Quickribbon

критерий’

Пәтуа бере алатын адамның критерийлері

Біздің үмметіміздің имамдары адам пәтуа беру құқығына ие болуы үшін оған өте қатаң критерийлер қоятын болған:

Ол Құран мен Сүннетті жетік біліп, оларды дұрыс түсінуі керек.

Имам әш-Шәфи’и былай деп айтатын: “Аллаһтың кітабын білетін; (басқа аяттардың) күшін жоюшы (насих) аяттарды және күші жойылған (мәнсух) аяттарды білетін; анық (мухкам) және анық емес (муташәбих) аттар мен олардың тәпсірін білетін; қай аяттар – мединалық, ал қай аяттар – меккелік екенін, олардың ұғымын және түсу себептерін білетін адамнан басқа ешкім пәтуа бере алмайды. Сондай-ақ, ол Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін; қандай хадистер күшін жоюшы, ал қайсылары – күші жойылған болып табылатынын; және тілді жетік білуге міндетті. Сонымен қатар, ол әділетті, бейтарап,  аз сөзді болуы керек, қаралып жатқан мәселе бойынша келіспеушіліктер туралы білуі керек, және онда талант пен қабілет болуы керек. Және адам осындай болса, онда ол халәл мен харам туралы айтуына, және пәтуа беруіне болады, ал кім ондай болмаса – пәтуа бермейді!” әл-Хатыб “әл-Фәқих уәл-мутафәкқих” 2/330.

Яхья ибн Мә’иннан: “Мың хадис білетін адам пәтуа береді ма?” - деп сұрағанда, ол: «Жоқ!» - деді. Одан: «Ал екі мың?» - деп сұрады. Ол: «Жоқ!» - деді. Одан: «Бес мың ше?» - деп сұрады, ал ол: «Үміттенем, бірақ, ол пәтуа беруге кірісетін болса, бұл да оған жеткіліксіз. Және кітаптардағыны, олардағы түсінбеушіліктер мен келіспеушіліктерден болған нәрселерді түсінбей, жинау да жеткіліксіз болады. Ақиқатында, білім - бұл түсіну мен хабардар болу, ал жаттап алғанның көптігі – (білім) емес”, - деді. “әл-Джәми’уль-ахләқи-ррауи” 2/174. Читать далее… »

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад | Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|