Quickribbon

Үш негіз және оның дәлелдері (мәтн)

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Кіріспе

Біл, саған Аллаһтың мейірімі жаусын, бізге төрт мәселені үйрену парыз!
Біріншісі: Білім – ол Аллаһты, Оның пайғамбарын және Ислам дінін дәлелдермен тану.
Екіншісі: Оған амал ету.
Үшіншісі: Оған шақыру (да`уат ету).
Төртіншісі: Осы (жолдағы) қиыншылықтарға сабыр ету.
Бұған дәлел, Аллаһтың келесі сөздері:
(Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!)
«Уақытпен ант етемін! Шынында, бүкіл адамзат әлбетте зиянда. Тек иман келтірген, ізгі амал жасаған, бір-біріне шындықты үгіттеген және өзара сабарға үгіттескендерден басқа» (Аср, 1-3).
Имам әш-Шафи`и: «Егер де Аллаһ Өз жаратылыстарына бұл сүреден басқа еш дәлел түсірмегенде, бұның өзі жеткілікті болар еді», - деген.
Имам әл-Бухари былай жазған: ««Білім – сөздер мен амалдардан бұрын!» тарауы. Бұған дәлел Аллаһтың келесі сөздері: «Біл, Аллаһтыан өзге құлшылыққа лайықты ешкім жоқ, сосын күнәларын үшін жарылқау тіле!» (Мухаммад, 19) (Аллаһ) сөздер мен амалдардан бұрын, білімнен бастады».

Біл, саған Аллаһтың мейірімі жаусын, әрбір мұсылман ер мен әйел үшін келесі үш мәселені үйреніп, оған амал ету парыз:
Бірінішісі: Аллаһ бізді жаратты, ризықтандырды, әрі бекерге қалдырған жоқ. Ол бізге елші жіберді. Кім сол (елшіге) бағынса – жәннәтқа кіреді, ал кім оған (бағынудан) бас тартса – тозақта болады.
Бұған дәлел ретінде Аллаһтың келесі сөздерін келтіруге болады:
«Расында, Біз Фир`аунға елші жібергеніміздей, сендерге де куәгер ретінде елші жібердік. Сонда Фир`аун (елшіге бағынудан) бас тартты, сол үшін Біз оны қатты ұстаумен ұстап алдық» (Муззәммил, 15-16).
Екінішісі: Аллаһ, құлшылық еткенде Оған біреуді серік қосқанға разы болмайды. Ол (серік) жақындатылған періште болсын, (елдерге) жіберілген пайғамбар болсын – (бәрібір).
Бұған дәлел Аллаһтың келесі сөздері:
«Расында, сәжде жасайтын орындар мен мүшелер Аллаһқа тән. Сондықтан, Аллаһпен бірге ешкімге құлшық та, дұға да етпеңдер» (Жын, 18).
Үшінішісі: Елшіге бағынған және Аллаһты жалғыздаған адам үшін, Аллаһ пен Оның елшісіне қарсы шыққан адамдарды сүю (дос тұту) тыйым салынған.
Бұған дәлел ретінде Аллаһтың келесі сөздерін келтіреміз:
«Аллаһқа және Ахырет күніне иман келтіргендердің арасында, Аллаһ пен Оның елшісіне қарсы шыққан кісілерді жақсы көретін адамдарды таппайсың. Олар (яғни, қарсы шыққандар) әкелері, балдары, бауырлары, туыстары болса да. Олардың жүректеріне Аллаһ иман жазып, Өз тарапынан рухпен қуаттады. Және оларды астарынан өзендер ағатын, онда мәңгі болатын жәннаттарға кіргізеді. Аллаһ оларға разы, ал олар Аллаһқа разы. Міне, солар Аллаһтың партиясы. Расында, Аллаһтың партиясы жетістікке жетеді» (Мужәдалә, 22).

