Quickribbon

Тағут деп аталған - кәпір болып табылады ма?

Мейірімді, Рахымды Аллаһтың атымен

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммедке, оның отбасына және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!

Содан соң:

Көп мұсылмандар «Тағут» деген термин тек кәпірлерге қатысты қолданылады деп ойлап қателеседі. Олар осынысында кейбір қазіргі заман шейхтарының пәтуаларына, сондай-ақ, Интернет кеңістігіндегі орыс тіліне аударылған әртүрлі мақалаларға сүйенеді. Содан кейін олар қияс жасап, көптеген адамдарды Тағут, яғни кәпір деп атай бастайды.

Бұған жауапты екі жақтан беруге олады.

Біріншіден, егер адамды Тағут деп атап, осымен оның кәпір екендігі меңзелсе, онда адамды күпірлікте айыптау үшін белгілі дәлелдер қажет. Ал, бұл – біз Тағут деп аталғанның әрбірін кәпір деп есептемей, әрбір жағдайды жеке қарап шығуымыз қажет екендігін білдіреді.  Басқаша айтқанда, адамның күпірлікті меңзейтін осы атаумен аталғанының себебін, бұл себеп адамды кәпір етеді ме, әлде жоқ па, білуіміз керек. Егер етсе, онда бұл адамға дәлел жеткізілді ме – соған қарауымыз керек, және ол – әмір ме, қарапайым адам ба, билік астындағы ма, білік етуші ме – маңызды емес. Өйткені, әһлю-Суннә арасында нақты адамды күпірлікте айыптау үшін дәлел келтіру және күмәнды жою қажет екендігіне келіспеушілік жоқ ғой!

Аллаһ Тағала былай деді: «Аллаһ бір елді тура жолға салғаннан кейін олардың сақтануға тиіс болған нәрселерін ашық білдірмейінше, оларды адастырмайды. Расында, Аллаһ - әр нәрсені толық білуші» (әт-Таубә 9: 115).

Шейх әл-Ислам Ибн Таймийя былай деген: “Аллаһ Өзінің жолдауы жеткен (адамнан) өзге ешкімді жазаламайды. Және Оңың жолдауы жетпеген (адам) мүлде жазаланбайды! Ал Оның жолдауы жетіп, бірақ түсіндірілмеген (адам), тек өзіне белгілі болғанды жоққа шығарғанынан басқа (нәрсе) үшін  жазаланбайды!” «Мәджму’ әл-фәтауә» 12/493.

Шейх Ибн әл-Қайим былай деп айтатын: “Дәлел келтірілмегендіктен және оны ұғыну мүмкіндігі болмағандықтан білімсіздікпен жасалған күпірлікке келер болсақ, Аллаһ Тағала мұны, елшілердің дәлелі жетпейінше, жазалдаудан қалыс қалды!” «Тариқ әл-хиджратайн», 611.

Біріншіден, «Тағут» сөзін адамға қатысты қолданудың өзі оны күпірлікте айыптау үшін жеткілікті негіз бола алмайды.

1 — Тағут деп адасушылықтың кез-келген жетекшісі аталады. Бұл ұғым кәпірлерді де, адасушылықтың жетекшілерін де, сондай-ақ, дінге жаңалық енгізушілерді де (бидғатшыларды да) қамтиды. «Тағут» сөзі «шекараны бұзу,  оған одан тыс қандайда бір нәрселерді қосып, шектен шығу» дегенді білдіретін «туғйән» сөзінен шыққан. Алайда, адам, қандайда бір нәрседе шектен шығып, кәпір болуы да мүмкін, ондай болмауы да мүмкін, өйткені, бұл әрекет адамды әркезде кәпір ете бермейді.

Ибн әл-Джәузи, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген: «Тағут — бұл «шектен шығу, шекараны бұзу» дегенді білдіретін “туғйән” сөзінен шыққан зат есім». Зәдуль-мәсир фи илм әт-Тафсир», т. 2. с. 125.

Осыған ұқсас сөзді имам әш-Шәукани де өзінің «Фәтх әл-Кадир» тәпсірінде айтқан, т. 3, с. 161.

