Quickribbon

Сүннет негіздері

Әһлу сунна имамы

Ахмад ибн Ханбал  (Оған Аллаһтың мейірімі жаусын)

Һижра бойынша 164-241 ж.ж

Әбу Яғлә Әл-Ханбали:

«Егер біреу осы кітапты оқу мақсатымен Қытайға барса, оның өзі де жеткіліксіз болар еді…» [1].

WORD форматымен жүктеп алу (DOC)

 

«Әй, адамдар, сендерді бір кісіден жаратқан және одан оның жұбайын жаратып, ол екеуінен көптеген ер мен әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Сондай-ақ, араларыңдағы сұрақ-жауаптарыңда ортаға аты салынатын Аллаһтан қорқыңдар және туыстармен қатынасты үзуден сақтаныңдар. Шын мәнінде Аллаһ тағала сендерді бақылаушы»[2].

«Әй, иман келтіргендер! Аллаһтан қорқыңдар әрі дұрыс сөз сөйлеңдер. Аллаһ істеріңді оңалтып, күнәларыңды жарылқайды. Ал кімде-кім Аллаһқа және Оның елшісіне бой ұсынса, әлбетте ол ұлы табысқа ие болады»[3].

Шын мәнінде сөздердің ең жақсысы-Аллаһ кітабы, ал ең жақсы жетекшілік-ол пайғамбарымыз Мұхаммедтің e[4] жетекшілігі. Амалдардың ең нашары-дінге жаңалық енгізу, ал кез-келген жаңалық-адасушылық. Ал әрбір адасушылық тозақта.

Алғы сөз

Имам Ахмад ибн Ханбалдың (оған Аллаһтың мейірімі жаусын), «Сүннет негіздері» деген жолдауы оны білген әрбір мұсылман ұстануы керек деген ережелерді қамтиды. Бұл негіздер өз бойында үмметіміздің әуелгі буынының сенімдерін қамтуы себепті екі дүниеде де бақытқа жетелейтін жолбасшы болып табылады. Имам Мәлик: «Әуелгі буын табысқа жеткен нәрсе арқылы болмаса, бұл үмметтің соңғы буыны басқа нәрсе арқылы табысқа жете алмайды»[5]-деген.Сондай-ақ, Аллаһ тағала Құранда:

«Егер де олар сендер иман келтіргендей иман келтірсе, онда шынымен де тура жол тапқан болады. Ал егер де бет бұрып, теріс айналса, онда олар мүлдем жолдан шығып кеткен болады. Аллаһ сендерді қорғауға жеткілікті. Ол Аллаһ барлығын естуші, барлығын білуші»-деген[6].

Аллаһ мейірімімен Совет үкіметі құлап, коммунизм дінсіздігінің түнерген бұлты сейілгеннен кейін Ислам жаңа қарқын тауып, КСРО-ның түкпір-түкпірінде жаңа леппен қайта бой көтере бастады.

Алайда ТМД мұсылмандары үлкен проблемаға тап болды. Біреулері мұны түсініп, мойындап жатса, енді біреулері мойындаудан бас тартуда. Бұл проблема- Исламның ТМД аумағында жаңадан дамып келе жатқан кезеңінде сол аумаққа жүздеген жылдар бойы дінімізде жиылып қалған бүлік, адасушылық, дінге жаңалық енгізу және т.б. аурулардың кіріп кету проблемасы. Қаласақ та, қаламасақ та анығына келсек, Исламның бастапқы бұлағы араб елдері болғаны сияқты адасушылық пен дінге жаңалық енгізудің де алғаш бұлағы осы елдер болып табылады. Адасушы топ жетекшілері өздерінің жалған пікірлерін араб әлемінде тарату барысында дінді таза қалпында ұстап жүрген ғұламалардан жеңіліс тауып, ендігі кезекте Еуропа мен ТМД-ға көз тігіп, ол жерлерде ғұламалар мен білімнің жоқтығын пайдаланып, жалған ойларын сонда таратуға көшкен. Олардың осындай надан әрекеттерінде ұстанған жолдары сан қилы. Араб елдерінде оқып, тәлім алып жүрген студенттерге күмән салып адастыру, орыс тіліне аударылған шығармаларды басып шығару және өздерінің жалған пікірлерін интернет арқылы тарату сияқты жолдары бар.

Осының бәрі бұл үмметтің алғашқы буыны сусындаған дініміздің таза бұлақтарына мұсылмандарды қайта қайтару ісіне, Аллаһ қалауымен өз үлесімізді қосуға итермеледі. Ұлы Аллаһ та, Оның елшісі де, сахабалар және ұлы ғұламалар да бізді осыған шақырады. Кімде-кім төменде баян етілетін сенімдерді ұстанса, онда оның иманы артсын дейміз, ал кімде-кім күмәнданса, онда Аллаһтан оның бойындағы күмәнді сейілтуін сұраймыз.

Бұл жолдау әһлу суннаның[7] барлық сенім мәселелерін қамтымайды, алайда адамға шындық пен адасушылық арасын ажыратуына көмек берерлік негіздерді қамтығаны сөзсіз.

Сөзімнің соңында осы жолдауды шығаруда және оны таратуда жәрдем беріп, ат салысқан және болашақта ат салысатын жандардың бәріне де алғыс жолдағым келеді.

Әсіресе осы жұмысыма көмекші құрал болған «Сәбил әл-Жәнна» атты еңбек иесі шейхымыз Уәлид ибн Нәбих Сәйф ән-Насрға да үлкен алғыс жолдаймын.

Сонымен қатар осы жолдауды жинақтау барысында көмек пен қолдау көрсеткені үшін жұбайым Умму Ханифаға да зор алғыс білдіремін. Пайғамбарымыз e: «Адамдарға алғыс білдірмеуші Аллаһқа да алғыс білдірмейді»[8]-деген.

Ұлы Аллаһтан Оған құлшылық етуде жәрдем етіп, Ол жақсы көріп әрі разы болған нәрсеге жол салып беруін, әрі соңымызды қайырлы етуін сұраймын. Сондай-ақ, осы жұмысымызды берекелі қылып, оны қабыл етуін және Оның ризалығы үшін атқарылған ықыласты еңбек етуін тілеймін.

Барлық мақтау мен мадақ Аллаһқа тән. Мұхаммедке, оның отбасына

және оның сахабаларына Аллаһ тағаланың салауаттары

мен сәлемдері болсын!

 

Әбу Мухаммад Қазақстани

13 мамыр, 2006 ж

 

Ғабдус ибн Мәлик әл-Ғаттар (оған Аллаһтың мейірімі жаусын), былай дейді: «Мен Әбу Абдулла Ахмад ибн Ханбалдың, [1] t (Аллаһ оған разы болсын) [2] былай дегенін естідім [3]

 

[1]-Имам Әбу Абдулла Ахмад ибн Мухаммад ибн Ханбал Әш-Шәйбәни (оған Аллаһтың мейірімі жаусын)-үмметіміздің ұлы имамдарының бірі болып саналады. Ол һижра жылсанағы бойынша 164 жылы, рәбиғул әууәл айының 1 жұлдызында дүниеге келген. Имам Ахмад білім алуды он төрт жасында бастап өле-өлгенше жалғастырады. Бірде одан: «Әй, Әбу Абдулла! Сен қай уақытқа дейін білім аласың?»-деп сұраса керек. Сонда ол: «(Білім іздеу) бесіктен қабірге дейін жалғасады»-деп жауап берген екен.

Ибраһим Әл-Харби, (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Менің ойымша Аллаһ әуелгілер мен кейінгілердің ілімдерінің бәрін Әбу Абдулланың бойына жинаған»-деген. [9]

Имам Әл-Музәни, (оған Аллаһтың мейірімі жаусын) әңгімелеп: «Бірде маған имам Шафиғи: «Мен Бағдадта бір жігітті көрдім. Ол бір сөз айтса болды, адамдар: «Шындық айтты»-деп айтады»-деді. (Әл-Музәни әрі қарай әңгімелеп) Мен одан (яғни имам Шафиғиден): «Ол кім екен?»-деп сұрадым. Ол: «Ахмад ибн Ханбал»-деп жауап берді»-деді. [10]

Ибн Әбу Хатим (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Бірде мен әкемнен: «Али ибн Мәдәни мен Ахмад ибн Ханбалдың қайсысы көбірек біледі?»-деп сұрадым. Сонда ол: «Ол екеуі бір-бірімен шамалас, алайда Ахмад білімдірек болатын. Егер де сен Ахмадты жақсы көретін адамды кездестірсең, онда сол адамның сүннетті берік ұстанушы екенін біл»-деп жауап берді»-деп әңгімелейді.[11]

Имам Ахмад, (оған Аллаһтың мейірімі жаусын) 241 жылы, рәбиғул әууәл айының 12-сінде о дүниеге аттанды. Ол кісінің жаназа намазына бір миллионға жуық адам қатысты деген деректер бар. Имам Ахмадтың өзі де: «Біз (әһлу сунна) бен сендердің (әһлу бидға)[12] арамыздағы айырмашылық-жаназа намазы»-деп шын айтып кеткен еді.

[2]-«Аллаһ оған разы болсын» деген сөз екі жағдайда айтылады. Бірінші жағдай-дұға ретінде, ал екіншісі-бекіту, мақұлдау /тахқиқ/ ретінде.

Бекіту, мақұлдау түрі тек сахабаларға қаратылып айтылады. Ал дұға жағдайына келер болсақ, ол басқа адамдарға қатысты айтуға да болады. Бұл жерде дұға ретінде айтылған.

[3]-Имам Ахмад ибн Ханбалдың «Сүннет негіздері» /Усулу сунна/ деген жолдауы ол кісінің өз қолымен жазылмаған. Имамның шәкірттері сүннетті ұстанушылардың сенімі /ақидасы/ жайында сұраған кезде ол кісі шәкірттеріне

 

«Біздің түсінігіміздегі сүннет негіздері [4] ол:

 

Пайғамбарымыздың e сахабалары ұстанған нәрселерге шынайы берілу әрі оларға (сахабаларға) еру [5];

айтып отырып, олар жазып алған. Шәкірттері имамның айтқан жауаптарын сол қалпында жазып алып, кейін келе бұл жолдауға тақырып тағып, «Сүннет негіздері» деген атау берген.

[4]-Әуелгі буын /сәләфтар/ түсінігіндегі «Сүннет» термині дінге жаңалық енгізуге /бидғатқа/ қарама-қайшы нәрсе болып табылады. Сүннет дегеніміз-алғашқы буын мұсылмандары ұстанған сенім /ақида/ мен жолды /мәнһәжды/ білдіреді.

Мәнһәж дегеніміз-адамзаттың жаратылуындағы мақсатқа жету барысында әһлу суннаның ұстанған әдістемесі немесе жолы. Ал адамзаттың жаратылу мақсаты-жалғыз Аллаһқа құлшылық жасау. Бұл жайында Аллаһ тағала Қасиетті Құранда:

«Сендердің әрбіреулеріңе шариғат пен мәнһәж орнаттық»[13]-деген.

Қатада, (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Барлық пайғамбарлардың діні бір, ал шариғаттары әрқилы»-деген[14].

Әл-Хафиз ибн Рәжәб (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Сүннет деген жерде пайғамбар e мен сахабалардың жолы меңзеледі. Бойында ауру-сырқауы, күмәні мен сезімге берілу болмаған жол. Кейін келе сүннет сөзі астарында Аллаһқа, періштелерге, пайғамбарларға, кітаптарға, Қиямет күніне, тағдырға деген иман мәселелері мен сахабалар қадыр-қасиеті мәселелеріндегі күмәннан таза сенім меңзеле бастады. Сөйтіп, осы тақырыптағы кітаптар «Сунна» деген атаулар ала бастаған. Бұл ілім саласы «сунна» деген атаумен ерекшеленуі-оның маңызды болуы себепті. Ал бұл кітаптар қамтыған нәрселерге қарсы келуші адам өзін өлімге ұшыратады»-деп айтқан[15].

Сол үшін де біздің әділетті алдыңғы буын (сәләфтар) сенім (ақида) мен жолға (мәнһәжға) байланысты болған нәрсенің бәрін де «сүннет» деп атаған. Олардың басым бөлігі ақида мен мәнһәжға байланысты кітаптар жазған кезде мұндай кітаптарды «сунна» деп атайтын болған. Бұған Ибн Әбу Ғасымның «Суннасы», Абдулла ибн Ахмадтың «Суннасы», Мәруәзидың «Суннасы», Ибн Шәһинның «Суннасы», Хәлләлдің «Суннасы» және т.б. дәлел бола алады.

Қазіргі таңда мұсылмандар арасындағы біз көріп жүрген жік-жікке бөлінушілік себебі-алдыңғы буынның ақидалары мен мәнһәжі айтылатын осындай кітаптарды оқымауы себепті туындаған.

[5]-Бұған Аллаһ тағаланың:

 

………………………………………………………………………………………………………

«Егер де біреу өзіне тура жол айқындалғаннан кейін (Аллаһ) елшісіне қарсы шықса, сондай-ақ, мүминдердің жолынан өзге жолға еріп кетсе, Біз оны бұрылған жағына қарай бұрып қоямыз да тозаққа саламыз»[16]-деген сөзі дәлел.

