Quickribbon

Мақалалар

Чаша пророка (мир ему и благословение Аллаха)

Вопрос: Ас саляму аляйкум уважаемые братья недавно привезли так называемую чашу пророка Мухаммада (саллаллаху алейхи уа саллям),  в Чечню, хранимую до сих пор в Англии?  Прошу братьев ответить на вопросы связанные с такими реликвиями. Баракаллаху фикум.

Ответ: Осталось ли что-либо из вещей пророка (мир ему и благословение Аллаха) на сегодняшний день?
Вначале необходимо отметить, что узаконенность табаррука тем, что осталось от пророка (мир ему и благословение Аллаха) остается действительной и сегодня. Узаконенность этого не ограничивается лишь на сподвижниках и их последователях, так как на это ограничение нет каких-либо доводов.
Однако, здесь необходимо обратить внимание на несколько пунктов: Читать далее… »

Ұлтшылдық туралы хадис

Аса Қамқор, ерекше Мейіріміді Аллаһтың атымен!

Хадистің мәтіні

Убәй ибн Ка’бтан риуаят етіледі, Аллаһтың елшісі(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Егер сендер біреудің жаһилия (надандық дәуірі) кезіндегідей өзінің шыққан тегімен мақтанып жатқанын естісеңдер, онда оған өз әкесінің жыныстық мүшесін тістесін деп айтыңдар. Және бұны жанама мағынасында айтпаңдар!».
Бұл хадисті имам Ахмад 5/136, әл-Бухари «әл-Әдабул-муфрад» 2/427, ән-Нәсаи «әс-Сунан әл-Кубра» 8864 және көптеген басқа мухаддистер келтіреді.

Читать далее… »

Құлшылыққа құлшыну – құтылу (немесе құлшылық етпеуге сылтау бар ма?)

http://islamic.kzАса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

 Кіріспе

Құрметті оқырман! Көп адамдар бұл дүниеге не үшін келгенін білмейді. Олар өздерінің жаратылу мақсатынан бейхабар. Өкінішке орай, олардың ішінде өздерін мұсылман деп cанайтындар да аз емес. Аллаһқа құлшылық етуге шақырсаңыз, бет бұрады. Аллаһтан қорқу керек екендігін ескертсеңіз, құлақ аспайды. Сондай кісілердің кейбір күдіктері мен түрлі-түрлі сылтаулары бар. Алайда, Аллаһқа шүкір, негізсіз сылтаулардың ешқайсысы жауапсыз қалдырылмаған. Аллаһ Тағала былай деген:

«Елшілерді қуандырушы, ескертуші ретінде жібердік, олардан соң адамдардың Аллаһқа қарсы айтар еш сылтаулары болмас үшін». (Ниса сүресі, 165-аят) Читать далее… »

Сүннет негіздері

Әһлу сунна имамы

Ахмад ибн Ханбал  (Оған Аллаһтың мейірімі жаусын)

Һижра бойынша 164-241 ж.ж

Әбу Яғлә Әл-Ханбали:

«Егер біреу осы кітапты оқу мақсатымен Қытайға барса, оның өзі де жеткіліксіз болар еді…» [1]. Читать далее… »

Тазарту және тәрбилеу (әт-Тәсфия уә-ттәрбия) және мұсылмандардың осыған деген қажеттілігі.

Шейх Мухаммәд Нәсыруддин әл-Әлбәни

(Аллаһ оны рақым етсін)

Бірінші басылым

Бастырып шығарушының кіріспесі[1]

«Тазарту және тәрбиелеу, және мұсылмандардың осыған деген қажеттілігі» атты осы жолдау – өз негізінде ұлы мухаддис-ғалым[2] шейх Мухаммәд Нәсыруддин әл-Әлбәнидің[3], Аллаһ оны рақым етсін, осыдан 30 жыл бұрын (х. 1390 ж.) Аммән қаласындағы (Иордания) шариғат ғылымдары институтында оқыған лекциясы болып табылады. Читать далее… »

Көпқұдайшылық

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен.

Оны дәріптеп әрі Одан жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынатын Аллаһқа барлық мақтау мен мадақтар болсын. Жанымыздың жамандықтары мен жаман іс-амалдарымыздан Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз. Кімде-кімді Аллаһ тура жолға бастаса, онда оны ешкім де адастыра алмайды. Ал кімде-кімді адастырса, онда оны тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ әрі жалғыз екеніне куәлік етеміз, сондай-ақ  Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етеміз.

