Quickribbon

Тізбекті такфир бидъаты

Мейрімді, Рахымды Аллаһтың атымен.

Кіріспе

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!

Содан соң:

Соңғы кезде, баяғыда бастан өткен және ұмытылып кеткен, такфиршілер фитнасы, нақты айтқанда «тізбекті такфир» деп аталатын фитна қайта оянып жүр. Тізбекті такфирдің  көрініс табуы төмендегідей:

Белгілі  бір надан өзінің надандығына және Құран мен Сүннеттің мәтіндерін өзінің түсінуіне ғана негізделіп  белгілі бір мұсылманға такфир жасайды (оны кәпір деп атайды), ал содан соң мұсылмандарға: «Сен осындай нәрселерді істеп және осындай нәрселерді айтып жүрген пәленшені кәпір деп санайсың ба?» - деген сұрақ қойып, емтихан өткізе бастайды.  Ал, егер сұрақ қойылған адам: «Жоқ», - десе, немесе тіпті күмәнданса, онда әлгі надан үшін оның өзі кәпірге айналады, және бұл тізбек үзіліссіз жалғаса беруі мүмкін.  Осы, өз нәтижесінде, әлгі сорлы сияқты біреудің дүние жүзінде өзінен және өзінің бір-екі жақтастарынан басқа мұсылман жоқ деп есептеуіне алып келеді.

СубханАллаһ, бұл - алғашқы хауәридждердің сеніміне нендей ұқсас. Имам Әбуль-‘Аббәс әл-Әсам былай деп баяндайтын: “Бірде екі хауәридж Қағбаны айналып тауап жасап жүріп, бірі екіншісіне: «Менен және сенен өзге бұл жаратылыстардың біреуі де Жәннәтқа кірмейді!» - деді. Екіншісі: «Жәннәттің кеңдігі көктер мен Жердің кеңдігіндей, ал ол тек сен және мен үшін ғана жаратылған ба?» - деп сұрады. Біріншісі: «Ия!» - деп жауп берді! Сонда екіншісі оған: «Ол сен үшін», - деді де, оның сенімдерінен бас тартты”. әл-Ләләкәи: “Шәрх усуль әл-и’тиқад” 2317.

Және таң қаларлығы – бұл осы сияқты тәкфиршілердің өздерінің де - басқа адасқан жамағаттың такфиршілері үшін кәпір болып табылатындығы. «Әһлю-Суннә уәл-джәмәъа, бірін-бірі күпірлікте айыптайтын хауәридждер, рафидилер және қадарилер сияқты бидъатты жақтаушылардан ерекше, бір-бірін күпірлікте айыптамайды! Егер олардың жетеуі бір мәжілісте бас қосса, онда міндетті түрде бір-бірін күпірлікте айыптауы себебінен тарап кетеді. Олар - Аллаһ Тағала олар туралы: «Яхудилер: «Христиандар тура жолмен жүрмейді», - деді, ал христиандар: «Яхудилер тура жолмен жүрмейді», - деді» (әл-Бақара 2: 113), - деп айтқан - яхудилер мен христиандар сияқты». “әл-Худжә” 2/255.

Имам Хатыб әл-Бағдади былай дейтін: “Әһлю-Суннәға қайшы келетіндердің қатарында, бұл хауәридждермен, рафидилермен және қадарилермен орын алатынындай, бір-біріне такфир жасамайтын және бір-бірінен бас тартпайтын адасушы топ жоқ!”. “әл-Фәрқ бәйнәл-фирақ” 361.

Имам Ибн Әбиль-‘Изз: “Бидъаттарды жақтаушылардың сөгіске лайық сипаттарының қатарына олардың бір-біріне такфир жасауы жатады. Ал, білім иелерінің мақтауға лайықты сипаты туралы айтар болсақ, олар күпірлікте айыптамай, адасушылық туралы айтады ”, - деп айтқан. “Шәрх әт-Тахауи” 439.

Өкінішке орай, бұл такфиршілер тіпті осы үмметтің атақты ғалымдарын да күпірлікте айыптауға дейін барды! Мұндай адамдар туралы шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “Ал, мұсылман ғалымдарын күпірлікте айыптайтын надандардың жөнсіздігіне келер болсақ, бұл - айыптауға лайықты амалдардың ең ұлығы болып табылады, және мұның бастамасын өздерінің болжамдарына сүйеніп, мұсылмандардың имамдарын, олар дінде қателік жіберді деп есептеп, кәпір деп атаған  хауәридждер мен рафидилер бастады ”. “Мәджму’уль-фәтауә” 35/100.

Ал, ең таң қаларлығы – бұл такфиршілердің, фиқх мәселесіндегі қандайда бір қарапайым үкімді білмеген жағдайда, өздері кеше ғана такфир жасаған ғалымдардың дәл өздеріне жүгінетіндігі. Мысалы, біз интернет кеңістігінде шейх Ибн Базды, немесе әл-Әлбәниді күпірлікте айыптаған, ал кейін басқа айдарларда фиқх мәселелерін талқылағанда дәлел ретінде тура солардың пікірін келтірген адамдарды да кездестіріп тұрамыз. Нәдждық шейх Әбу Бәтын: “Егер сен күпірлікте айыптаумен айналысатындардың біреуінен дәрет алу, немесе сауда және сол сияқты мәселелер жөнінде сұрасаң, ол саған жауап бере алмайтыны, өйткені, ол бұл жөнінде білімге ие еместігі таң қалдырады. Ол бұл мәселеге қатысты ғалымдардың пікірлерін іздей бастайды, және тура солар жауап бергендей етіп жауап береді. Ал, такфир сияқты ұлы және қауіпті мәселе туралы не айтуға болады?! “Минһәдж әһль-әл-хаққ” 77.

Аллаһ нұр сәулесін және білімді сыйлаған кез-келген мұсылман адам тізбекті такфир бұл – онда осы адамдар сахабалардың кезіндегі хауәридждерден де озып өткен, шынайы адасушылық екенін түсінеді, өйткені, тіпті олардың өзі де осындай емтихандар өткізбеуші еді!

Мұсылмандарды күпірлікте айыптауға қатаң тыйым салынғандығы туралы

Мұсылмандарды күпірлікте айыптаудың о бастағы үкімін білу үшін, шариғаттың қайнар көздеріне жүгіну керек.

Құран мен Сүннет, сондай-ақ ғалымдардың бір ауызды пікірі кәпір деп есептеген адамды ғана кәпір деп есептеу - міндетті болатындығын ескертіп кету қажет, өйткені, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтып кеткендей, бүкіл үммет адасушылықта болуы мүмкін емес.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия өзінің көптеген еңбектерінде: «Білім иелерінен болған Сүннеттің жақтаушылары өздеріне қайшы келетіндерді күпірлікте айыптамайды, тіпті егер олар олардың өздерін күпірлікте айыптаса да, өйткені, такфир – бұл шариғи үкім, және адам бұл арқылы өш ала алмайды. Егер, мысалы, біреулер саған өтірік жапса, немесе сенің отбасы мүшелерінің біреуімен зина жасаса, сен оларға қатысты тура соны жасамауың керек, өйткені өтірік және зина харам етілген! Сол сияқты такфир де -   Аллаһ Тағаланың құқығы болып табылады, және Аллаһ пен Оның Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын)  күпірлікте айыптағаннан өзге ешкімді күпірлікте айыптауға рұқсат етілмейді!” “Мәджму’уль-фәтауә” 3/245, “Минһәджу-Ссуннә” 5/244, “әр-Радду ‘алә әл-Бәкри” 254.

Шейх Ибн әл-Қайим былай дейтін: “Күпірлікте айыптау – біреудің сөздеріне емес, шариғатқа негізделетін, Аллаһтың, содан соң Оның Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) құқығы болып табылады”. “Мухтасар әс-Сауә’иқ” 494.

Шейх ‘Абдур-Рахмән әс-Са’ди былай деген: “Купірлік – бұл тек Аллаһтың және Оның Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) құқығы, және Аллаһ және Оның Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) кәпір деп атағаннан өзге ешкім кәпір болып табылмайды!” “әл-Иршәд” 1/198.

Мысалы, бізде Перғауын – кәпір, Иблис – кәпір, Кітап иелері, көпқұдайшылдар, немесе атеистер сияқты өзге кәпірлер де – кәпір екендігі туралы шариғи мәтіндер бар. Міне, осыған күмәндануға болмайды, және Аллаһ пен Оның Елшісі (Аллаһтың оған Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) кәпір деп атағанды кәпір деп есептемеу – үлкен күпір болып табылады! Алайда, мұндай адамның күпірлікке түсуінің себебі – оның такфир жасамауында емес, Аллаһтың және Оның Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) белгілі бір адамдар немесе категориялар туралы айтқан сөздеріне күмәнданғанында, немесе оларды қабыл алмағанында!

Бұл – өз негізінде кәпір болып табылатындарға қатыстысы.

Бірақ, өз негізінде мұсылман болып табылатын және оның Исламы айқын болған (яғни ол Исламның тіректерін орындайды және баршаға мұсылман ретінде таныс) адамға келер болсақ, мұндай адамға қатысты бұл ереже ешқандай қолданыла алмайды, тек егер оны ғалымдар тиісті дәлелдерді ұсынғаннан кейін бірауызды Исламнан шығармаған болса!

Өйткені, мұсылманды күндей айқын дәлелдерсіз кәпір деп есептеу – күпірлік болып табылады, және мұндай адамды күпірлікте айыптағанның өзі күпірлікке түседі! Енді мұның дәлелдеріне назар аударайық:

Аллаһ Тағала Өзінің Ұлы Кітабында былай дейді: «Әй, мүміндер! Аллаһ жолында (соғысқа) шықсаңдар, өте анықтаңдар. Сәлем бергенді дүние-мүлікке қызығып: «Сен - кәпірсін», - демеңдер». (ән-Нисә 4: 94).

Ибн ‘Аббәс бұл аятқа қатысты былай деген: “Аллаһ Тағала муминдерге, өлексені тыйым салған сияқты, оларға «Лә иләһә илләллаһ» - деп куәлік бергенге: «Сен – кәпірсің!» деп айтуға тыйым салды!” “Тафсир Ибн Әби Хатим” 5829.

Ибн ‘Умардан Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Егер қандайда бір адам мұсылманға: «Әй, кәпір!» - десе, бұл олардың біреуіне қайта оралады». әл-Бухари 6104, Муслим 60.

Әбу Зәррдан жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Кім өзінің бауырына: “Кәпір”, немесе “Аллаһтың дұшпаны”, – десе, ал ол олай болып табылмаса, онда айтылған нәрсе осыны айтқанға қайта оралады!» Муслим 1/79.

Ендеше, сорлы, адасқан және ақылдан азған адамнан өзге біреу осы үрейлі ескертулерді білгеннен кейін де мұсылмандарды такфир жасауға жеңіл-желпі қарай алады ма?! Өйткені,  мұндай адам осы арқылы өзіне-өзі такфир жасайды ғой! Имам Ибн Хаджәр әл-Хайтами адамды күпірлікке кіргізетін сөздерге арналған өзінің танымал кітабында былай деген: “Әр-Рафи’и: «Мұсылмандарға дәлелсіз «кәпір» дегеннің өзі күпірлікке кіреді, өйткені, ол Исламды күпірлік дейді!» - деп айтқан! Мұсылманды күпірлікте айыптаған адам өзі кәпір болады! Және оның сөзінен кейін тура осыны имам ән-Нәуәуи де айтқан”. “әл-И’ләм би қауәты’ әл-Исләм” 98.

Және осы - мына көпке белгілі хадиспен расталады: «Егер кімде-кім өзінің мұсылман бауырына: «Әй, кәпір!» - десе, онда күпірлік олардың біреуіне міндетті (уәжіп) болады». Әбу ‘Ауәнә 1/23. Хадис сахих.

Сондай-ақ, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Бір адам басқа бір адамды бұзақылықта, немесе күпірлікке айыптаса, және егер оның айыптаған адамы іс жүзінде солай болып табылмаса, онда айыптау міндетті түрде оның өзіне қайта оралады». әл-Бухари 6045.

Сонда Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) осы сөздерін бекер айтты ма, әлде өздерін Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) үмметіндегі жоғарғы сот деп санайтын кез-келген асыққыш ақымақтар ой тоқтату үшін бе?!

Имам Ибн ‘Асакир мұсылмандарды күпірлікте айыптауға тыйым салатын хадистерге қатысты былай деген: “Бұл хабарлар мұсылмандарға такфир жасауға тыйым салады, ал кім мұны жасаған болса, ол елшілердің мырзасын (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) тыңдамаған болады!” “Табәйин кизб әл-муфтара” 405.

Хафиз Ибн ‘Абдуль-Бәрр былай дейтін: “Мұсылманға такфир жасаған (адам) ұлы және ең ұлы күнәға түсті! «Кім өзінің бауырына: «Әй, кәпір!» - десе…» деген бұл хадис -  қандайда бір мұсылманға: «Әй, кәпір!» - деп айтуға ең салмақты ескерту әрі тыйым болып табылады”. “әт-Тамхид” 17/22.

Имам Ибн Дакық әл-‘Ид былай дейтін: “Бұл – айыптауға лайықты болмаған мұсылман адамды такфир жасаушыға деген қорқынышты ескерту! Осы – өздерін Сүннетпен хадиске телитін көптеген адамдар түсіп қалған қауіпті нәрсе, олар ақида мәселесінде бөлінген кезде, өздеріне қайшы келетіндердің әрбірін күпірлікте айыптай бастады!” “Ихкәмуль-әхкәм” 4/76.

Имам әз-Заркәши былай дейтін: “Такфирге салынып жүргеннің өзі, мұсылманға такфир жасауның себебінен, күпірлікке кіріп кетуден қорықсын!” “Тухфәтуль-мухтадж” 9/88.

Кімге бұл да жеткіліксіз болса, онда Аллаһтың Елшісінің  (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандарды такфир жасауға тыйым салатын мына тікелей хадисын оқысын: «Мұсылманды күпірлікте айыптаған - оны өлтірген сияқты!» Хадис сахих. «Сахих әл-джәми’» 6269.

Имам әл-Мунәуи бұл хадиске қатысты былай деген: “Осыда бұл әрекеттің Аллаһтың алдындағы ұлықтығына нұсқау бар, және күпірлікте айыптауды адам өлтірумен салыстыру  мұсылманды күпірлікте айыптаушы оның ар-намысына қол сұғатынына нұсқайды, ал муминнің ар-намысы, оның қаны сияқты, қол сұғылмаушылыққа ие, және иман келтірген адамды күпірлікте айыптаған - оның қанын төккен сияқты болады! Немесе хадистің мағынасы: иман келтірген адамды күпірлікте айыптағанның Қияметтегі үкімі - оны өлтірген адамның үкіміндей болады да, ол сол үшін Отқа кіреді!” “Фәйдуль-Қадир” 6/328.

Ал, осы адасқан такфиршілерге мұсылманды өлтірген адамның үкімі мәлім бе? Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Кім бір мүмінді қасақана өлтірсе, оның жазасы  - ішінде мүлде қалатын Тозак болады. Сондай-ақ, Аллаһ оған ызаланады, лағнеттейді және зор қинау әзірлеп қояды». (ән-Нисә 4: 93).

Сондай-ақ, Хузайфә да Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Ақиқатында, мен сендер үшін Құранды оқитын, және оның әдемілігі оның келбетіне шығып тұратын, және ол Исламның қорғаушысына айналатын адамнан қорқамын. Кейін ол Құранды артына тастап қалдырады да, өз көршісін көпқұдайшылықта (ширкте) айыптап, оған қылыш көтеріп тап береді». Хузайфә: “Йә, Аллаһтың пайғамбары, олардың қайсысы көпқұдайшылыққа жақын: айыптаушысы ма, әлде айыпталушысы ма?! ” - деп сұрады. Ол: «Жоқ, айыптаушысы», - деді. әл-Бухари “әт-Тарих” 297, Ибн Хиббән 81. Хадистің сахихтығын имам әл-Хайсами, хафиз Ибн Кәсир және шейх әл-Әлбәни растаған. “әс-Сильсилә әс-сахиха” 3201.

Осы хадистер де оған жеткіліксіз болып табылатын біреу бар ма екен?! Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған гілігі мен сәлемі болсын) қауіптенген нәрселері біздің уақытымызда орын алып жатқанына біздің барлығымыз куә болуда емеспіз бе?! Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қорыққан нәрседен қорқу - барлық мұсылмандар үшін міндетті болып табылады емес пе?! Және ақиқатқа ілесіп жүргендер, дұрыс істеп жүрміз деп, қаншалықты жиі өздерінің ақидасы мен мәнһәжін толық өзгертті ғой!