«Әл-усуль әс-сәләсә» («Үш негіз») жолдауының авторының немесесі шейх Сулеймән, Аллаһ оларды рақым етсін, былай деген: «“Тағут” сөзі - «шектен шығу, шекараны бұзу» деген мағынаға ие “туғйән” сөзінің туындысы. Біздің салиқалы бабаларымыз бұл сөзді, «Тағуттың» нақты түрлерін атап, түсіндіретін». «Тайсир әл-Әзиз әл-Хамид», с. 49.

Бұл сөзді Шайтанға, балгерге және сиқыршыға, сондай-ақ, адасушылықтың, бұзақылық пен бұзықтықтың барша жетекшілеріне, пара алатын адамға және залым патшаға қатысты қолданады, тіпті егер олар мұсылман болса да. Яғни Тағуттың кәпір болуы міндетті емес.

2 — Кейбір ғалымдар бұл сипаттаманы кейбір күналарды жасаушы адамдарға қатысты қолданады, ал егер осы сипаттаманы қолдану күпірлікті меңзейтін болғанда, онда оны бұл күнәхарларға қатысты қолдануға болмайтын еді, өйткені кері жағдайда, бұл – осы ғалымдар аталған күнәхарларды кәпір деп есептегенін білдірер еді.

3 — Кейбір адамдар Тағут деп, ол арқылы шектен шығу және шекара бұзылу іске асатын нәрсені атайды, және осы сөзбен әрекеттің өзің атайды, ал ол не арқылы орындалатынына назар бөлмейді де.  Мысалы, олар құлшылық жасалатын келген затты (объектті), соның ішінде тас пұттарды да «Тағут» деп атайды. Ал, жансыз зат иман келтірген, немесе кәпір деп атала алмайды, өйткені, бұл сипаттама оларға қатысты қолданылмайды.

Қорытынды шығарайық.

Тағут деп аталған адамды күпірлікте айыптаудан бұрын мыналарды анықтап алу керек:

— Егер адам қандай да бір нәрседе шектен шыққан болса, яғни «туғйән» жасаған болса, оның осы әрекеті оны күпірлікке дейін алып барды ма? Осыдан шыға келе, «туғйәнның» әрбір оқиғасы жеке қаралу керек.

— Ол не үшін Тағут деп аталды? Шектен шыққандықтан ба, әлде адамдар ол арқылы шектен шыққандықтан ба, және ол соны мақұлдады ма, әлде жоқ па? Өйткені, оның өзінің мұны мақұлдауы өте маңызды, өйткені, кәпірлер Исаны және Мариямды (Аллаһтың оларға сәлемі болсын) олардың өздерінің қалауынсыз құдайлық сипатқа бөлеп, оларға құлшылық қыла бастады, алайда, Иса да, Мариям да Тағут болып табылмайды!

Ал, енді бұл жөнінде ғалымдар не дегеніне қарайық.

1. Тағут деп тек кәпір ғана емес, адасушылықтың кез-келген  жетекшісі де аталатынын растау.

Ғалымдардың айтқандарынан «Тағут» сөзі тек кәпірлерге ғана емес, адасушылықтың жетекшілеріне де қатысты қолданылатыны айқын көрінеді.

Әл-Джәухари, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген: «Тағут — сәуегей-балгер, Шайтан және адасушылықтың кез-келген жақтаушысы». «Мухтар әс-сыхах», с. 265.

Ал, Ибн Мәнзур, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген: «Тағут — Аллаһ Тағаладан өзге құлшылық қылынатын барлық нәрсе, және адасушылықтың әрбір жетекшісі де— Тағут». «Лисан әл-араб», т. 7. с. 444.

Атақты ғалым әл-Фәйрузабәди, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген: «Тағут — бұл әл-Ләт, әл-Узза[1], көріпкел, Шайтан және адасушылықтың кез-келген жетекшісі, және пұттар, және Аллаһтан өзге құлшылық қылатынның барлығы, және Кітап иелерінің ішіндегі жауыздар».

Әл-Куртуби, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген: «“Біз әрбір үмметке, олар Аллаһқа (ғана) құлшылық етіп, Тағуттан алшақтау үшін елші жібердік ” — яғни Аллаһтан басқа құлшылық жасалатын, Шайтан, көріпкел, пут, және кез-келген адасушылыққа жақырушы сияқты, кез-келген затты (объектіні) қалдыру». «Әхкәм әл-Қуръән», т. 10. с. 103.

