Quickribbon

Жауласушы және жауласпаушы кәпірдің арасындағы айырмашылық туралы

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

Аллаһ Тағала кәпірлерді екі санатқа жіктеді: жауласушыларға және жауласпаушыларға.

Жауласпаушы кәпірлерге - олармен келісім-шарт немесе бітім бар, сондай-ақ, өлтіруге тыйым салынған: әйелдер, қарттар, балалар, қызметкерлер сияқты кәпірлер жатады.

Көптеген жас мұсылмандарда бұл мәселеге байланысты білімнің болмауына қарамастан, жоғарыда аталғандарға Құранда да, Сүннетте де дәлелдер көп.

Аллаһ Тағала айтады: «Аллаһ дін жайында сендермен соғыспаған және жүрттарыңнан қуып шығармағандарға жақсылық қылуларыңа, әділдік етулеріңе тыйым салмайды. Расында, Аллаһ турашылдарды жақсы көреді (әл-Мумтаханә 60: 8).

Кейбір имамдар бұл аятты күші жойылған деп есептеді, алайда бұған ешқандай дәлел жоқ.

Имам әл-Қуртуби «Бұл аяттың күші көпқұдайшылдармен соғысу әмірімен жойылған» деп есептейтін имамдардың пікірін келтіріп, былай деді: «Ал, тәпсіршілердің басым бөлігі бұл аяттың күші жойылмаған деп есептейді». “Тафсир әл-Қуртуби” 12/321.

Сондай-ақ, Құранның тәпсіршілерінің имамы болып саналатын Ибн Джәрир әт-Табәри бұл аятты жалпылама және күші жойылмаған дейтіндердің пікірі күштірек, өйткені, бұл аят «дін жайында сендермен соғыспаған және жүрттарыңнан қуып шығармағандарға» анық ерекшілік жасады дейді.  Сондықтан, мұсылмандармен дінге байланысты соғыспағандардың санатына жататын әрбір адамға жақсылық істеуге болады.  “Тафсир ат-Табәри” 10/261.

Сондай-ақ, шейх ‘Абдур-Рахмән әс-Са’ди бұл аятқа байланысты мыналарды айтты: “Аллаһ сендерге мүшриктерге қатысты, егер олар діндеріңе байланысты сендермен соғыспаса және сендерді өз үйлеріңнен қуып шығармаса, ізеттілік танытуға, туысқандық қатынастарды ұстауға, ізгі және әділетті болуға тыйым салмайды, олар сендердің туысқандарың болса да, болмаса да. Егер сендер олармен жақсы қарым-қатынасты ұстасаңыз – күнә жасаған болмайсыз, және бұда еш жамандық жоқ. Аллаһ мұсылман адамның кәпір болған ата-анасымен қандай қарым-қатынас жасауы керектігі туралы айтқанда, осыны да атап өтті: «Егер екеуі білмеген нәрсеңді Маған ортақ қосуға зорласа, оларға бағынба! Бірақ, олармен дүниеде дүрыс жолдас бол…» (Луқман 31: 15). Аллаһ Тағала сондай-ақ: «Аллаһ сендермен діндерің жайында соғысқандарға ғана (ізеттілік танытуға) тыйым салады…», - деді, яғни Аллаһтың дініне және оған берілгендерге деген өздерінің өшпенділігінің себебімен «сендерді үйлеріңнен қуып шығарғандарға және сендердің қуылуларыңа болысқандарға», яғни сендерді өздері қуып шыққандарға, немесе осы істе басқаларға көмектескендерге. Аллаһ Тағала оларға болысуға, оларды жақсы көруге және оларға қатысты сөзбен де, іспен де жылы сезім танытуға тыйым салады. Ал сендермен соғыспайтын көпқұдайшылдарға қатысты жақсылық жасауға келер болсақ, мұсылман адам олардың күпірлігін жақсы көрмей, оларға жақсылық жасауына болады. Тіпті оларға мұндай қарым-қатынас жасау – туысқандарға, туысқан еместерге және жалпы Адам балаларына ізгі пиғыл (ихсан) танытудың бір көрінісі болып табылады». “Тайсируль-Кәрими-Ррахмән” 773.