WWW.TOISLAM.COM сайтынан Әбу Салих бауырымыздың таңдап, жинақтап әрі толықтырған баспа күйіндегі бір топ дәрістер жиынын қалың мұсылман жұртшылығы назарына ұсынамыз. Бауырымыздың осынау еңбегі үшін оған алғысымызды айтып, оған Аллаһ екі дүниеде де жақсылық беруін сұраймыз. Мұхаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһ тағаланың салауаттары мен сәлемдері болсын! Читать далее… »

РАББЫҢ КІМ? (немесе қабірде қойылатын ең алғашқы сұрақ)

Махмуд Әбдурразик

Бірінші басылым

Кіріспе

Бұл кітапша Құранда Аллаһ уәде еткен мәңгілік бақыт пен ләззәт орны болған Жәннәттан үміті бар, сондай-ақ,  қабір азабынан, мәңгілік азап болған Тозақтан «аман болсам» деген әрбір кісіге арналған. Мұнда, Пайғамбарымыз  сахих хадисте хабар бергендей, әрбір кісіге қабірде қойылатын үш сұрақтың алғашқысы: «Раббың кім?» деген сұрақтың қысқаша жауабы айтылады. Бұл кітаптың түпнұсқасы сұрақ-жауап түрінде берілмеген. Ал біз оны сұрақ-жауап ретінде беруіміздің себебі есте тез сақталуын, түсінуге жеңіл болуын қаладық. Осы кітаптағы мәселелерді түсінген кісі, діннің ең ұлы негіздерін үйреніп шығады. Аллаһ Құранда көптеген аяттарда құлшылықты дәлелге негізделіп жасауды, кім не айтса да, дәлел талап етуді бұйырған. Читать далее… »

Праздничная молитва на открытом месте

http://islamic.kz

Совершение двух праздничных молитв на открытом воздухе в специально отведенном месте за городом – это Сунна
Шейх Мухаммад Насыруддин аль-Албани
Первое издание

Читать далее… »

Ләйлятуль-Қадр (Қадір түні)

http://islamic.kz/

 Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

 Қадір түнінің ұлықтығы мен артықшылығы жайында

Аллаһ Тағала былай деді: «Расында, Біз оны (Құранды) Қадір түні түсірдік. Ал саған Қадір түнінің не екенін не білдіреді? Қадір түні мың айдан да артық. Ол кезде Раббыларының қалауымен Оның әрбір әмірлері үшін періштелер мен Рұх (Жәбрәйіл) түседі. Ол (түн) – таң атқанша сәлем (салям)!» (Ләйләтул-Қадр 1-5).

Аллаһ Тағала былай деді: «Анық Кітаппен ант етемін! Біз оны берекелі түнде түсірдік, әрі Біз ескертеміз. Бұл түні Біздің әмірімізбен барлық дана істер шешіледі» (Духан, 2-5).

Қатада: «Бұл түнде алдағы жыл істерінің тағдыры жазылады», - деді (“Тафсир әт-Табари” 25/65). Читать далее… »

Үрей мен үміт.

Үрей мен үміт
Қап-қара жалын тозақтан қорқам тозақтан
Сұп-суық хабар кеп жете ме деп сол жақтан
Шыжылдап майлар, сатырлап сүйек жанғанда
Лағнет айтып айтып бес күндік сынақ жалғанға Читать далее… »

«Төрт қағида» түсіндірмесі

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Шейх Солих әл-Фәузан

Бірінші басылым

Төрт қағида [1]

Ұлы Аршының Рабысы - Аллаһ Тағаладан саған бұл өмірде де, болашақ өмірде де пана болуын сұраймын, Ол сені, қайда жүрсең де, берекелі етсін және сені сый алсаң - алғыс айтушылардан, сынақ көрсең - сабыр етушілерден, күнә жасасаң – кешірім сұраушылардан етсін, өйткені осы үшеуі - бақыт негіздері болып табылады [2]!

[1] «Қо`ида» (көпше түрі «қоуә`ид») дегеніміз – одан көптеген мәселелер тарайтын, бөлініп шығатын бір негіз.

