлерден де көбірек зиян тигізетін, бірақ, бұған қарамастан, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оларды өлтірудің салдарынан келуі мүмкін болған зиянды ескеріп, оларды өлтіруге тыйым салды!

Пайда мен зиян мәселесі барлық кезде және барлық жерде ескерілуі керек: джихадта да, күнәлі істерден тыйюда да, кәпір болған әмірді құлатуда да, барлық нәрседе!

Міне, ғалымдардың барлық нәрседе пайда мен зиян мәселесін қалайша ескергенінің мысалдары:

Имам әл-‘Изз ибн ‘Абду-Ссәләм былай деді: “Дұшпанға шығын әкелмейтін кәпірлермен кез-келген шайқасуды қалдыру қажет, өйткені өмірді қауіпке салу тек дінді ұлықтауға және мүшриктерге шығын алып келуге пайдалы болса ғана рұқсат етіледі.   Егер осылар болмаса, шайқасуды қалдыру міндетті болып табылады, өйткені онда жандардың бос шығыны, кәпірлерге қуаныш әкелу және мұсылмандар үшін қорлық болады. Және бұл - ешбір пайдасы жоқ түгелімен зиян болады!” Қараңыз “Қауа’идуль-ахкәм” 1/95.

Имам әл-‘Иззаның бұл сөздерінде «Джихадты жүргізу үшін қарсылық көрсетуге деген қабілет (қудра) болса жеткілікті!» дейтіндерді әшкерелеу бар. Бұл – қателік, өйткені қарсылық көрсетуге қабілеттілік меккелік кезеңде пайғамбарымызбен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оның жанындағы сахабаларында да болды, алайда Аллаһ оларға шайқасуға тыйым салды, өйткені олардың шайқасуы көбірек зиян келтіруі мүмкін еді.  Ибн әл-Қайим былай деді: “Аллаһ Тағала мұсылмандарға Меккеде шайқасуға тыйым салды,  және олардың шайқасуы зұлымдыққа сабыр ету қажеттілігінен де үлкен зиянға әкелмеуі үшін, оларға сабыр етуді бұйырды. Және олардың жандарын, дінін және ұрпақтарын сақтаудың пайдасы шайқасу оларға алып келетін пайдадан басым еді”. Қараңыз “И’ләм әл-мууәқи’ин” 2/150.

Аллаһ Тағала джихадты ол арқылы дінді ұлықтау үшін әмір етті. Шейх ‘Абдур-Рахман әс-Са’ди былай дейтін: “Джихад кәпірлердің қанын төгіп, олардың мал-мүлкін меншіктену үшін жүргізілмейді. Джихад Аллаһтың діні басқа діндерден үстем болу үшін және жер бетінде көпқұдайшылық және хақ дінге қайшы нәрсенің барлығы жойылу үшін жүргізіледі. Міне осы – бүлік (фитна), және егер осы фитна жойылса, мұсылмандар қан төгуді және шайқасуды тоқтатуы міндетті болады”. Қараңыз “Тайсируль-Кәрими-Ррахмән” 78.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “Бүлікшілердің тобымен соғысу әмірі қабілеттілік пен күштің болуымен шартталады, және олармен жүргізілетін соғыс көпқұдайшылар және кәпірлермен жүргізілетін соғыстан маңыздырақ емес, ал бұл да, сондай-ақ, қабілеттілілік және күшпен шартталатыны белгілі. Кейде шариғи пайда (кәпірлерге) алым-салық төлеуде де, немесе бітімдесуде, немесе келісім-шарт жасасуда да болуы мүмкін, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) осылайша бірнеше рет істегеніндей. Және егер имам (әмір) күштің болуын көріп, бірақ (шайқасудан) пайда келуін көрмесе, онда оны қалдыру абзалрақ! Және кім шайқасу пайдадан көбірек зиян келтіретінін көріп тұрса, және бұл шайқас - бүлік (фитна) екенін көріп тұрса, ол әмірге бағынуға міндетті болмайды”. Қараңыз “Мәджму’уль-фәтауә” 4/442.

Йә, мұсылмандар,  шейхуль-Исламның бұл сөздеріне назар салыңыздар!

