Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда құты қашады деген екен,- Құнанбай атамыз. Шындығында да солай болса керек. Өз басым, талай рет осыған көз жеткіздім. Менің осы өмірге келуіме себепкер болған, шыр етіп бұл дүниеге келген күнімнен, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, ес біліп есейсем де, еркелететін ардақты анам жайлы қандай тамаша ойларым алдына кеп айтар кезде, пышырап кетеді. Әрбір адам үшін, әйел затының озық үлгісі өзінің асыл анасы болар. Мен үшін де солай. Анам өмір тауқыметін көп көргенімен, қартайған жүзінен қажыған адамның кейпін көре алмайсыз. Читать далее… »