Ал аталған хадистегі ең  таң қаларлық нәрсе – бұл «…олардың қайсысы көпқұдайшылыққа жақын, айыптаушысы ма, әлде айыпталушысы ма?» - деген сұраққа алынған: «Жоқ, айыптаушысы» - деген жауап.

Сондай-ақ, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандарды такфир жасауға тыйым салынған жолына сахабалар да ілесетін және осыдан сақтандыратын.  Әбу Суфьян былай деп баяндайтын: “Бірде мен Джәбирден: “Сіз мұсылмандардан біреуді кәпір деп атағансыздар ма?” – деп сұрадым. Ол: «Жоқ», - деді. Мен: «Ал, мүшрик деп ше?» - деп сұрадым. Ол: «Аллаһ бізді бұдан сақтасын!» - деді де, бұдан қорқып кетіп: «Ал, сендер мұсылмандардан біреуді кәпір дейсіңдер ме?» - деп сұрады. Мен: «Жоқ!» - дедім, ал ол кетіп қалды”. Әбу Я‘лә 2317, әт-Табәрани 2/107, Ибн ‘Абдуль-Бәрр 17/23. Хафиз Ибн Хаджәр сахихтығын растаған.

Бұл үмметтің атақты имамдарының мұсылмандарды такфир жасаудың қауіптілігі туралы айтқан сөздерін тағы келтірейік.

Муфәссир әл-Қуртубидің ұстазы имам Әбуль-‘Аббәс әл-Қуртуби былай деген: “Такфир – оның алдына көптеген адамдар келіп, сүрінген қауіпті есік, ол есіктің алдында таңдаулылар ғана тоқтап, құтылды. Ал, құтылумен не теңдесе алады!” “әл-Муфхим” 3/111.

Имам Ибн ‘Абидин былай дейтін: “Күпірлік – қауіпті нәрсе! Және егер мен муминнің күпірлікке түспейтініне бір ғана ақтау тапсам, оны күпірлікте айыптамаймын”. “Фәтауә-ссуғра” 4/224.

Хафиз Ибн ‘Абдуль-Бәрр былай деген: “Келіспеушілік жоқ болған нәрседен өзге нәрсенің негізінде күпірлікте айыптамау керек”. “әт-Тамхид” 17/22.

Хафиз Ибн Хаджәр былай деген: “Кімнің Исламы айқын болса, ол одан сондай айқын дәлелдердің негізінде ғана болмаса, өзге жағдайда шықпайды”. “Фәтхуль-Бәри” 2/314.

Имам Ибн әл-Уәзир былай дейтін: “Мұның барлығы (мұсылмандарды такфир жасауға тыйым салатын хадистер) мұсылмандарды күпірлікте айыптаудың және оларды Исламнан шығарудың қауіптілігіне нұсқайды! Егер адам таухид туралы куәлік берсе және жолдауды мойындаса, оның осыларға қоса Исламның тіректерін орындауы және ауыр күнәлардан қашқақтауы, және шыншылдық сипаттарын танытуы туралы айтпағанның өзінде, онда оны адасушылығы және бидъаты үшін Исламнан шығармайды! Өйткені, оны күпірлікте айыптаушының өзі осындай қылық жасаудан сақтандырылмаған болуы да мүмкін ғой, өйткені, ешкім күнәсіз емес ғой!” “Исаруль-хаққ ‘алә әл-хәлқ” 385.

Шейх ‘Абдуллаһ ибн Мухаммәд ибн ‘Абдуль-Уәххаб былай деген: “Өз-өзіне қатысты ықыласты болған адамға бұл мәселе (такфир) туралы білім мен Аллаһтың дәлелдерінен өзге нәрсенің негізінде сөйлемеу міндетті (уәжіп) болады.  Және әркім өзінің түсінуінің және өз ақылының қалауының негізінде біреуді  Исламнан шығарудан сақ болсын. Ақиқатында, адамды Исламнан шығару, немесе оны Исламға телу – діннің ең маңызды істерінен болып табылады!”  “әд-Дурару-ссәнийя” 8/217.

Такфир – бұл өте салмақты нәрсе, және оның ізінен, Ибн әл-Уәзирдің сөзімен айтқанда, бұл адамның мал-мүлкін тәркілеу, оны өлім жазасымен жазалау және оның Тозақта мәнгі қалуымен куәлік ету ұласады! “әл-‘Ауасым уәл-қауасым” 4/178.

Өйткені, мұндай ұлы және маңызды мәселелерге салғырттықпен қарау Аллаһтың дінімен онайтын адамнан өзге  ешкімнен шықпайды!

Күмәнді, немесе анық болмаған мәселерде тіпті жазалау (хадд) орындалмайтынын көпшілік жақсы біледі. ‘Умар ибн әл-Хаттаб былай дейтін: “Күмәні болған жазалауды (хаддты) тастау мен үшін күмәні бар хаддты жасаудан жақсырақ!” Ибн Әби Шәйба 11/70. Хафиз әс-Сахуәи иснәдін сахих деді.

Имам Ибн әл-Мунзир былай дейтін: “Барлық білім иелері түсініксіздіктер мен күмән болған тұста жаза орындалмайтынына бір ауызды келіскен!” “әл-‘Удда” 537.

Егер жазаланушының Исламы сақталатын кездегі жазалау үкімі осындай болса, онда жорамалдардың, күмәндардың, әуес-қалаулардың және өшпенділіктің негізінде Исламнан шығару туралы не айтуға болады?!

Сөйтіп, аталғандардың барлығы «Негіз – мұсылманды күпірлікте айыптауға тыйым салынғандығында!» - дегенге нұсқайды. Хафиз Ибн ‘Абдуль-Бәрр былай деген: “Кұран мен Сүннет мұсылманды фасиқ және кәпір деп атауға, күмәні болуы мүмкін болмаған айқын дәлелдің  негізінен өзге жағдайда, рұқсат етілмейді!” “әт-Тамхид” 17/21.

Және осы жоғарыда аталғаның бәрінен соң пәленше деген біреу пайда болады да, адамдардан өзінен де ізгі және Аллаһқа суйікті болуы мүмкін болған адамдарға жасаған такфирін қабылдауды талап етеді, ал егер олар бұдан бас тартса – өзімен келіспейтіннің барлығын күпірлікте айыптай бастайды!  Аллаһтың түсіргеніне негізделмеген нағыз сот – міне осы! Бұл адамдар өздерін, басқалар оларға мойынсынбағандық және олармен келіспегендік үшін кез-келген адамды Исламнан шығарып тастайтын, шариғат заңдарын бекітушілердің санатына қосып қояды.  Олардың көпшілігінің соңы жаман аяқталған, өйткені,  олардың такфирлері өздеріне оралып, оларды опат ететін, және бұл адасқан адамдардың өздерінің күпірлігінде күмән жоқ!

Және осы такфиршілер бізге «күпірліктің», «діннен шығудың» шариғи анықтамаларын және олардың түрлерін келтірсін ші!

Такфиршілердің көбі күпірліктің түрлері, күпірлік сөздерде, амалдарда және сенімдерде болатынын мүлде білмейтініне біз күмәнданбаймыз. Күпірліктің діннен шығаратын және діннен шығармайтын түрлері бар екендігін, және осыда әһлю-Суннә ішінде келіспеушілік жоқ екендігін де (біле бермейді). «Куфр» сөзі араб тілінде өзіне «имансыздық» деген мәнді қамтымайтын мағынаға да ие болуы мүмкін екендігін білмейтініне де күмәніміз жоқ.

Имам Ибн әл-Джәузи былай деген: “Құранның тәпсіршілері «куфр» сөзі Құранда бес мағынаға ие екендігін атап өткен.

Олардың бірі: Таухидке қатысты күпірлік, және Аллаһтың мына сөздері осы жөнінде: «Ақиқатында, кәпірлерге бәрібір, сен оларды ескерттің бе, әлде ескертпедің бе. Олар бәрібір иман келтірмейді!» (әл-Бақара 2: 6).

Күпірліктің екінші мағынасы: шүкіршілік етпеу (қайырымсыздық), бұл жөнінде Аллаһ былай деген: «Мені еске алыңдар, және Мен де сендерді есте сақтаймын. Маған шүкірлік етіңдер және маған шүкір етпеуші (такфурун) болмаңдар». (әл-Бақара 2: 152).

Күпірліктің үшінші мағынасы: қатыссыздық, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп хабарлағандай: «Сосын Қиямет Күні бір-біріңе қарсы боласыңдар (якфур)» (әл-‘Анкәбут 29: 25).

Күпірліктің төртінші мағынасы: мойындамау, қарсы шығу, бас тарту, бұл жөнінде Аллаһ былай деп айтқандай: «Оларға өздерінің танығаны келген заманда, оған иман келтуруден бас тартты». (әл-Бақара 2: 89).

Және күпірліктің бесінші мағынасы: жасыру, бұл туралы Аллаһ былай деп айқанындай: Біліңдер! Шын мәнінде, дүние тіршілігі бір ойын, ермек, сән және өзара мақтанысу, сондай-ақ, малдарды, балаларды көбейту ғана. Мұның мысалы: өсірген өсімдігі егіншілерді (куффар) таңырқатқан жаңбыр сияқты». (әл-Хадид 57: 20)”. “Нузхатуль-ә’юн” 516.

Діннен шығуға «әр-ридда» келер болсақ, ғалымдар оның анықтамасына қатысты былай деген:

Имам Ибн Муфлих былай деген: “Бұл - сөзбен, сеніммен, немесе күмәнданумен Ислам дінінен күпірлікке қайта оралу,  ол, сондай-ақ, амал(мен) болуы да мүмкін”. «әл-Мубди’» 9/175.

Имам әс-Субки былай дейтін: “Такфир – бұл шариғи үкім, оның себебі – Аллаһ Тағаланың Раббылығын және пайғамбарлық жолдауды мойындамау, немесе Заң шығарушы (Аллаһ) күпірлік деп атаған сөздер мен істерді орындау болып табылады, тіпті егер бұл күпірлік тек мойындамаумен ғана (джухуд) байланысты болмаса да”. “Фәтауә әс-Субки” 2/586.

Имам әл-Бухути «әр-ридда» (діннен шығу) сөзіне берген анықтамасында былай деген: “Бұл – Исламнан кейін сөздерімен, сенімдерімен, күмәнімен, немесе амалымен үлкен күпірлікке түскен (кімсе)”. «Кәшәф әл-қанә’» 6/167.

Тізбекті такфирді жақтаушылардың негізгі дәлелі

Тізбекті такфир авторларының басты дәйегіне келер болсақ, бұл олардың мына сөздері:

«Мүшриктерді қабыл алмау және олардың күпірлігіне такфир жасау – таухидтің (бірқұдайшылдықтың) ажырамас бөлігі және оның жарамдылығының шарты болып табылады. Ал, кім мушриктерді кәпір деп есептемесе, сол арқылы өзінің таухидін жарамсыз етеді де, өзі де мушрик болады».

Бұл – дұрыс қорытынды, және бұл - іс жүзінде де солай! Алайда, тізбекті такфирді жақтаушылардың бар қасіреті – олардың түсінігіндегі мүшрик пен шариғат анықтамасындағы мүшриктің барлық жағдайда бір болмауында болып тұр! Өйткені, ізгі және тақуа мұсылмандардан болған біреу олар үшін кәпір де, мушрик те болуы - оп-оңай. Мәлик ибн Динәр өз кезінде нендей жақсы сөздерді айтып кеткеніне назар аударыңдар: «Адамға, өзі ізгі болмай, алайда ізгілер туралы жаман сөйлеуде  жауыздық жетіп асады!” әл-Бәйхақи: “Шу’абуль-имән” 5/316.

Ал, бұл саләфи такфирді емес, мұсылмандарды жәй балағаттаудың өзін меңзеп тұр.

Такфиршілер атап кеткен бұл ережеге келер болсақ, ол ақиқатында да кәпір болып табылатындарды, оларды Аллаһ, Оның Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және үмметтің бір ауызды пікірі кәпір деп атағандарды кәпір деп атамайтындарға қатысты.  Және мұндай кәпір - яхудилер мен христиандар, немесе буддисттер, атеистер т.с. сияқтылардай, өз негізінде мушрик және кәпір ме, әлде бұрын мұсылман болып кейін кәпір болған кәпір ме – маңызды емес.

Алайда, діннен шығудың түрлерінің ішінде әрбір мұсылман үшін айқын және анық болғандары, мысалы, Исламнан саналы түрде бас тарту, немесе христиандыққа, буддизмге т.с. өзге діндерге өтіп кету, Аллаһ бізді бұдан сақтасын, сияқтылары бар. Діннен шығудың мұндай түріне ешқандай күмән жоқ.

Имам әш-Шәфи’и былай дейтін: “Кім ширктен иманға келсе, содан соң иманнан ширкке өтсе, онда, егер ол кәмелетке толған ер, немесе әйел болса, оны тәубе етуге шақыру керек. Егер ол тәубе етсе, оның тәубесі қабыл болады, ал етпесе, онда оны өлім жазасымен жазалау керек! ” “әл-Умм” 3/363.

Сондай-ақ, әш-Шәфи’и былай деген: “Мұсылман Исламды қандай дінге ауыстырғанының, ол - танылған ба, танылмаған ба, айырмашылығы жоқ”. “әл-Умм” 6/202.

Имам әл-Мәуәрди былай деген: “Әһлю-рридда – бұл мұсылман болып, күпірлікке қайта оралған діннен шыққандар, және бұл олардың мұсылман болып туылғандығына, немесе Исламды қабылдап мұсылман болғандығына байланысты емес. Және бұл екі категория да (ата-анасынан мұсылман болып туылған және Исламды қабылдап мұсылман болған) діннен шығушылықта бірдей болады. Және олар христиандар мен яхудилердің, немесе көпқұдайшылдар мен пұтқа табынушылардың дініне өтті ме – оның айырмашылығы жоқ!” “әл-Әхкәм әс-султәния” 92.

Имам әл-Мунәуи «Өзінің дінін ауыстырғанды өлтіріңдер» (әл-Бухари 6922) - деген хадиске жасаған түсіндірмесінде былай деген: “Яғни күпірлік сөзімен, немесе амалымен Исламнан басқа дінге өтіп, осынысында қасарысып алған (кімсе)”. “Фәйдуль-Қадир” 11/59.

Мұндай діннен шығушылықта адамның күпірлігіне ешқандай күмән болмайды. Алайда, өзін мұсылман деп санай беретін және «Лә иләһә иллә-Ллаһ» деп айтатын адамның діннен шығуы туралы айтар болсақ, онда ол тіпті өзінің кәлимәсын бұзатын күпірлік жасаса да, бұл жөнінде баршаға бірдей түсінікті де, айқын да бола бермейді! Мұны тек білімге ие болған ғалымдар ғана түсіндіре алады, бірақ ешқандай надан такфиршілер емес!

Ал, ендеше, тізбекті такфирдің жақтаушылары бізге мүшриктерді такфир жасаумен емес, такфиршілердің жасаған нақты такфирімен келіспейтіндер күпірдің нақты қай түріне кіретінін нұсқасын шы! Өйткені, адам шынайы кәпірлерге жасалатын жалпы такфирмен емес, мұндай надандардың жасаған такфирімен келіспеуі мүмкін ғой, ал бұл – дұрыс болып табылады. Өйткені, күпірлігі айқын және түсінікті болғанды кәпір демеу - қауіпті болып табылады ғой. Ал, егер адамға намаз оқитын және калиманы айтатын (өзге) бір адамның күпірлігі түсінікті болмаса ше?! Қалайша ол мұндай жағдайда өзі кәпірге айналады?!

Осы жерде шейх әл-Әлбәнидің сөздерін келтіру өте орынды:

Шейх әл-Әлбәниге: «Кәпірді кәпір деп есептемейтіннің өзі кәпір. Мубтадиъты (бидъатшыны) мубтадиъ деп есептемейтіннің өзі мубтадиъ. Кім бізбен болмаса, ол бізге қарсы болады» деген ереже туралы сіздің пікіріңіз қандай?!» - деген сұрақ қойылды.

Шейх былай деп жауап берді: “Бұл ереже қай жақтан келген?! Және оны тағайындаған кім?!

Егер біреу басқа біреуге такфир жасаса және  оған дәлел келтірсе, барлық адамдар оның жасаған такфирінде оған ілесуі шарт болып табылмайды! Өйткені, ол қателесуі мүмкін, ал басқа ғалым бұл адамға такфир жасауға болмайды деп есептеуі мүмкін. Және бидъатта айыптау (табдиъ) мен  бұзақылықта айыптау да (тафсиқ) – тура осы сияқты! Ал, іс жүзінде бұл – осы ғасырдың бүлігінен (фитнасынан), және оның себебі болып «білімді» деп аталуға таласатын кейбір жас адамдардың асығыстығы табылады.