Сонымен қатар:

«Иман келтіруде бірінші болған муһәжирлер мен ансарларға және жақсылықта оларға ерушілерге Аллаһ разы болды. Олар да Аллаһқа разы болды. Сондай-ақ Аллаһ олар үшін астыларынан өзендер ағатын, әрі олар ішінде мәңгі болатын жәннаттар әзірлеп қойды. Бұл үлкен жетістік»[17]-деген.

Сондай-ақ, тағы бір аятта:

«Егер де олар сендер иман келтіргендей иман келтірсе, онда анық тура жолда болады»[18]-деген.

Ал Аллаһ елшісінің e сүннетіне келер болсақ, Әл-Ғирбад ибн Сәриядан t жеткен хабарда, ол: «Бірде Аллаһ елшісі e бізге жүректі тебірентер әрі көзден жас келтірерліктей уағыз айтты. Сонда біз: «Иә, Аллаһ елшісі! Бұл қоштасушының айтатын уағызы сияқты ғой. Ондай болса бізге ақыл айтыңыз»-дедік. Сонда ол e: «Айтарым: Ұлы Аллаһтан қорқыңдар әрі сендерді құл басқарса да оны тыңдап, оған бойұсыныңдар. Шын мәнінде араларыңнан ұзақ жасайтының көптеген келіспеушіліктер көреді. Сол үшін де менің сүннетім мен менен кейінгі әділетті, тура жолдағы халифалардың сүннетін ұстанғандарың абзал болады. Ол (сүннетті) азу тістеріңмен берік ұстап, дінге жаңалық енгізуден аулақ болыңдар. Әлбетте, дінге енгізілген әрбір жаңалық-адасушылық»-деді»-дейді.[19]

Пайғамбарымыз e құтқарылатын топ /фирқатун-нәжия/ жайында хабар беріп: «Бұл-мен және менің сахабаларым ұстанғанды ұстанғандар»-деген.[20]

Атақты табиғиндердің[21] бірі Мухаммад ибн Сирин, (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Егер де біреу сахабалар ұстанғанды ұстанатын болса, онда ол (тура) жолда»-деп айтқан.[22]

 

- Әрі дінге жаңалық енгізуді тастау. Себебі әрбір енгізілген жаңалық-адасушылық [6];

 

– Сондай-ақ, дауласуды тастау әрі сезімге берілген[23] адамдармен қарым қатынасты үзу [7], [8];

 

[6]-Ұлы Аллаһ тағала өз кітабында:

«Раббыларыңнан сендерге түсірілгенге ілесіңдер»-деген[24]. Сондай-ақ, Аллаһ елшісі e: «…Әлбетте, дінге енгізілген әрбір жаңалық-адасушылық»-деп айтқан[25].

Сонымен қатар, мүминдер анасы Умму Абдулла Айша y хабарлаған сахих хадисте: «Пайғамбарымыз e: «Кімде-кім біздің осы ісімізге қатысы жоқ жаңалық енгізсе, онда оның ісі қайтарылады»-деді»-деп келтірілген[26].

[7]-Сезімге берілушілер /сохибул һәуә/ дегендер дінге жаңалық енгізушілер /мубтәдиғ/ болып табылады.

[8]-Бұл жайында Аллаһ тағала Қасиетті Құранда:

«Расында сендерге Кітапта: «Аллаһтың аяттарына қарсы келгендіктерін және мазаққа алғандарын естісеңдер, олар бұдан басқа сөзге кіріспегенінше олармен бірге отырмаңдар, әйтпесе сендер де солар сияқты боласыңдар»-деп үкім түсірді. Шексіз Аллаһ мунафиқтар мен кәпірлерді біртұтас тозаққа жинаушы»[27]-деп ескерткен.

Ал сүннеттен алынатын дәлелге келсек, бірде Әнас ибн Мәликке t (пайғамбар e сахабасына)  бір адам келіп: «Иә, Әбу Хамза! Мен (Қиямет күніндегі) шапағат жасау мен қабір азабына сенбейтін адамдарды кездестірдім»-деп айтқанда, ол кісі: «Олар жалған сөйлеушілер. Олармен бірге отырма»-деп жауап қатқан екен[28].

Фудайл ибн Ғияд, (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Жаңалық енгізушілермен бірге отырма. Шын мәнінде мен саған да лағынет тиіп кете ме деп қорқамын»-деген[29].

 

– Дінге қатысты дау-дамай мен салғыласушылықты тастау [9];

 

- Біздің түсінігіміздегі сүннет ол-пайғамбардан e келген нәрсе [10];

 

- Сүннет Құранды айқындайды, әрі Құранның түсіндірмесі болып табылады [11];

 

[9]-Аллаһ тағала бұл жайында өзінің қасиетті кітабы Құранда:

«Аллаһқа бойұсынған күйде Одан қорқыңдар және намазды орындаңдар. Әрі діндерін бөлшектеп, топтарға бөлініп, әрбірі өз алдындағыларына мәз болған серік қосушылардан болмаңдар»-деген[30].

Сондай-ақ, тағы бір аятта:

«Аллаһтың аяттарына кәпірлер ғана сөз таластырып, тартысады»-деген[31]. Аллаһтың елшісі e: «Аллаһқа ең жеккөрінішті адам-дауласқанда ымыраға келмейтін адам (яғни сөзге тоқтамайтын адам)»-деген[32].

Муғауия ибн Қурраһ, (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Діндегі тартысушылық амалдардың түгі қалмай жоқ болып кетуіне әкеп соғады»-деген[33].

[10]-Аллаһ тағала бұл жайында:

«Ол өз ойынан сөйлемейді. Оның айтқаны тек көкейіне салынған уахи ғана»-деген[34]. Сондай-ақ, Сағд ибн Муғаз t: «Аллаһ елшісінен e қандай да бір хадис естісем, бұл Аллаһтан келген шындық екенін білетінмін»-деген[35].

[11]-Аллаһ тағала бұл жайында:

«Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық түсіндіріп беруің үшін Зикрді (Құранды) түсірдік. Әрине олар ойланар»-деген[36].

Имам Әл-Әузәғи (оған Аллаһтың мейірімі жаусын) табиғиндердің бірі болған Мәкхулден жеткізген бір хабарда: «Сүннеттің Құранға мұқтаждығынан гөрі Құранның сүннетке деген мұқтаждығы артығырақ»-деген[37].

- Сондай-ақ, сүннетте салыстыру /қияс/ жоқ [12];

- Оған мысал да келтірілмейді [13];

- Сонымен қатар ол ақылмен де [14], сезіммен де қамтылмайды. Шын мәнінде бұл тек соңынан еріп, сезімге берілушілікті тастау болып табылады;

Және де сүннетте міндетті болған нәрселер бар [15]; Кімде-кім солардың бір түрін тастаса, қабылдамаса немесе оған сенбесе, онда ол сүннетті ұстанушылар қатарына жатпайды. Ал бұл:

Айюб Әс-Сәхтияни (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Егер де сен біреуге сүннет жайлы айтып, ол саған: «Қоя берші оны, одан да бізге Құран жайлы айтшы»-десе, онда оның адасушы екенін біл»-дейді[38].

[12]-«Қияс» сөзі-«салыстыру» деген мағынаға жақын. Демек, сенім /ақида/ мәселелерінде қияс жасау дұрыс болып саналмайды. Яғни, сенім мәселелерінде ақылға сүйене отырып салыстыруға тыйым салынған. Сондай-ақ, егер Құран мен сүннетте ашық дәлел келіп тұрса, онда фиқһ мәселелерінің кейбірінде де қияс жасауға болмайды. «(Құран мен сүннеттен) мәнмәтін келіп тұрса қияс жасалмайды»-деген ереже осыған байланысты айтылса керек.

[13]-Әбу Муғауиядан (оған Аллаһтың мейірімі жаусын), жеткен хабарда, бір күні ол Харун Әр-Рашид есімді халифаның жиынында отырғанында Әбу Һурайрадан t жеткен пайғамбарымыздың e хадисін айтып, Адам u мен Мұсаның u дауласып қалғаны жайлы айтқан екен. Мұны ести сала сол жиында отырған Иса ибн Жағфар есімді дінге жаңалық енгізуші бір адам тұрып: «Бұл мүмкін емес! Адам мен Мұса арасы ұзақ болған ғой»-дейді. Осы кезде Харун Әр-Рашид орнынан атып тұрып: «Ол саған Аллаһ елшісінің e сөздерін жеткізіп тұр, ал сен болсаң «Мүмкін емес»-дейсің бе?!»-деп айқай салған екен.

[14]-Али ибн Әбу Талиб t: «Егер де дінді ақылмен қамту мүмкін болғанда, онда (дәрет алу барысында) аяққа мәсих тартқан кезде мәсінің үстін емес табанын сүрткен дұрысырақ болар еді. Алайда мен Аллаһ елшісінің e мәсінің үстін сүртіп, мәсих жасағанын көрдім»-деген[39].

[15]-Бұл жердегі «Сүннет» сөзі астарында сенім /ақида/ мен жол /мәнһәж/ меңзелген[40].

- Тағдырдың жақсылығы мен жамандығына иман келтіру әрі бұл жайындағы хадистерді мойындап, «Неге?» немесе «Қалай?» деген сұрақты қоймастан иман келтіру керек. Шынында бұл мәселе мойындау және оған иман келтіру арқылы болады [16];

 

Кімде-кім бір хадистің мағынасын білмесе, сондай-ақ, оны қамтуға ақылы жетпесе, онда осымен шектелсін. Ол сол (хадиске) иман келтіріп, оны қабылдауы керек. Мысалы: (Бір тамшыдан жаратылу және жатырда даму жөніндегі Абдулла ибн Масғудтың t келтірген) «Содиқул Масдуқ» хадисі; Бұл хадистің дұрыстығы расталған. Сонымен қатар осыған ұқсас тағдыр мәселесіндегі хадистер. Сондай-ақ, қанша жерден құлаққа таңсық, тыңдаушыға ерсі көрінсе де, (қайта тірілген күні Аллаһ тағаланы) көру жайындағы хадистер. …………………………….

 

[16] – (Жәбрәйл u хадисінде айтылғандай) тағдырға иман келтіру иман тіректерінің алтыншысы болып табылады әрі мұнсыз адамның иманы дұрыс болмайды.

Бұл мәселеде тағдырдың төрт деңгейіне иман келтіру керек болады:

1) Білім /ғилм/. Яғни Аллаһ тағала барлық нәрсені білуші екеніне сену. (Қазіргі уақытта бар нәрсені, өтіп кеткенді, алда болатынды, жоқ затты, ал егер ол болғанда қалай болатынын білетіндігіне иман келтіру). Бұған Аллаһ тағаланың:

«…Аллаһ барлық нәрсені білуші»[41]-деген аяты дәлел.

2) Жазу /китәбә/, яғни Аллаһ тағала барлық нәрсені сақтаулы тағдыр тақтасына /лаухул махфузға/ жазып қойғанына иман келтіру. Бұл жайында Аллаһ тағала:

«Аллаһ жер мен көктегі нәрселердің бәрін білетінін білмейсің бе? Шын мәнінде бұл Кітапта жазулы. Шынында бұл Аллаһқа өте оңай»[42]-деген.

3) Қалау /мәшиә/, яғни Аллаһтың қалағаны орындалып, ал қаламағаны орындалмайтынына иман келтіру. Бұл жайында Аллаһ тағала Қасиетті Құранда:

«Аллаһтың қалауы болмайынша сендердің қалауларың орындалмайды. Шын мәнінде Аллаһ бәрін білуші, аса дана»[43]-деген.

4) Жарату /халқ/, яғни айналадағы бәлки болмыстағының бәрі де Аллаһтың жаратқан жаратылыстары екеніне иман келтіру. Аллаһ Құранда:

Ол осы және осы сияқты сенімге лайықты болған хадистерге иман келтіріп, бір әрпі болса да қарсы келмеуі керек [17];

- Ешкім де дауласып, таласпауы керек, сондай-ақ, пікірталас жүргізуді үйренуден аулақ болғаны абзал. Шын мәнінде тағдыр мәселесінде, Аллаһты көруде [18], Құранда және сүннеттің [19] басқа да сұрақтарында көп сөйлеп сөз өрбіту жеккөрінішті /мәкруһ/ әрі тыйым салынған [20]. Ал кімде-кім мұнымен айналысып жүрсе, сөздері дұрыс, сүннетке сәйкес болса да бұл әрекетін, яғни дауласуды доғарып, алдыңғы буыннан /сәләфтардан/ келген хабарға толығымен беріліп сенбегенінше ол «Әһлу суннаға» жатпайды [21];

«Аллаһ барлық затты жаратушы, әрі Ол барлығына да кепіл»[44]-деген.

[17] – Имам Ахмад (оған Аллаһтың мейірімі жаусын) кез-келген «хадис» деп аталғанның бәріне сене беруге болмайтынын айтқысы келген. Хадистің сенімді әрі қабылдауға тұрарлық болуының белгілі шарттары бар. Ол:

1) Хадисті жеткізушілердің тізбегінің үзілмеуі /иттисалус сәнәд/;

2) Хадис жеткізушілердің адамгершілігі болуы /’адалә/;

3) Хадис жеткізушілердің есте сақтау қабілетінің жоғары болуы /дабт/;

4) Қарама-қайшылықтың жоқ болуы /’адамуш-шузуз/;

5) Кемшіліктің, ауру-сырқаудың жоқ болуы /’адаму ’иллә/;

[18] – «Аллаһты көру» деген арабша нұсқада /руятуллаһ/ деп келеді. Яғни Қиямет күні құлдардың Аллаһ тағаланы көруі[45].

