Quickribbon

ИСЛАМ ҮММЕТІНІҢ МЫСАЛЫ

Мейірімді, Рахымды Аллаһтың атымен!

Біз Өзін ғана мадақтайтын және Өзінен ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына куәлік береміз, және Мухаммәд – Аллаһтың құлы әрі Оның Елшісі екеніне куәлік береміз.

«Әй, иман келтіргендер! Аллаһтан шынайы қорқумен қорқыңдар, әрі тек мұсылман болған күйде ғана өліңдер!» (Әли ‘Им¬ран 3: 102).

«Әй, адамдар, сендерді бір жаннан жаратқан және одан оның жұбайын жаратып, ол екеуінен көптеген ерлер мен әйелдерді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Сондай-ақ, араларыңдағы сұрақ-жауаптарыңда ортаға аты салынатын Аллаһтан қорқыңдар және туыстармен қатынасты үзуден сақтаныңдар. Шын мәнінде, Аллаһ тағала - сендерді бақылаушы». (ән-Ни¬сә 4: 1)

«Әй, иман келтіргендер! Аллаһтан қорқыңдар, әрі дұрыс сөз сөйлеңдер. Аллаһ істеріңді оңалтып, күнәларыңды жарылқайды. Ал кім Аллаһқа және Оның елшісіне бой ұсынса, әлбетте ол ұлы табысқа ие болады». (Әл-Әх¬заб 33: 70-71).
Шын мәнінде сөздердің ең жақсысы - Аллаһтың Кітабы, ал ең жақсы жетекшілік - ол пайғамбарымыз Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жетекшілігі. Амалдардың ең нашары - дінге жаңалық енгізу (бидъат), және кез-келген жаңалық (бидъат) – бұл адасушылық. Ал әрбір адасушылық - Тозақта.
Одан кейін:
Бүгінгі тақырып – бұл ислам үмметінің жалпы жағдайы. Жалпы жағдай дегенде біздің ислам үмметіміздің Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) кезінен бастап бүгінгі күнге дейінгі жағдайы меңзеледі. Бүгінгі күні орын алып жатқан нәрселерді және мұсылмандардың қандай жағдайға түскенін біз барлығымыз көрудеміз. Жүрегінде тамшыдай иманы болған, ақыл-парасатқа ие кез-келген мұсылман біздің үмметімізге жаны ашиды, ол үшін қайғырады, алайда мұсылмандардың көпшлігі біздің үмметіміздің шынайы жағдайы туралы біле бермейді. Сол себепті олар диагноз шығаруда қателеседі, ал, сондықтан емдеуде де қателіктерге бой ұрады. Және бізден жағдайды дұрыс түсіну талап етіледі, бұл жөнінде фиқх саласының ғалымдары: «(Әл-хукму фәр’ун әнид тасауур) Қандайда бір жағдайға қатысты үкім елестетудің тармағы болып табылады», дегеніндей. Яғни адам заттарды дұрыс қырынан көре алмаса (яғни өз санасында олардың дұрыс суреттемесін елестете алмаса), олар туралы дұрыс шешім шығара алмайды.
Біз бүгінгі күні ислам үмметінде кең таралған надандықты көрудеміз, ислам үмметі түскен қорлықты көрудеміз, алайда, біз оған эмоциялардың призмасы арқылы емес, білімнің призмасы арқылы қарадық па? Өкінішке орай, мұсылмандардың көпшілігі үмметіміздің бүгінгі жағдайына эмоциялардың призмасы арқылы қарайды. Және білімнің призмасы арқылы қарайтындар аз-ақ, өйткені, сол білімге ие болғандардың өздері аз.
