Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен
Аллаһ Тағала былай деді:
«Егер өздерің білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар». (ән-Нәхль 16: 43).
Бірде Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір топ адамдардың Құранға байланысты айтысып жатқанын естіп, былай деді: «Ақиқатында, осы - сендерге дейін болып өткендерді опат еткен еді. Олар Аллаһтың Кітабының аяттарын біріне-бірін соғатын.[1] Ақиқатында, Аллаһ Тағала Кітапты бірі мен екіншісін жоққа шығару үшін емес, бірімен екіншісін растау үшін түсірді. Оның ішінен өздеріңе анық болғанды алыңдар да, ал білмейтіндеріңді соны білетіндерге қалдырыңдар!» Әхмәд 2/181, ‘Абдур-Раззақ 20367. Хадистің сахихтығын Ибн Кәсир, әл-Бусайри және әл-Әлбәни растаған.
Джәбир ибн ‘Абдуллаһ былай деп баяндайтын: “Бірде бір адам біз сапарда кезімізде тасқа соғысып, басын жарып алды, кейін ұйқыда жатқанда ол ихтилям (поллюция) болды да, ол сапарластарынан: «Мен құммен тазару (тайямум) жасасам болады ма?» - деп сұрады. Олар: «Біз саған (мұны рұқсат ететін) бір ерекшелік көріп тұрған жоқпыз, өйткені сен сумен де шомыла аласын», - деп жауап берді. Кейін ол шомылды да, өліп қалды. Ал, біз пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) келіп осыны айтып бергенде, ол: «Олар оны өлтірді, Аллаһ оларды опат етсін! Олар білмеген нәрсесін сұрай алмадыма не?! Өйткені, ақиқатында, білмеудің емі - сұрақ ғой! » - деді”. Әбу Дауд 284, әд-Дарақутни 1/69. Имам Ибн әс-Саккан және шейх әл-Әлбәни хадисті сахих деді.
Ижтихад жасауға (шешім шығаруға) қақысы жоқтардың қате ижтихад жасауның салдарынан бір мұсылманның өлуіне Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) көрсеткен қатынасына және ызалануына назар аударыңдар. Ал біздің күндерімізде пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларымен салыстыруға келмейтін адамдар өздерінің әуес-қалауларының негізінде жүздеген және мыңдаған мұсылмандарды опат етуде!
Ибн Мас‘уд былай деп айтқан: “Бүгін маған бір адам келіп, маған мен оның жауабын білмейтін сұрақ қойды. Ол: «Маған мынаны айтшы, егер жақсы қару-жарақталған және жігерлі адам әмірмен бірге әскери жорыққа шықса, ал ол бізге орындауға күшіміз жетпейтін нәрселерді бұйырса, онда қалай болмақ?» - деді». Мен былай дедім: «Аллаһпен ант етемін, саған біз пайғамбармен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бірге болған кезімізде ол белгілі бір нәрсені бір-ақ рет бұйырса болды – біз оны орындайтынымыздан басқа не айтуды білмеймін. Ақиқатында, ендердердің кез-келгендеріңнің жағдайы ол Аллаһтан қорқып жүргенше түзу болады, ал егер біреуде белгілі бір нәрсенің дұрыстығы жөнінде күмәндар пайда болса, онда оның күмәнін алап тастайтын жауап бере алатын адамнан сұрасын, алайда тез арада сендер осындай адамдарды таппайтын уақыт келіп жетеді”. әл-Бухари 2964.
‘Амр ибн Саләма баяндап берген мешіттерде шеңбершелер құрып отырып алып топ-топпен Аллаһты зікір ететін адамдар туралы деректі еске түсіріңдер. Оларды көрген Әбу Муса өзінен білгір болып табылатын Ибн Мәсъудтан сұрамайынша ешнәрсе деп айтқан жоқ. Ибн Мәс’уд Әбу Мусадан: “Ал сен оларға не деп айттың?” – деді. Ол: “Мен ешнәрсе деп айтпадым, алдымен сен бұл жөнінде не айтатыныңды біліп алайын дедім”, - деп жауап берді. әд-Дәрими 1/68, әт-Табәрани 8628. Хафиз әл-Хайсами және шейх әл-Әлбәни иснәдіның сахихтығын растаған.
Пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) атақты сахабасының сөздеріне назар аударыңыздар. Ол бұл жөнінде өзінен білгірлеу болып табылатын адамнан сұрап білмейінше ешнәрсе деп айтпады! Ал енді бүгіңгі күні діндегі білімде Әбу Мусаға тіпті жақын тұрмайтын адамдардың мұсылман үмметінің ғаламдық проблемаларын шешуді өздеріне өздері рұқсат етіп қойғандығына назар аударыңдар!
Біздің ізгі алдыңғы буын өкілдері белгілі бір нәрсені білгісі келіп әркез ең білгір болған адамнан сұрауға тырысқан. Имам әл-Ләләкәи кейбір табиъиндардың былай деп баяндағандарын жеткізеді: “Біз Мәдинәға келген кезімізде ансарлардан болған адамдарды кездестіретін едік, бірақ біз Ибн Умарды немесе Әбу Саъидтікезтестірмейінше, олардан ешнәрсе сұрамайтын едік”. әт-Табәрани 12/430, Ибн Мәндах 11.
Имам Ибн әл-Мәни’ былай деп айтатын: “Білім тап болатын қасіреттердің бірі болып – өз өзімен қанағаттанған және білімі мен алғырлығында өзіне сенген адамның ғалымдарға жүгінуді, олардан білім алуды және ойларының жарығынан қасықтап алуды қажет емес деп санауы табылады”. “Иршәду-ттуләб” 93.
Сондай-ақ, шейх Мухаммад ибн ‘Абдуль-Уәххаб «Таухид кітабы» деген танымал еңбегінде тағдыр туралы тарауға мына мәселені қосты: «саләфтардың күмәндарды жою үшін ғалымдарға сұрақ қою әдеті». “Китәбу-ттаухид” 89.
[1] Мұндай нәрсе білімсіз айтысу болған кезде орын алады. Біреу бір аятты, ал екіншісі екінші аятты келтіреді, және сырттай олар бір-біріне қайшы келетіндей болып көрінеді. Ал, шындығында, Аллаһ Тағаланың шариғатында қарама-қайшылық жоқ, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп айтқандай: «Егер ол (Құран) Аллаһтан болмағанда еді, онда олар оның ішінде көптеген қайшылықтар табар еді». (ән-Нисә 4: 82).
Ал мұндай сырттай қайшылықтарға келер болсақ, олар білімнің жоқтығынан және бұрыс түсініктен осылай болып көрінуі мүмкін.
(О велении обращаться к ученым)