Quickribbon

«Әнкәбут» сүресінің соңғы аятының түсінігі

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

Аллаһ Тағала: «Ал Біз үшін соғысатындарды, Біз міндетті түрде, Біздің жолдарымызбен жүргіземіз. Ақиқатында, Аллаһ ізгілік жасаушылармен бірге!» - деді. (әл-‘Анкәбут 29: 69).

Біріншіден, бұл аят Меккеде түскен, бұл жөнінде имам әс-Судди былай деп айтқанындай: «Бұл аят шайқасу міндеттілігіне дейін түсті». “Тәфсир әл-Мухаррар әл-уәджиз” 4/326.

Және бірде-бір муфәссир оның бұл сөздеріне қарсы болғандығы белгісіз! Демек, осының өзі біздің бауырларымыз құлайтын «Бұл аятта дәл кәпірлермен джихад туралы  айтылып жатыр» деген түсінікті жоққа шығарады, өйткені, кәпірлермен джихад хиджрадан кейін, мединалық кезеңде бұйырылған еді.

Екіншіден, саләфтар бұл аятты тек кәпірлермен шайқасумен ғана нақты байлаған жоқ, онда Аллаһтың дініндегі жалпы тырысу (ыждақаттылық), Аллаһтың әмірлерін орындау және әуес-қалауларға қарсы күресу туралы айтылады дейтін!

Ибн ‘Аббәс бұл аятқа қатысты былай деген: “Яғни Аллаһқа бағыну үшін өзінің әуес-қалауларымен соғысқандар, оларға берілген нығметтерге шүкіршілік еткендер және бастарына түскен қайғыларға сабыр танытқандар!” Қараңыз “Тәфсир әл-Бәхр әл-мухит” 7/155.

Рәби’а бұл аятқа қатысты: Жер бетінде өзінің Раббысына мойынсынатын, Оған шақыратын және Ол тыйым салған нәрселерден тыйылатын, және (сонысымен) ол Аллаһтың разылығы үшін соғысушы болып табылмайтың Аллаһтың құлы жоқ!” – деді. Қараңыз “Тәфсир Ибн Әби Хатим” № 17450.

Имам әс-Судди былай деді: “Иманның жолында төтеп беру үшін «Біз үшін соғысатындарды», - Жәннәтқа - «Біз міндетті түрде Біздің жолдарымызбен жүргіземіз»!” Қараңыз “Тәфсир әл-Бәхр әл-мухит” 7/155.

Әбу Сулейман әд-Дарани: “«Соғысты» - яғни өздері білетінге сәйкес амал жасады. «Біздің жолдарымызбен жүргіземіз» - яғни олар білмеген нәрсесіне оқытып-үйретеміз!” – деп айтты. Қараңыз “Тәфсир әл-Бәхр әл-мухит” 7/155.

Имам Ибн Әби Замәнин былай деп айтты: “«Біз үшін соғысатындарды» - яғни Біз үшін амал жасаушыларды. «Біз міндетті түрде Біздің жолдарымызбен жүргіземіз» - яғни тура жолмен жүргіземіз!” Қараңыз “Тәфсир Ибн Әби Замәнин” 3/353.

Имам Ибн ‘Атыйя бұл аятқа қатысты былай дейтін: “әс-Судди: «Бұл аят шайқасу міндеттілігіне дейін түсті!» - деді. Бұл аят джихадтың белгілі түсінігіне (яғни кәпірлермен) дейін түсірілді. Ақиқатында, бұл – джихадтың жалпы түсінігіндегі, Аллаһтың дінінде тырысудағы және Оның разылығына жетудегі джихад! Әл-Хасан ибн Әбиль-Хасан былай деді: «Бұл аятта ғибадат етушілер туралы айтылған». Имам Әбу Сулейман әд-Дарани: «Бұл аяттағы джихад тек қана дұшпанмен соғысумен шектелмейді! Керісінше, мұнда дінге көмектесуге, адасушыларды әшкерелеуге, жәбірлеушілерді басып тастауға және осылардың ішіндегі ең ұлығы – жақсылыққа бұйырып, жамандықтан қайтаруға нұсқау бар!Және бұған сондай-ақ джихадтың ең ұлы түрі болып табылатын Аллаһқа мойынсынуда нәпсілермен күресу де жатады!»  Суфьян ибн ‘Уяйна Ибн әл-Мубәрак былай деп айтқан: «Егер адамдардың келіспеушілікке түскенін көрсең, муджәхидтерден ұстан, өйткені Аллаһ: «Ал Біз үшін  соғысатындарды, Біз міндетті түрде Біздің жолдарымызбен жүргіземіз!» - деді». Имам әд-Даххак былай деп айтты: ««Біз үшін соғысатындарды», - аятының мағынасы – яғни хиджра жасаушыларды; «Біздің жолдарымызбен жүргіземіз» - оларды иманның жолында бекем етеміз».  Юнус ибн Асбәт: «Сөз амалдардағы ниеттерді тазарту жөнінде болуда!»” Қараңыз “Тәфсир әл-Мухаррар әл-уәджиз” 4/326.