Біздің ислам үмметі бір алқапта өмір сүретін бейне бір халық сияқты. Бұл алқап үлкен таулармен қоршалған, және ол тауларға таза және тұщы жаңбырлар түседі деп елестетіңдер. Сол жанбыр сулары таза көздерге, содан кейін осы алқаптан ағып өтетін мөлдір таза өзенге жиналатын деп көз алдарыңызға келтіріңіздер. Және әлгі халық осы өзеннің бойында өмір сүргенін, сол өзеннен су ішкенін, сол судан тамақтарын даярлағанын, малдарын да, егіндерін осы сумен суарғанын, яғни бұл өзен олардың тіршілігінің көзі болғанын көз алдарыңызға алыңыздар.
Осындай таза суды қолданған қауымның күшті де, сау да болғанын және оларды ауыру-індеттер ала алмағанын, өйткені, бұл су (өзінің мөлдір тазалығымен) күш те, қуат та алып келгенін елестету қиын емес.
Енді, осы халыққа жақын-алыс тұратын халықтар, оның осындай күш-қуатқа ие екендігін біле тұра, одан сескеніп, құрметтеп, оларға шабуыл жасауды тіпті жоспарламайтынын пайымы дұрыс адам анық түсінер. Осындай мөп-мөлдір таза өзеннің – нағыз байлық екенін және қуаттылықтың да себебі осыда екеннін әлгі халық жақсы білгенін түсіну қиынға соқпас. Сондықтан да, олар осы өзенді өздерінің өмірлерінен де артық күткендігін, өйткені, бұл өзен – олардың салиқалы тіршілігінің себебі екенін білгенін, және олар бұл өзенге ешқашан ешнәрсе тастамағандығын, тіпті бұл олардың ойына да кіріп шықпайтынын, мұның үстіне, олар бұл өзенді ластауға ешкімге, тіпті кішкентай балаларға да, рұқсат етпегенін елестетіңдер. Бұл өзенге ешкім ешнәрсе тастамаса да, олар бір-біріне бұл өзенді сақтау және таза ұстау керектігін үнемі ескертетінін де.
Әрі қарай, біраз уақыттан соң, мынандай оқиғалар орын алды деп көз алдарыңызға келтіріңіздер:
Ұрпақтар ұрпақтарды ауыстырды және өздерінің бабалары қалдырып кеткен өсиеттерін ұмыта бастады, өйткені, бұл өсиетті сақтап, алып жүрушілер барған сайын азая берді. Кейін осы қауымнан болған бір адам өзінің салақтығынан, немесе ұмытшақтығынан бұл өзенге бір нәрсені тастай салды. Және ол осыған ешкім тыйым салмағанын байқады. Кейін ол өзенге тағы да бір нәрсе тастады, және осы халықтың ішіндегі кейбір ақымақтар мұны көріп, оның ізінен оның істегендерін қайталай бастады. Және осы - бұл өзеннің ластануының басы болды. Адамдар бір-бірінен көргендерін қайталап, өзенге қолына түскен нәрселерін тастай беретін болды. Және олар жәй заттармен ғана шектеліп қоймай, оған қоқыс, өлексе, лас нәрселер мен тіпті өздерінің нәжістерін де тастады. Бір сөзбен айтқанда, әлгі тап-таза мөлдір өзенді канализацияға айналдырды делік.
Және ең таң қаларлығы, олар бұл өзеннен су алып іше берді, осы судан тамақ даярлады, өз малын сусындатты және егінін де осы сумен суаруын жалғастыра берді деп елестетіңіз. Және бұл олардың арасында қорқынышты ауырулардың таралуына себеп болды және олардың әлсіреуіне әкеп соқты. Және олардың әлсіздігін көрші тайпалар көріп, оларға тап берді. Олар бұл тайпаны бағындырды, ал осы жағдай көрші тайпалардың күшті болғандығынан емес, осы халықтың әлсіз болуынан орын алды.
Уақыт өтті. Бұл халық ауыра берді. Билікті қолына алған халықтар оларды қорлады, өйткені, олар күш пен ұлықтыққа ие болған өз бабалары сияқты емес, керісінше - әлсіз еді.