Іс жүзінде бұл мәселе ауқымдырақ. Мысалы, бір ғалым белгілі бір нәрсені міндетті деп есептейді, алайда, басқа бір ғалым өзгеше санайды. Және ғалымдар бұрын да келіспеушілікте болған, және әркез  өзара келіспеушілікте болады да, және біреудің ижтихадына еру барша үшін міндетті болып табылмайды. Біреудің пікіріне ілесуге қалғандарды міндеттейтін - тек ешқандай білімі жоқ муқаллид (соқыр түрде ілесуші) ғана. Ал, мысалы, такфир жасаған, яки біреуді бұзақылықта, немесе  бидъатта айыптаған, ал біреу оның пікірімен келіспейтін ғалымға келер болсақ, оның пікіріне ілесу ешуақытта міндетті болмайды”. Тыңдаңыз: “Сильсиләтуль-худа уә-ннур” № 778.

Егер тіпті білімнің негізінде жасалған ғалымның такфирі бүкіл үмметті оның пікіріне ілесуге міндеттемейтін болса, онда жеке және жалпы үкім-ережелердің айырмашылығын түсінбейтін, дәлел келтіру және күмәнді шеттету т.с.с. шарттарға назар бұрмайтын, сыбыстар мен өсектердің негізінде такфир жасайтын барып тұрған ақымақтар мен надандардың такфирі туралы не айтуға болады?!

Осының барлығының себебімен: мұндай адамдар шындығында да кәпір болған адамға емес, өздеріне қайшы келгендерге, немесе өздерімен келіспейтіндерге такфир шығарады, және бұл әркезде  Ислам тарихындағы ең жаман секталардың сипаты болып табылатын еді,  деп айқын айтылған.  Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “Хауәридждер, рафидилер, қадарилер және джәхмилер сияқты бидъаттарды жақтаушылардың көбі адасушылық болып табылатын, алайда олардың өздері оны ақиқат деп санайтын сенімге ие болды. Және олар өздерінің сенімдерінде оларға қайшы келетіндерді кәпір деп сесептейді!” “Мәджму’уль-фәтауә” 12/466.

Имам әш-Шәукани хауәридждер туралы былай дейтін: “Олар өздері сияқты есептемейтіннің әрбірі күпірлікке түсті дегенде бірікті және оның мал-мүлкін, қанын және отбасын халәл етті!” “Нәйлюль-әутар” 7/304.

Жалпы жағдайлар мен нақты оқиға арасындағы айырмашылық

Құран мен Сүннет амал мен сол амалды атқарушының арасында айырмашылық жасайды, өйткені, күпірлік жасаушышының әрбірі кәпір бола бермейді. Мысалы, Исламның қандайда бір үкімі-ережесін жоққа шығарушы мен оны қате тәпсірлейтіннің (тауиль) арасында айырмашылық бар, өйткені, оның біріншісі, екіншісінен ерекше, кәпір болып табылады. Сондай-ақ, жалпы жағдай мен нақты жағдайдың арасында да айыпмашылық бар, мысалы,  «Құран жаратылған (махлұқ)» деп айтқан адам кәпір болады дегенге бірауызды келісілген пікір (иджмәъ) бар, бірақ, бұған қарамастан, осыны нақты бір мұсылман айтса, бұл мәселені жеке қарастыру қажет.

Мұны саләфтар қалайша түсінгенінің мысалы мынау:

Имам әл-Харауи былай деп баяндайтын: “Әл-Әзхариден Құран жаратылған деп айтушыға қатысты: «Сен осындай адамды кәпір деп есептейсің бе?» - деп сұрағанда, ол: «Оның айтып жатқаны - күпірлік болып табылады», - деді. Одан бұл жөнінде үш рет қайталап сұрады, және ол осылайша жауап беруін қайталай берді де, үшінші ретте: «Мұсылман да күпір сөзін айтуы мүмкін!» - деді”. Ибн әл-Әсир: “ән-Нихая” 806.

Сондай-ақ, бұл мәселенің өте жақсы түсіндірмесін шейхуль-Ислам Ибн Таймия да берген: «Мұсылмандардың кейбір әмірлері «Құран – жаратылған, және болашақ өмірде ешкім Аллаһты көрмейді» дейтін джәхмилердің айтатын нәрсесін айтатын. Олар осыны адамдардың арасында тарататын, және өзінің  шақыруына жауап бермегендерді қинап жазалайтын, және өзіне ілеспегендерді күпірлікте айыптайтын. Біреуді тұтқынға алып, ол өздерінің Құран – жаратылған деген сенімдерін мойындамайынша босатпайтын. Олар өздерінің әкімдері етіп тек осыны мойындағандарды ғана тағайындайтын және тек осындай адамдарға ғана қазынадан көмек беретін. Осыған қарамастан, имам Әхмәд Аллаһтан оларға рақым етіуін және оларды кешіруін сұрайтын, өйткені, ол олардың өздері осынысымен Аллаһтың Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен слемі болсын) қайшы келіп жатқанын түсінбейді деп есептейтін. Олар Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) алып келген нәрсесін тікелей жоққа шығармайтын, алайда, олар мәтіндерді қате тәпсірлейтін және өздерін осыған үйреткендерге соқыр түрде ілесетін”. “Мәджму‘уль-фәтауә” 3/229-231.

Жалпы жағдай мен жеке жағдай арасында айырмашылық бар дегенге шариғи дәлел келтірейік.  ‘Умар ибн әл-Хаттаб Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) көзі тірісінде Химар деген атағы бар Абдуллаһ деген адам бар еді деп баяндайтын. Ол Аллаһтың Елшісін (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) күлдіретін, ал, Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) келер болсақ, ол оның шарап ішкені үшін оны ұруға бұйыратын.  Бірде оны Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) алып келді де, оның бұйрығы бойынша оны ұра бастады, ал бір адам: «Уа, Аллаһ, оны лағнетте! Оны нендей жиі келтірілген еді!» - деді. Бұған Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Оны лағнеттемеңдер, өйткені, Аллаһпен ант етемін, мен оның Аллаһты және Оның Елшісін жақсы көретінін білемін!» - деді». әл-Бухари 6780.

Бұл хадиске ой салыңдаршы! Өйткені, Пайғамбардың өзі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадистерде шарап ішкендерді лағнеттегеніне қарамастан, ол нақты бір адамды лағнеттеуге тыйым салды. Бұл хадистің талқыланып жатқан мәселемен болған байланысын шейхуль-Ислам Ибн Таймия өте жақсы түсіндіріп, былай деді: «Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұл адамды лағнеттеуге тыйым салды, өйткені, ол Аллаһты және Оның Елшісін (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жақсы көретін еді, дегенмен ол спирттік ішімдік ішуін қоймайтын, ал спирттік ішімдік үшін хадисте он адам лағнеттеледі. Алайда, лағнет туралы жалпы мәтіннен нақты бір адамды лағнеттеу міндеттілігі туындамайды,  өйткені, бұл адамды лағнеттелгендердің санатынан шығаратын кедергі болуы мүмкін. Күпірлікте айыптаудың жалпы мәтіндері мен қорқытуы бар мәтіндер де осы сияқты. Дәл сол үшін де, Құран мен Сүннетте қорқытуы бар жалпылама мәтіндер белгілі шарттардың болуымен және белгілі кедергілердің болмауымен шартталады!” “Мәджму’уль-фәтауә” 10/32.

Мұқият оқыдыңыздар ма, уа, мұсылмандар?!

Мұның барлығы – Құран мен Сүннеттің жалпы мәтіндеріне қияс жасап, мұны нақты оқиғаға, немесе белгілі бір адамға қатысты қолдануға болмайтындығына айқын дәлел. Бір мысал келтірейік: «Хош иістерді сеуіп, далаға шыққан, және еркектер бұл иісті сезген әйел - зинақор болып табылады» - деген хадис бар. Ал, енді осының негізінде хош иісті әтірлерді сеуіп далаға шыққан нақты әйелді зинақорлықта айыптауға болмайды! Сондай-ақ, іш ауырудан өлген адам шәхид болып табылады деген хадис бар. Алайда, іш ауырудан өлген нақты бір мұсылман туралы ол шахид болды деп айтуға  болмайды, бірақ, Аллаһ оған осыны нәсіп еткен шығар деп үміт ету керек.

Нақты жағдай мен жалпы (жинақталған) мәтіндердің  айырмашылығы жайындағы атақты имамдардың айтқан сөздерін де келтірейік.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деген: “Күпірлікте айыптау нақты тұлғаның кейіпіне (жағдайына) байланысты ерекшеленуі мүмкін, өйткені, қате жасаған адамның әрбірі бидъатшы, немесе надан бола бермейді, және кез-келген адасушы да кәпір, бұзақы (фәсиқ), немесе тіпті жәй күнәһар да бола бермейді”. “Минһәджу-Ссуннә” 5/250.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия сондай-ақ, былай деген: “Күпірлікте айыптаудың жалпы ережелері белгілі адамға (нақты жағдайларда) қатысты шешім шығаруда күшке ие болуы міндетті емес. Кейбір ғалымдар белгілі бір мәселеде иджтихад жасауы және онда қателесуі мүмкін, бірақ, олар, білімсіздік себебімен ақтаудан айыратын дәлел жеткеннен кейін де осы пікірді айта беретін адамға кереғар, кәпір болмайды”. См. “Мәджму’ әл-фәтауә” 35/99.

Шейхуль-Исламның басқа да мына сөздеріне назар аударыңыздар: “Ақиқатында, күпірлікте айыптауға (такфир), бұзақылықта айыптауға (тафсиқ) және сол сияқты айыптауларға қатысты өзіне қорқытуды қамтыған Құран мен Сүннеттің мәтіндері, сондай-ақ, имамдардың сөздері, белгілі шарттарды (дәлелді ұсыну т.с.с.) орындаудан басқа жағдайда, бірден нақты адамға қатысты қолданылмайды.  Және бұл діннің негіздеріне қатысты ма, әлде оның тармақтарына ма – оның айырмашылығы жоқ!” “Мәджму‘уль-фәтауә” 10/372.

Сөйтіп, жоғарыда аталғанның барлығы – егер мұсылмандардан болған біреу күпірлік жасаған болса, немесе күпірлік сөздерін айтқан болса, онда: «Кім осылай деп айтса – кәпір болады», немесе «Бұл – үлкен күпірлік болып табылады», - деп айту керек. Алайда, нақты бір мұсылманды осындай амалы үшін, оған дәлел ұсынбай, Исламнан шығармайды. “әд-Дурару-ссания” 8/244.

Шариғаттың жалпы үкім-ережелері мен нақты жағдайлар, және адамдар арасындағы айырмашылықты ұғынған соң, Аллаһ Тағаланың рұқсатымен, нақты мұсылмандарды күпірлікте айыптауға не кедергі болып табылатынына өтейік, біз осы жөнінде білуіміз және  адасқан хауәридждердің жолына ілеспеуіміз үшін.

 

Мұсылманды күпірлікте айыптау үшін не кедергі болып табылатындығы туралы.

1. Білместік (джәхл)

Әрбір адамдағы негіз – бұл білімнің жоқтығы, өйткені, Аллаһ Тағала ешкімді білімді етіп жаратпады! Аллаһ Тағала былай деді: «Аллаһ сендерді аналарыңның құрсақтарынан ешнәрсе білмейтін етіп шығарды». (ән-Нәхл 16: 78).

Және осы себептен кім тыйым салынған (харам)  нәрсені  және тіпті күпірлікті ол туралы білмей және білуге деген мүмкіндігі болмай істесе – оның ақталатын сылтауы болады!  Аллаһ Тағала: «Сол уақытта хауәрилерге: «Маған әрі Елшіме иман келтіріңдер!» - деп білдірген едім. Олар: «Біз иман келтірдік! Біздің мұсылман болғанымызға куә бол!» - деді. Сол уақытта хауәрилер: «Уа, Мәриям ұлы Иса! Раббың бізге көктен бір тамақ түсіре алады ма?» - деді. Ол (Иса): «Егер иман келтірген болсаңдар, Аллаһтан қорқыңдар!» - деді». (әл-Мәидә 5: 111-112).

Кұранның тәпсіршілерінің арасында бұл аяттың мағынасына қатысты келіспеушіліктер болған. Имам Ибн Хазм былай деген: “Аллаһ Тағала олар жөнінде мақтап атаған бұл хауәрилер өздерінің білместігінен Исаға (Аллаһтың оған сәлемі болсын): «Раббың бізге көктен бір тамақ түсіре алады ма?» - деді. Бұл сөздердің себебінен олардың иманы жарамсыз болып қалмады! Егер олар мұндайды өздеріне дәлел жеткеннен және бұл олаға түсіндірілгеннен кейін айтқан жағдайда, кәпір болар еді ”. “әл-Фисәл” 3/142.

Осындай нәрсе муминдердің анасы Айшамен де, Аллаһ оған разы болсын, орын алған еді. Ол Аллаһтың Елшісінен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Сонда адамдардың жасырған нәрсесінің барлығын Аллаһ біледі ме?!» - деп сұраған еді, ал Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Ия», - деп жауап берді. Муслим 974.

Осында, сондай-ақ, «Ия» деген жауап кімнің ауызынан шықты - Айшаның ба, әлде Аллаһтың Елшісінің бе (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) - деген мәселеге байланысты имамадардың арасында келіспеушіліктер болғанын ескерту керек. Мысалы, имам ән-Нәуәуи «Ия» деген жуапты Айшаның өзінің жауабына жатқызған, өйткені, Мүслимнің келтірген нұсқасында бұл сөздер кімге тиісті екендігі толық анық емес. Айша өзі сұрақ қойып, өзі өзіне жауап бергендей. Алайда, бұл сөздер Айшаға жауап берген Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) тиісті екендігі туралы Әхмәд (6/221) келтірген осы хадистің нұсқасында айтылады.

Міне, сөйтіп, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Айшаны күпірлікте айыптамады және ұрыспады да, өйткені, ол бұл туралы білмейтін еді, ал Аллаһ білместікпен ақталуды қабыл етеді. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “Бұл хадис Айшаның мұны білмегеніне және ол, адамдардың жасырғанның барлығын Аллаһ білетінін білмегендіктен, кәпір болмағанына нұсқайды. Ал мұны тиісті дәлел ұсынылғаннан соң мойындау – иманның негіздерінен болып табылады, ал «Аллаһ барлық нәрсені біледі» дегенді мойындамау – «Ол - барлық нәрсеге күші жетуші» дегенді мойындамауға тең. Бұл сөздер күпірлік болып табылатыны айқын, бірақ, осыны айтқан адамның күпірлігі туралы шешім, тек оған, одан кейін ол  білместікпен ақталудан арылатын дәлел ұсынылғаннан кейін ғана шығарылады!” “Мәджму’уль-фәтауә” 11/412-413.

Әбу Уақид әл-Ләйси былай деп баяндайтын: “Бірде біз Аллаһтың Елшісімен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бірге Хунәйнға жорыққа шықтық. Сол кезде біз - жуырда ғана күпірліктен бас тартқан, енді дінге келген мұсылман едік, ал, мушриктерде бір ағаш бар еді. Олар оған өздерінің қаруларын іліп қойып, оның алдында өз (діни) рәсімдерін өткізу үшін жиналатын, және оны «Зат Әнуәт» деп атайтын. Міне, сонда біз әлгі ағаштың жанынан өтіп бара жатқан кезімізде: «Уа, Аллаһтың Елшісі, бізге де олардағыдай «Зат Әнуәт» жасап бер», - дедік. Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһ Ұлы! Мұның барлығы – өткеннің дәстүрлері! Жанымның иесі болғанмен ант етемін, сендер (менен) Исраил ұрпақтары Мусадан: «Бізге де олардағыдай құдай жасап бер!» - деп, сұраған нәрсесін сұрадыңдар. Ол: «Ақиқатында, сендер – надан халықсыңдар!» (әл-Ә’раф 7: 138). Шындығында, сендер өздеріңнен бұрын өткендердің әдеттеріне ілесудесіңдер!» - деді”. Әхмәд 5/218, әт-Тирмизи 2181. Имам әт-Тирмизи және шейх әл-Әлбәни хадистің сахихтығын растаған.

Шейх Мухаммәд ибн ‘Абдуль-Уәххаб бұл хадиске қатысты  былай деп айтқан: “Егер олар Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) тыйымына бағынбағанда, және бұл оларға тыйым салынғаннан кейін өздеріне «Зат Әнуәтты» алғанда, міндетті түрде күпірлікке түсетін еді дегенге келіспеушілік жоқ.

Бұл хабардан мұсылман адам, тіпті ғалым да, ширктің бір түрін, ол туралы білмей, жасап қоюы мүмкін болуы алынады. Сондай-ақ, онда өз-өзіңді оқыту және сақтандыру қажеттілігіне де нұсқау бар.

