Quickribbon

Мұсылмандардың әмірлерін істеген күнәлары, бұзақылықтары және зұлымдығы үшін балағаттауға тыйым салынғандығы жөнінде

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен!

Біз Өзін ғана мадақтайтын және Өзінен ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Біз Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына күәлік береміз, және Мухаммад – Аллаһтың құлы және Оның Елшісі екеніне куәлік береміз.

Содан соң:

Ақиқатында, ең жақсы сөз бұл – Аллаһтың Кітабы, ал ең жақсы жол – бұл Мухаммедтың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, жолы. Ал ең жаман амалдар бұл – бидғаттар, әрбір бидғат бұл – адасушылық, ал әрбір адасушылық – Тозақта.

Ал, мұсылман әмірлерін істеп жатқан күнәлары, бұзақылықтары мен зұлымдығы үшін балағаттауға және қаралауға қатысты айтар болсақ, шариғат бұған қатаң тыйым салады! Бұл – бүгінгі күні, шындығында да, біздің үмметіміздің  қасіреті! Ал мұның себебі – біздің өзіміздің Пайғамбарымыздың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, жолынан ауытқуымызда болып тұр. Бұл әмірлер аспаннан түспеді ғой?! Олар біздің ортамыздан шықты және мұсылмандардың себебінен олар осындай, және бұған Аллаһ Тағаланың мына сөздері дәлел болады: «Осылайша залымдардың істегендері себепті бірін-біріне үстем қыламыз». (әл-Ан’ам 6: 129).

Бұл аятқа қатысты Қатада былай деп айтатын: “Ақиқатында, Аллаһ адамдардың үстінен билікті олардың амалдарына сәйкес береді! Мүмин мүминге билік етеді, олар қай жерде және қай кезде боса да, ал кәпір кәпірге билік етеді, олар қай жерде және қай кезде болса да!” Қараңыз «Тәфсир Ибн Әби Хатим» № 7899, “Тәфсир Ибн Кәсир” 2/446.

Мәнсур ибн Әбиль-Асуәд былай деп баяндайтын: «Мен А’маштан «Осылайша залымдардың істегендері себепті бірін-біріне үстем қыламыз!» деген аят туралы: «Сен бұл аят жөнінде айтылған (нәрселер) туралы не айта аласың?!»- деп сұрадым. Ол: «Мен бұл жөнінде: «Егер адамдар бұзылса, онда олардың үстінен билік ең жамандарына беріледі!» - дегенді естідім», -деп жауап берді». Қараңыз «Тәфсир әд-Дурруль-мәнсур» 3/358.

Ал, ендеше, неліктен мұсылмандар өздерін де балағаттап айыптамайды, өйткені мұндай әмірлер Ислам үмметіне мұсылмандардың өздерінің бұзық болғандығының салдарынан басшы болды!

Біздің кезімізде көп адамдар жиналыстарында, жұма құтпаларында т.б. жерлерде өздері істеп жүрген мұсылмандардың әмірлерін балағаттауды Аллаһқа жақындататын амал деп санауға дейін барып қалады, және бұл істің кең таралғаны соншалықты, кейбір мұсылман әйелдер де бұл іске түрлі интернет-форумдар арқылы қатысатын болды.

Олар әмірдің қандай да бір діни мәселедегі адасуы туралы айтса – мейлі ғой, өйткені саләфтар да әмірлерді, егер олар белгілі бір шариғат үкімін бұрмалаған болса, жиі әшкерелеген.

