Quickribbon

Мұсылмандарды өлтіру – Жәннәтқа апарар жол болып табылады ма?!

Доктор Салих әс-Сухеймидің, Аллаһ оған есендік берсін, лекциясынан кесінді:

«…Опат етуші күнәлардың қатарына – Аллаһ өлтіруге тыйым салған тірі жанды өлтіру жатады, оған заңды негіз боған жағдайдан басқа. Құдыретті де Ұлы Аллаһ былай дейді: «Кім бір мүмінді әтейге өлтірсе, оның жазасы - ішінде мүлде қалатын Тозак болады. Сондай-ақ, оған Аллаһтың ашуы, қарғысы болып және оған зор қинау әзірлеп қойған!» (Кұран 4: 93).

Ол оны қалай өлтірсе де, дүние мүдделеріне үшін ба, немесе дүние игіліктері үшін ба, немесе бүгіңгі күні біреулер батылы барып жатқандай. «Тозақтың иттері», осы заманның хауариждері кімді өлтіруге батылы барды? Қаны харам болған, жазықсыз мұсылмандарды, немесе мұсылмандардың кепілдігінің, немесе қорғауының астында өмір сүріп жатқан адамдарды.

Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтты:«Бұл дүниенің опат болуының маңызы Аллаһ үшін…» неден төмен? «… мұсылманның қанының төгілуінен».

Көсемдері тау үңгірлерінде жасырынып жүрген, интернет сайттары арқылы, немесе спутниктік каналдар арқылы, немесе аудио таспалар, мейлі олар тек дауыспен, мейлі дауысқа қоса суретпен болсын, арқылы пәтуаларын таратып, мұны джихадтың бір түрі деп біздің жастарымызға пәтуа беріп жүрген авантюристер қатарынан болған кейбір надандарға (джахильдерге) қалайша сенуге болады?! Олар мұсылмандарды бауыздайды және осыны не деп атайды?! Аллаһтың жолындағы джихад (деп). Бұл – бұзақылық тарату. Осынысымен олар Исламның жауларына тек көмектесті.

Мүмкін, тауда жүргендердің еврейлермен, христиандармен, масондармен, немесе «Ротари» клубымен, немесе басқа сионистік клубтармен бір уыс ақшаға айырбастаған келісімі бар шығар. Немесе олар өзімен әуестенген және өздерін ғалымдар деп санап, білімі бар деп өзін көрсететін шығар, бірақ, іс жүзінде олар өздерінің үй есектерінен де надан.

Олардың сипаттарынан – олар тек қараңғыда сөйлейтіні, дәл жарқанаттар тәрізді, әз-Зауәхири, әл-Мәқдиси, Усамә бин Ладен немесе олардың жолына түскен адасқандар сияқты. Олар үмметке фитна таратты, өздеріне қан мен мал-мүлікттерді халәл етті, және өздерінің адасқан пәтуаларымен және ауыру амалдарымен Батысқа Ауғаныстан мен Ирақты тапсырып берді.

Кейін, сол екі мемлекет құлаған соң, олар өз жебелерін қай жақа бағыттады? Бірнеше жыл бұрын? Өз оқтарын кімге бағыттады? Мұсылмандарға, жердің ең қасиетті бөлігіне – Мекке мен Мәдинаға. Әр-Риядқа және Қасымға, Джиддәға, Юнбәға және басқа да жерлерге, дүниедегі ең қасиетті және Аллаһтың қорғалған үйінің жанындағы жерге.

Мекке мен Мәдинада жарылыстар (жасау) туралы пәтуа шығаратын біреу, оны діни ой-ниетпен істейді дегенді көз алдыларыңызға келтіре аласыз ба? Білмеймін, ал Аллаһқа ғана бұл жөнінде мәлім. Егер ол осыны діни ой-ниетпен істеген болса, онда ол дінді білмейді! Бірақ, ол белгілі тарапен жалданған болса, онда Аллаһ оның үкімі туралы біледі.

Ал атқарушыларға келер болсақ, олар – жем, отын, оларды тартты (қанады), алдады, олардың үстінен күлді, олардың кездесуі Жәннәтта болады деген уәдемен жалдады.

Бірақ, іс жүзінде, бұған батылы жеткен адам – оның кездесуі Тозақта болады!

Өйткені, біріншісі: ол өзін өлтіреді, өзін өлтіруге батылы барды!

Екіншісі: мұсылмандарды өлтіреді, әйелдерді балаларды және сәбилерді өлтіреді!

Біреу-міреу: «Жәннәтқа жол мұсылмандарды өлтіру, қарияларды өлтіру, сәбилерді өлтіру, әйелдерді өлтіру, қорқытып-үрейлендіру арқылы өтеді», - деп айтты ма?