[19] – Бұл жердегі «сүннет» сөзінің астарында сенім /ақида/ және таухид пен мәнһәжға байланысы бар нәрселердің барлығы меңзеледі[46].

[20] – Тағдыр мәселесінде көп сөз өрбітуге тыйым салынған мәнмәтіндердің бірін мысалға келтірсек, пайғамбарымыз e: «Егер де тағдыр жайында айтылып жатса, онда (ол жайында сөйлеуден) тыйылыңдар»-деген[47].

[21] – Яғни Құран мен сүннетке сәйкес болған пікір шариғат жолымен алынуы керек. Ал бұл жолды «Әһлу суннаның» мына бір ережесі түсіндіреді: «Алдымен дәлел келтір, содан кейін сеніміңді сол дәлелге сәйкестендір. Алайда бір сенім немесе пікірді ұстанып, одан кейін соған сәйкес дәлел іздеме».

Сондай-ақ, Уәкиғтен жеткен хабарда: «Кімде-кім өзінің басында туған ойын қуаттайтын дәлел іздесе, ол дінге жаңалық енгізушілерден екенін біл»-деген[48].

- Құран-Аллаһ сөзі әрі жаратылыс болып табылмайды. «Ол жаратылыс емес»-деп айтудан қорықпа да қысылма. Шын мәнінде Аллаһтың сөзі Одан бөлек емес әрі бойында «жаратылыс» деп айтатындай еш нәрсе жоқ. Осы сұрақ төңірегінде жаңалық енгізіп, дау тудыратындардан әрі дыбыстау /лафз/ жайында сөз қозғаушылар [22] мен соларға ұқсағандардан аулақ бол [23]; Сондай-ақ: «Құран жаратылған-жаратылмағанын мен білмеймін, алайда бұл шын мәнінде Аллаһтың сөзі»-дейтіндерден де аулақ бол. Мұндай адам «Құран жаратылыс» деуші адам сияқты дінге жаңалық енгізушілер қатарына жатады. Бірақ, шын мәнінде Құран-Аллаһ сөзі әрі жаратылыс болып табылмайды [24];

[22]- Яғни «Құранды дыбыстау-жаратылыс»-деуші ағым өкілдері[49]. Олар өздерінің сенімдерін ашық түрде айтпайды, алайда араб тіліндегі «лафз» сөзінің астарында оқушының даусы немесе Құранның өзі меңзелуі мүмкін[50].

[23]-Аллаһ елшісі e: «Құранға қатысты талас-тартыс күпірлік болып табылады»-деген[51].

[24]- Бұған Аллаһ тағаланың қасиетті аяттары дәлел болмақ. Аллаһ тағала:

«Егер мүшріктердің бірі сенен пана сұраса, онда оған Аллаһтың сөзін тыңдауы үшін пана бер»-деген[52]. Сондай-ақ:

«Жарату мен бұйыру тек Оған тән»-деген[53]. Осы аятты түсіндіре келе Суфиян ибн Ғуяйна (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Жарату-ол Аллаһтың жаратқан жаратылыстары, ал бұйыру-ол Құран»-деген[54]. (Осы аят арқылы біз «Бұйырудың» яғни «Құранның» жаратылыс еместігін аңғарамыз).

Құранның жаратылыс болып табылмайтындығына айқын дәлел боларлық нәрсенің бірі пайғамбарымыздың e: «Жаратылған заттардың кесірінен Аллаһ тағаланың толық сөздері арқылы пана сұраймын»-деген сөздері дәлел[55]. Бұл хадистен біз Аллаһ тағаланың сөздері-Оның сипаттарының бірі екенін байқай аламыз. Ал егер Аллаһ тағаланың сипаты болса, онда ол жаратылыс еместігі анық болады. Себебі тек Аллаһ тағаланың күші жететін нәрселерде Аллаһ тағаладан өзге жаратылыс арқылы көмек немесе пана сұрау дінімізде тыйым салынған /харам/ нәрсе болып саналады. Бұл «әһлу суннаның» ұстанатын сенімі.

- Пайғамбардан e жеткен сахих хадистерде айтылғандай Қиямет күні (Аллаһты) көруге, яғни Аллаһпен жүздесуге иман келтіру. [25] Сондай-ақ, пайғамбарымыз e Раббысын көргеніне сену [26]. Шын мәнінде бұл Аллаһ елшісінен e жеткен сахих /шын/ хабар. Бұл хабарды Әбу Қатада Икримадан, ал ол Ибн Аббастан келтірген, сонымен қатар Әл-Хакам ибн Әбән Икримадан, ал ол Ибн Аббастан жеткізген. Сондай-ақ, Али ибн Зәйд Юсуф ибн Миһраннан, ол болса Ибн Аббастан келтірген. Бұл хабарды біз пайғамбарымыздан e қалай келсе, тура сол қалпында қабылдаймыз. Ал бұл жайында сөз өрбіту-жаңалық /бидғат/ болып табылады. Алайда қалай келген болса, тура солай иман келтіріп, оған сенеміз әрі осы мәселеде ешкіммен де дауласпаймыз.

- Бір хадисте «Қиямет күні құл өлшеніп, салмағы маса құрлы болмайды»-дегендей Қияметте болатын таразыға иман келтіру [27]. Сондай-ақ, сахих хадистерде келгендей, құлдардың амалдары өлшенеді. Бұған иман келтіріп, мұны қабылдау керек. Ал енді осылардың бірін болса да жоққа шығарушылар болса, олардан бас тартып, дауласуды доғару керек.

[25] –Аллаһ тағала Құранда:

«Жақсы іс істегендерге жақсылық (жәннат) әрі артығы беріледі»-деген[56]. Бірде пайғамбарымыз e «артығы беріледі» деген сөзді түсіндіре келе бұл жерде иман келтіргендер Раббыларын Қияметте көретіні меңзелгенін айтқан[57].

Аллаһ тағала басқа бір аятта:

«Ол күні жүздер жарқырап, Раббыларына қарап тұрады»-деген[58].

[26] –Көзімен емес, жүрегімен көрген[59].

[27] – Аллаһ тағала Қасиетті Құранда:

«Қиямет күні туралық таразысын орнатамыз әрі ешкім де әділетсіздікке ұшырамайды. Қышаның[60] дәніндей нәрсе табылса да Біз оны әкелеміз. Есептеуде Біз жеткіліктіміз»-деген[61].

 

- Сондай-ақ, Аллаһ тағала Қияметте Өзінің құлдарымен сөйлесетініне әрі құлдары мен Оның арасында аудармашы немесе түсіндірушілер болмайтынына иман келтіру [28]. Бұған міндетті түрде иман келтіріп, мұны қабылдау керек.

- Суқоймаға иман келтіру  [29]. Қиямет күні Аллаһ елшісінің e суқоймасы болып, оның үмметі сол суқоймадан сусындайды. Ені ұзындығына сәйкес-бір айлық жол. Ыдыстары жұлдыз санына тең болады. Бұл көптеген дұрыс /сахих/ хадистерде келген.

- Қабір азабына [30] әрі бұл үммет қабірлерінде сыналатынына, сөйтіп иман, Ислам жайлы сұралатынына және де «Раббың кім?» «Пайғамбарың кім?»-деп сұралатынына иман келтіру. Сонымен қатар (жерленген) адамға Аллаһ қалауымен Мункәр ………………………………

[28] – Бұл сахих хадисте келген[62].

[29] – Аллаһ тағал Құранда:

«Шын мәнінде Біз саған кәусарды бердік»-деген[63]. Сондай-ақ, пайғамбарымыз e: «Менің суқоймамның ұзындығы бір айлық жол. Бұрыштары бір-біріне тең. Суы сүттен ақ, иісі мисктен жағымды өте жұпар. Су ішуге арналған ыдыстары аспандағы жұлдыздар санынан көп. Одан ішіп, сусындаған адам содан кейін ешқашан шөлдемейді»-деген бір хадисінде[64].

[30] – Ұлы Аллаһ тағала:

«Аллаһ иман келтіргендерді дүние тіршілігінде де, ақыретте де мықты сөзбен бекітеді. Аллаһ залымдарды адастырады. Аллаһ тағала қалағанын істейді»-деген[65]. Осы аят жайында Әл-Бара ибн Ғозиб t сөз қозғап: «Бұл қабір азабына байланысты түскен аят»-деген[66].

Әбу Һурайра t пайғамбарымыздың e былай дегенін жеткізген: «Аллаһ тағаланың:

мен Нәкир [31] (Аллаһ қалай қаласа) солай келеді. Бұған міндетті түрде иман келтіріп, мұны қабылдау керек [32];

- Сонымен қатар пайғамбар e шапағатына әрі (мұсылмандардан) болған кейбір қауым отта күйіп, күлге айналғаннан кейін оттан қайта шығарылатынына иман келтіру. Сенімді, дұрыс хадистерде келгеніндей, оларды жәннат қақпасы қасындағы өзенге тастау бұйырылады. Бұл Аллаһ қалай қаласа, (солай болмақ). Шын мәнінде бұған міндетті түрде иман келтіріп, мұны қабылдау керек [33];

- Сондай-ақ, Мәсих Дәжжәл шығатынына әрі екі көзінің арасында «кәпір» деген жазу болатынына сену, осы мәселеде келген хадистерді қабылдап, бұл шынымен де болатынына иман келтіру [34];

- Сондай-ақ, Иса ибн Мәриям түсіп, оны (яғни Мәсих Дәжжәлді) Луд қаласының кіреберісінде өлтіретініне иман келтіру [35];

«Ал кім Менің үгітімнен бас тартса, оны қиын тұрмыс күтіп тұр»[67]-деген сөздерінде қабір азабы меңзелген»-депті Аллаһ елшісі e.[68]

Пайғамбарымыз e: «Қабір азабына қарсы Аллаһтан пана сұраңдар. Шын мәнінде қабір азабы-ақиқат нәрсе»-деген.[69]

[31]-Мункәр мен Нәкир деген періштелер есімі.

[32]-Бұл Әл-Бара ибн Ғозибтен t келген сахих хадисте айтылған. Хадисті Ахмад, (295) және Әбу Дәуд, (4753) келтірген.

[33]-Бұл Әбу Сағид Әл-Худри t келтірген Бұхаридегі (6560) және Муслимдегі (184) хадистерде айтылған.

[34]-Бұхари, (7408); Муслим, (2933); Әнәс ибн Мәликтен t.

[35]-Муслим, (2937);

- Иман дегеніміз-сөз және амал; Артады әрі кемиді [36]; Бұл: «Мүминдердің арасынан мінез-құлқы ең жақсы болғанының иманы толық»-деген хадисте айтылған [37];

-  «Намазды тастаған адам кәпір болады» [38]; Сондай-ақ, «Оны тастасаң кәпір болатындай намаздан өзге амал жоқ». Кімде-кім мұны тастаса кәпір болады, [39]…………………………………………………………………

[36] – Бұл сөзімізге Аллаһ тағаланың:

«Ол мүминдердің имандарын арттыра түсу үшін жүректеріне тыныштық ұялатқан (Аллаһ)»-деген сөзі дәлел[70]. Тағы бір аятта:

«Мүминдер жау топтарын көрген сәтте: «Міне бұл Аллаһ пен Оның елшісінің бізге уәде еткен нәрсесі. Аллаһ та, Оның елшісі де рас айтқан»-деді. Осы арқылы олардың имандары мен бойұсынушылығы арта түсті»-делінген[71]. Сонымен қатар:

«Оларға адамдар: «Сендерге қарсы адамдар жиналды. Енді олардан қорқыңдар»-деді. Алайда бұл олардың тек имандарын арттырып, олар: «Бізге Аллаһ жеткілікті, әрі Ол неткен жақсы ие»-деді»-делінген бір аятта[72].

Осыған орай пайғамбарымыз e да: «Иман алпыстан астам бөліктен (тұрады) әрі ұят-иманның бір бөлігі»-деген[73].

[37]-Ахмад. «Силсиләтул ахадис Әс-Сахиха», (284). Сахих хадис.

[38]-Ахмад; Әбу Дәуд; «Сахихут тарғиб», (564). Сахих хадис.

[39]-Намазды тастау күпірлік екеніне «әһлу сунна» ғұламалары бірауыздан келісім берген. Алайда бұл адамды Исламнан шығаратын үлкен күпірлік пе, жоқ Исламнан шығармайтын кіші күпірлік пе деген мәселе айналасында әртүрлі көзқарастар айтуда. Әрі бұл намазды еріншектіктен немесе намазға немқұрайлы қараушы адамға байланысты айтылған.

Намазды өзіне «парыз емес» деп, парыздығын мойындамай оны тастаушы адамға келсек, ғұламалардың бәрі де ондай адамның үлкен күпірлікке салынғанын айтады.

………………………………………..…………………………………………………………

Ибнул Қайим, (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Намазды тастау-үлкен күнәлардың бірі екендігіне әрі бұл өлтіру, ұрлау, зина жасау, арақ-шарап ішуден де ауыр күнә екеніне мұсылмандардың барлығы да бірауыздан келіскен. Намазды тастаушы адам өзін Аллаһтың жазасы мен ашуына сондай-ақ, осы дүниеде де, о дүниеде де қорлыққа әкеп тірейді»-деген[74].

Ескерту: Намазды еріншектіктен немесе намазға немқұрайлы қарау себебінен тастаушы адам үлкен күпірлікке түседі деушілердің өзі намазды тастаушы кез-келген адам кәпір болып, Исламнан шығып кетеді деп айтпайды.

