Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!
Сойдақ тістері бар аңды жеуге болмайтындығы жайлы
Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізген: «Жыртқыш аңдардан сойдақ тістері барларын жеуге болмайды». Муслим 1933.
Хадисте арыстандар, жолбарыстар, қасқырлар, аюлар және т.б. жыртқыш аңдар жайлы айтылып тұр.
Бұл тыйымға тек қорқаудың (гиена) ғана қатысы жоқ. Ибн Аммар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын былай деген: «Бірде мен Жәбірден, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: «Бұл қорқау қасқыр аңда алынды ма?», деп сұрадым. Ол маған: «Иә», деп жауап берді. Мен: «Бұны сендерге Аллаһ елшісі рұқсат етті ме?», деп сұрағанымда, ол: «Иә», - деді. Абу Дауд 3801, ат-Тирмизи 851, ан-Насаи 5/191. Имам аль-Бухари, ат-Тирмизи, Ибн Хиббан, аль-Байхакъи және шейх аль-Альбани бұл хадисті сенімді деген.
Бұл жерде Ислам шариғаты пікрлер мен болжауларға негізделмейді, тек Қасиетті Құран аяттары мен сүннетке негізделеді!
Ал ат-Тирмизи келтірген пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қорқау қасқырдың етін жеуге тйым салатын хадисін имам Ахмад, аз-Зайля’и және хафиз Ибн Хаджарлар әлсіз хадис деп тапқан.
Сондай-ақ ор қоян мен үй қоянын жеуге болады. Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деген: «Бірде біз Марр аз-Захранда ор қоянды үркітіп жібердік те адамдар оны қуып қуып шаршады, ал мен болсам оны қуып жетіп ұстап алдым. Осыдан кейін мен оны Абу Тальхаға алып келдім де, ол оны бауыздап артқы аяқтарын пайғамбарға беріп жіберді. Ал пайғамбар одан дәм ауыз тиді». аль-Бухари 2672, Муслим1953.
«Бірде пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жанында кірпі жайлы айтқанда, ол: «Бұл бір жиіркенішті нәрсе»», - деп айтқандығы жайлы хадисті имам Ахмад пен Абу Дауд әлсіз деген.
Имам ас-Сан’ани бұл жайлы былай деген: «Бұл сұрақта кірпіні жеуге болады, деген ғалымдардың пікірі басымырақ, өйткені оған тыйым салынғандығы жайлы хабарлар жоқ, ал бұл сұрақта, тыйым салынбаған нәрселердің бәрін жеуге болады, деген тұжырым негіз болып табылады». “Субулю-Ссалям” 4/108 қараңыз.
Тырнақты құстар жайлы
Ибн ‘Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Аллаһ елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кез келген сойдақ тісті аң мен тырнақты құсты тамаққа қолдануға болмайды», - деп айтқанын естіген. Муслим 1934.
Бұған бүркіт, қаршыға, сұңқар және т.б. жатады.
Тырнақты болса да тауықтың бұған қатысы жоқ. Абу Муса аль-Аш‘ари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: «Мен Аллаһ елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тауық етін жегенін көрдім», - деген. аль-Бухари 5517, Муслим 1649.
Сондай-ақ торғай және көгершін секілді осыған ұқсас құстардың етін жеуге болады. Аллаһ елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кім торғай бауыздағанда рахымшылық танытса, Аллаһ оған Ахіретте рахымшылық танытады», - деп айтқан. ат-Табарани “аль-Кабир” 7915. Шейх аль-Альбани хадисті жақсы деп тапқан.
Үй есегі
Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, мынаны жеткізді: «Хайбарды алған күні Аллаһ елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үй есегінің етін жеуге тыйым салып жылқы етін жеуге рұқсат етті» аль-Бухари 4219, Муслим 1941.