«Кім бізге қару көтерсе», ол…? «бізден емес!»

«Кім бізге қару бағыттаса, ол – бізден емес!»

Ал оны (қаруды) қолданушы және бағыттаушы туралы не айтуға болады? Исламның жаулары діннің атымен мұсылмандардың арасын қирату үшін оны қанайды, бірақ, діннің оған да, оның амалына қатысы жоқ.

Мен ішіне өшпенділігін жасырған бұларды ауыру деп атауда проблема көріп тұрған жоқпын. Олар не өздерін адасушылыққа тастаған мушриктердің (көпқұдайшылардың) немесе такфиршілердің пәтуаларымен, немесе жалданған, олар оны білсе де, білмесе де, адасушылардың пәтуаларымен тәрбиеленді.

Назар аудар! Аллаһ, заңды болған жағдайдан басқа,  өлтіруге тыйым салған тірі жанды өлтіру. Егер ертең (Ақырет күні) саған (ол) қолында өз басын алып келсе, йә, өзін-өзі алдаған, әл-Мақдисидің, Ибн Ләдиннің және әз-Зәухиридің пәтуаларын алған, оларға мойынсұнып пәтуаларын алған және ақиқатпен билік еткен және әділетті қолдаған атақты ғалымдардың пәтуаларын тастаған сен. Олар - Құдыретті де Ұлы Аллаһтың Кітабынан шектен шығушылардың бұрмалауларын, өтірікшілердің адасушылықтарын және надандардың түсіндірмелерін қайтаратындар.

Йә, анау ақымақтардың пәтуаларын алған және «Аллаһ айтты» және «Оның Елшісі айтты» дегендерді тастаған. Адам өлтіруге тыйым салатын аяттар мен хадистерді тастадың және оларға назар аудармадың және өртеуге батылың барды! Мұсылмандарды өртеуге және оларға қаруыңды бағыттауға батылың барды.

Өзін-өзі ұмытқан ессіз немесе өзін-өзі ессіз деп көрсетуші.

«Кім бір мүмінді әтейге өлтірсе, оның жазасы, ішінде мүлде қалатын тозак болады. Сондай-ақ, оған Аллаһтың ашуы, қарғысы болады».

Өзін-өзі ұмытқан ессіз немесе өзін-өзі ессіз деп көрсетуші.

«Бұл дүниенің опат болуы, мұсылманның қанының төгілуінен маңыздырақ емес».

Өзін-өзі ұмытқан ессіз немесе өзін-өзі ессіз деп көрсетуші.

«Бізге қару көтерген – бізден емес»

Сен қашан болса да осы аяттар мен хадистерді естідің ба?! Аздап зерделеумен және пайымдаушылықпен тоқта. Сұра. Өз-өзіңе сұрақ қой. Ертең басын қолына ұстап келсе, және: «Йә, Раббым! Сұра одан, ол мені не үшін өлтірді, мені не үшін өлтірді?!» - десе.

Осы жоспарларды орындап жүргендер – олар ең жаман қауым және жаратылыстар. Бұл – кімнің сөздері? Бұл – кімнің сөздері, бауырлар?! Аллаһтың Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, сөздері: «… аспанның астында өлтірілген ең жаман қауым және жаратылыстар….»

Біздің қауіпсіздік қызметкерлерімізге қуанышты хабарды жеткізу керек, оларға Аллаһ жетістік берсін! Олардың (хауариждердің) қолымен өлтірілген әрбіреу – адамдардың ең жақсысы болып табылатындығы туралы қуанышты.  Олар тарапынан өлтірілген әрбір қауіпсіздік қызметкері - адамдардың ең жақсысы болып табылады. Аллаһтан олар үшін шахид дәрежесін сұраймыз!

Біз,  белгілі біреудің шахиттігі туралы айтпаймыз, олар істейтіндей – мұсылмандарды сояды, және (өздерін) кім деп айтады?! Шәхид деп.

Біз қауіпсіздік қызметкерлерінен болған бауырларымыз үшін айтып отырмыз, біз олар үшін Аллаһ Тағаладан шәхид дәрежесін тілейміз, өйткені Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Өлтірілгеннің ең жақсысы бұл…» кім? «…олар (хауариждер) өлтірген (мұсылман)», - деді.

Мен осы мәселеге тоқтадым, шейх ибн Баз, Аллаһ оған рахым етсін, атап өткен мәселеге, өйткені біз осы мәселемен өмір сүрудеміз.