Мукатиль, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген: «Тағут – бұл Ка‘б ибн әл-Әшраф және Хуйәй ибн Әхтаб, сондай-ақ, адасушылықтың қалған жетекшілері». Имам әл-Бәғауи, «Әт-тафсир», т. 1. с. 446.

Са‘ид ибн Джубәйр және Әбу әл-‘Алийә, Аллаһ оларды рақым етсін, былай деген: «Джибт — сиқыршы, ал, Тағут — көріпкел (сәуегей-балгер)».

Әл-Әлюси, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген: «Тағут деп құлшылық жасалатын заттардан (объектілеріден), және тек олардан ғана емес, болған кез-келген жалған нәрсені атайды». «Рух әл-мә‘ани», т. 5. с. 55.

Әш-Шәукәни, Аллаһ оны рақым етсін: «…кім Тағуттан бас тартып, Аллаһқа иман келтірсе, ол ешқашан сынбайтын ең сенімді тұтқадан  берік ұстанды» (әл-Бәқара 2: 256) - деген аятқа қатысты: «Яғни: кім, өзіне тұра жол адасушылықтан айқындалған соң,  Шайтанға, немесе пұттарға, немесе көріпкелдерге және адасушылықтың жетекшілеріне, немесе тұтас олардың барлығына  иман келтіруді қойып, Аллаһ Тағалаға иман келтірген болса, сол жетістікке жетті және сенімді әрі берік тұтқадан ұстанды». Фәтх әл-Қадир. Т. 1 С. 276.

Ибн әл-Қайим, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген: «Тағут — Аллаһтың құлы соған құлшылық етіп, ілесіп, немесе бағынып, сол арқылы шекараны бұзатын және шектен шығатын  барлық нәрсе. Әрбір халықтың Тағуты – Аллаһтан және Оның Елшісінен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзге шешім шығару үшін жүгінетіндері, немесе Аллаһтан өзге  құлшылық ететіндері, немесе  Аллаһтың үкімінсіз олардың ізінен ілесетіндері, немесе Аллаһқа мойынсыну болып табылатынын, немесе табылмайтынын өздері білмейтін нәрселерінде оларға бағынатындары. Тағуттар бүкіл дүние жүзінде бар, және егер назар салсаң, онда дүние жүзінде Тағутқа құлшылық қылушылар Аллаһқа құлшылық қылушылардан, және Тағутқа шешім үшін жүгінетіндер Аллаһқа және Оның Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жүгінетіндерден, жәнеТағутқа бағынып, оған ілесушілер Елшіге бағынып, оған ілесушілерден көп екенін міндетті түрде көресің». «И’ләм әл-мууәққиин», т. 1, с. 50.

Шейх Мухаммад ибн ‘Абдуль-Уәххаб былай деп айтатын: “Тағуттар көп, және олардан бізге бесеуі айқын: Біріншісі – бұл шайтан, сондай-ақ,  зұлымдықпен үкім ететін, өсім жейтін, өзіне (адамдар) құлшылық қылатын және соған ырза болатын, және білімсіз амал ететін!” «әд-Дурару-ссәния», т. 1, с. 137.

2. Ғалымдар Тағут деп ол арқылы «туғйән» жасалатынды да, соның ішінде жансыз заттар да бар, атайтынын растау.

Мәлик, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген: «Тағут — Аллаһтан өзге ғибадат жасалатын барлық нәрсе». «Мә‘ани әл-Қуръән», т. 2, с. 111.

Ол, сондай-ақ,  былай деген: «Джибт және Тағут — Аллаһтан өзге ғибадат, мойынсыну және оның алдында иілген түрде тұру арқылы ұлықталатындардың, олар - тас, адам немесе Шайтан болсын, барлығының атауы». «Мә‘ани әл-Қуръән», т. 5, с. 132.

Ал, Ибн Джәрир, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген: «Тағут туралы барлық пікірлердің ең дұрысы, менің ойымша, бұл – Аллаһтың шекарасын бұзғанның және Аллаһтан өзге, не күштеп, не құлшылық етушінің оған сырттай бағынуы арқылы, ғибадат жасалатынның әрбірі. Бұл ғибадат арналатын нәрсе (объект) – адам да, Шайтан да, пұт та, тастан қашалған жансыз тұлға да, немесе басқа да нәрсе болуы мүмкін». әт-Табәри, «Джәми‘ әл-Бәян фи тауил әл-Қуръән», т. 3. с. 19.