Мысалы, халифа Мәруән ибн әл-Хакам айт намаздарын намаздан емес – құтпадан бастайтын кезде Әбу Са’ид, Аллаһ оған разы болсын, Мәруанды қолынан тартып: “Неліктен сен намаздан бастамадың?!” – деді. Бұған Мәруән: “Жоқ, йә, Әбу Са’ид! Сен білетін нәрсе қалдырылған (тасталған)!” – деп жауап берді. Әбу Са’ид бұған: “Керісінше, жаным Қолында болғанмен ант етемін, сендер мен білген нәрседен жақсы нәрсемен келе алмайсыңдар!” – деп, өзінің сөздерін үш рет қайталады. әл-Бухари 304, Муслим 889.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді:  “Пайғамбарлар, Аллаһтың оларға сәлемі болсын, салмақты қателіктер жасаудан қорғалған еді, ғалымдар мен әмірлерден айырықша, ақиқатында, олар бұдан қорғалмаған. Сондықтан да, ілесуге тиісті болған ақиқатты түсіндіру міндетті болып табылады, тіпті бұл түсіндіруде ғалымдар мен әмірлердің қателіктеріне нұсқау тұра келсе де. Қараңыз “Мәджму’уль-фәтәуә” 19/123.

Сөйтіп, әмірдің қатесін түсіндіру - рұқсат етілген (джәиз) және тіпті қажетті де! Бірақ, мұсылман әмірлерін істеген күнәлары, бұзықтықтары және зұлымдықтары үшін балағаттау мен қаралауға келер болсақ, бұл – мүлде басқа нәрсе, және шариғат бұған қатаң тыйым салады!

Дәлел ретінде Әнәс ибн Мәлик жеткізген мына бір-ақ хабар жеткілікті: «Аллаһтың Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларынан болған ересектер бізге әмірлерді балағаттауға тыйым салатын, және олар: «Әмірлеріңді балағаттамаңдар, оларға айла танытпаңдар және оларды жек көрмеңдер! Аллаһтан қорқыңдар да, сабыр етіңдер, өйткені, ақиқатында, жеңілдік жақын!» - деп айтатын». әт-Табәрани “әл-Кабир” 7609, Ибн Әби ‘Асым “әс-Суннә” 1015, әл-Бәйһәқи “әш-Шу’аб” 6/96. Шейх әл-Әлбәни, доктор Бәсим әл-Джәуәбра и доктор Ридәуллах әл-Мубәракфури иснадының сенімділігін растаған.

Бұл хадисте Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларының арасында мұсылмандардың әмірлерін балағаттауға тыйым салыңғандығына қатысты бірауызды келісім (иджма’) болғандығына анық және тікелей нұсқау бар! Және бұл хабарда ерекшеленетін жағдайлар жоқ, және тек қана сенің әмірің туралы емес, жалпы әмірлер туралы айтылуда. Шейх ‘Абду-Ссаләм ибн Бәрджис: “Бұл хабарда Аллаһтың Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларының арасындағы жасы үлкендері мұсылман әмірлерін балағаттауға тыйым салынғандығы жөнінде бірауызды келісімде болғанына нұсқау бар! Және бұл тыйым – олардың әмірлерді өздігінен ұлықтауының салдарынан емес. Ақиқатында, бұл тыйымның мәні – шариғат әмірлерге жүктеген сол ұлы жауапкершілікте. Өйткені, әмірлерді балағаттау оларға тіпті игі нәрселерде де бағынбаушылыққа алып барады, және бұл – олардан халықтың жүректерінің теріс бұрылуына ықпал болады, ал бұл – адамдарға тек жамадық болып айналатын анархияға соқтырады!” Қараңыз “Му’амәләтуль-хукәм” 75.

Шейх айтқан нәрсе – ақиқат екендігі саләфтардың сөздерімен де расталады.  ‘Абдуллаһ ибн ‘Укәймә бірде былай деді: “‘Усманның өлімінен кейін ешкімге адам өлтіруде көмектеспеймін”. Одан: “Сен ‘Усманды өлтіруге қатыстың ба, не?!” – деп сұрағанда, ол: «Оның кемшіліктері туралы әңгімелер - оның өлтірілуне болысу болды деп ойлаймын», - деп жауап берді. Ибн Әби Шәйбә 12/47, Ибн Са’д “әт-Табәқат” 6/115. Иснәды сахих.