Осы жерде мен сұрақ қоямын, оларды Аллаһ қорласын, Аллаһ оларды масқара қылып қойды және қолдаусыз қалдырып қойды, олар біздің еліміздегі «Әбқиқа» ауданындағы қанша мұнай мекемелерін жарып жібергісі келді, сендер көз алдыларыңа елестете аласыңдар ма, қаншасын, Аллаһ оларды қорлап қойды және Ақырет күніне дейін қорлайды, Аллаһ қаласа!

Сендер елестете аласыңдар ма, осыдан кейін қаншама құрбандар болуы мүмкін еді. Аллаһпен ант етемін, Әл-Ахса және Дәммәм, және, және, және,…. олардың барлығы жойылар еді, бірақ Пәк және Құдыретті Аллаһ – олар үшін торуыл, Ол оларды Құдыреттінің, Барлық нәрсеге Күші жетушінің  ұстауымен ұстап алды!

Оларға қауіпсіздік қызметкерлерін бағыттады, Аллаһтан олаға Ислам және мұсылмандар үшін игілікпен қайыруын тілейміз!

Назар аударыңыздар! Аллаһ, заңды болған жағдайдан басқа,  өлтіруге тыйым салған тірі жанды өлтіру - жеті опат қылушы күнәлардың бірі болып табылады.

Жарылысты атқаруға батылы барған және орындаған сорлы алдын өзін өлтіреді, ал өзін өлтірген (қайда түседі)? Жауап беріңдер?! Ол – Тозақта!

Одан кейін, екіншіден, ол мұсылмандарды өлтіреді, сендер бұл туралы жеткізілген хадистерді алдын естідіңіздер.

Осы аяттарға сәйкес сенің жағдайың қандай?!

Сен балаларды жетім, әйелдерді жесір қылғаныңа, артыңнан балаларынан айырылған әйелдерді қалдырғаныңа және қиратқаныңа және зиян тигізгеніңе Раббыңа қандай жауап айтасын?!

Бұлардың бәрінен де жаманы, сен Исламның дұшпандарына олар еврейлерге елу, алпыс жылда көрсетпеген көмекті бердің.

Мен аттарын атаған хауариждер, сондай қызмет жасады, еврейлердің өзі оны Палестинада көрсеткен жоқ. Қалай? Мұсылмандарды бір-бірімен айналыстырып қойды да, оларды Палестинадан да Палестина еместен де аударып алып кетті…

Мұсылмандарды, өздері мұсылман мемлекеттерінің арасында таратқан фитналарымен, аударып алып кетті. Мұсылмандарды болашаққа дайындаудың орнына, Палестинадағы болашақ джихадқа дайындаудың орнына, Ауғаныстандағы болған джихад сияқты, бірақ ауғандар бір біріне қарсы соғысып бастағаннан кейін – джихад қалмады.

Тіпті палестиналықтарды оларды бір біріне қарсы айдап салып аударып алып кетті. Оларды топтарға бөлді. Құдыретті де Ұлы Аллаһ былай дейді: «Әрбір партия өзінде барға қуанады».

Дұшпан, ол не істегісі келсе, соны істеуде.

Аздап тоқтаңдар және мәселе жөнінде ойланыңдар. Адам өлтіру туралы мәселе. Бауырлар, біздің арамызда осы проблемаға жасырын сенетін жастар бар. Сен оған аяушылықпен сөйлеуің керек, ол туралы күдікті болсаң, оны алуың керек. Оны ал да, оған былай деп айт: «Балам, бауырым, сен - жас мұсылмансың, ол әуестенгердерге өзіңді алдандырма. Еврейлер мен христиандардың қызметшілеріне өзіңді алдардырма! Америка мен Батыстың қызметкерлеріне өзіңді алдандырма! Аллаһпен ант етемін, олар – Американың қызметшілері!»

Хауаридждер қазір – Америка мен Батыстың қызметшілері, оларға қажет барлық нәрселерін ұсынып берді. Олар қазір тыныш және демалуда.

Ирақта қазір Джихадтың атымен жүргендердің көбісі Сүннетті ұстанушыларды сойып жүр! Аллаһпен ант етемін, олар рафидилерге де, батыстың әскерлеріне де тиіспейді. Бірақ, олармен бірге тұрмайтын Сүннеттің жақтаушыларын олар джихадтың атымен өлтіруде. Ал Джихадтың жақтаушылары оларға не рафидилердің, не баасшылардың, не зайырлылардың қатарынан не белгісіз біреулерді, не хауариждерді және солар сияқтыларды әмір етіп тағайындайды.

Өздеріңнің балаларыңа бұл крематорияға баруға осыған қарап отырып рұқсат етпеңдер.

