Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен!
Біз Өзін ғана мадақтайтын және Өзінен ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Біз Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына күәлік береміз, және Мухаммад – Аллаһтың құлы және Оның Елшісі екеніне куәлік береміз.
Содан соң:
Ақиқатында, ең жақсы сөз бұл – Аллаһтың Кітабы, ал ең жақсы жол – бұл Мухаммедтың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, жолы. Ал ең жаман амалдар бұл – бидғаттар, әрбір бидғат бұл – адасушылық, ал әрбір адасушылық – Тозақта.
Ал, мұсылман әмірлерін істеп жатқан күнәлары, бұзақылықтары мен зұлымдығы үшін балағаттауға және қаралауға қатысты айтар болсақ, шариғат бұған қатаң тыйым салады! Бұл – бүгінгі күні, шындығында да, біздің үмметіміздің қасіреті! Ал мұның себебі – біздің өзіміздің Пайғамбарымыздың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, жолынан ауытқуымызда болып тұр. Бұл әмірлер аспаннан түспеді ғой?! Олар біздің ортамыздан шықты және мұсылмандардың себебінен олар осындай, және бұған Аллаһ Тағаланың мына сөздері дәлел болады: «Осылайша залымдардың істегендері себепті бірін-біріне үстем қыламыз». (әл-Ан’ам 6: 129). Читать далее… »