Және уақиғалардың ағысы әрі қарай былай болды деп елестетіңіздер:
Күндердің бір күнінде бұл тайпаның қалдықтары қандайда бір шешім қабылдау үшін жиналды делік. Және олардың әрбірі өз тайпасы түскен жағдайды түзеткісі келді. Және олар үш топқа бөлінді. Негізі жастардан құралған бірінші топ олардың қорланған жағдайының себебі - олардың дұшпандарында деді. Және сондықтан да олар жиналып, дұшпандарға шабуыл жасау керек, және әрі қарай не болса ол болсын деді.
Басқалары: «Біз олармен соғыса алмаймыз, өйткені, біз ауыруға шалдықтық және әлсізбіз. Біз емделуіміз керек, дәрі-дәрмек қабылдауымыз керек, тіпті бұл дәрілерді басқа тайпалардан алсақ та», - деді.
Ал, қариялардан, дана-хәкімдерден және ғалымдардан тұратын үшінші топ: «Біз олармен өзіміздің әлсіздігіміз себебті соғыса алмаймыз. Бізге, сондай-ақ, дәрі ішудің де пайдасы жоқ, өйткені, біздің ауыруларымыздың себебі біздің ласталған өзенімізде. Біздің ауыруларымыз өзіміздің өзенімізді тазаламайынша кетпейді. Біздің ауыруларымыздың себебі – біз ішетін, одан асымызды даярлайтын, малдарымыз бен егіндерімізді суаратын, сөйтіп өзіміз, сол суды ішкен малымыздың сүті мен етін жейтін, осы өзеннің суы. Сондықтан да, біз ең алдымен осы өзенді тазартуымыз қажет, және тек содан соң ғана бізге бабаларымызда болған күш пен қуат қайта оралады. Және егер сендер бізді тыңдасаңдар, біздің жағдайымыз түзеледі, ауыруларымыз кетеді, және бұл үшін дәрі-дәрмектің де қажеті болмайды, өйткені, егер ауыру кетсе, бізге күш қайта оралады ғой, және дұшпандармен соғысудың да қажеті болмай қалады, өйткені, ол өзі-ақ біздің күшімізді көрген соң кетіп қалады. Және осы үшін біз өзенді тазартуымыз керек», - деді. Осылайша осы даналар мен ғалымдар өз тайпасын өздерінің ақыл-насихатын алуға үндеді және: «Біз сендерді аяймыз, біз сендерденбіз, бізде білім бар, біз сендерге бабаларымыздан жеткен білімнің негізінде дәлелдерді келтірудеміз», - деді. Кейін олар былай деді: «Біз әрі қарай сендермен бірге қала алмаймыз және биікке, таудағы су көздеріне көтерілуіміз керек. Өйткені, біздің тобымыз өзенді тазалағанымен, сендер бәрібір оған қоқыс тастайсыңдар. Сондықтан да, біз жаңбырдың себебімен жиналатын су көздеріне көтерілуіміз қажет. Және біз сол таза суларды пайдаланамыз, ал сонда бізге бабаларымызда болған бұрынғы қуатымыз бен күшіміз оралады».
Ал, бұл шақыру әт-тасфийә уәт-тарбийә деп аталады. Тасфийә – бұл тазарту, ал тарбийә – бұл тәрбиелеу. Яғни, біз алдымен өзімізді тазартуымыз, ал содан соң осы тазалықтың үстінде (негізінде) тәрбиелеуміз және дамуымыз қажет. Және сол кезде бізде жетістік болады. Және біздің ислам үмметінің емделуі де, бұл жөнінде ғалымдар айтатынындай, дәл осы әт-тасфийә уәт-тарбийәда. Яғни, алдымен қайнар көздерді тазарту, ал содан соң ғана осы тазартылған қайнар көздердің негізінде өзімізді және ұрпағымызды тәрбиелеу және дамыту қажет. Яғни тазарту Таухид (Бірқұдайшылдық) деп аталатын өзеннен басталуы қажет, және біз оны нәжістен, яғни ширк (көпқұдайшылдық) нәжісінен, күпірлік өлексесінен, нифақ (екіжүзділік) ластықтарынан тазартуымыз қажет. Сондай-ақ, біз Сүннет деп аталатын өзенді бидъат (дінге қосылған жаңалықтар) нәжісінен және Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне жабылған жалғанның кірінен тазартуымыз керек. Біз халәфтар, яғни үмметіміздің кейінгі ұрпақтары, ластаған өзенді тазартуымыз қажет. Олар бұл үмметтің саләфтары (ізгі алдыңғы ұрпақтары, яғни сахабалар мен оларға ілесушілері) сақтаған өзенді ластады. Олар оны сақтаушы еді және оны ластауға ешкімге рұқсат етпейтін еді, тіпті бұл өзенді болмашы кірмен, бұл бір түйір шөп болса да, ластау туралы ойлауға да рұқсат етпейтін.