Ал жабайы есектер жайлы айтатын болсақ, онда олардың етін жеуге болады. Бұл туралы Абу Қатада былай деп айтқан: «Бірде мен пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Иә Аллаһ елшісі, біз жабайы есек аулап алдық, оның етінен біраз қалды», дегенімде, ол маған: «Қалған етті де жеп қойыңдар», - деді». аль-Бухари 1824, Муслим 1196.
Қашыр (мул)
Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, мынаны жеткізді: «Хайбарды алған күні Аллаһ елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үй есегінің, қашырдың, сойдақ тісі бар аңдарды және аяғында тырнағы бар құстарды жеуге тыйым салды». Ахмад 3/323, ат-Тирмизи 4/61. Хадистің иснады жақсы.
Имам ан-Науауи былай деп айтқан: «Имам Шафи мен оның қолдаушы ғалымдар қашырдың және сол сияқты еті жеуге жарамды мал мен еті жеуге рұқсат етілмеген малдың қосылуынан пайда болғандардың етін жеуге тыйым салған». «аль-Маджму’» 9/27.
Құрт-құмырсқа
Имам аш-Шафи’и, Ахмад және басқа ғалымдардың көпшілігі: «Ол жиіркеніштіден тыйып игіліктіге рұқсат етеді» (аль-А’раф 7: 157), деп айтылған аятқа сүйеніп шыбын, маса, ара, өрмекші секілді құрт-құмырсқаларды жеуге тыйым салған.
Бұл қатарға шегіртке ғана кірмейді, өйткені оны жеуге рұқсат етілген. ‘Абдуллах ибн Аби Ауф, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деген: «Біз Аллаһ елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге жеті жорыққа қатыстық және сол жорықтарда біз шегірке жегенбіз». аль-Бухари 5495, Муслим 1952.
Маймыл мен пілдің етін жеуге болмайды
Хафиз Ибн ‘Абдуль-Бар былай деп айтқан: «Біз ғалымдардың арасында маймыл мен пілдің етін жеуге болмайтындығы жөнінде келіспеушілігін білмейміз!» “Шархуль-кабир” 11/68.
Ал піл туралы айтатын болсақ Хасан аль-Басри, Абу Ханифа, аш-Шафи’и және Ахмад сияқты ғалымдардың көпшілігі оны ең үлкен сойдақ тіс иесі деп, оны кейбіреулер азу тіс қатарына жатқызса да, оның етін жеуге жарамсыз тапқан. Имам Ахмад: «Піл мұсылмандардың асы емес», - деп те айтқан. “Ахкаму-ззабаих” 139.
Өлтіруге бұйырылған нәрселерді жеуге болмайды
Хадистерде жыланды, қабаған итті, тышқанды, кезқұйрықты, қарғаны, шаянды және кесірткені өлтіруге әмір келген. Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді: «Тірі жәндіктердің зинын тигізетін бес түрі бар, сондықтан оларды Меекенің ішінде де оның сыртында да жолықтырсаңдар өлтіріңдер. Бұл – шаян, қарға, кезқұйрық, тышқан және қабаған ит». аль-Бухари 3314, Муслим 1198.
Са’д ибн Аби Уаккъас былай деген: «Пайғамбар кесірткені өлтіруге бұйыратын». Муслим 2238.
Хадисте кішкентай кесіртке (уазгъ) жайлы айтылып жатыр, ал үлкен кесіртке варан жайлы айтатын болсақ оларды жеуге болады. Пайғамбардан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ол туралы сұрағанда, оның: «Мен оны жемеймін, бірақ сендерге оны жеуге тыйым салмаймын», - деп айтқанын Ибн Омар жеткізген. аль-Бухари 5536, Муслим 1943.
Аллаһ елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Жылан мен шаянды намаз үстінде тұрсаңдар да өлтіріңдер», - деп айтқан. ат-Табарани. Сенімді хадис «Сахихуль-джами’» 1151 қараңыз.