Бұл аятта барлық кәпірлер бірдей еместігіне, және олар жауласушы және жауласпаушы болып бөлінетініне нұсқау бар. Сондықтан, олар осыған сәйкес қарым-қатынас жасауға лайықты болады. Ибн Аббәс былай деп баяндайтын: «Көпқұдайшылдар Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және иман келтіргендерге қатысты екі санатқа бөлінетін: олармен өздері соғысатын және олар өздеріне қарсы соғысатын кәпірлер (әһлюль-харб), және олармен өздері де соғыспайтын және олар да өздеріне қарсы соғыспайтын кәпірлер (әһлюль-ахд)». әл-Бухари 3/145.

Шейх Ибн әл-Қайим былай дейтін: “Кәпір - не мұсылмандарға қарсы соғысушылардың қатарынан болады (харбий), немесе олармен келісім-шарт жасалғандардан болады (муахад). Келісім-шарт жасалған кәпірлер үш санатқа жіктеледі: мұсылман жерінде өмір сүріп, джизья төлейтін (кәпір) (зиммий); бейбіт келісім-шарт түзілген (кәпір) (муахад); және мұсылмандардың жеріне кіру үшін мұсылмандар қауіпсіздік кепілдемесін берген (кәпір) (мустамин)”. См. “Әхкәму әхли-зиммә” 2/178.

Бейбіт кәпір мен мұсылмандарға қарсы соғысушы кәпірдің арасында айырмашылық болғандықтан, шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді: “Мұсылмандарға Аллаһтың дінін орнатуға қарсы шықпай жатқан кәпірдің күпірлігі өзінен өзге ешкімге зиян тигізіп жатқан жоқ!” “әс-Сиясату-шшәр’ия” 178.

Бірақ, кәпірлер бейбіт және жауласушы болып екіге бөлунуіне қарамастан, мұсылман адам олардың әрқайсысына қатысты, жасап жатқан күпірлігі үшін, жүрегімен өшпенділік танытуы керек!

Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Өздеріңе қарсы соғысқандармен Аллаһ жолында соғысыңдар, бірақ,  рұқсат етілгеннің шегінен шықпаңдар. Негізінен, Аллаһ шектен шығушыларды жақсы көрмейді». (әл-Бақара 2: 190).

Ибн ‘Аббас Аллаһ тағаланың осы сөздеріне түсіндірме беріп, былай деді: “Әйелдерді, балаларды, қарттарды және сендерге бейбітшілікпен бет бұрып, өздеріңмен соғыспайтындарды өлтірмеңдер! Ал егер осыны істесеңдер, онда сендер – шектен шығушысындар!” “Тафсир әт-Табәри” 2546.

Имам Ибн Джәрир әт-Табәри Аллаһ Тағаланың: «…рұқсат етілгеннің шегінен шықпаңдар. Негізінен, Аллаһ шектен шығушыларды жақсы көрмейді», - деген сөздері туралы былай деді: “Аллаһ өлтіруге тыйым салған мүшриктердің әйелдері мен балаларын өлтіру сияқты Өзі харам еткен нәрселерді халәл ететін, Оның шекаралары мен заңдарын бұзып шығушыларды жақсы көрмейді”. “Тафсир әт-Табәри” 2/75.

Хафиз Ибн Кәсир былай деді: Аллаһтың жолында соғысыңдар, бірақ осыда шектен шықпаңдар. Бұған Хасан әл-Бәсри айтқанындай: мәйіттерді қорлау, олжадан ұрлау, шайқасуға көмектеспейтін әйелдерді, баларды және қарттарды өлтіру; сондай-ақ монахтар мен өз кельяларында өмір сүрушілерді өлтіру; талдарды өртеу және жануарларды пайдасыз өлтіру сияқты тыйым салынған нәрселер жатады. Бұл жөнінде Ибн Аббас, Умар ибн Абдуль Азиз, Муқатиль ибн Хаян т.б. айтқан”. “Тафсир Ибн Кәсир” 1/313.