Сондай-ақ бұл деректен, егер муджтахид мұсылман күпірлік сөздерін, олардың күпірлік сөздері болып табылатындығын білмей айтса және оған бұл туралы айтылса, және ол сол уақытта-ақ тәубе етсе, ол күпірлікке түспейді деген (тұжырым) шығады”. “Кәшф әш-шубухат” 45-46.

Сондай-ақ, танымал хадисте Му’аз Шамнан қайта оралғаннан кейін Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сәжде жасағаны туралы жеткізілген. Аллаһтың Елшісі (аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) одан: «Бұл не, уа, Му’аз?!» - деп сұрайды. Сонда ол: «Мен Шамда адамдардың өз әмірлерінің алдында сәжде жасайтынын көрдім, және осыны сенің алдыңда жасауды іштей қаладым», - дейді». Ибн Мәджәһ 1853, әл-Бәззар 461. Хадис сахих. “Ируәуль-ғалиль” 7/56.

Имам әш-Шәукани былай деп айтқан: “Бұл хадисте білместікпен Аллаһ үшін болмаған сәждені жасаған адам күпірлікке түспейтініне дәлел бар!” “Нәйлюль-әутар” 6/363.

Осы жерде білім үшін Аллаһ үшін болмаған сәждені жасау және оның себептері жөнінде ғалымдардың арасында келіспеушіліктер бар дегенді ескертіп кету қажет. Ғалымдардың арасында Аллаһ үшін емес жасалған кез-келген сәжде - күпірлік болып табылады дегендері болды. Мысалы, имам Ибн Нәджим әл-Ханәфи былай дейтін: “Аллаһ үшін болмаған кез-келген сәжде – күпірлік болып табылады!” “әл-Бәхру-рраиқ” 5/134.

Алайда, көптеген ғалымдар Аллаһ үшін болмаған сәжделердің арасын бөліп қараған. Олар: сәжде ғибадат ретінде жасалуы мүмкін, және бұл – күмәнсіз, күпірлік болып табылады, сондай-ақ, сәлемдесу ретінде де жасалуы мүмкін, ал бұл жағдайда ол - үлкен күнә болады, бірақ күпірлік болмайды деген! Бұл жөнінде шейхуль-Ислам Ибн Таймия айтқан. “Мәджму’уль-фәтауә” 4/360.

Бірақ, қалай болғанда да, Аллаһ үшін болмаған сәждені жасаудың себебін білу үшін (бұл ғибадат ретінде жасалды ма, әлде сәлемдесу ретінде ме) мұның себебін адамның өзінен сұрап білу қажет, мұны Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Му’аздан: «Бұл не, уа, Му’аз?!» - деп сұрағандай .

Сондай-ақ, Аллаһ Өзінің барлық нәрсеге күші жететіндігіне және Ол қайта тірілтуге құдыретті екендігіне күмәнданған, Исраил ұрпақтарынан болған бір адамды ақтады. Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп баяндайған: «Бір адам тірі кезінде өзіне-өзі зұлымдық жасайтын еді (күнәлар жасайтын еді), және оған өлім жеткен кезде, ол өзінің балаларына былай деп айттты: «Мен өлсем, менің мәйітімді өртеңдер де, кейін күлін желге ұшырып жіберіңдер. Және, Аллаһпен ант етемін, егер менің Ием (Раббым) мені қайта тірілте алса, ол мені бұған дейін басқа ешкімді жазаламағандай етіп жазалайды!» Ол өлгеннен кейін, онымен тура өзі өсиет еткендей істеді.  Кейін Аллаһ Жерге: «Оның барлық қалдықтарын жина!» - деп бұйырды. Жер әмірді орындады, және ол өзінің Иесінің (Раббысының) алдына тұрғызылды. Сонда Аллаһ одан: «Сені былай істеуге не мәжбүрледі?» - деп сұрады. Ол: «Уа, Ием, Сенен қорқуым», - деді, және Аллаһ оны кешірді». әл-Бухари 3481, Муслим 2756.

Имам Ибн Қутайбә былай дейтін: “Бұл адам Аллаһқа сенетін, Оны мойындайтын және Одан қорқатын. Алайда, ол Аллаһтың бір сипаты туралы білмейтін, және егер оның мәйітін өртеп, оның күлін желге ұшырып жіберсе, ол Аллаһ Тағаладан құтыламын деп ойлаған. Бірақ Аллаһ Тағала, оның ниеттерін және Аллаһтың алдындағы жазадан қорқуын біліп, оған Аллаһтың бір сипаты туралы білмеуін кешірді ”. “Тауиль мухталәф әл-хадис” 119.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтқан: “Бұл ер кісі Аллаһ Тағаланың барлық нәрсеге Құдыретті екеніне және оны желмен ұшырып жіберілген күлден қайта тірілтуге қабілетті екендігіне күмәнданды. Бұдан қалса, ол қайта тірілмеймін деп ойлады, және мұндай көзқарастар - бір ауызды келісім бойынша күпірлік болып табылады. Алайда, бұл ер адам надан адам еді және мұны білмеді. Және осыған қоса ол – иман келтірген, Аллаһтың жазасынан қорқатын еді, міне осы үшін ол кешірілді”. “Мәджму’уль-фәтауә” 3/231.

Бұл хадисті түсінуге байланысты ғалымдардың арасында бірнеше пікірлердің болуына қарамастан, бұл оны білместікпен ақталуға дәлел ретінде қолдануға кедергі жасамайды, өйткені, Құран мен Сүннеттің мәтіндеріндегі негіз – бұл олардың сыртқы мағынасын алуда және оларға сүйенуде!

Сондай-ақ, білместік – ақталу болып табылады деген жолға (мәнһәжға) Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) білместікпен жасағанды күпірлікпен айыптамаған сахабалары да ілескен. Ибн Мәс’удтың әйелі - Зәйнәб, былай деп баяндаған: “‘Абдуллаһ ибн Мәс’уд менің есігіме жақындаған кезде ол, тап бермеу үшін және бізден өзіне ұнамсыз нәрселерді көріп қалмау үшін, аздап жүтеліп қоятын. Сөйтіп, күндердің бірінде ол келді де, кіруден бұрын жүтеліп, дауыс шығарды. Сол кезде менің алдымда маған хумрадан (ауыру) емделу үшін дуалар оқыған әйел боды. Мен оған керуеттің астына кіруді бұйырдым. Ол (Ибн Мәс’уд) маған жақындады да, менің мойнымдағы жіпті көрді. Ол: «Бұл не?!» - деп сұрады. Мен: «Бұл маған арналған дуалар оқылған жіп», - дедім. Ол бұл жіпті үзіп тастап, лақтырды да: «‘Абдуллаһтың отбасы ширкке мұқтаж емес! Мен Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Дем салу (тыйым салынғаны), тұмар және дуалау – көпқұдайшылық болып табылады», - деп айтатынын естігенмін», - деді. Мен оған: «Неге олай дейсің?! Аллаһпен ант етемін, менің бір көзім ауырған кезде бір яхуди маған дуаларды оқыды және ол емделді», - дедім. Ибн Мәс’уд: «Бұл – шайтанның амалдарынан! Сен оған бағынғаныңда – ол сені тыныш қалдырды, ал, сен оған мойынсынбай қойғаныңда – ол саусағын сенің көзіңе сұғып алды. Алайда, сен Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілілігі мен сәлемі болсын) істегенін істесең еді, бұл сен үшін абзалрақ және айығуыңа жақынрақ болар еді! Сен көзіңе су сеуіп: «Ауыруды жой, уа, адамдардың Раббысы, және шипа бер. Ақиқатында, Сен – Шипа берушісің, ауыруды қалдырмайтын Сенің еміңнен басқа ем жоқ!» - деп айтуың керек еді!» - деді”.  Әхмәд 1/381, Ибн Мәджәһ 3530. Имам әл-Хаким, хафиз әз-Захаби, шейх әл-Әлбәни және шейх ‘Абдуль-Қадир әл-Әрнәут хадистің сахихтығын растаған.

Ибн Мәс’уд өзінің әйеліне такфир жасамағанын, бірақ ол жасаған іске тыйым салынғандығы туралы оған дәлел келтіргенін, және Зәйнәб  хадисті естісе де, өзі үшін бұл мәселені егжей-тегжейлі етіп түсініп алуды қалағанын, және ол оны ұрыспай-ақ, одан қалса, оны күпірлікте айыптамай-ақ, оған заттардың мән-жайын түсіндіріп бергенін айқын көрдік!

Ал, біздің кезіміздегі жәй тафирші Ибн Мәс’удтың орнында болса не істер еді? Ол бірден, әйелі күпірлікке кіріп кеткендіктен олардың некесі жойылғанын айтып, оны үйінен қуып шығаратыны иқтымал еді.

Маңызды ескерту:

Бұл жерде әһлю-Суннә ғалымдарының арасында білместікпен жасалған күпірлік, немесе ширк қай жағдайда – діннің негіздерінде ме, әлде тармақтарында ма – ақталатыны туралы белгілі келіспеушілік бар екендігін ескертіп кету қажет. Және өкінішке орай, көптеген такфиршілер ғалымдардың бір тобының пікірін алып, қалай болса солай, тіпті ізгі мұсылмандарды да күпірлікте айыптай бастады.

Бұл мәселеде белгілі келіспеушіліктің бар болуына қарамастан, білместік діннің тармақтарында да, негіздерінде де ақтау болып табылады, өйткені Құран мен Сүннет білместік – ақтау болып табылады дегенге нұсқайды, және шариғат осыда ешқандай нақтылық жасамайды. Және бұл пікірді шейхуль-Ислам Ибн Таймия да таңдаған. Және адам тек екінші дәрежелі мәселелерде ғана білместікпен ақтала алады, ал діннің негіздерінде Исламнан шығаратын күпірлікке түседі дегенге нақты ерекшелейтін дәлел жоқ. Және діннің негіздері мен оның тармақтарының арасын осылайша бөлу орын алған жағдайда,  нақты шекаралар қандай?

Әбу Хурайрадан  жеткен хадисте Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Мухаммадтың жаны Қолында болғанмен ант етемін, мен туралы естіген кез келген яхуди немесе христиан, мен алып келген нәрсеге иман келтірмей өлсе, міндетті түрде От тұрғындарынан болады!» Муслим 153.

Қазы ‘Ийяд былай деп айтатын: “Бұл хадисте жердің алыс түпкірлерінде және теңіздердің арғы жағында тұратындарға Ислам шақыруы және Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) әмірлері жетпеген болса, оларда жауапкершілік болмайтынына дәлел бар. Және «мен туралы естісе» деген сөздер осы жөнінде”. «әл-Икмәл» 1/468.

Имам Әбуль-‘Аббәс әл-Қуртуби былай деген: “Бұл хадисте Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) шақыруы жетпеген адам сұралмайтынына және жазаланбайтынына дәлел бар!” «әл-Муфхим» 1/368.

Имам ән-Нәуәуи былай деген: “Кімге Ислам шақыруы жетпесе - ақталуға лайықты болады”. “Шәрх Сахих Муслим” 2/342.

Міне осы – тіпті діннің негіздерінде де білместікпен ақтауға болатындығына  жетіп асатын дәлел емей не?! Өйткені, христиандар мен яхудилер өз негізінде кәпір екендігіне күмән жоқ, алайда, сонымен бірге, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) олардың Тозаққа кіруін дәл олардың ол туралы естіп, оның жолдауына иман келтірмегенімен байланыстырды!

Және егер білместік - өз негізінде кәпір болып табылатындар үшін де ақтау болып табылатын болса, онда ол - мұсылмандар үшін тіпті ақтау болып табылады.

Сондай-ақ, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Қиямет Күні төрт адам ақтала бастайды. Түк естімейтін саңырау; ақыл-есі жоқ; қаусаған шал; және (Ислам) шақыруы жетпей өлгендерден біреу. Саңырау: «Уа, Раббым (Ием), Ислам келгенде мен ешнәрсе естімедім!» - дейді. Ақыл-есі жоқ: «Ислам келгенде балалар маған тезек лақтыратын еді!» - дейді. Қаусаған шал: «Ислам келді, бірақ, мен ешнәрсе түсінбедім!» - дейді. Ал шақыру жетпеген: «Уа, Раббым, маған Сенің елшің жетпеген еді!» - дейді. Содан кейін бұл адамдардан келісім-шарт алынады да, оларға елші келіп, Тозаққа кіруді бұйырады. Және жаным Қолында болғанмен (Аллаһпен) ант етемін, егер олар (әлгі) Тозаққа кірсе - ол олар үшін салқындық және құтылу болады, ал кім кірмесе - оған (Тозаққа) тасталады!» Әбу Хурайра Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұл сөздерін жеткізгеннен кейін: «Қаласаңдар: «Біз бір пайғамбар жібермейінше ешкімді жазаламаймыз», - дегенді оқыңдар!» - деп айтты. Әхмәд 4/24, Ибн Хиббән 1827, ат-Табәрани 1/841, әл-Бәззар 3/217, және басқалар.

Бұл хадис бес сахабадан: Әбу Хурайрадан, Әбу Са’ид әл-Худриден, Әнәстан, Му’аздан және әл-Әсуад ибн Сари’адан жеткізіледі. Және оның сахихтығын әл-Байһәқи, хафиз Ибн ‘Абдуль-Бәрр, хафиз Ибн Хаджәр, шейх Ибн әл-Қайим, хафиз ‘Абдуль-Хаққ әл-Ишбили және шейх әл-Әлбәни растаған. «Тариқ әл-хиджратайн» 397, «Фәтхуль-Бәри» 3/290, «Тахқиқ әл-Муснәд» 26/28, «әс-Сильсилә әс-сахиха» 1434, 2468.

Айтпақшы, бұл жерде Әбу Хурайраның, бұл хадисті еске салғаннан кейін, мына сөздеріне назар аудару қажет:  «Қаласаңдар: «Біз бір пайғамбар жібермейінше ешкімді жазаламаймыз», - дегенді оқыңдар!» - деп айтты. Әхмәд 4/24, Ибн Хиббән 1827, әт-Табәрани 1/841, әл-Бәззар 3/217.

Осыда - бұл аятты арғы дүниеде емес, дәл осы дүниедегі жойып жіберуші ретіндегі жазамен нақтылаған Құранның кейбір тәпсіршілерінің сөзін теріске шығару бар. Алайда, бұл аят жалпылама болып табылады, және ол өзіне арғы дүниедегі жазалауды да қамтығанын Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабасы түсіндірген еді, ал оның Құранды түсінуі, күмәнсіз, одан кейінгілердің түсінуінен дұрысрақ еді!

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтқан: “Кімге бұл дүниеде дәлел жетпеген болса, қиямет Күні сынақтан өткізіледі, және Шайтанға ергеннен өзге ешкім Отқа кірмейді. Күнәсі болмаған (адамға) келер болсақ, ол мүлде Отқа кірмейді. Және Аллаһ елшілерін жібермей ешкімді Отпен жазаламайды. Бала, ақыл-есі жоқ, елшілер жоқ кезде өлген сияқты, елшінің шақыруы жетпеген адамға келер болсақ, ол, бұған хадистер нұсқайтындай, Қиямет Күні сынаққа тартылады”. “Мәджму’уль-фәтауә” 14/477.

Бұл хадисте Аллаһ тіпті мушриктерді де оларда білімі болмаған нәрсе үшін жазаламайды дегенге нақты нұсқау бар! Бұл адамдардың барлығы өз негізінде мұсылман емес еді, өйткені, олар Ислам туралы мүлдем білмеді, бірақ, сонымен бірге, Әділетті Аллаһ Қиямет күні оларды бірден жазаға тартпай, оларды сынақтан өткізеді! Ал, егер кәпір болып өлгендердің үкімі осындай болатын болса, онда өзінің істегені күпірлік, немесе ширк екендігі туралы білімге ие болмаған мұсылман туралы не айтуға болады?!

Ал, мынау – тіпті үлкен күпірлік пен ширкті жасағандығы үшін де білместікпен ақталу бар екендігі жайында шейхуль-Ислам Ибн Таймияның айтқан сөздері: “Кім Аллаһтан өзге біреуге дұға етіп жалбарынған олса, немесе Аллаһтан өзгеге қажылық жасаса – көпқұдайшыл болып табылады, ал оның жасағаны – күпірлік болып табылады. Бірақ, адам осының - көпқұдайшылық екенін және мұны істеуге тыйым салынғандығы туралы білмеуі мүмкін. Мысалы, Исламды қабылдаған көптеген татар-монғолдардардың және басқа адамдардың киізден және басқа да материалдардан жасалған пұттары бар. Олар оларға жықындауға ұмтылады, оларды ұлықтайды, алайда, бұл амалға Исламда тыйым салынғандығы туралы білмейді. Осындай ғибадатты олар отқа да жасап жатады, және мұның да тыйым салынғандығы туралы білмейді. Сонымен Исламды қабылдаған кейбір адамдар үшін ширктің сан алуан түрлері белгісіз болып қала береді, және олар мұны көпқұдайшылық екенін білмей жасайды. Мұндай адам адасады, ал Аллаһ үшін болмаған амал - бекер, бірақ ол - оған оның жасап жатқаны – харам болып табылатындығы туралы дәлел жеткізілмейінше - жазалауға лайықты  емес!” “Радд ’алә әл-Әхнәи” 61.