Бірақ-та егер жылан үйге кірсе, онда оны өлтіруге болмайды, өйткені ол жын болуы мүмкін. Оған шығуды әмір ету керек, егер ол шықпаса, онда оны өлтіре беруге болады, өйткені ол шайтан болғаны. “Сахих Муслим” 2236.
Өлтіруге тыйым салынған нәрселерді жеуге де болмайды
Ара, құмырсқа, бәбісек (Құранда аты аталған құс - удод), сауысқан және құрбақаны өлтіруге тыйым салынған.
Ибн ‘Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, пайғамбардың төрт нәрсені өлтіруге тыйым салғанын естіген олар: құмырсқа, ара, бәбісек және сауысқан. Ахмад 1/332, Абу Дауд 5267. Имам Ибн Хиббан, шейх Ахмад Шакир , шейх аль-Альбани хадисті сенімді деген.
Имам аль-Байхақи былай деген: Бұл хадисте өлтіруге болмайтын нәрсені жеуге болмайтындығы жайлы дәлел бар, өйткені бұларды жеуге болатын болса, онда Аллаһ елшісі оларды өлтіруге тыйым салмас еді. “Субулю-Ссалям” 4/107.
‘Абд ар-Рахман ибн ‘Усман былай деген: «Бір дәрігер Аллаһ елшісінен құрбақадан дәрі жасау жайлы сұрағанында, ол оларды өлтіруге тыйым салған». Ахмад 15197, ад-Дарими 1998. Жақсы хадис.
‘Абдуллах ибн ‘Амр былай деген: «Құрбақаны өлтіруші болмаңдар, өйткені олардың бақылдауы Аллаһты зікір еткендері!» аль-Байхакъи в “Сунануль-кубра” 19166.
Нәжіспен қоректенген малдың етін жеуге болмайтындығы жайлы
Ибн ‘Умар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деген: «Аллаһ елшісі нәжіспен қоректенген малдың сүтін ішіп етін жеуге тыйым салды. Абу Дауд 3719, ат-Тирмизи 1825, аль-Хаким. Сенімді хадис.
Ал басқа хадисте Аллаһ елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұндай жануарды көлік етуге де тыйым салғандығы да келтіріледі. ан-Насаи 4337, Абу Дауд 3769, Са’ид ибн Мансур 2816. Сенімді хадис.
Нәжіс жеген кез келген малдың түйенің де, сыйырдың да, жылқының да, қойдың да, тауықтың да, яғни осы сияқты етін жеуге рұқсат етілген кез келген малдың етін жеуге тыйым салынған. Бұндай малды ол таза жем жеп тазармағанша не сатуға, не етін жеуге болмайды. Тауықтың тазаруы жайлы айтатын болсақ оның уақыты үш күн, өйткені Ибн Омар осылай жасаған. Ол бұндай тауықты үш күнге жабатын. Ибн Аби Шайба 4660, иснады сенімді.
Ал ірі мал жайлы айтатын болсақ, онда ол туралы ең дұрыс тұжырым оның тазару мерзімі қырық күн. “Сахих фикъху-Сунна” 2/344.
Сатуға тыйым салынған нәрселердің бәрін жеуге болмайды
Аллаһ елшісі: «Егер Аллаһ бір нәрсені жеуге тыйым салса, онда Ол оны сатуға да тыйым салған». Абу Дауд 3488. Хадис достоверный.
Абу Зубайр мыналарды жеткізген: «Бірде мен Жәбірден ит пен мысықты сату жайлы сұрағанымда ол: «Аллаһ елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұны қатаң тыйым салған!», - деп жауап берді.
Денсаулыққа зияны тиетін нәрселерді жеуге тыйым салынған
Аллаһ Тағала былай деді: «Өз-өздеріңді өлтіруші болмайдар, расында Аллаһ сендерге мейірімді» (ан-Ниса 4: 29).