Біл, Аллаһ сені Өзіне бағынуға жетелесін, әл-ханифийя – бұл Ибраһимнің діні. (Оның мәні) жалғыз Аллаһқа құлшылық етіп, дінді шын ықыласпен орындау. Бұны Аллаһ барлық адамдарға бұйырып, сол үшін оларды жаратқан еді.
Аллаһ Тағала: «Мен жындар мен адамзатты тек Маған құлшылық етулері (йә`будун) үшін ғана жараттым», - деді (Зәрият, 56).
«Йә`будун» сөзінің мағынасы - «юуаххидун» (жалғыздау).
Аллаһ бұйырған ең ұлы нәрсе – бұл таухид. Ол: Аллаһты құлшлықта жалғыздау. Ал Ол тыйым салған ең ұлы нәрсе – ширк, яғни Аллаһтан басқа біреуге құлшылық жасау, дұға ету.
Бұған дәлел Аллаһтың келесі сөздері:
«Аллаһқа құлшылық етіңдер, әрі Оған ешкімді серік қоспаңдар» (Ниса, 36).

Егер сенен біреу: «Адам білуі парыз болған үш негіз қандай?», - деп сұраса, оған былай жауап бер: «Ол адамның өз Раббысын, дінін және пайғамбары Мухаммедті (оған Аллаһтың иігіліг мен сәлемі болсын) тану».

 

Бірінші негіз – Аллаһты тану

Егер сенен: «Раббың кім?», - деп сұрайтын болса, сен оған келесідей жауап бер:
«Менің Раббым – мені және бүкіл әлемдерді Өз нығметтерімен тәрбиелеген құлшылық ететін тәңірім. Одан басқа құлшылығымды арнайтын тәңірім жоқ».
Бұған дәлел ретінде Аллаһтың келесі сөздерін келтіруге болады:
«Әлемдердің Раббысы – Аллаһ барлық мақтауларға лайық» (Фатиха, 1). Аллаһтан өзге барлық нәре әлем болып табылады, әрі мен де сол әлемнің бірімін.
Егер де сенен біреу: «Сен Раббыңды не арқылы танисың ?», - десе, оған: «Аяттары (белгілері) мен жаратылыстары арқылы (танимын)», - деп жауап қат.
Оның аяттарынан (белгілерінен): түн мен күндіз, күн мен ай. Ал оның жаратылыстарынан: жеті қат аспан мен жеті қат жер және олардың бетіндегі мен арасындағы нәрселер.
Бұған дәлел Аллаһтың келесі сөздері:
«Түн мен күндіз, күн мен ай Оның аяттарынан. Күнге де, айға да табынбаңдар, бірақ оларды жаратқан Аллаһқа ғана табыныңдар, егер сендер Оған ғана құлшылық ететін болсаңдар» (Фуссиләт, 37).
«Расында, сендердің Раббыларың – аспандар мен жерді алты күнде жаратқан, сосын `Аршқа көтерілген Аллаһ. Ол, артынан қалмай ілесетін күндізді түнмен қаптайды. Сондай-ақ, әміріне бағынатын күн мен айды, жұлдыздарды… Жарату мен басқару Оған тән! Әлемдердің Раббысы – Аллаһ ұлы!» (А`раф, 54).
Раббы – ол құлшылық етілетін тәңір (ма`буд).
Бұған дәлел:
«Әй, адамдар! Сендер мен сендерден бұрыңғыларды жаратқан Раббыларыңа құлшылық етіңдер. Ол сендерге жерді төсеніш етті, көкті төбе қылды. Аспаннан су ағызып, сол арқылы сендерге жемістерден ризық шығарды. Енді біле тұра, Аллаһқа серік қоспаңдар!» (Бақара, 21-22).
Ибн Кәсир: «Осыларды жаратқан – құлшылыққа лайықты болады!», - деп айтты.
Аллаһ бұйырған құлшылықтардың түріне Ислам, Иман, Ихсан жатады. Сондай-ақ, оларға мыналар кіреді: әд-ду`а, әл-хоуф, әр-рожә, әт-тәуәккул, әр-роғба, әр-роһба, әл-хушу`, әл-хошия, әл-инәба, әл-исти`ана, әл-исти`аза, әл-истиғосә, әз-зәбх, ән-нәзр және де басқа Аллаһ бұйырған құлшылық түрлері.
Бұған дәлел Аллаһтың мына сөздері:
«Расында, сәжде жасайтын орындар мен мүшелер Аллаһқа тән. Сондықтан, Аллаһпен ешкімге құлшық та, дұға да етпеңдер» (Жын, 18).
Кімде-кім олардың біреуін де Аллаһтан басқа біреуге арнайтын болса, ол мушрик (серік келтіруші) және кәфир (дінсіз) болады.
Бұған дәлел Аллаһтың келесі сөздері:
«Ал кім Аллаһтан басқа, оған еш дәлел түспеген бір тәңірге құлшылық етіп, одан тілейтін болса, онда оның есебі Раббысымен болады. Расында, кәпірлер құтылмайды!» (Муминун, 117).