Екі-үш жыл бұрын біреу маған: «Менің ұлымды шахидтікпен марапаттаған Аллаһқа мадақ», - деді.

Мен айтамын: «Сен қайдан білесің? Егер ол мұсылмандарды өлтіруге қатысқандарың қатарынан болып қалса, онда ол Тозақтықтар қатарынан. Сен қайдан білесің? Ол Жәннәтта деп үкім шығарасың, ал ол, ішінде жүздеген мұсылмандар болған, үйді қирататын еді. Сенде қайдан мұндай сенімділік бар? Ол Жәннәтқа кірді деген?!»

Бауырлар, абай болыңдар!

Аллаһпен ант етемін, кім ол жақа барса, ол – қауіпте, тіпті өзінің дінінде, тіпті бүкіл Ислам үшін.

Аллаһ тыйым салған жанды өлтіру.

Бұл мәселеге көптеген рет ойлан. Өзіңнің батылың барғанша, және сені алдамайынша, және саған өздері адасып өзгелерді адастырып жүрген өтірікші муфтилер тарапынан пәтуа берілмейінше.

Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын айтты: «Мен үмметім үшін…» кімдерден қорқамын деді? Жалғастыр! «…адастыратын имамдардан!»

«әл-Каиданың» муфтилері – солар біздің заманымызда адасушылыққа кіргізетін имамдар.

Ал, қарайықшы, біздің жетпістен көп ұлдарымызды, оларды қалалардан және барлық жерлерден алып келіп, оларды  «Нахруль-баридте» (Ливандағы өзен) салқын қанды түрде өлтіреді.

Дұрыс па, әлде жоқ па?

Жүз адам, машаа Аллах, Ливанды азат етеді, кейін қалған елдерді де. Жүз адам. Сен қайдан білесің, оларды жинап қаруландырған – ол еврей еместігін, немесе хритиан еместігін, немесе масон не олардың қызметшісі еместігін?

Қандай ұйым? Ол қалай деп аталатын еді? «Фатхуль-Ислам».

Аллаһ сақтасын, бұл ұйым – Исламның қиратылуы. Бәрін өлтірді! Ешкімді қалдырмады, бейшара палестиналық қуғындардың лагерін қиратты.

Қандай басшылықпен (кітаппен) және қандай Сүннетпен сен пәтуа жариялайсың, сен, джәхиль және ақымақ! Қандай кітапен, қандай Сүннетпен бұл жастарға пәтуа шығарасың және оларды жер түбінен алып келіп шығын етесің. Шарурдан, Уадидан, Джиддадан, Юнбудан және оларды «Нахруль-баридке», салқынқандылықпен өлтіру үшін жібересің?!

Бұл – далбаса. Бұл мәселеге ұзақ уақыт тоқтаңдар, йә, бауырлар! Осында немесе интернет жүйесі арқылы мені естіп жатқандар. Білмеймін, мүмкін жүйе қосулы шығар?

Сондағы біреу шейқа: «Қосылмаған», - деп айтып жатыр. Шейх: «Не үшін қосылмаған?»

Аллаһпен ант етемін, өкінішті, осы сөздерді интернет арқылы естуін қалаймын және жеткізуді сұраймын, жарайды ма? Сөздерді жеткізіңдер, Аллаһ сендерге есендік берсін.

Жақсы.

Мен бұл мәселеге  ұзақ тоқтадым, өйткені біз зиян шегіп жатырмыз. Күнде қауіпсіздік қызметкерлері осы адасушылыққа салынған бөлімшелерден бөлімше табуда.

Өз уақытын жоғалтты, оқуынан айырылды, және кетті. Олардың әкелері жылап жатыр, шешелері жылап жатыр, бірақ олар олардың пайымдауынша Жәннәтты іздеп жүр.

Әй, бақытсыз! Жәннәтқа апарар жол бұл – мұсылмандарды өлтіру ма? Өзіңді өлтіру – бұл Жәннәтқа апарар жол ма? Керісінше, сен Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Кім өзін өлтірсе, ол Тозақта», - деген хадисіне қарсы келудесің! Және сен тірі жанды өлтіру бұл – Жәннәтқа жол дейсің ба?!

Қалайша? Бұл - керісінше. «Жетер саған, науқас! Өлімде шипаны көру, және арман болар нәрсені өлімге есептеу». (өлең).

Сендерден осы сөздерді интернет жүйесі арқылы жеткізулеріңді сұраймын.»

Аудиотаспа жазылған бейне роликті сіздер, ин шаа Аллаһ, таяу уақытта көре аласыздар.

(Является ли путем в рай убийство мусульман)

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|