Солих Ибн Абдуләзиз Али-Шейх намазды тастаушы адам кәпір болып, діннен шығатындығы жайлы айтып, сөзінің соңында: «Демек, намазды еріншектіктен немесе немқұрайлылықтан тастау-үлкен күпірлік дейміз. Алайда!!! Оның күпірлігі ішкі күпірлік емес сыртқы күпірлік. Әрі қазының (яғни шариғи соттың) дәлелі арқылы дәлелденбегенінше күпірлігі бір уақытта ішкі және сыртқы болмайды[75]. Ғұламалар осы мәселеде (яғни намаз мәселесінде) әртүрлі пікірде болуы себепті оның бойында күмән болуы немесе ол адам осы мәселені (өзінше қате) түсінуі мүмкін. Сол себепті де намазды тастағаны үшін нақты бір адамды Исламнан шықты деп, бұл үкімді қолдану дұрыс емес. Бірақ мұндай жағдайларда жалпы ереже айтылады, яғни: «Намазды тастау-үлкен күпірлік»-деген ереже. Ал нақты бір адамға келсек, ол адамға кәпір үкімін, сонымен қатар кәпірлерге қолданылатын осыдан кейінгі үкімдерді[76] де қолдану тек қазылардың мойнында. (Бұл шешімнің өзі) міндетті түрде қазылар күмәнін сейілтіп, тәубеге келуін сұрағаннан кейін ғана қабылданылуы керек»-деген[77].

Шейх Мухаммад ибн Солих Әл-Усаймин (оған Аллаһтың мейірімі жаусын) үлкен күпірлік жасап жүрген мұсылмандар жайында: «Ширк, күпірлік немесе осылардың бірін жасаушыға айтылған лағынет жайындағы үкімдерді келген түрінде бірден қолдануға тыйым салынған. /Итләқул хукм/. Себебі бұл мәселелерде үкім шығарудың өзіндік шарттары /шурут/ пен тыйымдары /мауаниғ/ бар.

әрі ондай адамды өлтіруді Аллаһ хәләл еткен [40].

-Пайғамбардан e кейін бұл үмметтің ең жақсысы, ең қайырлысы-Әбу Бәкр Әс-Сыддық t, сосын Омар ибн Әл-Хаттаб t, сосын Осман ибн Аффан t. Аллаһ елшісінің e сахабалары осы үшеуін бірінші қоюы себепті біз де бұл үшеуін бірінші атаймыз әрі бұл мәселеде ихтиләфқа[78] түспейміз.

Сол себепті де азығын өсімқорлықпен /рибамен/ тауып жүрген нақты бір адамды лағынетке ұшыраған деп айта алмаймыз. Себебі оның лағынеттелуіне кедергі келтіретін білімсіздік немесе күмән сияқты себептер бар шығар. Ширк мәселесі де осындай. Ширк жасаушы нақты бір адамға «мушрик» деп айта алмаймыз. Мүмкін сол адамның қасындағы ғалымдардың бұл мәселеде немқұрайлы болуы себепті ол адамға дәлел жетпеген шығар дегендей…»-деген[79].

Шейх Усаймин әрі қарай сөзін жалғап: «Демек, өлілерден бір нәрсе сұрау-күпірлік. Алайда дәлел жетпейінше осы істермен айналысып жүрген нақты бір адамды мүшрик деп айтуға тыйым салынған»-дейді[80].

[40]- Бұл жерде өлім қаупінде тұрса да намаз оқудан бас тартушы адамды өлтіруге болатындығы әрі мұндай адам үлкен күпірлік жасаушы болып саналатыны меңзелген. Ол діннен бас тартқандығы үшін өлтіріледі[81].

Алайда діннен бас тарту немесе осы сияқты кез-келген қылмыс түрін жасауда жазалауды кез-келген адам емес, мұсылмандар басшысы ғана жүргізе алады. Әсіресе дінсіз мемлекеттерде тұратындарға бұл өте маңызды.

Имам Ибн Муфлих (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Басшы немесе оның орынбасарынан /найбтен/ өзге біреу жазалауды өткізуіне тыйым салынған»-дейді[82].

Ал имам Ибн Рушд (оған Аллаһтың мейірімі жаусын) болса: «Ал шарап ішуге келсек, басқа қылмыстар сияқты бұған да жазаны басшы қолданатындығына барлығы да бірауыздан келіскен»-деген[83].

- Ал бұл үшеуінен кейін жиналысқа қатысушы бес адам /асхабу шура/. Олар: Али ибн Әбу Талиб t, Талха t, Әз-Зубайр t, Абдурахман ибн Ауф t және Сағд t. Бұлардың барлығы да басшы болуға лайықты болған әрі барлығы да имамдар. Бұл жайында біз Ибн Омардың t хадисіне сүйенеміз: «Аллаһ елшісі e мен сахабалардың көбісі тірі шағында біз: «Әбу Бәкр, сосын Омар, сосын Осман деп санап, содан кейін үндемейтінбіз»-деген [41];

- Жиналысқа қатысушылардан /асхабу шура/ кейін қоныс аудару /һижра/ мен Исламға алғаш кіруіне байланысты Аллаһ елшісінің e сахабалырынан Бәдір шайқасына қатысушы муһәжирлер, сосын Бәдірге қатысушы ансарлар жоғары тұрады.

- Осылардан кейін адамдардың ең абзалдары-Аллаһ елшісі e жіберілген ғасырдағы Аллаһ елшісінің e сахабалары [42]. Бір жыл, бір ай, бір күн, бір сағат онымен бірге болған адам, тіпті жай бір рет көрген адамның өзі оның сахабаларынан. Дәрежесі Аллаһ елшісімен e бірге болуына, Исламды ерте қабылдауына, одан көбірек естуіне, оны көбірек көруіне қатысты.

Сахабалар арасынан дәрежесі ең төменінің өзі пайғамбарды e көрмеген одан кейінгі буынның дәрежесінен әлдеқайда жоғары. Тіпті олар Аллаһты өзінің ең салихалы амалдарымен кездестірсе де.[43]

 

[41]-Әл-Албанидің «Сунна» атты еңбегін қараңыз, 1195. Сахих хадис.

[42]-Сахабалар дегеніміз тірі уақытында пайғамбарды e кездестіріп, оған иман келтіріп мұсылман болған күйде өлген адамдар.

[43]-Сахабалардың беделін білдіретін Құран аяттары мен хадистер өте көптеп кездеседі. Аллаһ тағала бұл жайында:

«Муһәжирлер мен ансарлардан Исламды ерте қабылдағандар мен оларға жақсылықта ергендерге Аллаһ разы болды. Олар да Аллаһқа разы. Аллаһ олар үшін астыларынан өзендер ағатын мәңгілік жәннаттарды әзірлеп қойды. Бұл ұлы жетістік»-деген[84]. Тағы бір аятта:

 

Пайғамбардың e сахабасы болып, оны көріп, оны естіген тіпті бір сағат болса да  оны өз көзімен көріп, оған иман келтірген адам, бірге болуына байланысты табиғиндер жақсылық амалдарын жасаса да, олардан  абзалырақ болып табылады. [44]; [45];

«Иман келтіріп, қоныс аударып сосын Аллаһ жолында күрескендер және қоныс беріп, жәрдем жасағандар, міне бұлар шынайы мүминдер. Бұларға кешірім әрі көркем несібе бар»-делінген[85]. Сондай-ақ:

«Бірақ елші және онымен бірге иман келтіргендер мал-мүліктерімен де, жандарымен де соғысты. Олар үшін жақсылықтар бар. Міне осылар құтылуға лайықтылар»-делінген[86]. Сонымен қатар:

«Мүминдер талдың астында саған ант беріп жатқан кезде Аллаһ оларға разы болды. Олардың жүректегілерін біліп, оларға тыныштық ұялатты. Сондай-ақ, оларға жақын арадағы жеңісті сыйлады»-деген[87].

Ал сүннетке келер болсақ, Аллаһ елшісі e: «Ең жақсы адамдар-менің ғасырым. Сосын олардан кейінгілер, сосын олардан кейінгілер»-деген[88].

[44]-Табиғин дегеніміз мұсылман бола тұра сахабалардың бірін кездестіріп, мұсылман қалпында өлген адамдар.

[45]-Пайғамбарымыздың e сахабалары жайында жаман сөз айту қатаң тыйым салынған нәрсе болып табылады. Бұл жайында ол e: «Менің сахабаларымды балағаттаушы адамға Аллаһтың, періштелердің және барлық адамдардың лағынеті болады»-деген[89].

Абдулла ибн Мубарак (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Екі қасиет иесі аман қалар деген үміттемін. Бұл екі қасиет: шыншылдық және Мұхаммедтің сахабаларына деген махаббат»-дейді[90].

Ал имам Мәлик (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Алдыңғы буын /сәләфтар/ өздерінің балаларына Құранды қалай үйрететін болса, тура солай Әбу Бәкрді t, Омарды t жақсы көруді де үйрететін»-деген[91].

— Жақсы немесе бұзық болса да басшылар мен мүминдер әміріне бойұсыну және оларды тыңдау. [46] Билікті алып, оның айналасына халық жиылып оған разы болған немесе қылыштың күшімен көтеріліп, билікке қол жеткізген адам «мүминдер әмірі» деп аталады.

- Ал соғыстар жақсы болса да, жаман болса да басшының жетекшілігімен жасалады [47]………………………………………………………..

[46]-Аллаһ тағала Құранда:

«Әй, иман келтіргендер! Аллаһқа бойұсыныңдар және елшіге сондай-ақ, араларыңдағы билік иесіне бойұсыныңдар»-деген[92].

Сондай-ақ, Аллаһ елшісі e: «Израйл қауымын пайғамбарлар басқарған. Бір пайғамбар өлген кезде, оның орнына басқасы келетін. Ал менен кейін пайғамбар болмайды, алайда басшылар болады әрі олар көп болады»-дейді. Сонда (сахабалар): «Бізге не бұйырасыз?»-деп сұрайды. (Пайғамбар e) оларға: «Оларға қатысты ант беріңдер әрі Аллаһтың оларға берген құқықтарымен санасыңдар. Ал олардың билігінде болған нәрсе үшін Аллаһ өзі сұрау жүргізеді»-деген[93].

Имам Бәрбәһари (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Өзінің басшысын жамандап жатқан адамды көрсең, онда ол адамның сезімге ерушілерден екенін (яғни жаңалық енгізуші /мубтадиғ/ екенін) біл. Ал егер өзінің басшысы үшін (Аллаһтан жақсылық) сұрап жатқан біреуді көрсең, ол адамның сүннетке ерушілерден екенін біл, иншалла»-деген[94].

[47]-Шейх Мухаммад ибн Солих Әл-Усаймин (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Жиһад төрт жағдайда ғана әрбір мұсылманға парыз болады (яғни фард айн. Міндетті түрде әрбір мұсылман атқаруы керек болған парыз түрі):

1) Майдан даласында жаумен бетпе-бет кезігіп қалғанда. Бұл жайында Аллаһ тағала Құранда:

«Әй, иман келтіргендер! Егер күпірлік келтіргендермен майдан даласында кездесіп қалсаңдар, онда оларға арқаларыңмен бұрылмаңдар. (15) Ал соғыс майданын ауыстыру немесе сапқа қосылу үшін бұрылғандардан өзге кімде-кім арқасымен бұрылса, онда Аллаһтың ашуына ұшырайды. Оның орны жәһәннам, неткен жаман орын!»-деген[95].

………………………………………………………………………………………………………

Сондай-ақ, Аллаһ елшісі e майдан даласынан қашуды үлкен күнәлардың бірі деп тіпті шектен шыққан күнәлардың[96] бірі деп атаған[97]. Алайда Аллаһ тағала өзінің құлдарына жеңілдік беріп, егер жау әскерінің саны мұсылман әскерінің санынан екі еседен артық болып тұрса, майдан даласын тастауға рұқсат берген. Бұл жайында Аллаһ тағала:

«Міне енді Аллаһ сендерге жеңілдік берді әрі сендерде әлсіздік бар екенін біледі. Сондықтан да араларыңнан жүз сабырлы болса, екіжүзді жеңеді. Ал егер араларыңнан мың болса, Аллаһтың рұқсатымен екі мыңды жеңеді. Шын мәнінде Аллаһ тағала сабырлылармен бірге»-деген[98]. Сол себепті де ғұламалар: «Жау әскерінің саны мұсылман әскерінің санынан екі еседен артық болып тұрса, онда майдан даласын тастауға болады»-деген.

2) Егер де мұны басшы бұйыратын болса. Яғни басшы адам соғысқа шығуды және соғысуды бұйыратын болса, онда мұсылман адам бұл нәрседе оған бойұсынуы міндетті.

Аллаһ тағала бұл жайында:

«Әй, иман келтіргендер! «Аллаһ жолында соғысқа шығыңдар!»-дегенде жерге қарай салмақ салып сендерге не болды?! Ақыреттен гөрі дүниеге артық разылық білдіресіңдер ме?! Шын мәнінде дүние тіршілігіндегі өткінші рахат ақыретке қарағанда өте аз ғана»-деген[99].

