Quickribbon

Имам Ибн әл-Мубәракқа телінетін өлең жайлы

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммедке, оның отбасы мүшелеріне және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын.

Ал содан соң:

Мұсылмандардың арасында имам ибн әл-Мубәракқа телінетін өлеңдер кең таралған. Ол өзі рибәтта (ислам шекараларын қорғауда) болып,  имам  әл-Фудайль ибн ‘Ийядқа мазмұны төмендегідей өлең жолдарын жіберген деп айтылып жүр:  «Йә, Екі Харамда (Мекке мен Мәдина) ғибадат етуші! Егер сен бізді көргеніңде, өзіңнің ғибадатыңда  ойнап тұрғаныңды түсінер едің. Егер сенің бетіңді көз жастарың жуып жатса, біздің мойындарымызды өзіміздің қанымыз жууда. Ал, егер сен өзіңнің атыңды түкке тұрмас нәрсемен шаршатқан болсаң, біздің аттарымыз таңда шаршады…».

Бұл дерек араб елдерінде де, араб емес елдерде де,  мұсылмандардың арасында едәуір кең таралған. Оны кейбір имамдар өздерінің жұма құтпаларында, және әртүрлі қиссашылар (қуссас) жиналыстарында жиі айтады. Бұл өлеңдер нашидтер сияқты әуендетіліп айтылады және оларға «Йә ‘абидәл-харамейн» деп аталатын нашидтер жинағы да арналған. Бұл уақиғаны түрлі уағызшылар саләфтар үшін ең жақсы ғибадат – бұл джихад дегенге дәлел ретінде жиі таратады.

Ал, іс жүзінде имам ибн әл-Мубәракқа телінетін бұл уақиға - сахих (сенімді) емес, бұл жөнінде өздерінің өткізген зерттеулерінен кейін көптеген шейхтер айтқан, ал олардың кейбіреулері олардың мағынасын да сөккен.

Оның сенімділігіне қатысты айтар болсақ, имам әз-Зәхәби “әс-Сияр” еңбегінде (8/427)  және хафиз Ибн Кәсир өзінің тәпсірінде (1/408) келтірген  бұл деректің иснәдінда белгісіз риуаятшы (мәджхуль) болып табылатын ‘Абдуллаһ ибн Мухаммад Қады Насыбин және имам Әбу Хатим ол туралы: «Ол риуаят еткен хадистер – өтірік, бұл - оның өтірікші екеніне нұсқайды!» - деп айтқан  Мухаммад ибн Ибрахим ибн Әби Сакина бар. “Лисан әл-мизән” 1/131.

Сондай-ақ, бұл хабарды имам Ибн ‘Асакир «Тарих әд-Димәшқ» кітабында (32/449) және имам әс-Субки «Табәқат әш-шәфи’ия» еңбегінде (1/286) келтіреді, бірақ бұл иснәдта (жеткізушілер тізбегінде) өтірік хадистерді ойдан тоқушы деп айыпталатын Әбу әл-Муфәдль Мухаммәд ибн ‘Абдуллаһ әш-Шәйбәни бар. “әл-Мизән” 5/54.

Бұл риуаятшыны (жеткізушіні) өтірік хадистерді ойдан шығарушылықта айыптаған имамдардың қатарында имам әд-Дарақутни және Әбуль-Қасим әл-Әзхари бар. Имам Хатыб әл-Бәғдади бұл риуаятшы жөнінде: “Ол сирек кездесетін хадистерді  және шейхтердің сұрақ-жауаптарын риуаят ететін және адамдар одан оларды жазып алатын. Соңынан оның өтірігі әшкере болған кезде, оның хабарлары қайтарылатын, ал оның жазулары жыртып тасталатын.  Және ол рафидилер үшін өтірік хадистерді ойдан тоқып шығаратын”, - деп айтқан. “Тарих әл-Бәғдад” 5/466.

Имам Ибн ‘Ирақ ол жөнінде өтірікшілер туралы тарауында былай деп айтқан: “Ол – хадистерді ойдан тоқитын дәджәл еді!” “Танзих әш-шәри’а” 1/107.

