Quickribbon

Истихара намазы

http://islamic.kz

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Истихара – екі істің жақсырағын тілеу.

Бұл мақаламызды арабтардың арасында кең тараған: «Истихара жасаған және адамдармен кеңескен кісі, ешқашан да өкінбейді» деген мәтелмен бастағымыз келіп тұр. Шынымен де солай, егер адам өз Раббысынан бір іске кірісер алдын дұрыс таңдау жасауға және дұрыс шешім қабылдауға жердем тілесе, содан соң дін жағынан ізгі, дүние жағынан тәжірибелі адамдармен ақылдасса, ешқашан да өз ісінде зиянға ұшырамайтыны анық.
Адам кемшіліксіз емес, адам әлсіз, ол барлық нырсені біле бермейді. Сол үшін көп жағдайда ол қай іске кірісерін білмей, қандай шешім қабылдарың ойлап сасқалақтап қалатын кездерге жиі жолығып отырады. Ол не істеу керек?

Бұндай халден шығудың екі жолы бар:
1) Барлығынан хабардар және өтіп кеткен нәрсені, алда болатын нәрсені білетін әлемдердің Раббысына истихара жасау.
2) Ізгі, тәжірибелі және аманатшыл адамдардын кеңес сұрау.
Егер екі істің қайсы хайырлырақ екенін білмесең, әрі олардың қайсысын қолға аларың білмесең, онда Аллаһтан көмек сұра. Міне осы истихара деп аталады.
Жәбирден жеткен хадисте былай айтылған: «Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге Аллаһқа истихара жасауды, Құранның сүрелерін үйреткендей үйрететін және былай дейтін:
Сендерден қайсыларың бір іс істегің келсе, парызға жатпайтын екі ракағат (яғни, нәфил) намаз оқысын да, былай десін: “Иә Аллаһ! Маған іліміңнен екі істің бірін таңдауға көмек бергейсің, құдіретіңмен мені қуатты еткейсің, кең мейіріміңнен нәсіп еткейсің. Расында, менің күш-құдіретім (түкке) жетпейді. Мен (еш нәрсені) білмеймін. Ал Сен барлық нәрсені білесің. Әрі сен көместерді (ғайыпты) де толық көрушісің. Иә Аллаһ, егер бұл істің дінімде, тіршілігімде, істерімнің соңында, (немесе былай дейді: “Қзіргі (өмір) тіршілігімде немесе келешекте бұл істің) мен үшін қайырлы екендігін білсең, оны маған нәсіп ете көр! Әрі (ол істі) маған оңтайлы етіп, кейін оны мен үшін берекелі ет! Ал егер бұл істің дінімде, тіршілігімде, істерімнің соңында, (немесе былай дейді: “Қазіргі (өмір) тіршілігімде немесе келешекте бұл істің) мен үшін жаман екендігін білсең, онда (оны) менен алыстат! Әрі мені де одан аулақ ет! Қандай болса да мен үшін жақсылықты нәсіп ет те, мені сол жақсылықпен разы ете көр!
/Аллаһумма, инни әстәхирука би-`илмикә уә әстақдирукә би қудратикә уә әсалука мин фадликал-`азыйм, фә-иннәкә тақдиру, уә лә ақдиру, уә тә`ләму, уә лә а`ламу уә әнтә `алләмул-ғуюб. Аллаһумма ин кунтә тә`ләму әннә һазәл амра (осы жерде өз қажетін айтады) хойрун ли фи дини, уә ма`аши уә `ақибәти әмри (`ажалиһи уа әжилиһи) фақдурһу ли уә яссирһу ли сумма бәрик ли фиһ, уә ин кунтә та`ламу әннә һазәл амра шаррун ли фи дини уә ма`аший уә `ақибәти әмри (`ажилиһи уә әжилиһи) фәсрифһу `анний уәсрифний `анһу уәқбур-ли әл-хайра хәйсу кәәна сумма ардый-ни биһ/ ( Бухари 1162).
Демек, адам екі рәкәттан тұратын қосымша намаз оқиды. Содан соң хадисте айтылған дұғаны оқиды. Ал кейін оның жүрегі ашылып, кеудесінде жеңілдік сезінсе, онда ниеттенген ісіне кіріседі. Ал егер жүрегінің ашылғанын сезбеген болса, онда не тағы да истихарасын қайталайды, не ол істі қалдырады. Алайда кейбір ғалымдардың айтуы бойынша, адам истихара намазы мен дұғасын оқып болғаннан кейін, бірден өз ісін жасай беру қажет. Сонда егер Аллаһ оған жеңілдік нәсіп етсе, істің соңы хайыр болады.Аллаһ жақсырақ біледі!
_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|