Quickribbon

әмір’

Ғалымдарға жүгіну әмірі туралы

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

Аллаһ Тағала былай деді:

«Егер өздерің білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар». (ән-Нәхль 16: 43).

Бірде Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір топ адамдардың Құранға байланысты айтысып жатқанын естіп, былай деді: «Ақиқатында, осы - сендерге дейін болып өткендерді опат еткен еді. Олар Аллаһтың Кітабының аяттарын біріне-бірін соғатын.[1] Ақиқатында, Аллаһ Тағала Кітапты бірі мен екіншісін жоққа шығару үшін емес, бірімен екіншісін растау үшін түсірді. Оның ішінен өздеріңе анық болғанды алыңдар да, ал білмейтіндеріңді соны білетіндерге қалдырыңдар!» Әхмәд 2/181, ‘Абдур-Раззақ 20367. Хадистің сахихтығын Ибн Кәсир, әл-Бусайри және әл-Әлбәни растаған.

Джәбир ибн ‘Абдуллаһ былай деп баяндайтын: “Бірде бір адам біз сапарда  кезімізде тасқа  соғысып, басын жарып алды, кейін ұйқыда жатқанда ол ихтилям (поллюция) болды да, ол сапарластарынан: «Мен құммен тазару (тайямум) жасасам болады ма?» - деп сұрады. Олар: «Біз саған (мұны рұқсат ететін) бір ерекшелік көріп тұрған жоқпыз, өйткені сен сумен де шомыла аласын», - деп жауап берді. Кейін ол шомылды да, өліп қалды. Ал, біз пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) келіп осыны айтып бергенде, ол: «Олар оны өлтірді, Аллаһ оларды опат етсін! Олар білмеген нәрсесін сұрай алмадыма не?! Өйткені, ақиқатында, білмеудің емі - сұрақ ғой! » - деді”. Әбу Дауд 284, әд-Дарақутни 1/69. Имам Ибн әс-Саккан және шейх әл-Әлбәни хадисті сахих деді. Читать далее… »

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад | Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|