3) Егер (Ислам) мемлекетіне жау шапса, онда жиһад әрбір мұсылманның жеке парызы. Себебі бұл жағдайда қорғану жиһады болады /жиһәдуд дифәғ/. Егер жау елді басып алса, онда ел тұрғындарының басы өлімге тігілгенмен бірдей болады емес пе?! Әсіресе қазіргі таңда егер жау елді басып алатын болса, онда электр тоғын, су, газ сынды т.б. нәрселерді бөгеп тастайды, яғни халық өлімге душар болары сөзсіз. Ондай болса қорғану міндетті болмақ. Әрі бұл тек қорғануға шама келгенде ғана міндетті болып саналады.

4) Егер белгілі бір нақты адамның соғысқа қатысуы керек болып тұрса, онда сол адам соғысқа шығуы міндетті болады. (Мысалы белгілі бір іс маманы болып, онсыз жиһад жүргізу мүмкін болмай жатқан кезде).

Ғұламалардың айтуы бойынша осы төрт жағдайда жиһадқа шығу парыз болып саналады. Ал бұдан өзге жағдайларда жиһадқа шығу фард кифәя, яғни мұсылмандардың бір бөлігі атқаратын болса, басқа мұсылмандар мойнынан түсетін

……………………………………………………………………………………………………..

парыз түрі. Бұған Құран аяттарының басым бөлігі дәлел бола алады. Сондай-ақ, пайғамбарымыз e: «Исламдағы жиһад түйенің өркеші сияқты»-деп айтқан[100]. Яғни мужәһидтер[101] әркез өзінің жауынан басым болады, сол үшін де пайғамбарымыз e жиһадты түйенің өркешіне теңесе керек. Себебі бұл түйенің ең жоғарғы бөлігі болып саналады.

Негізінен жиһад фард кифая болып табылады, яғни мұсылмандардың бір бөлігі атқаратын болса, басқа мұсылмандар мойнынан түсетін парыз түрі. Егер де жиһад жүргізіп жатқандар аз болып жатса, онда қалғандарына да парыз болмақ.

Алайда Исламдағы кез-келген парыз сол парызды орындай алуға байланысты болатынын есте жақсы ұстау керек. Бұған Құран аяттары мен Сүннет дәлел болады. Алаһ тағала:

«Аллаһ біреуге шамасы келмейтінді жүктемейді»-деген[102].

«Аллаһтан шамаларың келгенінше қорқыңдар»-деген[103].

«Аллаһ жолындағы күресті дұрыс түрінде жүргізіңдер. Сендерді ол таңдады әрі сендерге дінде қиындық қылған емес»-дейді[104].

Яғни сендерге жиһад бұйырылған болса да ол жерде қиындық болмағаны дұрыс. Ал шамаларың келсе, онда ол оңай болады. Ал шамаларың келмесе, онда ол қиын болып /хараж/, бұл міндет мойындарыңнан түседі. Сол үшін де күш пен қуат керек етіледі. Бұл Құраннан келтірілген дәлелдер.

Сүннетке келер болсақ, пайғамбарымыз e: «Сендерге бұйырғандарымнан шамаларың келгенін істеңдер»-деген. Бұл жиһад болсын, басқа болсын, құлшылықтың барлық түрін қамтыған хадис болып саналады.

Ал деректерге жүгінсек, пайғамбарымыз e Меккеде болған шағында он үш жыл бойы халықты таухидке шақырғаны белгілі. Осы кезеңде өзінің де, онымен бірге болғандардың да азапқа душар болғанына қарамастан, оған жиһад жасау парыз етілмеген болатын. Ислам парыздарының көпшілігі Мәдинада ғана жүктелген-тін. Ал жиһад жасау міндет етілді ме? Жауабы: жоқ! Не себепті? Себебі олардың күші әлсіз болатын. Олар өздері үшін қорқатын. Сол үшін де пайғамбарымыз e Меккеден өзі үшін қорқып, Мәдинаға бас сауғалады. Сөйтіп мұсылмандардың жеке мемлекеті мен күші пайда болмайынша оларға жиһад, соғыс парыз етілмеді. Бұл жайында Аллаһ тағала:

Сондай-ақ, (соғыстар) қалдырылмау керек [48];

-  Сондай-ақ, соғыстан алынған олжаны бөлу, жаза қолдану сияқты нәрселердің бәрі де басшының бұйрығымен жүзеге асырылады. Ешкім де оларды жамандап [49] немесе орнынан құлатуға тырыспауы керек [50];

«Зұлымдыққа ұшырағандарға соғыс рұқсат етілді. Шын мәнінде Аллаһ оларға жәрдем жасауға шамасы жетеді»-деген[105].[106]

[48]-Шейх Солих ибн Фаузан Әл-Фаузаннан: «Ата-ана қарсы болмаса басшының рұқсатынсыз жиһадқа шығуға бола ма?»-деп сұраған екен. Сонда ол: «Кімге қарсы жиһад? Сондай-ақ, сен қай басшының туының астында жиһад жүргізбекшісің? (Сен тұрып жатқан) мемлекет пен (басқа мемлекеттер арасында) арнайы келісімшарттар бар. Сол себепті де сен (жиһад жүріп жатқан) басқа елге қарай шығу үшін басшыдан рұқсат алуың керек болады. Бұл мәселелердің өзіндік негіздері бар. Бұл мәселелерде анархия[107] болмайды. Сол үшін де басшың, ата-анаң рұқсат етіп тұрса, әрі өзіңнің де күшің жетіп тұрса, онда оқасы жоқ»-деп жауап қатады[108].

[49]-Абдулла ибн Ғуқайманың: «Османның өлімінен кейін ешкімге ешқашан өлтіруде көмек жасамаймын»-дегені айтылады. Сонда одан: «Сен Османды өлтіруде көмек жасадың ба?»-деп сұрайды. Ол: «Менің ойымша оның кемшілігін айтып, сөз қозғауым оның өліміне себепші болған сияқты»-деген[109].

Имам Ибн Хәжәр (оған Аллаһтың мейірімі жаусын), хауариждердің ағымдарын тізіп келе жатып: «Әл-Қағадия дегендер басшыға қарсы шығуға шақырып, өздері қарсы шықпайтындар»-деген[110].

Имам Әбу Дәуд (оған Аллаһтың мейірімі жаусын) Абдулла ибн Мухаммадтың (оған Аллаһтың мейірімі жаусын) былай дегенін жеткізеді: «Хауариждердің ең жеккөрініштілері-отырықшы хауариждер /әл-қағадия/»[111]. (Яғни басшылардың бойларында шынымен де кемістіктер болып, оларды сыртынан жамандап, олардың кемшіліктерін айтушылар).

[50]-Әбу Умәмә Әл-Бәһилиден t жеткен хабарда пайғамбарымыз e: «Ұнаса да, ұнамаса да жеңілдік пен қиыншылақта да тіпті сендер хақылы болғанды басқаға үлестіріп қойса да (басшыларға) бойұсынып, оларды тыңдаңдар! Сондай-ақ, өздеріңді соған лайықты деп білсеңдер де, қарамақтарыңда болмаған нәрсеге ұмтылмаңдар»-деген[112].

- Оларға (яғни басшыларға) парыз етілген садақаны /зекетті/ төлеу рұқсат етілген әрі оның зекеті дұрыс болады. Кімде-кім оларға (зекет) төлесе, ол (басшы) жақсы болсын, жаман болсын, бәрібір зекет төлеушінің зекеті дұрыс болып саналады [51];

- Оның артынан немесе оның орынбасарының артынан жұма намазын оқу-рұқсат етілген, әркез осылай жалғаспақ, дұрыс әрі екі рәкәттан тұрады. Кімде-кім қайтадан оқыса, онда ол дінге жаңалық енгізушілерден, алдыңғы буыннан келгенді тастаушы әрі сүннетке қарсы келуші болып табылады [52];

Жақсы болсын, жаман болсын қандай болса да басшының артынан намаз оқуды парыз деп білмесе, оның оқыған жұма намазының сауабы болмайды. Ал олардың артына ұйып екі рәкәт оқу, сондай-ақ, намазының толықтығына сенім арту-сүннет болып саналады. Бұл мәселеде көкейіңде ешбір күмән болмауы керек [53];

[51]-Пайғамбарымыз e айтқанындай, бұл барлық құлшылық түріне байланысты. Пайғамбарымыз e: «(Имамдар) сендермен намаз оқиды. Егер олар дұрыс жасаса, онда сендерге де, оларға да сауап бар. Ал егер олар қате жасаса, онда сендерге сауап, ал оларға күнә болмақ»-деген[113].

Имам Ибн Әбул-‘Изз Әл-Ханафи (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Бұл егер имам қате жасаса осы әрекеті оған ерушілерге емес, имамның өзіне қарсы болатыны жайындағы анық мәнмәтін»-деген[114].

[52]- Имам Ибн Әбул-‘Изз Әл-Ханафи де (оған Аллаһтың мейірімі жаусын) осыны айтады. «Шархут Тахауияны» қараңыз. 374 бет.

[53]-Шейхул Ислам Ибн Тәймия (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Намаз оқушы адам имамның дінге жаңалық енгізуші, бидғатшы, бидғатқа шақырушы немесе анық пасық /фасиқ/ екенін біліп, ол имам сол мешіттің күнделікті имамы болатын болса, сонымен қатар жұма намазына, айт намаздарына одан өзге имамды тағайындау мүмкін болмаса, немесе ол Арафаттағы имам болса, онда мұсылмандар сол имамның артынан намаз оқуға міндетті. Бұл әуелгі буын /сәләфтардың/ да, кейінгі буын /хәләфтардың/ да пікірі»-деген[115].

Имам Ибн Әл-Қуддама Әл-Мақдиси (оған Аллаһтың мейірімі жаусын) «Әл-Муғни» атты кітабында былай деген: «Егер де (мұсылман) Исламында күмәні бар біреудің артынан соған ұйып намаз оқыса, оның намазы дұрыс болып саналады»[116].

- Ризашылықпен немесе күшпен билікке қол жеткізіп, айналасына халық жиылып, оны басшы деп білетін мұсылман басшыларының біріне қарсы шыққандар мұсылмандар бірлігін бұзушы болып табылады. (яғни басшыға қарсы шығушылар немесе «хауариждер» болып саналады [54]).

[54]-Хауариждер (шығып кеткендер) бұл Исламдағы ең бірінші секта. Мұсылман басшыларына қарсы (сыртынан сөйлеу арқылы) сөзбен немесе оларға қарсы қарумен шығу-олардың ең басты белгілерінің бірі болып табылады. Олардың кейбіреулері мұсылмандарды кәпір деп, оларды өлтіруге болады деп айтуды шығарған. Олар күпірлікте кінәлап өлтірген адамдардың ішінде мұсылмандар әмірі /амирул муминин/ Али ибн Әбу Талиб t те бар. Пайғамбарымыз e олар жайында хабар беріп: «Шын мәнінде өздерінің құлшылықтарында өте тиянақты болғаны сонша, өзгелер де, өздері де таңқалатын араларыңда бір қауым болады. Бірақ та олар садақ оғы нысананы тесіп өткеніндей, Исламнан тез шығып кетеді»-деген[117]. Сондай-ақ, олар жайында айтқан басқа бір хадисінде: «Пұтқа табынушыларды қалдырып, иман иелерімен соғысатын болады»-деген[118].

Әбу Сағид Әл-Худри t әңгімелеп: «Пайғамбарымыз e Али t жіберген саф алтынды адамдарға үлестіріп жатқанда көзі ішіне кіріңкі, бет сүйегі кең, маңдайы шығыңқы, қою сақалды, тақыр басты, изары[119] көтеріңкі бір адам орнынан тұрып: «Әй, Аллаһ елшісі! Аллаһтын қорықсаңшы!»-дейді. Сонда пайғамбарымыз e: «Обалдасың! Жер бетін мекендеушілерден артық қорқу маған лайықты емей кімге лайық?!»-дейді. Сонда әлгі адам кетіп қалып, Халид ибн Әл-Уәлид: «Әй, Аллаһтың елшісі! Оның басын шауып алайын ба?»-дейді. Сонда пайғамбар e: «Жоқ, ол намаз оқушылардың қатарына жататын шығар»-дейді. Халид: «Сөздері көкейіндегісіне сәйкеспейтін намаз оқушылар көп емес пе?!»-дейді. Аллаһ елшісі e оған жауап қатып: «Шын мәнінде мен адамдардың жүректеріне кіріп, көкейлеріндегіні ақтаруға бұйырылмадым»-дейді. Содан соң кетіп бара жатқан әлгі адамның ізіне қарап: «Шын мәнінде мынаның ұрпақтарының арасынан Құранды жұмсақ дауыстарымен оқып, ол олардың жұтқыншағынан әрі өтпейтін қауым шығады. (Яғни Құран жүректеріне жетпейді). Олар атылған садақ оғы нысананы тесіп өткеніндей діннен тез шығып кетеді»-деді[120].

Сондай-ақ, пайғамбарымыз e олар жайлы: «Отты мекендеуші иттердің бірі»-деген[121].

Тағы бір хадисте: «Бұлар менің үмметімнің ең жақсыларын өлтіретін ең сорақылар»-деген[122].

Сонымен қатар: «Соңғы кезеңдерде ақылдары таяз жастар шығып, жаратылыстың ең қайырлысының (пайғамбардың e) сөздерін айтып, алайда Исламнан атылған садақ оғы сияқты шығып кететін адамдар пайда болады. Олардың имандары жұтқыншақтарынан әрі өтпейді. Сол үшін де оларды қай жерде кездестірсеңдер, өлтіріңдер. Шын мәнінде оларды өлтіруші адам Қиямет күні сол үшін сауап алады»-деген.