Ал егер бұл адам Аллаһтың Елшісінің өзіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өтірікті жапсырған болса, онда бұл өлеңдерді Ибн әл-Мубәракқа телу оған не тұрады деп ойлайсыз?! Бұл өлеңдерді, сол арқылы имам әл-Фудайльді Ибн әл-Мубәрактың ауызымен айыптап және Ибн әл-Мубәрактың өзін де ғибадатты ойын деп айтушы ретінде көрсеткен дәл осы рафиди ойлап тапқан болуы әбден мүмкін!

Сөйтіп, бұл уақиға ойдан тоқылғандығына және имам Ибн әл-Мубәракқа еш қатыссыз екендігіне ешқандай күмән жоқ. Ал бұған қарсы пікір айтатынға келер болсақ, ол эмоциялық наразылығының орнына дәлел келтірсін!  Шейхуль-Ислам Ибн Таймия: “Аллаһ және Оның Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) туралы айтылған сөздер сияқты, саләфтардан және ғалымдардан жеткізілетін сөздер де, олардың сенімділігін нақтылауға және мағынасын түсіндіруге мұқтаж!” “Мәджму’уль-фәтауә” 1/246.

Біреу былай деп сұрауы мүмкін: «Онда неліктен хафиз Ибн Кәсир бұл деректі Әли Имран сүресінің соңғы аятына жасаған тәпсірінде келтіреді?»

Мұның жауабы мынадай: «Имамдар саләфтардың сөздерін жеткізуге хадистерді жеткізуге қойған талаптарындай талаптар қоймайтын. Имам Хатыб әл-Бәғдади былай дейтін: “Ал ізгілердің, зухдттардың, ғибадатшылдардың және хәкімдердің деректеріне келер болсақ, бұл хабарларда иснәдтарының болуы  - олардың көркі болып табылады, бірақ, оларды жеткізуге рұқсат ететін шарт болып табылмайды”. “әл-Джәми’ әл-әхләқ әр-рауи” 2/316.

Ал, ертедегі имамдарға телінетін және маңызды мәні бар хабарларға келер болсақ, мысалы, Әбу Ханифаға Құранды жаратылған деген, немесе ақиқаны – бидъат деген сөздер телінген; немесе Саид ибн әл-Мусайибке ол музыкалық аспаптармен сүйемелденетін әндерді рұқсат ететін деп телінетін сөздер, т.б., олар сенімділігін анықтауға мұқтаж, бұл жөнінде  шейхуль-Ислам былай деп айтқанындай: “Аллаһ және Оның Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) туралы айтылған сөздер сияқты, саләфтардан және ғалымдардан жеткізілетін сөздер де, олардың сенімділігін нақтылауға және мағынасын түсіндіруге мұқтаж!” “Мәджму’уль-фәтауә” 1/246.

Алайда, саләфтардың немесе имамдардың біреуінен жеткізілетін хабардың сенімсіз екендігі айқын болған соң, оны оған телуге болмайды!

Ал осы тақырыптың өзі туралы айтар болсақ, ол жөнінде көптеген шейхтер айтып өткен:

Йеменнің мухаддисі шейх Муқбильдің ең жақын шәкірті болған шейх Яхья әл-Хаджуриге: «‘Абдуллаһ ибн әл-Мубәракқа (Аллаһ оны рақым етсін) телінетін, ол оны әл-Фудайль ибн ‘Ийядқа (Аллаһ оны рақым етсін) жолдаған, және онда: «Йә, Екі Харамда (Мекке мен Мәдина) ғибадат етуші! Егер сен бізді көргеніңде, өзіңнің ғибадатыңда  ойнатыныңды түсінер едің», - деп айтылатын қасыданың (лирикалық поэзияның жанры) сенімділігі (сахихтығы) қандай?» - деген сұрақ қойылды.

