Quickribbon

01.Ақида. Мақалалар.

Көпқұдайшылық

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен.

Оны дәріптеп әрі Одан жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынатын Аллаһқа барлық мақтау мен мадақтар болсын. Жанымыздың жамандықтары мен жаман іс-амалдарымыздан Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз. Кімде-кімді Аллаһ тура жолға бастаса, онда оны ешкім де адастыра алмайды. Ал кімде-кімді адастырса, онда оны тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ әрі жалғыз екеніне куәлік етеміз, сондай-ақ  Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етеміз.

WWW.TOISLAM.COM сайтынан Әбу Салих бауырымыздың таңдап, жинақтап әрі толықтырған баспа күйіндегі бір топ дәрістер жиынын қалың мұсылман жұртшылығы назарына ұсынамыз. Бауырымыздың осынау еңбегі үшін оған алғысымызды айтып, оған Аллаһ екі дүниеде де жақсылық беруін сұраймыз. Мұхаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһ тағаланың салауаттары мен сәлемдері болсын! Читать далее… »

РАББЫҢ КІМ? (немесе қабірде қойылатын ең алғашқы сұрақ)

Махмуд Әбдурразик

Бірінші басылым

Кіріспе

Бұл кітапша Құранда Аллаһ уәде еткен мәңгілік бақыт пен ләззәт орны болған Жәннәттан үміті бар, сондай-ақ,  қабір азабынан, мәңгілік азап болған Тозақтан «аман болсам» деген әрбір кісіге арналған. Мұнда, Пайғамбарымыз  сахих хадисте хабар бергендей, әрбір кісіге қабірде қойылатын үш сұрақтың алғашқысы: «Раббың кім?» деген сұрақтың қысқаша жауабы айтылады. Бұл кітаптың түпнұсқасы сұрақ-жауап түрінде берілмеген. Ал біз оны сұрақ-жауап ретінде беруіміздің себебі есте тез сақталуын, түсінуге жеңіл болуын қаладық. Осы кітаптағы мәселелерді түсінген кісі, діннің ең ұлы негіздерін үйреніп шығады. Аллаһ Құранда көптеген аяттарда құлшылықты дәлелге негізделіп жасауды, кім не айтса да, дәлел талап етуді бұйырған. Читать далее… »

«Төрт қағида» түсіндірмесі

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Шейх Солих әл-Фәузан

Бірінші басылым

Төрт қағида [1]

Ұлы Аршының Рабысы - Аллаһ Тағаладан саған бұл өмірде де, болашақ өмірде де пана болуын сұраймын, Ол сені, қайда жүрсең де, берекелі етсін және сені сый алсаң - алғыс айтушылардан, сынақ көрсең - сабыр етушілерден, күнә жасасаң – кешірім сұраушылардан етсін, өйткені осы үшеуі - бақыт негіздері болып табылады [2]!

[1] «Қо`ида» (көпше түрі «қоуә`ид») дегеніміз – одан көптеген мәселелер тарайтын, бөлініп шығатын бір негіз.

Ал бұл жолдауда тек таухид пен ширк тақырыбындағы негіздер баяндалады. Таухид тақырыбындағы қағида қандай? Ширк тақырыбындағы қағида қандай? Міне осы сұрақтардың жауабын автор, атылмыш жолдауында беруге тырысады. Өйткені, көптеген адамдар таухид пен ширк терминдерінің мағынасында қатеге ұрынған. Қазір әрбір адам бұл түсініктерді өз көңіл-қалауларына сай бұрмалап түсіндіреді. Читать далее… »

Имам Әбу Ханифаның тақлидке тыйым салғаны

Аса Қамқор, ерекше Мейрімді, Аллаһтың атымен!

Әбу Ханифаның (оған Аллаһ разы болсын) тақлид туралы айтқандарынан
1.«Егер хадис сахих болса-онда, ол менің мазхабым » .Ибн Абидин «әл-Хәшия»(1/63) және «Расм әл-Муфти»(1/4),шейх Салих әл-Фулани «Иказ әл-Химам»(62 бет) және басқалары.