…………………………………………………….……………………………………………

Олар жайлы айтылған тағы бір хадисінде: «Сендер үшін қорқатын адамдарымның ішіндегі ең үрейлісі-Құранды оқып, тіпті оның (Құранның) әдемілігі оның бойынан көрініп, сөйтіп ол Исламды жақтаушы болатын адам. Сосын ол Құранды артқы жағына лақтырып, қалдырады да, көршісіне қылышпен шауып, оны ширкте кінәлайтын болады»-дейді. Осы кезде Хузайфа: «Әй, Аллаһтың пайғамбары! Екеуінен ширкке қайсысы жақын? Кінәлаушы ма, жоқ кінә тағылғаны ма?»-деп сұрайды. Ол e: «Жоқ, бәлкім, кінәлаушы»-деп жауап қатады[123].

Тағы бір хабарларда Аллаһ елшісі e: «Шығыс жақтан менің үмметімнен болған бір адамдар пайда болады. Егер Құран оқыса, ол олардың жұтқыншақтарынан әрі өтпейді. Олар әр ғасырда шығып, күл-талқан етіледі, әр ғасырда шығып, күл-талқан етіледі»-деп, осы сөзді жиырмадан астам мәрте қайталап: «Әрбір ғасырда шығып, күл-талқан етіледі. Сөйтіп олардың әскерлерінің арасынан Дәжжал шыққанға дейін осылай жалғасады»-деген[124]. Бұл хадисте «Хауариждер біздің заманымызда жоқ, олар тек сахабалар дәуірінде болған»-деген пікірді ұстанушыларға қарсы жауап айтылған. Бұл қате пікір, бәлкім олар сол кезде болған, қазір бар әрі Қияметке дейін де болмақ. Шейхул Ислам Ибн Тәймия: «Хауариждердің Дәжжал шыққанға дейін шығуын тоқтатпайтындығын пайғамбарымыз e бір хадисінде ғана айтып кетпеген»-дейді[125].

Сондай-ақ, бұл хадисте жерде бүлік пен бұзықтық тудырып жүрген хауариждерге Аллаһ тағаланың ешқашан да билік тізгінін ұстатпайтындығына әрі олар ешқашан да ақиқат жолындағылардан басым болмайтындығана дәлел айтылған.

Сонымен қатар Аллаһ елшісі e: «Олар жаратылыстың ең нашары. Оларды өлтіруші немес солардың қолынан өлгенге туба (жақсылық) болсын»-деген[126]. Алайда мұсылман адам хуариж деп білген, мейлі ол шынымен де солай болса да,  кез-келген адамды өлтіре беруіне тағы болмайды. Бұл нәрсені оларға дәлел /хужжә/ жеткізгеннен кейін барып мұсылмандар басшысы ғана жасайды.

Имам Бұхари (оған Аллаһтың мейірімі жаусын), өзінің «Сахихтер» жиынының бір бабын: «Оларға дәлел жеткізгеннен кейін хауариждерді өлтіру жайында»-деп атаған. Содан кейін:

«Аллаһ бір елді тура жолға салғаннан кейін олардың сақтануы керек болған нәрселерін ашық білдірмейінше оларды адастырмайды»-деген аятты келтірген[127].

Ибн Таймия (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Дінге жаңалық енгізушілердің басшылары жай күнә жасаушыларға қарағанда үмметке көп зиян тигізеді. Сол үшін де пайғамбарымыз e хауариждерді өлтіруді бұйырып, ал әділетсіз мұсылман басшыларына қарсы шығуға тыйым салған»-дейді[128].

Мұндай адам (өзінің әрекеттерімен) Аллаһ елшісінің e сүннетіне қайшы болып табылады. Бұл хауариж осы қалпында өлсе, онда ол надандық /жәһилия/ өлімімен өлген болып саналады. [55]

-  Басшымен соғысу немесе оған қарсы шығу ешкімге де рұқсат етілмеген. [56]  Ал кім бұлай жасайтын болса, онда ол дінге жаңалық енгізуші [57] әрі сүннет пен (алдыңғы буын) жолына қарсы келуші болып табылмақ. [58]

Ади ибн Әбу Хатим t былай деп әңгімелейді: «Бірде біз Аллаһ елшісінен e: «Әй, Аллаһ елшісі! Біз тақуа болған басшыға бағыну жайында сұрамаймыз. Ал егер ол мынадай-мынадай заттарды істейтін болса не істеуіміз керек?»-деп сұрадық. Ол осы жерде жамандықты айтып кетті. (Яғни «Мынадай жамандық, мынадай жамандық жасаса не істейміз?»-деп сұрады) Сонда пайғамбарымыз e: «Аллаһтан қорқыңдар да бойұсынып, тыңдаңдар»-деді»-дейді[129].

Әй, мұсылмандар! Пайғамбарымыздың e хауариждерге қарсы соғысуды бұйырып, ал әділетсіз болса да мұсылман басшыларына қарсы шығуды қалай тыятындығына назар аударып көріңдерші. Бұл залым болса да патшалардан келетін зияннан гөрі хауариждердің зияны дініміз бен жалпы мұсылмандарға қаттырақ болатынын айтқан шейхул Ислам Ибн Тәимияның сөзіне саяды емес пе?!

[55]-Имам Ахмад (оған Аллаһтың мейірімі жаусын) пайғамбарымыздың e: «Егер де біреулерің басшы тарапынан өзіне ұнамайтын нәрсе көрсе, онда сабыр сақтасын. Себебі шын мәнінде кімде-кім бір қарыс болса да жамағаттан бөлінетін болса, онда ол надандық өлімімен өледі»-деген хадисіне сүйенген[130].

[56]-Себебі бұл хауариждердің жолы, Аллаһ олардың көзін құртсын!

[57]-Имам Әжурри (оған Аллаһтың мейірім жаусын): «Кімде-кімді Аллаһ тағала хауариждердің жолы мен пікірінен сақтаса, сондай-ақ ол басшылардан тарайтын зұлымдық пен әділетсіздікке сабыр сақтап, мұсылмандар үшін олардың зұлымдығынан босатуды әрі оларды салихалы басшы етуін Аллаһтан сұрайтын болса, олармен бірге қажылық, жиһад жасап, жұма, айт намаздарын бірігіп оқитын болса, бұйырған нәрселерін шамасы келгенінше орындап, ал шамасы келмесе ақталып, ал егер тыйым салынған нәрсе бұйыратын болса, ол нәрседе боұсынбайтын болса, сонымен қатар басшы арасында дау туып қалғанда үйінен шықпай, тілі мен қолын сақтап, дауға қатыспайтын болса, осы айтылғанның бәрі бойында жиналған адам тура жолда, инша Аллаһ»-дейді[131].

[58]-Шейх Мухаммад ибн Солих Әл-Усаймин (оған Аллаһтың мейірім жаусын) «әһлу сунна» негіздері жайлы қойылған сұраққа жауап бере келе былай деген: ««Әһлу сунна» мен дінге жаңалық енгізушілердің арасындағы айырмашылықтардың бірі-басшыға қарсы шығу. Әһлу сунна: «Қандай үлкен күнә мен пасықтық жасап жатса да, анық күпірлік /куфрун бауах/ жасамайынша біз басшыларға бойұсынуымыз керек»-дейді. Себебі пайғамбарымыз e белгілі бір шарттар болмайынша басшыға қарсы шығуымызға тыйым салған. Ол e: «Тек егер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Егер де адамға шабуыл жасап, адамның жаны немес малына қастандық жасайтын болса, онда ұрылармен және хауариждермен соғысу-рұқсат етілген. Ол өзінің жаны мен малын шамасы жткенше кез-келген түрде қорғап, соғыса алады.

Ал егер олар (яғни ұрылар немесе хауариждер) оны тастап кетсе, онда олардың артынан қуудың немесе аңдудың еш керегі жоқ. Бұл нәрсені тек имам немесе мұсылмандар әмірі жасай алады.

 

 

(басшы тарапынан) анық күпірлік /куфрун бауах/ көрсеңдер әрі (ол күпірліктің күпірлік екеніне) Аллаһтан келген дәлел бар болса ғана»-деген[132].

1 шарт:

«Тек егер… көрсеңдер», яғни өз көздеріңмен немесе анық білім арқылы көз жеткізсеңдер.

2 шарт:

Оның күнәсі «пасықтық /фисқ/» емес, «күпірлік /куфр/» болуы керек. Егер ол зина жасаса, ұрласа, өлтірсе де, мұның бәрі оны Исламнан шығарып тастамайды. Алайда ол пасық болып, оған ешкімнің де қарсы шығуына болмайды.

3 шарт:

Оның жасаған күпірлігі «анық /бауах/» болуы керек. Яғни оның күпірлігі түсіндіру /тә’уил/ арқылы шығатын күпірлік болмауы керек. Егер де оның әрекеттерін түсіндірілетін болса, онда оны күпірлікте кіналап, оған қарсы шығуға болмайды.

4 шарт:

«…әрі (ол күпірліктің күпірлік екеніне) Аллаһтан келген дәлел бар болса ғана», яғни оның жасаған күпірлігі салыстыру арқылы туындайтын күпірлік болмауы тиіс. Жасағаны анық күпірлік болып, ол нәрсеге Аллаһтан дәлел болуы керек, яғни Құран мен сүннеттен.

Бұл төрт шарт. Құран мен сүннеттің басқа да мәнмәтіндерінен алынатын бесінші шарт тағы бар. Ол шарт-анық күпірлік жасап жатқан басшыны тақтан құлататындай күш-қуатымыз болуы қажет. Егер де күшіміз жетпесе, онда онымен болған соғыстан кейінгі келетін зиян, соғысқа дейінгі зияннан көп болып кетуі ғажап емес. Мұндай жағдайда (яғни күшіміз жетпесе) жағдайымызды шамамыз келетін басқа жолдармен жөндеуіміз керек болады»-деп жауап берген[133].

Сондай-ақ, басшысы кәпір болған мемлекетте тұратын мұсылмандарға өздерін қалай ұстауы керектігін айтып: «Егер де (мұсылман адам) күпірлік елінде тұратын болса, ал күпірлік елінде имам болмайды, себебі кәпір (басшы) мұсылмандарға имам бола алмайды. Алайда (мұсылман адам сол мемлекеттің) күнәлі заңдарынан өзге заңдарына бағынуы керек. Себебі (ол мұсылман сол елдің) қоластында, қарамағында болып табылады. Сол үшін де мейлі кәпір болса да, тұрып жатқан елінің Исламға қайшылығы жоқ заңдарына бағынуы керек болып табылады»-дейді[134].

Шабуыл жасалған адам тек сол шабуыл жасалған жерде ғана (өзін) қорғай алады. Ешкімді де өлтіріп алмауға тырысқаны жөн. Ал егер де байқаусызда өзінің жаны мен малын қорғау барысында шабуыл жасалғанның қолынан шабуыл жасаушы өліп кететін болса, онда өлгенді Аллаһ алыстатсын.

Ал осындай жағдайда яғни өзінің жаны мен малы үшін соғысып жатқан уақытта қорғанушы адам қайтыс болса, онда ол адам Аллаһ жолында шәһид болып қайтыс болды деген үміттемін. [59] Бұл жайында келген барлық хабарлар мен хадистерде айтылғанындай шын мәнінде оларды өлтіру немесе аңду емес, олармен соғысу бұйырылған. Егер де ол (ұры немесе хауариж) құлап немесе жарақаттанатын болса, оны әрі қарай өлтірудің еш керегі жоқ. Ал егер қорғанушы адам оны кепілдікке алатын болса, онда оны өз бетімен өлтіруге немесе оған қатысты шариғат үкімін жүргізуіне болмайды. Алайда істі қарастыру басшыға тапсырылып, онымен әрі қарай не істеу керектігін сол шешпек.

Амалдарына қарап ешбір мұсылманды да жәннаттық немесе тозақтық деп куәлік келтіре алмаймыз. [60] Салихалы адам (жәннатқа түсер деп) ол үшін үміттеніп, сонымен қатар ол үшін қорқамыз. Ал күнәһар адам (тозаққа түсетін шығар деп) қорқып, сонымен қатар Аллаһ мейіріміне бөлейтін шығар деп үміттенеміз.

Кімде-кім тозаққа түсуді міндеттейтін күнәмен болып, тәубе етіп, күнәсін жалғастырмайтын түрде Аллаһты кездестірсе, Аллаһ оның тәубесін қабыл етеді. Шын мәнінде Аллаһ құлдарының тәубесін қабыл етіп, күнәларды кешіреді. [61].

[59]-Әбу Һурайрадан t жеткен хабарда, бір күні пайғамбарымызға e бір адам келіп: «Әй, Аллаһтың елшісі! Егер де бірен-біреу менің мүлкіме қол сұғатын болса мен не істейін?»-деп сұрайды. (Пайғамбарымыз e): «Оған мүлкіңді берме»-дейді. Әлгі адам сөзін жалғап: «Ал егер ол менімен соғыса бастаса ше?»-дейді. Пайғамбарымыз e: «Онда сен де онымен соғыс»-дейді. Ол: «Ал егер ол мені өлтіріп қойса ше?»-дегенде пайғамбарымыз e: «Онда шәһид боласың»-дейді. Әлгі адам: «Ал егер мен оны өлтірсем не болмақ?»-дегенге пайғамбарымыз e: «Ол отта болады»-деп жауап қатты[135].