Шейхуль-Исламның бұл сөздері қалай екен?! Ол атап өткен Аллаһқа жасалмаған Қажылық, пұттар мен отты ұлықтап, оларға құлшылық жасау – діннің негіздеріндегі күпірлікке жатады ма, әлде тармақтарындағы ма?!

Сондай-ақ, шейхуль-Ислам былай дейді: “Кім өзінің шейхы оған ризық жібереді, немесе оны қолдайды, немесе оны тура жолмен жүргізеді дегенге сенсе, немесе өзінің шейхына құлшылық қылса, оған жалбарынатын және оған сәжде жасайтын болса, немесе өзінің шейхын пайғамбардан толық немесе жарым-жартылай абзал көрсе, немесе өзі және өзінің шейхы Аллаһтың Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) ілесуге міндетті емес десе, мұндай адамдардың барлығы - егер осынысын жария танытса – кәпір болып табылады, және - егер осының барлығын тіпті ашық танытпаса да – екіжүзділер болып табылады! Және білім мен иманға шақырушылардың саны аз болуының әрі көптеген қалаларда пайғамбарлық білімнің жойылуның себебімен осындай адамдар біздің кезімізде көбейіп кетті.  Мұндай адамдардың көпшілігінде Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) ол арқылы тура жол танылатын жолдауы туралы білімі жоқ, және олардың көпшілігіне бұл жетпеген. Алайда, белгілі уақыттарда, немесе белгілі орындарда адам өзінде бар болған азғантай иманының өзі үшін де сауап алады, және Аллаһ дәлел жеткен адамдарға кешірмейтін нәрселерді оған дәлел жетпегені үшін кешіреді. Және бұл туралы (көпке) танымал хадисте былай деп аталып өтіледі:  «Адамдар үшін сондай уақыттар келеді, ол кезде олар намаз, ораза, қажылық және умра туралы білмейтін болады. Және шал мен кемпір былай дейтін болады: «Біз әкелеріміздің: «Лә иләһә иллә-Ллаһ!» - деп айтатынын көріп үлгердік». Хузайфәдан: «Оларға «Лә иләһә иллә-Лллаһ» көмектеседі ме, сонда?!» - деп сұрағанда, ол: «Бұл оларды Оттан сақтап қалады!» - деп жауап берді».“Мәджму’уль-фәтауә” 35/165.

Шейхуль-Исламның бұл сөдеріне назар аударыңыздар! Үлкен күпірліктің көптеген түрлерін тізіп айтып, ол осындайды істейтіндер кәпірлер мен екіжүзділер болып табылатындығын айтты. Алайда, кейін ол: білместік үшін осындай нәрселер мұсылманға кешірілуі мүмкін деді.

Айтпақшы, осында кейбір такфиршілер өздерінің «Білместікпен жасалған ширк пен күпірлік ақтауға ие болмайды» деген пікірін дәлелдеу үшін шейхуль-Исламның бұл сөздерінің бас жағын пайдаланатынын атап кету қажет. Алайда, олардың жасап жатқандары – оның сөздерін бұрмалау және шейхуль-Исламға өздерінің пікірін телу болып табылады, өйткені, шейхуль-Исламның кейінгі сөздері - ол мұндайды білместікпен жасаушыларды ақтайтынына және дәлел ретінде аталған хадисті келтіретініне айқын түрде нұсқайды.

Сондай-ақ, шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жіберілгеннен кейін біз оның өз үметті үшін өлгендердің немесе ізгілердің қайсысына болса да көмек сұрау арқылы, немесе пана іздеу мақсатымен т.с.с. дуға етіп жалбарынуды заңды етпегенін бекем түрде білеміз. Сондай-ақ, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзінің үмметіне өлген адам үшін де, тіпті өлген адам жаққа да сәжде жасауды заңдастырмады. Мұның үстіне, біз ол мұның барлығына тыйым салғанын, және осындай нәрселер – Аллаһ және Оның Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) тыйым салған ширк болып табылатынын білеміз! Алайда, ауқымды надандықтың таралуының және соңғы ұрпақтың басым бөлігінде Сүннет пен Жолдау туралы білімнің аздығының себебімен, оларға Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) алып келген нәрсе белгілі болмағанға дейін, оларға такфир жасауға рұқсат етілмейді! ” “әл-Истиғаса әл-кубра” 1/629.

Сондықтан да, оның шәкірті болған шейх Ибн әл-Қайим былай дейтін: “Ақиқатында, адам діннің негізінің көптеген мәселелерін теріске шығарғандығы (мойындамағандығы) үшін кәпір болмауы да мүмкін болғандай, ол діннің екінші дәрежелі мәселелерінің көбін теріске шығарғандығы (мойындамағандығы) үшін кәпір болуы да мүмкін!” “әс-Сауә’иқ әл-мурсалә” 2/515.

Шейх Мухаммәд ибн ‘Абдуль-Уәххаб былай дейтін: «Менің жауларым мен туралы: «Ол өз тұжырымының негізінде ғана, немесе (адамды) кәпірлерге сүйіспеншілікте болғаны үшін күпірлікте айыптайды», не болмаса: «Ол дәлел жетпеген надан адамдарды күпірлікте айыптайды», - деп айтады. Мұның бәрі - адамдарды Аллаһ пен Оның Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жолынан тайдыру үшін тағылған ұлы жала!» “әд-Дурар әс-сәния” 1/66, “Мәджму’у муәллифәт” 3/14.

Қабірлерге құлшылық ету – бұл діннің негіздеріндегі ширк пе, әлде тармақтарындағы ма?!

Осы жерде кейбір қазіргі заман жазушылары бұл сөздерді шейх Ибн ‘Абдуль-Уәххәбқа, оның оқушыларының және Нәджд шейхтарының қатарынан болған шейх Әбу Бәтын: «Үлкен күпірлік пен ширк жасаған адам, тіпті оны білместікпен жасаған болса да, кәпір болып табылады» - деп айтқандығы себепті телінгендігін айтатынын атап кету қажет.  “әд-Дурар ас-сәния” 10/352.

Бұған былай жауап беру керек: Ибн ‘Абдуль-Уәххабтың шәкірттері мен ұрпақтары да бұл мәселеде бір ауызды келісімде болмаған. Мысалы, оның ұлдары – шейх ‘Абдуллаһ және шейх Хусайн білместікпен күпірлікке және ширкке түскен адам ақталуға лайықты деп есептеген. “әд-Дурар әс-сәния” 10/136-137.

Және Ибн ‘Абдуль-Уәххабтың мазхабы дәл осылай болғанын шейх ‘Абду-Лләтыф ибн ‘Абдур-Рахмән да былай деп растаған: “Ақиқатында, ол (Ибн ‘Абдуль-Уәххаб) дәлел ұсынылмағанға және дәлел белгілі болғанға дейін күпірлікте айыптамайтын. Бұдан тыс, ол, Аллаһ оны рақым етсін, тіпті қабірлерге құлшылық жасайтын джәхилдерге, оларға мұның харам екендігі белгілі болмаған болса, такфир жасамайтын! ” “Мисбәх әз-зиләм” 324.

Сондай-ақ, білместік - діннің негізінде де, оның тармақтарында ақталу болып табылады деген бұл пікірді шейх Ибн ‘Усәймин де таңдаған. Одан Аллаһтан басқаға дұға мен жалбарынатын адам туралы сұрағанда, ол былай деп жауап берді: «Оны орындағаны үшін адам кәпір болатын жағдай туралы білмеу – оны орындағаны үшін адам бұзақы (фәсиқ) болатын нәрсе туралы білмеу сияқты. Білместікпен бұзақылық жасаған адам білмегендігі үшін ақтауға ие болатындығы сияқты, күпірлік жасаған адам да білмегендігі үшін ақтауға ие болады! Осыда айырмашылық жоқ, өйткені, Аллаһ Тағала былай деп айтқан: «Халқы залым болған кентті ғана жоқ етеміз». (әл-Қасас 28: 59).

Ол сондай-ақ былай деп айтқан: «Біз елшілерді жібермейінше ешкімді жазаламаймыз!» (әл-Исра 17: 15).

Және Ол, сондай-ақ, былай деп айтқан: «Аллаһ бір елді тура жолға салғаннан кейін олар сақсынуға тиіс нәрселерін ашық білдірмейінше, оларды адастырмайды». (әт-Таубә 9: 115).

Алайда, егер мұндай джәхиль оқып-үйренуде кемістіктерге жол беріп, сұрамаса, онда мұндай жағдайда күмән бар. Күпірлікке және бұзақылыққа түсетін нәрсені білмеу – олар кемшілікке жол бермеуінің, алайда олар бұл нәрсені халәл деп санауының себебі болуы мүмкін, ал мұндай жағдайда бұл адамдардың ақтауы болады. Алайда, оларды ақиқатқа шақыру қажет, ал егер олар қасарысып тұрып алса, онда оларға қатысты өздері қасарысып жатқан нәрсесіне сәйкес үкім шығару керек! Ал егер адам мұның тыйым салынғандығын және бұл ширкке алып келетіндігін білсе, бірақ, сөйте тұра, осыда жаңсақтық істесе, немесе тәкапарлық жасаса, онда ол өзінің білместігі үшін ақталмайды”. “Мәджму’ фәтауә уә расаиль” (әл-Куфр уә-ттакфир) 2/221.

Және бұл пікірді имамдардың басым бөлігі ұстанатын.

Қазы Әбу Бәкр ибн әл-’Араби былай деп айтқан: “Бұл үмметтен болған білмеуші және қателесуші (адам), тіпті күпірлік және ширк амалдарын жасаса да, мүшрик және кәпір болмайды, өйткені, білместік және қателік - ақтау болып табылады!” «Тафсир әл-Қасими» 5/1307.

Имам Ибн Хазм былай деп айтқан: “ Ол туралы білімі бар адам оны жасаса - кәпір болатын амалды (ол туралы) білімі жоқ адам  істесе - ол Исламнан шықпайды”. “әл-Мухаллә” 10/410.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтқан: “Мен Аллаһ пен Оның жаратқан мәхлуқтарын біріктіретін, Аллаһтың Аршыға көтерілгенін теріске шығаратын джәхмилерге: «Егер мен сендермен келіссем, онда кәпір боламын, өйткені, мен сендердің сөздеріңнің күпірлік екенін білемін! Алайда, сендер мен үшін кәпір болып табылмайсыңдар, өйткені, сендер – джәхилсіңдер (надансыңдар)» - дегенмін”. “Мәджму’уль-фәтауә” 23/326.

Уа, мұсылмандар,  шейхуль-Исламның бұл сөзіне назар аударыңдар! Шейхуль-Ислам үлкен күпірлікті айтушыларға, бұл - үлкен күпірлік екенін өзі білсе де, такфир жасамады ғой?! Демек, шейхуль-Ислам да, такфиршілердің және тізбекті такфирді жақтаушылардың пікірі бойынша, кәпір болып табылады, өйткені, кәпірлердің күпірлігінде күмәні болмаса да, оларға такфир жасамады ғой! Солай емес пе?!

2. Қателік (хата)

«Раббымыз! Егер ұмытсақ не жаңылсақ, бізді қолға алма». (әл-Бәқара 2: 286).

Аллаһ Тағала былай дейді: «Егер қателессеңдер, бірақ мұндайды істеуді іштей ниет етпеген болсаңдар, бұл сендерге кунә емес. Бірақ, әтейге жүректеріңнен болса, (болмайды.) Аллаһ - өте Жарылқаушы, тым Мейірімді». (әл-Әхзаб 33: 5).

Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Ақиқатында, Аллаһ Өзіне тәубе етіп жалбарынатын құлының тәубесіне сендердің араларыңнан болған азық пен суы жүктелген түйесімен шөл далада келе жатып, кейін оның түйесі одан қашып кеткен, ал ол оны табудан үмітін үзіп, бір ағаштың түбіне келіп жатқан, және ол осындай жағдайда болған кезде бір мезетте оның жоғалтқан түйесі оның тура алдына келіп тұра қалған, және сонда ол оның жүгенінен ұстап, өзін баурап алған қатты қуаныштың себебінен сасқан бойда: «Уа, Аллаһ – Сен менің құлымсың, ал мен – Сенің Раббыңмын!» - деп қателесіп айтқан адамның қуанышынан да артық қуанады». Муслим 2747.

Шейх Ибн әл-Қайим былай деп айтқан: “Бұл адам: «Уа, Аллаһ – Сен менің құлымсың, ал мен – Сенің Раббыңмын!» - деп айтып қателесті, және бұл үлкен қуаныштың себебінен болды. Ол бұл сөздерді айтып, айқын күпірлікті айтқанына қарамастан,  күпірлікке түспеді, өйткені ол мұны әдейі емес түрде айтты!” И’ләмуль-муәкқи’ин” 3/63.

Мұндай келеңсіз сөздерді сондай-ақ, Тозақтан ең соңғы болып шығып, Жәннәтқа кіретін адам да айтады. Сахих хадистерде Аллаһ оған ұлы нығметтерді сыйлаған сәтте ол өзінің Раббысына: «Сен, Патша болғаныңа қарамастан, менің үстімнен келемеждеп (немесе: күліп) тұрсын», - деп айтады». әл-Бухари 6571, Муслим 186.

Аллаһқа қатысты бұл сөздер орынсыз екеніне күмән жоқ, алайда Аллаһ бұл адамды оның осы сөздері үшін жазаламады, өйткені ол бұл сөздерді қатты сасқандықтан айтқан еді. Имам ән-Нәуәуи Қады ‘Ийядтың бұл хадиске қатысты айтқан мына сөздерін жеткізген: «Бұл адам осы сөздерді өзін-өзі бақыламай айтып қойды, өйткені, ол күтпеген қуанышқа, таң қалуға және шаттыққа шалдыққан еді. Ал іс жүзінде ол бұл сөздерге олардың шынайы мағынасын қоспай, оларды тек әдеттегідей, адамдармен сөйлесіп жүргенде қолданғандай етіп қолданған еді». “Шәрх Сахих Муслим” 3/40.

3. Күштеу (икрах)

Аллаһ Тағала былай деп айтқан: «Жүрегі иманнан орныққаннан кейін зорлық көрген біреуден басқа біреу иман келтіргеннен кейін Аллаһқа қарсы келсе, сондай-ақ, біреу көкірегін имансыздыққа өзі ашып берсе, оларға Аллаһтың ашуы және зор азап бар». (ән-Нәхль 16: 106).

Бұл аят ‘Аммәр ибн Ясирге (Аллаһ оған разы болсын) қатысты түскен еді. Көпқұдайшылдар ‘Аммәрды және оның ата-анасы – Ясир мен Сумәйяны ұстап алып, ата-анасын өлтірді, ал, ‘Аммәрдың өзін олар қинағаны соншалықты – ол зорлықтың астында күпірлік сөздерін айтты, бірақ, жүрегінде мұндай (күпірлік) сенімі жоқ еді. Ал, Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) ‘Аммәр күпірлікке түсті деп айтқанда, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұл тұжырыммен келіспеді. Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) ол туралы: «Ақиқатында, ‘Аммәр басынан аяғына дейін иманға толы!» - деді. ән-Нәсаи 8/111, әл-Хаким 3/392. Хадис сахих. “әс-Сильсилә әс-сахиха” 807.

‘Аммәр ибн Ясирдің немересі Әбу ‘Убәйдә, былай деп баяндайтын: “Мушриктер ‘Аммәрды ұстап алған кезде, оны ол Аллаһтың Елшісін (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) балағаттамағанша, және олардың пұттарын жақсы сөздермен мақтамағанша жібермеді. Және тек осыдан соң ғана оны жіберді. Ал ол Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) келген кезде, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) одан: «Саған не болған?» - деп сұрады. Ол: «Жамандық, уа, Аллаһтың Елшісі! Аллаһпен ант етемін, мен сенен бас тарпағанымша және олардың құдайлары туралы жақсы сөздер айтпағанымша олар мені жібермеді!» Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Ал, сенің жүрегің қандай болды?» - деп сұрады. ‘Аммәр: «Ол иманда тыныш еді», - деп жауап берді. Сонда Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Егер олар осыны қайталаса, онда сен де осыны қайтала!» - деді”. әл-Хаким 2/357, әл-Бәйхақи 8/208, әт-Табәри 13/82. Имам әл-Хаким, хафиз Ибн Хаджәр және шейх Мәшхур хадисті сахих деді, Ибн Хәджар: “әд-Дирая” 2/197.