2. «Біздің пікірімізді, неген сүйеніп алынғанын білмейінше,оларды ешкімге қабылдауға рұхсат етілмейді ». Читать далее… »

Иманнын алты тірегі

шейх Мухаммад ибн Солих әл-`Усәймин

Бірінші басылым

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Жәбрәйіл періште пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп Ислам, Иман және Ихсан туралы сұрақтар қойған хадисті бәріміз білеміз, иншааллаһ. Сол хахисте иман туралы сауалға Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай жауап берген еді: «…Аллаһқа, періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, Ахырет күніне иман келтіруің. Және тағдырға: оның жақсылығы мен жамандығына иман келтіруің». Ал енді иманның осы тіректерінің мағынасын тереңірек ашсақ!

Аллаһқа иман келтіру

Аллаһ Тағалаға иман келтiру мына төрт нәрсенi қамтиды. Читать далее… »

Шайтан жындардан ба?

http://islamic.kz

Ассаламу алейкум ва рахматуллахи ва баракатух!

- Адамдар арасында «шайтан баска, жын баска» деген создер бар, Шынымен шайтан мен жын бир жаратылыс па немесе олардын арасында айрмашылык бар ма?

- Уә `аләйкум әс-сәлям уә рахмәту-Ллаһи уә баракәтуһ!
Шайтандар адамдардың ішінен де, жындардың ішінен де болады. Аллаһ Тағала: «Жындар мен адамдардың ішіндегі«, - деді (Нас сүресі, 6-аят). Читать далее… »

Үш негіз және оның дәлелдері (мәтн)

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Кіріспе

Біл, саған Аллаһтың мейірімі жаусын, бізге төрт мәселені үйрену парыз!
Біріншісі: Білім – ол Аллаһты, Оның пайғамбарын және Ислам дінін дәлелдермен тану.
Екіншісі: Оған амал ету.
Үшіншісі: Оған шақыру (да`уат ету).
Төртіншісі: Осы (жолдағы) қиыншылықтарға сабыр ету.
Бұған дәлел, Аллаһтың келесі сөздері:
(Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!)
«Уақытпен ант етемін! Шынында, бүкіл адамзат әлбетте зиянда. Тек иман келтірген, ізгі амал жасаған, бір-біріне шындықты үгіттеген және өзара сабарға үгіттескендерден басқа» (Аср, 1-3).
Имам әш-Шафи`и: «Егер де Аллаһ Өз жаратылыстарына бұл сүреден басқа еш дәлел түсірмегенде, бұның өзі жеткілікті болар еді», - деген.
Имам әл-Бухари былай жазған: ««Білім – сөздер мен амалдардан бұрын!» тарауы. Бұған дәлел Аллаһтың келесі сөздері: «Біл, Аллаһтыан өзге құлшылыққа лайықты ешкім жоқ, сосын күнәларын үшін жарылқау тіле!» (Мухаммад, 19) (Аллаһ) сөздер мен амалдардан бұрын, білімнен бастады». Читать далее… »

«Ақида» сөзінің мағынасы

http://islamic.kz/Кез келген ислам терминінің екі мағынасы бар: тілдік және шариғи. Әрі осы екі мағына арасында бір байланыс болады. Мысалға, егер «әс-соум» (ораза) терминін қарастырсақ, онда оның Құран аяттарында тілдік және шариғи мағынасында келгенін байқаймыз.
Аллаһ Тағала `Исаның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) анасы Мәриямның сөздерін келтіріп, былай дейді:
«Аса қамқор (Аллаһ) үшін ораза (әс-соум) атадым…», (Мәриям сүресі, 26-аят). Бұл аятта «әс-соум» (ораза) сөзі тілдік мағынада келіп тұрғаны анық. Себебі аяттың жалғасында Мәриям :
«…Сондықтан бүгін еш адаммен сөйлеспеймін!» (яғни, сөйлесуден тиыламын) - дейді, (Мәриям сүресі,26-аят).
«Әс-соум» (ораза) сөзі тілдік мағынасында, тиылуды білдіреді, кез-келген нәрседен тиылуды. Ал шариғаттық мағынада болса «таң атқаннан, күн батқанға дейін ішіп-жеуден, жыныстық қатынастан тиылуды» білдіретін термин. Бұл мағынасында «әс-соум» (ораза) сөзі келесі аятта келген: «…сендерден кім (Рамазан) айында болса ораза ұстасын», (Бақара сүресі, 185-аят). Читать далее… »

Тағут деп аталған - кәпір болып табылады ма?