Ғалымдар оны дар уль-хиджра (Пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қоныс аударған мекенінің) имамы деп атаған имам Мәликті Аллаһ рақым етсін. Ол осы мысалды бір сөйлеммен-ақ: «Бұл үмметтің кейінгі ұрпақтары осы үмметтің алдыңғы ұрпақтары жетістікке қол жеткізген нәрсесінен өзге нәрсемен жетістікке жете алмайды!» - деп айтып кеткен. Ақиқатында бұл ұлы сөздер. Және бұл мысал - ислам үмметіміздің жағдайының мысалы болып табылады. Және бұл үмметтің кейінгі ұрпақтары әлгі тайпаның кейінгі ұрпақтары сияқты. Әлгі тайпаның алғашқы ұрпағының жетістігі неде еді? Олар өздерінің тіршілігінің көзі болған өзенді таза ұстауында еді. Және осы алқапта өмір сүретін адамдар өздеріне күш пен данқты қайтаруы үшін бабалары ұстанған нәрсесіне оралуы керек еді. Біздің үмметіміз де дәл солай, өйткені, бұл мысал – біздің үмметіміздің мысалы ретінде келтірілген еді ғой. Сондықтан да, егер мұсылмандар жетістікке жетуді қаласа, олар бұл үмметтің саләфтары – яғни Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), оның сахабалары және олардың ізінен ілесушілер ұстанған нәрселеріне оралуы керек. Бұл үмметтің алғашқы буыны таухидтің тазылығының және ширкпен күресудің себебімен, сондай-ақ, Сүннеттің тазалығының және биъаттармен күресудің себебімен жетістікке жеткен болатын, ал бұл сол тайпаның өкілдері әлгі өзенге тастаған лас-қоқыстары сияқты. Және біздің бабаларымыздың күші аспаннан жауатын, тауларда жиналатын және әлгі алқапқа ағып келетін сол тап-таза болған жаңбыр суларында еді. Бұл жерде «жаңбыр» дегенде біздің дініміз тұспалданып тұр. Өйткені, Құранның көптеген аяттары дініміздің көктен түсірілгеніне нұсқайды. Сондай-ақ, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Аллаһ мені онымен жіберген басшылық пен білім - жерге жауған жаңбыр сияқты», - деген. Көріп тұрғанымыздай, бұл жерде «жаңбыр» сөзінің астарында білім, яғни Аллаһ Тағаланың діні тұспалданып тұр. Және Аллаһ Тағала айтқанындай: «Әрбір тірі затты Біз судан жасадық».