Ол: “Бұл қасыда - иснәді жағынан әлсіз (доиф) және мазмұны жағынан сөгіс білдірілетін болып табылады! Оның иснәдына қатысты айтар болсақ, онда Абдуллаһ ибн Мухаммад Қады Насыбин бар. Ал ол мұны Мухаммад ибн Ибрахим ибн Әби Сакинаның Ибн әл-Мубәрак оны әл-Фудайль ибн ‘Ийядқа осы бәйтпен (өлең шумағының түрі) жібергендігі туралы сөздерінен жеткізген. Бұл Ибн Әби Сакина - белгісіз риуаятшы болып табылады, және Қады Насыбин де тура сондай! Сондай-ақ, бұл хабар өзінің мағынасы жағынан да қабылдануға жарамсыз. Бұл бәйттің сөздерің тыңдап көрші: «Йә, Екі Харамда (Мекке мен Мәдина) ғибадат етуші! Егер сен бізді көргеніңде, өзіңнің ғибадатыңда ойнайтыныңды түсінер едің». Саләфтар (Аллаһ оларға разы болсын) ғибадат рәсімдері туралы кемсітуші сөздер айтпаған және ғибадаттарды ойын деп атамаған! Аллаһ Ибн әл-Мубәракты намазды, оразаны, немесе Аллаһтың Қорықты жерлеріндегі түнделетіп (ғибадатқа) тұруды ойын деп атаудан сақтасын, оның үстіне, сендер Меккеде орындалған намаздың артықшылығы туралы білесіздер! Сондай-ақ, өлеңде: «Егер сенің бетіңді көз жастарың жуып жатса, біздің мойындарымызды өзіміздің қанымыз жууда», - деген және тағы да сол сияқты нәрселер айтылады. Білім иелері мұндайдан биік, және олар: «Біз мыналарды істеудеміз, ал сен мына ғана істеп жатырсың…», - деп айтудан алшақ. Жоқ, бауырым,  «Фәтхуль-Мәджидте» келтірілетін бұл өлең, біз оны зерттеп өткенбіз, бұл хабардың иснәді  әлсіз, ал мағынасы сөгіс айтылатындай!” “Әсилә әл-хадисия” № 1, (7 Джумәд әл-улә, х. 1424 ж.).

Сондай-ақ, шейх әл-Әлбәнидің шәкірті – шейх ‘Али әл-Халәби де: «Біз кейбір бауырлардан ғалымдар Ибн әл-Мубәракқа телінетін: «Йә, Екі Харамда (Мекке мен Мәдина) ғибадат етуші!» деп айтылатын өлеңді сенімсіз деп айтқанын естідік. Сіз бұл жөнінде не дейсіз?» - деген сұраққа, бұл дерек әлсіз болып табылады деп жауап берді.  “Шәрх әл-Ибәнә”.

Сондай-ақ, ‘Али Хашиш де өзінің «Тахзир әд-да’ия минәл-әхадис әл-уәхия» атты кітабының бірінші томында бұл деректі әлсіз деп, былай деді: “Абдуллаһ ибн әл-Мубәрак өзінің шейхы әл-Фудайль ибн ‘Ийядтың ғибадатына: «Йә, Екі Харамда (Мекке мен Мәдина) ғибадат етуші! Егер сен бізді көргеніңде, өзіңнің ғибадатыңда ойнайтыныңды түсінер едің», - дейтіндей, ешқашан кемсітіп қараған емес”.

Тура осыны «Табсыра улиль-әхләм мин қысас фихә кәләм» еңбегінің авторы да айтқан.

Жоғарыда айтылғандардың барлығының негізінде бұл хабар ибн-Мубәрактан екені сенімсіз болғаны айқын болады.