Имам Ибн ‘Абидин былай деп айтқан: “ «Егер олар осыны қайталаса, онда сен де қайтала!» деген сөздердің мағынасы - егер кәпірлер сені тағыда осыны істеуге күштеп мәжбүрлесе, онда сен тағы да осы істегеніңді істе, яғни күпірлік сөздерін айта тұра жүрегіңде иманыңды сақта - дегенде”. “Хәшия Радд әл-мухтар” 6/135.

Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Ақиқатында, Аллаһ мен үшін менің үмметіме қателікпен, ұмытшақтықпен және күштеудің астында істегендерін кешірді!» Ибн Мәджәһ 2045, Ибн Хиббән 7219. Хадистің сахихтығын хафиз ‘Абдуль-Хакқ әл-Ишбили, имам ән-Нәуәуи, шейхуль-Ислам Ибн Таймия, хафиз Ибн Кәсир және шейх әл-Әлбәни растаған.

Бұл хадиске қатысты имам әш-Шәтыби былай деп айтқан: “Бұл хадисте айтылғанғанға қатысты ғалымдардың арасында келіспеушілік жоқ!” “әл-Мууәфәқәт” 3/263.

Имам Ибн Бәттәл өзіңді өлтіруден күпірлік жасап қорғауға рұқсат етілгендігі туралы бір ауызды келісілген пікірді (иджмәъ) жеткізген. Ол былай дейтін: “Егер күпірлік жасауға күштеп мәжбүр етілген адам өліммен қорқытудың астында күпірлік жасаса, бірақ оның жүрегінде шайқалмас иман болса, онда оған қатысты оның күпірлігі туралы шешім шығарылмайды және оны әйелімен ажыратпайды дегенге ғалымдар бірауызды келісімде”. “Фәтх әл-Бәри” 2/313.

Имам әл-Бәғауи былай деп айтқан: “Күпірлік сөздерін айтуға күштеп мәжбүрленген адамға мұны тек тілмен ғана айтуға рұқсат етілгендігіне ғалымдар бір ауызды келіскен. Және егер ол мұны тек тілмен айтса, бірақ мұндай сенімі болмаса, онда бұл – күпірлік болып табылмайды! Бірақ, егер ол бас тартып, осы үшін өлтірілсе – бұл абзалрақ болады”. “Тафсир әл-Бәғауи” 5/329.

«Мәжбүрлеу» (икрах) ұғымының түсінігі

Имам әл-Қуртуби  Ибраһим ән-Нәха’идің былай деп айтқаны туралы жазып кеткен: “Абақты – бұл мәжбүрлеу”, және бұл - Мәликтің пікірі. Бұдан тыс ол былай деп айтқан: «Үрейлі қорқытулар – мәжбүрлеу, тіпті олар іске аспаған болса да”. “Тафсир әл-Қуртуби” 10/190.

Имам Ибн Қудәмә былай деп айтқан: “Мәжбүрлеудің (икрах) шарттарынан (шурут) болған нәрселер үшеу:

1. Бұл (қорқыту) оны орындауға шамасы жететін адамнан шығуы керек.

2. Егер талап етілген нәрселер орындалмаса, қорқытудың орындалу иқтималдығы  басым болуы қажет.

3. Бұл – өлтіру, қатты (зақымдап) ұру, немесе ұзақ уақытқа қамау сияқты көп зиян тигізетін қорқыту болуы қажет.

Ұрысу мен балағаттауға келер болсақ, бұл – мәжбүрлеу емес, сондай-ақ, азғантай мал-мүлікті тартып алу да – мәжбүрлеу емес.

Егер соққы жеп жатқан адам үшін ұрып-соғу қатты болмаса, онда бұл да – мәжбүрлеу емес…

Егер оның баласын қинауға салады деген қорқыту болса, бұл да – мәжбүрлеу емес, өйткені, зиян басқаға қатысты болып тұр деп айтылған. Алайда, бұл да мәжбүрлеу екендігі – дұрыс, өйткені адам үшін оның баласының қиналуы - оның мал-мүлкінің тартып алынуынан да жаман. Ал мал-мүлікті  тартып алу – мәжбүрлеу болып табылады, сондай-ақ, балаға бағытталған қорқыту да – мәжбүрлеу!” “әл-Муғни” 7/292.

Имам Ибн Хазм, «мәжбүрлеу (күштеу)» сөзіне анықтама беріп, былай деп айтқан: “Мәжбүрлеу – бұл тілде «мәжбүрлеу» деп белгіленген нәрсенің барлығы, сондай-ақ, сезім арқылы мәжбүрлеу деп қабылдауға болатын барлық нәрселер, оған қорқытып жатқан нәрсесін шын мәнісінде орындай алады деп күтілетін адамның өлтірумен қорқытуы (да) жатады. Ұрып-соғумен, абақтыға жабумен, мал-мүлікті бүлдірумен қорқыту (да)”. “әл-Мухаллә” 8/330.

Имам Әбу Бәкр ибн әл-‘Араби: “Күпірлік жасауға рұқсат етілетін мәжбүрлеу бұл – адамның, егер ол оған бұйырылып жатқан нәрселерді орындамаған жағдайда, өзінің өмірі үшін, немесе өзінің кейбір дене мүшелерін жоғалтуға қорыққандығы. Мұндай жағдайда оған күпірлік сөздерін айтуына болады”. “Әхкамуль-Қуръан” 5/13.

Имамдардың арасында мұсылман адам үшін күпірлік сөздерін айтуға рұқсат беру үшін ұрып-соғу, қинау, өлтіру туралы қорқытуды іске асыру, абақтыға жабу т.с.с. өте қатаң шарттарды қойғандары болғанын атап өту қажет. Және кейбір ғалымдар жәй қорқыту – мәжбүрлеу болып табылмайды деп есептеген.

Имам ән-Нәуәуи былай деп айтқан: “Мәжбүрлеудің (икрах) шарттарынан – егер адам одан талап етілгенді орындамаса, оған уәде етілген нәрсенің орындалуы ықтималдығы болуы керек. Әбу Исхақ әл-Муррузи: «Ұрып-соғуды бастамаған болса, онда - мәжбүрлеу жоқ», - дейтін. Алайда, ғалымдардың басым бөлігі ұстанатын тікелей ұрудын т.б. орын алуы шарт болып табылмайды деген пікірі - дұрыс болып табылады. Қорқытудың өзі жеткілікті!” “Раудәту-тталибин” 8/58.

Сондай-ақ, имам Ибн Хазм да, мәжбүрлеудің шарттары туралы ханафилердің: «Қамшының соққысымен, немесе екі соққысымен, немесе бір күнге қамаққа алынумен мәжбүрлеу – мәжбүрлеу болып табылмайды», - деген сөздерін келтіріп, былай деп айтқан: “Мұндай жіктеу - қате, өйткені, Құранда да, Сүннетте де бұған нұсқау жоқ, және бұл тұжырым ақылға да сыймайды. Соққы – бұл соққы, бұл қамшының бір, немесе жүз, немесе мың соққысы болса да. Бұл мәлімдеме осы мәселеде оған біреудің  келіспеушілік танытқаны туралы білмеген кісінің сөздеріне жек көрінішті түрде қайшы келеді. Сөз Ибн Мәс’удтың: «Егер билік иелерінен болған біреу маған, мен соларды айтқанымнан кейін қамшының бір, немесе екі соққысынан құтылатын сөздерді айқызғысы келсе, мен міндетті түрде оларды айтамын” – деген сөздері туралы болып тұр. Және сахабалардан біреу оның осы сөздеріне қайшы келгені мәлім емес”. “әл-Мухаллә” 8/336.

Сөйтіп, мәжбүрлеу дәрежесі және мәжбүрленетіндер әртүрлі болатынын, сондай-ақ, мұсылманды істеуге мәжбүрлеп жатқан күнәлардың дәрежесі мен күпірліктің түрлері де  бірдей емес екендігін, мәжбүрленген нәрсесі үшін адам, тіпті үлкен күпірлікті айтса да, күнәға батпауы мүмкін, және күнәға батып, бірақ кәпір болмауы да мүмкін екендігін ұғып алу керек.

Ғалымдар былай деген: “Күпірлік сөздерін айтуға рұқсат етілуі үшін, мәжбүрлеу - өлім алдындағы немесе қатты ұрып-соғу алдындағы қорқыныш сияқты, адам оған төзе алмайтындай болуы қажет. Сондай-ақ, күпірлік сөздерін айтуға мәжбүрленген адамға айқын күпірлік сөздерін айтуға рұқсат етілмейді дегенге ғалымдар бір ауызды келіскен. Ол айтқандарынан күпірлікке түскені байқалатын  анық емес сөздерді айтуға тырысуы қажет. Алайда, егер оны айқын, бірмағыналы күпірлік сөздерін айтуға мәжбүрлесе, онда мұндай жағдайда оған бұл да рұқсат етіледі, бірақ оның жүрегінде бекем иманның қалуы және ол өз тілмен айтып жатқан нәрсесіне сенбейтін болуы шартымен. Алайда, тіпті оны өлтірсе де, сабырлық таныту – абзалрақ болады, бұған Ясир мен Сумәйя  сабыр еткендей”. “Тафсир әл-Хазин” 4/117.

Сөйтіп, мәжбүрлеу тұсында күпірлік жасауға рұқсат етілетіндігіне қарамастан, мұны істемеген және Ислам үшін өлген, әрине, абзалрақ болады, бұл, әсіресе, үммет үшін өнеге болып табылатын мұсылмандардың атақты жетекшілеріне және ғалымдарына қатысты. Мұндай адамдарға Аллаһқа тәуекел ету және сабыр ету жақсырақ болады, көптеген ізгі саләфтар, кәпірлер олардың келісуін мұсылмандардың бетіне салмауы үшін, сабыр еткеніндей!

4. Бұрыс түсіндірме жасау (тауиль)

Бұрыс тауилге келер болсақ, ол да - күпірлікте айыптау үшін ақтау және бөгет болып табылады, мұны біздің кейбір замандастар теріске шығарса да.

Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Менің үмметім жетпіс үш ағымға бөлінеді. Жетпіс екі тобы Отта, ал біреуі Жәннәтта!» - деп айтқан. Сахабалар: “Олар - кімдер?!”  - деп сұрағанда, ол: «Олар – мен және менің сахабаларым ілесетін нәрсеге ілесетіндер», - деді. Әхмәд 4/102, Әбу Дәуд 2/503, әт-Тирмизи 3/367, Ибн Мәджәһ 2/479. Хадистің сахихтығын шейхуль-Ислам Ибн Таймия, хафиз әл-‘Ирақи және шейх әл-Әлбәни растаған.

Имам әл-Хәттаби бұл хадиске қатысты былай деп айтқан: “Бұл хадисте осы топтардың барлығы Исламнан шықпағандығына нұсқау бар, өйткені, пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) олардың барлығы оның үмметінен болады деп хабарлаған. Және бұл хадисте тауиль жасаған адам, тіпті егер өзінің тауилінде қателескен болса да, Исламнан шықпайтынына нұсқау бар!” “Мә’алиму-Ссунән” 4/273.

Сондай-ақ, тауиль - такфирге кедергі болады дегенге күшті дәлел болып - сахабалардың  Қудәмә ибн Мәз’унға және басқаларға, олар харамды халәл деп есептегені үшін, нақты айтқанда шарап ішкені үшін, такфир жасамағаны табылады. Шариғат тыйым салған нәрсені рұқсат етілген деп есептеу - «куфр истихләль» деп аталатын үлкен күпірлік болып табылатынына күмән жоқ. Алайда, Қудәмә ибн Мәз’ун қате тауильдің себебімен: «Иман келтіріп, ізгі іс істегендерге ішіп-жегендері күнә емес, егер олар тақуалық жасаған, сенген және игілік істеген болса» (әл-Мәидә 5: 93), - деген аятқа сүйеніп шарапты халәл деп есептеді.

Бұл деректе Қудәманы ‘Умәрға алып келгенде, ол дәлел ретінде аталған аятты келтіргені жеткізіледі. Ал ‘Умәр бұған былай деп жауап берді: “Сен өзіңнің түсінуіңде (тауильде) қателестің! Егер сен Аллаһтан қорыққаныңда, онда Аллаһ саған тыйым салған нәрседен аулақ болар едің!” ‘Абдур-Раззақ 17076. Иснәді сахих.

Басқа бір риуәятта ‘Умәр Қудәманы дүре соғумен жазалағанда, ол  ‘Умәрға: “Мені не үшін жазалады?! Өйткені, мені мен сенің арамызда Аллаһтың Кітабы бар ғой!” – деп атқаны жеткізіледі. әл-Хаким 4/41.

Сөйтіп, біз Қудәмә ибн Мәз’унның өз түсінуіне (тауиліне) сүйеніп, шындығында да шарап ішуді халәл деп есептегенін айқын көрудеміз, алайда, ол осы үшін кәпір болмады, өйткені, тауиль - күпірлікте айыптау және күпірлікке түсу үшін бөгет болып табылады.

Имам Ибн Қудәмә былай дейтін: “Кім харам екендігі жөнінде Ислам үмметі бір ауызды келісімде болған, және мұсылмандардың арасында оның үкімі белгілі болған, және айқын дәлелдердің болуының себебімен бұл мәселе бойынша түсінбеушіліктер болмаған, доңыздың етінің, зинаның тс.с. оларда келіспеушілік болмаған нәрселердің халәл екендігіне бекем сенсе, ол күпірлікке түсті! Мысалы, егер адам қаны харам болған адамды өлтіруді, немесе мал-мүлікті күштеп иемденуді қандайда бір түсінбеушіліксіз және тауилсіз халәл деп санаса, ол да күпірлікке түсті. Ал, егер мұндай нәрсе тауилдің негізінде жасалып жатса, мұны хауәридждер жасағандай, онда, біз бұл туралы айтып кеткеніміздей,  ғалымдардың көпшілігі Ибн Мульджимді өз уақытындағы ең абзал жаратылыстардың бірін (Али ибн Әби Талибті) өлтіргені үшін кәпір деп есептемеді. Сондай-ақ, бұған тәуилдің негізінде кез-келген күнәны халәл ету жатады.  Қудәмә ибн Мәз’ун шарапты халәл деп ішкені жеткізіледі, және ‘Умәр оған жаза қолданды, алайда оны күпірлікте айыптамады. «Иман келтіріп, ізгі іс істегендерге ішіп-жегендері күнә емес, егер олар тақуалық жасаған, сенген және игілік істеген болса» деген аяттарға сүйеніп, шарапты халәл деп, Шамда (жүріп) шарап ішкен Әбу Джәндәл ибн Сухайль және оның жақтаушылары да тура осылай істеді. Және олар осы үшін кәпір болмады”. “әл-Муғни” 12/283.

Осы уақиға туралы тура осыны имам әт-Тахауи және шейхуль-Ислам Ибн Таймия да айтқан. Мұның үстіне, имам әт-Тахауи тауиль - сахабалардың бір ауызды келісімі бойынша ақтау болып табылатындығын, өйткені олардың ешбірі  Қудәмә ибн Мәз’унға такфир жасамады деп айтқан! Және қате тауиль - ақтау болып табылатыны жөнінде ғалымдардың арасында да келіспеушіліктер жоқ! Имам Ибн Хазм, Аллаһқа Құран мен Сүннетте нұсқау келмеген сипаттарды телитіндер туралы сөз еткенде, былай деп айтқан: “Өзінің Раббысының денесі бар деп айтқан (адам), егер ол джәхиль болса, немесе осыны тауильге сүйеніп айтқан болса, онда оған ақтау бар және күнә жоқ! Оны оқыту қажет! Ал, егер оған Құран мен Сүннеттен дәлел келтірілсе, бірақ ол қасарысқан түрде қарсы келсе, онда ол – кәпір!” “әл-Фисәл” 3/293.

Қате тауиль жасаудың себебімен харам нәрсені істеген адам күнәхар болуға лайықты болмайтындығын, сондай-ақ, шейхуль-Ислам Ибн Таймия да айтқан. “Мәджму’уль-фәтауә” 12/180, “әл-Истиқамә” 2/143 және “әр-Рәдд ‘алә әл-Бәкри” 289.