Ибн әл-Джәузи, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген: «Ибн Кутайбә былай деген: “Құлшылық жасалатындардың, олар – тас, бейне, немесе Шайтан болсын,  барлығы  - Джибт пен Тағут». Осындай пікірді әз-Заджәдж және араб тілінің білгірлері ұстанған».

Әс-Са‘ләби, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген: «Тағут» сөзінің мағынасына қатысты түрлі пікірлер бар. ‘Умар ибн әл-Хаттаб және басқалар: «Бұл - Шайтан», - деген. Сондай-ақ, бұл – сиқыршы деп те айтылады. Тағы бір пікір: бұл – көріпкел-сәугей. Тағы бір пікір: бұл – пұттар. Ал, кейбір ғалымдар: «Аллаһтан өзге құлшылық жасалатынның барлығы - Тағут», - деген.  Бұл сөзбен Аллаһтан өзге құлшылық жасалатын, және олардың өздері осыны мақұлдайтын, мысалы, Перғауын және Нәмруд сияқтыларды атау – дұрыс болады. Ал, өзіне құлшылық етуді мақұлдамайтын және мұны қаламайтындарға қатысты айтар болсақ, онда олар – тек өздеріне құлшылық жасап жатқандарға қатысты ғана Тағуттар». «Джәми‘ әл-Бәян фи тауил әл-Қуръән», т. 1, с. 203.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймийя, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген: «Бұл – тұтас түрдің атауы. Оған Шайтан, пұт, көріпкел-сәуегей, дирхем, динар және басқалар жатады». «Мәджму‘ әл-фәтауә», т. 16, с. 565-566.

Он, сондай-ақ, былай деген: «Тағут — бұл орынсыз ұлықталатынның барлығы». [2].

Ибн әл-Қайим, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген: «Тағут — Аллаһтан өзге ғибадат етілетіннің барлығының атауы, және әрбір Аллаһқа серік қосушының (мушриктің) құдайы да –Тағут болып табылды». «Мәдәридж әс-сәликин», т. 3, с. 482.

Аллаһтан өзге ғибадат жасалатын кез-келген зат (объект), тек егер оған оның қалауы бойынша ғибадат етілмесе, Тағут болып табылады. Тура сол үшін де, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) пұттарды мына сахих хадисте Тағуттар деп атады: «Ақырет күні адамдар жиналады, және Ол: «Әрбіреу өзінің құлшылық еткенінің ізінен ілессін!» - деп айтады. Және олардың кейбіреулері Күнге, кейбіреулері – Айға, кейбіреулері – өздері құдай деп санағандарына (Тағуттарға) ілеседі,  және бұл үммет өзінің екіжүзділерімен бірге қалады». «әл-Бухаридің орыс тіліндегі қысқаша мазмұндамасы», хадис № 437.

3. Ғалымдар кейбір күнәхарларды Тағут деп атағанын растау

Әр-Рағиб әл-Әсфәхани, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген: «Тағут — бұл Аллаһтың шекарасын бұзатынның әрбірі, және Аллаһ Тағаладан өзге құлшылық жасалатынның әрбірі. Сондықтан да, сиқыршыны, көріпкел-сәуегейді, жындардың арасынан Аллаһ Тағалаға қарсы көтерілетіндерін, сондай-ақ, адамдарды игілік жолынан бетін қайтаратындардың барлығын осылай деп атайды». «Муфрадат әл-Қуръән».

Ол, сондай-ақ, былай деген: «Тағут — “туғйән” сөзінің  “фә‘алют”  формасы…  Ал, “туғйән” — бұл шектен шығу және шекараларды бұзу, яғни зұлымдық пен жәбірлеу». «Мәджму‘ әл-фәтауә», т. 28, с. 200–201.

Ән-Нәххас, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген: «Джибт және Тағут, тіл білгірлерінің пікірі бойынша, бұл – Аллаһтан өзге құлшылық жасалатынның, немесе Аллаһқа мойынсынбаушылық болатындай етіп бағынатынның, немесе оның алдында иілушілік танытылатынның барлығы». «Мә‘ани әл-Қуръән», т. 2, с. 111.