Тура сол жаңбыр әлгі тайпаның сау болуының себебі болғандығы сияқты, біздің дініміз де - жандарымыздың сау болуының себебі болып табылады, өйткені, дініміз жүректер мен жандарды тірілтеді. Жүрек пен жанның тіршілігі дін арқылы өтеді, ал дін – бұл таухид және саләфтарға ілесу, өзгеше болған жағдайда мұсылмандар жетістікке жете алмайды, әлгі тайпаның өкілдері жетістіктен арылып қалғандай. Бұған дәлел - Аллаһ Тағаланың мына аяттары: «Мухаджирлер мен ансарлардан алғашқы иман келтіргендер және жақсылықта оларға қатаң түрде ергендерден Аллаһ разы болды. Әрі олар да Аллаһтан разы болды. Сондай-ақ, Аллаһ, олар үшін олар онда мәңгі қалатын, астарынан өзендер ағатын Жәннәт бақтарын әзірледі. Осы - ірі мұрат». (әт-Таубә 9:100) Бұл аяттан бізге Аллаһ Тағала разы болған үш топ бар екендігі айқын болады. Олар: мухаджирлер, ансарлар, және олардың соңынан ілескендер. Аллаһ өзге ешкімді атамады, және осыдан қорытынды – Ол осы үш топқа кірмейтіндерден разы емес. Олардан біздің уақытымызда тек үшінші топ ғана бар. Мухаджирлер мен ансарларға келер болсақ, олар өз емтиханын тапсырып болды және Аллаһ оларға разы және олар Аллаһқа разы болды. Ал, бізге тек үшінші топ қалды, ол – «жақсылықта оларға қатаң түрде ергендер». Және осы жерде біз имам Мәлик «Бұл үмметтің кейінгі ұрпақтары осы үмметтің алдыңғы ұрпақтары жетістікке қол жеткізген нәрсесінен өзге нәрсемен жетістікке жете алмайды!» деген сөздерді қай жерден алғанын білеміз. Ол бұл сөздерді осы аяттан алды, өйткені, тек осы үш топқа Аллаһ разы.
Және дініміздің тазалығын сақтап қалу үшін, біз міндетті түрде ізгі бабаларымыздың жолына ілесуіміз қажет, ал, олар – Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары. Және бұл үшін біз ширкпен және бидъаттармен күресуіміз қажет. Ал, егер біз осыны істемесек, яғни өзенімізге қоқыс тастаушылардың қолын қақпасақ, бізде күш те, қуат та, жетістік те болмайды.
Мұсылмандар біздің кезімізде әлсіз, қорланған және ауыру. Және осы ауыру мұсылмандардан болған біреу бүгінгі күні күресуді дұшпандардан бастау керек дейді. Даналар да, ғалымдар да оларға өзенді тазартудан бастау керек, және дұшпандардан бастағанның, немесе емделгеннің еш пайдасы жоқ, және барлық ем – өзенді тазартуда деп айтқан еді. Және Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Ақиқатында, Аллаһ бір қауымның жағдайын, олар өз жағдайын өзгерпейінше, өзгертпейді».
Сондықтан да, Пайғамбарымыз (Аллаһтың оға игілігі мен сәлемі болсын) жұма, үйлену тойы, немесе кез-келген басқа күндегі құтпасын дауысын көтеріп, хутбәтуль-хадждан бастап, былай дейтін: «/Иннә хайрәл хадиси китәбуллаһ/ Ақиқатында, ең жақсы сөздер – бұл Аллаһтың Кітабы, /уә хайруль хадйи, хадйи Мухаммәдин (салләллаһу алейхи уә сәлләм/ және ең дұрыс жол – бұл Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жолы, /уә иннә кулли мухтасатин бид’а/ және (діндегі) әрбір жаңалық – бидъат болып табылады, /уә куллю бидаатин даләлә/ және әрбір бидъат – адасушылық, /уә куллю даләләтин фи ннәр/ және әрбір адасушылық – Отта». Және бұл сөздерді Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) әлі бірде бір бидъат болмаған кезде айтатын. Ал, бұл кез – Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) тірі кезінде-ақ, бұл өзенге бір нәрсе тастауға тыйым салатын, тіпті кез-келген біреу оған бір нәрсені тастауды ойламаған кез еді. Сөйтіп, өзінің өсиеттерін қалдырып, ол бұл үмметті оқытып үйретті. Сондықтан, мұсылмандардың күші Ислам өзенінің ширктен, күпірліктен және бидъаттардан таза болуында. Егер біз өзенімізді жоғарыда аталғандардан тазартсақ, Аллаһ Тағала бізге жеңіс береді.