Сондай-ақ, талқыланып жатқан мысалға Имам Ибн Хазмның Исламда музыка халәл деп айтқан амалын да жатқызуға болар еді,  өйткені, ол мұны тауиль етті. Ал, музыканың харамдығы жөніндегі бір ауызды келісілген пікірді имам Ибн әс-Саләх, имам әл-Қуртуби, имам әл-Бәғауи, шейхуль-Ислам Ибн Таймия, хафиз Ибн Рәджәб, хафиз Ибн Кәсир, имам Ибн Хәджәр әл-Хайтами сынды онға жуық имамдар жеткізген. “Шәрху-Ссуннә” 12/383, “Иғәсәту-лләхфән” 1/228, “Мәджму‘уль-фәтауә” 11/576, “Нузхәту әл-Әсмә” 69, “Каффу әр-ру’а” 124, «Мәсәлә әс-сәмә’» 472, “әз-Зауәджир” 2/337.

Харамды халәл деп есептеген кез-келген адам Исламнан шықпайтыны туралы Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Және менің үмметімде зинаны, жібекті, шарапты және музыкалық аспаптарды (әл-мә’азиф) халәл дейтін адамдар шығады», - деген танымал хадисінде айтылған». әл-Бухари 5590.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтқан: “Хадисте айтылғанды халәл етуге қатысты айтар болсақ, сөз бұл нәрселерге бұрыс түсінік беру туралы болып тұр, өйткені, егер олар, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) осы нәрселерге тыйым салғандығына сенген түрде, оларды халәл деп есептегенде – кәпір болар еді! Және Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) олар оның үмметінен деп айтпас еді”. “Ибталю-ттахлиль” 20.

5. Ақылдан азу, жынды болу (джунун)

‘Аишадан, ‘Алиден, Саубәннан және басқа да сахабалардан (Аллаһ олардың барлығына разы болсын) жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оғән игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Үшеудің қаламы көтерілген: баланың – ол кәмелетке толғанша; ұйықтап жатқанның – ол ұйқысынан оянғанша; және ақылдан азғанның – оған ақылы қайта оралғанша». Әхмәд 1/104, Әбу Дәуд 4398 және 4402, ән-Нәсаи 3432, Ибн Мәджәһ 2041, әд-Дәрими 2296, Ибн әл-Джәруд, әл-Бәйхақи 6/57, әл-Бәззар 1540. Хадистің сахихтығын Әхмәд, әл-Бухари, Ибн Хузаймә, Ибн әл-Джәруд, Ибн Хиббән, Ибн әл-Мунзир, әл-Хаким, әз-Захаби, Ибн Хазм, Әбу Бәкр ибн әл-‘Араби, Ибн Таймия, Әхмәд Шәкир, әл-Әлбәни сынды имамдар растаған.

«Үшеудің қаламы көтерілген» деген сөздер - жаман істерді жазатын періште бұл үшеуінің жаман істерін жазбай тұрады дегенді білдіреді.

Имам Ибн Қудәмә былай дейтін: “Ақиқатында, діннен шығу ақыл-есі толық болғаннан өзге адамда жарамды болмайды. Сәби, ақылдан азған, есінен танған, ұйықыдағы, немесе (ес-түссіз) ауыру сияқты, ақыл-есі толыққанды емес адамдарға келер болсақ, оларға діннен шығу үкімі жүрмейді, және олардың сөздеріне үкім шығарылмайды!” “әл-Муғни” 12/266.

Имам ән-Нәуәуи былай деп айтқан: “Баланың және ақылдан азғанның діннен шығуы есепке алынбайды, ал алдын діннен шығып, содан соң ақылдан азғана келер болсақ, оны ақылсыздық кезінде өлім жазасымен жазаламайды ”. “Раудәту-тталибин” 1728.

Ал, имам Ибн әл-Мунзир былай деп айтқан: “Ғалымдар ақылдан азған біреу ақылсыздығы кезінде діннен шығушылық жасаса, ол бәрібір, ақылдан азғанға дейінгі кезіндегідей, мұсылман болып қала береді дегенге бірауызды келіскен!” «әл-Иджмә’» 122.

6. Түсініксіздік (шубхә)

Такфир түсініксіздік болған істе шығарыла алмайды!

Шейх Ибн әл-Қайим бірде имам Әхмәдқа муәзиннің «Мухаммад – Аллаһтың Елшісі екендігіне куәлік беремін» деген сөздерін естіп: «Сен өтірік айтасын!» - деп айтқан адам туралы: «Осындай адам кәпір болады ма?» - деген сұрақ қойылғанын жеткізеді. Имам Әхмәд: «Жоқ! Ол шәһәда сөздерін емес, муазиннің жеке өзінің куәлігін меңзеген болуы мүмкін болуы себебімен кәпір болмайды. Ол: «Сен бұл туралы ықыласты түрде куәлік беріп тұрған жоқсын!» – деп айтқанындай». “Бәдә’иуль-фәуәид” 4/26.

Бұл едәуір маңызды ережеге назар бұрыңыздар! Сырттай қарағанда, кез-келген біреу бұл адамды шәһәдаға сенбейді деп есептеген болар еді, алайда бұл адамның сөздерін екі түрлі етіп түсінуге болады. Дәл сондықтан да, хафиз Ибн Рәджәб былай деп айтқан: “Өзіне күпірлікті қамтыған, бірақ екі түрлі етіп түсінілетін сөздер - ниеттің себебімен күпірлік болады!” “Фәтхуль-Бәри” 1/112.

Уа, мұсылмандар, сіз қалай деп ойласыздар: біздің кезіміздің такфиршілері бұл оқиғаға қатысты имам Әхмад істегендей етіп амал етер  еді ме, әлде мұндай адамды кәпір деп атап, оған қоса, оның күпірлігінде күмәнданатынның әрбірін де кәпір деп атайтын еді ме?!

Басқа бір мысал: біз өлген адамның қабірінде құрбан шалып жатқан адамды көріп тұрмыз делік, біз ол туралы не айтамыз?! Кәпір (дейміз бе), мушрик (дейміз бе)?! Әлде одан ол не істеп жатқандығы жайлы сұраймыз ба?! Шейх Мухаммәд ибн Ибраһим Әли Шейх қабірдің басында құрбан шалуға қатысты былай деп айтқан: “Бұл жерде екі вариант бар: Біріншісі – бұл құрбан қабірдің басында, бірақ Аллаһ үшін шалынып жатыр. Екіншісі – өлген адам үшін. Егер осы - Аллаһ үшін істеліп жатқан болса, онда бұл – күнә, өйткені, қабірлердің басында құрбан шалу,  құрбандықты өлгенге арнап шалуға әкелетіндіктен, рұқсат етілмейді. Ал, егер осы - өлген адам үшін жасалатын болса, онда бұл - үлкен ширк болып табылады!” “Фәтауә Ибн Ибраһим” 1/131.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтқан: “Ақиқатында, күпірлікте айыптау (такфир) түсініксіздігі бар амал үшін шығарыла алмайды!” “әс-Саримуль-мәслюль” 3/963.

Дәлел ұсыну қажеттілігі туралы

Аллаһ Тағала былай деп айтқан:  «Аллаһ бір елді тура жолға салғаннан кейін, олар сақсынуға тиіс нәрселерін ашық білдірмейінше, оларды адастырмайды». (әт-Таубә 9: 115).

Аллаһ Тағала, сондай-ақ, былай дейді: «Біз елшілерді жібермейінше, ешкімді жазаламаймыз!» (әл-Исра 17: 15).

Қатада былай деп айтқан: “Ақиқатында, Аллаһ Тағала ешкімді, оған Аллаһтан хабар немесе түсіндірме келіп жетпейінше, жазаламайды!”  «Тафсир әт-Табәри» 8/50.

Хафиз Ибн Кәсир былай деген: Бұл аятта Аллаһ Тағаланың Әділ екендігіне, және Ол ешкімді, оған елшілердің елшілігімен дәлел ұсынбайынша, жазаламайтынына нұсқау бар!”  «Тафсир Ибн Кәсир» 4/25.

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деп айтқан: «Пайғамбарларды қуандырушы, қорқытушы етіп жібердік: Елшілерден кейін адамдардың Аллаһқа қарсы сылтауы болмауы үшін». (ән-Нисә 4: 165).

Имам әл-Бағауи былай деген: “Бұл аятта Аллаһ жаратылыстарын пайғамбарлар жібермейінше жазаламайтындығына дәлел бар! ”  «Тафсир әл-Бәғауи» 1/500.

Аллаһ Тағала, сондай-ақ, былай деп айтқан: «Мені мен сендердің араларында Аллаһ куә, және маған осы Құран, сендерді, сондай-ақ, кімге ол жетсе, соларды қорқытуым үшін уахи етілді…», -  де». (әл-Ән’ам 6: 19).

Имам әш-Шәфи’и былай деп айтқан: “Аллаһтың белгілі есімдері мен сипаттары бар, және оларды теріске шығару ешкімге рұқсат етілмейді. Ал, кім өзіне дәлел жеткізілгеннен кейін оларды теріске шығарса – күпірге түсті. Бірақ оған дейін ол білместікпен ақталуға лайық, өйткені, бұл есімдерді білуге ақылмен де, бақылап қараумен де, ойланумен де қол жеткізілмейді”. “Фәтхуль-Бәри” 13/407.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деген: “Аллаһ Өзінің жолдауы жеткеннен өзге ешкімді жазаламайды. Және Оңың жолдауы жетпеген (адам) мүлде жазаланбайды! Ал Оның жолдауы жетіп, бірақ түсіндірілмеген (адам), тек өзіне белгілі болғанды жоққа шығарғанынан басқаға  жазаланбайды!” «Мәджму’ әл-фәтауә» 12/493

Шейх Ибн әл-Қайим былай дейтін: “Ұсынылған дәлелдің болмауынан және оған қол жеткізудің мүмкіндігі болмауынан білместікпен жасалған күпірлікке келер болсақ, Аллаһ оны елшілердің дәлелі жетпейінше жазалаудан қалыс қалды!” Тариқ әл-хиджратайн” 611.

Шейх Мухаммәд ибн ‘Абдуль-Уәххаб былай дейтін: «Менің жауларым мен туралы: «Ол өз тұжырымының негізінде ғана, немесе (адамды) кәпірлерге сүйіспеншілікте болғаны үшін күпірлікте айыптайды», не болмаса: «Ол дәлел жетпеген надан адамдарды күпірлікте айыптайды», - деп айтады. Мұның бәрі - адамдарды Аллаһ пен Оның Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жолынан тайдыру үшін тағылған ұлы жала!» “әд-Дурар әс-сәния” 1/66, “Мәджму’у муәллифәт” 3/14.

Осы жерде бір мәселені, ал ол – дәлелді ұсыну мен осы дәлелді түсінудің арасын айырып бөлген  шейх Мухаммәд ибн ‘Абдуль-Уәххабтың сөздерімен дәйек келтіруді атап кету қажет: Ол былай дейтін:

«Алайда, күмәннің негізі болып - сендердің дәлел келтіру мен оны түсінудің арасында айырмашылық жасамайтындарың табылады. Шындығында, кәпірлердің және екіжүзділердің көпшілігі, Аллаһтың дәлелі олардың үстінен қойылған кезде, оны түсінбейді, бұл жөнінде Аллаһ Тағала: «Әлде сен олардың көбі естиді, немесе түсінеді деп ойлайсың ба?» - деп айтқанындай».

Біріншіден, бұл сөздер – Құран емес, және Сүннет те емес, олар – бір ғалымның бұл мәселеде басқаша есептейтін көпшілік ғалымдарға қайшы келетін түсінігі ғана! Дәлелді түсінуді міндетті шарт деп есептейтіндердің қатарында Әбу Бәкр ибн әл-‘Араби, Ибн Қудәмә, шейхуль-Ислам Ибн Таймия, шейх Ибн әл-Қайим сынды имамдар т.б. бар.

Және бұл «Егер дәлел ұсынылса, оны түсіну - міндетті емес» деген пікір Құран мен Суннетке қайшы келеді әрі өте әлсіз болып табылады. Өйткені, бұл пікірге сәйкес, мен, мысалы, білместікпен қандайда бір ширк жасап жатқан жаңадан Исламды қабылдаған қытайлыққа барып, оған араб тілінде Құранның белгілі  бір аятын оқып берсем, ал ол оны бәрібір түсінбейді, онда оған дәлел жеткізілген және оған ақтау жоқ болады ма сонда?! Солай болып тұр емес пе?!

Екіншіден, бұл пікір Құран мен Сүннетке қайшы келеді. Егер дәлелді түсінудің маңызы болмаса, онда не үшін Аллаһ Құранда адамдарды өз халықтарының тілдерінде үгіттеп-насихаттау үшін пайғамбарларды жібергенін айтады. Неліктен Құранды әп-анық араб тілінде жібергенін айтады?! Және Аллаһ Тағала, сондай-ақ, былай деді: «Аллаһ адамға оның мүмкіндіктерінен тыс (нәрсені) жүктемейді». (әл-Бәқара 2: 286).

Ал, түсінбейтін адамды түсінумен міндеттеу - оған оның әлі келмейтін нәрсені жүктеу емес пе?!

Және егер дәлелді түсіну – шарт болып табылмаса, онда оны келтірудің мәні неде?!

Және бұл пікір, сондай-ақ, Қиямет күнінде білместікпен және түсінбеушілікпен ақталатын төрт кәпір туралы айтылатын хадиске де қайшы келеді: «Саңырау: «Уа, Раббым (Ием), Ислам келгенде мен ешнәрсе естімедім!» - дейді. Ақыл-есі жоқ: «Ислам келгенде балалар маған тезек лақтыратын еді!» - дейді. Қаусаған шал: «Ислам келді, бірақ, мен ешнәрсе түсінбедім!» - дейді. Ал шақыру жетпеген: «Уа, Раббым, маған Сенің елшің жетпеген еді!» - дейді».

Егер дәлелді түсіну – шарт болып табылмағанда, ақылдан азғандар ақтауға ие болмас еді, ал бұл «Үшеудің қаламы көтерілген: баланың – ол кәмелетке толғанша; ұйықтап жатқанның – ол ұйқысынан оянғанша; және ақылдан азғанның – оған ақылы қайта оралғанша», - деген мәлім хадиске қайшы келеді.

Содан кейін, ғалымдардың арасында шариғи міндеттер жүктелетін  мукалләфтың (кәмелетке жеткеннің) шарты болып - оның айтылған нәрсені түсінуі табылады дегенге келіспеушіліктер жоқ, бұл жөнінде имам Ибн әл-Хумәм айтқандай. «әл-Қауә’ид уәл-фәуәид әл-усулия» 33.

Үшіншіден, дәлелді түсінуді шарт етпейтпейтін ғалымдардың дәлеліне келер болсақ, яғни бұл - «Әлде сен олардың көбі естиді, немесе түсінеді деп ойлайсың ба?» (әл-Фурқән 25: 44) деген аят, оның мағынасы – олардың Құранның сөздерін мүлдем түсінбегендігінде емес, ал олардың оны түсінгісі келмегендігінде.

Имам әш-Шәукәни бұл аятқа қатысты былай дейтін: “Яғни кәпірлер, жануарлар сияқты, естіп жатқан нәрсесінен пайда ала алмайды. Тіпті олар өздеріне айтылып жатқан сөздерді естісе де, және өздеріне оқып бергенді түсінсе де, осыдан пайда алмайды”. “Фәтхуль-Қәдир” 4/78.

Және төртіншіден, имам Ибн ‘Абдуль-Уәххабтың өзінің де бұл мәселедегі пікірі бір мағыналы емес. Мысалы, ол хиджра жасамайтындарға такфир жасайды деген өзіне жабылған айыптауларға жауап беріп, былай деп айтқан: «Біз тіпті ‘Абдуль-Қәдир Джәйләни, Ахмәд Бәдәуи тағы сол сияқты басқалардың  қабірлеріне құлшылық қылушыларды, мұндайды істеп жатқандардың білімі болмағандығы, сондай-ақ, оларға осыны түсіндіретіндердің де болмауы себепті, күпірлікте айыптамаймыз.  Ендеше, қалайша біз Аллаһқа ешкімді теңестірмейтіндерді олар біз жаққа қоныс аудармағаны үшін ғана күпірлікте айыптай аламыз?! Уа, Аллаһ, Сен Пәксің! Ақиқатында, бұл – ұлы жала!» “Фәтауә уә мәсаиль шейх Мухаммәд ибн Абдуль-Уәххаб” 11.

Егер ол дәлелді түсіну – міндетті шарт болып табылады деп есептемесе, онда неліктен: «оларға осыны түсіндіретіндердің де болмауы» деп айтады?!