Екіншіден, бұл бәйттің мәтінінен ойын деп - не рибәттан өзге ғибадаттардың өзі, немесе ғибадаттарды жасау аталып тұрғаны түсінікті болып тұр, ал мұндайды Ибн әл-Мубәрак сияқты ұлы және атақты имамның айтуы мүмкін емес. Бұл сөздер көбірек дінді қабық пен өзекке (қушур уә любәб) бөлу сияқты белгілі биъатқа ұқсайды. Бұл қисынға сәйкес, маңызды және жеткілікті болып тек Исламның өзегі ғана табылады, ал, «қабық» санатына жататындарға келер болсақ, оларды, маңызды болмағандығы себебінен, тастауға да болады. Ал, ақиқатында, Аллаһтың шариғатында кез-келген ғибадат маңызды болып табылады, алайда бірінші кезекті нәрселер болады, және керексіз және маңызсыз ешнәрсе жоқ, тіпті Исламның ұстындарын орындауды айтпағанның өзінде, егер сөз дәретті қалайша сындыру туралы болып тұрса да! Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Мақұлданатын нәрсенің ешқайсысына елемеушілік танытпаңдар, тіпті өз бауырыңды жылы жүзбен қарсы алу керек екендігіне де». Муслим 2626.

Бірде Ибн Базға: «Сақалды қыру және киімді тобықтан төмен түсіру – қабық және болмашы мәселе болып табылады, бірақ маңызды емес», - деп айтатынға қатысты шариғат үкімі қандай?» - деген сұрақ қойылғанда, шейх былай жауап берді: “Бұл сөздер өте қауіпті және сөгіс айтылатындай! Дінде қабық жоқ! Дінде барлық нәрсе маңызды және игі болып табылады. Ия, дінде бірінші кезекті нәрселер бар, екінші кезекті де, және сақалды қыру мен киімді қысқарту - бірінші кезектегі мәселелерден емес. Алайда, діннің қандайда бір ережесін қабық деп атауға рұқсат етілмейді. Және мұндайды айтқан адам үшін, оның сөздері - дінді масқаралау болып қалуы, ал оның өзі осының себебінен - діннен шығыққан муртад болып қалуы мүмкін деген қорқыныш бар!” “Фәтауә ‘уләмә әл-бәләд әл-харам” 321.

Үшіншіден, мойыннан аққан қан Аллаһтың алдында жылаудан, мұны жазғырып айтатындай,  соншалықты үлкен артықшылыққа ие екендігіне, шариғатта қандайда бір нұсқау бар ма?   Керісінше, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұл екі нәрсенің артықшылығы туралы бірдей етіп айтқаны сенімді түрде жеткен: «Үшеудің көздері Қиямет Күні Отты көрмейді!  Аллаһтан қорқып жылаған адамның көздері; Аллаһтың жолында сақшы болғанның көздері; және Аллаһтың тыйым еткен нәрсесін көргенде төмен түсірілген көздер». Әхмәд 4/134, Әбу Я’лә 7/307, Ибн ‘Асакир 1/297. Хадис сахих. “әс-Сильсилә әс-Сахиха” 2673.

Төртіншіден, имам Ибн әл-Мубәрак мұндай сөздерді айту үшін өте сыпайы адам еді, өйткені, ол - өздерінің ізгі амалдарымен мақтанатындардан емес, оларды жасыруды қалайтындардан еді! Мысалы, Ибн әл-Мубәрактан  өзімен өзі сүйсіну туралы сұраған кезде, ол былай деп жауап берген: «Бұл - сенің өзгелерде жоқ нәрсеге сен ғана ие екен деп ойлауың! Және мен мұсылман адам үшін өзімен өзі сүйсінуден жаман сипатты білмеймін!» “әс-Сияр” 8/407.

Мухаммад ибн ‘Исадан, бірде ‘Абдуллаһ ибн әл-Мубәрак бір жігіт үшін он мың дирхам мөлшеріндегі қарызын төлеп беріп, осыны ол істегенін ешкімге айтпауын талап еткені, және бұл жөнінде адамдар тек оның өлімінен кейін ғана білгені жеткізіледі. “Тарих әл-Бәғдад” 10/159.