Бірде Умар ибн әл-Хаттабқа, Аллаһ оған разы болсын, Субәйй деген адамды алып келді. Ол, күпірлікте түсіп, мұсылмандардың арасында Құранның аяттары жөнінде күмәндар таратты, және осы туралы хабар Умар ибн әл-Хаттабқа жетті де, ол оны өзіне алып келуді бұйырды. Оны алып келген кезде, Умар одан оның айтып жүрген сөздері туралы сұрады. Ал ол Умарға жауап беріп, өзінің сенімдерін ашты. Сонда Умар құрма ағашының қабығын алып, онымен Субәййдің басынан қан аққанша ұра берді. Содан соң, оны абақтыға отырғызуды бұйырды. Бірнеше күннен кейін ол оны тағы да алып келуді бұйырды. Оның жарақатынан қалған жаралары енді жазылып келе жатты, бірақ, Умар оны тағы да басына әлгі қабықпен ұрды. Содан соң, оны зынданға тастауды бұйырды. Ал бірнеше күннен кейін ол оны тағы да алып келуді бұйырды, және оны тағы да ұрды. Сонда бұл адам: «Уа, мүминдердің әмірі! Егер менің өлімімді қаласаң, онда мені жақсы өліммен өлтір, ал егер сен менің басымның тазарғанын қаласаң, онда ол тазарды», - деді. Біз көріп тұрғанымыздай, Умар, Аллаһ оған разы болсын, өзенге бірдеңе тастағысы келген адамдарды, сол мезетте-ақ тәрбиелеуге кірісетін еді. Және ол Субәййды осылайша емдеді де. Және хауәридждер пайда болған кезде, олар Субәййға келіп: «Субәйй! Ана жақта бұрын сен айтқан нәрселерді айтатын адамдар пайда болды, сен солармен шық», - деп айтқандары жеткізіледі. Алайда, Субәйй оларға: «Жоқ! Ақиқатында, менің басымды шыншыл ер тазартты» - деп жауап берді.
Бірде Ибн Мәс’удқа, Аллаһ оған разы болсын, Әбу Муса әл-Ашәри келіп: «“Уә, Әбу ‘Абдуррахмән, мен қазір ғана мешітте өзіме ұнамайтын бір нәрсе көрдім, бірақ, Аллаһқа шүкір, игіліктен басқа ешнәрсе көрмедім», - деді. Ибн Мәс‘уд: “Ал сен не көрдің?” – деді. Әбу Муса оған: “Егер барсаң, оны өзің көресің деді. Ал мен мешітте шағын шеңберлер құрып алып отырған адамдарды көрдім, олардың әрқайсысының ортасында өзінің айналасындағыларына: «Осынша рет «Субхан-Аллаһ» - деп айтыңдар, “Әлхамду ли-Лләһ” - деп осынша рет айтыңдар, “Аллаһу әкбәр” - деп осынша рет айтыңдар», - деп айтып отырған бір адамнан отыр. Және әрбір отырған адамның алдында ол тасбих, такбир және тахмид сөздерін айтқанда шерткілеп отыратын майда тастары бар», - деп жауап берді.
Ибн Мәс‘уд осыны естіген бойдан асығып мынаны сұрады: “Сонда сен оларға сөгіс білдірмедің бе? Оларға мұнысының орнына өздерінің күналарын санауды бұйыруың керек еді, ал олардың ізгі істеріне келер болсақ – олардың ешбірі есептелмей қалмайтынына кепілдік беруің қажет еді. Сен оларға осыны айтпадың ба?!» - деп айтты. Әбу Муса: “Жоқ. Мен алдымен сенің пікіріңді білгім келді”, - деді.
