Quickribbon

Ұлтшылдық туралы хадис

Аса Қамқор, ерекше Мейіріміді Аллаһтың атымен!

Хадистің мәтіні

Убәй ибн Ка’бтан риуаят етіледі, Аллаһтың елшісі(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Егер сендер біреудің жаһилия (надандық дәуірі) кезіндегідей өзінің шыққан тегімен мақтанып жатқанын естісеңдер, онда оған өз әкесінің жыныстық мүшесін тістесін деп айтыңдар. Және бұны жанама мағынасында айтпаңдар!».
Бұл хадисті имам Ахмад 5/136, әл-Бухари «әл-Әдабул-муфрад» 2/427, ән-Нәсаи «әс-Сунан әл-Кубра» 8864 және көптеген басқа мухаддистер келтіреді.

Бұл хадистің сенімділігі

Хафиз әл-Хайсәми «әл-Мәджмә’у-ззауаид» кітабында, бұл хадисті жеткізушілердің барлығы сенімді деп айтты. Сондай-ақ, бұл хадистің сахих екенін мынадай имамдар растады - Ибн Хиббан, әд-Дыя әл-Мақдиси «әл-Мухтара» 1/405, шейх әл-Әлбәни «әс-Силсилә әс-Сахиха» 269. Сонымен қатар, шейх Муқбиль, шейх Абдул-Қадир әл-Арнаут және Шу’айб әл-Арнаут осы хадисті сахих деген.
Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахих хадисін жоққа шығармау үшін осы есімдердің өзі жеткілікті болар. Тіпті, кейбір адамдар ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұндай сөздер айтуы мүмкін емес деп өздерінше күмілжиді! Дей тұрғанмен, көптеген ұлы имамдар осы хадиске сүйене отырып, «ұлтшылдық» туралы айтқаннан соң, осы хадистің мағынасын түсіндірген болатын.

Мәселен, ұлтшылдықтың тыйым салынғаны жөнінде «әл-Ахадис ән-нәбәуия фи заммил-’ансария әл-джахилия» атты кітабынды шейх Абду-сСалям ибн Барджис айтады, ал оған шейх Салих әл-Фаузан тақдим (кіріспе) жасады.

Имамдар былай тұрсын, тіпті Умар ибн әл-Хаттабтың өзі бұл хадиске сүйенген еді! Шейх әл-Әлбәни аталмыш хадисті айтқаннан кейін былай деді: “Бұл хадиске тақуа халиф умардың өзі сүйеніп, былай деді: «Кімде-кім өзінің руымен мақтанса, онда әкесінің жыныстық мүшесін ұстасын!» бұл хадисті «әл-Джәми’ әс-сағир» 3/235 кітабында Ибн Әби Шәйбә келтіреді”.
Сонымен қатар, бұл хадиске жеткізуші сахаба Убәй ибн Ка’б та сүйенді. Бір күні бір адам өз шығу тегімен мақтана бастады, сонда убай оған айтты: «Әкеңнің жыныстық мүшесін ұстап ал!» сонда адамдар Убәйға( ренжіп) былай деді: «Сіз ондай жаман сөйлемейтін едіңіз ғой?!». Ол: «Бізге осылай істеу бұйырылған!», - деп жауап қайтарды (Ахмад 21256. Шу’айб әл-Арнаут иснадын жақсы деді).
Ал енді, бұл хадисті жоққа шығаратындар, тіпті бұл хадисті өтірік дейтіндер өз дәлелдерін әкелсін!

Бұл хадистің түсінігі

«Егер сендер біреудің джаһилия(надандық дәуірі) кезіндегідей өз шығу тегімен мақтанып жатқанын естісеңдер…»
Бұл жерде надандық дәуіріндегідей, өз ұлтымен(тайпасымен), тегімен, әкелерімен және ата-бабаларымен мақтанып, паңдану туралы айтылып жатыр (Көріңіз: «Лисан әл-‘араб» 15/53, «Ғарибул-хадис» 1/301 Әбу Убайда).