Ибн Кусайб әл-‘Адауи былай деп баяндайтын: “Бірде, мен  Әбу Бакратпен бірге жұқа киімде құтпа айтып тұрған Ибн ‘Амирдің мінберінің жанында болғанымда, Әбу Биләл былай деді: “Бұзақылардың киімін киетін біздің әмірімізге қараңдар!” Ал Әбу Бакрат оған: “Үніңді өшір, өйткені, мен Аллаһтың Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Кім әмірді қорласа, Аллаһ оны қорлайды!» - дегенін естігенмін!» - деді”. Әхмәд 5/42, әт-Тирмизи 2224. Шейх әл-Әлбәни хадисті хасан деді.

Яғни бұл Әбу Биләл әмір киген киім жібектен деп ойлады. Бұл хадисте мұсылман әмірін балағаттауға айқын түрде тыйым салынғандығына нұсқау бар!

Сондай-ақ, Аллаһтың Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, басқа сахабасы – ‘Умар әл-Букали: “Егер сендердің намаз бен зекетті бұйыратын әмірлерің болса, онда сендерге олардың артында тұрып намаз орындауларыңа рұқсат етіледі және оларды балағаттауларыңа тыйым салынады!” – деген. әл-Бухари “әт-Тарих әл-кәбир” 1/203, Әбу Ну’айм “Мәрифә әс-сахабә” 4/202. Хафиз Ибн Хаджәр иснәдын сахих деді.

‘Умар әл-Букали сахабалардың қатарынан болғаны жөнінде хафиз Ибн әс-Сакан айтады. Қараңыз “әл-Исабә” 7/152.

‘Аун әс-Сахми: “Бірде, мен Әбу Умәмәға келгенімде, ол маған: «Хәжжәжды балағаттама, өйткені, ақиқатында, ол – менің әмірім болмаса да, сенің әмірің», - деді” – деп баяндайтын. әл-Бухари “әт-Тарих әл-кәбир” 7/18.

Яғни Әбу Умәмә сол кезде  Шәмда еді, ал Хәжжәдж Ирақта әмір еді. Және бұл хабарда тек өзіңнің әміріңді ғана емес, жалпы мұсылмандардың әмірлерін балағаттауға тыйым салынғандығына айқын нұсқау бар!

Әбу Хамзә әд-Даб’и мынаны баяндаған: “Маған Хәжжәж Қағбаға отпен тиіп кеткендігі жөнінде (әз-Зубайрмен болған шайқаста) хабар жеткенде, мен Ибн ‘Аббасқа шықтым, және оның алдында Хәжжәжды сөге бастағанымда, Ибн ‘Аббас: «Шайтанға көмекші болма!» - деді”. әл-Бухари  “әт-Тарих әл-кәбир” 8/104.

Му’аз ибн Джәбәл: “Мұсылмандардың әмірі Аллаһ Тағаланың рұқсатымен солай (әмір) болады, және кім әмірді балағаттаса, Аллаһтың әмірін балағаттаған болады!” – деп айтатын. Әбу ‘Амр әд-Дани “әл-Фитан” 1/404.

Өйткені әмірлерді балағаттау және қаралау – хауариждердің сипаты.

‘Укба ибн Уәсадж былай деп баяндайтын: “Маған хауариждер туралы және олар қалайша әмірлерді қаралайтындары туралы баяндап беретін. Ал, бірде мен ‘Абдуллаһ ибн ‘Амрды кездестіргенімде, оған: «Сен Аллаһтың Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, қалған сахабаларының қатарынансың, және Аллаһ саған білім берді. Осы Ирақта адамдар өздерінің әмірлерін қаралап, олардың адасушылықтары туралы ашық жария етіп жатыр. Сен бұл туралы не айтасың?» - дедім. Ол: «Олар – Аллаһтың, періштелердің және барлық адамдардың  лағнетінің астындағылар!» - деп жауап берді”. Ибн Әби ‘Асым 933, әл-Бәззар 207. Шейх әл-Әлбәни бұл хадисті имам Бухаридің талаптарына сәйкес келетін сахих хадис деді.