Шейх Ибн әл-Қайим бұл аятқа қатысты былай деді: “Пәк Аллаһ дұрыс жетекшілікті джихадпен байланыстырды. Және барынша кемел болған басшылық - ең көп джихад жасайтын адамдарда. Ал, ең міндетті болған джихад - өз-өзіңмен джихад, қалауларыңмен джихад, шайтанмен джихад және бұл дүниемен джихад болып табылады. Және джихадтың осы төрт түрін Аллаһ үшін орындайтын адамды Ол Өзінің разылығына жетелейтін, Оның Жәннәтына апаратын жолдармен жүргізеді. Кім бұл джихадты тастаса, ол, джихадтан қаншалықты айырылып қалған болса – соншалықты, басшылықтан да айырылып қалады.  Әл-Джунәйд (бұл аяттың мағынасы жөнінде) былай деді: «Бізге тәубесімен келіп, Өз қалауларымен күресетіндерді, Біз ихлас жолымен жүргіземіз».  Осы ішкі дұшпандармен күреспей, сыртқы дұшпандармен соғысу мүмкін болмайды. Кім осы ішкі дұшпандарын (қалаулары, шайтан, нәпсі) жеңсе, сол сыртқы жауларды да жеңеді!” Қараңыз “әл-Фәуәид” 58.

Имам әш-Шәукани бұл аятқа қатысты былай деді : “Яғни Аллаһтың разылығына жетуді көздеп және Аллаһтағы бар нәрсені қалап, Ол үшін тырысқандар (ыждақат еткендер) бар. Біз мұндай адамдарды Бізге алып келетін жолға саламыз! ” Қараңыз “Фәтх әл-Қәдир” 2/108.

Сөйтіп, біз бұл аяттың мағынасы жалпылама екендігін көріп тұрмыз, және муфәссирлердің көпшілігі оның мағынасын тек соғыспен ғана шектеген жоқ!

Саләфтардан тек Ибн Зәйд бұл аятта сөз дұшпандармен соғысу жайлы болып жатыр деген. Ибн Уәхб: “Мен Ибн Зайдты бұл аят жөнінде: «Сөз соғысқандар жөнінде болуда ма?» - деп сұрадым. Ол: «Ия», - деп жауап берді”, - деп баяндайды. Қараңыз “Тәфсир ат-Табәри” № 21215.

Сондай-ақ, бұл аят жөніндегі имам әл-Қуртубидің: «Яғни Біздің разылығымызға жету үшін Біз үшін кәпірлермен соғысатындарды», - деген сөздерін, немесе имам әл-Бәғәуидің: «Біздің дінімізді үстемдетіп-ұлықтау үшін мушриктермен (көпқұдайшылармен) соғысқандарды!» -дегенін келтіретін бауырлар олардың сөздерінің жалғасын айтпай қалдырады! Мысалы, имам әл-Құртуби өзінің: «Яғни Біздің разылығымызға жету үшін Біз үшін кәпірлермен соғысатындарды», - сөздерінен кейін бірден әс-Судди мен  Ибн ‘Атыйяның бұл аят кәпірлермен соғысу бұйырылғаннан бұрын түсті деп айтқандарын келтіреді!  Қараңыз “Тәфсир әл-Қуртуби” 13/242.

Сондай-ақ, имам әл-Бәғауи де өзінің сөздерінен кейін былай дейді: “Бұл аяттағы «соғысу» – міндеттерді орындаудағы сабырлық деп айтылған! Хасан әл-Бәсри: «Ең жақсы джихад – өз нәпсіңе қарсы тұру!» - деді.  Әл-Фудайль ибн ‘Ийяд: «Кім білім алуда соғысқан болса, Біз оны осы білімдерге сәйкес амал істеу жолымен жүргіземіз!» - деп айтты. Сәхл ибн Абдуллаһ: «Кім Сүннетті ұстанып соғысқан болса, Біз оны Жәннәтқа апарамыз!» - деген.  Сондай-ақ, Ибн Аббәстан: «Бізге бағынуда күш жұмсағанды, Біз сый (сауап) жолдарымен жүргіземіз!”- деп айтқаны жеткізіледі. Қараңыз “Тәфсир әл-Бәғауи” 5/210.

Оның үстіне, пайғамбардың, Аллаһтың оған игіліі мен сәлемі болсын, сахабаларынан бұл аятты тек Ибн ‘Аббәстың тәпсірлегені жеткен, және ол былай деді: “Яғни Аллаһқа бағыну үшін өзінің әуес-қалауларымен күрескендер, оларға көрсетілген нығметтерге алғыс білдіргендер және бастарына келген қайғы-қасіреттерге сабыр еткендер!” Қараңыз “Тәфсир әл-Бәхр әл-мухит” 7/155.