(Әд-дұ`аның құлшылық екеніне дәлелдер):
Хадисте былай делінген: «Ду`а – құлшылықтың негізі».
Аллаһ Тағала былай айтты: «Раббыларың: «Маған ду`а етіңдер, сонда мен сендерге жауап беремін. Ал маған құлшылық етуден тәкаппарланатындар (менменсінетіндер), тозаққа қор болып кіреді», - деді» (Ғафир, 60).

Әл-хоуфтың (білмей қорқу) құлшылық екеніне дәлел:
Аллаһ Тағала былай деді: «Олардан қорқпаңдар да, Менен қорқыңдар, егер иман келтірген болсаңдар!» (Әли `Имран, 75).

Әр-рожәның (үміт) құлшылық екеніне дәлел:
Аллаһ Тағала: «Кімде-кім өз Раббысымен жолығуды үміт етсе, ізгі амал жасап, құлшылығында Раббысына ешкімді серік қоспасын», - деді (Кәһф, 110).

Әт-тәуәккулдің (тәуекел ету) құлшылық екеніне дәлел:
Аллаһ Тағала былай деді: «Егер иман келтірген болсаңдар, Аллаһқа ғана тәуекел етіңдер!» (Мәида, 23).
Тағы да Аллаһ былай деді: «Кім Аллаһқа тәукел етсе, Ол оған жеткілікті болады» (Әнбия, 90).

Әр-роғба (үміт), әр-роһба (қорқу), және әл-хушу`тың (мойынұсыну) құлшылық екеніне дәлел:
Аллаһ Тағала былай деген: «Расында, олар үміт пен қорқу арқылы құлшылық етіп, тілеп жақсылықтарға ұмтылатын еді. Әрі бізге мойынұсынған» (Әнбия, 90).

Әл-хошияның (біліп қорқу) құлшылық екеніне дәлел:
Аллаһ Тағала: «Олардан қорқпаңдар да, Менен қорқыңдар!», - деді (Бақара, 150).

Әл-инәбәның (бойұсынуға оралу) құлшылық екеніне дәлел:
Аллаһ Тағала: «Раббыларыңа қайтыңдар да, Оған бойұсыныңдар», - деді (Зумәр, 54).

Әл-исти`ананың (көмек сұрау, жәрдем тілеу) құлшылық екеніне дәлел:
Аллаһ Тағала былай деген: «Саған ғана құлшылық етеміз, Сенен ғана жәрдем, көмек тілейміз» (Фатиха, 4).
Хадисте: «Егер көмек сұрайтын болсаң, Аллаһтан сұра!», - деп айтылған

Әл-исти`азәның (сиыну, пана тілеу) құлшылық екеніне дәлел:
Аллаһ Тағала былай айтты: «Таңның Раббысына сиынамын (пана тілеймін)», - де!» (Фаләқ, 1).
Тағы да Аллаһ: «Адамдардың Раббысына сиынамын (пана тілеймін)», - де!», - деп айтты (Нәс, 1).