Мұсылмандардың әмірлерін балағаттау – екіжүзділіктің белгілерінен

Әбу әд-Дарда былай деді: “Ақиқатында, екіжүзділіктің алғашқы көрінісі бұл – мұсылман әміріне қатысты балағат!” Ибн ‘Абдуль-Бәрр “әт-Тәмхид” 21/287.

Саләфтар мұсылман әмірлерін балағаттауды бидғатты жақтаушылардың белгісі етер еді. Имам әл-Бәрбәхари былай деді: “Егер сен мұсылман әмірлерін балағаттап тұрған адамды көрсең, ол – өз әуес-қалауларының жақтаушысы екендігін біл. Ал, егер Аллаһтан өзінің әмірі үшін игілік тілеп жатқан адамды көрсең, ол – Сүннетті жақтаушылардан екенін біл”. Қараңыз “Шәрху-Ссуннә” 113.

Мұсылман әмірлерін балағаттауға деген тыйым, немесе олар үшін дұға етуге деген үндеу - оларды мадақтау керек деген сөз емес! Бұл екеуі бір нәрсе емес. Имам әл-Фудайль ибн ‘Ийяд былай деп айтатын: “Менде міндетті түрде қабыл болатын дұға болса, мен онымен әмір үшін дұға етер едім”. Одан: “Бұл – қалайша, йә, Әбу ‘Али?!” – деп сұрағанда, ол: “Егер мен оны өзіме тиісті ғана пайдалансам, бұл – жеткіліксіз болады, ал егер оны әмір үшін қолдансам, бұл – барша үшін игілік болады. Өйткені, егер әмір салиқалы болса, онда халықтар да, қалалар да салиқалы болады!” – деп жауап берді. Қараңыз «әл-Хилья» 8/91 и «Табақат әл-ханәбиля» 2/36.

Әбу Усман әз-Захид былай деп айтатын: “Әмірге насихат айт және ол үшін, ол салиқалы болсын және амалдарында, сөздерінде және шешім қабылдауында тура жолға ілессін деп дұға ет! Өйткені, ақиқатында, егер әмірлер ізгі болса, соның себебінен халық та ізгі болады. Және әмірлерді лағнеттеуден сақ бол, өйткені олар өздерінің жауыздығы мен мұсылмандар үшін қайғы-қасіретті көбейтеді! Бірақ, олар үшін кешірім  және олар жауыздық пен мұсылмандарға зиян тигізуді тастауын тіле!” әл-Бәйһәқи “әл-Джәми’ ли шу’аб әл-имән” 13/99.

Мұсылмандардың әмірлерін балағаттау бұл – мұсылмандардың өздеріне жамандық пен қасірет алып келетін нәрсе.

Әбу Миджләз былай дейтін: “Әмірді балағаттау бұл - опат!” Ибн Занджәуәйх “әл-Әмуәл” 1/78.

Әбу Исхақ әс-Сәби’и: “Қандай да бір халық өзінің әмірін балағаттай бастаған болса, ол міндетті түрде оның игілігінен айырылатын еді!” – дейтін. Әбу ‘Амр әд-Дани  “әл-Фитан” 1/405, Ибн ‘Абдуль-Бәрр “ат-Тамхид” 21/287.

Бұл – дәл біз көріп жатқан нәрсе – мұсылмандардың әмірлерін балағаттаудың және лағнеттеудің жемісі!

Әбу Идрис әл-Хауләни былай деп айтатын: “Әмірді балағаттаудан сақ болыңдар, өйткені бұл - опат! Ақиқатында, балағаттаушылар – жамандардың жамандары!” Ибн Занджәуәйх  “әл-Әмуәл” 1/78.

Саләфтар әмірлерді балағаттап-сөгушілерді кім деп есептейтініне назар аударыңыздар!