Ол, сондай-ақ, былай деген: «Тағуттар көпшілік, бірақ, айқыны – бесеу. Бұл Шайтан, әділетсіз үкім шығарушы, пара алушы, оның келісімімен және мақұлдауымен оған құлшылық жасалушы, және білімсіз амал етуші». «Әд-дурар әс-сәнниййә», т. 1, с. 137.

«Әл-усуль әс-сәләсә»  («Үш негіз») кітабына шарх жазған имам Ибн ‘Усәймин, былай деген: «Адасушылық пен күпірлікке, немесе бидғаттарға, немесе Аллаһ харам еткен нәрселерді халәл етуге, немесе Аллаһ халәл еткен нәрселерді харам етуге шақырып, жауыздықты насихаттайтындардың  барлығы - Тағуттар  болып табылады».  Шәрх әл-усуль әс-сәләсә.

Ол, Аллаһ оны рақым етсін, басты және айқын Тағуттарға жауыз әмірді, пара алушы адамды, сондай-ақ, білімсіз амал етушіні жатқызған, ал бұл істің барлығы кіші күпірлікке жатады, және осыған қатысты ғалымдардың арасында келіспеушіліктер жоқ. Мұның үстіне, пара алушы, егер ол бұл істі халәл деп санамаса, кәпір болып табылмайтынына, ғалымдар бір ауызды келісімде.

Жоғарыда айтылғаннан «Үш негіз» кітабының авторы Тағут – бұл тек қана кәпір  деп айтпағаны шығады. Жоқ, ол, сондай-ақ, бұған адасушылықтың, бұзақылық пен бұзықтықтың жетекшілерін, мысалы, пара алатынды, білімсіз амал ететінді, және әділетсіз түрде үкімдер шығаратынды, тіпті сөз сот, немесе мұғалім т.б. туралы болып тұрса да, жатқызды.

Осыдан, «Тағут» деген ұғым өзіне кәпірді, адасушылық пен бидғаттардың жетекшілерін, сондай-ақ, үлкен күнәлар жасайтын адамдарды қамтитыны шығады. Сондықтан, (осы) кітаптың авторына да, басқаға да ол залым патшаны, немесе Аллаһтың түсіргеніне сәйкес үкім шығармайтынды кәпір деп есептейтінін, ол оларды Тағуттарға жатқызды деген сылтаумен, телуге болмайды.

Өйткені, ол ғалымдардың бірауызды келісімі бойынша кәпір болып табылмайтын пара алушыны да «Тағут» деген сөзбен атады ғой…

4. «Үш негіз» кітабының авторының, Аллаһ оны рақым етсін, пікірі бойынша «Тағут» сөзінің мағынасы:

Ол өзінің кітабының қорытындысында былай деген: «Ибн әл-Қайим, Аллаһ Тағала  оған рақым етсін, былай деген: «Тағут – бұл оған құлшылық жасау, ілесу, немесе бағыну жолымен ол арқылы шектен шығатын нәрсенің барлығы. Тағуттар көп, ал бастылары – бесеу:

1) Иблис, Оған Аллаһтың лағнеті болсын;

2) Кімге құлшылық жасалса, және ол осыны мақұл көрсе;

3) Ғайыптан қандайда бір нәрсені  білітіндігін жариялаушы;

4) Адамдарды өзіне құлшылық қылуға шақырушы;

5) Аллаһтың түсіргеніне сәйкес үкім шығармаушы. Мұны Аллаһ Тағаланың мына сөздері растайды: “Дінде күштеу жоқ. Тура жол адасушылықтан ажыратылды. Кім Тағутқа иман келтірмей, Аллаһқа иман келтірсе, ол ешқашан сынбайтын ең сенімді тұтқадан берік ұстанды. Аллаһ – Естуші, Білуші ”. Және бұл – «Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешкім жоқ» сөзінің мағынасы». «Әд-дурар әс-суннийә», т. 1, с. 136.

Автор бұған Аллаһтың түсіргеніне сәйкес үкім етпейтінді де жатқызды, бұл іс-әрекет өздігінше, егер онымен белгілі алғышарттар қабаттасып келмесе, ғалымдардың келісілген  пікірі бойынша кіші күпірлікке жатады, бұл жөнінде Ибн ‘Абд әл-Бәрр айтқандай. Бұл жөнінде біз кейінірек әңгіме қозғаймыз.