Әл-истиғосәның (ауыр жағдайда көмек тілеу, құтқаруды сұрау) құлшылық екеніне дәлел:
Аллаһ Тағала былай деген: «Егер Раббыларынан ауыр жағдайда көмек тілесеңдер, Ол сендерге жауап береді» (Әнфәл, 9).

Әз-зәбхтың (мал бауыздау) құлшылық екеніне дәлел:
Аллаһ Тағала тағы айтқан: «Расында, менің намазым мен құрбандығым, өмірім мен өлімім әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән! Оның серігі жоқ. Мен осыған бұйырылған едім, мен ең әулгі мұсылманмын!», - деп айт!» (Ән`ам, 161-163).
Сүннеттен мына дәлелді келтірсек болады: «Аллаһтан өзге үшін құрбандық шалған (мал бауыздаған) адамды Аллаһ лағынет етті» (Муслим, 1978).

Ән-нәзрдың (Аллаһ бұйырмаған нәрсені өзіне міндеттеу) құлшылық екеніне дәлел:
Аллаһ Тағала былай деді: «Олар нәзірлерін орындайды, әрі жамандығы шашырайтын күннен (Қиямет күні) қорқады» (Инсән, 7).

 

 

Екінші негіз – Ислам дінін дәлелдермен тану

(Ислам) – бұл Аллаһқа таухид (Оны жалғыздау) арқылы бойұсыну, итағат ету (барлық әмірлерін орындау) арқылы бағыну және ширк (көпқұдайшылық) пен оны жасайтындардан безу (аулақ болу).
Оның үш деңгейі бар: Ислам, Иман, және Ихсан. Әр деңгейдің өз тіректері бар.

Бірінші деңгей: Ислам.
Исламның бес тірегі бар: Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ, әрі Мухаммед Оның елшісі екеніне куәлік беру; намаз оқу (әс-соләт); зекет беру (әз-зәкәт); Рамазан айында ораза тұту (әс-соум) және Аллаһтың үйі «Харамға» қажылық жасау (әл-хажж).
«Лә иләһа илләл-лоһ» куәлігінің дәлелі:
Аллаһ Тағала былай деді: «Аллаһ, періштелер және әділет үстінде тұрушы білім иелері Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ екеніне куәлік берді. Ұлы, Дана Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ!» (Әли `Имран, 18).
Оның мағынасы: «Аллаһтан басқа құлшлық етілетін шынайы тәңір жоқ!». «Лә иләһә» сөзі, Аллаһтан өзге құлшылық етілетін бүкіл нәрсені теріске шығарады (нәфий). «илләл-лоһ» сөзі, құлшылықтың тек Аллаһқа ғана тән екенін растайды (исбәт). Аллаһтың билігінде еш серігі жоқ, сол сияқты құлшылықта да оның серігі жоқ.
