Quickribbon

02.Мәнһәж. Мақалалар.

Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ізінен ілесудің маңыздылығы немесе қалдыру (тастау) сүннетінің түсінігі

Аса Қамқор, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

Бұл еңбектің негізіне Аллаһтың дінін оқып зерттеуге және АллаҺ берген ілімді адамдарға жеткізуге өзін бағыштаған біздің ғасырымыздың әйгілі имамы Мухаммад Насыруддин әл-Әлбәнидің[1] аудиотаспасы қойылған.

Аллаһ бізді ақиқатта бекем етсін және мұсылман әлемі осы ұлы ғалымның өлімі себепті жоғалтқанды Аллаһ бізге одан да қайырлырағымен ауыстырсын. Имам әл-Әлбани (Аллаһ оны рахымына бөлесін) 1999 жылдың 2 қазанында 87 жасында дүниеден өтті. Читать далее… »

«Манхадж» деген не? Дағуатты жүргізудің шариғи шарттары бар ма?

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

«Мәнһәдж» дегеніміз – мұсылманның бүкіл өмір салты. Ол сенім жүйесін (ақиданы), шариғат үкімдерін (фиқхты), мінез-құлықты (ахләқты) және адамдармен болған өзара қарым-қатынасты (муаммаләтты) қамтиды. Сондай-ақ, «мәнһәдж» сөзінің астарынан «жол», «Аллаһтың үкімдерін жер бетінде орнатудың әдісі» дегенді де түсінеміз. (“Ма’алим фил-мәнһәдж әт-таифәтил-мәнсура” 3-4)

Шейх Салих әл-Фаузанға «мәнһәдж» бен «‘ақида» ұғымдарының айырмашылығы жөнінде сұрақ қойылғанда, ол кісі:

«»Мәнһәдж» сөзінің мағынасы «ақида» сөзіне қарағанда ауқымдырақ ұғымда қолданылады. Мәнһәдж – мұсылманның ақидасын, іс-амалдарындағы жүгінетін басшылығын, мінез-құлығын, адамдармен болған өзара қарым-қатынасын, тіпті бүкіл ғұмырын қамтиды. Яғни, мұсылманның бұл дүниеде ұстанатын (ілесетін) жолы – «мәнһәдж» деп аталады! Ал «ақида» терминіне қелер болсақ, бұл сөздің астарынан иманның негіздерін және лә иләһә иллә-Ллаһ, Мухаммадур-расулу-Ллаһ куәлігінің мағынасын ғана түсінеміз. Демек, «ақида» сөзі осы ұғымдардың аясынан шықпайды», – деп жауап берген. (“әл-Әджуибә әл-муфида” 75) Читать далее… »

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|