‘Убададан, Ибн ‘Аббастан, Абу Са’идтан, ‘Аишадан, Абу Хурайрадан және Жәбірден, олардың бәріне Аллаһтың ризашылығы болсын, жеткен хадисте Аллаһ елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі. «Не өзіңе, не басқа біреуге зиян тигізуге болмайды!» Ахмад 5/326, Ибн Маджах 2340, ат-Табарани 1/163. Имам Ибн Хазм былай деген: «Денсаулыққа зияны тимейтін нәрселерді жеуге болады, ал денсаулыққа зияны тиетін нәрселерді ішуге болмайды!» “аль-Мухалля” 7/430.
Нәжіс нәрселердің бәрін жеуге тыйым салынған
Имам Ибн Хазм былай деген: «Ғалымдар нәжіс нәрселерді ішіп-жеуге болмайтындығы жайлы бір тұжырымға келген!»
Шейхуль-Ислам Ибн Таймия: «Нәжіс болған нәрселердің бәрін жеуге тыйым салынған, бірақ жеуге болмайтын нәрселердің бәрі нәжіс емес», - деп айтқан. “Маджму’уль-фатауа” 21/542.
Қысылтаяң жағдайда тыйым салынған нәрселерді
жеуге болатындығы жайлы
Аллаһ Тағала былай дейді: «Ол сендерге өлексені, қанды, доңыз етін сондай-ақ, Аллаһтан басқаға арнап бауыздалған малдың (етін жеуге) тыйым салды. Ал кім де кім қарсы келмей және шектен шықпай тыйым салынған нәрселерді жеуге мәжбүр болса, онда оған күнә емес. Расында, Аллаһ – Кешіруші, Мейірімді. (аль-Бақара 2: 173).
Осы және осыған ұқсас басқа аяттардан шариғатта өте маңызды «ад-Дарурату тубихуль-махзурат» (Тыйым салынған нәрселерді рұқсат ету қажеттілігі), деп аталатын қағида шығады.
Имам Ибн аль-Мунзир былай деген: «Қажет жағдайда өлексіні жеуге болатындығы жайлы ғалымдардың бәрі бір пікірде болған» «аль-Иджма’» 102.
Шейх ‘Абдур-Рахман ас-Са’ди бұл аятты былай деп тәпсірлейді: «Аллаһ Тағала осы аятта айтылған және басқа да харам нәрселерді жеуге тыйым салып, адамзатқа мейірімін көрсетті және барлық зияндықтардан қорғады. Алайда, бұған қарамастан, егер адам басқа тамақ таппай қатты ашықса тыйым салынған нәрселерді жей беруіне болады және бұл жағдайда оның ісі күнә есептелмейді. Бірақ қолында жеуге рүұсат етілген заттары бола тұра не болмаса аштыққа шыдау мүкіншілігі бола тұра тыйым салынған нәрселерді жеуге болмайды, ал жеуге ас таппай жеген күннің өзінде де шектен шықпуы тиіс, яғни бойын көтеріп жүре алатындай мөлшерде жеуі тиіс. Бұндай жағдайда адамнан тыйым салынған нәрселерді жегендігі үшін жауапкершілігі мойнынан түседі де, бұның негізіне Аллаһтың керек мөлшерде жеп ішу жайындағы үкімі жүреді. Адамға өз басын қауіпке тігіп өз-өзін аштық өліміне салуға тыйым салынады. Ол өзінің аштығын басуға тиісті, ал егер ол аштық салдарынан өліп кететін болса, онда ол адамға өзіне қол жұмсағанның үкімі жүреді.
Бұл аяттан бәрімізге мәлім, қатты қажет жағдайда тыйым салынған нәрселердің рұқсат етілуі жайлы қағидасы туындайды. Қатты қажет жағдайда Мейірімді Аллаһ адамдарға тыйым салынған нәрселерді рұқсат етеді. “Тайсируль-Карими-Ррахман” 68.