Quickribbon

Дін туралы заңды Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады

Мемлекеттік мекемеде намаз оқуға тыйым салынғанымен, заңды бұзған адамға
ешқандай айыппұл тағайындалмайды. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы»
жаңа заң жобасының осындай түсініксіз тұстары шығып жатса да, бүгін Мәжіліс
депутаттары құжатты бірінші оқылымда-ақ мақұлдады.  Айта кету керек, тіл
төңірегіндегі дүрбелеңнен кейін қоғамда үлкен пікірталас тудырған дін туралы
заң жобасы екі апта көлемінде талқыланды. Жоба дайындаушылар құжаттың жедел
кабылдануы еліміздегі сонгы экстремистік эрекеттерге қатысы жоқ екенін айтады.
Қоғамдық кеңестің талқылауында болған «Діни қызмет және діни бірлестіктер»
туралы заң жобасы екі аптадан соң, мәжіліске қайтып келді. Құжаттың бастапқы
нұсқасына енгізілген өзгертулер жайлы депутаттарға Агенттік төрағасы өзі
баяндады.

ҚАЙРАТ ЛАМА ШӘРІП, ҚР ДІН ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- «Ақылдасып пішкен тон, келте болмас» деп қазақ атам айтқандай, 100-ге жуық
түзетулер мен толықтырулар енгізіліп, үкімет тарапы ұсынған заң жобаларының
баптары күшейтілді, әрі нақтыланды.

Төменгі палатаның жұмыс тобында болған депутаттар 28 баптан тұратын заң
жобасының әсіресе 7-ші бабы дау туғызғанын айтады. Ақыры мемлекеттік
мекемелерде намазханалардың ашылуына  тыйым салынып, жұмыс орнынан тыс
жерлерде діни жоралғылар жасауға рұқсат берілген. Бұл азаматтардың діни сенімі
мен бостандықтарын шектемейді, дейді жұмыс тобының төрағасы.

РАМАЗАН СӘРПЕКОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

-Жұмыс тобында болған 14 мемлекеттік органдардың білікті мамандары
бастан аяғына дейін қатысты. Заң жобасының тұжырымдамасына бір де бір күні, бір
ауыз сөз: заңның мына жері Конституцияға немесе басқа ұлттық заңнамамызға қайшы
келеді деген әңгіме көтерілген жоқ.

БЕКБОЛАТ ТІЛЕУХАН, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
-
Жігіттер жаңа өтірік айттыңыздар, елдің көзін бақырайтып қойып. Жұмыс тобының
отырысында Қазақстан халқының 70 пайыздан астамын қамтитын Қазақстан
мұсылмандар діни басқармасы бұл бапқа үзілді-кесілді қарсы болды. Қайрат
Занкоев, Қайрат Жолдыбаев келді. Христиан Православ шіркеуінің өкілі өзінің
наразылығын айқын ашып айтты.

Бекболат Тілеуханның айтуынша, заң жобасының қабылдануына бұдан басқа иудейлер
мен католиктер де, тіпті «Әділет» партиясы мен бірқатар жастар ұйымдары да
қарсылық білдірген. «Ол аз десеңіз сараптамашылардың айтуынша, заң қабылданса
сыртқы күштер қоғамның наразылығын сылтау етіп диверсиялық актілер жасауы
мүмкін», дейді депутат. Алайда, оның түбегейлі қарсылығына қарамастан «Дін
туралы» заң жобасы 1-ші оқылымда-ақ мақұлданды.

Бір айта кетерлігі, дін туралы жаңа заңның жазалау шаралары түсініксіз.
Құжаттағы заң талаптарын бұзғандарға 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде
айыппұл салынады деген тұсы алынып тасталған.

ҚАЙРАТ ЛАМА ШӘРІП, ҚР ДІН ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Намаз оқыған адамға ешқандай айыппұл салынбайды. Бірақ мемлекеттің зайырлығын
сақтау үшін және жұмыс орнының  тиімділігін пайдалану үшін мемлекеттік
мекемелерде құлшылық етуге рұқсат етілмейді.

БЕКБОЛАТ ТІЛЕУХАН, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
-
Намаз менің иманымның хақы. Мақсұт Нәрікбаев айтпақшы, «намаз иманым - менің
журегімнің хақы, жүрегімнің хақына ешкім қол суға алмайды» деді. Оқи берем
қалай болғанда да.

МЕДЕТЖАН ІЗҒҰТТЫ, ТІЛШІ:
- Осылайша Мәжіліс
депутаттарының ғана емес, қоғамның да қызу талқысына түскен «Дін туралы» заң
жобасы бірауыздан мақұлданып, Сенатқа жіберілді. Парламенттің жоғарғы палата
депутаттарының талқысынан соң, құжат президентке тапсырылады.

Медетжан Ізғұтты, Арман Бөкей, Астана.

www.31.kz

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|