Мұның үстіне, ‘Абда ибн Суләймән әл-Мәруәзи былай деп баяндайтын: “Бірде, біз Ибн әл-Мубәракпен Византиялықтарға қарсы әскери жорықта болған кезімізде, бізге дұшпандар шабуыл жасады. Екі қол бетпе-бет шайқасқа шыққан кезде, дұшпандардың қатарынан бір адам шығып, жекпе-жекке шақыра бастады. Сол кезде біздің жақтан бір адам оған қарсы шығып, оны өлтірді. Кейін ол тағы бір басқасын да, үшіншісін де өлтіріп, олардың жағын жекпе-жекке шақыра бастады. Ал оған қарсы олардың біреуі шыққан кезде, ол онымен шайқасты және оны бір сағат бойы қуды, содан соң оны жарақаттап, өлтірді. Адамдар оның  кім екендігін білгісі келіп жиналғанда, ол  - бетін жауып алған Абдуллаһ ибн әл-Мубәрак болып шықты”. “әс-Сияр” 8/394.

Осындай адам - өздерінің батыл түрде шайқасып және қан төгіп жүргендігі туралы жазылған және көбірек мақтану мен рияға (көзбояушылыққа) ұқсайтын осы шумақтардың авторы екендігіне сену - қиын нәрсе. Мұның үстіне, сөз «Ал, егер сен өзіңнің атыңды түкке тұрмас нәрсемен шаршатқан болсаң, біздің аттарымыз таңда шаршады…» - деп айтылған сөздер ұлы имам әл-Фудайль ибн Ийядқа жолданғандығы жөнінде болып тұр, ал ол бидъаттың жақтаушыларына қатысты өзінің қаталдығымен ерекшеленетін еді, және оның білімі, зухдтығы, ыждағатты ғибадаты және мақталатын сипаттары жөнінде имамдар көп тараулар жазған!

Бұған қоса, Ибн әл-Мубәрактың өзі де ол жөнінде былай деп айтқан: “Ақиқатында, әл-Фудайль ибн ‘Ийяд Аллаһпен шыншыл еді, соның себінен даналықпен марапатталды! Және әл-Фудайль – оның білімінен пайда алу керек болған (кісі)!” “Тахзиб әл-кәмәл” 15/105.

Бесіншіден, саләфтардан болған кейбір имамдар жылына бір рет рибәт жасауды, әрбір мұсылман үшін міндетті және ең абзал ғибадат деп есептегендіктен емес, сауап алу үшін жақсы көретін. Және Ибн әл-Мубәрак та бүкіл өмірін джихадта және рибәтта өткізген емес. Ендеше, Ибн әл-Мубәрактың өзі білім алуға және оны таратуға, сондай-ақ, ғибадатқа оралған кезде ойын ойнағаны ма?!

Бірақ, тіпті, егер біреуге осы хабар - мағынасы жағынан қабыл етілетіндей және өзіне ешқандай сөгіс айтылатын мазмұнды қамтымаған болып көрінсе де, бәрібір, ол мұны Ибн әл-Мубәракқа телуге қақысы жоқ, өйткені, ол - иснәді жағынан сенімді емес!

Және соңында, Ибн әл-Мубәракқа телінетін осы өлеңнен нашид шығарып және оны ынта-ықыласпен айтып жүргендер осындайды оның мына төмендегі көпке танымалы сөздерімен де, олардың сенімділігін мұқият зерттемей-ақ, істеулерін қалар едік:

Бірде  Ибн әл-Мубәрак әскери жорықта болған кезінде өзінің достарына: “Сендер осыдан жақсырақ болатын амалды білесіңдер ме?” – деді. Олар оған: «Жоқ!» - деп жауап берді. Сонда ол:  “Бірақ, мен білемін! Жұмсақ, өтініш айтудан өзін тартатын, үлкен жануясы бар, түнгі намазға тұрғанда ұйқыдағы өз балаларының ашылып қалғанын көріп, олардың үстін жауып, қайтадан түнгі намазына оралатын адам!” “Шәрх хадис Джибриль” 610.

Сондай-ақ,  Ибн әл-Мубәрак былай деп айтатын: “Өз жанұяңды асырағанмен ешнәрсе теңдесе алмайды, тіпті Аллаһтың жолындағы джихад та!”. “әс-Сияр” 8/399.

Және соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ!

(О стихе, приписываемом имаму Ибн аль-Мубараку)

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|