Ал бұл жолдауда тек таухид пен ширк тақырыбындағы негіздер баяндалады. Таухид тақырыбындағы қағида қандай? Ширк тақырыбындағы қағида қандай? Міне осы сұрақтардың жауабын автор, атылмыш жолдауында беруге тырысады. Өйткені, көптеген адамдар таухид пен ширк терминдерінің мағынасында қатеге ұрынған. Қазір әрбір адам бұл түсініктерді өз көңіл-қалауларына сай бұрмалап түсіндіреді. Читать далее… »

Ислам дінінде дос таңдаудың маңыздылығы

Аса Рахымды, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Ислам дінінде дос таңдау аса маңызды орын алады, әрі Құран, Сүннет пен ізгі ата-бабалардың сөздерінен осыны жиі кездестіруге болады. Мәселен, Құран мен Сүннет дос ретінде өзімізге ізгі дос пен жолдас таңдауын бұйырып, өзіңнің араласатын жақындарың ретінде кәпірлер немесе пасық мұсылмандар болуына тыйым салады. Мұндай адамдармен достасудың тыйым салынғандығын былайша түсіндіруге болады: адам өз негізінде кіммен дос болса, содан үлгі алып, оған ұқсауға бейім тұрады. Мысалы, діни білім ізденіп жүрген адамдармен араласу – адамды діни білімді ізденуге итермелейді. Тақуа адамдармен араласу – адамды дүниелік игіліктерге қызықпауға үйретеді. Бидғатшылармен араласу – адамды бидғат жасауға ұшыратады. Ал дүние жинауды ғана мақсат ететін адамдармен араласу – адамды дүниеқоңыздыққа шалдықтырады. Міне, сондықтан шариғат осы дүниеде де, о дүниеде де пайда әкелетін достар мен жолдастарды таңдауды бұйырып, нашар құрбы-құрдастардан барынша аулақ болуды әмір етеді. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Адам өз досының дінінде. Сондықтан, әрбірің өз жақын достарыңның кім екеніне қарасын!» Әбу Дәуд 4833, әт-Тирмизи 2378. Хадистің сенімділігін имам ән-Нәуәуи, хафиз Ибн Хәжәр, имам Ибн Муфлих, хафиз әс-Суюты мен шейх әл-Әлбәни растады. Читать далее… »

Ғалымдар және олардың Исламдағы орны

Аса Рахымды, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Ғалымдар Исламда аса зор, өте маңызды орын алады, өйткені олар арқылы Аллаһ Тағала бұл дінді қорғайды. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Бұл білімді әрбір ұрпақтан әділеттілер[2] алып жүреді. Олар бұл білімді шектен шығушылардың бұрмалауынан, адасқандардың қоспалары мен надандардың түсіндірмелерінен сақтайды» (әл-Бәйхақи 10/209, әл-Хатыб 1/29. Бұл хадис көптеген жолдар арқылы жеткізіледі, әрі әрқайсысы бір-бірін күшейтеді. Бұл хадистің сенімділігін Ахмад, әл-Ләләкәи, хафиз Ибн ‘Абдул-Бәрр, әл-‘Уқайли, Ибн әл-Уәзир, әл-Қасталәни, әл-Әлбәни және ‘Абдул-Қадир әл-Әрнәут сияқты имамдар растады). Читать далее… »

Зәкәт әл-фитр

Аса Қамқор, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

Зәкәт әл-фитрды беру парыз болып табылады

Ибн `Умар айтқан: «Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) зәкәт әл-фитрды бір са` тамақ ретінде таратуды бұйырды. Ол бұны мұсылмандардың, құлы мен бос адамына, еркегі мен әйеліне, кішісі мен қартына бұйырып, оны айт намазына шығарда беруді әмір етті» (әл-Бухари 1503).

Имам әл-Хаттаби былай деді: «Бұл хадисте, зәкәт әл-фитрдың міндетті екеніне нұсқау бар, әрі оның парыз екені бүкіл ғалымдардың пікірі болып табылады» (“Мә’алиму-Ссунән” 3/214).

Имам ән-Нәуәуи: «Зәкәт әл-фитр әрбір мұсылманға парыз екенінде, ғалымдардың барлығы бірауыздан келіскен», – деп айтқан («әл-Маджму’» 6/106). Читать далее… »

Садақа берудің артықшылығы

Садақа беру иманның кәмілдігіне жеткізеді

بَاب إِفْشَاءُ السَّلَامِ مِنْ الْإِسْلَامِ وَقَالَ عَمَّارٌ ثَلَاثٌ مَنْ جَمَعَهُنَّ فَقَدْ جَمَعَ الْإِيمَانَ الْإِنْصَافُ مِنْ نَفْسِكَ وَبَذْلُ السَّلَامِ لِلْعَالَمِ وَالْإِنْفَاقُ مِنْ الْإِقْتَارِ

Аммар (Аллаһ оған разы болсын) айтты:

«Мына үш қасиетті бойына сақтаған адамның иманы кәміл болады:

1- Ынсапты және әділ болу
2- Баршаға сәлем беру
3- Кембағалдарға садақа беру

(Сахих Бұхари 20-бап «Сәлем беру- Исламның амалдарынан»)

Садақа беру тозақтан құтылуға себеп болады Читать далее… »

Имам Әбу Ханифаның тақлидке тыйым салғаны

Аса Қамқор, ерекше Мейрімді, Аллаһтың атымен!