Біріншіден, ол джихадты жүргізу үшін күш пен қабілеттілікке ие болу қажеттігін айтады!

Екіншіден, ол күш пен қабілеттілік болып тұрса да, пайда мен зиян мәселесін ескеру қажеттігіне нұсқайды!

Үшіншіден, ол ішінде бүлік және мұсылмандар үшін анық зиян болған шайқас жағдайында, әмірге бағынбауға рұқсат етіледі дейді!  Егер осылай деп мұсылмандардың шынайы  әмірлері туралы айтылған болса, онда өз негізінде әмір болып табылмайтындарға, және соған қоса зиян келтіретін нәрседе бағыну туралы не айтуға болады?!

Шейхуль-Ислам сондай-ақ, былай дейтін: “Әмірге қарсы шығатын топ олардың шығуында өздері түзеткісі келгеннен де көбірек зиян болуы мүмкін екенін білуі керек!” Қараңыз “Минхаджу-Ссуннә” 3/391.

Сондай-ақ, Ибн Таймия Бәну Умәйя әмірлеріне қарсы шыққан Ибн әл-Аш’ас пен Ибн әл-Мухалләб туралы былай деді: Олар, өздерімен болғандар сияқты, жеңіліске ұшырады! Олар дінді де орнатпады және дүниеге қатыстыны да түзетпеді. Ал Аллаһ Тағала дінге немесе дүние тіршілігіне пайда келтірмейтін нәрсені істеуді әмір етпейді, тіпті осыны істеуші Аллаһқа жақын адамдардан, тақуалардан және Жәннәт тұрғындарының қатарынан болса да! Олар Алиден, Айшадан, Тәлхадан, әз-Зубәйрдан және бүлік кезінде соғысқандығы үшін, мақталмағандардың басқаларынан жақсырақ емес, және олар Аллаһтың алдында ұлы орынға ие  болуына және басқа кез-келген біруден жақсырақ ниетте болғанына қарамастан!” Қараңыз “Минхаджу-Ссуннә” 4/528.

Шейх Ибн ‘Усәймин кәпір болған әмірге қарсы шығу туралы айтып, былай деді: “Егер біз оны құлатуға қабілетті болсақ, онда біз оған қарсы шығамыз, ал егер мұны істеуге қабілеттілігіміз жетпесе – онда жоқ, өйткені шариғаттың барлық міндеттері (уәжібәт) мүмкіндіктің (қудра) болуымен шартталады. Әрі қарай, егер біз шықсақ, бұл осы әмірдің тұсында болғаннан да көбірек зиянға әкелуі мүмкін. Және біз оған қарсы шықсақ, ал ол бізден күштірек болса, онда осыдан кейін біз бұрыңғыдан қорланған күйге түсеміз, ал ол өзінің күпірлігінде және жауыздығында бұрыңғыдан да табанды түрде тұрып алады. Бұл сұрақтар шариғатты басшылыққа алатын ақылға мұқтаж. Және осындай мәселелерде біз өзіміздің сезімдерімізден қашықтауымыз керек. Бізге сезімдер рухтандыру үшін керек, бірақ біз опат болуға жетелейтін сезімдердің соңынан ілесіп кетпеуіміз үшін ақыл мен шариғатқа мұқтажбыз!” Қараңыз “Бәбуль-мәфтух” 3/126.

Сондай-ақ, Ибн Таймия да айыпталатын нәрсені түзетуде пайда мен зиян туралы маңызды ережені ескерудің керемет үлгісін көрсетті. Ол былай деп баяндайтын: «Манғол-татарлар Дамаскке шабуыл жасап, оны алған соң мен өзімнің жақтаушыларыммен бірге олардан болған бір шарап ішіп отырған топтың жанынан өттім. Және менің жолдастарымның біреуі оларға сөгіс айтайын деді, бірақ мен оған: «Ақиқатында, Аллаһ шарапты ол намаздан және Аллаһты зікір етуден тосып қалатын болғандықтан тыйым салды, ал бұларды шарап адам өлтіруден, балаларды тұтқындаудан және мал-мүлікті тартып алудан тосады. Сондықтан оларды қоя сал», - дедім.. Қараңыз “әл-Истиқамә” 2/168.

