Біз әңгіме еткелі отырған заманда ел тұрмысы қазіргіден әлдеқайда өзгеше еді. Алыс жерлерден хабар алу, олармен қатынас жасау апталар, айлар тіпті жылдарға да ұласып жататын. Негізгі көлік күші шөлге шыдамды түйе мен ұзақ жүріске төзімді жылқылар еді. Көл, теңіздерді желкенді қайық, кемелермен кезетін. Ел дәулеті қолындағы малымен және де алтын-күмісімен өлшенетін.
Сол кезеңде өмір сүрген Хамза, деген кісінің тоғыз ұл, бір қызы болған екен. Тұрмыстың тауқыметін тартқан тақыр кедей болса да, өзі аса тақуа адам көрінеді. Тоғыз ұлым бір төбе, жалғыз қызым бір төбе, деп балаларының кенжесі сегіз жасар Фатимасын ерекше жақсы көріпті. Читать далее… »