Автор, сондай-ақ, былай деген: «Тағут — Аллаһтан өзге құлшылық жасалатынның және ол осыны мақұлдайтынның әрбірінің жалпы атауы,  бұл – Аллаһқа және Оның Елшісіне  мойынсынбаушылық болып табылатын нәрселерде құлшылық қылынатын, ілесетін немесе бағынатын зат (объект) болуы мүмкін. Тағуттар көп, ал бастылары – бесеу:

1) Аллаһтан өзгеге  құлшылық қылуға шақыратын Шайтан;

2) Аллаһтың заңдарын өзгертуші зұлым жауыз-әмір;

3) Аллаһтың түсіргеніне сәйкес үкім етпеуші;

4) Ғайыпты білетіндігін жариялаушы;

5) Аллаһтан өзге құлшылық жасалушы және ол осыны мақұл көруші». «Әд-дурар әс-сәнийә», т. 1, с. 161–162.

«Үш негіз» кітабының авторы басты Тағуттарға Аллаһтың заңдарын өзгертуші жауыз-әмірді және Аллаһтың түсірген нәрсесімен үкім етпеушіні жатқызды. Мұның үстіне, белгілі алғышарттармен қосақталмаған түрдегі Аллаһтың түсіргеніне сәйкес үкім шығармаудың өзі, сондай-ақ, билік жүргізудегі зұлымдық, ғалымдардың бір ауызды пікірі бойынша, кіші күпірлікке жатады.

Осы түсіндіруден соң оқырман Тағут деп аталғанның әрбірі кәпір бола бермейтінін түсінген болар деп үміт етеміз. Алайда, өкінішке орай, кез-келген адамды азғантай-ақ күдікпен кәпір деп айыптауға асығатын адамдарды көреміз, тіпті айтылған сөз жалпы сипатқа ие болып, нақтылауды меңземесе де.

Адамдарды дәлелсіз күпірлікте айыптаушыға  ‘Абдуллаһ ибн ‘Умардан жеткен хадисте келтірілген Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) мына айтқан сөздерін еске алу жетіп асады: «Егер адам өзінің бауырын кәпір десе, онда оның біреуі сондай болады: не оның бауыры шындығында да сондай, не бұл олай емес, ал онда оның айптауы өзіне қайтады». [3] әл-Бухари, хадис № 6104; Муслим, хадис № 213.

Сондықтан, мұндай мәселелерде сақтық керек.

5.Тағутты теріске шығару қалайша іске асырылады

Құл өзінің жаратылуының мақсатын екі-ақ нәрсені орындауымен іске асырады.

Бірінші ереже: Аллаһқа ықыласты түрде құлшылық қылу, және бұл – «Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешкім жоқ деген» куәліктің қажетті талабы.

Екінші ереже: Біз ғибадатты (дұрыс) іске асыруымыз үшін Аллаһ бізге жіберген Аллаһтың Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) ілесіп-еру, және бұл – «Мухаммад – Аллаһтың Елшісі» деген күәліктің қажетті талабы.

Ғибадат  өзі арналатын нәрсеге (объектке), яғни Пәк Аллаһ Тағалаға  тікелей қатысты махаббатқа, мойынсынуға, қорқуға және үмітке негізделеді.

Егер амал, Оған деген махаббатпен, қорқумен және үмітпен емес, ал зиянды,  азғырушылықты тойтару, немесе қалаған нәрсеге қол жеткізу үшін  жасалса, бұл – ғибадат болып табылмайды, тек егер сөздер мен амалдар тыйым салынған, адамды Исламнан шығаратын болып табылмаса ғана. Ал, мұндай жағдайда адам Аллаһқа деген маббаттың, қорқудың және үміттің негізінен жұрдай болып, Исламнан шығады, және өзінің қалауларының құлына айналады, ал, ол бұған кері нәрселерді айтқан болса, онда Аллаһ құпия және жасырын болғанның барлығын біледі.

Тағутты теріске шығару «Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты кұдай жоқ» деген куәліктің екі тірегінің (рукн) бірі болып табылады.

6.Тағутты теріске шығару жүректің, тілдің және дене мүшелерімен іске асырылады.