Қорытынды

Біз Аллаһ Тағаладан Ислам үмметін қайтадан бұрыңғы ұлықтығына келтіруін және дұрыс сенімнің үстінде ақиқатқа ұмтылатын мұсылмандарды біріктіруін тілеймін!

Біз  «әл-ихуан уль муслимин» джәмәғаты және басқа да секталар сияқты: «Бізді біріктіретін бидғат, бізді бөлетін Сүннеттен жақсы!» - деп айтып, барлық ағымдармен бірігуге шақырмаймыз!

Бұндай сенімнен Аллаһ сақтасын!

Аллаһтың рақымымен біз ақиқатқа қайшы сенімдердегі бірлікті Исламның мақсаты болып табылады деп есептемейміз! Жоқ! Ислам үмметіндегі бүліктердің жоғарыда аталған себептеріне көңіл бұрмайтын қаншама көп адамдар осыған қарама-қайшы сөйлеп, ақиқатқа шақыруды бүлік дейді!

Өз әуес-қалауларының ізінен ілесушілер ақиқатқа жолыққан кезде, өздері құрған партияда не жамағатта бөліну мен келіспеушіліктен қорқып оны фитна деп атап жатқанын жиі көріп жүрген жоқпыз ба?!

Имам әл-Ауза’и мына керемет сөздерді айтқан: ““Саләфтардың іздерінен ілес, тіпті адамдардың барлығы сенен бас тартса да. Және адамдардың пікірлерінен сақ бол, тіпті олар пікірлерін өзінің сөздерімен әдімі етіп көрсетсе де”. Қараңыз “әш-Шәри’а” 1/193.

Және айналасындағылар оларға жаман қарым-қатынас жасай бастайды деп ақиқатқа ілесуден қорқып жүрген мұсылмандар қаншама!

Аллаһ бізді одан сақтасын!

Ал дұрыс мәнхаджға ілесушіге келер болсақ, ол осы жолға ілесушіні табатынына сенімдіміз. Имам әл-Фудайль ибн ‘Ийяд былай дейтін: «Жандар сарбаздар сияқты, олардың бірін-бірі танығандары бірігеді, ал олардың бірін-бірі танымағандары таралып кетеді». Және Сүннеттің жақтаушысының бидғаттың жақтаушысына көмектесуі мүмкін емес, тек бұл екіжүзділіктің көрісінісі болуынан басқа”. Қараңыз “Шәрх усуль и’тикад” 1/138.

Шейх Әхмәд ән-Нәджми былай деді: “Кім мұсылмандарды сенімнің біртұтастығына емес, қатарларының біртұтастығына шақырса, ол жақсылыққа шақыруды және жамандықтан қайтаруды бұзғысы келеді! Мұсылманға басқа мұсылманның адасушылығына қатысуына рұқсат етілмейді… Әртүрлі сеніммен қатарлардың бірігуіне Раббымыз ешқашан разы  болмайды. (Адасқандармен)  қатарларды біріктіруге болмайды, және бұл - шайтанның шақыруы!” Қараңыз “әл-Фәтауә әл-джәлия” 70.

Бірақ, тіпті әртүрлі ағымдардың түрлі сенімдермен  қатарларды біріктіруге деген шақыруында біз мұның нәтиже бермей жатқанын көрудеміз. Ал барлық ағымдар бірікті делік, содан кейін не істемек?! Ешнәрсе  де істей алмайды, уақыт өте бірімен бірі соғыса бастайды,  тарихта бұған мысалдар көп емес пе?!

Имам Әбу әл-Музаффәр ас-Сам’ани былай дейтін: “Егер өз  қалаулары мен бидғаттарға ергендерге қарасаң, оларды келіспеушілікте екенін немесе түрлі партияларға және топтарға бөлінгенін көресің. Сен олардың ішінен ақиқадада бір жолға ілесетін екеуін таппайсың. Олар бір- бірін бидғаттарда, тіпті күпірлікте айыптайды. Баласы әкесін,  бауыры бауырын, көрші көршісін күпірлікте айыптайды. Олар біртұтас, бірақ олардың сөздері бір біріне сәйкес келмейді. «…Сен олар біртұтас деп ойлайсың, бірақ олардың жүректері бөлінушілікте». (әл-Хашр 59: 14)”. Қараңыз “әл-Худжә” 2/224.

