Quickribbon

Ғалымдардың шейх Мухаммад Нәсыруддин әл-Әлбәни жайында айтқан сөздері

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

Шейх Мухаммад Нәсыруддин ибн Нух ибн Әдам Нәджәти әл-Әлбәни – біздің ғасырымыздың ұлы ғалымы. Ол хиджра жыл санауы бойынша 1333-жылы (1914 ж.) Шкодер қаласында (Албанияның бұрыңғы астанасы) туылды.

Оның әбырой-мәртебесі мен білімінің деңгейіне нұсқау үшін өз ғасырының ғалымдарының  оның көзі тірісінде-ақ, сондай-ақ оның өлімінен кейін ол туралы айтқан сөздерін келтіру жетіп асады.

Ибн Баздың ұстазы - шейх Мухаммад ибн Ибрахим шейх әл-Әлбәни туралы былай деді: “Сүннетті ұстанушы, ақиқаттың көмекшісі және адасушылықтардың жақтаушыларының қарсыласы”.  “Мухаддисуль-‘асри уә нәсыру-Ссуннә” 32.

Шейх Ибн Баз ол туралы былай деген: “Мен қазіргі кезде аспан астында әл-Әлбәниден көбірек білетін адамды білмеймін!” “Кәукәба мин әимәтиль-хуәда” 227.

Бірде Ибн Базға: «Ақиқатында, Аллаһ бұл үмметке  әр жүз жыл сайын олар үшін дінді жаңғыртатын біреуді жіберіп отырады», - деген хадис оқып беріліп: «Бұл ғасырдың жаңғыртушысы (мужәддид) кім еді?» - деген сұрақ қойылды.  Ибн Баз: “Шейх Мухаммад Насыруддин әл-Әлбәни, бұл менің пікірім”, - деді. “Мәджлә әл-әсалә әл-Урдуния” 76.

Шейх Ибн ‘Усәймин былай деген: Шейх әл-Әлбәни - әһхлю-Суннә адамы, Сүннетті қорғаушы, хадис туралы ғылымның имамы, және біздің заманымызда онымен теңдесетін адамды білмейміз. Алайда, кейбір адамдардың жүрегіне, олар адамның қабілеттерін көрген кезінде, өшпенділік ұялап, олар, кезінде аз да, көп те мөлшерде садақа беретін муминдерді тәлкек қылған екіжүзділер сияқты, ол туралы жаман сөздер тарата бастайды. Бұл адамды біз оның кітаптары арқылы білеміз, және мен оны ол өткізген мәжілістерден білемін.  Ол -дұрыс жолмен (мәнхажбен) жүрүші, ақидасы бойынша сәләфи*”. “Тасджиләту мәжәлис әл-худә” 4 - кассета.

* Саләфи – өзінің сөздерінде, амалдарында және сенімдерінде Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), оның ардақты сахабаларының, сондай-ақ, олардың ізбасарларының (табиъун) жолын ұстанатын адам.

Шейх ‘Абдуль-‘Азиз Әли Шейх және шейх Салих әл-Фәузан ол туралы: “Біздің кезіміздегі Сүннеттің қорғаушысы!” - деді. “Мухаддисуль-асри уә нәсыру-Ссуннә” 33.

Шейх ‘Абдуллаһ ибн ‘Абдур-Рахмән әл-Бәссам былай деп айтқан: “Шейх әл-Әлбәни – Сүннетке қызмет ету жолында өзін де, өзінің мал-мүлкін де аямай ыждағаттылық танытқан біздің заманымыздың ұлы имамдарының қатарынан”.  “Кәшфу-ттәлбис” 76.

Шейх ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббәд: “Шейх әл-Әлбәни, Аллаһ оны рақым етсін, Өзінің (өмір сүрген) жылдарын Сүннетке қызмет көрсетуге, кітаптар жазуға, Аллаһқа шақыруға, саләфи шақыруының (дағуатының) жеңіске жетуіне және бидъаттарға қарсы күресуге бағыштаған  атақты ғалымдардың қатарынан еді. Ол Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінің қорғаушысы еді және, күмәнсіз, мұндай ғалымды жоғалту – мұсылмандар үшін ұлы қаза. Аллаһ оған істеген ұлы қызметі үшін ең жақсы сыйын берсін және оны Жәннәтқа қоныстандырсын”. “Хаятуль-Әлбәни” 7.

Шейх ‘Абдуллаһ әл-‘Убәйлән былай деп айтқан: “Мен және бүкіл дүние жүзі мұсылмандары имам, атақты ғалым, мухаддис, зухд шейх  Мухаммад Насыруддин әл-Әлбәнидің өліміне қатты қайғырамыз. Шындығында да, оның барлық артықшылықтарын сөзбен жеткізуге болмайды, және егер де оның саләфия шақыруын (дағуатын) жаңғыртуынан өзге ешқандай қызметтері болмаса да, осының өзі өзгелер жете алмайтын қызмет болар еді. Бірақ, сонымен бірге, ол - Сүннеттің негізінде өмір сүрген және биъаттардан сақтандырған саләфияға шақыратын ең үлкен уағыздаушы еді. Біздің шейх ‘Абдуллаһ әд-Дуәйш: «Біз көп ғасырлардан бері хадистердің сахихтығын анықтауға (тахқиқ) едәуір еңбек сіңірген шейх Насырға теңдесетінді білмегенбіз. Имам әс-Суютыдің өлімінен соң тіпті біздің уақытымызға дейін хадис туралы ғылымды (‘ильму-хадис)  шейх әл-Әлбәни сияқты кең көлемде және дәлме-дәл оқып-зерттеген ешкім болмады»”. “Хаятуль-Әлбәни” 9.

Шейх Салих Али Шейх ол туралы былай деп айтқан: “Атақты ғалым Мухаммад Насыруддин әл-Әлбәнидің қазасы қайғы болып табылатынына еш күмән жоқ, өйткені ол – Аллаһ Тағала ол арқылы бұл дінді қорғайтын және Сүннетті тарататын Ислам үмметінің қатарынан болған ғалым, мухаддистердің мухаддисі  еді!” “Каукәбә мин әимәтиль-худә” 252.

Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Аллаһ білімді өз құлдарынан жәй тартып алуы арқылы алып қоймайды, бірақ Ол білімді білімділерді алып кетуі арқылы алып қояды!» - деп ақиқатты айтты. әл-Бухари 100, Муслим 3/737.

Ізгі саләфтар былай деп айтатын: “Ғалымның өлімі – бұл қайғы, және тұтас халықтың өлімінің маңызы – бір ғалымның өлімінің маңызынан төмендеу”. “Мифтәху дәри-сса’әдә” 1/68.

Шейх әл-Әлбәни хижраның 1420 жылы, джумәда әс-сани айының 22-де, сенбі күні (2 қазан 1999 ж.) 87жасында қайтыс болды. Аллаһ оны рақым етсін, оның күнәларын кешіріп, Жәннәтпен сүйіншілесін!

(Слова ученых о шейхе аль-Альбани)

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|