«…онда оған өз әкесінің жыныстық мүшесін тістесін деп айтыңдар…»
Ибн Фарис айтады: “«Әл-‘ад»(ұстау) дегеніміз бір нәрсені тіспен ұстау дегенді білдіреді. «Әл-Хан» дегеніміз еркек адамның жыныстық мүшесі дегенді білдіреді” (Көріңіз: “Му’джәм мақаис әл-луға” 4/48).

«…және бұны жанама мағынасында айтпаңдар!»
Мұның мағынасы: осы жағдайда «жыныстық мүше» деген сөзді пайдалануда ұялмау керек, басқа сөзбен алмастыруға да болмайды (Көріңіз: «ән-Ниһая» және «Лисан әл-‘араб» 7/188)!
Имам әл-Бәғауи айтады: “Ашықтан ашық белгілі бір адамға осы дөрекі сөзді айту - бұл оның өзінің ұлтымен мақтанудың нәтижесі!” (Көріңіз: “Шарху-ссунна” 13/120).

Шейх Ибн әл-Қайим айтады: “Хадисте әкесінің жыныстық мүшесі туралы айтылғандығы - надандық дәуірінің дағуатымен мақтанғандарға өте жақсы насихат болады! Өзінің шыққан жерін барып ұстасын, ал бұл - өз әкесінің жыныстық мүшесі!” (Көріңіз: “Задул-ма’ад” 2/400).

Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басқа сөздері сияқты, бұл хадистің де зор мағынасы бар. Бұл ауыр сөздер адамның жиеркенішті қасиеті - ұлтшылдық(национализм) үшін айтылған. Аллаһ елшісінің(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өсиетіне сәйкес, әрбір ұлтшылға былай деп айту керек: әкеңнің жыныстық мүшесін ұста! Себебі, оның тегіне өзіңді байланыстырып және сол арқылы сен тәкаппарланып, мақтанып жатырсың ғой! (Көріңіз: «Шарх әл-адабуль-муфрад» 3/107).

Бұл ұлтшылдықтың тыйым салынғандығы туралы ең қатты айтылған хадистердің бірі, бұл сол күнәнің үлкендігіне де қатысы бар! Ұлтшылдық исламда ең төменгі орынды алады. Әрбір мұсылман тақуалық пен имандылықтан басқа, бір ұлттың бір ұлттан немесе бір рудың бір рудан ешқандай артықшылығы жоқ екенін білу керек!
Умар ибн әл-Хаттаб әскер басшыларына былай деп жазғаны жеткізіледі: «Егер адамдар бір-біріне өз тайпалары арқылы шақырса, онда оларды бір-бірін ислам арқылы шақырғанша қылышпен ұрыңдар!» (Ибн Әбу Шәйбә 15/33).

Басқа нұсқасында былай делінеді: “Онда олар: «Әй, мұсылмандар, әй мұсылмандар!» деп айтпайынша!” (Ибн Әбу Шәйбә 15/32).
Сондай-ақ, бір адам басрада ұлтшылдыққа шақырып: «Әй, әмир тайпасы!» деп айтқаны туралы Әбу Мусаға жеткенде, ол надандыққа шақырғаны үшін оны елу дүремен жазалағаны туралы жеткізіледі. (Әбу Убайд «Ғарибул-хадис» 1/301).

Ал енді, тәубе келтірмейінше, өз пайымдауылары бойынша сахих хадистерді жоққа шығарған адамдардың жағдайы өте ауыр. Керек десеңіз, кейбір имамдар сахих хадисті еш негізсіз жоққа шығарған адамды, діннен шығарып жіберетін күпірлікке(куфр) түсті деп есептегендері де бар!

Аллаһ жақсырақ біледі!

 

al-hanifiya.kz/forum

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|