Шейх ‘Абдур-Рахмән әс-Са’ди былай деді: “Бұл аят Аллаһтың жолында соғысу әміріне нұсқайды. Ол мұсылмандар Мәдинаға қоныс аударғаннан кейін түсірілген. Мұсылмандарда күш-қуат пайда болған кезде, Аллаһ оларға соғысуды міндеттетілік етті. Аллаһ мүминдермен соғысуға әзір болған кәпірлермен соғысуды әмір етті. Бұл – мұсылмандарға қарсы әскери қимылдарға қатысатын ересек ерлерге қатысты, бірақ шешім шығармайтын және әскери қимылдарға қатыспайтын қарттарға қатысты емес.  Ал рұқсат етілгеннің шегінен шығуға тыйым туралы айтар болсақ, ол - әйелдерді, ақыл-ессіздерді, балаларды, адамдардан аулақ оңашаланып өмір сүрушілерді өлтіруге, талдарды шауып тастауға және басқа да мұсылмандарға еш пайда келтірмейтін істерге қатысты”. “Тафсир әс-Са’ди” 76.

Рабаха ибн Раби’адан, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір әскери жорық кезінде: «Халидке айтыңдар: қарттарды, әйелдерді және қызметкерлерді өлтірмесін», - деп айтқаны жеткізіледі. Әхмәд 3/488, Әбу Дауд 1/416. Хадис хасан. “әс-Сильсилә әс-сахиха” 2/314.

Осы жерде айта кететін бір ескерту бар. Ол - имам әш-Шәфи’идің әйелдер мен балаларды өлтіруге тыйым олар – мұсылмандардың мүлкі болып табылатындығына байланысты деген пікірі. Алайда, бұл пікір өте әлсіз болып табылады. Және ғалымдар да бұл пікірді қабылдамаған. Бұл пікірді имам Ибн Бәттәл өзінің “Шәрх Сахих әл-Бухари” еңбегінде (5/171), сондай-ақ, басқа да көптеген имамдар жоққа шығарған. Өйткені, әйелдер мен балаларды өлтіруге тыйым салудың мәні - олар – мұсылмандардың мүлкі болып табылатындығында емес, соғысушылардың қатарынан болмағандығында. Және әйелдерді өлтіруге тыйым салудың осы себебін Пайғамбардың өзіде (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Оны өлтіруге болмайтын еді, өйткені ол - соғысушылардан емес еді!» - деп ескерткен болатын. Ибн Мәжжәһ 2/195, Ибн Хиббән 1656. Шейх әл-Әлбәни хадистің сахихтығын растаған.

Мұның үстіне, бұл пікір әш-Шәфи’идің өзінің айтқан: “Мұсылмандардың ешқайсысына мақсатты түрде әйелдер мен балаларды өлтіруге рұқсат етілмейді, өйткені Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұған тыйым салған. Олар соғысу рұқсат етілгендердің қатарына кірмейді. Сондай-ақ, монахтарды өлтіруден де, олар қай жерде болмасын: кельяларда ма, монастырларда ма, немесе шөл далада ма, тыйылу керек. Біз өзін монахтыққа бағыштаған әрбір адамды өлтіруден бас тартамыз, Әбу Бәкр, Аллаһ одан разы болсын, дәл осылай істейтін”. “әл-Умм” 4/239-240.

Сөйтіп, осы сөздерден имам әш-Шафи’и кейіннен алдын аталған пікірінен бас тартқан болуы мүмкін деген қорытынды шығаруға болады, мұның үстіне, көптеген ғалымдар кәпірлердің әйелдері мен балаларын, егер олар шайқасуға қатыспайтын болса, өлтіруге тыйым салынғандығы туралы бір ауызды келісімін (иджмәъны) жеткізген болатын. Имам ән-Нәуәуи былай деді: “Кәпірлердің әйелдері мен балаларын, егер олар шайқасуға қатыспайтын болса, өлтіруге тыйым салынғандығы туралы ғалымдар бір ауызды келісімде!” “Шәрх Сахих Муслим” 11/292.

Бұл мәселедедігі бір бір ауызды келісімнің болуы туралы, сондай-ақ, Ибн әл-Мунәсыф және имам Ибн Рушд хабарлаған. “әл-Инджәд фи абуәбиль-джихад” 372, “Бидәятуль-муджтахид” 1/386.

Шейх Ибн әл-Қайим былай дейтін: “Өлтіру күпірлік себебімен емес, соғысу себебімен рұқсат етіледі! Және дәл осы себепті соғысуға қатыспайтын әйелдер мен балаларды, келісім-шартта болғандарды, және монахтарды өлтіруге тыйым салынған еді! Мұның үстіне, біз (тек) өзімізбен соғысқандармен соғысамыз!” “Әхкәму әхли-зиммә” 1/27.