Оның мағынасын тереңірек ашатын түсіндірмесі ретінде Аллаһтың келесі сөздерін келтірсек болады:
Аллаһ Тағала былай деді: «Міне, Ибраһим өз әкесі мен еліне: «Расында, мен сендердің құлшылық етіп жүргендеріңнен аулақпын бездім. Тек мені жаратқаннан басқа (безбедім). Расында, ол мені тура жолға салады», - деді. Әрі (Ибраһим осы) сөздерді, мүмкін олар оған оралар деп, өз ұрпақтарына қалдырды» (Зухруф, 26-28).
Тағы да Аллаһ айтты: «(Оларға) айт: «Әй, кітап иелері! Арамызда ортақ болған бір сөзге келіңдер: Аллаһтан басқа ешкімге құлшылық етпейміз де, Оған ешкімді серік қоспаймыз. Бір-бірлерімізді Аллаһтан басқа өзара тәңір тұтпаймыз». Ал егер олар бет бұрса, онда оларға: «Біздің мұсылман екенімізге куәлік беріңдер!», - деп айтыңдар» (Әли `Имран, 64).
«Мухаммадур-расулуллаһ» куәлігінің дәлелі:
Аллаһ Тағала былай айтты: «Сендерге өз араларыңнан елші келді. Оған сендердің бастарына төнген қиыншылық ауыр тиеді, сендер үшін тырысады. Әрі мүміндерге өте жұмсақ, мейірімді» (Тәубе, 128).
«Мұхаммед – Аллаһтың елшісі» куәлігінің мағынасы: Бұйырғандарына бағыну, хабарлағандарына сену, тыйған және қайтарғандарынан аулақ жүру, сондай-ақ, Аллаһқа тек ол көрсеткендей ғана құлшылық ету.
Намаздың, оразаның дәлелі және таухидтің түсіндірмесі ретінде Аллаһтың келесі сөздерін келтірсек болады:
«Оларға тек Аллаһқа дінді шын ықыласпен ханиф түрінде орындау арқылы құлшылық ету, намаз оқу және зекет беру ғана бұйырылған еді. Міне, осы – тұп-тура дін!» (Бәйина, 5).
Оразаның дәлелі Аллаһтың келесі сөздері:
«Әй, иман келтіргендер! Сендерден бұрыңғыларға ораза тұту бұйырылғандай, сендерге де ол парыз етлді. Мүмкін тақуа боласыңдар!» (Бақара, 183).
Қажылықтың дәлелі ретінде Аллаһтың келесі сөздерін келтірсе болады:
«Адамдардан кімнің шамасы келсе, Аллаһ үшін қажылық жасаулары міндетті. Ал кім қарсы келетін болса, онда Аллаһ әлемдерге мұхтаж емес» (Әли `Имран, 97).