Біз тек  мұсылмандардың назарын қасіреттердің шығар көзіне аударғым келеді, олар айтылған нәрселер туралы ойлануы және оларға бұл дүниедегі сынақтарды түсініп олардан өту үшін. Бұл туралы шейх Ибн Баз, Аллаһ оған рахым етсін: «Аллаһтың жолында өмір сүріп өту, Аллаһтың жолында өлуден қиындау!»

Ол ақиқатты айтты, өйткені ешкім қанша өмір сүретінін және қандай жағдайда өлетінін білмейді.

Өйткені қазір - көптеген мұсылмандар біреулері дүние игігіктері үшін, біреулері Исламда фитнадан өзге ақиқатты таппадым деп, біреулері басқа себептермен өз дінін тастап жатқан уқыт. Ал, Аллаһқа бағыңған күйінде және адамның емес Аллаһтың қалағанына сәйкес ұзақ және лайықты өмір сүрген адамға келер болсақ, ол - Аллаһтың алдындағы ең жақсы адамдардардан! Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Адамдардың ең абзалы - ұзақ өмір сүріп істері тек игі болғаны!  Ал адамдардың ең нашары - ұзақ өмір сүріп, істері жаман болғандары!» Әхмәд, әл-Хаким. Хадис сахих. Қараңыз «Сахих әл-джами’» 3297.

Айтылғандардың барлығын саләфтардың мол пайда алуға болатын керемет насихаттарымен аяқтағым келеді.

1200 жылдан астам уақыт бұрын өмір сүрген Юнус ибн ‘Убәйд былай дейтін: “Біздің уақытымызда біреудің Сүннетке шақырып жатқаны таң қалуға лайық, бірақ одан да таңғаларлығы  - біреулерідің сол шақыруға жауап беріп, Сүннетті қабылдап жатқаны!” Әбу Ну’айм “әл-Хилия” 3/21.

Сол сияқты 1200 жыл жыл алдын өмір сүрген имам Әбу ‘Убәйд әл-Қасим ибн Саләм да: “Сүннетке ілесуші - қолында жанған шоқты ұстаған адам іспеттес. Және біздің уақытымызда осындайлар мен үшін Аллаһтың жолында қылыш бұлғайтыннан абзалрақ!” Қараңыз “Тарихуль-Бәғдәд” 12/410.

Суфьян ибн ‘Уяйна былай дейтін: “Жақсы мен жаман туралы білетіннің барлығы ақыл иесі болып табылмайды. Ақиқатында, ақыл иесі ол жақсылықты көрсе оған ілесуші, ал жамандықты көрсе, одан қашқақтайтын (адам)!” Қараңыз “әл-Хилия” 8/339.

Имам әл-Әсбәхани былай деп жазатын: Ақиқатында, бидғатты жақтаушылардан болған әрбір топ өздерін Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) тұрған нәрседе тұрмыз деп жариялайды, ал іс жүзінде олар дінге Аллаһ та, Оның Елшісі де (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) рұқсат етпеген нәрселерді енгізді. Алайда Аллаһ мұны қайтарады, өйткені Ол шынайы және дұрыс ақида хадистер мен саләфтар жолының білімпаздарынан өзге ешкіммен бірге болмайтындай етіп жасап қойды, өйткені олар өзінің дінін және ақидасын ғасырдан ғасырға саләфтардан алып келді. Ал олар оны табиғиндардан қабылдап алды, ал табиғиндар оны сахабалардан қабылдап алды, ал сахабалар оны Аллаһтың Елшісінен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қабылдады!” Қараңыз “әл-Худжә” 2/233.

Және соңында Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ!


[1] Құранның және Сүннеттің екі түрлі мағынада түсінуге болмайтын айқын мәтіндері.

(Причины смут и раскола в Исламской умме)

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|