Әбу Ханифаның (оған Аллаһ разы болсын) тақлид туралы айтқандарынан
1.«Егер хадис сахих болса-онда, ол менің мазхабым » .Ибн Абидин «әл-Хәшия»(1/63) және «Расм әл-Муфти»(1/4),шейх Салих әл-Фулани «Иказ әл-Химам»(62 бет) және басқалары.

2. «Біздің пікірімізді, неген сүйеніп алынғанын білмейінше,оларды ешкімге қабылдауға рұхсат етілмейді ». Читать далее… »

Мазхаб туралы

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Алғы сөз

Исламдағы мазхаб[1] туралы білгісі келетін әрбір мұсылманға шейх Мухаммад-Султан әл-Ма’сумидің бұл еңбегі өте пайдалы, әрі осы тақырыпқа байланысты дұрыс танымдық түсінік қалыптастыруға септігін тигізеді. Шейхтің позициясын дұрыс түсіну үшін кітапты өте мұқият оқып шығу қажет. Себебі, тақлид[2] жақтаушылары шейх Мә’сумиді «Исламдағы мазхабты жоққа шығарады деген пікірді ұстанады» деп адамдарды алдап адастырады. Шынтуайтына келгенде, Сүннет ұстанушылардың қатарындағы бізге дейінгі барлық имамдар секілді шейх Мә’суми де мазхабты жоққа шығармайды. Алайда, оған дейінгі имамдар да, шейх Мә’суми де шариғат әмірлеріне қарама-қарсы келетін баз біреудің пікіріне соқыр ілесуді тыйым салып, «мазхаб – Исламның негізі» деген сыңайлы жалған пікірлерді және барлық имамдарға қарамастан тек бір ғана имамның пікіріне сүйеніп, шектелуге тиісті деген көзқарастарды түбегейлі жоққа шығарады.

Читать далее… »

Сәләфтардың мәнһәжы туралы бірер сөз.

 Шейх Абдул-Қадир әл-Әрнаут

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

 Автор туралы[1]

Ізгі ата-бабалардың (әс-сәләфу-ссалих) ақидасы қысқаша түрде баяндалған осы еңбектің авторы – қазіргі заманғы мухаддис-ғалым шейх ‘Абдул-Қадир әл-Әрнаут, Аллаһ оны Өз мейіріміне алсын.

Шейх ‘Абдул-Қадир өзінің тақуалығымен, сәләфтардың мәнһәжына (әдістеме және жол)[2] ерумен танымал болған мухаддис-ғалым. Ол әлсіз хадистерден сенімді хадистерді бөліп шығаруға, хадистердің мағынасын зерттеуге, әрі оларды тарата отырып, оқытып үйретуге өзінің бүкіл ғұмырын арнады. Читать далее… »

Иманнын алты тірегі

шейх Мухаммад ибн Солих әл-`Усәймин

Бірінші басылым

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Жәбрәйіл періште пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп Ислам, Иман және Ихсан туралы сұрақтар қойған хадисті бәріміз білеміз, иншааллаһ. Сол хахисте иман туралы сауалға Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай жауап берген еді: «…Аллаһқа, періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, Ахырет күніне иман келтіруің. Және тағдырға: оның жақсылығы мен жамандығына иман келтіруің». Ал енді иманның осы тіректерінің мағынасын тереңірек ашсақ!

Аллаһқа иман келтіру

Аллаһ Тағалаға иман келтiру мына төрт нәрсенi қамтиды. Читать далее… »

Нені жеуге тыйым салынғандығы жайлы (яғни нені жеу - харам)

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Сойдақ тістері бар аңды жеуге болмайтындығы жайлы

Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізген: «Жыртқыш аңдардан сойдақ тістері барларын жеуге болмайды». Муслим 1933.

Хадисте арыстандар, жолбарыстар, қасқырлар, аюлар және т.б. жыртқыш аңдар жайлы айтылып тұр. Читать далее… »

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|