Шейх Ибн әл-Қайим былай дейтін: “Ақиқатында, дәлелді ұсыну уақыттың, орынның және адамдардың себебімен ерекшеленеді. Кәпірлерге Аллаһтың дәлелі бір уақытта ұсынылуы, ал басқа бір уақытта ұсынылмауы, бір мекенде ұсынылуы, ал басқа бір мекенде ұсынылмауы мүмкін. Бұл  - дәлел ұсынылған қандайда бір адамға қатысты болуы мүмкін болып, алайда басқа біреуге қатысты болмағандай. Және мұның себебі болып - не оның - бала, немесе ақылдан азған сияқты - ақылының толыққанды болмауы, не оның – мысалы, өзіне арналған жолдауды түсіну үшін оны аударып беретін аудармашысы болмаған адам сияқты - дәлелді түсінбеуі табылады!” “Тариқ әл-хиджратайн” 443.

Негізсіз такфирдің таралуының себептері

1. Білімнің және тақуалықтың болмауы

‘Умар ибн ‘Абдуль-‘Aзиз былай деген: Аллаһқа білімсіз ғибадат етуші, пайдаға қарағанда көбірек зиян келтіреді”. Әхмәд “әз-Зухд” 365, иснәды сахих.

Шейх Ибн әл-Қайим өзінің танымал өлең жолдарында мынандай ұлы сөздерді айтқан: “Надандық – өлтіретін ауыру, оның шипасы екі нәрседе - Құран мен Сүннетте, және дәрігері – дана ғалым болып табылады!” “Шәрху усули сәләсә” 18.

Бұл үмметтің имамдары: Егер білімсіз (адам) сөйлеуін тоқтатқанда, келіспеушіліктер жойылар еді!” – деп ақиқатты айтқан.  “әл-Ләтаиф” 41.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “Күпірлікте айыптаудағы асығыстық надандықтың билеуінде болғандарға тән!” “Буғйя әл-муртәд” 1/345.

Шейх ‘Абдул-Ләтыф ибн ‘Абдур-Рахмән Әли Шейх: “Кім Исламды сырттай танытатын адамға, шариғат көзіне және айқындығы жеткілікті болған дәлелге сүйенбей, такфир жасауға батылы жеткен болса, ол сонысымен білім иелері болған әһлю-Суннә уәл-джәмәъа имамдары ілесетін нәрсеге қайшы келді! Бұл – өз сөздері мен амалдарында қорқудан және бой ұсынушылықтан жұрдай болған бидъатты және адасушылықты жақтаушылардың жолы болып табылады!” “әр-Расәиль уәл-мәсаиль ән-Нәдждия” 3/20.

2. Әуес-қалауға ілесу

Әбу Умәмәдан Аллаһтың Елшісінің(Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: Үш нәрсе опат болып табылады: бағынатын сараңдық; ізінен ілесетін әуес қалау; адамның өз өзіне таңарқауы». әт-Табәрани 54/52, әл-Қада’и 325. Шейх әл-Әлбәни хадисті сахих деді.

Тек екі  басшылық бар олар: білім және әуес-қалау, және олардың үшіншісі жоқ! Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Ақиқатында, көбісі білімге ие болмай, өз әуес-қалауларымен адастырады». (әл-Ән’ам 5: 119).

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия: “Білімнің соңынан ілеспеген ірбіреу әуес-қалаудың соңынан ілеседі!” - деп айтатын. “әл-Әмру биль-мә’руф” 37.

Имам әл-Әджурри былай дейтін: “Алғашқы және одан кейінгі ұрпақ ғалымдарының арасында хауәридждер – Аллаһқа және Оның Елшісіне бағынбаған ең жаман адамдар екендігіне келіспеушілік болмаған. Олардың сан-алуан оразалары, намаздары және ыждағатты ғибадаттары оларға ешқандай пайда келтірмейді. Және тіпті олардың ашық түрде жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыйуы да оларға көмектеспейді, өйткені, олар Құранды өздерінің әуестері мен қалауларына сәйкес тәпсірлейді! Бізді олардан Аллаһ пен Оның Елшісі, және ізгі халифалар мен сахабалар, сондай-ақ, олардың ізбасарлары да сақтандыратын!” “әш-Шәри’а” 1/21.

3. Құран мен Сүннеттің мәтіндерін бұрыс түсіну

‘Али ибн Әбу Талиб былай дейтін: “Білімсіз (жасалған) ғибадатта қайыр жоқ, және дұрыс түсінік болмаған білімде қайыр жоқ!” Әбу Хайсамә: “Китабуль-‘ильм” 144, әл-Әджурри: “Әхләқуль-‘уләмә” 45. Иснәді сахих.

Құранның аяттарын және хадистерді бастан-ақ олардың сыртқы мағынасына сәйкес түсіну қажет екендігіне қарамастан, ерекше жағдайлар болуы мүмкін екендігін, және бұл барлық жағдайда міндетті емес екендігін білу керек! Кейбір шариғи мәтіндерде алғашқы қарағаннан өзге нәрсе меңзеліп тұрған болуы мүмкін, өйткені, мұндай аяттар мен хадистерді дәл айтылған мағынасында қабылдауға рұқсат бермейтін өзге шариғи мәтіндер бар. Ал, такфиршілер көптеген шариғи дәлелдерге көңіл бұрмай, Құранның кейбір аяттарының үстүртін мағынасын ғана пайдаланады. «Үкім Аллаһқа ғана тән» деген аяттың үстіртін мағынасына сүйеніп Алиді күпірлікте айыптаған хауәриждер де дәл осылайша амал етті. Әбу Рафи’ былай деп баяндаған: «Хауәриждер Алиге қарсы қару алып шыққанда, олар: «Үкім Аллаһқа ғана тән!» «Үкім Аллаһқа ғана тән!» - деп үнемі қайталай берді. Ал Али: «Өтірікті тұспалдап, ақиқатты айтып жатыр!» - деді». Муслим 1774.

Шейх Ибн әл-Қайим: “Кітап иелері арасындағы бөлінудің және мұсылмандар арасында жетпіс үш топқа бөлінудің себебі – бұрыс түсіндерме жасау болып табылады”, - деген. “И’ләмуль-мууәкқи’ин” 4/308.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деген: “Хауәридждер Құранның аяттарын өздері сенетіндей етіп тәпсірлегенде, олар осыған қайшы келетіндерді кәпір деп атайтын болды!” “Мәджму’уль-фәтауә” 20/164.

Имам әл-Хатыб әл-Бағдади: “Білім бұл – дұрыс түсінік және хабардар болу, бірақ, ол - көптеген деректер мен жаттаулар емес!» – деп айтатын. «әл-Джәми’» 2/174.

4. Ғалымдарға жүгінбеу

Такфирдің таралуының негізгі себебі - сондай-ақ, надан мұсылмандардың, пайғамбарлардың мирасқорлары болған ғалымдарға жүгінбей, өзінің түсінігімен шектелуі  де. Аллаһ Тағала Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) үмметіне білім болмаған кезде өзіндік шешімдерді және жеке тұжырымдарды болдырмау мақсатында ғалымдарға жүгінуді бұйырды, бұл жөнінде Аллаһ Өзінің Кітабында былай деп айтқандай: «Егер өздерің білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар». (ән-Нәхль 16: 43).

Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Бұл білімді әр ұрпақтан болған әділетті ғалымдар алып жүреді, олар оны шектен тыс асырып айтушылардың бұрмалауларынан, адасқандардың қосқандарынан және надандардың түсіндірмелерінен қорады»,  – деген. әл-Бәйһәқи 10/209, әл-Хатыб 1/29. Бұл хадис көптеген жолдармен риуаят етіледі, олардың әрқайсысы бірін-бірі күшейтеді, және сондықтан, хадистің сахихтығын Әхмәд, әл-Ләләкәи, хафиз Ибн ‘Абдуль-Бәрр, әл-‘Уқайли, Ибн әл-Уәзир, әл-Қасталәни, әл-Әлбәни және ‘Абдуль-Қадир әл-Әрнәут сынды имамдар растаған.

Ибн ‘Аббәстың (Аллаһ оған разы болсын) хауәриждермен болған пікірталасы туралы келген танымал деректе, Ибн ‘Аббас оларға: “Мен сендерге Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары – мухажирлер мен ансарлардан және оның көкесінің баласынан (‘Алиден) келіп тұрмын. Құран оларға түсірілген еді, және олар оның мағынасын сендерден жақсы біледі, ал сендердің араларыңда олардың біреуі де жоқ!” – деп айтқаны жеткізіледі. Әхмәд 1/621, әл-Хаким 2/150. Иснәды сахих.

Және Ибн ‘Аббәстың хауәриждерге олардың адасушылықтарын түсіндіруінің нәтижесінде олардың көпшілігі тәубеге келіп, тура жолға қайта оралды. Ибн ‘Аббәс былай деп баяндайтын: “Олардан (хауәридждерден)  екі мың адам қайтты, және адасуда қалғандар өлтірілді. Және оларды мухаджирлер мен ансарлар өлтірді”. Әхмәд 1/621, ‘Абдур-Раззақ 10/157-158. әл-Хаким 2/150-152, әт-Табәрәни 10/312-314, әл-Байхақи 8/309, Ибн Са’д 3/231.

Язид әл-Фәқир былай деп баяндаған: “Бірде маған хауариждердің пайымдауларының бірі ұнап қалған еді.  Біз қажылық жасауды және содан соң адамдарға қарсы шығуды қалап,  көп адамнан тұратын топтың құрамында сапарға шықтық. Біздің жол Мәдинаның үстінен өтті, онда мен күтпеген жерден Джәбир ибн Абдуллаһты көріп қалдым. Ол бағананың жанында адамдарға Аллаһтың Елшісі туралы (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хабарлар жеткізіп отырған болатын. Өзге нәрселер қатарында ол джәханнәмийюн  туралы да айтты.

Мен оған былай дедім: «Уа, Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған иглігі мен сәлемі болсын) сахабасы, сен не туралы айтып отырсың?! Аллаһ былай деді ғой: «Раббымыз! Сен кімді отқа салсаң, расында оны қорладың. Залымдардың еш жәрдемшісі жоқ!» (Әли ‘Имран 3: 192). Және Ол, сондай-ақ, былай деді: «…Қашан олар, тозақтың бейнетінен шығуды қаласа, оған қайта итеріледі…» (Хадж 22: 22). Ал сендер не деп отырсыңдар?!»

Ол: «Сен Құранды оқисын ба?» - деп сұрады.  Мен: «Ия», - дедім. Ол: «Ал сен Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) орны туралы естіп едің бе, яғни оған оны Аллаһ алып келетін орын туралы?» - деп сұрады. Мен: «Ия», - дедім. Сонда ол: «Бірақ,  міне осы - Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) иеленетін мақтаулы орыны ғой (мәқамун мәхмуд), Аллаһ ол арқылы Оттан шығаратындарды Оттан шығарады!» - деді.

Ал, содан кейін ол Сырат көпірі қалайша құрылатыны және адамдар  одан қалайша өтетіні туралы айта бастады. Басқалар оның сөздерін жақсырақ есте сақтап қалды деп қорқамын, алайда, ол: кейбір адамдар Отқа түскеннен кейін одан шығады деді. Ол деген сөз, олар, кунжіттің сабақтары дүниеге шыққан сияқты, шығады және Жәннәттың өзендерінің біріне кіреді, ал содан соң олар сол өзенде жуынады, ал одан шыққан кезде (тап-таза) парақ сияқты болады.

Біз қайттық және былай дедік: «Өкініш сендерге! Сонда сендер осы қария (Джәбир) Аллаһтың Елшісі туралы (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өтірік сөйледі деп ойлайсыңдар ма?!»  Және қайтып келген соң біздің ешқайсымыз ашық түрде (хауәриждердің жағына) шыққан жоқпыз, бір-ақ адамнан басқа”. Муслим 191.

Шейх ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббәд былай дейтін: “ Бұл хабарда осы топтың (хауәридждердің) үлкен күнәләр істейтін мұсылмандарды күпірлікте айыптауға және осындайлар Отта мәңгі қалатынына қатысты көзқарастарымен әуестенгеніне нұсқау бар. Алайда, олар Джәбирді, Аллаһ оған разы болсын, кездестіргенде, және ол оларға адасқан нәрселерін түсіндіріп берген кезде, олар өз көзқарастарын өзгертті, және өздері түсіп жүрген адасушылықтан бас тартып, ол нұсқаған ақиқатты қабылдады. Бұған қоса, олар қажылықтан кейін жоспарлаған мұсылмандарға қарсы шығудан бас тартты. Және бұл – мұсылман адам ғалымдарға жүгінген кезде алатын ұлы пайда болып табылады!” “Би әйи ақли уә-ддин якуну тафджир уә тадмир джихадән” 14.

Қорытынды

Бұл – мұсылмандарды орынсыз такфир жасау тақырыбында қысқаша еске салғымыз келгеніміз.

Такфир мәселесінде екі түрлі шекке шығушылық бар. Олардың біреуі жайлы түгел осы жолдаудың барысында айтылды.  Ал, оған қарама-қайшы болған басқасына келер болсақ, бұл - тіпті яхудилер мен христиандардың күпірінде күмәнданатын кейбір мұсылмандарда такфирдің мүлде бомауы, мұны «такфирсіздік» деп атауға да болады.

Кейбір бауырлардың қате түсінігін атап өту қажет. Мысалы, ғалымдар: «Дәлел жетпеген адамды күпірлікте айыптауға болмайды», - деген кезде, олар өз негізінде мұсылман болып табылатын адамды нақты меңзейді! Ал, өз негізінде кәпір болып табылатынға келер болсақ, ол - Ислам туралы ешнәрсе білмесе де, кәпір болып қала береді, және бұған дәлел  - Аллаһ Тағаланың мына сөздері: «(Мұхаммед) егер мүшріктерден біреу сенен пана тілесе, ол Аллаһтың сөзін естуі үшін пана бер». (әт-Таубә 9: 6).

Бұл аятта Аллаһ осындай адамдарды, олар бұған дейін Аллаһтың сөздерін естімеген болуына қарамастан, көпқұдайшылдар деп атайды. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “«Ширк» деген атау Кітап түскенге дейін белгілі еді, адам жолдауға дейін де өзінің Раббысына серік қосатын еді, Онымен бірге басқа құдайларға жалбарынатын еді, және бұл атаулар (ширк, мушрик, купірлік, кәпір) жолдауға дейін де бар еді ”. “Мәджму’уль-фәтауә” 20/37.

Уа, мұсылмандар, егер адам Исламы анық болған адамды кәпір деп атамаған болса, оған Қиямет Күні, білмегендігін және ол адамның тарапынан Исламды көргендігін, және оны білімінің болмауы және мұсылмандарды кәпір деп айтуға тыйым салатын көптеген хадистердің болуы себебімен кәпір деп айтуға қорыққандығын айтып, ақталу жеңіл болады. Алайда, мұсылман адамды өзінің түсінуінің негізінде кәпір деп айтқанға, мұсылмандарға такфир жасауға тыйым салатын Құранның және Сүннеттің  қаншама мәтіндері бар екендігін ескерген жағдайда, ақталу қиын болады!

Имам Ибн Хазм былай дейтін: “Ақиқат - әрбір Исламға кірген (адам) одан Құранның, Сүннеттің немесе бір ауызды келісімнің (иджмәъ) негізінде ғана шығатындығында! Және мұсылман адам Исламнан дәлелсіз, мәлімдемелер мен ой-тұжырымдардың негізінде шықпайды!” “әл-Фисәл” 3/392.

Имәм әл-Бақиләни былай дейтін: “Адам, мұсылмандардың бірауызды келісімі болған нәрселердің негізінен өзге, біреулердің сөздері мен пікірлерінің себебімен кәпір болмайды!” “Фәтауә әс-Субки” 2/578.

Имәм әл-Қуртуби былай дейтін: “Кәпір, иманды күпірліктен абзал көрмейінше, иман келтірген болмайтыны сияқты, иман келтірген де, күпірлікті өзінің таңдауы бойынша қаламайынша, кәпір болмайды, бұған бір ауызды пікір (иджмәъ) нұсқайды!” “Тафсир әл-Қуртуби” 16/203.

Имам әл-Қуртубидің осы сөздеріне ерекше назар аударыңыздар!

Уа, мұсылмандар, өздерінің әуестері мен қалауларының және Құранды өзінің жеке түсінуінің негізінде мұсылмандарды күпірлікте айыптайтын әртүрлі надандардан сақ болыңыздар! Ізгі халифа ‘Умәр ибн әл-Хаттаб: “Мен бұл үммет үшін оны иманы ұстап қалатын муминнен, немесе оның бұзақылығы айқын болған бұзақыдан (пасықтан) қауіптенбеймін. Алайда, мен Құранды, оқуын кемелдендіргенге дейін, оқитын, ал содан соң оны шынайы мағынасына қарсы тәпсірлейтін адамнан қорқамын!» - деп, ақиқатты айтты”. “Джәми’ әл-бәйән әл-’ильм” 2/238.

Және соңында, Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ! Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасының мүшелеріне және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|