Біздің үмметіміздің имамдары адам пәтуа беру құқығына ие болуы үшін оған өте қатаң критерийлер қоятын болған:
Ол Құран мен Сүннетті жетік біліп, оларды дұрыс түсінуі керек.
Имам әш-Шәфи’и былай деп айтатын: “Аллаһтың кітабын білетін; (басқа аяттардың) күшін жоюшы (насих) аяттарды және күші жойылған (мәнсух) аяттарды білетін; анық (мухкам) және анық емес (муташәбих) аттар мен олардың тәпсірін білетін; қай аяттар – мединалық, ал қай аяттар – меккелік екенін, олардың ұғымын және түсу себептерін білетін адамнан басқа ешкім пәтуа бере алмайды. Сондай-ақ, ол Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін; қандай хадистер күшін жоюшы, ал қайсылары – күші жойылған болып табылатынын; және тілді жетік білуге міндетті. Сонымен қатар, ол әділетті, бейтарап, аз сөзді болуы керек, қаралып жатқан мәселе бойынша келіспеушіліктер туралы білуі керек, және онда талант пен қабілет болуы керек. Және адам осындай болса, онда ол халәл мен харам туралы айтуына, және пәтуа беруіне болады, ал кім ондай болмаса – пәтуа бермейді!” әл-Хатыб “әл-Фәқих уәл-мутафәкқих” 2/330.
Яхья ибн Мә’иннан: “Мың хадис білетін адам пәтуа береді ма?” - деп сұрағанда, ол: «Жоқ!» - деді. Одан: «Ал екі мың?» - деп сұрады. Ол: «Жоқ!» - деді. Одан: «Бес мың ше?» - деп сұрады, ал ол: «Үміттенем, бірақ, ол пәтуа беруге кірісетін болса, бұл да оған жеткіліксіз. Және кітаптардағыны, олардағы түсінбеушіліктер мен келіспеушіліктерден болған нәрселерді түсінбей, жинау да жеткіліксіз болады. Ақиқатында, білім - бұл түсіну мен хабардар болу, ал жаттап алғанның көптігі – (білім) емес”, - деді. “әл-Джәми’уль-ахләқи-ррауи” 2/174.
Ол туралы ғалымдар ол пәтуа бретін деңгейге жетті деп айтуы керек
Имам Малик былай деген: “Білім иелерінен болған жетпіс адам мен пәтуа беруге лайықты деп күәлік бермегенше мен пәтуа бермейтінмін”. Әбу Ну’айм 6/316.
Ол осы мәселе бойынша саләфтардың пікірін білуі керек.
Имам Әхмәд былай деген: “Адамдарға пәтуа беруші өзіне орасан зор жауапкершілік алады. Ол өзінен алдын өмір сүріп кеткендердің айтып кеткендерін білуі керек, әйтпесе ол пәтуа бермеуі керек”. “Тухфәту талибил-‘ильм” 79.
Пәтуа беруі үшін ол білімді тек кітаптардан ғана алған адам болмауы керек.
Имам Саур ибн Язид және Әбу Зур’а былай деп айтатын: “Кітаптардан ғана білім алушылар адамдарға пәтуа бермеуі керек!” “әл-Фәқих уәл-мутафәқих” 2/97.
Ибн әл-Қайим былай деп айтқан: “Адамдарға тек кітаптарда келтірілгеннің негізінде, олардың әдет ғұрыптарын, уақытты, орнын және жағдайларын ескермей, пәтуа беретін адам өзі адасап, өзгелерді де адастырады. Мұндай муфтийдің діңге қарсы жасап жатқан қылмысы барлық адамдарды біріңғай медициналық кітап бойынша, жасайтын орын мен уақыттағы, темперамент пен әдеттегі ерекшіліктерді ескермей, емдейтін дәрігердің қылмысынан жаман. Мұндай надан дәрігерлер мен муфтилер дінге және адамдардың денсаулығына ең үлкен зиян тигізеді”. “И’ләмуль-мууәкқи’ин” 3/89.
Сондай ақ, пәтуаны қарт ғалымдардан алу керек.
Ибн Мас’уд былай деді: “Адамдар Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларынан және үлкен ғалымдардан білім алып тұрғанша есендікте болады. Ал олар білімді жастардан ала бастағанда, өздерінің кесірлі қалауларының себебінен келіспеушілікке түседі, ал кейіннен опат болады ”. әт-Табәрани 8589, ‘Абдур-Раззақ 11/249. Сахихтығын Ибн Хаджәр растаған.
Енді айтыңдаршы, уа, мұсылмандар! Пайғамбарлардың мирасқорлары болған имамдардың атаған критерийлерінің біреуіне болса да джихад, хурудж, немесе такфир сияқты күрделі мәселелер бойынша пәтуа беріп жүргендер келеді ме?! Қандайда бір рұқсат етілмеген нәрсені істеп жатқан мұсылманнан, оның осынысына сөгіс айтылған кезде: «Маған бұл - халәл (рұқсат етілген) деп пәтуа берілді», - деп айтатынын жиі естуге болады.
Сондай-ақ, таңқаларлық нәрселердің бірі – кейбір мұсылмандарға белгілі бір мәселенің үлкен ғалымдар берген түсіндірмесін жеткізген кезде олар: «Ал біздің мешіттің имамы…» немесе «… араб мемлекетінде осынша жыл оқып келген менің көршім басқаша айтты», - деп жауап беретіні!
(Критерии того, кто имеет право давать фатуа)