Имам әл-Мунауи, әмірді қаралауға тыйым салатын хадиске берген шархында былай деді: “Саләфтар әмірлерді лағнеттеуден сақтандыратын, өйткені, ақиқатында, бұл – жауыздықты және мұсылмандар үшін қасіретті тек көбейтеді!” Қараңыз “Фәйдуль-Қадир” 6/499.

Бұл үмметтің көптеген имамдары мұсылмандардың әмірлерін балағаттауға және қаралауға тыйым салынғандығы жөнінде саләфтардың пікірлері келтірілетін тіпті жеке кітаптар мен жеке тараулар құрастыратын.

Хиджра бойынша 83 жылдың өзінде Меккенің әмірі болған Халид ибн ‘Абдуллаһ әл-Қасри бірде өз құтпасында былай деді: “Мен Аллаһпен ант етемін, маған өзінің әмірін балағаттайтындардан кімді алып келсе де, мен, міндетті түрде, оны керіп шегелеп тастауды бұйырамын!” Ибн әл-Джәузи “әл-Мунтазым фи тарих әл-мулюк” 6/299.

Мұның барлығы әмірлерді балағаттаудың және қаралаудын маңыздылығы мен рұқсат етілмегендігіне нұсқайды! Ендеше, өзін әһлю-Суннә және саләфи деп жариялайтын әрбір мұсылман, өзінің әуес-қалауларын тастап, бұл үмметтің саләфтары тұрған нәрсеге ілессін! Ал, осы жоғарыда айтылғандарды біле тұра, әмірлерді, мейлі олар бұзақы және күнәхар болса да, қаралауды жалғастыратын адамға қатысты айтар болсақ, ол тура жолдан ауытқыды және Аллаһ пен Оның Елшісіне, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, мойынсынбады!

Мұндай адамдарға мен мынандай сұрақ қоямын: Сендердің біреуін бірнеше адамдардың көзінше қандай да бір ұятсыздық немесе күнә жасады деп, содан соң мұны сізден байқап қалғандардың біреуі осы жөнінде сіздің сыртыңыздан атыңызды атап жұма құтпасында жария етіп баяндап берді деп елестетіп көріңдер ші? Аллаһ үшін айтыңдаршы, бұл сізге ұнайтын еді ма?! Әрине, ұнамайтын еді, өйткені, бұл – ешкімге де ұнамайды! Ал, енді Аллаһ оған билік бергенді оның сыртынан бүкіл халықтың алдында талқылау туралы не айтуға болады?!

Шейх ‘Абдур-Рахман әс-Са’ди былай деп айтатын: “Адамдар мұсылмандардың әмірлерінің кемшіліктерін талқылаудан тыйылуы керек, және оларды қаралаумен айналыспауы қажет. Керісінше, олар Аллаһтан әмірді ақиқатта бекемдетуін сұрауы керек. Ақиқатында, мұсылмандардың әмірлерін балағаттауда қоғам үшін де, жеке адамдар үшін де ұлы жамандық бар. Әмірлерді балағаттайтын, бірақ оларға насихат айтуға тіпті ниеттенбеген де біреулерді көруге болады, ал бұл – оларға қатысты сатқындық болып табылады!” Қараңыз “Нур әл-бәсаир уәл-әлбәб” 66.

Шейх Ибн ‘Усаймин былай деді: “Ғайбат - тыйым салынған (харам) және үлкен күнәлардың бірі болып табылады, және мұсылмандардың әмірлері мен ғалымдар туралы сөз болғанда, ол тіпті жаман болады. Ақиқатында, әмірлерге және ғалымдарға қатысты ғайбат, қарапайым адамдарға қатысты ғайбаттан едәуір салмақтылау. Мұның себебі – ғалымдарға деген ғайбат олар өздерінде сақтап жүрген және оған адамдарды оқытып жүрген білімнің артықшылығын кемітеді. Осыдан кейін адамдар олар ие болған білімді тәрк етеді, және бұл - дінге зиян тигізеді!  Ал мұсылмандардың әмірлеріне қатысты ғайбатқа келер болсақ, ол олардың ықпалын әлсіретеді және адамдар оларға қарсы көтерілістерге шыға бастайды. Ал адамдар мұсылмандардың әмірлеріне қарсы бүлік көтерген кезде, анархия таралады”. Қараңыз “Шәрх Рияд әс-салихин” 1/340.

