Quickribbon

«Ақида» сөзінің мағынасы

http://islamic.kz/Кез келген ислам терминінің екі мағынасы бар: тілдік және шариғи. Әрі осы екі мағына арасында бір байланыс болады. Мысалға, егер «әс-соум» (ораза) терминін қарастырсақ, онда оның Құран аяттарында тілдік және шариғи мағынасында келгенін байқаймыз.
Аллаһ Тағала `Исаның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) анасы Мәриямның сөздерін келтіріп, былай дейді:
«Аса қамқор (Аллаһ) үшін ораза (әс-соум) атадым…», (Мәриям сүресі, 26-аят). Бұл аятта «әс-соум» (ораза) сөзі тілдік мағынада келіп тұрғаны анық. Себебі аяттың жалғасында Мәриям :
«…Сондықтан бүгін еш адаммен сөйлеспеймін!» (яғни, сөйлесуден тиыламын) - дейді, (Мәриям сүресі,26-аят).
«Әс-соум» (ораза) сөзі тілдік мағынасында, тиылуды білдіреді, кез-келген нәрседен тиылуды. Ал шариғаттық мағынада болса «таң атқаннан, күн батқанға дейін ішіп-жеуден, жыныстық қатынастан тиылуды» білдіретін термин. Бұл мағынасында «әс-соум» (ораза) сөзі келесі аятта келген: «…сендерден кім (Рамазан) айында болса ораза ұстасын», (Бақара сүресі, 185-аят).
Сол сияқты түбірі «`айн», «қоф» және «дәл» әріптерінен тұратын «`ақода» етістігі араб тілінде түйін, келісім, уәде, сенімділік, беріктік, табандылық деген әр-түрлі мағына береді. Бұған мысал ретінде келесі аяттарды келтіруге болады. Аллаһ Тағала былай айтты:
«Түйіншектерге(`уқод) дем салушылардың кесірінен (Аллаһқа сиынамын)», (Фаляқ, 4).
«Әй, иман келтіргендер, уәделеріңді (`уқуд) орыңдаңдар!», (Мәида, 1).
Осымен түбірлес «`ақида» сөзі. Шариғаттық термині ретінде адамға діннен белгілі және жүрегімен анық сенетін нәрселердін барлығын білідіреді.
Бұл ілім саласын немесе осы ғылымды «усулуд-дин» (дін негіздері) деп те атайды. Тағы да оны «ат-таухид» (бірқұдайшылық) деп атайды, өйткені бұл ғылымның қарастыратын басты мәселесі Аллаһтың затындағы, есімдері мен сипаттарындағы, Оның істеріндегі бірлігі. Оны «иман» (сенім) деп те атайды, себебі Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Жәбрейілдің иман туралы сұрағына жауап беріп, оның алты негізін атап кетті: Аллаһқа, періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, Ақырет күніне және тағдырға, оның жақсылығы мен жамандығына иман келтіру.

Аллаһ жақсырақ біледі!

forum.al-hanifiya.kz

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|