Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен
Аллаһ Тағала кәпірлерді екі санатқа жіктеді: жауласушыларға және жауласпаушыларға.
Жауласпаушы кәпірлерге - олармен келісім-шарт немесе бітім бар, сондай-ақ, өлтіруге тыйым салынған: әйелдер, қарттар, балалар, қызметкерлер сияқты кәпірлер жатады.
Көптеген жас мұсылмандарда бұл мәселеге байланысты білімнің болмауына қарамастан, жоғарыда аталғандарға Құранда да, Сүннетте де дәлелдер көп.
Аллаһ Тағала айтады: «Аллаһ дін жайында сендермен соғыспаған және жүрттарыңнан қуып шығармағандарға жақсылық қылуларыңа, әділдік етулеріңе тыйым салмайды. Расында, Аллаһ турашылдарды жақсы көреді!» (әл-Мумтаханә 60: 8).
Кейбір имамдар бұл аятты күші жойылған деп есептеді, алайда бұған ешқандай дәлел жоқ.
Имам әл-Қуртуби «Бұл аяттың күші көпқұдайшылдармен соғысу әмірімен жойылған» деп есептейтін имамдардың пікірін келтіріп, былай деді: «Ал, тәпсіршілердің басым бөлігі бұл аяттың күші жойылмаған деп есептейді». “Тафсир әл-Қуртуби” 12/321.