Quickribbon

Ғайбат’

Қателікті түсіндіру - ғайбат емес

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне және барлық сахабаларына Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын!
Ал содан соң:
Ғыйба (ғайбат) деген не?
Абу Хурайра былай деп баяндайтын: «Бірде Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Сендер ғайбат не екенін білесіңдер ма?» - деп сұрады». Адамдар: «Аллаһ және оның елшісі бұл жөнінде жақсырақ біледі», - деді. Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Бұл- сенің мұсылман бауырыңды оған ұнамайтын нәрсемен тілге алуың», - деді. Біреу (сонда): «Ал менің мұсылман ауырымда мен айтып жатқан нәрселер болса шы?» - деп сұрады. Ол: «Егер онда сен айтып жатқан нәрселер болса – бұл ғайбат, а егер бұлар онда болмаса, сен оған жала жапқан боласың!» - деп жауап берді». Муслим 2589.
Өзінің негізінде мұсылмандарға қатысты ғайбат айтуға қатаң тыйым салынған, және бірауызды келісім бойынша үлкен күнә болып саналады.  “әл-Азкар” 289, “Тәфсир Ибн Кәсир” 3/567.
Алайда, өте жиі жағдайда көптеген мұсылмандар ғыйбат ұғымының анықтамасын түсінбейді де, ғыйбатты оған тыйым салынан кезде айтып, ол айтылуға  рұқсат етілген, тіпті міндетті  болған кезде кезде оны сөгіп жатады!
Ғайбат өз негінде тыйым салынғандығына қарамастан, жағдайларға байланысты ол - рұқсат етілген және тіпті міндетті болуы мүмкін. Атап айтқанда, Исламды бұрмалап,  адамдарды адасушылыққа кіргізіп жатқан адамның қателіктерін немесе адасушылығын жоққа шығару немесе түзету үшін ғайбат жасау рұқсат және қажетті болып табылады, және бұл жөнінде ғалымдар арасында келіспеушіліктер жоқ. Читать далее… »

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад | Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|