Екінші деңгейі: Иман.
Оның жетпістен астам тармағы бар. Олардың ең жоғарғысы: «Лә иләһә илләл-лоһ» сөзі. Ал ең төмені: жолдан кедергілерді алып тастау. Сондай-ақ, ұялу да – иманның бір тармағы.
Хадисте айтылғандай, оның алты тірегі бар: «…Аллаһқа, періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, Ахырет күніне иман келтіруің. Және тағдырға: оның жақсылығы мен жамандығына иман келтіруің».
Осы алты тіректің дәлелі:
Аллаһ Тағала былай деді: «Игілік тек жүздеріңді шығыс пен батысқа жөңелтулеріңде емес, бірақ (нағыз) игілік – кім Аллаһқа, Ахырет күніне, періштелеріне, кітапқа және пайғамбарларға иман келтірсе…» (Бақара, 177).
Тағдырға (иман келтірудің) дәлелі, Аллаһтың келесі сөздері:
«Расында, біз әрбір нәрсені тағдырмен (өлшеумен) жараттық» (Қамар, 49).

Үшінші деңгей: Ихсан.
Оның бір ғана тірегі бар.
Хадисте былай айтылған: «(Ихсан дегеніміз – бұл) Аллаһқа, оны көріп тұрғандай құлшылық ету. Ал егер Оны көрмесең, онда Ол сені көріп тұрғанын (біліп құлшылық етуің».
Оған дәлел ретінде Аллаһтың келесі сөздерін келтірсе болады:
«Расында, Аллаһ тақуалармен әрі ихсан құлушылармен бірге» (Нахл, 128).
«Ұлы, Мейірімді (Аллаһқа) тәуекел ет! Ол сені (намазда) тұрып тұрғаныңда көреді. Әрі сәжде етушілердің арасында жасаған қимылдарыңды (көреді). Шын мәнінде, ол Естуші, Көруші» (Шу`ара 217-220).
«Қандай іс жасасаң да, Құраннан нені оқысаң да, қандай амал істесеңдер де, оған кіріскенде біз сендердің үстерінде куәгерміз» (Юнус 61).
Сүннеттен дәлел ретінде `Умар ибн әл-Хаттабтан жеткен, Жәбрейілдің әйгілі хадисін келтірсе болады: «Бірде біз пайғамбарымызбен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) отырған кезде, киімдері аппақ, шаштары қап-қара бір кісі кіріп келді. Оның үстінде сапар іздері байқалмады, бірақ арамызда да оны ешкім танымады. Ол пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын) алдына тізесін оның тізесіне тигізіп, қолдарын өз сандарына қойып отырды. Сосын: «Әй, Мухаммед, маған Ислам туралы хабарла!», - деді. (Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын)) былай деді: «Бұл – Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ, ал Мухаммед Оның елшісі екеніне куәлік беруің, намаз оқуың, зекет беруің, Рамазан айында ораза тұтуың және шамаң келсе (Қа`баға) қажылық жасауың». Соған (әлгі кісі): «Рас айттың!», - деді. Біз оның өзі сұрап, өзі растап жатқанына таңқалдық. Кейін ол: «Маған Иман туралы хабарла!», - деп сұрады. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын): «Ол – Аллаһқа, періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, Ахырет күніне иман келтіруің және тағдырға: жақсылығы мен жамандығына иман келтіруің», - деп жауап берді. (Әлгі адам қайтадан): «Рас айттың!», - деді. Содан соң, ол: «Маған Ихсан туралы хабарла!», - деді. Соған (Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын)) былай жауап берді: «(Ихсан дегеніміз – бұл) Аллаһқа, оны көріп тұрғандай құлшылық етуің. Ал егер Оны көрмесең, онда Ол сені көріп тұрғанын (біліп құлшылық етуің)». Кейін (адам): «Маған Қиямет туралы хабарла!», - деді. (Бұл сұраққа пайғамбарымыз (оған Аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын)): «Сұралушы сұраушыдан артық білмейді», - деп жауап қатады. Сонда (әлгі адам): «Онда маған оның белгілерін атап бер», - дейді. (Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)) былай деді: «Күң (құл әйел) өзінің ханшайымын туатынын; жалаңаяқ, жалаңаш кедей қойшылардың биік ғимараттар көтеруде бір-бірімен жарысатынын көресің».
Содан соң ол кісі шығып кетеді, ал біз сол жерде біраз уақыт қалдық. Сонда Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын) менен: «Әй, `Умар, сен сұрақ қойған кім екенін білесің бе?», - деп сұрады. Мен: «Аллаһ және Оның елшісі жақсырақ біледі», - деп жауап бердім. Сонда ол: «Бұл – діндеріңді үйрету үшін келген Жәбрейіл», - деді
» (Муслим 1, 8).

 

Үшінші негіз – пайғамбарды (оған Аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын) тану