Тағутты жүрекпен теріске шығару: бұл - Аллаһтан өзге шынайы құлшылық қылатын Раббы және құдай жоқтығына, және Одан өзге барлық иелер, құдайлар және құлшылық етілетін заттар өтірік екендігіне кәміл сену. Сондай-ақ, Жалғыз, барлық нәрсеге Күші жетуші Аллаһтан өзге қандайда бір нәрсе үшін құлшылық жасаудан қандайда бір нәрсені істеуге тыйым салынғандығына да кәміл сену қажет.

Тағуттарға қатысты, олар кәпір болса да, немесе адамдарды адасушылыққа жетелейтіндер болса да, жек көрушілік сезіну керек. Аллаһ және Оның Елшісі теріске шығарғанды теріске шығару қажет дегенге кәміл сену керек.

Тағутты тілмен теріске шығару: Бұл - Тағуттан, оған құлшылық қылудан, кәпірлердің дәстүрлерінен және олардың өздерінен бас тартумен іске асады. Негізінде, егер адам бұл әрекеттен бір іске араласқан болса және оған тәубе еткенінен кейін мұны жариялау қажет болса, немесе басқалар осы теріске шығаруды істемесе де, ол жек көрінішті болған нәрсені көріп, оны тілмен түзеткен болса, Тағуттан бас тартқандықты тілмен білдіру жеткілікті болып табылады.

Тағутты дене мүшелерімен теріске шығару: Бұл - Тағутқа құлшылық қылудан алыстаумен, Аллаһтан өзге біреуге ғибадаттан қандайда бір нәрсені істеудің болмауымен және, мүмкіндігінше, Тағуттың құлдарымен куресумен іске асырылады.

Жоғарыда аталып кеткендердің барлығының дәлелі болып - ғалымдардың теріске шығарудың анықтамасына, Ислам тыйым салған амалдарына, Тағутты теріске шығарудың формаларын түсіндіруге байланысты айтқан сөздері және бұған байланысты жеткізілген хадистер табылады.

Ибн Кәсир «Кім Тағутқа иман келтірмей, Аллаһқа иман келтірсе, ол ешқашан сынбайтын ең сенімді тұтқадан берік ұстанды», - деген аятқа жасаған тәпсірінде былай деген (т.1, с. 312): «Бұл - Аллаһқа теңдестірілетіндерді, пұттарды, шайтан оларға құлшылық етуге шақыратын нәрселерді, және Жалғыз, барлық нәрсеге Күші жетуші Аллаһтан өзге құлшылық жасалатынның барлығын  қабылдамайтын, және Жалғыз Оған ғана құлшылық ететін, және Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына куәлік ететін. Ал, «ол ешқашан сынбайтын ең сенімді тұтқадан берік ұстанды», - деген сөздерге келер болсақ, бұл – осы адам Аллаһқа қызмет етуде берік екендігін және өнегелі әрі тура жолды ұстанатынын білдіреді».

Имам Мухаммад  ибн ‘Абд әл-Уәххаб, Аллаһ оған рақым етсін, «Бірқұдайшылдық» кітабында  былай деген:

«4. Ең маңызды мәселе мынада: осы жағдайда Джибт пен Тағутқа деген сенім нені білдіреді? Бұл сенім жүректегі нық сенім болып табылады ма? Немесе бұл – осыған іштей жүрекпен жек көрушілікті сезініп және осының негізсіз екендігіне кәміл сенімді болып, осыған сенгендерге тек таза еліктеушілік ғана ма?»

Имам Ибн ‘Усәймин бұл сөздерге түсіндірме жасап, былай деген: «Жүректің иманына және оның  сеніміне қатысты айтар болсақ, олар бұл аятқа кіретініне күмән жоқ. Ал, осыған жүрекпен жек көрушілікті сезініп және осының негізсіз екендігіне кәміл сенімді болып, осыған сенгендерге тек сырттай ұқсауға келер болсақ, бұл жәйт егжей-тегжейлі мазмұндауды талап етеді. Егер бұған сенгендерге ұқсау (еліктеу) «осы – ақиқат» дегенге негізделсе, онда бұл – күпірлік. Бірақ, егер өзін ұқсатушы мұның ақиқаттығына сенбесе, ол кәпір болып саналмайды. Алайда, күмәнсіз, ол өте үлкен қауіп-қатер жағдайында тұр, және бұл кейпі оны күпірлікке алып келуі мүмкін деген қатер бар. Аллаһ бізді (бұдан) сақтасын!» «Бұл үмметтің бір бөлігі пұттарға құлшылық етеді» деген тарауға қатысты дұрыс сөз.