Мейірімді, Рахымды Аллаһтың атымен

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммедке, оның отбасына және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!

Содан соң:

Көп мұсылмандар «Тағут» деген термин тек кәпірлерге қатысты қолданылады деп ойлап қателеседі. Олар осынысында кейбір қазіргі заман шейхтарының пәтуаларына, сондай-ақ, Интернет кеңістігіндегі орыс тіліне аударылған әртүрлі мақалаларға сүйенеді. Содан кейін олар қияс жасап, көптеген адамдарды Тағут, яғни кәпір деп атай бастайды.

Бұған жауапты екі жақтан беруге олады.

Біріншіден, егер адамды Тағут деп атап, осымен оның кәпір екендігі меңзелсе, онда адамды күпірлікте айыптау үшін белгілі дәлелдер қажет. Ал, бұл – біз Тағут деп аталғанның әрбірін кәпір деп есептемей, әрбір жағдайды жеке қарап шығуымыз қажет екендігін білдіреді.  Басқаша айтқанда, адамның күпірлікті меңзейтін осы атаумен аталғанының себебін, бұл себеп адамды кәпір етеді ме, әлде жоқ па, білуіміз керек. Егер етсе, онда бұл адамға дәлел жеткізілді ме – соған қарауымыз керек, және ол – әмір ме, қарапайым адам ба, билік астындағы ма, білік етуші ме – маңызды емес. Өйткені, әһлю-Суннә арасында нақты адамды күпірлікте айыптау үшін дәлел келтіру және күмәнды жою қажет екендігіне келіспеушілік жоқ ғой!

Аллаһ Тағала былай деді: «Аллаһ бір елді тура жолға салғаннан кейін олардың сақтануға тиіс болған нәрселерін ашық білдірмейінше, оларды адастырмайды. Расында, Аллаһ - әр нәрсені толық білуші» (әт-Таубә 9: 115). Читать далее… »

Білместікпен жасалған көпқұдайшылдық (ширк) кешіріледі ме?

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

«Білместікпен ақталу» тақырыбы Исламда «Узр биль-джәхль» деп аталады және бұл мәселеде ғалымдардың арасында екі түрлі пікір бар. Ғалымдардың бір тобы: «Білместікпен жасалған ширк тек тармақтарында кешіріледі, ал Исламның негіздерінде ол кешірілмейді», - деген болса, ал басқалары: «Негіздерінде де, тармақтарында да кешіріледі», - деді.
Бірақ, күштірек пікір - Аллаһ білместікпен жасалған тіпті үлкен ширкті де кешіреді! Және бұл пікірдің дәлелдері де өте күшті:
Аллаһ Тағала былай деді:
وَمَا كُنَّا مُعَذِّبِينَ حَتَّى نَبْعَثَ رَسُولاً
«Біз бір пайғамбар жібермейінше ешкімді жазаламаймыз». (әл-Исра 17: 15).
Қатада айтатын: “Ақиқатында, Аллаһ Тағала ешкімді, оған Аллаһтан хабар немесе түсіндірме келіп жетпейінше, жазаламайды!” «Тафсир әт-Табәри» 8/50.
Хафиз Ибн Кәсир былай деген: “Бұл аятта Аллаһ Тағаланың Әділ екендігіне, және Ол ешкімді, оған елшілердің елшілігімен дәлел ұсынбайынша, жазаламайтынына нұсқау бар!” «Тафсир Ибн Кәсир» 4/25. Читать далее… »

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|