Ал, ендеше, қалайша біз оның бұл аятты тәпсірлеуінен және түсінудіруінен өзге біреудікін артық көре аламыз?!

Бірақ, бұл аятты біздің бауырларымыз айтып жатқандай етіп қабылдасақ та, бұл аятта сөз дәл кәпірлермен соғысу туралы болып жатыр десек, онда «Егер адамдар бірнәрселерде келіспеушілікте болса, онда шекаралас аудандардың тұрғындары (ахль ас-суғур) қандай пікірде екеніне қараңдар», - деген сөз бәрібір джихад жүргізіп жатқан джәхильдерге қатысты айтылмаған! «Ахль әс-суғур» дегенде джихадта жүрген, немесе соғыс орындарына жақын аудандарда тұратын және жағдай туралы жақсырақ хабары бар білім иелері аталуда. Ал джихад мәселелерін муджәхидтерден зерттеп сұрау қажет дегенге келер болсақ, бұл мәлімдеме Аллаһ Тағаланың муджәхидтерден емес, ғалымдардан сұрауды бұыйырып: «Егер өздерің білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар!» - деген сөздеріне қайшы келеді.  (ән-Нәхл 16: 43).

Сондай-ақ, олардың осы аяттан алған джихад жүргізуші ешқашан тура жолдан ауытқымайды деген дәлелі де қателік болып табылады! Дүние жүзінде қаншама адам әл-Фәтиха сүресін оқиды?! Алайда, олардың қаншасы – адасқандар?! Бірақ, әл-Бухариден және Муслимнен жеткен сахих хадисте Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын былай деп айтты ғой: «Құдыретті және Ұлы Аллаһ: «Мен намазды Өзім мен Өзімнің құлымның арасында тең бөлдім, және Менің құлыма оның сұрағаны тиеді», - деді». Содан соң Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Оқыңдар! Және егер Аллаһтың құлы: «Саған ғана құлшылық етеміз және Сенен ғана көмек тілейміз» - десе, Аллаһ: «Бұл – Мені мен Менің құлымның арасында, және Менің құлыма ол сұраған нәрсе тиеді!» - дейді».

Алайда, бұл уәдеге қарамастан, біз дүние жүзінде миллиондаған адасқан мұсылмандарды көрудеміз!

Мұсылман адам белгілі бір амал үшін белгілі бір сый әзірленгені туралы Құран мен Сүннеттің мұндай мәтіндерін дұрыс түсінуі қажеттігін атап өту керек. Адам күнәлар кешірілуі уәде етілген нәрсені орындап болып, енді күнәсіз болдым деп, және тура жол уәде етілген нәрсені орындап болып, енді 100 пайыз тура жолдамын деп сенім артуына болмайды.

Өйткені, ешкім Аллаһ одан істеген белгілі бір амалын қабыл еткеніне абсолюттік (толық) сенімде бола алмайды. Аллаһтың әмірлерін орындаушы мұсылман Аллаһ одан қабыл етеді деп үміттенуі керек, бірақ, бұған шешімді түрде ол амал қабыл болды деген сенімде болмауы керек. Ибн Малик әл-Муқри былай деп баяндайтын: “Мен Әбу әд-Дәрдәның: «Аллаһ менен бір намазымды болса да қабыл еткендігі жөнінде мығым сенімде болу- мен үшін бұл дүниенің барлығынан және ондағы барлық нәрседен абзал болар еді. Өйткені, Аллаһ: «Ақиқатында, Аллаһ тек тақуалардан ғана қабыл етеді!» - дейді», - дегенін естігенмін”. Ибн Әби Хатим 1/327.

Сондықтан да, біз Аллаһтың уәде еткеніне тек үміт ете аламыз, бірақ осы бізге берілді деп сенуімізге болмайды! Өйткені, Ислам тарихында джихад жүргізіп жүрміз деген қанша адасушы болды емес пе?! Және қанша адасушылар намаздарында күніне 20 рет әл-Фатиханы оқи тұра, өз адасушылықтарында қала береді?! Адамның белгілі бір істеген амалы оған Аллаһ басқа белгілі бір амал үшін уәде еткен сыйын алуға кедергі болуы да мүмкін!

Және мен өзімді және барлық мұсылмандарды Құран мен Сүннетті олардың жалпы (толық) мағынасында түсінуге, және мұны, кейін бұлжымас ақиқат деп көрсетілетін, белгілі біреудің пікірі немесе тұжырымымен шектеуге ұмтылмауға шақырамын!

Аллаһтан қорқу керек және Аллаһтың дінінен ешнәрсені жасырып қалмау керек.

(Понимание последнего аята из суры «Паук»)

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|