Шейх Сулейман бин ‘Абдуллаһ былай деген: ««Тағутты теріске шығарудың» мәні  — бұл Аллаһқа теңдестірілген шын жүрегімен Аллаһтан өзге жалбарынатын құдайларды да қабылдамай қайтару, оларға қатысты көпқұдайшылдық жасаудан бас тарту, және оларға деген жек көрушілік және өшпенділік». «Тәйсир әл-Азиз әл-Хамид», с. 100

Ол былай деген (54-бет): «Бұл «Аллаһтан өзге құлшылық қылуға лайықты ешкім жоқ» - деген куәліктің мағынасы. Бұл – Аллаһқа құлшылық ету және Аллаһтан өзге кімге болсын құлшылық қылудан бас тарту. Бұл – Тағутты теріске шығару және Аллаһқа иман келтіру».

Ол, сондай-ақ, былай деген: «Тағутты теріске шығару деген ұғымына оған деген жиіркеніш, сондай-ақ оған құлшылық жасаудың кез-келген түріне наразы болу». «Тайсир әл-‘Азиз әл-Хамид», с. 34.

Жоғарыда айтылғаннан Тағутты теріске шығару Бірқұдайшылдықты тазартумен және Елшінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) ізінен ілесумен, сондай-ақ, иман бекер ететін сөз, іс және сенім амалдарынан алшақ болу.

Алайда, Тағут деген сөз, адамды Исламнан шығаратын мызғымас ереже болып табылмаса да, қолданылатын жағдайлар бар екендігін  ескерту қажет. Белгілі жағдайларда, Тағутты теріске шығару мұның негізсіз (бекер) екендігі жөніндегі сеніммен іске асады, іс жүзінде адам бұл күнәні жасаса да.

Мысалы, шейхуль-Ислам Ибн Таймийя былай деген: «Тағут — бұл оның құрамына шайтан, пұт, көріпкел-сәуегейлер, дирхам, динар және басқалар кіретін атау». «Мәджму әл-фатауә», т. 16, с. 565-566.

Егер дирхам мен динарға деген махаббат тағдырға наразылық білдіру және сабырсыздық сияқты тыйым салынған істерге итермелесе, онда ол - Тағут болады, және оны теріске шығару парыз болғанды тастаудың нәтижесінің барлығына шариғат тыйым салатындығына деген нық сеніммен іске асырылады. Адам байлықты жақсы көргенде, ол оны тыйым салынған амалға тастамайынша, (дінде) кемістіктер жібереді және салғырттық танытады. Және ол, себебі - динар мен дирхамға деген махаббат болған, тыйым салынған - наразылық және сабырсыздық сынды істерді істей береді.

Осы мысалдан және басқа да көптеген мысалдардан Тағутты теріске шығару оның және оның салдарының негіссіз (бекер) екендігіне деген сеніммен іске асырылатыны шығарылады. Бұл – иманды имансыздықтан ажырататын шекара.

Осының салдары болып табылатын амалдарда кемістік жіберуге келер болсақ, бұл - адамды Исламнан шығармайды. Бұл - адамның міндетті болған әмірлерді орындауда кемістік жіберуінде және күпірлік, ширк немесе діннен шығу болып табылмайтын, бірақ, тыйым салынған істерді істеуде көрініс табады.

Соңында Аллаһ Тағалаға мадақ айтып, Одан өзімді және барша мұсылмандарды кешіруін сұраймын!

Абу ‘Умар Салим әл-Ғаззи

www.svet-islama.com

25. 03. 1431 г.х.

О.А.Э

[1] Қурайштықтар джәхилиет кезінде құлшылық қылатын пұттар.

[2] Бұған ақша да, үйлер де, атақ та, балалар және шейтер де, ұлтшылдық та, нәсілшілдік  те, т.с.с. басқалар да.

[3] Оның өзіне қайтатын күпірлік – кіші күпірлік (куфр әсғар) екендігін атап өту қажет, өйткені, хадистің өзінде бұл ұлы күпірлік (куфр әкбәр) еместігіне нұсқау бар, өйткені, хадистен шығатындай, бұл адамдар (діндегі) бауырлар болып қала береді.

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|