Шейх Ибн әл-Қайимның сөздерінің мағынасы Исламда тек қорғану джихады бар дегенде емес, ал тіпті шабуыл джихадында да шайқас мұсылмандармен соғысып бірқұдайшылдықтың орнатылуына қарсылық жасағандармен  ғана жүретінінде.

Аллаһ Тағала: «Жер бетінде, онда тәртіп орнатылғаннан кейін, бұзақылық таратпаңдар», - деп бұйырады. (әл-А’раф 7: 56).

Имам әл-Қуртуби былай деді: “Аллаһ Тағала тәртіп орантылғаннан соң, бұзақылықтың кез-келгеніне тыйым салды, мейлі ол – үлкені, мейлі – кішісі болсын”. “Тафсир әл-Қуртуби” 6/145.

Және мұсылмандардың әйелдері мен балаларын өлтіріп жатқан кәпірлердің қиянатшылдығы мен озбырлығын айтып, соны сылтаулатып өздері де сондай әрекеттер жасап жүргендерге ақтау жоқ. Мұндай жағдайда бұл – Аллаһтың жолындағы джихад емес. Бүкіл нәрсені Білуші Аллаһ былай деді: «Әй мүміндер! Аллаһ үшін куәлікте туралық үстінде бекем тұрыңдар. Және адамдарға деген өшпенділік сендерді әділетсіздікке тартпасын».  (әл-Мәида 5: 8).

Имам әл-Қуртуби былай деді: “Бұл аят кәпірдің күпірлігі оған қатысты әділдік танытуға кедергі болмайтынына нұсқайды”. Ол сондай-ақ, былай деп айтты: “Кәпірлердің мәйіттерін қорлауға тыйым салынады, тіпті олар біздің әйелдеріміз бен балаларымызды өлтірсе де. Және біз олармен де осылай істеуімізге болмайды”. “Тафсир әл-Қуртуби” 5/85.

Яғни ол кәпірлер тіпті мұсылмандардың балалары мен әйелдерін өлтірсе де, мұсылмандар олардың әйелдері мен балаларын өлтіруге құқықты емес дегенді айтып тұр.

Алайда, айтылғандардың барлығына қарамастан, өз кезегінде шейх Ибн Усәйминді жек көруші адамдар оның кәпірлерлер осылай жасаса, олардың әйелдерімен балаларын өлтіруге болады деген сөздерін келтіреді.

Хафиз Ибн Кәсир бұл аят туралы былай деді: “Адамдарға деген өшпенділік сендерді оларға қатысты әділ болуды тастауға итермелемесін, керісінше, әрбір адамға қатысты, ол – дос болсын, дұшпан болсын, әділдік таныту керек”. “Тафсир Ибн Кәсир” 2/215.

Тура соны Аллаһтың Елшісі де (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтып бұйырды: «Және саған қатысты қиянат жасағанға қиянат жасама». әт-Тирмизи 1264, Әбу Дауд 3534. Хадистің сахихтығын имам әт-Тирмизи, Әбу Дауд, Ибн әс-Сакән және әл-Әлбәни растаған. “әс-Сильсилә әс-сахиха” 423.

Ибн ‘Умар, ‘Абдуллаһ ибн Рауәха Хайбар яхудилеріне келгенде олар оған Пайғамбардың   (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) үстінен арыздана бастағанын, және ол оларға: «Әй, Аллаһтың дұшпандары! Аллаһпен ант етемін, мен сендерге мен үшін ең сүйікті болған адамнан келдім, ал сендер мен үшін малмылдар мен доңыздардан да жек көрініштісіңдер! Алайда, менің сендерге деген өшпенділігім және менің Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) деген махаббатым мені сендерге қатысты әділетсіздік жасауға итермелемейді!” – деп айтқанын баяндаған. Ибн Хиббән 5176, әл-Бәйхақи 6/114. Шейх әл-Әлбәни хадистің сахихтығын растаған.