Және осыдан тіпті сахабалардың өздері де ғалымға жүгінуден бұрын ешнәрсе айтпағаны көрініп тұр. Ал, Ибн Мәс’уд, Әбу Мусамен салыстырғанда, ғалым болып есептелетін еді. Және бұл – сахабалардың өсиеті болып табылады: ғалымнан сұрамай ешнәрсе істеме.
Ал ол екеуі мешітке қарай жол алды. Және ол жерде Әбу Муса баяндап берген үйірмелерді көріп үлгерді. Болып жатқан істі көріп, Ибн Мәс’уд дауыстап: “Сендерге қасірет! Не істеп отырсыңдар өздерің?! Мен - ‘Абдуллаһ ибн Мәс‘уд – Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабасымын. Ал, сендер немен айналысып отырсыңдар?” - деді.
Олар: “О, Әбу ‘Абдуррахмән, бұл біз айтып жатқан тасбих, тахмид және такбирлерімізді санайтын тастар ғой”, - деді. Ибн Мәс‘уд: “Өздеріңнің кіналарыңды санағандарың дұрыс болар еді! Ал мен сендердің игі амалдарыңның ешқайсысы есептелмей қалмайтынына кепілдік беремін. Қасірет сендерге! Сендерді бұдан артық не жойып-құртушы бола алады?! Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) киіп жүрген киімі әлі тозып үлгермеді, ол тамақтанған ыдыстар әлі сол қалпында тұр. Және жаным Оның Қолында болғанмен (Аллаһпен) ант етемін, не сендер Мухаммедтің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларына қарағанда туралау жолмен жүрудесіңдер, не опат етуші адасушылыққа түстіңдер!» - деді. Ал олар сонда былай деп айтты: “О, Әбу ‘Абдуррахмән, біз игіліктен басқа ешнәрсе қаламадық”. Ибн Мас‘уд былай деді: “Ал игілікті қалағандардың қаншасы оған жете алмайды!”
Дұшпанға қарсы соғысуға шақырған және өздерінің проблемаларының себептерін соларда көрген әлгі тайпадағы адамдар да жамандықты қаламады ғой? Әрине, олар да тек жақсылықты қалады. Алайда, ақиқатында, жақсылыққа жету үшін оны қалаудың өзі ғана жеткіліксіз болады. Оған баратын тура жолды таңдау керек. Және әлгі адамдар да Ибн Мас‘удты тыңдамады. Және осы хадистің жеткізушісі айтқанындай, олардың көбі кейін Мухаммед Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларын өлтірген хауәридждердің қатарында болды. Және біз Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабаларының осы өзенді қалайша сақтап-қорғағанын және оған ешкімге қандайда бір нәрсе тастауға рұқсат етпегенін көрдік.
Бұл тайпаның алдыңғы екі тобы даналар мен ғалымдардан тұратын үшінші топтың тілін алмады. Мұның үстіне олар: «Бұл үшінші топ біздің дұшпандармен соғысуымызды да, емделуімізді де қаламайды, демек олар - біздің дұшпандарымыздың тыңшы-агенттері», - деді. Ал, үшінші топ: «Уаллаһи, біз сендерденбіз, және біздің бабаларымыздан мирас етілген дәлелдеріміз бар. Ал сендердің ешқандай дәлелдерің жоқ, және қазір сендерді сезімдерің мен эмоцияларың басқаруда. Сендер бір нәрсеге шақырып жатып, дәлел ұсынбайсыңдар», - деп оларды шындыққа шақырды.
