Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!
«Мәнһәдж» дегеніміз – мұсылманның бүкіл өмір салты. Ол сенім жүйесін (ақиданы), шариғат үкімдерін (фиқхты), мінез-құлықты (ахләқты) және адамдармен болған өзара қарым-қатынасты (муаммаләтты) қамтиды. Сондай-ақ, «мәнһәдж» сөзінің астарынан «жол», «Аллаһтың үкімдерін жер бетінде орнатудың әдісі» дегенді де түсінеміз. (“Ма’алим фил-мәнһәдж әт-таифәтил-мәнсура” 3-4)
Шейх Салих әл-Фаузанға «мәнһәдж» бен «‘ақида» ұғымдарының айырмашылығы жөнінде сұрақ қойылғанда, ол кісі:
«”Мәнһәдж” сөзінің мағынасы “ақида” сөзіне қарағанда ауқымдырақ ұғымда қолданылады. Мәнһәдж – мұсылманның ақидасын, іс-амалдарындағы жүгінетін басшылығын, мінез-құлығын, адамдармен болған өзара қарым-қатынасын, тіпті бүкіл ғұмырын қамтиды. Яғни, мұсылманның бұл дүниеде ұстанатын (ілесетін) жолы – “мәнһәдж” деп аталады! Ал “ақида” терминіне қелер болсақ, бұл сөздің астарынан иманның негіздерін және лә иләһә иллә-Ллаһ, Мухаммадур-расулу-Ллаһ куәлігінің мағынасын ғана түсінеміз. Демек, “ақида” сөзі осы ұғымдардың аясынан шықпайды», – деп жауап берген. (“әл-Әджуибә әл-муфида” 75) Читать далее… »