[60]-Құран мен сүннетте жәннаттық (мысалы жәннатпен сүйіншіленген он сахаба)немесе тозақтық  деп айтылғандардан (мысалы перғауын, Әбу Ләһәб сияқтылардан) басқа адамдарды жәннаттық немесе тозақтық деп куәлік келтіре алмаймыз.

[61]-Аллаһ тағала Құранда:

Аллаһ елшісінің e хадистерінде келгеніндей, егер күнәсі үшін осы дүниеде жаза алып барып (Аллаһты) кездестірсе, онда сол жаза оның күнәсінің орнын толтырады /кәффарат болады/. [62]

Ал кімде-кім Оны (Аллаһты) тәубе етпеген күйде жазалануы керек болған күнәларымен кездестірсе, оның ісі Аллаһтың қарауында. Қаласа кешірер, ал қаласа азаптайды. [63].

Ал кімде-кім Оны (Аллаһты) кәпір қалпында кездестірсе, оны азаптайды әрі кешірмейді [64].

 

Тұрмыс құрғаннан кейін зина жасап, өзінің күнәсін мойындағаннан кейін немесе істегені дәлелденгеннен кейін лайқты болғаны үшін таспен атқыланады.

Аллаһтың елшісі e де, [65] әділетті халифтер де тас атқылауды жасаған.

 

«Ол құлдарының тәубесін қабыл етеді де, күнәларын кешіреді. Әрі не істегендеріңді біледі»-деген[136].

[62]- Ғубада ибн Сомиттен жеткен хабарда Аллаһ елшісінің: «…Ал енді кімде-кім осылардан бір нәрседе қателік жасаса, (яғни осы дүниеде орны толтырылатын күнәларды жасаса. Мыс: Зина жасау, ұрлау т.б.) онда ол осы дүниеде азапталып, (сол азабы жасаған күнәсінің) орнын толтырып, кәффарат болады. (Яғни күнәсі кешіріледі).  Ал енді кімде-кім осылардан бір нәрседе қателік жасап, Аллаһ оны жасырса, онда ол Аллаһқа (қайтады). Қаласа кешіреді, ал қаламаса азаптайды»-деп айтқаны келтірілген[137].

 

[62]- Аллаһ тағала Құранда:

«Негізінен Аллаһ өзіне серік қосуды кешірмейді. Ал бұдан өзгесін қалаған адамына кешіреді»-деген[138].

[64]-Бұл жайында Аллаһ тағала:

«Кімде-кім Аллаһқа серік қосса, шын мәніде сол адамға жәннатты харам етті әрі барар жері тозақ болмақ. Сондай-ақ, залымдар үшін жәрдемші болмайды»-деген[139].

[65]-Бұхари, (6814); Муслим, (1690).

- Аллаһ елшісінің e сахабаларына тіл тигізуші немесе оларды бір нәрсе үшін жеккөріп, олардың кемшіліктерін айтатын адам олар үшін Аллаһтан мейірім сұрап, жүрегінде оларға деген жеккөрініштің белгісі толық кетпейінше дінге жаңалық енгізуші болып табылады. [66]

- Екіжүзділік /нифақ/-күпірлік болып табылады. Ал бұл пайғамбарымыздың e заманында болған мунафиқтар сияқты, Аллаһқа иман келтірмеу әрі басқаға құлшылық жасап, Исламды сыртымен көрсету [67].

- Сондай-ақ, «Бойында үш (белгі) жиналған адам-екіжүзді»-деген сөздері қорқыту әрі үрей болып табылады. Біз мұны қалай келсе солай жеткізіп, мәніне тереңдеп, түсіндірмейміз [68].

 

[66]-Аллаһ елшісі e: «Менің сахабаларымды балағаттаушы адамға Аллаһтың, періштелердің және барлық адамның лағынеті болсын»-деген[140].

Шииттік рафидиттер-біздің заманымызда сахабаларды жамандау, балағаттаумен аты шулылардың бірі болып табылады. (Ирандағы ресми дін).

Имам Әбу Убай Әл-Қасим ибн Сәләм: «Мен (әртүрлі) адамдармен бірге тұрғанмын. Тіпті философ-ойшылдармен де сөйлескенмін. Алайда мен рафидиттерден асқан лас, кір әрі әлсіз дәлелді, ақымақ елді көрмеппін»-деген[141].

[67]-Аллаһ тағала Құранда:

«Негізінен мұнафиқтар тозақтың ең төменгі қабатында болады. Әрі оларға ешбір жәрдемші таба алмайсың»-деген.[142]

[68]-Аллаһ елшісі: «Мунафиқтың белгісі үшеу: егер сөйлесе, өтірік айтады, егер уәде берсе, сөзін бұзады, егер оған аманат беріліп, сенім артылса, қиянат жасайды»-деген[143].

Сондай-ақ: «Кімде-кімнің бойынан төрт нәрсе табылса анық екіжүзді /мунафиқ/ болады. Ал кімде-кімнің бойында солардың бір түрі болса, оны тастамайынша сол адамда екіжүзділіктің бір белгісі болады: егер оған аманат беріліп, сенім артылса-қиянат жасайды, егер сөйлесе-жалған сөйлейді, егер келісім жасасса-опасыздық, қиянат жасайды, егер дауласса-заңсыздық, бұзықтық жасайды»-деп те айтқан[144].

Сондай-ақ, оның e: «Менен кейін бір-біріңнің басын шабатындай кәпір [69] әрі адасушы болмаңдар»-деген сөздері [70], сол сияқты: «Мұсылманды балағаттау-пасықтық, ал оны өлтіру-күпірлік»-деген сөздері. [71] Сонымен қатар: «Кімде-кім бауырына «әй, кәпір» десе, онда екеуінің бірі сондай болмақ»-деген сөздері. [72] Сол сияқты: «Атақты болмаса да шыққан тектен бас тарту-күпірлік». [73] Осы сияқты бізге жетіп, дұрыс болып саналатын хадистердің түсіндірмесін білмесек те оны қабылдаймыз. Әрі бұл мәселелерде көп сөз қозғамаймыз да, дауласпаймыз да, (алдыңғы буыннан келген) түсініктемеден артық түсініктеме жасамаймыз. Одан күштірегі болмаса, басқа жолмен жоққа шығармаймыз

Жәннат пен тозақ жаратылып қойылған. [74]………………………

 

[69] – Имам Ахмад Құран мен сүннетте «күпірлік» сөзінің екі түрі болатынын айтқысы келген. Үлкен және кіші.

Имам Бұхари өзінің сахихтер жинағының бір бабын: «Кіші күпірлік бабы»-деп атаған. /Бәб «Куфрун дунә куфр»/.

Ескерту: Шейх Уәлид ибн Сәйфун Наср: «Күндіз-түні адамдарды күпірлікте кінәлаушылар енді қорықсын. Олар үлкен күпірлік пен кіші күпірлік арасын ажыратпайды. Сондай-ақ олар іс пен істеушінің арасында да айырмашылық болатынын білмейді. Сөйте тұра олар өздерін білімдіміз дейді. Мұсылмандарды жасаған күнәлары үшін кәпір дейтін аталары «хауариждерде» болған күмәндар /шубуһәт/ олардың бойында да бар. Себебі олар нағыз білім иелерінен білім алмаған. Олар елес қуып, соны дәлел деп біледі. Ал ғұламалардың түсінігінде бұл дәлел бола алмайды»-деген[145].

[70]-Бұхари, (121, 4405, 6869); Әбу Бакрадан[146].

[71]-Бұхари, (5935); Муслим, (64); Абдулла ибн Масғудтан.

[72]-Бұхари, (6104); Муслим, (60); Абдулла ибн Омардан.

[73]-Ахмад, (2/215); «Сахихул жәмиғ Ас-Сағир», 4485. Сахих хадис.

[74]-Аллаһ тағала Құранда:

«Раббыларыңның кешіріміне әрі тақуалар үшін әзірленген, кеңдігі жер мен көктей жәннатқа жарысыңдар!»-деген[147]. Тозақ туралы айтылған бір аятта:

«Кәпірлер үшін әзірленген тозақтан қорқыңдар»-делінген[148].

Сондай-ақ, Аллаһ елшісі e: «Жаным қолында болғанмен ант етейін, егер де сендер мен көрген нәрсені көргенде аз күліп, көп жылайтын едіңдер»-дейді. Сонда сахабалар: «Не

Аллаһ елшісінен: «Мен жәннатқа кіріп, ол жерде сарайды көрдім»[75], «…Кәусарды көрдім»-деген. [76] Сондай-ақ, «Маған тозақ көрсетіліп, оның тұрғындарының көбісі әйелдер екенін көрдім…» [77]   және «Маған тозақ көрсетіліп, мен бәлен-бәлен нәрсені көрдім»-дегеніндей. Кімде-кім бұларды жаратылмаған десе, онда ол Құран мен Аллаһ елшісінің хадистеріне сенбеген болып табылады әрі ол тозақ пен жәннатқа сенеді деп те ойламаймын.

- Ал жалғыз Аллаһқа құлшылық қылған күйде өлген адамға жаназа намазы оқылады да ол үшін кешірім сұралады. [78] Ол үшін кешірім тілеуден бас тартуға болмайды әрі біз оның жасаған үлкенді-кішілі күнәлары үшін оған намаз оқуды қалдырмаймыз. Оның ісі Құдіретті, Күшті Аллаһтың қарауында.

 

көрдіңіз, иә, Аллаһтың елшісі?»-деп сұрайды. Пайғамбарымыз e: «Жәннат пен тозақты»-дейді[149].

[75] – «Сахихул Жәмиғ Ас-Сағир», 3478.

[76] – «Силсиләтул ахадис Ас-Сахиха»,3610.

[77] – «Силсиләтул ахадис Ас-Сахиха», 2586.

[78] – Аллаһ тағала Құранда:

«Олардан кейін келгендер: «Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иман келтірген туыстарымызды кешіре гөр! Әрі жүрегімізде иман келтіргендерге деген кірбің, қызғаныш қалдыра көрме! Раббымыз, шынында сен өте жұмсақ, ерекше мейірімдісің»-дейді»-деген[150].

[79]-Күнә жасаушы болса да, қайтыс болған мұсылман адамға жаназа намазын оқу-парыз кифая болып табылады. Егер де ол адамға ешкім де жаназа намазын оқымайтын болса, онда мұны жасауға шамасы келген барлық мұсылманның мойнына күнә болып тағылады.

Зәйд ибн Халид Әл-Жумахиден жеткен хабарда Хайбар жорығында бір сахаба қайтыс болғанда Аллаһ елшісі e: «Тұрып достарың үшін жаназа намазын оқыңдар»-дейді[151]. Имам Науауи: «Пайғамбарымыздың e: «Тұрып достарың үшін жаназа намазын оқыңдар»-деген сөздері қайтыс болған мұсылман адамға жаназа оқудың міндеттілігін білдіреді. Әрі бұл барлық ғұламалардың келісімі /ижмағ/ бойынша «фард кифая» болып табылады»-деген[152].


Барлық мақтау әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән! Мұхаммедке, отбасына және оның сахабаларына Аллаһ тағаланың салауаттары мен сәлемдері болсын!


[1] Әли Ғымран сүресі, 102 аят.

[2] Ниса сүресі, 1 аят.

[3] Ахзап сүресі, 70-71 аяттар.

[4] Аллаһ елшісінің есімі аталған кезде e белгісі қойылды. Яғни /Саллаллаһу ‘аләйһи уә сәлләм/. Мағынасы: «Оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын» деген сөз.

Ал басқа пайғамбарлар мен періштелер есімдері аталған кезде u белгісі қойылды. Яғни /’Әләйһис сәләм/. Мағынасы: «Оған сәлем болсын» деген сөз.

Сондай-ақ, сахабалар есімдері аталған кезде t белгісі қойылды. Яғни /Радиаллаһу анһу/. Мағынасы: «Аллаһ оған разы болсын» деген сөз.

[5] “Әш-Шифә”, 2/676.

[6] Бақара сүресі, 137 аят.

[7] Шейхул Исләм Ибн Тәймия (оған Аллаһтың мейірімі жаусын), «әһлу сунна уәл жамаға» терминіне түсініктеме беріп, былай деген: «Бұл Аллаһ кітабы мен Оның елшісінің e сүннетін, осы үмметтің алғашқы буыны болған муһәжирлер мен ансарлардың ұстанғандарын ұстанып, ықыласты түрде соларға ерушілер». («Мәжмуғат әл-Фәтәуә», 2/375).

[8] «Сахих Әбу Дәуд», (4811). Сахих /дұрыс/ хадис.

[9] «Сияр Әғләм», 11/188.

[10] «Сияр Әғләм», 11/195.

[11] «Сияр Әғләм», 11/198. Бұл біздің уақыттағы мухаддистерге* де қатысты болып табылады. Шейх Уәлид ибн Сәйф Ән-Наср: «Егер де сен Әл-Албани, Ибн Баз, Ибн Усаймин сияқты ғалымдарды жақсы көретін адамды көрсең, онда ол адамның сүннетті берік ұстанушы екенін біл»-деген. («Сәбил Әл-Жәнна би шарх Усули сунна» кітабын қараңыз. 9 бет).

* Мухаддистер дегеніміз-хадистерді зерттеп, соған сәйкес жүретін хадис ғалымдары.