Шейх әл-Әлбәнидің айтқанына назар салайық: «Біз барлығымыз Аллаһ Тағаланың Кітабынан бір аятты оқимыз. Бұдан тыс, бұл аятпен мәжілістер ашылады және қабырғалар сәнделеді. Ал, бұл – Аллаһ Тағаланың: «Егер сендер Аллаһқа көмектессеңдер, Аллаһ сендерге көмектеседі», - деген сөздері. Бұл аятты әдемі қолжазбамен, алтын жіппен тігіп жазады да, қабырғаларға іліп қояды. Және ұлы өкінішке орай қабырғалар осы аятпен сәнделген де, ал мұсылмандардың жүрегінде оның ізі де жоқ. Біз тіпті бұл аят неге нұсқайтынын сезбейміз де. Және бүгін біз біздің ислам үмметіміздің қайғылы жағдайын көрудеміз, бұл аятта осы жағдайдан шығу туралы айтылып жатса да. «Егер сендер Аллаһқа көмектессеңдер» деген сөздердің жауабы: «Аллаһ сендерге көмектеседі» деген сөздер екендігін біз барлығымыз білеміз. Бұл – «Егер сен тамақтансаң - өмір сүресің, ал егер ішпесең және жемесең – онда өлесін» деген сөйлем сияқты. Және бұл - осы аяттың сөздеріне ұқсас. Және ғалымдар бұл аяттан: «Егер сендер Аллаһқа көмектеспесеңдер, онда Аллаһ та сендерге көмектеспейді», - деген сөйлемді шығарған. Міне, мұсылмандардың бүгіңгі жағдайы да – осы».
Әрі қарай шейх былай дейді: «Қазір барлық мұсылмандар олардың жағдайына қызығуға болмайтынына бір ауызды келіседі. Олар Ислам ешқашан білмеген қорлануда жүр. Олар неден бастауы керек? Мұсылмандарға билік жүргізіп тұрған әмірлерге, немесе әртүрлі елдерден болған кәпірлердің барлығына қарсы соғыс ашудан бастауы керек пе, әлде жамандыққа ынталандыратын өз нәпсісіне қарсы соғыстан бастауы керек пе? Міне осыдан бастауы керек. Сондықтан да бүгіңгі күні мұсылмандар кәпірлермен соғыса алмайды, олар Аллаһқа және Оның Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) шынайы иманмен иман келтіруі қажет. Алайда, адамдардың көпшілігі білмейді».
Ал, енді шейх әл-Усәйминнің айтқанына қараңыздар: «Егер біреу бүгін: «Біз неліктен Америкамен, Франциямен, Англиямен т.б. соғыспаймыз?!» - десе, жауап – бізде күштің болмауы себепті. Біздің қолымызда олардың, яғни кәпірлердің істен шығарып тастаған қаруы. Ал, бұл қару, олардың қаруымен салыстырғанда, пышақты зымыранға қарсы қойғандай. Одан ешқандай пайда жоқ. Ендеше, біз не істеуіміз керек? Соғысуымыз керек деп айту – ақымақтық болады. Бұл - Аллаһ Тағаланың даналығына және Оның шариғатына сәйкес келмейді. Алайда, біз Аллаһ Тағала бұйырғанды орындауымыз керек: «Және оларға қарсы күштен мүмкіндіктерің жеткенін әзірлеңдер». Міне – осы біздің міндетіміз болып табылады. Және әзірлеуге тиіс болған ең ұлы күш – бұл иман және тақуалық. Иман және тақуалық – бұл біз олардың күшімен өзіміздің әуес-қалауларымызды, жәйбасарлығымыз бен салғыртығымызды және бұл дүниеге деген махаббатымызды жеңетін күш.
Сондай-ақ, шейх былай деді: «Мен сендерге: қазір біздің міндетіміз болып - өзіміздің бойымызда иман мен тақуалықты тәрбиелеу табылады, және осыған барлық күшімізді салуымыз керек, ал күшіміз келмейтін нәрсе біздің міндетімізге жатпайды деймін. Және Аллаһтан дұшпандарымызға қарсы көмек сұраймыз!»
Және біреулер олар тыншы және кәпірлерге жұмыс істейді деп айтты. Және оларға тек Аллаһ парасат беріп, ақиқат жолымен жүргізгендер ғана құлақ салды.

Субханәкә Аллахуммә уә бихамдикә,
уә әшхаду анлә иләһә иллә әнт уә астағфиру уә атубу иләйк

(Пример Исламского общества)

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|