Алайда, эмоцияларының жетегінде кеткен жастар, ғалымдар әмірлерді балағаттауға және талқылауға тыйым салған кезде, олар мұның барлығының ауыр зардаптарын білетіндігінен және әмірлерге ұнау мақсатында емес, мұны мұсылмандар үшін қам жеп істейтінін түсінбейді! Ал, әмірлердің күнәларына және бұзақылығына наразы болғандарға келер болсақ, Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, мұндай жағдайларда мұсылмандар не істеуі және қандай амал жасауы керектігі туралы хабарлап, былай деді: «Ең жақсы джихад бұл – әмірдің бетіне айтылған ақиқат сөз». әт-Тирмизи, Ибн Мәджәһ, әл-Хаким. Хадистің сахихтығын хафиз әд-Дымьяты және шейх әл-Әлбәни растады. Қараңыз «Сахих әл-джәми’» 1100.

Сондай-ақ,  Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын,  әмірге қалайша насихат айту керектігіне де нұсқап: «Кім әмірге насихат айтқысы келсе, оны жария емес, құпия жасасын», - деді. Әхмәд 3/403, Ибн Әбу ‘Асым 1097. Имам әл-Хаким, шейх Ибн Баз және шейх әл-Әлбәни хадистің сахихтығын растады.

Кейбір замандастарымыз соңғы хадиске, оны әлсіз (даиф) деп, қарама-қайшы амал жасайтындығына қарамастан, оның мағынасы одан алдыңғы хадиспен және сахабалардың амалдарымен расталады. ‘Умар ибн әл-Хаттаб, халифа болған кезінде былай деп айтатын: “Йә, адамдар! Ақиқатында, біздің сіздерде, сендер бізді құпия насихаттауларыңда және бізге игі нәрселерде көмектесулеріңде, хақыларымыз бар! ” Ханәд ибн әс-Сарий “аз-Зухд” 2/602.

Шәқиқ былай деп баяндайтын: “Бірде Усама ибн Зайдқа: “Сен не үшін ‘Усманға, онымен сөйлесу үшін, кірмейсің?!” – деп сұрақ қойылғанда, ол былай деді: “Сендер мен онымен сөйлесетін барлық нәрсе туралы баяндап беруімді қалайсыңдар ма?! Аллаһпен ант етемін, мен онымен оңаша сөйлестім, және мен біздің арамызда болғанды жария етушінің алғашқысы болғым келмейді”. әл-Бухари 3267, Муслим 2989.

Ибн ‘Аббастан әмірге насихат айту жөнінде сұраған кезде, ол былай деді: “Мұны істегің келсе, онда араларыңда ешкім болмайтындай етіп істе, және өзіңнің имамың (әмірің) туралы өсектеме!” Ибн Әбу Шәйбә 15/74, Са’ид ибн Мәнсур 4/1657. Иснәды сахих.

Аллаһтың дінін дұрыс түсінген біздің үмметіміздің ғалымдарының сөздері де осындай еді. Ибн ән-Нухас, әс-Синди, әш-Шәукәни, Ибраһим ибн ‘Абдул-Ләтыф тағы да басқа имамдар: “Әмірге насихатты жария емес, құпия түрде жасау керек”, - дейтін. Қараңыз «әл-Мәтбу’» 24/50 и “Сайлюль-джәрар” 4/556, “әд-Дарару-ссәния” 9/119.

Бұл – көптеген мұсылмандардың араб елдерінің әмірлерін жұма құтпаларында және өз лекцияларында ашық түрде балағаттап және қаралап жүргендерге әуестеніп жүруіне қайшы еме пе?!

