Quickribbon

Әшекейге әуестік!

Дініміз Ислам адамның бақытқа жетуі үшін барлық жағдайларды қарастырады. Құран мен Пайғамбарымыздың сүннетінде келген тиымдар соның айғағы.
«Әс-сахих» кітабында Әл-Бұхари Пайғамбарымыздың қалыңдығына не сыйлау керек екенін сұраған адамға: «Сақина сыйласаң, темірден соқтыр» дегеніне куәлік етеді. Бұған қарап әйелдерге әшекейлер рұқсат етілгенін, бірақ алтын болмағаны дұрыс екенін көреміз.
Жалпы, әйелдерге әсемдік бұйымдарының рұхсат етілуі олардың жаратылысынан әсемдікке, әдемілікке құмарлығы мен соған сүйіспеншілігінен, - деп түсіндіреді ілім иелері. Алайда әйелдер сақина, жүзік тәрізді әсем әшекейлерді ер адамдардың назарын өзіне аударту үшін тақса, олардың бұл ісі –харам.
Әсемдік бұйымдардан мыналарға тыйым салынған:
- алтын мен жоғары сапалы алтыннан соғылған құнды бұйымдар;
- табиғи және асыл жібектен тігілген киімдер.
Әлидің (р.а) куәлігінше, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) сол қолына жібекті іліп, оң қолына алтынды алып: «Мұның екеуі де менің үмбеттерім үшін харам дүние», - депті. (Хадис Ахмедте, Әбу Дәуітте, Әл - Нисанда, Ибн Хаббанда, Ибн Мәджиде кездеседі). Омар (Аллаһ Тағала одан разы болсын) былай депті: «Мен Пайғамбарымыздың «Жібекке оранбаңдар, өйткені бұл дүниеде оны кигендер о дүниеде кимейді» дегенін өз құлағыммен естідім» (Хадис Әнастен алынған). Алла елшісі ер адамдардың жібек киюі туралы «Мұндай киім ер үшін жаратылмаған» деп пікір айтқан. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір ер адамның қолындағы алтын сақинаны көріп, саусағынан шешіп алады да жерге тастайды. Сосын: «Егер осы тұрғандардың біреуі мынандай жанған шоқты пайдаланатын болсаңдар, оны алақандарыңа салып көріңдер», - депті. Алла елшісі кеткен соң қасындағы кісілер жаңағы адамға: «Сақинаңды алсаңшы, қайырын көресің ғой», - десе әлгі: «Болмайды, бауырлар, ол сақинаны пайғамбар жерге тастағандықтан, мен оны көтермеймін!», - деп жауап берген екен (Хадис Мүсілімнен алынды).
«Алтын сақинаға көзқарас Ислам тәртібі бойынша, алтын атаулының бәріне – қаламсап, сағат, оттық, сауыт, тіс қабы т.б. заттарға да қатысты. Күміс әшекейлер де ер адамдарға жат.
Алайда ерлерге күміс сақина тағуға рұқсат етілгенімен тақуалық үшін тақпай-ақ қойған абзал. Оған мына риуаят дәлел. Бухаридің куәлігінше, Омар (р.а): «Алла елшісі қолындағы күміс сақинаны суырып, Әбубәкірге берген. Ол Омарға, одан Оспанның қолына көше-көше, ақыры Аракс өзенінің суына батты» деген екен».
Иә, Ислам ер адамға алтын, күміс әшекейлерді тағуға, жібек киім киюге тыйым сала отырып, оларды байлыққа, дүние-мүлікке құмартуға, әйелдердей сәнденбеуге тәрбиелейді, адамгершілік, қайырымдылыққа шақырады. Расында да саусақтарын, мойнын алтын сақина, алқамен жарқыратып, аузындағы тістерін алтындап, қолына бірыңғай алтын заттарды ұстап жүрген ер адамның дүниеқоңыздылыққа салынуы әбден мүмкін ғой.
Сондай-ақ, әйелге ұқсап кететіні де анық. Ал бұл тағы да тиым салынған амал.

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|