[12] «Әһлу бидға»-дінге жаңалық енгізушілер немесе енгізілген жаңалықтарды берік ұстанушылар.

[13] Мәйдә сүресі, 48 аят.

[14] Ат-Табари, 9544.

[15] «Рисәләту кәшфул-курбаһ». 1/320.

[16] Ниса сүресі, 115 аят.

[17] Тәубе сүресі, 100 аят.

[18] Бақара сүресі, 137 аят.

[19] Әбу Дәуд, (4607), Тирмизи, (2678). Сахих /дұрыс/ хадис.

[20] «Сахихул жәмиғ Ас-Сағир», (5343). Сахих хадис.

[21] «Табиғин» деген-мұсылман кезінде сахабалардың бірін болса да кездестіріп, мұсылман қалпында өлген адам.

[22] Әл-Ләләкәй, «Шархус сунна». 109-110.

[23] «Сезімге берілу» дегеніміз-діннің негізгі мақсатына қарамай, өзіне ұнағаны бойынша жүру деген сөз.

[24] Ағраф сүресі, 3 аят.

[25] Әбу Дәуд, (4607); Тирмизи, (2678). Сахих хадис.

[26] Бұхари, (2697). Сахих хадис.

[27] Ниса сүресі, 140 аят.

[28] Ибн Батта «Әл-Ибәнә». 2/236.

[29] Әл-Бәрбәһәри. «Шархус сунна»

[30] Рұм сүресі, 31-32 аяттар.

[31] Ғафир сүресі, 4 аят.

[32] Бұхари, (4523).

[33] Әл-Әжуррий, «Әш-Шәриға». 121.

[34] Нәжм сүресі, 3-4 аяттар.

[35] «Жәмиғ бәйәнил ғилм», 1707.

[36] Нахыл сүресі, 44 аят.

[37] «Жәмиғ бәйәнил ғилм», 2352.

[38] «Әл-Хужжә», 2/494.

[39] «Әл-Ируә», 103. Сахих хадис.

[40] Бұның түсіндірмесін 7 беттегі [4] пунктті қараңыз.

[41] Тағабун сүресі, 11 аят.

[42] Хаж сүресі, 70 аят.

[43] Инсән сүресі, 30 аят.

[44] Зүмәр сүресі, 62 аят.

[45] Бұның түсіндірмесін 15 беттегі [25] пунктті қараңыз.

[46] Бұның түсіндірмесін 7 беттегі [4] пунктті қараңыз.

[47] «Силсиләтул ахадис Әс-Сахиха», (34). Сахих хадис.

[48] «Зәммул Кәләм», (337).

[49] «Әш-Шәриға», Әл-Әжурри. (89).

[50] Яғни бұл ағым «әһлу сунна» ғалымдарымен кездесіп қалса: «Біз лафз жаратылған дейміз. Бұл жерде лафз дегеніміз адамның даусы»-деп сенімдерін жасырады. Ал өздері сияқты Құранды жаратылыс деуші адасқан ағым өкілдерімен кездесіп қалса: «Біз лафз жаратылған дейміз»-дейді де, бұл жолы лафз дегеніміз Құранның өзі дейді.

[51] «Сахихул жәмиғ ас-сағир», (6687). Сахих хадис.

[52] Тәубе сүресі, 6 аят.

[53] Ағраф сүресі, 54 аят.

[54] Әл-Әжурри, «Әш-Шәриға». (184).

[55] Муслим, (2080).

[56] Юнус сүресі, 26 аят.

[57] Имам Науауидің «Сахих Муслимге» жасаған түсіндірмесінен. 3 том, 17 бет.

[58] Қиямет сүресі, 22-23 аяттар.

[59] Ибн Тәймия, «Мәжму’ат әл-фәтәуә», (6/509).

[60] «Қыша»-арабшасы «хардәл», орысшасы «горчица».

[61] Әнбия сүресі, 47 аят.

[62] Бұхари, (6539). Муслим, (1016).

[63] Кәусар сүресі, 1 аят.

[64] Бұхари, (6579).

[65] Ибраһим сүресі, 27 аят.

[66] «Тухфәтул ашраф», (1762).

[67] Таһа сүресі, 124 аят.

[68] Хаким, (1/381). Ибн Хиббан «Әл-Ихсан», (3119). Сахих хадис

[69] «Силсиләтул ахадис Әс-Сахиха», (1444). Сахих хадис.

[70] Фатх сүресі, 4 аят.

[71] Ахзап сүресі, 22 аят.

[72] Әли Ғымран сүресі, 173 аят.

[73] Бұхари, (9). Әбу Һурайрадан t.

[74] «Ассоләту уә хукму тәрикиһә», 16 бет.

[75] Сыртқы күпірлік дегенде өздігінен күпірлік болып табылатын әрекеттер меңзеледі. Ал жасырын күпірлік дегеніміз адамның жүрегінде болатын күпірлік. Демек, адамның күпірлікпен болатын байланысы үш түрлі болады.

1)       Сыртқы күпірлік. Атқарған әрекеттерінің кейбірі күпірлік әрекеті болып, алайда жүрегінде күпірлік болмайтын жағдай. (Мысалы күпірлікті білімсіздіктен, күштеу, мәжбүрліктен, мағынасын өзінше түсіну сияқты әрекеттерден кейін жасауы);

2)       Бір уақыттағы сыртқы және ішкі күпірлік. Әрекеттерімен де, көкейімен де күпірлік жасаушы адам. (Християндар, яһудилер, көпқұдайшылар, діннен безгендер т.б.);

3)       Ішкі күпірлік. Сыртқы амалдарымен ешбір күпірлік амалдарын жасамайды, алайда жүрегімен кәпір болған адам. (Екіжүзді мунафиқтар);

[76] Күпірлігі анықталған адамға төмендегі үкімдер жүргізіледі:

1)       Оның әйелі онымен қала алмайды.

2)       Балаларына билігі жүрмейді.

3)       Мұсылман қоғамы тарапынан жәрдем мен олармен болған достықты жоғалтады. Ондай болса ол адам тәубеге келіп, басындағы күмәндарды кетіруі керек. Ондай болмаса ол адамды «Исламнан шыққан» деп айтуға болады.

4)       Ол өлген жағдайда оны жуындырып, ол үшін намаз оқылмайды әрі мұсылмандардың жанына жерлемейді. Ол өзінен кейін мирас тастамайды да өзі де мирас ала алмайды.

5)       Аллаһтың мейірімінен мақұрым қалып, Оның қарғысына ұшырап, мәңгілікке тозақ отына түседі.

6)       Ондай адам үшін кешірім, жарылқау сұралмайды.

7)       Оның сойған құрбандығын жеуге де тыйым салынған.

[77] «Шарх Әл-арбаин Ән-Нәуәуия», 21 бет.

[78] «Ихтиләф» дегеніміз белгілі бір мәселелерде бір келісімге келмей әртүрлі пікір, ой айту, ой таластыру.

[79] Шейх Усаймин адамдарға дәлелді ғалымдар жеткізуі керектігін айтып отыр. Ал ғұламалардың белгілі бір мәселеде немқұрайлы болуы-жалпы адамдарды күпірлікте кінәлауға қарсы болатын себептердің бірі болып табылады екен. Ондай болса бір де бір ғұламасы жоқ ТМД жайында не демекпіз?! «Ғалымдар» атты терминнің дұрыс түсінігінен хабардар болғыларыңыз келсе www.toislam.com сайтындағы орыс тіліндегі «Кто они ученые?» атты дәрісті тыңдап, сондай-ақ, «Кто такие ученые и каково их положение в Исламе?» атты еңбекті оқып өткеніңіз артық болмас.

[80] «Әл-қоулул муфид ‘алә китәбит-Таухид», 51-52.

[81] Шейх Әл-Албани, «Силсиләтул ахадис Әс-Сахиханы» қараңыз, 1/177.

[82] «Әл-Фуру’», 6/53.

[83] «Бидәяәтул мужтәһид», 2/233.

[84] Тәубе сүресі, 100 аят.

[85] Әнфәл сүресі, 74 аят.

[86] Тәубе сүресі, 88 аят.

[87] Фатх сүресі, 18 аят.

[88] Бұхари, (6429); Муслим, (2533); Ибн Масғуд t сөзінен.

[89] «Сахихул Жәмиғ Ас-Сағир», (6285). Сахих хадис.

[90] Әл-Ажурри, «Шархус сунна», 1224.

[91] Әл-Ләләкәй, «Усул Әл-И’тиқад». 2325.

[92] Ниса сүресі, 59 аят.

[93] Бұхари, (3455); Әбу Һурайрадан t.

[94] Бәрбәһари, «Шархус сунна».

[95] Әнфәл сүресі, 115-16 аяттар.

[96] «Шектен шыққан күнә» деген Ислам терминологиясында «Мубиқат» деп аталады.

[97] «Силсиләтул ахадис Әс-Сахиха», (2244). Сахих хадис.

[98] Әнфәл сүресі, 66 аят.

[99] Тәубе сүресі, 38 аят.

[100] Ахмад, (5/245). Сахих хадис.

[101] Өзін «Мужәһидпін»-деп атайтын немесе халық мужәһид деп білетін әркім мужәһид болып табылмайды. Алайда, тек Аллаһ сөзі жоғары болуы үшін ғана соғысып, соғысын Аллаһ тағала мен Оның елшісінің e көрсеткені бойынша жүргізетін адам шынайы мужәһид болмақ. Шейх Усаймин де осындай мужәһидтер туралы айтуда.

[102] Бақара сүресі, 286 аят.

[103] Тағабун сүресі, 16 аят.

[104] Хаж сүресі, 78 аят.

[105] Хаж сүресі, 39 аят.

[106] Шарх «Булуғул Мәрәм». Жиһад кітабы, 1 кассета.

[107] «Анархия» дегеніміз-ешқандай мемлекеттік өкіметті, қоғамның ұйымдасқан түрін мойындамау, олардың мәнін жоққа шығару. («Қазақ тілінің сөздігі». 38 бет).

[108] Шарх «Булуғул Мәрәм». Жиһад кітабы.

[109] Ибн Сағд, 6/115.

[110] Ибн Хәжәр, «Хади Әс-Сәри». 483.

[111] Әбу Дәуд, «Мәсәил Ахмад», 281.

[112] Әл-Әжурри, «Әш-Шәриға», 72. Сахих хадис.

[113] Бұхари, (694).

[114] «Шархут Тахауия», 374.

[115] «Мәжмуғатул фәтәуә», 23/352-353.

[116] «Әл-Муғни», 2/190.

[117] Әбу Яғлә, 3/107. Сахих хадис.

[118] Бұхари, (4351).

[119] Дененің төменгі бөлігіне киілетін киімді «изар» деп атайды.

[120] Бұхари, (4351).

[121] Ахмад, 4/382. Шейх Әл-Албани хадисті хасан /жақсы/ деген.

[122] Әл-Баззар. Хафиз Ибн Хәжәр хадисті хасан деген. «Фатхул бәридің» ХІІ томы, 286 бетті қараңыз.

[123] Бұхари «Әт-Тарих», (297); Ибн Хиббан, (81); Хафиз Әл-Хайсами, хафиз Ибн Кәсир және шейх Әл-Албани хадистің сахих екенін айтқан. «Силсиләтул ахадис Әс-сахиха», 3201.

[124] Ахмад, 2/147; Ибн Мәжәһ, 173; Хафиз Әл-Бусайри және шейх Әл-Албани хадистің сахихтығын айтқан. «Сахихул жәмиғ Әс-Сағир», 8171;

[125] «Мәжмуғатул фәтәуә», 28/495.

[126] Әл-Хаким, 2/146. Сахих хадис.

[127] Тәубе сүресі, 115 аят.

[128] «Мәжмуғатул фәтәуә», 7/284;

[129] Ибн Әбу ‘Асым, «Китәбус суннә», 2/508. Сахих хадис.

[130] Бұхари, (7054); Муслим, (1849); Ибн Аббас сөзінен.

[131] Әл-Әжурри «Әш-Шәриға», 1/157.

[132] Бұхари, (7056); Муслим, (1709);

[133] «Лиқаул баб әл-мафтух», 108.

[134] «Шарх әл-арбағин», 6 кассета, «Б» беті, 17 минут.

[135] Муслим, (140).

[136] Шура сүресі, 25 аят.

[137] Бұхари, (3892);

[138] Ниса сүресі, 116 аят.

[139] Мәйда сүресі, 72 аят.

[140] «Силсиләтул ахадис ас-сахиха», 2340. Ибн Аббастан. Сахих хадис.

[141] «Әш-шарх уәл ибәнә», 163.

[142] Ниса сүресі, 145 аят.

[143] Бұхари, (33); Муслим, (59); Әбу Һурайрадан.

[144] Бұхари,(34); Муслим, (58); Абдулла ибн амр ибн Астан.

[145] «Сәбилул жәнна бишархи усули сунна», 525.

[146] Бұл Әбу Бәкр Ас-сыддық емес, Әбу Бәкрәһ Нуфәй ибн Әл-Харис.

[147] Әли Ғымран сүресі, 133 аят.

[148] Әли Ғымран сүресі, 131 аят.

[149] Муслим, (426); Әнастан.

[150] Хашыр сүресі, 10 аят.

[151] Әбу Дәуд, (2693); Ибн Мәжәһ, (2/950); Насай, (4/64); Сахих хадис.

[152] «Шарх сахих Муслим», 7/22.

 

al-hanifiya.kz

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|