Ибн ‘Аббас былай деп баяндайтын: “Фанхас деген яхуди Аллаһты – түгі жоқ пақыр, ал өздерін – бай дегенде, Әбу Бәкр оны тұмсығынан ұрып: «Жаным қолында болғанмен ант етемін, егер біздің арамыздағы сол бір келісім-шарт болмағанда, мен міндетті түрде сенің басыңды шауып алар едім, әй, Аллаһтың дұшпаны!» - деді”. әт-Табәрани 8300. Шейх Әхмәд Шәкир иснадын сахих деді.

Пайғамбардан (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) кейін бұл үмметтегі ең жақсы мұсылман болған Әбу Бәкрдің әрекетіне назар аударыңдар, йә, мұсылмандар! Бұл жексұрын яхудидің соншалықты жиіркенішті сөздерінің өзі оны шектен шығып, келісім-шартты бұзуға апарған жоқ. Ал біздің кезімізде қаншама адамдар сол яхуди айтқанынан да аз болған нәрсе үшін, бұл - Аллаһтың разылығы үшін деген сылтаумен бұзақылық жасап жүр?!

Ислам – қисын мен әуестерге емес, Құран мен Сүннетке негізделген қатаң заң ережелеріне ие болған кемел дін.

Мұсылман үмметінің имамдарынан ешкім қиянатшылдықты тіпті кәпірлерге қатысты рұқсат етілген деп санамаған, ал хафиз Ибн ‘Абдуль-Бәрр былай деген: “Қиянатшылдыққа тыйым салыңғандығына имамдар бір ауызды келісімде!” “әт-Тамхид” 24/233.

Имам Абу Бәкр ибн әл-‘Араби былай дейтін: “Әділдік таныту - мұсылмандармен соғысатындарға да, соғыспайтындарға да қатысты міндетті болып табылады!” “Әхкәмуль-Қуран” 4/288.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия “Мәджму’уль-фәтауә” жинағында былай дейтін: “Барлық нәрсеге қатысты және әркімге әділдік таныту - әрбір адам үшін міндетті болып табылады. Сондай-ақ, әрбір адам үшін әділетсіздік, оның барлық формаларында және әркімге қатысты, ол – мұсылман, кәпір, жәбірлеуші болсын - харам болып табылады. Аллаһ Тағала былай дейді: «Әй мүміндер! Аллаһ үшін куәлікте туралық үстінде бекем тұрыңдар. Және адамдарға деген өшпенділіқ сендерді әділетсіздікке тартпасын».  (әл-Мәида 5: 8), және адамдарға деген өшпенділік дегенде кәпірлерге деген өшпенділік аталып тұр”. Ол сондай-ақ, былай деген: “Әділдік – бұл онымен бірге Кітаптар және пайғамбарлар жіберілген нәрсе. Оның қарама-қайшысы – зұлымдық. Ал оған тыйым салынған, бұл жөнінде Пайғмбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзінің Раббысынан жеткізген хадисте: «Йә, Менің құлдарым! Мен зұлымдықты Өзіме харам еттім, және сендердің араларыңда да оны харам еттім!» - деп айтылғандай”. Муслим 2577.

Сондай-ақ,  Ибн Таймия былай дейтін: “ «Ақиқатында, Аллаһ әділетті мемлекетке көмек көрсетеді, тіпті ол кәпір болса да, және әділетсіз мемлекетті көмексіз қалдырады, тіпті ол – иман келтірген болса да», - деп айтылған”. “Мәджму’уль-фәтауә” 28/63.

Шейх ‘Абдур-Рахман әл-Бәррак былай деді: “Кәпірлердің елдерінде өмір сүріп жатқан кейбір надан мұсылмандар оларға қарсы жасап жатқан: ұрлық, олардың құқықтарын бұзу, қақысыз ұрып-соғу және балағаттау сияқты қылмыстары - Ислам шариғатында харам болып табылады! Бұл адамдардың істеп жатқандарының Исламға ешқандай қатысы жоқ! Ал бұдан да жаманы – бұл түрлі мекемелерді жарып жүрген кейбір адасқандар жасап жатқан терактілер. Ақиқатында, Аллаһ  әділеттің таралуы және Оның Сөзі жер бетінде үстем болуы үшін Өзінің құлдарының арасында заңдастырған джихадқа мұның еш қатысы жоқ!  Тіпті, бұл – тыйым салынған бұзақылық болып табылады!” См. “И’тида ‘алә ғайриль-муслимин” 3.

(О разнице между враждующим неверным и не враждующим)

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|