Ал әмірлер бұзық болған жағдайда мұсылмандар өздерін қалай ұстау керектігіне келер болсақ, мұны да шариғат назардан тыс қалдырмады! Хузәйфә Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын,  былай деп айтқанын баяндаған: «Менен кейін жалған сөйлейтін және зұлымдық жасайтын әмірлер пайда болады. Және кім оларды өтірігінде қолдап, зұлымдығында оларға көмектессе, оның маған еш қатысы жоқ, және оны менің су айдынымның жанында маған әлып келмейді! Ал, кім олардың өтірігін қолдамаса және зұлымдықта оларға көмек көрсетпесе, оның маған, менің оған қатысымыз бар, және оны менің су айдыныма алып келеді!» Әхмәд 5/384, Ибн Әби ‘Асым 759. Шейх әл-Әлбәни хадистің иснәдын күшті деді, ал Шу’айб әл-Арнаут хадис әл-Бухари мен Муслимнің шарттарына сәйкес сахих деді.

Мухаммад ибн әл-Мункәдир мынаны баяндаған: “Язид ибн Муа’уияға ант берілген кезде, бұл жөнінде Ибн ‘Умар хабарланғанеді, және ол: «Егер ол жақсы болса - біз разымыз, ал егер жаман болса – біз сабыр етеміз!» - деді.” Ибн Әби Замәнин  “Усулю-Ссуннә” 990, Ибн Са’д “әт-Табәқат” 4/182. Иснады жақсы.

Әбу әд-Дарда: “Әмірлерді лағнеттеуден сақтаныңдар! Ақиқатында, оларды лағнеттеу опат болып табылады, ал жек көру – қорлану!” – деді. Оған: “Йә, Әбу әд-Дарда, ал біз олардан өзімізге ұнамайтын нәрсе көрсек, не істейік?!” – деген сұрақ қойылғанда, ол: “Сабыр етіңдер! Ақиқатында, Аллаһ сендердің әмірлерден көріп жатқан нәрселеріңді көрсе, Ол сендерді олардан олардың өлімі арқылы азат етеді!” – деп жауап берді. Ибн Әби ‘Асым “әс-Суннә” 1015, Ибн Занджәуәйх ә“әл-Әмуәл” 1/79.

Бұл хабардың иснәды сахих. Бұл хабардың жеткізушілерінің бірі Әбуль-Йәмән әл-Хаурани туралы  Ибн әл-Қаттан: «Оның үкімі белгісіз», - деп айтқанына қарамастан, бұл хадистің барлық жеткізушілері сенімге лайықты. Қараңыз “әт-Тахзиб” 5/75.

Бұл жеткізушіні сенімділердің қатарында имам Ибн Хиббән атады. Қараңыз “әс-Сиқат” 5/188.

Және  «Мәшәхир ‘уләма әл-әмсар» («Қалалардың атақты ғалымдары») кітабында 114 ол туралы: “Ол – лайықты еді!” - деп айтылған. Сондықтан, хафиз Ибн Хаджәр ол туралы: “Ол – қабыл етерлік жеткізуші”, - деді. Қараңыз “әт-Тақриб” 1/338.

Ал Әбу әд-Дарданың, Аллаһ оған разы болсын, хабарына келер болсақ, онда Ислам үмметі үшін өте маңызды насихат және мұсылмандардың бұзақы және залым әмірлерімен қандай өзідерін ұстау керектігі жөнінде нұсқау бар!

Құдыретті және Ұлы Аллаһтан мұсылмандардың барлық әмірлерін тура жолға салуын және оларды Оның пайғамбарының, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, жолына ілесушілерден етуін тілеймін!

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ! Мухаммед пайғамбарға, оның отбасы мүшелеріне, оның сахабаларына және олардың жолына ықыласты түрде ілескендердің барлығына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

www.salaf-forum.ru

(О запрете ругани в адрес правителей мусульман за совершения грехов, нечестие и несправедливость)

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|