Ол – Мухаммад ибн `Абдуллаһ ибн `Абдул-мутталиб ибн Һашим. Һашим Құрайш (тайпасынан шыққан). Ал Құрайш (тайпасы) арабтарға жатады. Арабтар - Исма`ил ибн Ибраһим әл-Халилдің ұрпақтары. Оған әрі біздің пайғамбарымызға ең абзал игіліктер мен сәлемдер болсын! Ол (Мухаммед пайғамбар (оған Алаһтың игілігі мен сәлемі болсын)) алпыс үш жыл өмір сүрді: пайғамбарлықтан алдын қырық жыл, ал пайғамбар болып жиырма үш жыл. «Иқра …!» («Оқы…!») арқылы пайғамбар (набий) болды, ал «Муддассир» («Оранушы») арқылы елші (расул) болды. Мекке қаласында туылған.
Аллаһ Тағала оны ширктен (Аллаһқа серік қосудан) сақтандыру үшін және таухидке шақыру үшін жіберді.
Бұған дәлел Аллаһтың келесі сөздері:
«Әй, оранушы! Тұр да, ескерт! Раббыңды ұлықта! «Сиябыңды» тазарт! «Ружзды» тәрк ет! Көбірек қайтарып алу үшін, мейірім жасама! Раббың үшін сабыр ет!» (Муддәссир, 1-7).
«Тұр да, ескерт!» сөздерінің мағынасы: ширктен сақтандырып, таухидке шақыру. «Раббыңды ұлықта!», яғни Оны жалғыздау (таухид) арқылы ұлықтау. ««Сиябыңды» тазарт!», яғни амалдарыңды ширктен тазарт. ««Ружзды» тәрк ет!», яғни пұттарды қалдыр, олардан және оларға құлшылық ететіндерден аулақ бол! Осылай ол он жыл бойы таухидке шақырған. Он жылдан соң ол аспанға көтерірді. Онда оған бес уақыт намаз парыз етілді. Келесі үш жыл бойы ол намаз оқып жүрді. Содан соң ол Медина қаласына һижра жасауға бұйырылды. Һижра дегеніміз – бұл ширк (көпқұдайшылық) елінен, Ислам еліне қоныс аудару.
Ширк елінен, Ислам еліне көшу осы үмметке парыз, әрі ол Қиямет күніне дейін жалғасады.
Бұған дәлел Аллаһтың келесі сөздері:
«Өздеріне зұлымдық еткендердің періштелер жандарын алғанда: «Қандай жағдайда едіңдер?», - дейді. Олар: «Біз жерде әлсіз болған едік», - деп жауап береді. (Періштелер): «Һижра жасайтын болсаңдар, Аллаһтың жері кең емес па еді?», - деп айтады. Міне бұлардың орны тозақ. Ол нендей жаман орын. Бірақ бұл шамасы келмеген, әрі еш айла таба алмаған ерлер, әйелдер мен балаларға қатысты емес. Осынндайларды Аллаһ кешіруі мүмкін. Өйткені, Аллаһ өте кешірімді, жарылқаушы!» (Ниса 97-99).
Тағы да Аллаһ былай деді: «Әй, менің иман келтірген құлдарым! Расында, менің жерім кең, сондықтан Маған ғана құлшылық етіңдер!» (`Анкәбут, 56).
Имам әл-Бағауи былай айтқан: «Бұл аят Һижра жасамаған Меккеліктерге қатысты түскен. Аллаһ оларды иман атауымен шақырды».
Һижраның дәлелін Сүннеттен келтірер болсақ, онда пайғамбарымыз (оған Аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын): «Тәубе үзілмейінше, Һижра да үзілмейді. Ал тәубе, күн батыс жақтан шықпайынща үзілмейді», - деді (Ахмад 99/4, Әбу Дәуд 2479. Қараңыз «Сахих әл-Жәми`» 7436).
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың иігілгі мен сәлемі болсын) Медина қаласында орнығып болған соң, оған Исламның басқа да заңдары бұйырылды: ораза, зекет, қажылық, азан, джиһад, жақсылыққа бұйыру мен жамандықтан қайтару және т.б. Осыларды орындап ол жыл өмір сүрді де, кейін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болды. Алайда, оның діні қалды!
Бұл дін: қандай жақсылық болса, соның барлығына бағыттаған, ал қандай жамандық болса, солардың бүкілінен қайтарған, сақтандырған. Ол бағыттаған жақсылық – бұл таухид және Аллаһ жақсы көріп, разы болатын барлық нәрсе. Ол қайтарған жамандық – бұл ширк және Аллаһ жек көретін барлық нәрсе. Аллаһ оны бүкіл адамзатқа жіберді. Жындар мен адамдарға оған бағынуды парыз қылды.
Бұған дәлел ретінде Аллаһтың келесі сөздерін келтірсе болады:
« «Әй, адамдар! Негізінде, мен барлықтарың үшін Аллаһтың елшісімін!», - деп айт» (А`раф, 158).
Аллаһ онымен дінін толықтырды. Бұған дәлел:
«Бүгін діндеріңді толықтырдым, нығметімді тәмәдадым және сендерге Ислам дінімен разы болдым» (Мәида, 3).
(Мұхаммед пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)) қайтыс болғанына дәлел Аллаһтың мына сөздері: «Расында, сен өлесің, олар да өледі. Сосын Қиямет күні сендер Раббыларыңның алдында тартысасыңдар» (Зумәр 30,31).
Адамдар өлген соң қайта тіріледі. Бұған дәлел Аллаһтың келесі сөздері:
«Сендерді одан жараттық, әрі оған қайтарамыз. Сосын тағы да бір рет шығарамыз» (Таһа 55).
«Аллаһ сендерді жерден өсіріп өндірді. Сосын сендер оған қайтарыласыңдар да, кейін қайта шығарыласыңдар» (Нух 17,18).
Тірілуден кейін, адамдар есптеледі де, амалдары үшін сый-жазасын алады. Бұған дәлел ретінде Аллаһтың келесі сөздерін келтірсе болады:
«Аспандар мен жердегі барлық нәрсе Аллаһтікі. (Бұл) жамандық еткендерге, істегені үшін жазалау үшін, ал жақсылық еткенжерге одан да артығымен қайтару үшін» (Нәжм 31).
Кімде-кім қайта тірілуді теріске шығарса (өтірік десе), кәфир (дінсіз) болады. Бұған дәлел Аллаһтың мына сөздері:
«Кәпірлер: «Қайта тірілмейміз», - деп пайымдайды. (Оларға) айт: «Раббыммен ант етемін! Сендер әлбетте тірілесіңдер, кейін істегендерің жайлы хабар аласыңдар. Бұл Аллаһқа оңай!» (Тағабун, 7).
Аллаһ бүкіл елшілерді қуандырушы, ескертуші етіп жіберді. Бұған Аллаһтың келесі сөздері дәлел:
«Елшілерден кейін адамдарда ешқандай сылтау болмас үшін, (Біз оларды) қуандырушы, ескертуші еттік» (Ниса 165).
Олардың ең алғашқысы – Нұх, ал ең соңғысы, әрі пайғамбарлардың мөрі – Мұхаммед (оларға Аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын). Нұхтың ең алғашқы елші екеніне дәлел ретінде Аллаһтың осы сөздерін келтірсе болады:
«Нұхқа және одан кейінгі пайғамбарларға уахи еткеніміздей, саған да уахи еттік» (Ниса 165).
Нұхтан бастап, Мұхаммедке (оларға Аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын) дейін елшілерді Аллаһ әрбір үмметке Оған ғана құлшылық етіп, тағутқа табынудан қайтару үшін жіберген еді.
Бұған дәлел Аллаһтың келесі сөздері: «Біз әрбір үмметке: «Аллаһқа ғана құлшылық етіңдер де, тағуттан аулақ болыңдар», - деп елші жібердік» (Нахл, 36).
Аллаһ барлық құлдарына Өзіне иман келтіріп, тағутқа куфр етулерін парыз етті.
Ибн әл-Қайим былай айтқан: «Тағут – бұл адамның шектен шығуына себеп болатын ма`буд (оған басқалар құлшылық етілетін нысан), мәтбу` (оның артынан басқалар ілесетін нәрсе) немесе муто` (оған басқалар бағынатын біреу)».
Тағуттар көп, бірақ олардың бастылары бесеу:
- Иблис (оны Аллаһ лағынет етсін);
- Өзіне құлшылық етілгенге разы болатын адам;
- Өзіне құлшылық етуге шақырған адам;
- Ғайбты (жасырын, көмес) білетінін мәлімдеген адам;
- Аллаһ түсірмегенімен үкім еткен адам.
Бұған дәлел Аллаһтың мына сөздері:
«Дінде зорлық жоқ. Туралық пен адасу анық ажыратылды. Сонда кім тағутқа күпірлік етіп, Аллаһқа иман келтірсе, ол үзілмейтін мықты бір тұтқадан ұстап алды. Аллаһ – Естішу, Білуші» (Бақара, 256).
Міне осы «Лә иләһа илләл-лоһ»-тың мағынасы.
Хадисте былай айтылған: «Істің негізі – Ислам, тірегі – намаз, ал оның шыңы – Аллаһ жолында күресу».

Аллаһ жақсырақ біледі!

 

Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына
Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

 

forum.al-hanifiya.kz

 

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|